Адыраспан өсімдігі – түйе табандар тұқымына жататын көп жылдық өсімдік. Сабағы мен гүлдесінде уы болады. Ол ашшы иісті, отқа тез тұталатын дәрілік шөп. Биіктігі шамамен 15-70 сантиметрді құрайды. Тау беткейлері мен жазық жолбойларда, далаларда өсетін өсімдік.
Қазақстан жерінде адыраспанның үш түрі өседі. Шөлейтті, сортаңды жерде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендерінің бойында тақыр жайылымдарда көптеп өседі. Оның тамыры шамамен 10 метр терең. Гүлі – ақ, сары түсті болып келеді. Мамыр, шілде айларында гүлдейді өсімдік, тамыз-қыркүйек айларында кепкен кезінде емдікке жинап алады. Жұлмас бұрын "Адыраспан жіберді мені саған ем болады деп Омар Оспан" сөзін ырымдап айтады.
Адыраспанды – ежелден бергі дәрілікке санауы ежелде атақты Абу Әлі Ибн Сина адыраспанды сегізкөз нервісінің қабынуына шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған.
Халық медицинасы адыраспанды қышыма, ревматизм және басқа да тері ауруларына бұлау жасауға пайдаланады, ал шөбін қайнатып суық тиуге, безгек ауруларына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, сонымен қатар ұстама ауруларына емдікке пайдаланады. Адыраспанды тіпті кейбір Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданады. Оның шөбін буын ауруларына жағуға болады. Түтінін түтетіп бас ауруын емдейді, жұқпалы ауру болса сырқаты бар адам жатқан бөлмені аластайды, немесе жәй ғана бәле жаладан сақтау мақсатында үйді залалсыздандырады.
Бауыржанқызы Елриза
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі