Сол хан заманында бір адам: «осы Жиреншені әркім бір мақтайды. Жиренше сөзден жеңілмейді және сұраған сөздің жылдамдап жауабын айтады дейді. Тоқта, мен оған бір күн барып сөз сұрап, әбден бір сілесін құртайын, қанша білгіш болса да сөзімнің жауабын айта алмас, дағдарар», — деп ойлап, бір күн Жиреншеге барып айтыпты дейді:
— Жиренше, саудагерім бір мақтайды, шешен білгіш дейді. Білгіш болсаң, тесік тау қайда, айтшы? — депті. Жиренше айтыпты:
— Тесік тау міне тұрған қызыл төбешіктің астында, — депті. Сонан бұ кісі айтыпты:
— Енді ол қызыл төбешік мұнан алыс па, қанша жер? — депті. Жиренше айтыпты:
— Жоқ, алыс емес, тиіп тұр, жүр үйге кірелік, — депті. үйге кіргесін Жиренше әйеліне айтыпты:
— Мына кісіге ас бер! — депті. Сонан Жиреншенің әйелі ас құйып әкеліп, әуел Жиреншеге, сонсын әлгі қонаққа беріпті дейді. Сонда Жиренше қолына құйып берген айранын ұстап айтты дейді:
— Бес тұлпарға мінеді, қызыл төбешіктің астындағы тесік таудан өтеді, — депті дейді. Сонан әлгі адам Жиреншенің бұ сөзінен аңдады дейді: «А, мұның тесік тау дегені тесік тамақ екен ғой, енді ешнәрсе сұрамайын, енді сұрасам, бірдемеге соқтықтырар, сірә тек тұруым жөн болар», — деп,
— Жиренше, қош аман бол! — деп ауылына қайтты дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі