Өлең, жыр, ақындар

Батыр Бауыржан атамыз

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген. Жастайынан алғыр білімді болып өседі. Ақылдылығымен қаржы қызметкері болып жұмыс істейді. Тағыда қосымша қазақ әскери комисариаты нұсқаулығымен жұмыс істеп жүрді. Соғыс басталғаннан кейін 316 атқышдар дивизиясына құрамында көптеген шайқасқа қатысып көптеген ерліктер көрсеткен. Кейін соғыс аяқталған соң әскери қызметте он жылдай жұмыс жасайды. Бауыржан Момышұылы тағы әдебиет саласында қалам ұштайды. Қалам ұшынан «Офицердің күнделігі» «Біздің семья» «Москва үшін шайқас» «Жауынгердің тұлғасы»  «Майдан» «Майдандағы кездесулер» «Генерал Панфилов» секілді шыққан еңбектері жарық көрген болатын.  Тарихтың түкпірінен үңіліп сөз алғанда М. Қаратаев Х. Әдібаев Б. Майтанов С. Негимов Ә.Нысанбаев секілді ғалымдар Бауыржан Момышұлы жайлы ғылыми еңбектер жазған болатын. Бауыржан атамыз жайлы көптеген ғалымдардың зерттеу жасап Бауыржан Момышұлы жайлы көптеген жетістіктерге жеткен болатын. Бауыржан Момышұлының басты ойы яғни мақсаты қазақтың өзінің көнеден келе жатқан дәстүр мен этномәдени дәстүрі білім беру мәселесі және тәрбие мәселесі жайлы ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында көптеген еңбектер қалдырған болатын. Бауыржан Момышұылы өзінің өмір жолында көптеген қиыншылықтарды басынан өткерген болатын. 

Алғаш Бауыржан Момышұлы әдебиетке жазушы емес батыр кейіпкер ретінде танылған болатын яғни Александр Бектің Волоколамск тас жолы еңбегіндегі ержүрек кейіпкер ретінде әдебиетке келген болатын. Александер Бек осы еңбегінде батырдың әңгімелері мен өмірбаянына негізделе отырып осы кітапты жазып шығады. Бауыржан Момышұлының «Біздің отбасы» еңбегі 1976 жылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік сыйлығына ие болады.  1965 жылы «Кубалық кездесулер» очерктік еңбегі жарық көрген болатын. Бауыржан Момышұлы Отанға деген сүйіспеншілігі бойына сіңген болатын. Тіпті өзінің тегін Момышев емес Момышұлы деп атаған болатын. Осы Бауыржан Момышұлының өміріне арналған Ә. Нұршайықовтың кітабы Ақиқат пен аңыз жарық көрген болатын. Қазақфильмде Бауыржан Момышұлы жайлы Ел басына күн туса 1967 жылы көркемфильмі жарыққа шыққан. 

Бауыржан Момышұлы неге батыр атағын кеш алды деген сұрақтар туындайды. Негізінде Д.А Қонаев Бауыржан Момышұлына батыр атағын берейік дегенде Гречко «мен тірі тұрғанда батыр атағы берілмейді» деп қарсы шыққан болатын.  Бауыржан Момышұлының өзінің тік мінезімен шындықты бетке айтатын қасиетімен шындықты жақсы көретін деп көптеген естеліктерде айтылады. Бауыржан Момышұлы өзінің сөзге жүйріктігімен көптеген нақыл сөздер қалдырып кеткен болатын.

Таяқтан тайсалмасаң,

Семсерден сескенбесең,

Жеңдім дей бер...

Қарабет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Ептілік те – ерлік.

Осындай нақыл сөздерімен қасиетті рухты көтереді. 1982 жылы 10 маусымда қайтыс болды. Артынан өшпес мұрасын қалдырып кетті. 

Жеңісбек Балжан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Дінтану мамандығының студенті. Жетекшісі ҚазҰУ, аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз