Өлең, жыр, ақындар

Қызым ибалы, ұлым намысты болсын десең...

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Тураева Дина Абдрашовна

Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. 

Платон

Ұрпақ тәрбиесіне үстірт қарамаған бабаларымыздың жақсы дәстүрі бүгінде мемлекеттік тұрғыда жалғасын тауып отыр. Дүниеге келген әрбір нәресте балабақшадағы бүлдіршін, мектеп қабырғасындағы оқушы мен жастар тағдыры-оқумен денсаулығы, қызмет етуі, тәрбиесі үкіметіміздің қадағалауында. Жасалған бұл жағдай жастар тарапынан көргенді тәрбие, темірдей тәртіп боп қайтуы тиіс.

Бала тәрбиесіндегі басты орын-отбасы. Халқымыздың «Ұяда не көсең, ұшқанда соны іледі», «Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жанар» деуі осының дәлелі. Баланы өмірге әкелген ата-ана оны тәрбиелеуге, адами санасын қалыптастыруға міндетті. Перзентіне үлгі болу үшін ата-ана өздерін әр уақытта үй – ішін, киім киісін, тұтынатын бұйымдарын таза ұстап, орнымен сөйлеп, ұстамды болуы тиіс. Баланы әлдебір балаң қылықтарына бола ұрысып-соғып, жекімей мәселенің астарына сабырмен үңілген жөн. Сабаққа құлқын жоғалтқан баланы зорлықпен оқытқаннан гөрі, себебін іздесеңіз-ұтасыз. Балаңыздың бойынан байқаған жылт еткен жақсылығын мақтасаңыз, сіздің байсалды сөзіңіз, қолдауыңыз, мейіріміңіз оған күш, сенім, қуат береді. Сабағына көңіл бөліп, ұйқыға кеткенше зер аударып отырыңыз. Балаңызбен тығыз байланысыңыз оның санасына ықпалды әрекет етудің бірі болмақ. Мектеппен, балаңыздың сыныбымен қарым-қатынаста болғаныңыз дұрыс.

Қыз бала тәрбиесі қашаннан анаға қатысты «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген мақал нақтылай түседі. Қызының  мінезін, үй-ішілік шаруамен айналысуын және іскерлікке талаптануын анасы ұдайы бақылауға алып, жетелеуі тиіс.

Келесі маңызды жауапкершілік - ұстазда. Ұстаз балаларды қабілетіне қарай алаламай, тәртіпті оқушыны мақтау арқылы өзгелерінің содан үлгі алуға құштарлығын ояту керек.  

Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата–ана. Сондықтан аиа- ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеіміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата-ата аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.

Дүниенің ең бір тамаша туындысы – жақсы тәрбие алып шыққан адам болып  табылады.

Бүгінгі ұрпақ – ертеңнің қожасы. Олардың мойнында еліміздің ертеңгі ұрпағын тәрбиелеу тұр. Ал олардың өздерінің ата-дәстүрге адал, ерік – жігері мықты, намысты, саналы болып ер жетуі-аға буынның қолында.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы асылымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екнімізді ұмытпайық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз