Ұлы Абай жайында осы уақытқа дейін еліміздің асыл кемеңгер,қарымды жазушылары,ақындары,белгілі тұлғалары құнды мәліметтер жаза отырып,баға жетпес мұра қалдырды. Бірінші кезекте,әрине,Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың жазған Абай жолы роман эппопеясы -Абайды танудағы еңбектердің ішіндегі ең асылы. Төрткүл дүние төрі мойындаған бұл еңбек-ұлтымыздың бөгенайы іспеттес. Абай жолын оқымаған қазақ-қазақ емес дейді ғой,себебі жер шаһардағы барша тұлға танитын, еңбегіне бас иетін Абай бейнесі осы бір құндылықта. Қазақтың ақын-жазушыларың ішінде ауқатты отбасында дуниеге келген Абай байлықтан сараңдыққа салынбады,керісінше қарапайым халықтың жоқ -жітігін жоқтап,үнемі көмек қолын созуға тырысты. Ол жайында Абай жолында ақынның ұлылығы көзге түсер сәті мынада:Құнанбай Абайға сенің бойыңнан үш түрлі мін көрдім дейді. Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барды арзан ұстайсың. Жайдақсың!Жайдақ суды ит те, құса та жалайды. Абайдың сол кезде әкесіне :Ең әуелі жайдақ суға теңедіңіз. Қолында құралы бар жалғыз жарымға ғана пайдасы тиер шыңыраудағы су болғанша,құралсыз кәрі -жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды дұрыс көремін,- деп халық қамын ойлап айтқаны Абайдың дара екенін айқындай түседі. Абайға деген теңеу де шексіз. Алтын хакім,Дана Абай,Дара Абай,Қазақтың бас ақыны,Қайта туылмас ақын деп қазақтың белгілі тұлғалары Абайдың ұлылығын айтқан еді. Тіпті Мұхтар әуезовтың өзі "Абай дария,мен одан шөмішпен қалқып алдым "деп айтуы арқылы Абайдағы ілім ордасының шегі жоқ екенін паш етеді. Абай ата жайында осындай ұлылардың ұлағаты қалғаннан кейін, тіпті бізге дариядан бір тамшы болар ма екен ?
"Бір куні Әбділда түнде ұйықтап жатып түс көрді. Көк аспанның жүзі бұлбұл,бозторғай,сандуғашқа толып кетіпті. Олар толассыз құйылып келіп,көк тірегін алып сарайға ілініп тұрған алтын торға асығып кіріп жатыр. Барлығы түгел кіріп біткен соңтордың есігі тарс жабылды. Әлгі құстар аянышты үнмен шырқырап шырылдай жылады. Әбділда дереу ұмтылып,тордың есігін ашуға қол созды. Сол кезде қара жер қақ айырылды да,тордан арасы алыстай берді. Екі араны теңіздің көкпеңбек суы алып кетті. Осы бір ғажап әңгімені Хакім Абайдың өміріне теңеймін. Дәлірек айтсам,бұл жердегі қарпайым халық құс болып,дөкей байлардың қанау деп аталатын торына түседі. (Абай жолында-жазықсыз қанқу сөздерден Қодар мен Қамқаның ат жеккенге айдалуы,Тәкежан мен Қаржанның жауыздығынанАбайдың"Қараша,желтоқсан мен сол бір екі -ай "өлеңін жазуы,Құнанбайдың қажылыққа барар сапарында Дәркембай қарт Қодардан қалған жетіміне құн сұрайды. Құнанбайдың көнбей дауласуы барысында Дәркембайдың :Білдім,құдай жолы емес,Құнанбайлық жолға кетіп барады екенсің!-деп айтуы тордағы халықтың шырылының көрінісі. Осы жағдайлардың бәрінде Абай үнемі халыққа жақтасып,сұрамсақ байларға қарсы шықты. Тіпті әкесі Құнанбайдан теріс бата алғаны,Қастыққа тап болып тепкі жеуі,өтірік жаладан абақтыда отыруы ағасы Тәкежанмен дауласуы сияқты ауыр машақаттарды өткізсе де,заманасының қулық,сұмдығы таусылмады. "Соқтықпалы,соқпалы жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма ! "-,деп ақын өзі айтқандай ақырында "Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма ?,-дей бере қара жері қақ айырылады. . Теңіздің көкпеңбек суын Абайдың қалдырған мәңгілік дәрісі деп білемін.
"Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе "деп С. Торайғыров айтпақшы,Абай атаның қарасөздерін оқи келе көптеген түйіндер жасадым. Үшінші қарасөзінде айтылған ойдың бәрін "ісі білмес,кісі білер "деген мақалға сыйғызады. Абай заманында болған оқиғаның,әліде болып келе жатқанына көзім жетеді. Бүгінде адам баласының санасына "жақсы мақсатқа жету үшін жамандық қылсада оқа емес "деген сөздер сіңіп қалған. Кез келген жағдайды парамен,қулық-сұмдықпен шеше салады. ʺІсіңнің түзулігіңнен емес,кісіңнің амалшы айлалығынан жетерсің" деп айтқанАбай заманы әлі де сол. Жұрттың билігі бардың асты үстіне түсіп,бәйек болу ғадаты да әлі де сол. Басқа шара жоқ қайтеді енді, қазір адам билейтін емес ақша билейтін заман емес пе ?Абайдың құнды сөздерінің ішінде ең бір өзіме ұнайтыны,көңіліме жақыны "Қайғы келсе қарсы тұр құлай берме "деген ұлағаты. Дана Абай өзі өмірінде қаншама ауыр жағдайларды басынан өткізсе де мойымады керісінше аяғын нық басып,қиындыққа қарсы тұра білді. Осындай кереметтей Хакім Абайды -ілім тағының иесі десем қателеспейтінім сөзсіз.
Ахунбай Айғаным Саматқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі