Өлең, жыр, ақындар

Ыдыс–аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар

Кесе – шыны пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(Ыдыс - аяқ)

Ерінбей еңбек істеген,
Онсыз тамақ ішпеген.
(Қасық)

Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.
(Пышақ)

Тар қуыстың ішіне,
Тығып тары, бидайды.
Сыпырғанша терісін,
Тепкілейді, қинайды.
(Келі, келсап)

От басады табаны
Тек қана су тамағы.
(Шәйнек)

Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап тұрар ол.
(Пышақ)

Сабы бар, баса шатыр
Табысын өлшеп әкеп
Аузына салып жатыр.
(Қасық)

Жағыма ұрсақ, тез алады тілінді,
Бөліп берер ұсағың мен ірінді.
(Елеуіш)

Ас піскенін біліп анық,
Дәм көреді іліп алып.
(Ожау, қасық)

Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр.
(Қазан мен от)

Сыртын отқа қақтайды,
Одан басқа жақпайды.
(Қазан)

Күміс күбі –
Ортасында құбыры бар,
Тесік түбі.
(Самауыр)

От басады табаны,
Тек қана су тамағы.
(Құман)

Отқа қойсаң елпілдеп,
Быж – быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан бу шығар.
(Шәйнек)

Басы құдық –
Сабы сырық.
(Ожау)

Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.
(Термос)

Мөлдір түрі,
Шеңбер түрі.
Аузы тарлау,
Шыны күбі.
(Құмыра)

Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:

Сайттағы барлық жұмбақтар

Cуретті жұмбақтар

Логикалық жұмбақтар

Метаграммалар

Алфавит, әріптер жұмбақтар

Жануарлар мен құстар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Құрманбай Жания

Керемет супер күшті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар