Өлеңдер Бөлімі

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан республикасының алғашқы президенті ретінде 1991 жылы 1 желтоқсанда  сайланды. Назарбаевтың жетекшілігімен 16 желтоқсан күні Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болды. Елбасымыз еліміздің қалыптасуына, дамуына және өркендеуіне орасан үлкен еңбекгін сіңірді. 

Назарбаевтың отыз жылдық басқару тарихында оның басқару қабілетін көптеген партиялар мойындады. Ол кісінің арқасында Қазақстан Орталық Азиядағы ең тұрақты және экономикасы дамыған елдердің біріне айналды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан президенті ретінде Назарбаев заң сарапшыларын жеке өзі басқарып, жаңа конституцияны құрды, парламент пен үкімет арасындағы жанжалды шешті. Ресей мен Қытай сияқты көршілес елдермен сәтті демаркация жүргізді. Сондай-ақ біздің әлеуметтік- экономикалық жағдайымыз біршама жыл бойы тұрақты болды. Бірақ еліміз тәуелсіздігін алған соң, бұрынғыдай одақтас мемлекет болып бір-бірімізге көмектесе алмағаннан кейін  бірте-бірте барып құлдырап кеттік. Бұл мәселе еліміздегі халықтарды аштыққа таяу жағдайға дейін жеткізді. Сол кездері Қазақстанда өзінің дамуын жалғастыруға жетерліктей қаражат болмады, азық-түлік жетіспеді, халақ арасында девиантты қылықтар байқалынды. Сонымен қоса кәсіп орындар да тоқталды, шикізаттарымыз көрші елдерге өтпей қалды. Сондай-ақ еліміз инфляция секілді түрлі-түрлі мәселелерге тап болды.  Осы тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі ұшыраған ең қиын шақтан, экономика ол бүкіл мемлекеттің әлеуметтік жағдайымен тығыз байланысты, егер халықтың әл-ауқаты нашар болса, онда қандай саясатта жүзеге аспайтынды толығымен түсінген елбасымыз өзінің «ең алдымен экономика сосын саясат» деген идеясына сүйеніп отырып еліміздің жағдайын қалыпына алып келуге жан салысты. Сөйтіп бұл қиыншылықтартан шығу үшін еліміз жаңа экономикалық саясатты жүргізу, яғни нарықтық экономикаға көшуге мәжбүр болды. Ол үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар , үшінші кезең - 1996-1998 жылдар аралығын қамтиды. Еліміздегі халықтар осындайда саясаттың арқасында толықтай сауда жасауға деген еркіндігі болды. Сөйтіп елдегі инфляцияның өсу қарқыны төмендеді, бағаның өсуі біраз тежелді. Ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да азайды. Бірақ бұл әрекеттер ең соңында ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан біз дағдарыстан шығар басқа жолын іздестіріп жекешелендіруге көштік. Бұл жағдай жайлы Елбасымыз өзінің Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін бейнелейтін тоғыз тараудан тұратын «Қазақстан жолы» атты еңбегінен көп мәліметтер қалдырды. Ең алдымен бұндағы айтарлықтай бір нәрсе ол жекешелендіру жаңа экономикалық - қоғамдық қатынастарды туындататындығы еді. Оны жақсы нәтижеге жеткіземіз деген мақсатпен жұмысқа кіріскен «мүшкіл жекешелендіру» үмітті ақтала алмады, оған себепші ретінде жекешелендіру қорларының барлық азаматтар арасында меншікті әділетті түрде бөлісе алмауын есептейміз. Соның барысында жекешелендіру қоғамды бөлуге апарды. Бірақ сонымен қатар ол орта таптың қалыптасуына негіз қалады. Ал орта тап деп отырғанымыз еңбек серіктестігімен, алғырлығымен, бастамашылдығымен ерекшеленетіндер. Олар дәл сол еліміздің дамуына ең көп күшін сіңіргендер. Содан соң біздің әлеуметтік жағдайдымызды жақсарту үшін елбасымыз ұлттық валютамызды енгізуге көп назарын аударды. Сонау қиын шақта үкімет басшыларымыз еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін бұл шешімді қабылдауға мәжбүр болды. Жалпы елімізде 1992 жылдан бастап ақ ұлттық валютаны енгізуді дайындау  бойынша кұпия комиссия құрылды. Сөйтіп 1993 жылының 15-ші қарашада теңге айналымға енгізілді. Ол өз алдына дербес валюта қаржы жүйесін, салық және кеден комитеттерін құрды. Сөйтіп еліміздегі инфляция жағдай жақсарды, еліміз шет елдер көзінше тұрақты деген атаққа ие бола бастады. Әлі күнге дейін теңге ол өз тұрақтылығын жақсы ұстап келе жатыр. Жалпы экономика саласын дамытуда біздің тұңғыш президентіміз көп тәжірибені практика жүзінде өзіне жинайды. Сөйтіп Назарбаев ірі шаруашылық субъектілерін, соның ішінде тау-кен, химия және металлургия кәсіпорындарын басқаруды тәжірибелі шетелдік компанияларға беруді жүзеге асырады, содан кейін бұл кәсіпорындарды жекеменшікке айналдырды. Бұл іс-әрекетіне көптеген халықтар қарсы шықты. Алайда, шетелдік капиталдың көп мөлшерлі инвестицияны енгізілуі жалғасқан кезде, алдыңғы қатарлы технологиялар кеңінен қолданылып, жұмыс ауқымы кеңейе берген кезде- біздің экономикалық тіршілік орнықты қалпына келтірілді, әлеуметтік тәртіп тұрақтылыққа өтті.  Ұлттық күш-қуаттың өсуімен Қазақстан ұлттық экономика мен халықтың өмір сүру саласына қатысты негізгі салалардың шетелдік бақылау үлесін біртіндеп өзіміздің қолымызға қайтып алды. 1993 жылы Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі шамамен 1500 АҚШ долларын құраса, 2013 жылы ол 13000 АҚШ долларынан асты. ТМД-да екінші орынға ие болды. Мұндай экономикалық жетістіктер көбінесе мұнай-газ және минералды ресурстарды игеруге байланысты. Осы себепті, өткен ғасырдан бастап, Назарбаев ұлттық экономикалық стратегияның басты бағытын шикізаттық емес саласына қарай өзгерте бастады. Қазақстанның солтүстігіндегі кейбір ресейліктердің сепаратистік тенденциясын тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмаларды орындауға талап етті. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Сөйтіп 2019 жылы Астананың ресми атауы және де өзгеріске кезігіп, Нұр- Сұлтан деп аталады. Бұрын астанада халқының 70% -дан астамы орыс халқы болып табылады, Астананың көшіргенен кейін ғана бұл жағдай жақсарды. Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан мұнай және газ ресурстарына бай, сондықтан қоныс аудару осындай стратегиялық ресурстарды дамыту мен пайдалануды нығайтуға ықпал етеді. Одан басқа Назарбаев өз тарихымыз, мәдениетіміз, тілімізді өте жоғары орынға қояды. Жәнә халықтың қауіпсіздігі мен қоғамның тұрақтылығына ерекше мән береді. Қазақстан бейбітшілік, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында 2002 жылы құрылған ҰҚШҰ- на мүше ретінде қатысады. Қазіргі кезде еліміздегі 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдерінің татулық пен түсіністікте өмір сүру сәлтін жалғастыру үшін діннің қоғамдағы мәнін Назарбаев толықтай түсінеді де, президентіміз Нұр- Сұлтан қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтереді. Ауқымды шараның табысы I Съездің дінаралық форумды әр үш жылда бір реттен кем емес тұрақты негізде өткізіп туралы шешім қабылданды. Тіпті бұл арнайы форумды өткізу үшін Нұр- Сұлтан қаласында «Бейбітшілік және келісім сарайы» салынды.
Қазіргі Қазақстан түрлі-түрлі жақсы бастаулар, бағдарламалар және жобалардың аясында тұрақты дамуда. Назарбаев негізгін қалаған күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жеңіп, болашақта елімізді осындай жолмен тіпті жақсы нәтижеге қол жеткізіп, қазақ атын жақсы жағынан бүкіл әлемге әйгілі етіп танытта алайтынымызға толықтай сенімдіміз!

Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих кафедрасының доценті

Жарқын Адырина 1-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×