Жексембиева Анида Данияровна
Профессор Рузуддиновтың медициналық стоматологиялық колледжі
Тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары
Абай хакімнің данышпандығы, ақыл-ой тереңдігі, өмірді түсінудегі көрегендігі мына жаппай жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырған, сол себепті көптеген ұлттық мәселе шешудегі кедергілерге тап болып отырған бізге оларды ойдағыдай шешуге, өз жолымызды адаспай табуға көмектеседі.
Жоғарыда Абай хәкім жайында қаншама пайымдаулар жасалды. Бұрын соңды естімеген тың теңеулер, заманауи қортындыларға куә болдық. Біз оларды қайталап жатпай,хәкімнің тағы бір баға жетпес қыры - құсбегілік пен атбегілік екенін айтпақпыз. Осы сала мамандары үшін ғасырдан аса уақыт бойы дайын нұсқаулық болып келген «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Аттың сыны» өлеңдерін кім білмейді? Бұл өлеңдердің қай жылы жазылғаны жөнінде 1995 жылы шыққан «Абай энциклопедиясында» дерек жоқ.
Абай хакім айтпайма: «Кеше бала ең, келдіңғой талай жасқа,
Көз жетті бірқалыпты тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде одан басқа...»
Бұл өлең 1899 жылы, ақын қайтыс болардан бес-ақ жыл бұрын жазылған.
Тағы былай деген:
«Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,
Ақ болады кеңесің құс салғанда.
Ешкімге зияны жоқ өзім көрген,
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда...»
Біздің ойымызша Хакімге осы ойлар ақынның кемелденген, толысқан кезінде Түзде, бүркіт салып жүргенде келген, Түз тылсымын анық сезінуден туған. Түз сөзін бас әріппен жазып отырмыз, өйткені бойында ұлылық пен сиқырлық бар, ерекше құбылыс (Түз феномені).
Түз - Ұлы Жаратушыны тануға, тек танып қана коймай оның ең бай екенін, ең жомарт екенін, мейілінше рахымшыл, кеңпейілдігіне шек жоқ екеніне көз жеткізуге көмек етіп, ойымыз бен пейілімізді бостандыққа шығаратын орта.
Бүркіт - Түз тағысы, онда Түзге тән қасиет бар, адамды өзіне тартатын да сол ерекшелігі.
Бүркітші - Түзге қалып алған, онсыз тұра алмайтын адам. Бүркітшінің былайғы елден бөлектеніп, әрі елді өзіне тартатын қасиеті де осында.
Қазақтың көңілінің кеңдігі, мінезінің дархандығы, жүрегінің жас баладай адалдығы, сүйегінің асылдығы, санасының тазалығы, жадысының тұнықтығы Түзден алған қасиеттері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі