Корейская косметика премиум класса

Биыл жоғары оқу орнындағы профессорлардың жалақысы көбейді – Бану Нарбекова

Биыл жоғары оқу орындарындағы профессорлардың жалақысы көбейді. Осындай қиын жағдайда оқытушыларды қолдау керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова айтты.

«Сессия қарашадан бастап желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі. Министрлік тарапынан жүргізілген пысықтау нәтижесі бойынша, біздің жоғары оқу орындары сессия өткізуге дайын. Сондай-ақ, біз антиплагиат жүйесін қолданып отырмыз. Еліміздегі барлық жоғары оқу орны осы жүйені пайдаланады», — дейді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова.

Оның айтуынша, қашықтан оқытудың дәстүрлі білім беруден ешқандай айырмашылығы жоқ.

«Біз бағалауға қатысты өзін-өзі бағалау технологиясын енгізіп отырмыз. Бір жағынан студенттердің өзіне сенеміз, екіншіден бұл олардың білім деңгейі, оқу үлгерімін бағалай білуге, оқуға деген құштарлық деңгейін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, биыл жоғары оқу орындарындағы профессорлардың жалақысы көбейді. Осындай қиын жағдайда оқытушыларды қолдау керек», — дейді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (3)

Қуаныш

менін ойымша басқа тілдердегі атардыда
қою керек.

Ербол

Неге тез тест сұрақтарын бермейсіңдер

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×