Өлең, жыр, ақындар

Ұлы Абайдың 175 жылдығы: Ұлы Абай - Ибраһим

Абай-ақын, Абай-дана. Қазақ халқының мақтанышына айналған ақын, философ, ғұлама, ғалым Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Абай атамыздың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Оның әрбір шығармашылығы мені шабыттандырады. Жалпы мені ғана емес, жүрегі қазақ деп соққан әрбір азамат, азаматшаларды да тебірентпей қоймайды деп ойлаймын. Өз ойымды қаламымнан туған өлең арқылы жеткізгім келеді:

Мәңгілік қып жырлайтұғын қазақ елі,
Абай десе таусылмас жырдың шегі
Өрнектеп сөз маржанын жіпке түзген,
Қазақтың Ұлы Абай - қасиеті.

Қазақпын деп жатқа айтқан жаңылмай,
Мәңгілік қой құдіретті - Ұлы Абай.
Ұлы Абай - даналардың данасы,
Қайталанбас қазақтың бір даласы.

Кей қазақтың қаныменен жаралған,
Тамыр жайып, төрт әлемге таралған.
Ұлы дала ұрпағыңның ұраны
Ұлы Абайдың үлгісімен нәр алған.

Ұлы Абай - өлең алды, жыр басы,
Ұмытылмас сан ғасырдың құрдасы.
Тақтасына алтын әріп жалатқан,
Тарихымның “АЛТЫН ДІҢГЕК” тұлғасы.

Арқа тосып ала сапыран заманға,
Ақыл қосып азғындаған адамға,
Қара сөзі иманды етіп жақсыны,
Жақсы бол деп жалын боп па еді жаманға.

Ұлы Абайды бетке ұстап мақтанамын,
Бас иіп Құдайымдай табынамын.
Мұқағали, Мұхтардай ақындар көп,
Бірақ, Абай жасайды ұлылығын!

У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Досымхан Нұрсәуле Дәулетханқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География факультетінің 1- курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер