Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің,журналистика факультеті 2-курс студенті Карагушинова Айғаным Жаңабайқызы
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.
Хосе Хулиан Марти
Көгілдір экранға телміріп, жастайынан «Мен журналист боламын»,- деп жар салып, мақсатын айқындап асқақ арманға жетуді көздеп отырған жас жеткіншектер саны қаншама... Шындық жолында шырылдап, елдің қамы үшін жұмыс істеймін дейтіндер ше?! Бұны бір ғана сөзбен былай деп топшылауға болады: бүгінгі күнде қоғам дамуы жаңа жолға түсті. Білім мен ғылымның шарықтаған тұсы - ХХІ ғасыр ғылыми- техникалық революцияның, адамзат өркениетінің жаңа цифрлы деңгейге көтерілген кезеңінде, жаһанданудың ықпалы күшейіп, батыстық мәдениет әсер берген тұста журналистика, төртінші билік өкілдерінің құрамына кірсем дейтіндер жыл санап артпаса, кемімей тұр. Жақсылыққа балаймыз. Дей тұра, журналист болам десеңіз …
Журналистика үлкен жауапкершілікті көздейді. Себебі, журналистика — ғылым мен үлкен білім. Журналистика — тамыры терең тарих. Журналистика — бейресми төртінші билік, әлеуметтік құбылыс. Журналистика - ашық пікір, талап мен талант, күш, жігер, шынайы ой, талғампаз көзқарас. Болат Мүрсәлімнің: «Журналистика – шындықты айтатын, оқиғаны бұрмаламайтын, бүгінгі күннің ең маңызды дүниесін айтатын институт. Ал оның қалай жұмыс істеуі – әр елдің, әр басылымның, қала берді әр журналистің моральдық ұстанымына байланысты. Жақында бірнеше мемлекеттің Журналистер кодексін қарап шықтым. Әрқайсысы әр түрлі, сөйтсе де бәріне ұқсас ұғымдар да жетерлік. Соның ішінде ең басты деген өлшемдер: жалған ақпарат таратпау, аудиторияны алдамау, тек қана сенімді дерек көздерінен ақпарат алу, көз жетпеген ақпарды сенсация қуып жарияламау, біреуге күйе, біреуге жала жаппау, намысына тимеу, әркімнің жеке басына, отбасына қатысты ақпаратты жарияламау. Бұндай өлшемдер көп. Яғни журналистика адамшылық қағидаларынан аттамай, ақпарат таратумен айналысуы тиіс. Журналистиканы санаткерлікпен, тәрбиемен, үйретумен, насихатпен шатастыруға болмайды» дегені бекер емес ғой? Қызық та қиын, құрметті де мазасыз мамандықтың адамы да — осы журналист. Журналист — жол үстіндегі жолаушы. Өйткені, ол өмір бойы жол үстінде жүріп, бармайтын жері мен елі жоқ. Ол халық айтқандай –қоғамның үні мен қоғамның қырағы көзі. Оның тілі заңның тілі, әділеттің ащы тілі. Журналист қоғамдағы жақсылық атаулыны жаңғыртып, жамандық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер мен ұлы қайраткер. Мен тіпті кейде журналист мамандығын қарапайым өмірдегі бал арасына теңеймін. Өйткені, бал арасы секілді журналистер де өзіне керек ақпаратты жер - көкті кезіп, шартарапты шарлап, ізденіп жүріп жинайды. Және осы ізденіс жолында талай небір ляззат алар таңғажайып, ғажап сәттердің куәсі болады, сонымен қатар сан қилы күрделі процесстерді басынан кешіреді. Әйтсе де, соның нәтижесінде үлкен белестерді бағындырады. Міне , осындай дара ерекшеліктерімен журналистиканың орны қоғамда әр кез бөлек. Журналист болам десеңіз ең алдымен не керек? Батылдық. Шындық . Әділдік. В.А.Кочетковтың: «Если она сурова, если она тебе не нравиться, уходи из газеты в другую, иную профессию» деген осы бір сөйлемі талайды аңғартып тұр, оның бұлай деуі де текке емес. Сөзің мен ісіңде батылдық бой көрсетіп, оны шындық шыңында әділдіктің тілімен жеткізу кез келгеннің қолынан келе бермейтін дүние. Екіншісі, сауаттылық, қысқалық, тартымдылық. Ол неге десеңіз, Ахмет Байтұрсынов: «Газет халықтың көзі, құлағы, һәм тілі » дейтін болса, сол газетке материалды ұсынатын өкіл, хабаршы - журналист.
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген Міржақып атамыздың сөзі де өз өміршеңдігін жойған жоқ. Мемлекеттік тілде шығатын басылымдар – ұлттық қауіпсіздігіміздің басты тірегі. Сондықтан да заман ағымы жаңа жетістіктерге жетелесе де, өмірлік ұстанымымызды қалыптастыратын газет–журналдың бағасы біздің өмірімізде өзгермейді дегім келеді. Журналистер осыны ескерсе , нұр үстіне нұр.
Кезінде кино пайда болғанда дуалы ауыздар театр өледі деп даурыққан еді. Газет шыққанда кітап келмеске кетеді деген болжам айтылды. Ал интернет ақпарат нарығын жаулай бастағанда баспасөз құрдымға кетеді деп шуласты жұрт. Бәрі де жел сөз екенін уақыт дәлелдеді. Театр көрерменін, кітап тұрақты оқырмандарын жоғалтқан жоқ. Ал телевизия мен баспасөз жаңа ғасырға бейімделу сатыларынан өтіп жатыр. Журналист болам десеңіз, осыны да ескеріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі