Өлең, жыр, ақындар

Алғаш рет музыканттарға арналған кәсіби конкурс қашықтан өтті

Музыкалық колледждердің арасында 41 Республикалық орындаушылар конкурсы биыл қорытындыланып, online форматында жеңімпаздардың аттарын салтанатты түрде жариялады. Міне, 40 жылдан астам уақыт бойы кәсіби конкурс жыл сайын өткізіліп келеді, еліміздің музыкалық колледждерінің студенттері бірнеше жыл бойы өз оқу орнын талантымен таныстыру үшін қатысуға дайындалуда.

Студенттер үшін кәсіби конкурста лауреат атағы мен жеңісі музыкалық шыңды бағындырудағы негізгі жоғары жетістіктермен тең. Конкурстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Конкурстың негізгі мақсаты: өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, талантты, дарынды шығармашылық ұжымдар мен
орындаушыларды қолдау, сондай-ақ ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлерін, жетістіктерін жаңғырту, дамыту және насихаттау, өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру. Басты міндет мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған.

Павлодар музыкалық колледжі үшін қойылған мақсаттармен қатар азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне жағдай жасау және мәдени мұраны
насихаттау, оның дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал ету, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға ұмтылу маңызды. Осы жылы музыкалық колледж студенттері алғаш рет осы байқауға қашықтықтан қатысып, Павлодар облысының жетістіктерінің қоржынына көптеген алтын, күміс және қола медальдарды әкелді. Борис Лебедев атындағы арнайы жүлде мен дипломға «Хор дирижеры» бөлімінің 3 курс студенті Амангельдинова Данара ие болды, оқытушысы М.Г. Никитенко, концертмейстер С.Е. Педанова. «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің студенттері келесі жүлделі орындарға ие болды: 4 курс студенті Бағдат Алтынай – 3 орын, 1 курс студенті Сарсенбаев Асанали – конкурстың дипломанты атанды, оқытушысы К.О. Тютюнова. С.К. Сыздыковтың оқушысы Жасұланов Әлібек конкурстың дипломанты болды. «Орыс халық аспаптары» бөлімінің студенттері мен оқытушыларында көптеген жеңістер, Салкимбаев Суиныш – «Классикалық гитара» номинациясы бойынша 2 дәрежелі лауреат ата,ына ие болды, оқытушысы – гитара білімінің құрметті қызметкері Е.Д. Айвар. Тасболат Али – «Баян, аккордеон» номинациясы бойынша 2 дәрежелі лауреат, оқытушысы Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері – М.Н. Алимкулов. О.В. Петрушкинаның оқушысы Ермекбаева Дарина «Шертер, домра - прима, домра - бас, классикалық гитара» номинациясында 1 дәрежелі лауреат атанды және Бейсаров Олжас осы номинацияда 3 дәрежелі лауреат атағына ие болды. Қуанышбаев Ұлықбек – «Баян, аккордеон» номинациясында дипломант атанды, оқытушысы М.С. Ботагузов. «Музыкалық өнер эстрадасы» бөлімінің студенттері де жеңістерге қол жеткізді, 1 орынға Искаков Асанали, 3 орынға Андрюсенко Иван ие болды.

Жыл сайын «Үрмелі және соқпалы аспаптар» бөлімі Отанымызға көптеген атақтары және медальдарымен келді. Биылғы жылы жүлделі орындар саны қысқарған жоқ. «Мыс үрмелі аспаптар» номинациясында келесі нәтижелер: Борисов Даниил – 1 дәрежелі лауреат, оқытушысы О.В. Шлегель, Мукаш Рамазан – 2 дәрежелі лауреат, оқытушысы В.А. Шлегель, Лагутик Александр – конкурстың дипломанты және атаулы диплом иегері Т.М. Өзбекова, оқытушысы В.А. Шлегель. «Ағаш үрмелі аспаптар» номинациясында Апанасик Тимур (Саксофон-тенор) – 2 дәрежелі лауреат, оқытушысы М.К. Мулкаразов, Тен Давид (кларнет) – конкурстың дипломанты, оқытушысы Д.А. Усенов, Кашаубай Имран (кларнет) – конкурс дипломанты, оқытушысы Д.А. Усенов және Муршель Кристина (Фагот) –конкурс дипломанты, оқытушысы А.К. Нугыманов. «Ішекті аспаптар» бөлімінің студенттері: Фатеев Сергей – 3 дәрежелі лауреат, оқытушысы Е.В. Федорова, Жунусова
Камила конкурстың арнайы сыйлығы мен Н.М. Патрушева атындағы дипломға ие болды, оқытушысы Я.О. Касьян. «Фортепиано» бөлімінің 1 курс студенті Рерих Нелли 2 орын алды, оқытушысы И.Н. Волкова.

Бағдәулет Нұрмат

Білім басқармасының баспасөз хатшысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз