Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінің студенті
Тасбулатова Айгерім Бауыржанқызы
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы — мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын — мұғалімдікі», — деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниедегі өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміз ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», — дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса,бұл — ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз, ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан. Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын,еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу — жүректің батырлығы. Адал еңбегімен елге танылған адамдар қай салада да кездеседі.
Менің нағашы атам — Сейтбаев Бағрам 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Есіл ауданының Ильинка селосы мен Александровка ауылды мекендерінің екі ортасында, Есіл өзенінің жағалауында кезінде орын тепкен, кейін жергілікті тұрғындардың басқа жерлерге қоныс аударуына байланысты жойылып кеткен Әриәнка деген (Сәдір мен Қуат тұқымдарының) елді мекендерінде дүниеге келген. 13 жасында әкесінен айырылып, ерте еңбекке араласып, шыңдалып, өскен. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 18 жасында, яғни 1942 жылы 15 маусымда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында неміс-фашист басқыншыларымен шайқасты. Бірақ 1944 жылы 27 наурызда қолынан жараланып, елге оралған. Майдандағы ерлігін дәріптейтін мараппаттары, атап айтқанда «Отан соғысы 1 дәрежелі» ордені, «Майдандағы ерлігі үшін», «За боевые заслуги», «За победу над Германией», «Ұлы Отан соғысының 20,30,40 жылдығына» орай берілген, «СССР Қарулы Күштерінің 50, 60 жылдығы» қарсаңына қарай берілген медальдары мен төс белгілері біздер үшін құнды жәдігер. Жараланып елге оралғаннан кейін бел шешіп еңбекке араласты. Соғыс аяқталғаннан кейін 1948 дылы Петропавлдағы педагогикалық училищеге түсіп, оны бітіргеннен кейін 1950 жылы қыркүйекте Аманкелді ауылының бастауыш мектебінің мұғалімі болып тағайындалды. Сол жылы сырттай Қарағандының қазақ мемлекеттік мұғалімдер институтына түсіп, оны 1954 жылы ойдағыдай тамамдап, қазақ тілі мен әдібиеті пәнінің ұстазы мамандығын алып шыққаннан кейін Ленин (қазіргі Есіл). Үлкен ұлы Сейтбаев Жақсылы коммерциялық салада директорлық қызметтерді атқарып жүр. 1985 жылы жары Смағұлова Бақытжанмен отау тікті.
Сейтбаев Бағрамның үлкен қызы менің әжем — Рауза Бағрамқызы химия пәнінің мұғалімі, ол 1967 жылдан бастап әке жолын қуып, Қарағанды Мемлекеттік университетінің химия-биология бөлімін үздік аяқтап, Ленин ауданы Жарғайың жылы сегізжылдық мектебінде мұғалімдік жолын бастады. 1973 жылы отбасын құрып,дүниеге бес бала әкелді. Қызмет бабымен Өрнек ауылына көшіп барып, ұстаздық жолын жалғастырды. Өзінің ұстаздық жолымен қоса балаларына да білім беріп, оқытып, зейнеткерлікке 25 жыл өтілімен шықты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени Мұра» бағдарламасы аясында, қазіргі таңадғы ұстаздарға сый-құрметпен қарау өнегелі іс болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі