Жарықтық жақындарым-ай! Қаншама көз көріп, жақын жүрген замандастарым «дүние тіршілігінің у да шу думаны үзілмесінші» дегендей, жарық дүниенің есігін ың-шыңсыз ақырын ғана жауып, жоқтыққа жұтылып — кетіп жатыр, кетіп жатыр, кетіп жатыр.

Сол кісілердің барынша қарапайым, ізетшіл, кеңқолтық, әзіл-қалжыңы егіз жүретін мінезін, жасын түскендей шатырлаған ашуын көз алдыңа елестетсең-ақ көңілің, бейне, көші кеткен жұрттай құлазып қоя береді.
Кеудеңе орны толмас өкініш сезімі толады.
Шіркін-ай, дегің келеді сонда!.. ешкімнің көңіліне тимейінші... ешкімді ренжітпейінші... ...мына жарық жалғанда бүгін ғой кеуде керіп, тәкаппарсып жүрсек — тағы ертең жоқпыз ғой десіп, көсіліп отырып сыр шерткің келеді.
Тереңірек күрсініп, тереңірек тыныстағың келеді.
«Көңіл құлпын көбірек ашайықшы. Жарық жалғанның есігін ақырын-ақырын жабайықшы» дегің келеді. Ұлы адамдардың көбінің жантәсілім алдындағы, соңғы демі үзілер кездегі жалғыз ауыз сөзі: «Есік» болыпты. Пушкин: «Есікті жабыңыз!» — депті. Лев Толстой мен мүсінші Микельанджело Буонарротти: «Үлкен есік...» — деп үзіліпті.
Тоғжан
қызық
Нур
«Жантасілім» мақаласы — адам жаны мен ішкі дүниесін зерттеуге арналған рухани‑философиялық мазмұндағы құнды материал. ✨
Бұл жазбада жеке тұлғаның жан‑әлемін танып‑білу, ішкі шектеулерді жеңу, өз сезімдерің мен ойларыңды зерделеу туралы маңызды ойлар берілген. Мақалада адам жанымен жұмыс істеудің, күнделікті өмірдегі күйзелістерді жан‑жанымен қабылдап, ішкі тыныштыққа жетудің жолдарына назар аударылған болуы мүмкін.
Мұндай тақырыптар — бізді сыртқы дүниеден гөрі, өз ішіміздегі сезімдер мен ойларға назар аударуға, тұлғалық өсуді күнделікті өмірдің бөлігі ретінде қабылдауға шақырады. Осындай ойлар оқырманға өзін‑өзi тану және рухани даму процесін мағыналы ету туралы терең ой салуы мүмкін.