Мақсаты: Ғаламдық мәселеге айналған немесе айналғалы отырған тақырыптарды қозғау.
Міндеттері: Әлемде соңғы уақытта болған ғаламдық өзгерістерді шешу жолдарын қарастыру, зияндылығын анықтау, туындау себептеріне болжам жасау, ғаламдық мәселелер туралы теориялық білімді күшейту.
Өзектілігі: Әлемдік жағдайлар бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Әлемдік мәселелерді талдай отырып, елімізге әсер етуін, қоғамдағы сол секілді жағдайлардың қалыптылығын зерттейді. Ғаламдық мәселелер туралы ақпарат береді, талдайды, бұндай жағдайдың өршімеуіне септігін тигізеді.
Объектісі: Әлемдік проблема- жыныс ауыстыруды қолдаған адамдар
Жаңа ғасыр, жаңа заман, жаңа пікір, жаңа көзқарас... Бұның бәрі адамзат қауымына тікелей әсер етуде. XXI ғасыр біздердің нағыз дамушы ғасырымыз. Байқап қарасақ, өткен ғасырлардан әлдеқайда өзгерген уақыт. Бұрын таза ауа, күйбең тіршілік, қалыпты өмір, мықты денсаулық, табиғи өнім, киіз немесе там үй болса қазір, радиацияға толы өмір, ақпарат кімнің қолында сол әлем басқаратын уақыт, санмыңдаған техникалар күн санап өзгеріп жататын, ақылды үйлер, сенсорлы құралдар, роботтар сіздің артық жұмыс істемеуіңізді қадағалайтын, нашар экология бір жаманы жасыңызды қысқартатын... Жалпы ірі өзгерістер уақыты. Сол өзгерістердің бірі- жыныс ауыстыру мәселесі. Бұл ақыл-ойға қонымсыз болғанымен де қоғамымызда белең ала бастады.
Тайланд соның ішінде Бангок- әлемде жыныс ауыстыру бойынша пластикалық операция жасайтын басты орталық және жыныс ауыстыру бойынша әлемдік лидерлікті бастап тұр. Ал Иранда жынысын ауыстыру үшін жасалатын отаға мемлекеттік бюджеттен ақша төленеді. Аятолла Хомейнидің айтуынша, исламда мұндай әрекет арқылы адамның нақты жынысын анықтап беруге болады екен. Кейбір деректерге сәйкес, тек Иран жыныс ауыстыру үшін жасалатын ота бойынша Тайландтан кейін екінші орында тұр. |
Әлемдегі ахуал алаңдатарлық. Жалпы, ХХ ғасырдың басында өзінің әу бастағы жаратылысын «қателік» деп танып, жынысын ауыстырғысы келетіндерге бірден «шизофрения» деген диагноз қойып, оларды өмірбақи психиатриялық ауруханада қамап ұстаған екен. Әлем бойынша жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1931 жылы Эйнар Вегенер есімді даниялық суретшіге жасалған екен. Бастапқыда жұбайының өтінішімен әйел болып киініп, жаңа туындының кейіпкеріне айналған ол бірте-бірте әйел киімін үстінен тастамайтын болған. Себебін сұраған жақындарына ол өзін әйел кейпінде өте ыңғайлы сезінетінін айтқан. Ақыры Эйнар жынысын ауыстыруға ота жасатып, есімін Лили Эльба деп өзгертеді. Нағыз әйел болып, бала туғысы келген ол бірнеше рет жатыр жасатуға да әрекет еткен екен. Алайда бойына күшпен қондырылған жатырды жатырқаған ағзасы бір күнде сыр беріп, Эйнар қайтыс болады. Қоғамның осындай қарсылығына қарамастан, жыныс ауыстыру операциясын жасырын жасайтын клиникалар да болған. 1940 жылы Гарольд Жиль атты әйгілі әскери хирург ағылшын қызы Лауре Диллонға ота жасап, оны еркек етіп шығарады. 1953 жылы Джордж Уильям есімді америкалық солдат әйелге айналады. Трансгендерлердің қаулап көбейген шағы – 1972 жыл. Дәл осы жылы бөтен ағзаны қондырған кезде иммунитеттің қарсылығын басатын «Циклоспорин» дәрісі пайда болған. Осы препараттың арқасында талай операциялар сәтті өтіп, бұрын ағзаның жаңа органды қабылдамауынан жапа шеккен трансгендерлер еркінше ота жасата беруге мүмкіндік алған. Кейбір мемлекеттердің жыныс ауыстыруға заңды түрде рұқсат бере бастағаны да осы тұс. Сол елдердің алғашқысы Швеция болды. Тарихта адамдардың жынысын күштеп ауыстыру жағдайлары да кездескен. Айталық, небір қорқынышты тәжірибелер жасаумен аты шыққан немістің Йозеф Менгеле атты дәрігері кезінде өзі жұмыс істеген Освенцим лагерінде тұтқындардың жынысын күшпен ауыстырып, тәжірибе жасаған көрінеді. Сондай-ақ Үндістанда жыл сайын жүздеген қыз бір жасқа дейін жыныс ауыстырудың құрбаны болады екен. Отбасында қыздан гөрі ұл баланың дүниеге келгенін тәуір көретін кейбір үнділер жасқа да толмаған қыздарын жасырын клиникаларға апарып, жынысын еркекке ауыстыруды әдетке айналдырған. Әке-шешесінің қалауымен еркінен тыс еркекке айналған байғұс қыздар шақалақ шағынан гормондық дәрілерді уыстап ішуге мәжбүр. Бұл мәселе қоғамдағы әлеуметтік-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көрінісі. Әлемде талай атақты трансгендерлер бар. Бірақ олардың көбі мұндай қадамға барғанына өкінетінін айтқан. Сондықтан жаратылыс заңынан аттамас бұрын «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» жөн-ау. Жыныс ауыстыру мәселесі әлемдік елдердің қоғамына түбегейлі әсер етеді. Бір адамнан басталған бұл мәселе екінші адамның қызығушылығын оятады, содан үшінші адам жынысын ауыстырады, біршама адам ауыстырғаннан соң қалыпты жағдайға айнала бастайды, трентке айналса тіпті қиын бұл дегеніміз әлемдік қоғамда ірі өзгеріс болатынының көрінісі. Жаңа революция болуы да ғажап емес.
Қазақстандықтардың бұл мәселеге көзқарасы қандай? Қазақ менталитеті жыныс ауыстыру мәселесін ұзақ мерзімде қабылдай алмады. Ата-баба дәстүрінен, діні мен ділінен алшақтай қоймаған қазақ үшін жаратылысына қарсылық білдіру – нағыз азғындық. Жыныс ауыстыру секілді жат қылықтарға біздің өмір сүріп отырған қоғамымыз үрейлене қарайды. Тіпті мұндай мәселе көп айтыла бермейді. Алайда соңғы жылдары елімізде көрініс тапқан бірнеше тосын оқиға Қазақстанның да одан қалыс қалмағанын меңзейді. Құқық саласында қызмет еткен полицей жігіт, жігіт деймін ау әйел адам Виктордың жынысын ауыстырғаны, одан кейін Хасан атты еркектің әйел болып жынысын ауыстырып ақша бопсалап жүргені анықталып дау- дамай шыққан еді, еліміз олардың қазақ болмағанына шүкіршілік етіп барып дау басылған еді, сол оқиғалардың қоғамымызға тигізген әсері ме, жынысын ауыстырғысы келген бір қазақ Адам құқын қорғау жөніндегі ұлттық орталықтың есігін қаққан. Өмірге әйел болып келген ол уақыт өте келе еркек болғысы келетінін сезінген. Бұл ой әбден маза бермегеннен кейін ол дәрігерлерге көмек сұрап барады. Бірақ ақжелеңділер оған көмектесуден бас тартып, райынан қайтаруға үгіттейді. Дегені болмай, амалы таусылған әйел ақыры Адам құқықтарын қорғау орталығына жүгінген. Бұл орталықтың заңгерлері осы жөніндегі халықаралық құжаттарды ақтарып, тиісті министрліктермен ақылдаса келе, ақыры әлгі әйелге жыныс ауыстыру операциясын жасауға рұқсат алып берген. Қанша қазақ руханиятына қарсы дүние дегенімізбен, өткен жылдардағы мына бір-екі оқиғалардың өзі қоғамымызға әсер ете білді. Есімізде болса, кезінде бір жігіт ҰБТ басталар сәтте өзінің жүретін қызының орнына емтиханға қыз болып кіріп жұрттың жағасын ұстатқан еді. Кірген бойда ұсталған ол талай қызу талқының астына алынды. Енді бір жылы «Қазақстан аруы» байқауына қатысып жүлделі орын алған Шымкенттік арудың еркек екені анықталып біраз шу болды. Оның айтқан сөздері қоғамдағы өзекті мәселенің бірі және іс-әрекетң мен қозғаған тақырыптың көрінісі еді. Сол жігіттің айтуы бойынша, қыз баласы болып, сахнаға шығуы адамдардың неше түрлі косметикалар кесірінен ер мен әйелді ажырата алмайтын халге жеткенін мойындату еді. Бұл да әлеуметтік мәселе болғанымен істелген әрекеттерден кейін де қоғамда жыныс ауыстыру тұрғысына қарсы көзқарастың өзгеруіне себеп болары сөзсіз. Бұның өзі де қоғамымызға айтарлықтай өзгеріс әкеледі. « Сұрағанға береген» болып биыл Қазақстандықтарға жыныс ауыстыруға рұқсат беру жөнінде заң қабылданды. Негізінен 2009 жылы қабылданып 25 қазақстандық жынысын өзгертіп үлгерген болатын.
Жыныс ауыстырудың кесірі. Дәрігерлердің айтуынша, жыныс ауыстыру операциясынан кейін адамның өмірі кемі 15-20 жылға күрт қысқарады екен. Себебі, органдардың табиғи функциясы бұзылады. Әйел болғысы келген еркек тестостерон гормонын тежеп отыратын әйел гормондарын ішеді. Еркек болғысы келген әйел керісінше күшейткіш гормон қабылдайды. Толықтай әйелге айналу үшін ер адам 6 ота жасату керек. Әйел еркекке айналу үшін де 6 ота жасатады. Қосымша өмір бойы гормондық терапиядан өтуге мәжбүр. Мұның бәрі денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Шариғи тұрғыдан жыныстық мүшені ауыстыруға тыйым салынады.Жыныстық мүшені ауыстыру – Жаратушының жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Алайда, адам жынысын ауыстыра алғанымен, генін ешқашан өзгерте алмайды. Жыныс жағынан әйел еркекке айналғанымен, бәрібір гені оның әу бастағы жаратылысы әйел екенін айғақтайды. Қанша дәрі ішкенімен трансгендерлердің бойында ескі гормондары сақталады. Ол ара-тұра бой көтерген кезде кейбір трансгендерлер ішіп жүрген гормондық дәрілерін шектен тыс көбейтіп жібереді екен. Бұл олардың психикасына да әсер етіп, түптің түбінде қайсыбіреулері өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барады. «Жыныс ауыстырамын» деп шешкен тұлғалардың ойына себеп ең алдымен психикалық ауыткушылық немесе екіншіден, қандай да бір тұрмыстық проблема, үшіншіден, қызығушылық салдарының шексіздігі себеп болуы мүмкін. Сол себептен де осы қадамды жасауға келген әрбір адаммен алдымен біраз уақыт психологтар байланыс жасап, сөйлесіп пікірін өзгертуге жағдай жасауы керек деп ойлаймын. Алдын- алу шаралары жүргізілсе бұл мәселеге оң көзқараспен қарайтындардың мөлшері азаюы лайым.
Қорытындылай келе, жыныс ауыстыру елге көптеген өзгеріс әкеледі. Қазіргі кезде бқл мәселе, ушығып тұрған жоқ. Қазақтар да әзірге барынша ұлттық болмысын, менталитетін сақтап тұр. Әрине, жыныс ауыстыру біздің елде ғана емес, Еуропа, басқа мемлекеттерде де қоғамға жат әрекет ретінде қаралады. Оған қарсылық білдіруші жұртшылықтың қарасы да көп. Тіпті жыныс ауыстыруға ниеттілердің қатарын азайту үшін транссексуализмді халықаралық аурулар жіктемесінен алып тастауды ұсынғандар да баршылық. Алайда әзірше ол мүмкін болмай тұр. Менің ойымша, дәл осы заңды түбегейлі жойып, әр елде осы мәселеге қарсы үгіт-насихат жүргізілуі қажет. Әркәмнің өз санасына деп отыра берсек ертең осы мәселенің алдын алу мүмкін болмай қалады.
Еңлік Жұмаш
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі