Әз Жәнібек хан бір күні Жиреншеге қарап:
— Осы сенің балаң қалай жаман туды екен. Шешесі Қарашаш, әкесі, Жиренше, сенсің. Осындай екі сұңқардан ең бері болғанда тұрымтай тумай, әлжуаз жағалтай болып туғанына таңым бар. Өзі бір қой аузынан шөп алмайтын момын сорлы ғой, — деп кекете сөйлегенде Жиренше тұрып:
— Хан ием, дұрыс айтасыз, кейбір баланың туғанда сырты қола, іші алтын болады. Бері келе жиырмаға жеткенше оның сыртқы қоласы тозып түлеп түседі де, ішіндегі алтыны жарқырап сыртына шығады. Сол кезде осы баламды көріңіз, көзіңіз қорықпаса, менен тумаған болсын, —
депті.
Күнді күн қуып, жылды қуып жыл өте беріпті. Жиренше де, Қарашаш та ана дүниеге аттанып кетіпті. Бір күні ымырт жабыла құба қалмақпен соғысып жүріп әз Жәнібек анталаған жаудың ортасында жаяу қалыпты. Сол мезетте көк қасқа дөнен мінген бір бала шауып келіп, қарғып түсіп, әз Жәнібектің алдына атын тартып тұрып:
— Мініңіз мына көк дөненге, қашып құтылыңыз! Қазақ елінің бір әйелі бүгін буаз болса, мендей бір баланы таба жатар, ал сіз — жалқы туған Жәнібексіз, күнде туа бере алмассыз, — депті.
Бұдан жиырма жыл бұрын «шобыр, момын» атанған бала осы екен. Аты Қасым деседі мұны білгендер. Әз Жәнібек қателескеніне, Жиренше мен Қарашаштың жүрегіне қаяу салғанына өкініп, опық жесе керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі