Бір күні хан жолдастарыменен, Жиренше де бар жолменен кетіп баратса, күн жел екен дейді. Жолдың анадай жерінен желменен бір қаңбақ домалап баратыр екен. Сонда тұрып хан айтыпты дейді:
— А, Жиреншем, анау кетіп баратқан қаңбақ қайда барады екен, бар соның жөнін қайда барады екен, қайда қонады екен, соны сұрап барып кел, — депті дейді. Сонан Жиреншекең:
Бас тақсыр! — деп қамшыны аттың бауырына бір басып қаңбақтың артынан жөнелді дейді. Сонан қаңбақты қуып жетіп алдынан шығып тоқтатып, бірдемелер айтқандай болып, қаңбақтың қасында біраз тұрып айналып, ханның қасына барыпты дейді. Сонан хан айтыпты дейді:
— А, Жиреншем, қаңбаққа сөйлестің бе, не айтады? — депті. Жиренше айтыпты:
— Сөйлестім, тақсыр, қаңбақ айтады: «көшерімді жел білсін, қонарымды сай білсін» деп айтады, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі