Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек...
Әл-Фараби
Жас ұрпақ білімді де саналы, тәрбиелі болса, мемлекеттің іргетасы мықты болады. Тәрбие-бұл өмірлік шығармашылық ізденіс. Мұнда бала бейнесі, яғни, адам бейнесі маңызды. Келешек ұрпақтың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, оларды бала күнінен соған тәрбиелеу өмір есігін ашқаннан бастап қолға алынғанда ғана мүмкін болады. Мұны ең алдымен, шұғыл өзгеріп жатқан тіршілік жағдайларын ескере отырып отбасы, әлеуметтік-мәдени ортасы, мұғалімі мен тәрбиеші жүзеге асырады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш буынға-мектепке дейінгі тәрбиеге жаңа талаптар қойылып отыр. Елбасымыз «Біздің болашаққа барар жолымыз -Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»,- деп атап айтқан. Мұндай жан-жақты дамыған, ой-өрісі жоғары ұрпақты қалыптастыру мектеп табалдырығын аттағаннан басталады. Мектеп жасындағы балалардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы алғашқы қадамындағы негізгі мақсат баланың тәрбиесі мен білімін ұштастыра білу.
Жаңа ғасырдағы жаңа тәрбие бағыты балаларды қандай болмасын қиын жағдайда да өмір сүруге, әлеуметтік-мәдени бейімдеу, сондай-ақ әркімнің болашақта рухани, адами, ізгілікті көркем дамуын жүзеге асыру болып табылады. Осы жолда мектеп қабырғасындағы тәрбие беру ұйымдарының атқаратын рөлі ерекше. Мектеп жасындағы балалар ақпаратты әсерлі қабылдап, қоршаған айналаға таңданып, түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытады. Сондықтан да бұл жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаны дамытуға арналған тәрбиелік іс-шараларға көп көңіл бөлу қажет.
Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне ең әуелі отбасы ықпал етеді. Отбасы- ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттарың бірі. Бала дамуының қай бағытын алсақ та, отбасы баланың тәрбиесінде негізгі орында. Білім беру мекемелері мен ата-аналар тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқараған жағдайда, болашақ ұрпақтарымыз жан-жақты дамыған, тәрбиелі, білімді болып өсері сөзсіз.
Қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ, болашағымыз жарқын болары айқын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дей отыра, балаларымызды отансүйгіштікке, ұлтымыздың салт-дәстүрін ұмытпауға, ата-бабамыз аманат етіп, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, мұра еткен жерімізді қорғауға тәрбиелеу және баулу баршаға бірдей міндет және қасиетті борыш.
ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті, тарих және география мамандығы Ғалымова Інкәр. Жетекшісі: Қартабаева Е.Т.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі