Өлең, жыр, ақындар

Өндірістік тәжірбие есебі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультетінің
Мәдениеттану мамандығының 3 курс студенті
Базарбай Жасминның

ЕСЕБІ

Мен, Базарбай Жасмин Миятқызы, 2020 жылдың 15 маусым мен 17 шілде  аралығында Алматы қаласы заң колледжінің кітапханасында өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту кезінде белгіленген жетекшінің басшылығымен мамандығыма қатысты мол тәжірибе алдым. Түрлі шараларды ұйымдастыру бағыттары мен әдістерін меңгеріп, нәтижелі іске асырылуы керектігін тәжірибе жүзінде үйрендім. Аталмыш мекемеде өндірістік тәжірбие өту барысында, университет қабырғаларында алған білімім  мен жеке қаситеттерімді шыңдай түсіп, өзімді жан-жақтылы көрсете білдім.

Алматы қаласы заң колледжінің кітапханасында ұйымдастыратын түрлі іс-шараларды, оларда жүргізілетін жұмыс түрлерін меңгердім. Бұл мекемеде өткізген әр күнімде түрлі шаралардың куәгері болдым. Соның қатарында күнделікті кітапхана қорын зерттеп онымен жұмыс істеу тәсілімен таныстым. Электрондық кітаптар тізім қорын ұйымдастыру жұмыстарына белсене араластым. Сонымен қатар, анықтамалық және библиографиялық аппарат ұйымдастырылуымен таныстым. Осындай іс-шаралардың барлығының жоғары дәрежеде өтуі өзім оқып жүрген «Мәдениеттану» мамандығы бойынша мол тәжірибе жинауыма үлкен үлесін қосты.

Өндірістік тәжірибе уақытында тек қана ақпаратты жинау сақтау шаралармен шектеліп қоймай, кітапхана қызметкерлерімен, олардың әрқайсысы атқаратын қызметімен, олардың ішкі өмірімен жақынырақ таныстым.  Сонымен қатар, кітапхана ішіндегі еңбектермен танысу барысында осынау ғылым ошақтың тарихы мен жетістіктері жайлы үлкен мағлұматтар алдым.

Өндірістік тәжірибе кезінде жинақтаған тәжірибем мен білімім –  келешекте еңбек жолымда биік сатылардан көрінуімнің себепшісі. Біліміммен байланыса отырып жинақталған бұл тәжірибелік өтілім болашақта маман ретінде қалыптасуыма септігін тигізеді деп есептеймін.

Практика жетекшісі: Есболова М.А.

Студент: Базарбай  Ж.М.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз