Өлең, жыр, ақындар

Ізденіс-өнертабыстың алғышарты

Адам эволюциясының алғашқы кезеңдерінен-ақ ізденіс пен еңбек келешектің қалыптастырушы негізі болып келеді. Ал, ізденіс бар жерде, іркіліс болмайды. Әр ізденістің, еңбек пен ойлау қабілетінің арқасында адамзат баласы техниға сенім артарлықтай бүгінгі күнге жетті. Заман ағымына, өмір толқынына сай өнертабыс табу еліміздің де алдындағы үлкен мақсат. Иә, бұл турасында көптеген жобалар, бағдарламалар ойластырылуда. Зияткерлік мектептердіңде саны артуда. Деседе, барша адам баласы үшін әлі де тың идеялар қажеттілігі туындамақ.

Мәселен, кешегіге бармайақ бүгінде дүние жүзін жайлаған қауіпті індетті айтуға болады. Иә, коронавирус-тәжітажал індеті. Қаншама адамның өмірін жалмаған ауруға қарсы вакцинаны дүниежүзі ғалымдары бірнеше ай дегенде жасап бітті. Құдай бетін аулақ қылсын дейміз. Әйтседе осы тектес індет тағы пайда болса деген оймен дайындығымызды қамдау керек. Бұндай ауруларға қарсы тұрарлық идея сол заматта-ақ басымызда болу шарт.

Осындай індет қайта пайда бола қалса, препараттық өнімнің яки вакцина құрамы табиғи заттарға бай болуы шарт. Сонда ол адамның иммунитетін көтеріп сәйкесінше, вирус белсендңлігін төмендетеді. Білуімше жұқпалы ауруларға қарсы арнайы "Т" жасушасы бар. Аталған жасушаны емдік шөп өсімдіктеріне қосар болса инфекцияның алдын алып қана қоймай, қан айналымын жақсартады. Дәл осы құрамды вакцинадағы протеиндер ағзаны қуаттандырады. Медицина мен ғылымнан айтарлықтай білімім болмасада, бұл болашақтың еншісіндегі өнертабыс боларына сенімім кәміл. Себебі кез келген өнертабыстың өзі денсаулықты қажет етеді. Сол үшін адам организміне аурудан қалқан боларлық тың идея қай кездеде қажет болары сөзсіз.

Міне, ілгері қадам басу ізденістен басталады. Елімізде ғылым жолына ден қойғандар өте көп. Ал олар  жағдайға сай әрекет етіп, күш-жігер мен идеяларын бір арнаға тоғыстырар болса, бір күні ғалам жұртшылығын елең еткізер өнертабыс жарқ етеді деген үміттемін.

Бекболатова Жазира Қанатқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз