Жукелов Буркіт 1931 жылы 1 қаңтарда Қызылорда обылысы Арал ауданында дүниеге келген. 1938-1948 жылдар аралығында Шевченко атындағы орта мектепте білім алған. 1948 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтына агроном факультетіне оқуға түсіп, 1953 жылы бітірді. 1953 жылы Арал ауданында машина, трактор станциясында ғылым-агроном қызметінен бастаған. 1962-1991 жылдар аралығында Қызылорда обылыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жауапты хатшы, Қазалы ауданы №22 партия сьезі, Энгель-совхоздарының директоры, Қазалы аудандық агрохимиялық және тұқым инспекция мекемелерінің бастығы қызметтерін атқарған. Қызмет жолындағы еңбегі үшін бірнеше рет «Социалисттік еңбек ері» медальімен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатының иегері. 1953-1964 жылдары Арал аудандық мал шаруашылығы станциясы мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ауыл шаруашылығы инспекциясының бас агрономы және инспектор – организаторы болып қызмет атқарған. КПСС орталық партия комитеті мен СССР министірлер советінің қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығын совхоздарға маман кадрлармен нығаятын совхоз экономикасын көтеру, совхоздың рентобелдігін қалыптап ұстап, мол өнім алып пайда табу жайлы қаулысына сәйкес, 1984 жылы Қазалы ауданы 22 партия сьезі совхозына директорлық қызметіне жіберілген. Бұл савхоз 1952 жылы Совнархоздың есебінен ұйымдасқан, 1961 жылы ауылшаруашылық жүйесіне көшкен. Совхоз болып ұйымдасқаннан 1964 жылға дейін обылыс көлемінде артта қалған шаруашылық, совхоз жыл сайын мемлекетке 2,0 млн сом ақшалай қаражат бересі және 500-700 мың соммен зиянмен аяқтап келген мамандарды пайдалану мен жұмысшы қызметкерлерді ауыл шаруашылығына пайдалануда озық тәжірибелерді пайдаланбаған. Еңбек өнімділігін арттыруға экономикалық талдау жасап отырмағандықтан мал шаруашылықта олқылықтар жіберіп алған. Б.Жукелов қызмет жасап, ауыл шаруашылық мамандарын жинақтап, аудандық партия комитетімен келісіп мамандар мен механизатор, мал шаруашылығы кадрлерін қайта дайындап, совхоз негізгі күріш шаруашылығы егістік жерді милоротивный жүйеге көшірген. Совхоз 1-2 жылғы рентобельді пайда шаруашылыққа көшкен. Б.Жукелов жұмыс жасаған жылдардың барлық уақыттарында 800-900 сом аралығында пайда тауып, сонымен қатар, жыл сайын совхоз бойынша қабылданған міндеттерінің барлық түрін орындай отырып, соның нәтижелерінде КПСС коммунистік орталық партия комитеті мен Министрлер советі және СССР жоғарғы советі ордені, Еңбек қызыл ту орденімен, 1970 жыл «За добрестный труд» орденімен, 1973, 1975, 1976, 1977 жылдары «Победитель соревнования» орденімен, 1979 жылы «Эблет целине» орденімен наградталған. Сондай-ақ қарамағындағы 18 адам звеновод механизатор ордендер мен медальдарға ие болған.
Б.Жукелов кісілік пен кішілікті қатар алып жүрген абзал азамат еді. Жан жары Жамал Жанұзақова екеуі 11 бала тәрбиелеп өсірді. Ж.Жанұзақова талай шәкірттер тәрбиелеген тәжірибелі ұстаз, оқу ісінің үздігі. Омырауына алтын жұлдыз таққан батыр ана болды. Тұнғыш қызы Бақытгүл Жукелова мектепті алтын медальмен бітіріп анасының жолын қуып ұстаз атанды. Үлкен ұлы Оңталап Жукелов жоғары білімді инженер. Басқа ұлдары мен қыздары да жоғары білім алып, қазіргі заманның ыңғайына қарай шағын және орта кәсіппен айналасуда. Б.Жукеловтің өмірден өткеніне 5 жылдан асса да бұрынғы 11 жылдан аса басқарған (ХХІІ партсъезд совхозы қазір Ақтан батыр ауылы деп аталады) осы ауылдың көзі тірі ақсақалдары жыл сайынғы Наурыз мерексінде бір үй тігіп оған Б.Жукеловтың балалары дастархан жайып, еске алып дұға бағыштайды екен. Соған карағанда Бүркіт Жукеловтің халыққа еткен еңбегінің жақсылығы екендігін еске түсіреді.
Арынов Жұмахан Мақанұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, КазҰУ-дың аға оқытушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі