Өлең, жыр, ақындар

Ақпараттық қоғамдағы адами даналық

Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған заманы мен бүкіл әлемдік мәселеге айналған жұқпалы індеттің тарауы цифрландырудың білім жүйесінде маңызды қолданысқа ие екенін дәлелдеп отыр.Тіпті,халыққа күнделікті және ғаламдық-саяси жаңалықтардың көпшілігін мерзімдік түрлі басылымдарға  (газеттер мен журналдар) қарағанда интернет ресурстары тұрақты әрі жылдам жеткізеді.

Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орнының студенттері онлайн оқу жүйесіне көшкен сәттен бастап руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық беріле бастады.Электронды кітапханалардың бөлімдерінде СD дисктер мен үлкен көлемдегі мультимедиалық кітаптардың саны артты.Мемлекет білім алушыларға қордағы қажетті оқулықтарды сандық форматқа ауыстыруда.Демек, оқырман үшін электронды нұсқадағы кітаптар кез-келген уақытта қолжетімді болуы қажет.Сол себепті, оқу орындарының арнайы өзіндік сайттары қалыптасты.Дегенмен, сандық форматқа айналдырылған пайдалы оқулықтардың біршамасы арнайы сайттарға толық орналастырылмаған. Бұндай кемшілікті жою білім жүйесінде цифрландыруды дамытуға алып келеді.

Электрондық сайттарды интернетке қосылған кез-келген компьютер немесе күнделікті қолданыстағы мобильді құрылғы арқылы қолдануға болады.Қажетті кітапты табу қолжетімді әрі оңай. Мәселен,мұндай сайттарда электронды каталог және электронды қойма құрылымдары бар.Ол функцияларда қажетті кітапты іздеу жүйесі қарастырылған, мұнда керекті кітапты атауымен, авторымен немесе шығу мерзімімен жылдам тауып алуға болады.Электронды каталог электронды құжаттар көшірмесіне электронды тапсырыс беруге немесе толық мәтінге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.Қазақстанда осындай сайттар мен электронды кітапханаларды  қалыптастыруға елдің барлық ірі кітапханалары, облыстық және жоғары оқу орындарының кітапханалары, қоғамдық мекемелер және жеке тұлғалар (барлығы қазақстандық, таяу және алыс шетелдік 75 мекеме, 300 автор) қатысады. Оның ішінде екі ұлттық кітапхана, 18 облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана, 10 орталық-қалалық кітапхана жүйесі, 33 жоғарғы оқу орны кітапханасы, 11 қоғамдық орталық, институттар, музейлер және басқа мекемелер бар.

Мысалы, ҚазҰУ-дың әл-Фараби кітапханасы (3 миллионнан астам қоры бар), заманауи технологиялармен жабдықталған, кез-келген оқырман  электронды ресурстарға толық мәтінді мәліметтер базасына қолжеткізе алады, жазылым дерекқорлары  Elsevier, Springer, «University Оксфорд »,« Zan »,« Polpred.com »,« Эпиграф »және т.б. Электрондық кітапхананы  күніне  2 мыңнан астам адам қолданып, елдің және әлемнің кез- келген жеріндегі электронды каталогқа жүгінуге мүмкіндігі бар. Бұл дәстүрлі және сандық форматтағы ең озық және өзекті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін шығармашылық және инновациялық кітапхана.

XXI ғасыр-адам өміріне сандық технологиялардың дендеп енген кезеңі. Яғни,электронды кітапханадан кітаптардың, анықтамалықтардың, журналдар мен сөздіктердің электронды нұсқасын тегін жүктеп алуға болады. Ал, бұл бастаманың негізгі мақсаты адамдардың жағдайын жақсартып, олардың білім алуы мен ғылыммен айналысуына  қолжетімді әрі ыңғайлы жағдай жасау.

Жакишева Сауле Аукеновна Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Көлбаев Нұрболат, Абикова Гульшат Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- нің тарих археология және этнология факультетінің докторанттары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз