Өлең, жыр, ақындар

Диалог

— Балам, неге мультфильм көрмей отырсың?

— Ой, әке, мультфильмнің иттері ұнамайды.

— Несі ұнамайды?

— Біздің Құтжол сияқты иттер жоқ, мультфильмнің иттері мысық сияқты.

— Балам, иттің осындай да түрі болады.

— Әке, ондай иттер қайда бар?

— Мұхит деген үлкен су бар.Сол үлкен судың ар жағында үлкен қала бар. Бұл иттер сол қалада тұрады.

— А-а-а, сонда оларды мультфильмге шығарған кім?

— Сол қалада түратын ағалар.

— Неге біздің ауылда тұратын ағалар Құтжолды мультфильмге шығармайды? Біздің ауылдағы ең мықты ит Құтжол ғой.

— Біздің Құтжол телевизорға сыймайды.

Ойланып қалған бала біраздан соң:

— Әттең, әке, сол мұхиттың ар жағында тұратын аға біздің Құтжолдың қасқыр алғанын көрсе ғой, — деп армандады.

— Онда не болар еді? — деді әкесі де баласын сөйлете түскісі келіп.

— Онда міндетті түрде ол аға Құтжолды мультфильмге кіргізер еді.

— Балам, біздің Құтжол телевизорға сыймайды дедім ғой. Әйтпесе, біздің елдің ағалары да оны телевизорға кіргізер еді.

— Жоқ, әке, — деп Айдар сөзін шорт кесті. — Телевизордан мен Кинконгты да көргенмін. Сонда қалай Кинконг телевизорға сыйып жүр? Өскенде үлкен аға болам. Сонда өзім-ақ Құтжолды мультфильмге түсіріп, теңіздің ар жағындағы үлкен қалада тұратын балаларға беріп жіберемін, — деді Арман сенімді түрде.

Баласының қайратына масаттанған әке:

— Жарайсың, беріп жібересің, — деді.

Айдар тәтті қиялымен мультфильмге түскен Құтжолды елестетіп кетті.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар