Өлең, жыр, ақындар

Күтем сені, Дидар

повесть

Бірінші тарау

— Оу, Дидар!.. Дидар!.. Қайдасың, ей?!

Апамның көзінен сәл таса болдың ба, міне осы. Айдың күні аманында өстіп жоғалтып алады да отырады сені.

— Жаным-ау, әлгінде ғана шықпап па еді.

Шықса не?!Шықты. Бықсып отыра беруім керек пе екен. Мынау шілденің май тамыз күнінде есік-терезені қымтап қойып, түйе сүтін қатқан қара күрең шайды үш-төрт сағат тартатын оларға ма, жасырарым жоқ, өз басым ілесе алмаймын. Көнбіспін бе деуші ем, оным қате екен. Жаңа да сол барымша шыдап көргем, екі шыны аяқ ішуге төзімім әрең жетті. Қансорпа терге түстім. Есікті ашайын десем болғаны апам «ойбайын» салады: «Шаншулатасың жап деймін! И... и, құдай шіркін-ай!.. Қоян аяғын жеген неткен тынымсыз ең. Бүгін бір шай ішейін дегенде көлеңдеп жүріп алдың ғой», — деп тақымдасын-ай кеп мені. Күндегі ішіп жүргендері шай еместей-ақ.

— Дидар!.. Қап, бұл ма... Құдай ақы адам болмайды... Көрдің бе «адам болмайды» деп отырғанын. Институтқа бармай қалғанда мен «жігіт» едім. Кейде зығырданым қайнап, совхоз орталығынан бір ай бойы келмей осы жатып алсам ба деймін... Ай, осы көкем бар ма, со да бір үндемес. Неменеге үнсіз мықырайып отыр. Аузын ашса апам төбесіне от жақпайды ғой. Қой, Балжан, өйдеме.

Мектеп бітірді. Сойдауыттай жігіт емес пе, ендігің ұят. Үйіміз ауылдан шалғай болғанмен өзен бойы ғой. Дауыс дария бетін қуалай ұзап, арғы жағадағы тоғайда жаңғырығады. Қайтесің айқайлай беріп, біреу-міреу жол-жөнекей соға қап естісе, не дейді бұныңды. Анау «Бәкеннің1» ер жеткен баласы ата-анасын сыйламайды екен. Құдайдың құтты күні қақсатады да жатады десе саған жақсы ма», — деді бар ғой көкем, апам жым болады. Обалы не керек ол салдырлақ, тынымсыз демесең сөзге тоқтайды. Өңмендеп кеп буынсыз жерге пышақ ұрмайтын.

Өткен жылы күздікте мені үйлендірмек болғандары да есімде: «Аллау үріп ауызға салғандай өзі. Қандай ибалы десеңші. Үлкеннің алдынан кесе көлденең өтпейді-ау, өтпейді. Қолынан іс келеді. Оқыған, тоқыған дегеніңнің өзі сол. Әне көргенді үйдің баласы керек болса... Түсіріп алсақ қайтеді, Дидаржан? Садағаң кетейін...» — деп еді олар. Көнбедім. Көнбегенде сол тосыраңдамай, жай айттым. Сүймеген адамыма мені қинамаңдар, көңілдерің қалар дедім. Апам жүзіме бағдарлай қарап тұрды да: «Оның да жөн шығар», — деп көніп қалды...

Қой, бұ жүгермек пе?.. Құдай-ау, зым-қайым қайда жоғалып кетеді ол, а?! О мың жасағыр деректір бұған трәктер тізгінін беріп, көсегемізді көгертеді деп жүрсің-ау?! Ұятқа қалдырмаса игі еді де. Қайдам... Баяғы сол салдыр-салақтығы. Трәктерлеріңді опат қып жер соқтырмаса не қылсын!..

Әне, көрдіңдер ме? Салдырлап сөйлеп жүр. Жұмыс істеп жатса да, оның аузына бір тыным болмас. Жез шылапшынды құм-топырақпен ысқылап сүртіп қойған, енді самауырынның күлін қағып жатыр. Сонсын үйдің қарсысындағы, іргесінде мен жатқан қорадан тезек алып шығады. Анау үйдің алдындағы қазандықтың төңірегін мұнтаздай ғып сыпырып, Ләйліге су әкел деп айқайлайды. Өзі қазанды қырып, ас салады.

Оң жақ мүйізі сынық қызыл сиырымыз бар. Оның да өрістен қайтар уағы боп қалды. Үйдің сыртында жайылып жүрген екі қозы мен бір бұзауды айдап әкеп, қораға кіргізу керек. Шөп арасында «қыт-қыттап» жүрген тауыққа жем бермесе бола ма. Осының бәрі менің апамды күтіп тұр. Ол әлі сөйлеп жүр.

— Оу, Дидаржанның әкесі-ау, жаман қайықтың кеттік тесігіне ертеңді-кеш сығыраңдап оны-мұны тыққыштай бергенше ана балаңа сен де бір көз салсаңшы. Ода үй шаруасына қарасын, үйренсін де. Бұ не?.. Дүниеде мынау алдыңдағы қара май мен ескі қайықтан өзге тіршілік бар ма?

— Әй, кемпір-ау, осыныңды кешке ас үстінде айтсаң қайтеді, ә? Қарбаласта тас кенедей қадала қалатының бар сенің, — деп көкем гүр-гүр етті.

— О, құдай ұрсын сені! Кешкесі несі!..

Көкем мойнын жалқаулау бұрып, қазан тазалап жатқан апама қалың қабағы түксие қарап тұр.

— Сен, кемпір, мені кейітетін шығарсың, — деді ол самарқау. Апам ығыса қойған жоқ.

— О, құдай, қиратарсың... Ләйлә, Ләйлә!.. Со көйлегі құрымағырыңды кешке де тікпеймісің. Шаншыла қалғаның не?!

Апам өзі бір шаруа істесе төңірегіндегілерді тыныш отырғызбайды. Әне, қазір де сол әдеті.

— Ay, апа?! Неге кейідің мен мұндамын ғой.

Екі беті бал-бұл жанып Ләйлә үйден жүгіріп шықты. Апамның көзіндей жанары қап-қара, кірпігі ұзын. Қуанса да, ренжісе де бәрі көзінде. Ұшқындана лаулап кетсе, енді бірде тұңғиық, тұна қалады. Көз айналасындағы болмашы көлеңке де бір түрлі сүйкімді-ақ. Жүзінің ақтығы көкеме тартқандығы дейді көрші-қолаң. Сол рас. Совхоз жігіттері Ләйләні көргенде маған қалбалақтап қалатындары бар. Сырласып, дос болғысы келетіні не десем, қарындасым ел көзін сүріндіргендей боп қалған екен де. Тоқтай тұр...

— Ләйлә!.. Ботам, әлгі аға болмай кеткіріңді тауыпкелші ! Анау бір қораның алдындағы томарды ұсақтап таста дейін деп ем. Көрдің бе ұшты-күйді жоғалғанын. Тағы да сол өзен жағасындағы су перісін күткендей селтиіп, қармақ қалтқысын бағып отырған шығар... О, құдай...й, тоба-ай! Елдің өзіндей балалары үй боп, немере сүйгізіп отыр. Бұл шіркін әлі сол күйі... далақбай. Түкпен ісі жоқ...

Апам сөйленіп жүр. Әне, ол сиыр қораға кіріп, көктемде шақпақ қанттай етіп ойылған сары қиды алып шықты. Қазандық басына апарып тастай беріп, үйге кіріп кетті. Сол сәтінде мен де жатқан жерімнен тұрып, түк білмеген жандай келдім де томарды балталай бастадым. Айқара құшақ жетпес жуан томар балтаға бола қоюшы ма еді; менікі де әншейін апам үйден шыға қалғандаұмыс істеп жатқанымды көрсін, сонда не дер екен дегендік тұғын.

— Апа, Дидар келіп ағашты ұсақтап жатыр! Ісімді тіге берейін бе?

— Қане?

— Әне... Енді менің керегім жоқ қой...

Ту сыртымнан үн-түнсіз кеп тұрғанын сезсем де артыма бұрылып қарамай құшырлана балталай бердім. Балталай бердім...

Ағаш жаңқасынан айналам көл-көсір. Неге екенін қайдам, табан астынан жүрегім лүпіл қағып қоя берді. Бәлкім ол апамның, артымда үнсіз бақылап тұрғанынан да шығар?! «Кірш» етіп томарға кеп шабылған балтаны қайта көтермей, қол сыртымен маңдай терімді сыпыра тастадым. Түк сезбегенси шалқақ тұрған күйім білек жеңімді асықпай шынтақтан асыра түріп жатырмын. Сабырлы-ақ болғым келеді. Ыңылдап бір ән әуенін қайырмақ та ойым бар. Әйтсе де үнім шықпай, тамағым жыбырлап жөтелетін сияқтанам. Не екені өзіме де жұмбақ әйтеуір бір нәрсені күтем.

— Құлыным-ау!..

Тұла бойым шымырлап қоя берді. Асыға-аптыға жалт қарадым. Шексіз бір ұшқынды мейірімге толы екі қара көз шарпып алды. Жанымды жаңа шаттық билеп, мынау таныс та, ыстық та ұмытылмас нұр айдынында жүзіп жүргендеймін.

«Анашым... Анашым менің» дей бергім кеп кетті. Өзімді шақ ұстап үлгірдім.

— Садағаң кетейін-ау, күнәкер басым жазықсыз жазғырғам екем де. Ой, айналайын!.. Қайда кете қойып едің. Жә... Жә, білем. Айтпай-ақ қой. Деміңді алшы. Айран ішемісің? Уә, Ләйлә!

— Ау!..

— Ақты әпкеші. Торсықтағыны емес, таңертеңгі қойғанымнан! — деп апам менің жаныма кеп отырды. Бүгін ертеңгісін бетінің қаймағын алмай пісіріп, ашытып қойған айраны. — Уф... И... и, құлыным-ай, саған ұрсып, тынышыңды ала берейік дейміз бе. Арқа сүйегендік те біздікі. Соның өзіне де кәдімгідей кеңіп, бір жасап қаламыз. Әке мен ана көңілі дегенді сен қара тентек қайдан білейін деп едің. Әлі. білерсің де. Құдай ғұмыр жасыңды ұзақ етсің де... Әкең болса анау екі күннің бірінде белінен шойрылып жатып қалады. Сен келгенсін ғой, со басын көтеріп жүргені Мәйек2 қоюға Ләйләжан шығады. Қате боп суға кетіп қала ма деп-ақ үрейім ұшады...

— Міне, апа, айран.

— Ағаңа бер, төбемізден ұстамай. И... и, тікбақай ботам-ай, иілсейші, — деп апам Ләйләнің кісіге айран ұсынғаны көңілі толмай қалды. Әрине, түсініп отырған шығарсыздар, ол «кісіңіз» менмін ғой. Жеңілтектік көрсетпей, ағалық бір байсалды қалыпқа түсіп қалған жайым бар. Сезем, Ләйләға оным ұнап тұрған жоқ. Көрдің бе астыңғы ернін тістене бергенін. Жалпы мені «аға» деп сыйлай қоймайтыны рас. Апам білмесе ұрыспайды ғой. Қазір ол амалсыз. Мен де сонысын пайдаланып отырмын. Жөткіріне еңсемді көтеріп, мұрнымның тұсына келгензерең аяқты самарқау алдым. «Қалай екен, бала, ә?» дегендей Ләйләға табалай езу тартып ем, ол тілін шығарып келемеждеп кетті. «Көрдің бе, әне?! Жақсы, жаман болайын мен онан екі жас үлкендігім бар емес пе? Ағамынғой». Өз-өзімнен булыға тымырайдым да қалдым.

— Бір жерің ауырып отырған жоқ па, құлыным? Қабағыңда кірбің бар ғой, — деді апам жүзіме үңіле.

Ләйләға ренішім өз алдына, бір жағынан мынау алдымда әлі ұсақтала қоймаған ағаш та жыныма тиіп, кежегем кері тартып отыр еді. Апамның септігі тиіп кеткенін қарашы. «Ойбай-ау, басым сырқырап барады» дей салмай, несіне тартынам. Апам менің бірден жауап қата қоймағанымнан да үркіп қалған екен.

— Құлыным-ай, ауырып тұрмасаң игі еді, — деді де ол маңдайымды ұстап, бетіме жаутаңдай берді.

— Иә, апа... Кеше де сол түс ауа басым солқылдап ауырғандай болған. Қазір тіпті сырқырап барады. Дегенменқайтер дейсің, қалған анау ағашты... Уф! — деп терең күрсініп, дем жетпеген, адамдай отыра кеттім. Маңдай терімді де сүртпей, көзімді кіртите, дел-сал адамның күйіне түстім. Көлденең кісіге менің мына түрімнің қандайлық әсерлі боп шыққанын қайдам; бір айналыста Ләйләға көз жүгіртіп ем, көңілім қоңылтақси қалды. Алақанымның сыртымен аузын көлегейлей жымыңдап тұр екен. Көрдің бе?! Аңдығаны мен... Өзімнің күйіне бастағанымды сезіп, Ләйләні ойламауға тырыстым. Әйтпесе қабағым түксиіп, ауырған адамнан гөрі бас бұзар сотқарға ұсап кететін түрім бар. Мені тағы да соған ұсатып жүрген кім дейсіз. Ләйлә ғой. Болмаса ашу үстіндегі өзімнің қандай екендігімді қайдан білейін.

Қабағымды кіржите:

— Қой, не отырыс... Қалған ағашты ұсақтап тастап, біржолата дем алайын. Кешке қарай бригадаға жүрем ғой, — дедім.

— Ауырып отырсаң қайтесің, құлыным. Асқындырып аларсың, жат. Тынық, жаным. Келесі келгеніңше тамызықтығымыз бар ғой. Садағаң кетейін-ай, ауырып қалмасаң жарар еді, — деп апам құрақ ұшты. — Уа, шал! Бермең келші!.. Ләйлә деймін!.. И...и, ботам-ай, жүрсеңші тез, жастық таста, — деді ол аптыға. Іле қоярда-қоймай мені де орнымнан тұрғызып, қолтығымнан алды. Күбір-сүбір сөйленіп қояды.

Күн түспеске терезелерді тұмшалап қоятын. Сонан ба білмеймін, бөлме сыз тартып, сап-салқын бон тұрады Кейде болмашы шаң иісі де сезіледі. Ол әрине киіз алашаның үстін сыпырып шығысымен ауа қақтырмай терезені, есікті бірден жауып тастағаннан. Осы қазір де шаң иістеніп, бөлме іші тастай қараңғы боп тұр екен. Апам табалдырықты аттай бере, бір нәрсені қағып кетті Әлгі даңғыр-дұңғыр ете қалды.

— Есіктің көзіне жез шылапшынды қойып жүрген қайсысың? Ләйлі!.. Қайдасың?! Ертеңді-кеш терезені қымтай бермей ашшы... Қоқырсытпай анау тігіп жатқаның бітпейтін немене сонша... — Ләйлә апамның алдынан қылаңдай ете шықты да, терезенің қағазын алды. Күнге қурап сарғыш тартқан газеттерді қаудырлата бүктеп жатыр. Көзінің астымен «жалт» етіп, мен жаққа қарап қояды. — Оу, сен өзің болмас істі ермек қып жүріп алдың ғой. Енді қашан? — Апам өмірі біреудің істеген ісіне көңілі толмай-тұғын; Ләйләнің пысықтығын жақсы көргенмен де, жайбасарлығына ренжіп отырушы еді; қазір де шыдамы жетпей, жұлқына жүк-аяқтың үстіндегі көрпе-жастықты жерге тастай бастады. Әне міне дегенше төсек те салынып болды.

— Жатып аз-кем дамылда. Мен әлгі... Тамақ қамын істейін, құлыным. Азар болса со жұмысыңды да бүгінше қоя тұр. Жаныңның садағасы... Жүр... жүр..., Ләйлә... — Көп аялдамай ол Ләйләні ілестіре ауыз үй ге шығы кетті. «Адам жаны деген қызық-ау. Әлгінде бойкүйездене дел-сал боп, көңілім оңашалықты, осын дай бір тыныштықты қалағандай-тын. Тіпті апамның байбалам даусынан басым ауырғандай да еді. Енді міне бір түрлі елегізіп ішім пысқандай болады. Ұйқымның да қайда қашып кеткенін білмейім.

Ауыз үйдің есігі шалқақ ашылған, ар жағынан көкем көрінді. Басын төмен сап, сол баяғы бір таныс, ойлы қалпы. «Ойлы адамның аз сөзді, аңқылдақтардың салдырлақ келетіні несі осы» деп кейде әкемді есіме алам. «О да мінез бе? Әне бір тұйық та емес қой көкем. Өткенде бірлапылдап кеп, өзен-су шаруашылығының агентін жеп қоя жаздағаны бар». Ол сол үнсіз қалпы жаныма кеп отырды. Жүзінде абыржулық жоқ. Сабырлы салқындық қана.

— Басың қалай?.. Салқын ғой басың. Өтірік ауырып жатқан жоқсың ба? — деді ол төмен қарап қалған менің бетіме үңіле түсіп. Сығырайған қиық көздің қара шығынан әкелік мейірім ғана емес, мен бұ жолы тағы да бір өткір, бұлтартпас ұшқын көрдім; ол бейне сенің жан-дүниеңді шарлап бүге-шігесіне дейін қалт жібермей біліп отырғандайеді. «Осы мен әкем алдында жалтара алмай бишара күйге түсетінім не? О да болса жігерсіздік те, басқа не дейсің. Тек әке алдында солай ма екем? Жалпы... Затым ынжық адаммын. Апам: «әлі жас құлыным», — дейді. Қайдағы жас?.. Жиырмаға биыл күздікте шығам. Жас дегені несі...»

Әкеме қарап едім, жаңқалтасынан темекісін алып, бармақтай қып орап отыр екен. Бір жақсысы адамды «неге үндемейсің, ей» деп асықтырмайды. Бұрнағы жылы ғой дейім ұмытпасам: көкем мені маяк қоюға жұмсады. О кезде мектеп-интернатта жатып оқып жүр ген уағым. Көктемгі каникулға келгенім сол ғана-ды, далаға шығуға бетімнен басып, Дюманың «Үш мүшкетёр» романын оқып жатқам. Және де кітаптың ең бір қызық жеріне келермін бе. Тап сол арада әкем нің мені қинағаны... Өмірі тілін алмаған кезім жоқ еді; амалсыз кітап бетін жаптым. Албардағы ескекті алып, өзенге қарай жүре түстім де, шыдамай кері қайттым. «Қалай тез оралдың, Дидаржан» депеді апам. «Үйде... жылы жерде отырған адам заулап өтіп жатқан уақытты біле ме», дегендей бұртаңдап, жөн жауап қатпай, әлгі кітабымды қолыма қайта алдым. Әрине , апам енді сенді. Көкем ауыз бөлмеде май шамның шырығымен төрт өрме қамшы өріп отырған; жаңағыны тастай сап, үнсіз киініп, шығып кетті... Өтірігімді біліп қалыпты. Сонан түн ортасы ауа оралды. Үсті-басы малмандай су. Қабағы қарс жабылып, еңсесі түсіп кеткен екен. Мен бір пәле болды-ау деп шошынып ем. Жоқ... Аман... Ренжігендей ештеңе сезіл мейді...

— Өтірік айтқанша бармай-ақ жатпаймысың. Сенің кесіріңнен баржалы кеме қайырлап қалса, не ескек-винтін сындырса өстіп екі құлағың салбырап отырар ма ең?! Көкемді түк аямайсың. Жаның ашымайды, — деп Ләйләнің қызарақтамасы бар ма. Ойпыр-ай, мұндай саспаспын. Әрі Ләйлә ұялтады екен деп ойла самшы. Түк қаперімде жоқ ол. Бұлан-талан кейіп де алмадым. Жер шұқып отырдым да қалдым.

Шыдамсыз апам екеш, о да бұл жолы құлақ кескен дей, жым боп жүр. Бәрі де дәнеңе емес-ау... Дүниеде әке реніші қатты батады екен жаныңа. Көкем үш күндей тілдеспей, тіпті елемей қойғанда іштей ерегісіп мен де жүріп алғам, оным көпке жетпеді. Ертеңді-кеш қол қусырып кеп отырам. Әрі кеткенде сол төрдегі құрақ көрпешенің үстінде шалжиып жатып алам да, қалақ домбыраны тыңқ-тыңқ шертіп қойып «Елім-айды» айтам. Құрысын бүйткен мысық тіршілік! Жынданып кете жаздадым.

— Түсің бұзылып отыр, Дидаш. Қалайсың, ә? — деді көкем жауырыныма қолын сап. Ойым бөлініп кетті.

— Жо-жоқ, көке. Тәуірмін.

Қолындағы шылымының күлін есік жаққа қарай сұқ саусағының ұшымен шерте қағып жіберді де, сол бір ойлы қалпы сәл үнсіз отырып қалды. Көкемнің самай шашы ұйпа лақтана тікірейіп кеп сақалымен жалғасады екен. Қырынан қарағанда кәдімгі бакенбарды. Көзі болмаса жалпы әкем қазақ шалынан гөрі қара бұйра сақалды цыгандарға көп ұқсайды. Бізде бір қу бар. Са парды айтам да. Оған салсаңыз менің әкемнің жоталы мұрны да қазақтікі емес, «америка үнділерінікі. Иә, иә, солай» деп жеңістік бермейді. Өзге біреу сөйлей қалса әжуалап, ит-сілікпесін шығарар едім. Бұған келгенде тілім байланып, тіпті ол білмейді екен деп ойлай да алмаймын. Сол сабазың әрі кеткенде совхоз орталығынан алты шақырым жердегі қалада болған шығар, ал астана көрмегені кәміл. Америкалық үндіні өңі түгіл, түсінде де көрмегені белгілі, әрине... Мектепті бірге бітіргенбіз ғой. Осының бәрін біле тұра кәдімгідей сенем әлгіге.

Үні бып-биязы-ақ. Ол бір әңгімені бастарда көзі ойнақшып, алдында отырғандарды арбап, тілеулес тікке шақыра шыбын-шіркей қыдырар еді. Өз дегеніңе жеткен кезде қоңқақ мұрны имие түсіп, салқын сабырлылық әбден сорып алған, сөлсіз бүйрек беті бүлк етпей қалады. Тыңдаушының аңқау көңіліне сол сәтінде дүниеде жоқ , үрей ұрлана кіріп, жанын тұтқындай бастар еді, алас ұрып, жаутаңдай жалғыз сыраған кезіңізде, манағы бір өзіңіз айрылып қалған жүрегіңіздің қуаныш ұшқынын қайтып беріп, сүйіспеншілігіңізге бөленеді. Көңіл кілтін табу деп ел осындай шешенді айтады да. Ғаламат... Мен бір тілшінің де сөйлегенін көргем. «Міңгір-міңгір, міңгірлекдегендей танауының астынан мыңқылдап тұрған. Сапарға қарағанда қайда ол...

— Дидаржан, — деді көкем сыбырлай. Мені ұйықтап кетті десе керек. — Мен өзенді бір сүзіп келейін. Сен... Жаным, алаңсыз демал. Көз іліндіріп ал ең болмаса. Шаршап отырсың ғой.

Мен «жоқ, көке» дегенше, ол аяғын ұшынан баса шығып та кетті. Көкемнен кейін көпке ұзамаған сияқтымын.

Тақылдаған мотоцикл үнінен шошына басымды жас тықтан жұлып алдым. Жауырыным құрыстап, оң қолым астыма бастырыла ұйып қалыпты. Сырқырап жанымды шығарып барады. «Тпа, тпа!» деп ептеп уқалап ем, сәл басылғандай болды. Отырған күйім олай — бұлай жұлқынып қантаратқансып жатырмын.

Есік сықыр ете түскен: біреу қылаңдай кіріп келді. «Бұл кім жаным-ау?» Табалдырықтан бермен жарыққа шыққанда ғана таныдым. Ләйлә... Кәдімгі өзіміздің Ләйлә екен. Терезе жақ беттен күн ауып кеткеннен бе, үйдің іші ала-көлеңке. Ол менің ояулығымды аңдамаған ғой деймін. Жарыққа бір қырын қарап тұрған күйі тарқатылған бұрымын асыға өріп, аула ішіндегі дабыр-дұбырға елегізе құлағынтігеді. Жүзі сәл қуқыл тартып, қара көзі үлкейе түскендей. Күн ұзағына қолынан тастамай жүрген көгілдір крепжоржет көйлегін қынама бел қып тігіп, тіпті, киіп те алыпты.

— Келген кім, Ләйлә? — деп едім, ол менің осы бөлмеде екендігімді мүлде ұмытқандай үрке жалт қарады. Иы ғынан төгіле алдына түскен қос бұрымының бірін жауырына қарай серпіп тастап, маған:

— Оятып жібердім бе сені? — деді. Даусы апамның үніндей жанымды елжіретіп, сүйкімді шығып кетті.

— Жо... жоға, Ләйләш... Өзім ояндым, — деп онан әрі қандай жылы-жылы, бауырмал ағаға ғана тән сөз айтсам дегендей іркіліп қалдым. Бар тапқаным: — Көйлегің әсем тігілген екен. Өзің кереметтей шебер сің ғой, — дедім. Мұным Ләйләға ұнаған сияқты. Қымсына сырт айналып кетті.

— Айтпақтайын, келген кім?

— Ертұрлы... — Міне, ғажап. Ләйләнің үні баяу, дірілдей шықты. Кәдімгідей қобалжып тұр. О несі-әй? Даладағы дауысқа елеңдеп, есікке еліктің лағындай үрке қарайды. Өзіне таңдана, қадала қалғанымнан қымсынды ма, әлде қазіргі өз күйінің ерсілігін сезінді ме; сол иығынан құлап түскен бұрымын тарқатып асыға қайта өре бастады. Алдындағы айнаға көзінің астынан қылымси, кәдімгі үлкен қыздардай-ақ сүзіле қарап қойып тұр. «О, шөп желке-ай! Сәнқойын қарашы...» Ажуалағым кеп бір оқталдым да, ізімше онымнан айнып қалдым. Тіпті өзіме сондай ойдың келгеніне қысыла, дәрменсіздігімді сезіндім. Әрі Ләйләштайды аяп, осынша күйге түсірген жаннан қызғана бастадым.

— Ертұрлы де?.. Е, сол ит пе еді, тәйірі, — дедім. Үнім баяу, күмілжи шықты.

Екінші тарау

Әлгіндей болмай аула ішіндегі дабыр-дұбыр терезе тұсына келді. Енді, міне, ұзап барады. Құлаққа сары масаның ызыңындай бір сарын ғана жетіп жатыр. Ол үйдің қарсысындағы үлкен қораға отын алғалы кірген болуы керек. Әне, қайта шықты. Саңырауға сөйлегендей бұ жолы даусы анық, ащы естілді. Бір орында отырмай даурыға жүріп сөйлейтін апамның қашанғы әдеті. Сөз төркіні малдың қысқы шөбі сияқты. Өйткені арагідік:

— Қыстырылмай жөніңе отыршы. Айтсам Ертұрлы жан бөтен бе?! О да өз балам, — деп қояды. Сірә, әкем келген кісінің мазасын алма деген-ау дейім. Өрши түсті. Көкемнің анау-мынауға оңай көтеріле қоймай тынын біледі ғой. — Аллау, мен сөйлесем болғаны аузымнан қаға бастайтының не?.. — Апамның кейде осындай бір ерсілігі бары рас. Оған жылда осы біздің үйдің жалғыз сиыры аштан өле қалатындай көрінеді де тұрады. Е, өлсе мейлі, Өзге тіршілік жоқ па екен.

— О, айналайын Ертұрлыжан, сөйтші қарашығым. Мына Дидардың әкесін қой, — деп жатыр апам оған көңілі тола.

— Жә, болды ғой енді. Балам, үйге кіре бер. Дидар да тұрған шығар, — деді жуан дауыс. Көкемнің даусы.

Жейдемді желең жамылып, төрдегі орныма түк білмегендей боп жата қалдым. Ләйлә айтып қоймаса, әлі тұрмаған екен деп ойласын дегенім. О қуды алдау да қиын шығар.

Есік сықыр ете түсті. Еріксіз басымды көтеріп алдым. Үстінде аспалы комбинезон, аяғында керзі етік, жалаң бас ырсия күліп Ертұрлы кіріп келе жатты. Біздің совхоздың кеңсесіндегі қазіргі тракторшы осылай киініп жүреді деген плакаттан жаңа ғана түскендей. Қиылған қара мұртты, ақ құба, бұйра шаштылығы болмаса, тура сол суреттегі тракторист екен дер едің де қояр ең. Жазық маңдай қазақ жігітінің бір келбет тісі. Онысын өзі де сезеді:

— Хал нешік, бауырым? — деді ол қасын керіп.

— Шүкіршілік...

— Көңілсізсің ғой.

— Мен бе?

— Ие, деді ол екі ұдай езу тартып. Оның қолы қарап тұрушы ма еді. Стол үстіндегі кішкене сары айнаны алып артындағы тіреуіш сымын түзетіп жатыр. Бар ынты-шынтымен беріле кіріскендей астыңғы ернін тістеніп қояды. — Міне, болды да... Әйтпесе бір жамбастап, мықырайып қалыпты.

Орнымнан тұрып, құрыстанған бойымды жазғалы жұлқынып-жұлқынып алдым. Ертұрлының қолындағы айнаны өзіме қарай бұрып, дудыраған шашымды тараған болдым. Өмірі қалып көрмеген шаш ырыққа көнуші ме еді; жаман көлдің қоғасындай тікірейді де қалды. Әр талы бір-бірінен үркіп тұрғандай. Бұ шіркін мынау Ертұрлы, анау бригадир Сәрсеннің шашындай жылмия қалсайшы. Осы менікі бекершілік-ау деймін. Тамашасы, машинканы қасқа маңдайдан салып жіберіп, желкеден бір-ақ шығарған.

— Сенің мынау қазақы қойдың құйрық жүніндей шашың бар ма сол бүлдіретін... — деп Ертұрлы сылқ-сылқ күлген болды.

«Әй осының ойыны жаман. Кісінің көңіліне келеді екен деу жоқ. Қойып қап қарап отырады».

— Әйтпесе жоталы мұрның, қалың қабағың тама ша.Әсіресе қақпақтай жауырының. Сенде бір сұстылық бар. Өз басым еркектің ірімшіктей ірметілмей өткір, өр тұлғалы болғанын қалайым.

— Өзің сондай емеспісің, Ертұрлы?

— Жә, тәлкектеме... Шыным осы. Жалпы сенің комплексияң жақсы, — деді ол бетіме тура қарап. — Ауыр салмақты боксер сияқтысың.

— Болдың ба?

— Иә.

— Ендеше, — дедім де, не айтарымды білмей күрмеліп қалдым. Әлгіндегі Ләйләнің жан дүниесі, кескін-келбеті көз алдыма кеп тұр. Енді бірде ол Ертұрлыға күлімдей қарайды. Жо... жоқ, мүмкін емес. Үйден тез кетуі міз керек. — Ертұрлы, ертерек жүрелікші. Барып тынықпасақ, үйде адам жөнді демала алмайды екен.

— Тоқта... Шай ішіп жүрмейміз бе?

— Ішіп жүрген шай емес пе. Керегі не? Шөлдесең жолдағы шайханаға кідірерміз. Алып бара жатқан шөл болмас, а?

— Аздаған бар.

— Жақсы сенің дегенің-ақ болсын. Жолдағы сиыр фермасына соғайық. Қас қарайғанша жетіп барамыз. Таң саз бере бригадаға құлаймыз. Қалай болғанда да ертеңгі жұмысқа үлгереміз ғой, — дедім шашымның түбі ауырғанына қарамай кепкемді баса киіп жатып.

— Е, бауырым, жолға түнейміз десейші. Біреулер сауын шы қарындасымен кетеді екен. Мен аспандағы айға қарап: «Сен де жалғыз, мен де жалғыз қалқатай», — деп жатам да. Анадағыдан кейін менің оған зауқым соғып тұрған жоқ. Құрығанда айран, не сүт пен нан жемей қозғалмаймын...

— Жақсы, болсын. Бірақ етке қарамаймыз.

— Етке ме?

— Иә... Қарамаймыз.

— Етке қараған теріс болмас еді... Жә, қойдым. Тек көзіңді алитпашы. Сенің асығыстығыңды түсінем ғой. Әйтпесе...

— Соған сен апамды көндіресің.

— Қолымнан келсе... Мақұл, мақұл... Көрейін, — деді ол қабағын кіржите. «Көрдің бе кеткісі келмей қипақ-сипақ етуін. Бұны қайтсем екен, ә? Қарындасыма жігітсінуіңді қой. Ол әлі бала. Әрі жүр жайыңа десем бе? Е, менің жұмысым не сенің қарындасында. Оны кім айтты саған, десе ше? Қой, менікі сезікті секірердің кебі сияқтанар».

Екеуміз тіркесе далаға шықтық. Көкем манағы ескі қайықтың төңірегінде құнжыңдап жүр. Жанына қара май құйған кішкене шелекті апарып қойыпты. Сабы сынық ара мен тістеуік, шеге салатын қобдиша да қасында. Қақпағын ашып тастапты. Апам қазан астына тезекті қалап тамызық ағашын тұтатқалы жатыр екен. Бізді көріп басын көтеріп алды. Жаулығын шешіп түзей тартты. Қораның жанындағы жер-көмбеден беті қызыл шүберектей жабулы табақты көтеріп шыққан Ләйлә дірдектейбасып кеп, «дік» еткізе қазандық жанына қоя салды. Мұны күтпеген апам шошына, қаба ғын шытынып қалды. Көкем де қолындағы балғасын көтерген күйі аңтарыла бері бұрылды. Қыз баланың қазан-ошақ төңірегінде аяқ-табақты даңғырлатқаны келген қонақты сыйлағаны емес. Ел солай ұғады. Өз қолапайсыздығынан Ләйлә қысылып, қыпықтап тұр. Ертұрлы оңбағанның көзі де сонда... Ләйләні қатты аяп кеттім. «Апам не дер екен? Ол сөзін бөлгенді өлердей жек көретін, әрі...»

— Аңдасаң нетті, ботам, — деді апам сәлден соң. — Сендер қайда асықтыңдар. Құлыным-ау, сен неге тұрдың?! Қайталап қаларсың... Ертұрлыжаннан піргәдіріңе айтып жіберсең болмай ма.

— Апа, мен...

— Ертұрлыжан, айнам, сен дұрыстап айт. Мен Дидар жанды жібермесем деп отырмын. Ауырып жүр еді өзі. Сен асықпай ас жеп кет, — деп апам дес бермей салдырлай жөнелді; жарыса сөйлеп дәнеңе бітірмесімді білгесін, аңысын андап үндемедім. Ауық-ауық Ертұрлыға қарап қоям. Ол осы қазір өсіп кеткендей. Тырсылдап комбинезонына әзер сыйып тұр. «Мені тастап көр. Сонсын сенімен болсын ісім».

Апамның көзін ала бере: «Қам жеме. Бір жөнін та бам», дегендей жымың етті. Онсыз да жұмыстан қалмаймын ғой. Апамның көңіліне бола, әйтеуір, ренжімесе екен деймін де.

— Апа, сіз білмейтін шығарсыз ие... Дүниеде жаман нәрсе — көзге мақтаған ғой. Айтпайын деп едім, енді болмас.

— Ие, не қарағым? — Апам үрейлене қалды. Ұмсына түсіп тоқтады. Қолының ұшы да дірілдеп кетті. Бала жолында әлемде анадан секемшіл не бар дейсің.

— Дидарсыз бригаданың жұмысы өнген емес. Ол сізге «Дидаржан» болғанмен бізге өнерлі дос, тамаша тракторист. Ауырса өзіміз басы-қасындамыз ғой, апа. Уайым жемеңіз. Емдетеміз. Қазір... Айтпақтайын сіздер естімеген шығарсыздар, совхозымызға жаңа хирург келді.

— Кісі соятын дәрігердің келгеніне де қуанады. Ай, балалық-ай, — деп апам оған құлақ аса қоймады.

— Ойбай, апа... Ол білімді дәрігер... Кез келгенді соя бермейді. Өзі іскер деседі. — Ертұрлы көзінің қиығын ұрлана Ләйләға жүгіртіп қойды. «Сұқтана беретіні несі, ә? Өй, осы қыз ба? Қылмаңдап кетпей тұрғанын қарашы». — Аурухананы қолға алып жатқан сияқты...

Ертұрлы тілін безеп-ақ жатыр-ау қайтсын. Мені де көкке көтеріп қойды. Дәрігер қыздың үшкіргені ем болатын сияқтанып барады. Қайран тіл-ай. Қандай өткір де өтімді едің. Әлгінде ғана осы үйдегі үш белгісіз жанның бірі ем. Енді бүкіл совхоз сыйлар, игі жақсы үлкенге іні кішіге аға боларлық азамат боп шыға келдім. Апам кәдімгідей көтеріліп қалды. Өзім де шынында сондай емес пе екем дегендей іштей ойланып, жалдана қоқырая бастағанымды сездім. Тек кө кемнің жүзіне көзім түскенді ғана еңсем түсіп, жүрек түпкірімде өкініш сияқты бір нәрсе сыздағандай бол ды. Иә, көкем досымның сөзіне сенген жоқ. Өйткені сырт айналып, төңкерулі қайығын балғамен қатты-қатты ұрғылап жатты.

— Ендеше, айран ішсеңдерші, — деп апам көнді, Ләйлә үйге кіріп екі аяқ айран құйып әкелді. Бәрін айтқыз бай істеп, жүгіріп жүр. Апамның өзі де қызын жаңа көргендей таңдана қарайды.

«Ой, осының кербезсіп ішкені-ай! Сызылып болсашы бір. Екі ұрттап, төрт қарап отырғаны». Шыдамай бүйірінен түртіп қалдым. Селк етті де, сыр бермей аяқты Ләйләға ұсынды.

— Салқын... Жақсы екен. Рақмет, — деді күлімдей.

— Ал, кеттік...

— Дидаржан, көрпе алсаң қайтеді, ә? Түн салқын ғой. Әлде масахана берейін бе? — деді апам аптыға.

— Көрпенің керегі не осы шілдеде. Масахана дұрысы, — деп Ертұрлы арадан килікті.

— Ләйлә!.. Әкеші анау селдір масахананы. Ой, садағасы кетейін! — Апам да қызық-ау. Мен бір кішкентай бала сияқтымын оған. Жігіттердің көзінше бетімнен сүйіп жатқаны. Көкемді айтсаңшы...

Ол апамнан сытылып шыққан сәтімде қолымды алып:

— Тайраңдап арақ ішуші болма. Жігіттік арақта емес. Ол бөркемік боз баланың ісі. Нағыз жігіттің қызуы өзінде. Балықшы Бектастың баласы арақ ішіп, біреуге тиісіпті дегенді естіртпе, білдің бе? Бар енді, — деді. Сөйтті де қолын артына ұстап тұрып қалды.

Мен демалысқа қарсы келіп, кеткен сайын үй осылайша шығарып салады. Өзен жаға сындағы біздің жалғыз қыстаудан қан тамырындай бір соқпақ қызыл жыңғылды сай-саланы шиырлай отырып, үлкен жолға құйылатын. Өз бетімен бағыт-бағдарсыз лаға бермейтін. Енсіз де болса, өз қадари, халінше ағысы бар, күші бар тау өзені сияқты. «Қай жерде сүйрей жөнеліп, қай жерде тұңғиық түбіне батырар екенсің. О, өмір өзені!.. Бетінде қалқытып, толқыныңды тербермісің? Әлде ерке тотай балаңдай еркін жіберіп, маңдайыма жел, жауырыныма күн тигізбей өсірермісің? Жо... жоқ! Мен көлеңкеде өскен көк болма йын. Ызғырың ды да, үскірік аязыңды да, төбемді шаққандай ыстық-аңызағыңды да менен аяма. Былбыраған көктен даланың күн қақты, хош иісті гүлі жақсы емес пе?! Мені гүлдей қып өсір. Тек көңілің толмаған кезде жағаға лақтырып тастамашы, өмір жолы», — дегім кеп барады лекіте соққан желге қарсы.

Міне айдау жолға да кеп түстік.

Үшінші тарау

Көгілдір аспан, жасыл дала, қызғылт тартқан көкжиек бәрі, бәрі билеп тұрғандай. Қоңыр самал да әженің жұмсақ, алақанындай маңдайға, бетке жайлы тиеді. Тентек дала құйынындай ұшып келе жатқан мотоцикл екпіні лепірген көңілді онан әрі желпіндіре, жел бере түседі. Қара көлеңке үйіріле бастаған сары ала бидайың, боз жусанды дала төңкеріле дөңгелеп қалып барады. Жолдың әр қалтарысынан «пар» етіп жұдырықтай бөдене ұша жөнеледі. Енді бірде үшкір сары қазықтай боп қақиып тұрған саршұнақ, балпақ жақындағанында сынық сүйем құйрығын көрсете ініне зып береді. «Біздің үйден шыққан соқыр-соқпаққа қомсына қарама. Оған түсіп алып тарта берсең, әр түрлі адамдай, әр түрлі жолға түсерсің. Танырсың, Дидаржан», — деп еді көкем. Рас білем.

Бетке, көзге ұрғылап өтіп жатқан шыбын-шіркейден Ертұрлы ығатын емес. Оқтау жұтқандай басын кекжитіп, кекірейе қалыпты. Шоқалақ жерлердің өзінен іркілмей орғытып өтеді. «Түсіп қалар ма екенмін» деп ондайда арқасына жабыса, белінен қапсыра құшақтан алам...

Биылғы көктемде Жайық арнасынан шығып, талай сай-сала, өзекті, оянды жайлап қарық қылған, сонан ба, жылда қуаң тартып, шаңытып жататын дала қазір шырайлы, шүйгін. Қалың қоян-қарта, боз жусаннан тұнып тұр. Иісі қандай жұпар. Ояңға кеп құлағанда аңқ ете қалады.

— Дидар!..

— Ау?..

— Қандай тамаша, ә?

— Мынау алдымыздағы ойпатқа кідіріс жасасақ қайтеді ?

— Қой, ойбай!.. Айта көрме! Маса-екең қан жауыр қылар. Лыпа жел жоқ қой. Көремісің масаның күні. Буып тұр... Біз мынаның үстінде келе жатқаннан ғой, — деді Ертұрлы қатты дауыстап. Дарылдаған мотоцикл үні оның сөзін көміп кетті. — Мына белдің асты ферма. Қалай... жүрегің лүпілдеп бара ма?

— Жо... оқ!

— Соқ өтірікті... Уп!.. Көзім!..

— Не болды! — дедім құлағына еңкейе айқайлап.

— Көзіме шіркей түсіп кетті! — Ол мотоциклді белдің үстіне іліндіре сөндірді. Түсе сап оң жақ көзін уқалап, қолының сыртымен сүрткіштеп жатыр. — Көрдің бе қырсықты... Ойып барады. Дидар, кел қарашы...

Әдемі қара кездің көгілдірлеу ақ еті қызыл тамырланып үлгеріпті. Ілкіде ештеңе көре алмадым.

— Әй, сен өзің үркіп тұрсың ғой. Мен «Қарғыс атқан Хиросимидың «Хибакусясы» емеспін. Қорықпа...

Ертұрлының бір ғажабы естігенін ұмытпай, ұрымтал жерінде сөзіне тиек ете қоюға шебер еді. Ұмытпасам өткен жұмада ғой дейім; Сапар «Зарубежом» газетін оқып шығып, Хиросимида атом бомбасының сәулесі не ұшыраған 80 мыңға тарта адамдардың барын, оларды ел «Хибакуся» деп атайтынын айтқан. «Хиба кусялықтарға» үйлену, күйеуге шығудың қиындығын, жан баласының оларға жуымай, қашып жүретінін әңгімелеп еді. Кезіне бір шіркей түскенде Ертұрлы сол бақытсыз, сор маңдайларға өзін теңеп те үлгерді.

— Неменеге қорқам?! Қорықпайым, — дедім. Көзіне үңіле түсіп жыпылықтаған кірпігін қолыммен жайлап көтергем: күйген тарының түйіріндей қара, көз қиығына шығып қалған екен. Шынашағымның ұшымен іліп ала қойдым. — Міне, «Хибакуся», сенің сәулең.

— Жә, тәлкектеме, — деп ол кәдімгідей қысылып, қызарақтап қалды. Ерсілігін сезінген сияқты. Мотоциклін сүртетін шүберекті орындығының астынан суырып ап, үнсіз қағып жатыр.

— Келіп те қалыппыз. Осы мына белдің астында емес пе еді?

— Ие, білмейтін боларсың?! Тантуын қарашы. Мал сауыны өтті. Бар... Бара бер. Тек тез қайт. Өткендегідей жүріп алма. Мына жаудай масаның астында тағы да дірдектемейін мен, — деді Ертұрлы иығымнан итере, ферма жақты меңзеп.

— Жақсы... Жақсы. Тек жыламашы. Не деген асан-қайғы едің. Жарайды, көрермін ретіне қарап.

— Әй, көргені несі-ай?! Со қыздан қорқамысың? Ерке бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болғалы, сенде бір қобалжу бар...

Бұнысы енді мені қайрағаны. Тез қайтсын дегені. Сүріндірер жерін біледі өзі? Намысқа ұруын қарашы».

— Е, сен тілден айрылдың ба? Үндемейсің ғой?!

— Үндегенде не деймін? Жақсы... Тез келермін.

— Е, сөйдесейші бәсе.

— Ал, жақсы... — Онан әрі әңгімесін тыңдамай ойдағы ауылға қарай тартып кеттім.

Көңілімнің аса хошы жоқ. Алғашқы кезде мынау етекте жатқан ауыл маңы маған құпиялы, қызықты көрінетін. Мен жауын-шашынды, аласапыран түнді жамылып келіп, жүздесіп кеткенді қалаушы едім. Сондайда жүрек түкпірімнен шығар болмашы бір сырлы лүпіл анық, өзіме дүсірлей естілген-дейтін. Таныс ешкі соқпаққа түсіп, Еркенің үйінің сыртына қарай бет алдым. «О жерде болмаса ше?.. Сайдың ішімен құдық басына барайын. Қара көлеңке үйірілгенше сол жерде күте тұрғаным абзал шығар. Қатар отырған ауыл-үй, біреу-міреу көре қалғандай да ұят қой. Бек тастың жігіт болған баласы әлгі анау... Тракторист ше? Сол Жүсіптің үлкен қызына үйленетін көрінеді деп соғар. Ел аузына кім қақпақ... Мынау кім? Өткенде Ерке екеуміз кездескен жерде отыр. Алдында кітап... Ауылдан сырт... Сайдың теріскей, ық бетінде бұған не бар? Әлде о да біреуді күте ме?.. Тоқта... Ерке емес пе? Иә, сол... сол. Оны арт жағынан барып қорқытайын...» Аяғымды ұшынан басып, ту сыртынан жақындай бергем; ол жалт қарады. Жүзінде еш таңыр қау жоқ. Қайта, «Бәсе сендей адамнан балалықтан өзге не күтуге болады», — дегендей торығу бар. Өрекпіген көңілім гу сепкендей басылды.

— А... Ерке, келдің бе? — дедім жанына қисая кетіп. — Қайдан білдің менің осы маңда жүргенімді.

— Ертұрлының мотоциклі айтты. Жайша ма еді? — деп ол үстін қағына орнынан тұрды.

— Жайша... Неге тұрдың? Отырсайшы...

Ол үндеген жоқ. Кездеспегенімізге екі жұма болған; қандай өзгерген өзі. Байсалды-ақ. Бастауыш комсомол ұйымының хатшысы: «Е, тәйір-ай! Мүмкін содан ба? Міне, қызық!.. Қой, онан емес».

— Жүр!.. Жүрейік, — деді ол еркін. Мен орнымнан қалай тұрып ілесе жөнелгенімді сезбедім. — Біз коммунистік бригада атағын алу жолында күресіп жатыр мыз.

— Жақсы екен... Ал сүтке су қосатындарды қайтып жатырсыңдар, — дедім сықақтай.

— Оларға да жетеміз ғой.

— Жететін не бар. Соның басы сіздің үйде емес пе? Мәселен сенің көкең?

— Бәрі де уақытында ашылар. Әңгіме менің әкемде болса көреміз ғой, — деді ол бетіме тіктене қарап. «Қайда да мен осы көресімді тілімнен табам».

— Ерке?..

— Ие...

— Сен ренжіп қалдың ба?

— Жоқ, — деді де, сырт айнала тоқтады. — Саған бала ренжімесе есі дұрыс адамның жұмысы не.

«Есі дұрыс... адам? Ол кім? А... Ие, Ерке екен ғой. Е, мейлі айта берсін». Қатты жөткірініп жіберіп:

— Ал, комсомол жұмысы қалай? — дедім өзімсіне. Аузыма түскені осы болды. Дүниеде адамның үндемей, іштей арпалысқанын жек көрем.

— Жаман емес.

— Қолыңдағы не кітап?

— Шыңғыстың «Жәмиласы». Жақсы екен. Оқып па ең сен?

— Иә.

— Қалай? — деді ол жүзіме үңіле түсіп. Жазушы атау лыдан айналмаспысың осындайда; Еркені бір сәтке болса да еліктеген қалпынан суырып алды-ау. Әлгінде ғана ағаш адам сияқты еді, енді міне көзінде ұшқын ойнайды. Талаптан гөрі жанарында білсем деген құпиялы сырға құмар әйелдік аңсар бар.

— Тамаша.

— Иә, тамаша. Е, айтпақтайын сен аңдадың ба? Жәмила комсомол ма еді?

— Білмейім. Оны неге сұрадың?

— Менімше кітапта сонысы жетпейді. Үлкен кемшілік бұл, — деді Ерке табан астынан тағы да салмақси қап. — Дидар, осы айда мен төрт комсомол жиналысын өткізетін боп жоспарлағам, соның біреуі ғана қалды. Қаралған мәселе шаш-етектен. Сендер ғой бәрінен де бейхабарсыңдар, а? Қоғамдық жұмысқа да жуымайсыңдар.

— Қандай жұмыс? Біздің істеп жүргеніміз не?

— Ол жұмыстан тыс уақыттағыны айтам да, — деді иығын кекжең еткізе.

— Е, тәйір-ай... Оның жарасы жеңіл емес пе. Міне келіп тұрғам жоқ па.

— Кетші... Бірдеңе айтсам бұрып аласың. Жіберші тас кенедей жабыспай. — Ол менің қолымды жұлқына қағып жіберді. Бұртаңдай жүре түсіп, алқына тоқтады.Бүйрек бетінің ұшы сәл қызғылт тартып, жанары суына, ызғарлана қалды. — Мен саған Дариға емеспін ғой, Дидар. Оп-оңай беріле қалатын. Өйтіп адаспа... Өткен жұмада екеуіңді қыздар көріпті. Қолтықтасып киноға барыпсыңдар...

— Қой әрі қолтықтасқаны несі?! — дедім шыдамай. Кім айтты?.. Кім?..

— Кім айтқанда шаруаң не? Өтірік пе, ә? Өтірік деші...

— Өтірік... — Дауысым қатқыл шықты ма, Ерке таңдана бетіме қарап тұрып қалды. — Киноға бардық. Бірақ саған жеткізгендей қолтықтасып жүргеніміз жоқ, — дедім. «Бекер жазғырасың. Ол оп-оңай берілгендей адам емес», — дей жаздап барып, өзімді-өзім ұстап үлгердім. «Мүмкін берілер де... Онысын кім біліпті. Сырт көзге жеңіл мінезді екені рас. Тым ашық. Ақжарқын келіншек. Сенен әлдеқайда сұлу екенінде тіпті дау жоқ, Ерке, — десем бе? Әй, осы шынында Еркеде жұмысым не?! Бұған келуді...»

— Немене... Қиялданып кеттің бе?! — деп Ерке көңілімді бөліп жіберді. — Қит етсе кешкі мектепке түсіп бітіріп алсам, дәрігерлік оқуға түсер едім дейтін. Институтқа сырттай түсіп, сен инженерлікке оқысаң... Инженер және дәрігер қандай жақсы, ә? Тек, әттең, әйел... Апаң ұлықсат етпей жүрмесе қонақ үрікпес кейпі де бар...

— Қой әрі тәлкегіңді...

— Тартшы қолыңды.

Үнсіз ере түстім. Ашуланса жүріп кететін әдеті. Оның зілсіз бұртаңын көрмей жүрме екем. Ығыса қоймадым. Асауға жақындаған әккі жылқышыдай баспалай, жасып қалған жандай батылсыздау үнмен:

— Ерке, — дедім.

Ол тыңдаған жоқ. Өзінше кетті.

— Саған... Саған сенбейім. Білдің бе, сенбейім...

— Ештеңе «біле» алмадым ғой?

— Біздің арамызда әлі махаббат жоқ. Сүймей шықпаймын күйеуге...

«Не дейді?.. Махаббат жоқ дей ме? Мәссаған, безгелдек! Оны қайттік? Махаббат, а?.. Адам айтса нанғысыз қиямет бола береді-ау өзі дүниеде. Жақ... сы. Ол Жәмила екен. Мен кіммін?.. Ай, қайдам, соның менен шықпайды-ау деп қорқам». Еркенің қазіргі табан асты құбылысына таңдана алмай, бір сәт қызықтап қалған да сияқтанам.

— Оны қайттік енді, ә?

— Нені?

— Әлгі сен айтқан махаббатты да, — дедім мүләйімси. Қинала ойланған боп, төбемді де қасып қойдым.

— Күт... Келсе. — Осы қызды Ертұрлы бекер ақымақ демей ме деймін. Менің әжуалап тұрғанымды шынымен аңғармай ма?

— Ал, келмесе ше, Ерке?

— Сен неменеге сұрай бересің, Дидар. Не, келемеж еткің келе ме мені, — деп ол сұстана қалғысы-ақ келген, бұлтиған ерні ырыққа көнбей шошайып, сәби болам деді де тұрды. Мен шыдамай күліп жібердім...

* * *

Ертұрлы ұзақ күлді.

«Қалай махаббат итің келетін бе? Көп күттірмесе не қылсын. Өзін, де бір жібің бос жігітсің ғой. Қызға салымың жоқ. Өңкиесің де тұрасың», — деп ол басын шайқап қойды. Күлкісінің арты мені мүсіркеуге де айналып бара жатқандай. «Дидар, сен осы совхозда бір-ақ адамның сөзін көтересің. Ол не айтса да саған заң», — дегені бар еді Сапардың. Шынында да Ертұрлыны тым еркінсітіп, басындырып алмасам не қылсын. «Өңкиесің де тұрасың...» Оу, сонда мен кім болғаным? Ақмақпын ба?» — Белуарына дейін жалаңаштанып, жуынғалы тұрған Ертұрлыға тіктене қарадым, бет-аузы шаң аралас күйе-күйе. Күнге күйіп, жел қаққан жауырын, мойны қызыл күрең. Қаннен-қаперсіз, тісі ақсияды. «Иә, ол досым ғой деп ауыр сөзін елемейтіндігімді боркеміктікке саяды екен. Жо... жоқ, енді бұған төзе алман. Сыйластықтың да шегі бар. Сапарды қу санайды. Сақтандырған болады мені. Өзінің маған істеп жүргені адалдық, жігіттік пе?»

— Тоқта, Дидар... Шын сүйемісің осы Еркені? — деді ол көңілімді бөліп.

— Иә... Әй, сенің қылжағың біте ме, жоқ па? Менің қарным ашып тұр. Бол, кәне, — деп сол қолыммен төбесінен бір нұқыдым. — Кәне, еңкей... басыңа су құяйын...

— Қазір... Қазір, Дидар.

— Ие?..

— Сүймесең бармас едің ғой. Аздап та болса көңілің кет әрі емес... Әйтпесе...

— Әй, — деп оның сөзін бөліп жібердім. — Сені алдаған жерім жоқ еді ғой. Сенбеймісің?.. Сене көр деп жалынбаймын. Жә, солай-ақ екен. Сен өзің Зәурені сүйіп пе ең? Сен соны айтшы маған? Мүмкін білетін шығарсың махаббаттың не түрлі болатынын?

— Ұнататынмын. Аса сүйген ештеңем жоқ. Ол жай достық құрбы ретіндегі сыйластық еді ғой. Тойында да болдым өзің білесің.

— Білем... Білем... Иә, сен сонда Абайдың әні... Ұмытпасам, «Көзімнің қарасын» айттың:

«Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

Бітпеді іштегі

Ғашықтың жарасы», —

деп егіліп кетердей болғансың.

— Соқ... соқ, байғұсым! Сүмірейтуге сен де әбден машықтанып алыпсың ғой. Жоқ, Дидар... Сүйген адамыңды бір сәтке болса да ұмыту қиын. Көз алдыңнан кетпейді... Ал мен Зәурені тез ұмыттым. Дүниеде өзіңді... сезіміңді алдау қиын, Дидар. Бұл бос сөз емес. Иә, қазір мен сол бір күйдемін. Бақыттымын ба, бақытсызбын ба білмейім, — деді Ертұрлы ойға қалған жандай аяғының астына тесіле қарап. — Рас, кезінде Зәурені де қимағаным... ол сүйетіндіктікі деме... Жай қызғаныш қой...

«Маған қайт дейді? Ләйліде көңілі барлығын сездір мек, ә? Сұмпайының ойын қара... Тек аузыңды ашып көр. Бойымды ашу буып барады. Қызғаныш оты алаулап, енді бір сөз айтса тістескелі тұрмын. Менің қазіргі жайымды сезгендей:

— Дидар, кәне құйып жіберші, — деді ол күмілжи.

— Мылжыңдап болдың ба? Еңкей ендеші...

Ертұрлы салқын судан шошына, пысқырына жуынып жатыр; көпіршіген ақ көбік сабын әп-сәтте қара қошқылдана алақандай жасыл жапырақтың бетіне ағып, жылғалана шөп түбіне сіңіп барады. Қылт етіп қалың көктің арасынан шегіртке шыға келді. Күннің ашығында бұ қайдағы жауын екенін біліп алмақтай артқы ұзын екі аяғын көтеріңкіреп қойып тұр. «Бір нәрсенің себебін білмей, соған көзім жетпей жатып неменеге тынышсызданып кеттім? Мынау шегіртке ғұрлы болмағаным ба? «Әй, Дидар, жайыңа жүр. Сенің қарындасында жұмысым не, онсызда қыз жетерлік емес пе?!» десе ғой, біттім «Өлім-ай...» Шелектегі суды Ертұрлының басынан тайдырып, қалай шегірткеге қарай бағыттағанымды сезбей қалдым; әлгі су тиер-тиместен ұша жөнелді.

— Өй, қайда құйып тұрсың?

— А?.. А, ие...

— Мойныма құй, мойныма... Е бәсе! Өзің қиялданып кеткеннен саумысың. Жөн, жөн...

— Әй, сөзді қой да тез жуын. Әйтпесе басыңнан төмен бар суды ақтара салармын.

Ол бұл жолы көп күттіре қойған жоқ. Тез жуынып үсті-басын түкті, көгілдір орамалмен ысқылай сүртіп жатыр. Қара бұйра шашы иіс май жаққандай жылтырап, көзі күлім қағады.

— Еркенің мінезі-ақ ұнайды. Аяқ астынан тулап кеп кете ме, екі минут өтпей бәрін ұмытып, жарқылдап жүреді. Не деген мінез, ә?! — деді Ертұрлы тағы да. — Мұндайлар өмірі қартаймайды. Әрине, оның есесі не... күйеуі жындануы мүмкін. Е, бір еркек әйел жолында шығын болса қайтеді дейсің. Сен сияқты тоңмойындар обалдары не керек, шыдайды-ақ енді.

— Жетпеді ме?!

— Қойдым, достым. Қойдым...

Мен әзілге көп сына қоймаушы едім. Іштей булығып Ертұрлыға оқтай тиер сөз таба алмай күрмелдім. Онымды сездірмеуге тырысып, құнжыңдай шелектегі қалған суды төккелі сырт айналдым. Қазақ баласына әзіл сөзді көтермей, морт кеткеннен ұят не бар. Талай той-томалақта «Пәленшенің баласы құсап томырық болмағай едің», — деп ел сені сонан соң аузынан тастар ма.

— Қайран, Дидар-ай... — Ол өтірік күле, шөптің үстіне жел қақтырғалы жайып тастаған көйлегін алды. Қағып қағып жіберіп, киіп жатыр. Маған қарап көзін қысып,ыржалақтап қояды.

— Оңаша жерде айтып қояйын, Ертұрлы...

— Уа, не болды? Ие, айт?

— Маған тиісуіңді, қалжағыңды таста. Әлі кеш емес.

— Жә, қорқытпа. Жұдырығыңның ауырын білем. Оу, сен осы менің қызға таныстырып, сөз айтқызғаным нан зиян шектің бе? А?.. Е, кейін Еркемен жүрмесең сені біреу шырылдатып апарып қоспайды ғой, — ол жалтара,жуаси сөйледі. — Қызға кім сөз айтып,қымыз ды кім ішпейді. Әрі ғашық боп жүрген адамың емес. Несіне таусыласың. Мен жай әзіл үшін айтам. Дариғаны сүйетініңді сезбейді деймісің?

Ертұрлы сөзінің аяғын әзілге шаптырып, жуаси сөйле ді.Мен үндегем жоқ.

— Сәрсен де Дариғаны қағытып жүр. Пәле шал емес пе.

— Дариғада менің жұмысым не? Қыз құрып соған қарап қалған нем бар, — дедім. — Айтпақтайын, мана Сәрсен екеуің неге тілге кеп қалдыңдар? Дос сияқты-ақ еңдер... Иә, жүрелікші... — Шелекті қолыма алдым. О да жейдесінің түймесін салып, етігінің шаңын шөппен сүрте, ілесті. Бүгін өзі қостан ұзап кетіп, жуыныппыз ғой. Жігіттердің алды тамақтанып, енді қос жанындағы тракторларының төңірегінде. Шабындыққа қайта шыққалы жатқан сияқты.

— Өй, сол оңбағанды адам деп. Кеше солидол, бүгін бензинге жарытпай құртты емес пе. Жетпейді... Жетпейді дейді. Ішіп жатқанымыз жоқ. Осы бұрнағы күні ғана емес пе еді әкелгені?..

— Қойшы әрі... Сатады демекпісің?

— Е, немене, өтірік пе?

— Жоқ-ау, өтірік емес делік-ақ. Дәлелің кәне? Қай жерде ұстадың? Кімдер көріпті айтшы? — дедім шыдай алмай.

— Иә, дәлел жоғы рас. — Ол ойлана көзін қос жаққа тастап тұр. Қосымыз — екі киіз үй, бір жер кепе. Ортадағы үйдің төбесінде жалау желбірейді. Ол — қызыл отау... Бір жағы Дариғаның жататын бөлмесі. Бергі шеткі қоңыр үйде біздер жатамыз. Ит арқада биыл мектептен келгендер. Киіз үйге орналасу — нағыз механизаторлықтың белгісі есепті ме қалай. Әйтеуір біздер жер кепедегілердің алдында жалымызды күдірейтіп, қоқырайып барамыз.

— Ә, қайным, келдіңдер ме? — деді Дариға жайраңдай.

— Келдік қой... Ашарға ни бирасыз, — деп Ертұрлы татаршалаған болды. Дариға пісте мұрын, қиылған қара қасты татар қыздарына ұсап жайнаңдап тұрады. Сонан ба, жігіттердің бірқыдыруы әзіл-шынды қобыратып, татарша сөйлегенсиді.

— Бар... Бар, отырыңдар! — Дариға жүгіргіштеп, Қызыл Отаудың» сыртындағы үстелге кеспе мен нан қоя бастады.

— Оу, жігіттер, неге жүгіргіштеп кеттіңдер? Тағы да шабындыққа шыққалы жатқан жоқпыз ба?

— Жоқ, Ертұрлы... Тракторды ертеңгі жорыққа дайындау ғой. Қазір өзенге шомылуға барамыз. Жуынғаның нан қалғанды тағы да біраз...

— Тәйт әрі!.. Ө тәртіпсіз өңкей, — деп Базарбек қарт Сапарды қайырып тастады. Ішіміздегі тәжірибелі, ке шегі Отан соғысына қатысып жаралы болған, талай қиындықты бастан кешкен қадірменді адамымыз. Ол үлкенмін деп шіреніп тұрмайды. Әзілдесіп, ретті же рінде, ойнап-күліп араласып жүре береді. Бәкеңнің үлкен кісі екенін аңдамай қалатынымыз да әрине сонан. Дариғадан өзгеміз иба сақтауды, байқап сөйлеуді білмейміз десем өтірікші болмаспын.

Сапар сасып қалды. Киіз үйдің іргесінде отырған; теріс қарап, кітап па, газет пе бір нәрсеге үңіліп, жым болды. Қарамаға әлжуаз, аласа бойлы жігіт. Менің қолтығымнан келеді. Ғажабы сол: көп оқиды, ізденіп, түртіншектейді де жүреді. Білмейтіні жоқ. Ерінбейтін не деген жан екенін білмеймін. Тілге де жүйрік. Шешесі екеуі тұрады. Шаруа-жайлары жақсы жігіт. Неге екенін білмеймін, өмірі ешкімге сенбейді. «Жалған, алдамшы», — дейді де отырады. Тұрмыста кемтарлық көріп жүрген де ештеңесі жоқ. Түсінбейім... Сөйлетсең желдей еседі. Облыстан уәкіл, не тілші сияқты біреу келе қалса директор олардың жанына мұны қосады.

— Оу, батырекесі, асың суып қалды! Ішсеңші! — деді Ертұрлы бүйірімнен нұқып. — Мынау ұйықтап отыр ма?

— Менде жұмысың не?! Іше бер... — Стол басында Базарбек қарт, Ертұрлы үшеуміз қалыппыз ғой. Сәрсен бастаған үш-төрт жігіт өзенге қарай кетіп барады. Ең соңында... Жападан-жалғыз Сапар. Өстіп оқшау ланбаса жүре алмайды.

— Уа, алда разы болсын, келінжан. Тамағың дәмді екен, — деді кенет Базарбек қарт.

Көкжиек қызыл-жалқынданып тұр. Күн әлгінде ғана батқан. Дала үстіне қара көлеңке үйіріліп келеді. «Қыру-қырулаған» құстың бір тізбегі оңтүстікті бетке алым барады. «Сыр» етіп иығыма бір нәрсе қонды. Үркітіп жібермейін деп селтиіп отырмын. Көз қиығымды тастам ем; шегірткеден гөрі ірі, жасыл. «Жаным-ау, дә уіт қой. Үстіңе дәуіт қонса бақытты болғаның» демеу ші ме еді, сәби шағымызда қарттар.

Базарбек қарт қосқа бұрылмай тракторына бет алды. Өмірі жалықпайды-ақ екен. Осы қазір тракторды майлап-сайламақ тұрғай, жанына жақындауға ығыр боп отырғанымыз жоқ па.

— Дидар... Дидар, ішемісің тағы? Бар, құяйын ба, а? Үстіне алабажақ креп-жоржет көйлек киіп алған. Екі көзі жайнаңдап тұр. Аяқ-табақтың арасына да мұншалық сөздік керек болғаны-ау... Шашын желкесіне түйіп қоймаушы ма еді? Қос бұрым қып өріп, төгілте түсіріп жіберіпті. Басына көгілдір жібек косынка тартқан. Менің жауабымды тоспай, стол үстінде жігіттерден қалған ыдыс-аяқты қазандық басына тасып жүр. Аяғында сары шұлық оның сыртынан қызыл носки, қара туфли. «Бұ қайда бармақшы сәнденіп, ә?! Жуық маңда кинотеатр атымен жоқ...»

— Дидар, бүгін саған не болды? Манағы түс кезінде келген дәрігер қыз басыңды айналдырып кетуден саума? — деді Дариға екі бетінің ұшы оймақтай шұңқырлана күліп. Жайлана отырып жатыр. Асықпай бір әзілдес пек сиқты.«Иә, осы маған не болды? Жатар орнымыз, ішер асымызды келіп тексеріп кетті. Жас дәрігер қыз... Мүмкін әйел шығар. Е, оны кім біліпті. Өзі өт кір екен. Жаман да емес. Әрине, Дариғадай көрікті, толықша келмеген...» — Неге үндемейсің, ей?

— Білмейім... Тұла бойым құрыстап, шаршап отырған сияқтымын, Дариға. Тіпті сөйлеуге ерініп...

— Қойсаңшы, жігітім... Қызға тура қарай алмай қипақтауың жаман еді. Бәсе... Ғашық боларсың-ау осы деп қалғам.Қателесіппін ғой, — деп Дариға шал қақтай назды күліп сөзімді бөліп жіберді. Иә, солай еді десем, жанып түскелі-ақ тұр. Оған бармадым. Әйел біткеннің жеңгетайлыққа әуес келетіні несі екен?!

— Дариға... Сенің осы бұрынғы күйеуің қайда? — дедім әңгіме бағытын өзгерткелі. Мұндай сұрақ берерімді күтпеді ме, сәл абдырап қалды. Тамағын кенеп, төмен қарап мырс етті. Мені кекеткені ме, жоқ әлде «күйеуің» дегенім ерсі көрініп, соны мысқылдағаны ма; үн-түнсіз күлімдеп отыр.

— Маскүнем күйеудің бары не, жоғы не? Болып па еді өзі менде? Ішіп кеп сабайтын бір қанішерім болған... Құтылдым. Жоқ... Жоқ күйеу, — деп тістене орнынан ұшып тұрды да, көзі маған түсіп кетіп басылды; күлген боп езу тартты. — Кетті ғой жайына... Жұлдызымыз жараспады. Ол ішем-ішем де өлем деді. Өмір алдамшы, сатқын деді. Мен өлмеймін, өмір сүрем. Сүйем өмірді.Өмірден адал, көрікті дәнеңе жоқ. Түтін түтетіп, сәби сүйгім келеді. Бақытыма сенем дедім. Сен де сүй!.. Бақыт қонбайды. Келеді, — деп үгіттедім... Жоқ... Келмейді. Жұлып же, алдап ал. Ретін тапсаң алты аса. Өтірік айтпа, сен қатын, деп сабай берді... Сабай берді... Жоқ, кет азғын! Өлмеймін сенсіз. Әулие болсаң да бар. Ол — бухгалтер. Табысы көп-ті. Сонысын, әулиелігім мендей еркек жоқ дейтін ғой...

Дариға мұның бәрін маған емес, өзіне айтып отырғандай еді. Дүниеде адам көңілінен, сезімінен күрделі, ырыққа оңай көне қоймастай сырлы не бар. Оны ал дау да, арбау да ала алмайды. Тек сендіру керек. Иә, ол осы қазір талайдан ішінде бықсып, жалындай ал май, булығып келген сырын ашық дауыстап айтып отыр. Кей адам мұндайда өзін бейбақ, бақытсызға сайса, Дариға мүлде басқа... Бір түрлі өткенге өкініп қана қалмай, арман, үмітін айтады. Күледі... Күледі де жылайды.

— Соңғы таяққа жыққанда... Бойымнан үш айлық балам түсті... Мен оның ұл болатынына сеніп ем. Көйлек те әзірлегем. Атын Асқар қойсам дейтінмін ғой. — Ол сырт айнала түсіп, көзіне косынкасының ұшын тигізді. Өзінің тым ұзап кеткенін жаңа аңдағандай ба сын жерден жұлып ап, бетіме тура қарады. «Маған күліп, ақымақ екен» деп отырған жоқпысың дегендей сұрақ бар еді оның мұңды жанарында.

— Күйеуім Жамбыл облысына кетті. Үйленіпті, Білме гің сол емес пе, Дидар?

— Ә, жоғы... Тек былай... Жайша, — деп кібіртіктеп, ескі жан жарасына тигеніме қатты опынғанымды сездіргенсідім. Ол менің оныма қитықтанғандай болды.

— Өлгенмен бірге өлмек жоқ. Тірі тірлігін істейді, Дидар. Опынбаймын күйеусіз қалғаныма. Әлі де жан жас... Ден сау. Күйеуге реті келсе шығармын. Әрі-бері ден соң, о да арман болғаны ма. — Дариға басындағы косынкасын маңдайына түсіріңкірей қайта тартты. Ай қасты күміс сырға салған құлағын саусағының ұшы мен орамал астынан шығарып қойды. Екі көзі жайнаң дап, езуіне болмашы көлеңке үйіріле қалды. Ерні ашыла түсіп, маржандай кіршіксіз тістері көрінді. Қылықты қасын керіп, бір нәрсе айтпаққа езуін жиып алды.

Батар күннің соңғы шұғыласы күміс сырғаның жүзінде ойнап, жылт-жылт етеді. Осы қазір ол сонау жылдары мектепте оқып жүргендей сүйкімді сұлу, бейқам сәби еді... Сұлулық дегеннің өзі адам жаны ның бір сәттегі сәбилік шағы емес пе екен? Ол және де сәл қоңырқай, мұңды. Ақ түс, қара түс — қара ғана. Ал, гауһар әлденеше түсті. Сәуле тартады. Құбылады. Мүмкін оның гауһарлығы да сонан шығар?.. Дариға жесір... Жо... жоқ, ол ел еркесі. Қай әйел Дариғадай еркін, ерке, сәби, мұңлық. Қарашы... Қайта ол мені мүсіркей, еркелете қарайды. Қазір мейірімді де. Күлімдеп отыр. Көрерсіз де тұрарсыз он минуттан кейін оны танымай да қаласыз.

— Дидар...

— Ау ?..

— Сен үндемей осылайша отыршы... Ой үстінде... Мен сені кез осындай ер тұлғалы күйінде кез алдыма елестетем.

Қайдағыны шығарады. Ал үндемедім. Өткен жұмада ғой деймін ұмытпасам; ие, сонда... Бригадамызға об лыстан бір уәкіл келе қалды. Әлгінің үстінде ақ кенеп шалбарпенжак. Баста ши қалпақ. Неге келгенін кім білсін, әйтеуір біздермен немкеттілеу, жүрдім-бардым тіл қатысады. Өз-өзінен кекшиіп, отырса оқтау жұт қан адамдай кекірейіп илікпейді. Аяғын кердең-кердең әр жерден бір басады. Кеудесі аяққаптай... Талай уәкілді көрдік қой. Ал, мынау өзгеше. Әрине бәрі осы кісідей деуге болмайды. Олардың ішінде де нағыз маман, бригадаға неге келгенін түсінетіндер кез деседі; ондайларды сен де жатырқамай ескі танысын дай көресің: жылға жуық машина руліне, тракторға отырмай, кеңсе жұмысынан зәрезап боп келген механизатор ма деп қаласың. Әдетте ондайлар некен-саяқ. Көпшілігі біздің жұмыс жайымызды түсініңкіремейтін де шығар. Бірақ соған бола сырғақтап, паңдықпен білімсіздігін жасырған ұят емес пе?

Айтайын деп отырғаным Дариға жайлы. Бір жақсысы әлгі уәкіл аспазшымызбен тіл тапты. Сұмпайы неме... «Сіз әлі жассыз. Оқуыңыз керек. Соның ішінде актерлік оқу сізге қол», — деп қутың-қутың етеді. Облыстан өзін біздің аспазшымызды артистікке үгіттеуге жібергендей-ақ. Дариғаға керегі сол, несі кетіп бара ды. О да түлкі. Жылмың қаққанда уәкіл-шәкілің тұрғай, оның әкесіндей кісінің өзі қайдан келгенін білмей қалар. «Сіздің үніңіз... Дикцияңызды айтам да. Өте жақсы. Оқуға түсем дегендей ниетіңіз болса маған хабар беріңіз. Міндетті түрде көмектесем... Қандай тамаша жансыз. Жолдасыңыз бар ма еді?» — Дүниеде әйелге өліп-өшкен адамды бар ма, өлердей жек керем.

— Жетерлік... Мына тұрған шырақтың бәрі...

Ол қызыл отаудың алдында самаладай боп, иіріле қарап тұрған бізді көрсетті. Бұл қатын онбайды ғой. Жігіттер состиып, кісі көрмегендей қарап қалғандарынан ыңғайсызданып, ұялған тек тұрмастың керін жасап, бірінен-бірі шылым сұрасып кетті. «Жолдасыңыз бар ма еді?» — дегенге сонда ол түсінбесе екен-ау. Біледі... Түсініп те тұр. Әйтеуір ана сорлыны састыра беру.

— Жо... жоқ, жұбайыңыз дегенім ғой.

— А... Байым ба?!

— Ие?

— Жоқ... Немене, ол оқуға күйеусіз алмай ма екен? Қабағыңыз түсіп кетті ғой? Солай болғаны-ау шамасы, — деді Дариға таңдана.

Уәкіл күлерін де, ренжірін де білмей үнсіз қалды. Осы сен шын-ақ түсінбей тұрсың ба дегендей Дариғаға қызықтап қарады.

— Жо... жоқ. Неге... Оған байланысты емес. Қайта алаңсыз оқуға жалғыздық жақсы ғой. Әбден алады.

— Е, қайдан білейін... — Дариға уәкіл жігітті еліктіре, ойнақшыған көзімен арбай күлді...

— Дидар, сен естіп пе ең? — деді ол менің көңілімді бөле. — Ерке әскердегі бір жігіттен хат алып тұратын көрінеді. Жігітке қыздың адресін беріп жүрген сенің досың... Ертұрлы суқит. Жаңа жылға қарсы тойлары да болатын сияқты. Жігіт соған дейін бітіріп келе ме, қалай?!

— Шықсын.

— О тұрақсыз немелер. Оңбайсыңдар. — Дариға мұны зілсіз айтты. Бір тал бидайықпен құлақ түбімді қытықтап, түк білмегенсіп отыр. Мен де көрмеген болам.

— Дариға...

— Ау?!.

— Сен анау өзге қыз-келіншектердей неге болмайсың. Тым еркінсің. Ашықсың... Ойнамай тұра тұршы... Мен сені тыңдайды екен деп айтып отырмын.

— Айта бер... Қойдым...

— Айтайын дегенім, ауыл әйел еркелігін көтермейді ғой. Оны өзің де білесің. Біле тұра істейтінің не? Сырлас құрбыларыңның өзі-ақ саған күледі. Әңгіме қылады. Сен болсаң соның бірін де елемейсің. Көрсе де ерегіскендейсің бе, түсінбеймін.

Ол сықылықтай, тәтті күліп алды. «Әне, сөйтеді...» Бір сәт маған мүсіркей қарап қалған:

— Пішту, айтыпсың?! Әулиесінулерін... Етегіне намаз оқып жүрген қатын жоқ. Қайран ертегімен ауызданған салпы ернім-ай! Қайтейін, — деп Дариға күрсіне орнынан тұрып жүре берді. «Өзі мені баласына ма қайтеді? Сөзін көрдің бе?.. «Ертегімен ауызданған... Салпы ерін...» Жігіттің кім екенін танытпасам ба?! Тұра тұр... Салпы ерін деді-ау ол...» Орнымнан қалай атып тұрғанымды сезбей қалдым.

Дариға сықылықтай күліп қызыл отауға кіріп барады...

Төртінші тарау

Күн кешегіден гөрі қағу. Ала бұлттанып тұр. Жайық бойының ауасы жаз айларында қызық; айлап, апталап ыстық аңызақ соғып тұрады да, бір күнде нілдей бұзылады. Табан астынан тұлданып, жаумақтай түнере түседі. Ысқыра өкпек жел де көтеріледі. Күн күркіреп, найзағай да иір қамшысын ойнатып өтеді.

Ел де, тандыры кепкен дала да сілтідей тынып, бәріне көніп береді. Қара күздікте тоқымдай бұлттың өзі жауын шақырып, бір жұмаға жуық сіркіреп тұрып алса, жаздағысы осы. Тентектігі. Қыңырлығы. Әрине, мұнысы пішеншілерге жайлы емес. Шабылған жердің шөбін ұшырып ойран-ботқасын шығарып жатқаны мынау.

Маяшылар қосқа мана қайтып кетті. Трактордың алды тоқтапты. Базарбек қарт пен Сапарға енді әне Ертұрлы да қосылды. Сәрсен әлі жүр. Қайтар емес. Менің де көзім сонда. Ол тоқтамай мен де қайтпаспын.

Шабындық танабынан қиғаш далаға лағып барады екем. Тракторымды бұрып ап, кейін салдым. Бір бүйірден соққан жел кабинаның ашық есігінен шөптің қиқымын ұйытқыта соғып өтті. Қырын қарай отырып, амалсыз жанымдағы көзілдірігімді кидім. Есікті жауып қоюға күн жылы. Желге бола қымтанып терлеп-тепшіп жан сақтағым келмеді.

Төңірек гүріл-сарылдан тітіреніп кеткендей. Күннің күркірегені сияқты. Кабина есігінен мойнымды созып қарап едім, Базарбек қарт, Сапар, Ертұрлы тағы біреу басқа бет алған екен. Сәрсен әлі шауып жүр. Жоқ... Жігіттер, белден төмен сайға түсіп тоқтады. Ә... ықтасын жердің шөбін шаппақ тәрізді. Е, айтам ғой. Ертұрлы бастап түсті. Сапар... Әне, Базарбек қарт та кетті. Тракторым солқ етіп бір нәрсеге соқтыға тоқтады. Қарасам...

Аузы тар құдық, қалың шептің арасынан аңдаған адам болмаса, байқамағандай екен. Тіркеудегі косилканы көтеріп қойып, тракторымды от алдырып, шегіндіргем оп — оңай шықтым. Осы сәт жанамаласа кеп қалған Сәрсенді көрдім. Тоқта дегендей ым қақты.

— Не болды?

— Ой, мына бір шұңқырға сүрініп жүргенім ғой. Көп мазаламай әйтеуір жіберді, — дедім. «Сүрініп», «көп мазаламады» дегендерім құлағына қызық естілді ме, Сәрсен сылқ-сылқ күліп алды. Жан қалтасынан шылымын шығарып, оттық сұрады. Құшырлана екі-үш сорып, қос танаудан будақтатып тұр.

— Шөптің берекесі болмады ғой. Ылди, ояң жерлерді бітірдік.

— Е, тәйір-ай, қайтеді дейсің. Сонау пәленбай шақырым, теңізге жақын қолтықты да шауып едік қой. Жайық бойы жұмақ емес пе оған қарағанда.

— Ұшырып жатқанын айтам да.

— Біздің міндетіміз шауып бітіру. Жинап қиналатын не бар. Жаңа директор мая салатындарды жібертін бол ды ғой... Айтпақтайын қазір қосқа қайтамыз. Өткенде өзіңе берген бір уәдемді ұмытқан жоқпысың?.. Ә, қу бала ернін жаланып, қылмыңдауын. — Менің мырс еткенімді де, әр саққа жүгіртіп, әзілдеген болды. Көзін де құпиялы қысып-қысып қойды.

— Мен ішпейім, Сәке.

— Сені түсіну қиын. Осы өткен жұмада емес пе еді «тартып жібермейміз бе, жігіттер» деп біздерді желіктіргенің?

— Е, оным жай... қалжың ғой... Жаңа директор қалай, Сәке, — дедім сөз аралатып. Ол мұрын тыржита түсіп сәлден соң ойлана, бетіме сынай қарады; жүзінде сұрағың астарлы, кекесін емес пе дегендей сенімсіздік бар. Мүмкін маған солай көрінген шығар, өйтсе де ол бірден жауап қата қоймады. Қолындағы шылым тұқылын ақырына дейін сорып, түкіргіштеп, аяғының астына тастады. Асықпай таптап біраз тұрды. Басын көтеріп алды да, менің жауабын күтіп қалғанымды көріп:

— Е, кім біліпті... Пысықсыған біреу әйтеуір. Бәрі де ілкі келгенде өстіп осқырынып кететін әдеті емес пе Нақұрыс та, — деді. Сәрсен екі сөзінің бірінде орынды орынсыз «нақұрыс», «шошқа ғой» деген сөзді қолданатын. Бұ жолы да сонысына бағып отыр. Кейін аңда дым; оның жаңа директорды жақтырмау себебі де бар екен. — Бригадаға қанша жанар, жағар май аласың? Қаншаға жетеді? Анау пәлен бригадаға жеткен жанар май сіздерге аздық ететіні қалай?.. Ту... у, мына жел әбден белең алды-ау, ә? Сәрсен ши қалпағын баса киіп, көзін шаңытқан желден көлегейлеп сырт айналды. Өзі шикіл сары маңдай кісі ғой. Көзінің сығыраңдаған қиықтығы болмаса, көктігі, кірпік, қасы ның сарғыштығы басқа ұлтқа ұқсатарлықтай. Күн қағып, жел тигеннен бе, мойны бет алды ақжарғақ танып тұр. Қандай ыстықта да үстінен бір тастамайтын қара қоңыр костюмінің жағасын көтеріп қойды; онысы мойнына шөп қиқымы түспесін деп сақтағаны сияқты.

Әбдентергеуге алды де. Жақс...сы...

Ол бетіме бағдарлай тағы бір қарады да:

— Иә... Ұсақ адам болуы керек. Өз басым еркектің тыраштағанын құп көрмеймін. Шошқа ғой... Қатын нан бетер ондайлар, — деді тісінің арасынан шырт еткізе түкірініп, — кәне, жүрмейміз бе, Дидар?!.. Қосқа тарттық. Бүгінгі осы да жетер. Алда талай күн бар. Жаңа директорды да әлі көрерміз...

— Әрине.

Жүріп кеттік. Алдымда келе жатқан Сәрсеннің тракторына қарап отырмын. Мотордың бірқалыпты сарылы музыка үніндей әлдилеп, тербеп келеді. «Көкем ауырып жүр дейді Ләйлі. Жиілеп кетті-ау. Апам да жүдеп бітті... Қайтадан мал ұстататын болды. Сапар қуанып, түйе сатып алам дейді. Жинағаны мол ма, қалай? Сатуға, сатып жіберуге әуес-ақ. Есіл-дерті ақша... ақша... «Бірер қарасатып алайық. Жаз ағарғанымыз молаяды. Қыс соғым ғой», — деп еді апам. Үй салған да жөн. Оның бәріне қаржы қайда? Ләйлә да оқуын бітіргелі жүр. Мүмкін институтқа түсер... Мен бармағанмен ол оқуы керек қой. Сәрсен несие ақша берем деп еді; сонан да алуға болады. Күзге салым қайтарам. Биыл табыс жаман емес». Шошына басым ды көтеріп алдым; ой үстінде отырып аңдамағаным ғой, жолдан шығып барады екенмін.

Міне қосқа да кеп қалдық. Дариға қазандық пен қызыл отаудың арасында жүгіргіштеп жүр. Орталықтан біреулер келген сияқты. Әйтсе де қостың жанынан машина не арба көрінбейді. «Жол-жөнекей көлік тің бірімен жеткенде». Жігіттердің бәрі де шабындықтан қайтыпты.

Мыналарды біз ықтасын, ылди жердің шөбін шауып жүр десек. Нақұрыстардың тұрысын қаздай тізіліп, – деді Сәрсен тракторларды меңзеп.

— Иә, қайтыпты... Ала-құйын ғой күн. Енді қайтсын.

— Өздері ауқаттанып та алған ба? Көрінбейді шошқалар. Иіріліп қоста отыр да. — Сәрсен жан қалтасынан шылым алып тұтатпақ болған, шырпысы сөніп қала берді. — Тфу...

Дариға күндегіден жайдары; «өзінің алдағы бірер жұмада совхоз орталығындағы емханаға қызметке алынатынын, күзге қарай кешкі мектепке барып, он жылдықты бітірмек екенін» қуана айтып үлгерді. Сәрсен оған мұрнын тыржитып:

— Сен емдеген күні-ақ өлетін шығармын, — деді.

— Е, қайтеді дейсің... Сөйте-сөйте үйренем ғой, қайна ға.

— Тфу, оңбассың сен... — Сәрсен сырт айнала, тісінің арасынан «шырт-шырт» түкіріп қойды. Дариға рақаттана, шалқақтай күлді.

Орнымыздан тұра бергенбіз:

— Уа, қайнаға, қайда асықтыңдар, — деп Дариға таңдана тоқтатты. Сылаңдап алдымызды кес-кестейді. «Әйелден ығысып көрген жан емен. Бүгінгінің бозбалаларындай елпек-селпегіңді білмейміз. Анау жеңгеңді қолыма қойдырғанда қақтығып, соқтығып жүрмегенмін. Қасты бір-ақ қаққанымда алақаныма топ ете түскен», — деп Сәрсеннің ойын-шынды мақтанатыны барды. Сондайда:

— Қасыңызды қақтыңыз, ә? Жөн-жөн... Бірақ анау шикіл сары жүзіңізден сұйық қасыңызды жеңгей қалай айырды екен деймін-ау. Ең болмағанда Дидардың қасындай қою қара да емес. Ақшыл сары... Ғажап... Тегі, жеңгей қашан қағар екен деп сол сәтінде бетіңізге үңіліп тұрған-ау, ә? — дейтін Сапар сықақтай.

— Е, ондай өмірде болады. Сәкеңдікі рас, — десіп жігіттер де іліпәкететін; олар дауылдаса күліп жатқандай Сәрсенде үн жоқ, күлдей сұрланып алды. Сөзі өтетін, өзінен сескене жүретін жастау трактористің бірін аңдып, міз бақпайды әлдеқалай солардың бізге елігіп, ілесе қалғаны болса, тарпа бас салып, жер-жебіріне жете балағаттайтын еді. Әрине, жеңгейдің жақсы адам, үш баланың анасы, қадірменді мұғалім екенін мойындайтынбыз. Сөйткен Сәрсен Дариғаның алдында қипақтап тұрысы мынау Күнде бұлай емес-тін. Кейде тіпті түйеден түскендей «әй, қатын» дейтін де ізінше онысын жуып-шайып, әзілге шаптыра қоятын. Енді міне, үннен айрылып, сілейіп қалғаны.

Қынама бел, шолақ жең, жағалы ақ көйлек киген Дариға осы. Қазір шынында ажарлы, әсем ұялы көздің астындағы барқыттай жұмсақ қара көлеңке, жазық ақ маңдай, үлбіреген сәби ерін де әнтек ашыла қалыпты...

— Келген кім? — деді Сәрсен сырт қарап

— Қайным, не тесіле қалдың? Ертеңгісін көрісіп ек қой, — Дариға менің қысыла күмілжіп, екі бетімнің ду ете түскенін аңдаған болуы керек; сықылықтай күлді. Соңғы күндері мені іліп-қағып, ажуалауды тауыпты «Қайным» дейді. Күні кеше бірге оқығанымызды ұмытқандай. Күйейім үлкен деп жүр ме? Е, солай шығар. Бәсе.. Онда әрине қайнымын.

— Әй, жыртақтамай жөніңді айтпаймысың, — деді Сәрсені ашу шақыра.

Қорықпаңыз, қайнаға, директор да, парторг та емес. Дариға қабағын шытып, ойланып қалды. Соның бәрін Сәрсеннің күйгелектігін біле тұра жорта жасайды.Оған ойын керек.

— Енді кім? Уа, сарғайтпай тез айтсаңшы, нақұрыс-ау, — деді Сәрсен шыдамай.

— Дәрігер... Қыз ба, қатын ба онысын білмейім. Бірақ сізге бәрібір ғой. Дидар болмаса...

— Ту... шошқа... Тағы кім?

— Е, ит біле ме?! Бір келбетті мұғалім бар... Екеуі жол жөнекей соққаны ма, қалай. Арғы беттегі көрші совхозға барады білем...

— Е, манадан өстіп жөн жауабың болмай ма, деп Сәрсен қосқа бет алды. Мен де Дариғаның қасында қалмай Сәрсенге ілестім. Әзілдесіп сәл отырған да теріс емес еді; жігіттердің тәлкегінен ығыстым.

Дариға жүре түсіп тоқтады. Әлгі бір көңілділіктің ізі жоқ жүзінде. Қатты алданған жандай жанары да суық тарта қалыпты. Шыдай алмай, еріксіз бұрылдым.

— Сен де бармаймысың, Дариға. Дала шаңытып тұр ғой. Жүр әңгіме тыңдайық, — дедім. Ол күлімдей түсіп, езуін жиып ала қойды. Бір түрлі бір момақан жайға ауысты.

— Бара бер... Жуатын ыдыс-аяғым бар, Дидар...

— А, солай ма. — Ілеспегенін ішім жақсы көріп тұр. Баяғы Ерке айтқандай қолтықтасып келгендей болар едік қой. Әрі өзі қыз да емес. Біреудің қоя берген әйелі.

Түндікті жауып, іргелікті түсіріп қойғаннан ба, қостың іші тымырсық. Көк ала түтін. Төрде Базарбек қарт жебелі, буырыл шалған мұртын шиырып қойып, үнсіз төмен қарап отыр. Онан беріде бейтаныс жігіт. Дариға айтқан мұғалім болуы керек. Сапар, Ертұрлы, оған іргелес аласа орындыққа өткен жұмада келетін дәрігер қыз жайғасыпты. Өзге жігіттер де іргелікті жағалай дөңгелене отырған екен. Гу-гу әңгіме. Сәрсен екеумізді «ә» деп онша елей де қойған жоқ. Мен есік жақта қалдым. Сәрсен баса-көктеп терге өрлеп барады. Қол алысып амандас мирас сияқты. Дәрігер қызға: «аман ба, айнам» деп жәпектеп жатыр.

Сапар ойнаған боп, костюмінің етегінен тартып жанынан орын берді.

Ортада көк кастрөлге құюлы қымыз. Келте танау қара бала бір тізерлей жүгініп, әр жерінің, қызыл, көк сары кете бастаған ағаш ожаумен әрқилы кеселерге сапырып құйып, жағалата беріп отыр. Бригадамызға жаңа газет журналдың жетуі сараң демесең, қымыз, ет жағынан тоқтау жоқ. Бір жақсысы үзілмейді әйтеуір.

— Жігіттер, шылымды сәл қоя тұрсаңдар қайтеді ә? Жел күшейді ғой, — деді Базарбек қарт жөткіріне. Ақ еті қызыл тамырланған көзін манаурай ашып, жан-жағына қарап қойды.

— Үйімізді құлатып кетпесін.

— Айтыпсың. О не, қаңбақ па сонша.

— Бұл жаңбырдың алды ғой. Көремісіңдер... Жаңбыр дың иісі бар.

— Қой әрі... Қайдағы жаңбыр. Әй, саған не жоқ. Ойбай-ай, мынаның емініп шылымшылын қара. Таста кәне!

— Қойыңдар, жігіттер, — деп Базарбек қарт жастарға басу айтып, дабыр-дұбырды тоқтатты. Әлі сол әңгіме не жайлы екенін түсінбей отырмын. Мұндай күнде қос басында карта ойнау, аздап та болса ішу жүретін. Ол соңғы ай тыйылды. Енді не? Газет оқу, дойбы ойнау ма? Газет, журналды Сапардан алып, сонан оқымасақ жаңасы жоқ. Дойбы жоғалып бітті.

— Жоғарғы білім дейсіз. Жақсы ол не үшін керек? Қалада қалу үшін бе? — деді Сапар арқасын жазбақтай керіле түсіп. — Жоғары білім алған біздің ауылдың тал жастары қазір қалада. Олар кетерде қайтып келіп жұмақ орнатамыз дегендер. Ауылға жүзден, мыңнан бірі... Мына сіз сияқтылар келеді.

Әңгіме дәрігер қызға бағыттала айтылды. Неге екенін кім біледі; оқуын бітіріп, ауылға келмей қалада қалғандарды елдегі құрбылары бір түрлі кешірмейді. Үлкен айып көреді. Іштей Сапарды қоштап, дәрігер қыздың жауабынмен де тосып отырмын. Не айтпағын білмесем де, алдын ала оған қарсы дауым дайын тұрғанын сезем.

Қалада қалдың деп жазғыру меніңше қате. — Дәрігер қыздың даусы жағымды екен. Әрі сөзін нықтап, салмақтап сөйлегені қызық. Жорта солай істеп отырған сияқтанады.

Неге?

Біздің қатарымыз әлі де болса өнердің де, білімнің де қалада екенін білмейді. Қалаға барса тұрмыс құра алмайтындай көреді. Үркеді. Үлкен завод, фабрикада жұмысшы, слесарь, не құрылыста сылақшы, ұста боп жүрудің өнер, таптырмас мамандық екенін түсінгісі келмейді.Қазақтың небір алғыр, талапты жігіттері шопандыққа жүгірсе, қыздары жеңіл-желпі кітапханашы, хатшылық сияқты жұмысқа ұмтылады. Әрине, шопандық та оңай емес. О да кез келгеннің қолынан келе бермейді. Қазір он жылдық бітіргеннің бәрі шопан боламыз деп тұр. Олардың ішінде өзін-өзі алдап жүргендер қаншама. Өнерлі жігіттер мен қыздар да аз емес. Тамаша математиктер жоқ па? Бар. Зерделі, ісмер қыздар ше?..

— Оған жауапты кім? — деп Ертұрлы Шолпанның қызулана айтқан сөзін бөліп жіберді.

— Менімше, бәріміз... Иә, бәріміз... Жастар, — деді Шолпан қарақат көзі ұшқындана. Былайша жаман емес-ау деймін өзі. Қонақ үрікпес кейпі бар: дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, тек шашы қысқа, шолтиған. Бұйралатқантәрізді. Осы шашы болмаса, нешауа. — Әрине, әсіресе жауапкер мектеп. Сіздің көңіліңізге келмесін. Мектебіміздің мақтаулы екенін естігем. Ләйім сондай жақсы,білімді мұғалімдерің көбейе берсін.

— Уақа емес. Айта беріңіз. Сынсыз мін түзелмейді ғой. — Мұғалімнің ақ сары жүзі қызарып кетті.

— «Жоқ... Бұл өзі бос сөз болмады. Жай талас... Зеріккеннің шаруасы деу де қате. Шынында біздің тұрмыс-тірлігімізде түсініксіз жайлар көп қой...» Манағыдай нем кетті тыңдамай, мен де елеңдеп, әңгімеге құлақ түре бастағанымды сезіндім. Осы сәт:

— Дидар... Оу, Дидар, — деді біреу сыбырлай. Жалт қарап едім; қымыз сапырып отырған келте танау бала екен.Есікке қарай иек қақты. Түсінбедім...

— Не?..

— Дариға... Дариға шақырып тұр, — деді.

Тыныш... Әне, өзі де келді ғой. Жалт-жұлт еткен көзі-ай осының... — Сапар тамсана, алақанын уқалап қойды. Дәрігер қыздың сөзін бөлмедім бе дегендей жаутаңдайды. Жігіттер Дариғаның манадан көрінбей, енді келгеніне таңданғандай. Әңгіме үзіліп қалды.

— Ғафу етерсіздер, Дидар керек еді... Ет шаптырып алайын деп... Кешкі асты да салатын уақ болды ғой. — Дариға көп көзінен қысылған түр танытты. Жүзі ду қызарып жүре берді. Үстіндегі ақ көйлегінің өңірін түзеткенсін сырт айналды. «Қап... Мынау тағы да ұялтты-ау адамды. Етті күнде мен шауып беріп жүргендей. Әйелдің істейтін жұмысын айтып... Ең болмаса тамызықтық ағашты ұсақтап бермес пе екен демей ме? Дәрігер қыздың көзінше жер қылды-ау?!»

— Дидар... Әй, Дидар, бар. Ac қамын жасас, деп еді есік жақтағы біреу, өзгелері оған қосыла жарыса күлісті. «Әне, сөйтеді... Қайдағыға жорып...»

— Уа, тұрсаңшы...

— Өңкиген түрің құрымағыр, қозғалу жоқ. Жалпиып отырысын.

Кімнің сөйлеп, кімнің күліп жатқанын түсіне алмай орнымнан тұрдым. Қысылғаннан шып-шып терлеп кеттім. Үйден қалай шыға жөнелгенімді аңдамадым.

Дала әлі сол ұйытқыған жел. Қапырықтан шыққаннан ба, тынысым кеңіп, көңілім сәл жадырағандай болды. Дариға мені күтпей қызыл отауға қарай бара жатыр. Қыпша бел көйлегінің етегін жел ұйтқытып кетеді. Ол етегін қолымен басып, сықылықтай күледі. Күлкісі бір түрлі жағымды. Өзі сондай алақұйын желді, жаңбырлы күнді сүйеді-ау дейім. «Неменеге күле береді? Жаңағысының бәрі өтірік екен ғой...» Қуып жеттім.

— Жындандың ба, неменеге күлесің? — дедім білегінен ұстап. Ол қолын тартып алды.

— Сенің қысылғаныңды көргім кеп кетті. Ха, ха, ха. Ой, ішегім-ай... Желкеңді қаси беретінің не? Сапар мен Сәрсен мені шын қысылып тұр деді ме, ауыздарын ашып қалыпты. Әсіресе Сапар киіктің асығындай боп алып, қутың-қутың етеді. Пәлесін қарашы...

— Мен сенен Сапардың ненің асығындай екенін сұрап тұрмын ба? Неге шақырдың?.. Ет шаптырғалы емес қой.Әй, ең болмаса ағаш ұсақтатып алғалы демейсің бе?

— Е, қойшы. — Қолын алдына ұстап, сәл ойлана төмен қарап тұрып қалды. Үндемейді. «Ет шабуға кеткен, Дидарды көріңдер. Мөлиген түрің құрығыр, тұры сын», деп жатыр-ау. Ыңғайсыздана қос жаққа көз тас тап едім Дариға тағы да мырс етті.

— Әй, сенімен ыржалақтап болдым. Жетті тәлкегің. — Бұрылып қосқа бет алдым.

— Дидар!..

— Не?

Дариға шошына қалыпты. «Неменеге үрікті?» Таңдана тоқтадым.«Келе жатыр...» Жел көйлегінің етегін олай-бұлай тартқылап кетеді. Маңдай шашы қуана секіріп, билеген сәби тәрізді. Жақындай түсті... Иегімнің астына ал қызыл ерні тигендей-ді; тұла-бойым лапылдап жанып, жүрегім лүпілдеп қоя берді. Тақала кеп тұрды. Ал қызыл ерні сәл ашыла, дір ете қалған.

— Дариға, не?.. А? — деп, қалай шегіншектегенімді аңдамадым. Қос ішіндегі жігіттердің бірі қарап тұрған шығар дедім бе, білмеймін.

— О, су жүрек... — Дариға сықылықтай күліп, бұрылып жүре берді. Қазандыққа қарай барады. Мен де таңдана ілестім.

— Дариға әлгі... етің қайда? Шауып берейін...

— Қой әрі... Ха, ха, ха...

Бұрылып қосқа қайттым. Тәжікелесіп тұрам ба.

Жігіттер менің келгеніме көңіл бөлмеді. Ұйлыға әңгіме тыңдап отыр. Кейбіреуі тіпті мойнын да бұрмады. Сапар ғана сол, пыш-пыштап әлсін-әлі бүйірімнен түртетін:

— Ал, хал жақсы ма? — деді ол қолтығымның астына басын сұғып. Көзі торға түскен атжалманның көзіндей жылт-жылт етеді. Қарадан-қарап көңілім әлем-жәлем боп, еш жадырамай қойғаны. Біртүрлі бір нәрсеге өкінетін сияқтымын ба.

— Неге үндемейсің, Дидар?

— Не?.. А?.. һә, солай...

— Өзіңдіесеңгіретіп тастаған ба? Жә, қобалжыма. Сабыр бол... Мен білсем бе... Ол сені өлердей сүйеді. Тырс етпе... Сені дәрігер қыздан... Мына Шолпаннан қызғанып жүр ғой. Аңдамаймысың? — деді ол сыбырлай аузын құлағыма тақап. Жаңағы ойнақыланған көз енді ойлы, тұнық. Бетіне қарап: «аңдайым» дегендей басымды шұлғыдым. — Эх, сенің орныңда өзім болар ма едім. Әттең, — Сапар күрсініп қойды.

Үндемедім. Не дейін оған. Досымның өкінгені көңілімді аз да болса өсіргендей еді, Дариғаның «су жүрек» дегені есіме түсіп, ізінше басылып қалдым. «Су жүрек боп кімнен қорқыппын? Сонда өзі батыр, ә? Есалаң неме? Жынды деп осы Сәрсен бекер айтпайды. Е, мейлі, Дариғаның сөзі не, өзі не? Қиналатын дәнеңе жоқ». Іргелікке жауырынымды бере, шалқая отырдым.

Әңгіме манағыдан гөрі қыза түскен сияқты. Жігіттер ауық-ауық жамырай күлісіп қояды.

— Жақында мен бір мектепті араладым: совхоздың шалғай, теңіз жақтағы бөлімшесі, — деді Шолпан Базамбек қарт пен Ертұрлыға алма-кезек қарап. — Аты қазір есіме түспей тұр.

— Уақа емес. Айта бер, қызым. — Базарбек қарт әжімді, қара сұр жүзін жасырғандай сырт айнала түсті де, басын қайта көтеріп алды. Онысы бір сәт даладағы алақұйын желге құлақ түргендегісі тәрізді.

— Сонда мен түңғыш рет Махамбет Өтемісовтың майлы бояумен салынған суретін көрдім. Қандай тартымды сырлы еңбек еді десеңізші. Осы қазір рамадан:

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың!»

деп шыға кеп; ақырып жіберердей әсер етті. Мұғалімнің бірінен жас суретшіні көрсетіңізші дегем, ол күнәлі жандай:

— Жолдас, дәрігер... Кешірерсіз, ол жігіт өткен жылы бітірген он жылдықты. Жүз жиырма километр жердегі «Мойнақтыда» шопан. Бір отар қойы бар, — деді.

— Сурет сала ма?

— Білмейім... Қайдан салсын. Қолы да тимейді ғой оған, — деп қойды, — Малының шығыны да жоқ емес сияқты. Шаруаға қырсыздау көрінеді.

— «Қырсыздауыңыз» не? Қолынан келмейді демейсіз бе? Шопандыққа үгіттеп адастырғанша, оны құрылыс техникумы тәрізді жанына жақын мамандықтың біріне бағыттамадыңыз ба?! Мұғалімсіз ғой, — дедім шыдамай.

— Жолдас дәрігер, біз партия мен үкіметтің шақыруы на үн қостық.

— Сіз олай болса партия үндеуін түсінбегенсіз.

— Қалайша?

— Партия қолынан іс келетін, соған бейімділігі бар жас тарды шақырады. Соларды баулыңдар дейді. Ал сіз сияқты бірлі-жарым мұғалімдер бас-көзіне қарамай небір өнерлі жастарды теріс жолға сап, адастырып отыр. Суретші бала құрылыс техникумын бітіріп келсе совхозға қандай пайда келтірер еді, білемісіз? Қазір не істеп отыр?! Шығыны бар дейсіз. Оған кінәлі кім?

— Әрине, бала...

— Жоқ, сіз! Үкіметті шығындатып отырған да сіз. Суретші баланың отарында шығын болса, оған жауапкер де сізсіз!

— Дәлірек айтқанда, неде? Дәрігер жолдас, сіз эрудированный адамсыз ғой. Жалпыламалықты қойып, фактінің тілімен сөйлесеңіз, — деді ол бүйірін таяна шіреніп. Мені ықтырып тастамақтай, ақия қалды. Бір сәт мырс етіп күліп те жіберді. — Қазақтың он жылдық бітірген баласы шопандыққа ұшып тұрса мен қақпайлауым керек пе? Ал, ол бала... Әлгі, сіз айтқандай, суретші балаға қалай да шопан боласың деппін бе?

— Неге?! Жоқ, сіз өйдегендей есепсіз адам емессіз. Бір екі баланы сіз «шопан боп колхоз-совхозға барамыз» дегізіп сөйлетесіз. Сізге олардың арманы, өмірде алдына мақсат етіп, осыған жетсем дегендей талабы керек емес. Бұ жерден сізге қалай да бедел алу жөн сияқты. Ол және де оңай, өз-өзінен келгелі тұрған жоқ па. Бүкіл кластан шашау шығармай ауыл шаруашылығына аттандырсаңыз жетіп жатыр. Хош деңіз... Жаңағы екі-үш белсенді баланың шақыруымен қаулы алынады да, басқалары бас изеп мақұлдаушы болады. Бірлі-жарымы қалаға заводқа, фабрикаға, құрылысқа барам дегендей батылсыздау ниет білдірсе оны сіз «жолдастарын алдады», «коллективтен бөлінді»,«опасыз» деуден жүз жанбайсыз. Өмір жолын аттамай жатып, қандай жас жаңағыдай ауыр күнәні мойнына көтереді. Намысқой, өнерлі, суретші бала сияқтылар осындайда не істей алмақ. Әрине, көнеді. Үкімет пен партия сіздің мұныңызды біле ме? Жоқ... Өтіріктің жатпайтыны белгілі. Кейін ашылар да. Бірақ оған дейін сіз қанша жас жанның сенімін жоғалтасыз...

— Сіз мұны мұғалім біткенге айып етіп тақпақсыз ғой, а?

— Жоқ, мұғалім жолдас. Тек сізге ғана. «Томарлы» бөлімшесіндегі мектепте болғаныңыз бар ма?

— Ал, иә?! Онымен не айтпақсыз?

— Сондағы өзіңіздей мұғалімдер де үкімет пен партия шақыруына үн қосты. Бірақ олар сіздердің істегендеріңізді құптамайды екен. Жастармен кең отырып мәслихаттасыпты. Шопандыққа баруға ниет білдіргендерден бір бригада құрып, фермаға сол мектептің мұғалимасының өзі бастап апарыпты. Өзі де оқушыларының жанында біржола қалатындығын білдіріпті. Жастардың енді бір тобы қаладағы жаңадан тұрғызылған химиялық заводқа жұмысшы боп кетіпті. Үздік бітіргендерінің жоғары оқу орнына түскендері де бар.

Қазір фермада қалған жас сауыншы, шопандар қаладағы жұмысшы құрбыларынан хат алып тұрады. Қызу байланыста. Партия шақыруына үн қосу дегеніміздің өзі міне осы. Мұнан кейін сізді кім деуге болады?

— Оны енді сізден сұрамадық. Жаналғыштың өлі болсаңыз да келген шаруаңызды айта беріңіз.

— Менің шаруам директорда. Со кісі келгенге дейін жай пікірлесу еді де сізбен. Артықтау айтып жіберген жерім болса ғафу етерсіз. Дәрігердің мұндағы жұмысы не деп ойлай көрмеңіз. Ауылдағы тіршілік, оның кем-кетігі оқығандарымыздың бәріне ортақ жай, — дедім. Тым лепіріп, мылжыңдап кеткенім жоқ па осы дегендей ойда тұрғам:

— Мектептің директоры мен болам, — деп күмілжіді. — Айтылғанның артық-кемдігін елеп-екшеп қайтеміз, дәрігер жолдас. Олардың төңірегіндегі әңгіме ешқашан артықтық етпейді. Иә, сіз мені біраз сойылдадыңыз... — Директор сұңқылдай күлген болды. Басындағы шетен қалпағын алып, желпініп қойды.

Міне, мектеп директорымен арамыздағы әңгіме осындай бақай қағыспен өтті. Оны да жазғыру әрине қате. Бәрі өзімізден. Шолақ белсенділерді де даңғой, ойсыз салдырлақтарды да, жалған жанашырды да өзіміз жасай аламыз. Менің байқап жүргенім, ауылда мамандарды құрметтеу мен бірге асыра көтермелеу сұмдық екен. Өз басым ауданды былай қойғанда совхозда талай бақылау. тексеру комиссияларының ортақ қолымын. Алғашында тіпті мастанып, есім шығып кетті.

— Нешедесің, қызым? — деп Базарбек қарт қозғалақтап қойды.

— Жиырма үштемін. Неге сұрадыңыз, аға?

— Бір күнде істеген ісіне есеп бере алатын жаста ма екен дегенім ғой.

— Қалай? О жасқа жетіппін бе?

— Әрбір күнімізді біз... Қарттар кешке шай үстінде іштей қорытындылап отырамыз, — деді ол тура жауап бермей. — Сөйтсек кейде жастардың астына көпшікті қойып-қойып, сонау совхоздың үстіндегі бұлтқа жеткіземіз де, ал енді бір керегінде әлгіні жерге түсіре алсақ не болар. Сол жоғарыға шығарғандардың жақсылығын айтып, құрмет тұтудың орнына өз беделі мен атын көйіттеп кетеді екен. Әрі-беріден кейін көпті мысқылдап, ондай миығынан күлетіндер де табылады. Жоқ... Балақандарым, адаспаңдар...

— Оныңыз рас, аға... Мен қатар-құрбыларымның атынан айтсам ақылгөйсіді дей көрмеңіз. Жалпы біз... Жастардың айтам-ау, үлкендердің қадірін тірлігінде бағалайбермейміз ғой, жасыратын не бар? Олар болмаса дүниені дөңгелетіп жіберердей көреміз. Бір сәтке сонда: «Жаным-ау, біз де ертең қартаймаймыз ба?! Кейінгі іні жол бер, кәрі қақпас, дей тұрса, қайтер едік», — деген ой келсе ше?! — Шолпан қабағын шытып, қызына тоқтады. Көзінде бір өткір ұшқын ойнайды. Менің аңдағаным, Шолпан осы әңгімені желпіне, әрбір сөзін барынша дәлелдінықтап айтуға тырысуында, өз көңілін сендіру бар ғой деймін. Мүмкін ол қалаға, өзі өскен, үйреншікті тіршілігін жоқтап, қайтқысы кеп жүрген шығар. Мұндайда сырластық тың ғана көмегі болмаса, адамды құртатын іштегі арпалыс. «Әке-шешесі жоқ. Қалада жамағайындарының қолында тәрбиеленіп, білім алған. Ел дәстүріне орашолақ. Кім білсін мүмкін сонан шығар. Ол тым жалтақ.Бірден ашылып кете алмай, көз бағады», — дегені бар бірде Сапардың. «Өмір тарихын қайдан естіп жүрсің», — деп едім:

— Сәрсеннен, — деді. Оның да білмейтіні болсайшы.

Найзағай жарқ етіп, артынша күн күркіреп қоя берді. Жердің бейне бір көбесі сөгілгендей. Түндікті желпілдете, төңірек астан-кестен болды. Үрейлене, үрпиісіп отырмыз. Әңгіме де үзілді.

Ірі-ірі жаңбыр тамшылары киіз үйдің үстін сабалап, табалдырық алдындағы ақ таңдақ тақырды әп-сәтте шұбарландырып жіберді.

— Қалай аманбысың? — деді Ертұрлы Сапардың бүйірінен нұқып қалып.

— Ө, кетші әрі... — Сапар кіржіңдеп сырт айналды.

— Мә, бәлем... Төкті ғой... — Есік жақта отырған жігіт орнынан ұшып тұрды. Бәріміз үркердей оған ілесе көтерілдік. Базарбек қарт әлгінде Ертұрлының ерсі ойнына қабағын шытып қалған; әйтеуір ұрыспады. Естімеген болды. Шолпан да аңдамаған сияқты. Ұят қой... Ол бізді қатар-құрбы көріп, арамызда отыр. Қанша дегенмен қыз емес пе.

— Оһо, бәсе!.. Сөйтші... Кемпірдің көз жасындай бірдеңені бүркіп, жарытпай-ақ қойып ең. Сөйтші, бәсе, — деді сапар кимелей. Шолпанды итермелеп барады. Оны аңдамайды ғой деймін өзі.

— «Кемпірдің көз жасындай» дейді. Көре қалғандай... Әй балалар... Шығармайтындары жоқ. — Базарбек қарт басын шайқап күлді.

— Дариғаны... Дариғаны қара...

— Кәне... Кәне?

— Ой, кимелеп қайда барасың, — десіп жігіттер есікке кептеле, бірінің үстінен бірі мойнын созып жатыр.

— Өй, мына Дидар өлтіретін шығар өңкиіп. Аяғыңның астына қарасайшы. Түк көрмейді ғой, — деп Сапар шыр-шыр етеді «Бұл жігіттердің соңына қалай шығып қалды?..» Жайлап көтеріп алдым да, арт жағыма қоя салдым. — Өй, жіб... бер... Ит — ай, қылды-ау қылықты.

Дариға жалаң аяқ, жалаң бас. Үстінде қынама бел, жеңі шолақ ақ көйлегі малмандай су. Денесіне жабысып, біртүрлі сұлуландырып жібергендей. Құйып тұрған жауын астында, жарқылдай күліп жүр. Жазғы жауын жақсы ғой... Қою қара шашын жауырынына төгілдіре түсіріп жіберген. Көзіне түскен шашын серпілте, басын көтеріп алғанда ақ тамағы жарқ еткендей болады.

— Е, жаңағы күн осынша неге күркіреді десек, жерге бір сұлудың түскенін паш еткені екен ғой. Ай, аңқау басымыз-ай.

— Сұлуың не, періште де... Періште...

— Жынды... Есер қатын да. Періштеге теңеп тапқан екенсің, сұлуды, шошқа, — деп Сәрсен манағы қымыз құйған келте танау қара баланы езулеп тастады. Жігіттердің лепірген көңілдері басылып, оны қостағандай ыңғай танытты. Үндемеді. Дабыр-дұбыр да басыла қалды. Қазақтың қай қатыны жауын астында өстіп жүр. Сәрсендікі жөн. Жынды да... Ойымды Шолпан бөліп жіберді:

— Олай демеңіз... Дариға жақсы адам.

— Айнам-ау, — деп келе жатыр еді Сәрсен.

— Иә, ол сұлу... Өте көрікті адам. Жалған ұяттың керегі не, — деді тоқтатып.

— Жауын басылды ғой. Неғып тұрсыздар... — Дариғаның сыңғырлаған ашық үні бәрімізді елең еткізді. — Жігіттер, қант емессіңдер еріп кететін, шықсаңдаршы...

Шолпан жүгіріп барып Дариғаны құшақтай, қолтықтап алды. Екеуі сыбырласа, күлісіп жатыр. Жауын тез басылғанына қарағанда өткінші сияқты. Әйтсе де әлі күп шығатын емес. Қара қошқылдана жөңкіле өтіп барады Төңірек жасылдана, сергіп қалғандай. Ақ шаңдақтанған тракторларымыз да қарайып кірінен арылыпты.

— Самаладай боп тұрыстарын!..

Дариға бізді меңзеді. Шолпан да оны қостағандай есік алдында ұйлығып, үйден ұзай қоймаған жігіттерге күле қарайды.

— Әй, сол қатынның сөзі не, өзі не. Кәне, ішке кірмейміз бе? — деді Сәрсен бүгежектен

Жігіттер үнсіз тұра берді...

Бесінші тарау

Бірден көне қоймадым. Ол екі рет келді. «Жоқ-ау,қожаңдап, тіпті мені қорқытпақ ойы бар ма, қалай?! Бригадир екен деп өлеміз бе? Машинасында жұмысым не? Керек болса барсын Сапар екеуі. О да тракторшы ғой. Анау бишікеш Ертұрлы не бітіреді? Базарбек қарт та жүр мұртын ширатып. Жо... жоқ, оларды көрмейді. Құйысқанға қыстырылып менің жүруім керек...» Алдымда ашулы жатқан кітапты мұнан әрі оқи алмадым. Жауып тастап орнымнан тұрғам, даладан аяғын сүйрете басып ол тағы келді. Бұ жолы ақырып-жекірмек ниеті жоқтығын танытып:

— Дидар-ау, түсінсеңші... Кеше кеш совхоз орталығынан әкелінген дүние күн ұзағына қақталып далада жатқаны анау. Сенің бармайтыныңды білсем алмаймын да ғой. Жаныңа Сапарды қосайын. Мен енді соған бола бригадамды тастауым жөн бе, өзің айтшы. Уәкіл-мәкіл келе қалса, іздеп жүрмей ме, — деді. — Сапар да қырсық. Сенсіз аяғын қия басу жоқ. Кіндігі бірдей-ақ.

— Бармаймын... Жұмыс істеуім керек. Анау Ертұрлыны неге жұмсамайсың?

— Бұ не, жұмыс емес пе? Наряд жазатын мен ғой. Ренжітпеспін... Ертұрлыға машинаның рулі ме?! Оған трактордың өзі көп. Соны орға жықпай аман алып жүрсе жарар...

— Жалған нарядыңның қажеті жоқ. Өйтіп жарылқамай-ақ қой, — дедім есікке қарай беттеп:

— Тоқта, Дидар... Сен маған реніштімісің-ей. О шошқа... Торсаңдағанша ашып айтпаймысың, нақұрыс-ау. Қай жерде көңіліңді қалдырдым? — деп Сәр сен қиық көк көзін сығырайта, сарғыш қасын кере түсті.

«Рас... Көңілімді қалдырған жері жоқ. Обалы не, ұшып-қонып тұрады. Сапар да сол. Екеуі мені өзгелерден ерекше көреді. Қазір бармасам ғой өкпелейді. Адам емессің, дейді...»

— Жол алыс па? — дедім бетіне тура қарамай. «Жаңа жігіттермен өзенге кетсем ғой ың-шың жоқ. Шынында, осы мен Ертұрлы айтқандай «Сәрсеннің шабарманы» боп кеткенім рас шығар...»

— «Қараөзек» қой. Үш сағатта салып жетіп барасыңдар. Ет жеп, шай-су ішіп қайтарсыздар...

— Е, анау ішкіш шопанның үйі ме... — Іргеліктен дарылдаған мотоцикл үні естіліп, сөзімді бөліп жіберді, «Бұл кім? Ертұрлы ма? Ол әлгінде өзенге шомылып қайтқалы кетіп еді ғой. Осы ит «қит» етсе біздің үйге баратынды тапты-ау, ә? Мұнымен дұрыстап сөйлеспесе болмайды екен». Сәрсен аяғын кердеңдей басып далаға шығып еді, Сапарды ілестіріп келді. «Ертұрлы болмағаны ма?..»

— Ә, бәлла... Кәне, енді не дейсің?

Таңданғаннан өзге не дейін. Сапар арсалақтай төрт бүктеулі газетті қолыма ұстата қойды. «Түк түсінсем бұйырмасын? ».

— Жаңағы келген сен бе? — дедім газетті қолыма алып жатып.

— Иә... Ертұрлы деп пе ең? Ол жігіттермен бірге жүр. Жоқтығын пайдаланып мотоциклімен газет-журналға барып, міне ол қайтқанша оралдым... Оу, сен неғып тұрсың? Жазып көрсейші, — деді Сапар қолымдағы газетті меңзеп. Жүрегім лүп-лүп етеді. Бір түрлі... Қолымның ебі де қашқандай ма, қалай?! — Өй, мынаның есі шығып кетті ғой. Кәне, маған берші...

Сапар газетті алып, сытырлата жазып жатыр. Аудандық «Ленин жолы» газеті. «Мал азығын дайындауда...»

— Сен оны қой. Мынаны қара. Е, міне... Көрдің бе? — деді Сапар тағы, бірінші бетін оқытпай аударып жіберіп. «Үшінші бетте... Фамилиям мен атым тұр. Бектасов Дидар... Жаным-ау, «әңгімең жасанды» деп еді ғой. Жариялағаны несі? Міне, қызық? Сәт сапар тілеп редакция атынан жазылған таныстыруда тіпті «дарынды прозаик» деп қойыпты. Әрине, жасыратын не бар, бұларын өзіме көпсінгенім жоқ. Қайта мақтауы жетіңкіремей қалғандай ма, қалай?! Әрі әңгімемнің жақсылығынан гөрі тракторшылығым редакциядағыларға керегірек болған сияқты. Айналып-үйіріліп «тамаша механизатор» дей беріпті. — Көрдіңдер ме?.. Мен бармасам ғой, бұл газет жуық арада бригадаға келмейді.

— Оның рас... Рақмет, рақмет саған, Сапар, — дедім өз-өзімнен қысыла. Олар да күлім-күлім етеді; менің қазіргі күйім кісі күлерліктей ме, білмейім, «Мейлі күле берсін... Мен бақыттымын. Мен дүние жүзіндегі белгілі адамдардың бірімін. Мені бүкіл аудан білетін болды. Сонсын облыс, республика... Совет Одағы... Шет елдер...» Шамадан тыс масаттанып бара жатқанымды сезінсем де,оны мойындағым келмейді. Сәрсен мен Сапар қосыла мақтап құрдай неге жорғаламайды. Алдарында тірі жазушы,«дарынды прозаик» тұрған жоқ па. Е, надандық. Бұлардан мақтау күтіп...

— Әй, Дидар, сен енді танауыңды көтеріп кет пе.Рақметің өзіңе... Жу... Құр аяққа бата жүрмейді деген, — деді Сапар менің ойымды бөліп. Есіктің жақ тауына сүйене, күлімдей қарап тұр. Қолтығында жаңа газет-журнал. Жүзінде кекесін бе, қызғанышпа... Әйтеуір, жағымсыз бір құбылыс бар.

— Ол болады ғой. Қайда барамыз?

— Дидар, сен оныңды қоя тұр. Қазір жұмысты тындырмай көңілдің жай табатын түрі жоқ, — деп Сәрсен екеуімізді де сөйлетпей қойды. — Сонымен сен баратын болдың ба, Дидар?

«Енді бармай көр. Бір әңгімесі шықпай жатып әулиесініп кетті», — деп күлсін. Әрі адам көңілді, шалқып тұрғанда біреуді ренжітіп, тілін қайтара алмайды екен ғой. Тіпті қалай оп-оңай келіскенімді аңдамадым.

— Жақсы... Жүретін болсақ екіндіге қалмайықшы, — дедім. Сапар білетін тәрізді. Қайда баратындығымызды сұраған да жоқ. Тек үйден шығар жерде Сәрсенді оңашалап сөйлесті. «Е, тәйірі-ай, олардың ым-жымында жұмысым не?..»

Түс ауып, салқындық та түскен екен. «Қараөзектің» жолы жақсы еді; көп қиындық көрмедік. Қалаға баратын үлкен жолдың бойындағы «шайханаға» соғып, әңгімемді жумақ болғам; Сапар көнбей-ақ қойғаны; жүгіміз бар, қайтарда... Қайтарда, достым, дей береді. Кенет... Көкжиектен жүйіткіп келе жатқан ГАЗ- 69 машинасын көріп:

— Ойбай, анау кім? Директор ғой. Бері ішкі жолға түс, — деді жеңімнен тартқыштап. Жүзі шүберектей құп-қу боп кетіпті.

— Е, директордың бізде жұмысы не? Өзінің тапсырмасы емес пе. Зерігіп жүрген дәнеңеміз жоқ.

— Солайы солай ғой... Бастықтардың көзіне түсе бермеік дейім де. — Сапар машинаның тоқтамай алдымыздан өтіп кеткенін көргесін, жайлана түсті. «Сәрсен екеуіңде бір шикілік бар ма, қалай? Ертұрлы мені бекер сақтандырмаған болды ғой ендеше». Сапардың қазіргі қылығынан секемденіп, кәдімгідей үркіп қалдым. Әйтсе де Ертұрлыға ерегескендей; әрі соның ақылынсыз тіршілік, етуім керек дегендей намыс жетегіне ердім. «Е, қойшы соның сөзін. Көлеңкесінен үркеді де жүреді. Сыбайлас-мыбайлас... Шайтанбас десе де өздері білсін. Күнәм не? Ұрлап-жырлап жатқан дәнеңем жоқ. Бригадирдің жұмсаған жеріне бармауым керек пе. Апар деді апардым. Оны тексеріп жататын мен кіммін?..» — Жалпы, Дидар, есіңде болсын... Бастықтарға қарсы келе берген жақсылық емес «Өлер бала молаға қарай жүгіреді» деген.

— Е, қойшы... Сәрсенге де жалынуым керек пе.

— Жалпы айтам да. Сен тым еркін тұрасың. Бұза жарып, қойып қаласың. Кім көрінгенге сырыңды айтып ағыңнан жарыласың да отырасың. Кімін, ол сенің? Екі туып бір қалғаның емес қой... Жолдың жел бетіне шықшы. Қарсы машина келе жатыр.

— Жол тәртібін бұзамыз ба?!

— Дала ғой... Кім көріп тұр дейсің, — деді ол алдындағы журналдың бетін жауып. Жол үсті оқымақшы еді, ерінді білем. — Қандай да бастық болмасын ертеңгісін жақсы қабылдайды. Шаруаңмен сол уақытта барып жолық. Сосын бізді әбден ығыр еткен бір үгіт — адалдық. Меніңше адалдық та жалған. Иә, солай.

— Өй, кетші әрі. Кері сөйлемей.

— Әне, көрдің бе, бұған адам деп достығыңды айтсаң...

— Жә, сайрай бер. Сөзіңді бөлмейін, — дедім. Осындай көңілді, желпіністі сәтінде кіржіңдесіп не жыным бар.

— Е, сендей фанатикке сөзім шығын. Адал... Ағыңнан жарыла бер. Шырағым, қолыңнан келін тұрып, ішіп-жеп алмасаң жігіт екенмін деме. Ақшаң болса дос табылады. Мырза жігіт те аталасың. Үстіңдегі киіміңе, үйіңдегі жиһазыңа қарап сыйлайды ел. Жә, жә... Сенің келіспейтініңді білем. Ал мен жасырарым жоқ, реті келгенде жұлып-тартып жеймін. Әрі-беріден кейін жоғарғы идеал дегеніңе сенбеймін. Рас... Соғысқа шақырса барам. Отап үшін жанымды да аямаймын. Сендер адалдық, адалдық дей бересіңдер. Қылшылдаған жастық шағымда шайқап өтпесем, маған адалдықтан түсер пайда не? Мәселенки... Мына сен... Өзіңнің астында «Москвич» машинаң болғанын қалар ма ең?

— Әрине... Шындасам алам да.

— Аларсын.

— Алам, — дедім бетіне тура қарап.

— Әрине, аласың... Бірақ қанша жылда? Әңгіме сонда боп тұр ғой.

— Е, не әрі салғанда екі жылда алам.

— Ал, мен күні ертең алғым келсе қайтесің, ә? Жо...оқ достым, сен мені сендірем деп әуреленбе?

— Сендіре алмасымды өзім де білем. Саған Ертұрлы керек қажасып отыратын. Өмірі ештеңеге сенбейтін бір мойын саған не дауа.

— Оу, жетті ғой. Әне... Анау не? Қарайған қалып қойды. Тоқташы..

Сапар жол үстінде жатқан ескі балонды көріп, не екенін аңдамаған екен. Кабина есігінен мойнын созып артқа қарай берді.

— Ескі балон ғой, — дедім. Ол өз-өзінен мырс етіп, күліп жіберді. «Онысы несі?..»

— А... Мен байғұс түсіп қалған бір шере арақ екен демеймін бе?! — Сапар қозғалақтап, үстіндегі көгілдір көйлегінің жағасын көтеріп қойды. Оң қолын кабина терезесінен шығарып жел қақтыра, сәл үнсіз қалды. Айтпақтайын, алдағы сәрсенбіде көрші совхозда той болады. Өткен жылы слетке келетін қара сұр шопанды... Оң жақ бетінде тыртығы бар. Шекесінен қарайтын... Сенің генерал деп ат қоятының. Е, айтам ғой білесің деп.. Еркеге үйленетін соның әскерден келген баласы...

«Қараөзектің» бойындағы үйде көрінді. Әлгінде ғана бел астынан «қылт» ете қап жоғалған; енді міне алдымызда... Жаман тымақтай жапырайып жатыр. Төбесі тайпақ ескі қақыра. Жанында қар, жаңбырдың астында қалып, беті қарайып кеткен жұдырықтай мая тұр. Есік алдындағы бақа қазандықтан сараң көтерілген түтін көрінеді. «Еркенің жайын айтып, жанына жара салдым-ау», — деп ойлады ма, Сапар да үнсіз. Әлсін-әлсін тамағын кенеп, көзін ұрлана тастайды. Тек жүкті түсіріп, кері қайтқанда ғана:

Дидар, менікі әнтектік болды. Кешір... Еркені бұ жерде айтудың реті жоқ еді, — деді батылсыздау. Үнінде мүсіркеу бар сияқты.

Мен де іле күле қарадым.

— Бұ күнде оның жөні бөлек. Арамызда алабөтен, о бастан ештеңе болмаған. Достық қана-тұғын. Тойына мен де барам.

— Солай де... — Сапар оп-оңай сенді. Ғажап... Түрткіштеп, сенбейді ғой деп едім, өйтпеді. Жүзіне таңдана қарадым, жай мысқылдап отыруы да мүмкін ғой. Жо... жоқ, қазіргі Сапар тіпті басқа... түсі қашып, астыңғы ернін тістене береді. — Мен. Ал мен оны сүйетінмін... Ғашық едім... Сіздер... Ертұрлы екеуіңнің... оған барып жүргенде. Мен мұнда бармағымды тістелеп қалатынмын. Мен сені де, Ертұрлыны да сол үшін жек көруші ем. Иә, мен оған сөз айтқаным жоқ. Тауым шағылар дедім. Әрі менен бойы ұзын ғой... Ыңғайсызданам... Мүмкін айтпағаным да жөн шығар?

«Қалайша? Сүйе тұра үндемей, сырттай иемденіп, қызғанғаны несі? Қой әрі... Өтірік». Сұрланып отырған мынау Сапарға қалай сенбессің. Бәсе, неге көп сөйлеп кетті десем... Мінезі баяғысындай, өзгермепті-ау. Біреуге қатты ренжісе, өкінсе... аузына бір тыным болмайтын. Сөйлей беретін... Сөйлей беретін. Жайшылықта кітап, газеттен бас алмай шүңкиіп отырғаны. Енді міне... жағымды, қоңыр даусы дірілдеп кетіп, үзіліп қалды.

— Сапар, — дедім көңілін аулай. — Сен өзіңді кемсітпе. Бойдың аласалығына қорланба, ойдың аласалығына арлан. Адамды адам қып әлемді ұстап тұрған бой емес, ой!.. Бойға қалғанда жер орбитасынан ауып, тірлік болмас еді ғой. Әңгіме ойда... құдайға шүкір, сенде ақыл жетерлік, Сапар. Көзіме мақтады деме. Әрине, сөзімнің алданышынан, өкінішінен ауыр дәнеңе жоқ. Дегенмен, ақылға жеңдірсейші...

«Иә, менің жұбатуым мықты болмады. Сезем... Жүрегің айныса май іш дегендей сандырақ па қалай. Кейде өстіп оттап кететінім бар. Жер... орбита... сезімнің алданышы, өкініші... Не сөз? Осы жерде мұның қажеті не? Асылы менен шешен шықпайды-ау деймін».

— Сапар...

— А?..

— «Шайханаға»соға кетелік те. а?! Әңгімемді жуайын. Тырнақ алдым ғой, — дедім бір бүйір қалып бара жатқан «шайханаға» машинаны бұрып.

Сапар аса қарсылық ете қойған жоқ. Салып жетіп келіп те қалдық. Жол айырығындағы жалғыз үй қонақсыз емес екен. Үш-төрт жүк тиеген машина, бір-екі түйе арба тұр. Әне-міне деп жүргенде өзі күн батып, қас қарайын та қалыпты ғой. Үстімізді қағып, төбесі тайпақ, кіре беріс маңдайшада қара қаңылтырға ақ сырмен сойдақтата «Шайхана» деп жазған үйге кеп кірдік.

Кіре беріс оң қолда — буфет. Әріректе үш-төрт стол, орындықтар. Қақ төрде шыбынның зиянды екендігін ескертіп тұрған ақ халатты әйелдің суреті. Бір кезде қызылды-жасылды әдемі плакат болғаны шыбын салған қара бұжыр даққа қарамастан аңдалады. Бөлменің іші көк ала түтін. Әр жерден бырылдаған-қырылдаған дауыстар естіледі.

— Уа, жараңдар, төрлетіңдер. Құда түскелі келмеген шығарсыздар! — деген еркек үнді әйелдің даусы менің көңілімді бөліп жіберді. Сапар «шылдыр» еткізіп бір нәрсені қағып кетті. Өзі де онан үркіп қалған; құлаған оң босағадағы фляганың үстінде тұрған шынжырлы қалайы ақ кружка екенін көргенде ғана жүрегі орнына түскендей болды.

— Жігітім, неткен жүрек жұтқан ең? Тіпті белқұлы шыбын құрлы елемедің-ау, — деп жақындау отырған төртбақ, шапыраш көз жігіт мысқылдап еді, жанындағылар қарқылдай күлді. — Көремісіңдер анау қасындағы тоқал шібіш сияқтысын... Мойнын күдірейтуін. Шамасы сүзді-ау деймін, ә? — Өзімізді сықақтауға көшкенін білсем де қапелімде ештеңе дей алмадым. Басымнан сөз асырып көрмегеннен де ме, теңеуі қатты батты. Әйтсе де ащы мырс еткеннен әріге барғам жоқ.

— Әй, қара батыр, тағы да ұрыныс іздеп отырмысың? Мына жігіттерді жауып жіберіп ит теріңді басыңа қаптайын ба? Жетті ғой еркелігің! — деп буфетші әйел гүр ете қапеді; анау оған ықпады. Дарақылана күліп алды

— Түйенің жарты етіндей болған, шыбыным-ау, қойныңа ап біраз қыздырып әкелмесең қай қазақтың жігіті қызына қояды дейсің. Өзім... ғой баяғы. Моласындай бақсының жалғыз қалдым тап шыным дегендей, — деп қырлыстақанды көтере, тастап жіберді. Жұдырығын иіскеп сәл үнсіз отырып қалды. Мен жұлқына ұмтыла бергенімде Сапар жеңімнен тартып тоқтатты. Буфетші әйел бір бүлік туып кете ме деді ме:

— Жә, жігіттер, артық ішкен не айтпайды. Көңілдеріңе алмаңдар. Төбелес құмарлық мұрат болса, қазақтан жүлде осыған тиер еді, — деп қойды.

Жауырыны қос уыстай, күржіңдеген мосқал адам жаңағы жігіттің жанынан тұрып, біздің қасымызға келді. Екеуіміздің бетімізге кезек үңіліп, танып алайыншы дегендей тесіле қарады. Тісі жоқ, қызыл иегін көрсетіп, езу тартқансиды. Мысық мұрты бар. Әлгінің ұшын жоғары шиырған болады, онысы баяғы қалпына кеп, екі жаққа тікірейе қалады. Буфетші әйелге жағымпаздана, бір жағы еркелегендей бұртаңдап;

— Сен оған ренжіме, иә... Ол жігіттің төресі, — деді. — Тағы бір жарты берші, ботам... Жо... Жоқ, сен қорықпа. Онда әлі бір шетушкелік бар. Қазір... Қазір әкелейін... Сенбеймісің маған?..

— Әй, ішеріңді іштің! Кет енді! Әкеңнің ақ құны қалды ма біреудің жанқалтасында... Сүмелектеніп жол үстіндегілердің шаужайына ораласың да жүресің. Онан да жер қазсаң да еңбек етпеймісің. Арсыз неме.

Әлгі сүйектен өтер сөзден түк ыққан жоқ. Ыржалақтап: «Өй, тентек қыз...» дей береді. Буфетші әйелдің жер-жебіріне жетерлік ауыр балағатын да күлімдей қарсы алып тұрғанын көргенде; бір түрлі жаным түршіккендей болды. «Мұның да менің апамдай анасы бар-ау.

Ұлым... Шаңырағымның тірегі, тұлғасы... Өмірімнің жалғасы деп әкесі де талай қуанды да ғой бұған. Сонда... Сонда сол тірегінің күндердің күнінде болмашы бір қиындықтан ығып қап, не қошеметтен басы айналып, дандайсып, ішіп кетеді... Адамдық қадір-қасиетін жоғалтып, ішкілікке түседі десе не дер еді?».

— Дидар... Әне бір жерге отыралық... — Сапардың даусы көңілімді бөліп жіберді.

— Ботам-ау, сен өкпелегендей... Жо... Жоқ. Айтуың дұрыс қой. Бір-екі шетушкеде не тұр. Үш-төрт сом сары құлақтан артық тастаттырайын... Алла-ай енді, соған да ренжимісің...

— Сары құлақтарың өзіңе, шошқа өңкей. Менің қара басыма табысым жетеді, білдің бе?! Олар машинамен жүк алып бара жатқандар. Бір жерде мерт болса, оған минауат кім? Мен. Буфетші...

— Садағасы кетейін-ау...

Манағы ұрыншақ жігіт столдан басын көтеріп алды. Жолдасының қиылып, әлі тұрғанына ыза болған сияқты.

— Әй, қалталақтамай бері кел. Арақ қайда да бөрі бір емес пе. Оныкі асайвай деймісің, — деп орындығының астындағы түйіншектен бір шөлмек арақты шығарын, стол үстіне «шылдыр» еткізіп қойды. Әдемі музыка үнін естігендей буфетшінің алдында тұрған аңырап қалды. Сенер-сенбесін білмегендей тамсана, әлі көз алар емес. Жүргенде аяқ дыбысы да естілмейді екен. Өзі де бір көлеңке сияқты. Үстелге қарай жылжып барады.

Мен де жолдасыма арақ құйдым. Жаңағы кикілжіңнен кейін араққа Сапардың да зауқы соқпай қалды ма, кім білсін; бір стақаннан әрі шай ішпей қойды. Екеумізде де үн жоқ. «Өнеріңнің үстей беруі үшін» деп Сапар бір алдырды. Енді не үшін? Бақыт... Табыс... Эһ... Достық... тағы не бар? Е, қойшы. Ішкісі келсе арақ алдында тұр ғой. Неменеге жалпылдай берем... Тоқта... Әлгі қыстауға апарып тастағанымыз терезе жақтауы ғой. Есік бар...Әңгіме тіпті онда да емес. Осыларды маған тасытып, өзге жігіттерді жұмсамайтыны не? Ертұрлы айтқандай «ұрлық» па! Онда менің оған қатысым не? ГАЗ-69 машинасын көріп Сапардың қорыққаны қалай? О да бұл істің шикі екенін білгені ме? Бұлар сонда жалғыз болмағаны да. Жоқ мұны білу керек»

— Сапар, құяйын ба?

— Болдым... Рақмет

— Сен маған ендеше мынаны айтшы, Сапар. Біздің осы жүрісіміз не?

Ол естімегендей көршілес үстелдегілерге қарап кетті, ой үстіндегі жандай қабағын шытып, оң қолымен маңдайын сығымдап қояды. Сұрағымды тағы да қайталауға мәжбүр болдым.

— Директор бұйырды, біз орындадық. Бригадирге қазір барысымен ойдағыдай тындырдық деп рапорт береміз. Оның несі түсініксіз? Заңды жүріс, — деді Сапар жайдарлана күлімдей.

Жауабына қанағаттана қоймағанымды сезді ме, қабағын қарс жабылып, жұқа ерні жымырыла қалды. Имек мұрнын шұқып, жөткірініп қойды. Астындағы орындықты ырғалақтата «шиқ-шиқ» еткізді. Мен үндемей, күтіп отыра бердім.

— Сен, Дидар, жоқтан өзгеге үркектеп, секемденуіңді қой. Біреу алдап кетпеді ме екен. Арақ ішкенім дұрыс па, бұрыс па? Темекі де зиян... Қайтем, а? Бәлен өйдейді түгенше бүйдейді. Қайсысы адал, қайсысы қара деп ойлау сенде көп. Ойсыз өмір жоқ. Әйтсе де әр нәрсенің шегі болмай ма? — Сапардың жүзінде түңілгендік білінді. Алдындағы ақ дәмді мен арамдап кеткендей жирене, арақ құйылған стақанды кейін ысырып қойды.

— Ендеше, директордың машинасынан неге үріктің?

— Сенің тұңғыш әңгімеңді бұлай жуатыныңды білсем үрікпес те едім? Қайдам...

— Бұл жерге әңгімені қыстырма, Сапар. Аптықпа... Қазіргі әңгіме адалдық жайында.

— Қойшы-ай. Рас па?..

— Жә, жетті. Мен көкейімде не бар соны білмей тынбаймын.

— Жақсы... Айтайын. Өмірде ғана емес, күнделікті тіршілікте адамды бағалау, біреуден біреудің артық-кемдігін білу үшін ел оны жүрген жерімен, өскен ортасымен таразылайды. Сен түк ішпесең де «шайхана» төңірегінде жиі көрініп, кеңірдек жыртысып жатсаң ащы суға үйірсек, көкмылжың, бөспе аталасың. Ал мен бастықтарды да адам санаймын. Олар да солай ойлауға тиіс деп ұғам. Адамнан адамның артықтығы көргенінде, оқығанын да. Өзге өзгешелік шамалы. Мінез-құлық та бірдей; бірі ұшқалақ, екіншісі сабырлы. Айналып келгенде төркіні бір... Е, қойшы сені. Бәрібір түк түсінбейсің. Тоқ етерін айтсам «шайхана» маңында директор, парторг, инженерлермен жолықпағанды абзал санаймын. Үріккен себебім де сол, — деді ол сабырлы, асықпай, — Біреуді жазғыру үшін дәлел, себебі болмай ма?! Сәрсекеңді де, мені де Бәкең мен Ертұрлы жек көреді. Сенбейді. Состия қарайды. Неге? Адал емессіңдер дейді. Дәлелі бар ма? Жоқ... Жақындап кетсек түрпідей жиырылады. Мүмкін біздерді аяқтары на бас ұрсын, ақбезер де, көкбезер ақталсын дейтін шығар, а? Не деп ақталамыз? Жазығымыз не? Табыскерлігімізді көре алмаса ашып айтпай ма? Олардың анда-санда «қорс» ете қалғанынан бірдеңе сен, Дидар, өзің түсінесің бе? Неменеге күңкілдейді? Адал болмасақ арамдығымызды көрсетсін, ұстасын. Тіпті соттатсын. Бұлары әділетсіз бойкот қой. Рас па? Құдайшылығыңды айтшы, а? Е, солай ма?! Міне бізде өзіңдейміз. Мейлі кіржие берсін. Тыржиса тыржисын. Ешкімнің маған да, саған да, Сәрсекеңе де, Ертұрлыға да бес бересі, алты аласы жоқ. Әркім көңілінің қалауынша өмір сүреді... Ал сен маған сұс көрсетуіңді қой. Құдайыңнан да қорықпаймын. Мен сені шын қуанып, ақ дәміне адал көңілімен шақырған шығар десем тексермек болыпсың...

Өз аңғалдығымды енді сезінгендеймін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Әлгінде «е, қойшы сені. Бәрібір түк түсінбейсің» дегенде намыстанып қалсам да, енді ұялып отырмын. «Әңгімемді жуам деп шақырып алып, адалдығына шүбәлануым шынында иттік қой. Басқа уақ жетпей ме. Ұят болды-ау, а?! Не істесем екен?»

— Кешір, Сапар. Неге қуанбайын. Іштен шыққан шұбар жылан өз дүнием, адал еңбегім ғой. Қуанттың. Оныңа рақмет... Сен... досымсың артық айтқан жерім болар, көңіліңе ауыр алма...

— Жоқ, Дидар, мен...

— Ғафу ет, Сапар. Бір білместік кетті.

— Не болса соған шүбәланып, үрейленіп жүретін адамдар болады. Есалаң адам дейді ондайды. Орыстар оларды «маньяк» деп атайды.

— Жә, түсінікті ғой. Мынау алдыңдағыны мөлдіретпей тартып жіберші. — Ысырып тастаған стақанын алдына қайта қойдым. Толтыра құйдым.

— Өзің ше?

— Мен ішпеймін, Сапар. Рульді білесің ғой.

— Далада кім көреді. Аналар әне... Сілтеп отыр. Қайтеді дейсің.

— Рульді ұстайтын адамды қысталама. Тағы бірде жөні келер. Маған қарама, Сапар.

— А, хош... Мейлің, — деп ол ішіп салды.

Мұнан әрі әңгімеміздің құты қашып, үнсіз қалдық. О да мен сияқты әрі-сәрі күйде отырған жайы бар. Шылымды үсті-үстіне сорғыштайды. Мен де тұздалған балықтың бір кеспесін алып ащылап отырмын. Еш нәрсе ойламай алабұртқан көңілді баспақ боп, шылымды үсті-үстіне тартып отырғанымды да аңғармаппын ғой. Басым сәл зеңгігендей. Төңірегіме бағдарлай көз тастадым. Төбелес құмар жігіт күржікей шалмен құшақтасып, арқаларынан қағыса сүйісіп отыр. Олардан әріректегі стол бос. Жолаушылар жүріп кетсе керек. Онан бергіде екеу шылымдарын үсті-үстіне сорғыштап, бастары көк түтіннің ішінде қылаңдап, көрініп қалады. «Шолпан мен бірге келген жаңа директор дейді? Қайда келіпті? Кім ол? Семьясы бар ма екен? Әлде бойдақ па? Онда менің жұмысым не?..» Жанымнан шылым алып тағы бірін тұтаттым. «Ештеңе ойламаймын. Үндемеймін...»

Біздің артымызда терезеге жақын отырған үшеудің бірі қызып қалған сияқты. Сәңкілдеп өлең айтпақ болады. Даусы жарықшақтанып кете берді. Жолдастарының амалсыз тыңдап, тұрып кетудің жөнін таба алмай қиналғандарымен тіпті ісі жоқ. Оған қарсы отырған жігіттің әңгімесі қызық па, соған құлақ түріп қалыпты үшіншісі. Ол екеуі қызғын емес.

Әңгімешіл жігітті бағдарлай қарай бастадым. Көңіліме бір кірбің ұялап, жіпсіз байланғандаймын. Әрі-сәрі күйдемін. Орта бойлы жіңішке қара жігіт екен. Кекіл шашы оң жақ қасының үстінде шоқтанып тұр. Қасындағыларға бар ынты-шынтымен, күбір-күбір әңгімесін айтып отыр.

— Дидар, сен қайда қарап кеттің? — Сапар қынжыла, бүйірімнен нұқып қалды. Біреу біз сұғып алғандай селк ете түстім. — Әңгімелері қызық, ә?

— Мүмкін... Айта да білетін болуы керек. Көремісің, Сапар, жанындағылар елітіп қалыпты ғой.

— Апасы, ыстық тамақтан ештеңе бар ма? — деген дауыс сөзімізді бөліп жіберді. Кәдімгі ақ көңіл, салдырлаған ашық адамның үні. Бақсақ жаңағы әңгімешіл жігіт екен.

— Бар... Ыстық кеспе, қуырдақ бар. Күпе-мүпеңді білмеймін, қарақ, үнді шай бар, — деді буфетші әйел.

— Кеспе, қуырдақ болса бопты. Шай да беріңіз. Таң сәріден нәр татпап едім.

— Бұ сорлы манадан мылжыңдағанша... Атау керін ішсеші, — деп күржік шал қызыл иегін көрсете, ыбылжып мысқылдаған болды. Жанындағы жауырынды бұқа мойын бар денесімен орындықты сықырлата бұрылып қарап қойды. Әңгімешіл жігіт мұның бірін елең қылған жоқ. Буын бұрқырата кеспе, қуырдақты алдына алып кіріскелі жатыр.

Ішкіш шалдың түртпекілі ме, жоқ әлде ұрыныссыз кетпейтін әдеті ме төбелесқұмар жігіт орнынан тұрды. Бір ұртында шылым. Қысық көз, келте танау екен. Өзінде тіпті мойын жоқ десе де болады. Қабағы қалың, қыли көз, жалпақ бет қара. Қолтығына бір нәрсе қыстырып қойғандай екі қолы тәлтиіп, жанына жуықтамайды. Аяғын найқала басып, әлжуаз жігіттің қасына барды. Үн-түнсіз... Шылымын асықпай сорып, күлін әлгі жігіттің кеспесіне қағып түсіріп тұр. Шыдай алмай орнымнан атып тұрып ем, Сапар пенжегімнің етегінен тартып қайта отырғызып қойды. «Қара жұдырыққа теңдесі жоқ. Тыртыңдама... Мықтылығыңды кейін көрсетерсің», — деді.

Әңгімешіл жігіт алдындағы кеспені ысырып, аузын орамалымен асықпай-саспай сүртіп жатыр. «Не деген шыдамды-ай! Әлде қорқып қалды ма?» Орнынан тұрып еді, дәудің иығынан келеді екен. Бір уақытта, сапалақпен шыбын ұрғандай «сарт» еткізіп, төбелес құмарды шықшыттан қойып кеп жіберсін. Кескен томардай анау жергe гүрс етті.

— Ойбай өлтірді!.. Исахметті өлтірді! — деп күржік шал қақылдай бастаған; буфетші әйел жетіп кеп желкелеп шығарып жіберді. Шынында да өліп қалғандай. Қыбыр етіп тірлік белгісін білдірмейді.

— Апасы, мына кеспені жаңғыртып берсеңіз. Міне ақшаңыз, — деді әңгімешіл жігіт түк болмағандай.

— Берейін, айнам... Мынау, шын өліп қалмады ма?

— Жоқ... Бес-он минуттан кейін тұрады.

— А... — Буфетші әйел бүлкектей жүріп, кеспе құйып әкелді. Жігіттің алдына әспеттей қойып жатыр. — Қайдан келе жатыр ең?

— Бүгін ертеңгісін қасапқа жылқы өткізіп шығып ем, Қалаға барған адамның шаруасы біте қоя ма. Оны-мұны алам деп ауқаттану да есімнен шығып кетіпті... Сонау жиекте жылқышымын, — деді ол кеспені ұрттап қойып. Түк болмағандай соғып отыр. Жігіттің жиек деп отырғаны шөлейтті, құмның бастауы.

Кеспе, қуырдақты жөңкемдеп, енді шайға кірісті. Төбелесқұмар жігіт орнынан ыңырси, әзер тұрды. «Былш» еткізе аяқ астына бір түкіріп, сүзеген бұқадай түксие жан-жағына қарады да, шұбатыла далаға шығып кетті.

«Шайханадан» ұзап, қосқа жақындағанда ғана Сапар:

— Әй, нервісі қандай керемет, ә?! Тамақ ішпек тұрғай анадайдан кейін мен тыныш ұйықтай да алмас едім, — деді.

— Үндегем жоқ. «Сендер ұйықтарсыңдар-ау, мені айтсайшы. Әлгінде. ғана емес пе еді; өзімді-өзім бақытты, даңқты адам сезінгенім. Енді, міне, көңілім құлазып, әлденені жоқтағандай болады. Ол не? Кім? Не деп алаңдайды?..»

— Неге үндемейсің, Дидар?

— Иә, бүгінгі кеш... шым-шытырық.

— Не дейді мынау, — деді Сапар түсінбей.

Алыстан жалғыз от көрінді. Сынаптай сырғақтаған Сәрсеннің көзі сияқты. «Жылт» ете түсіп жоғалады. Енді бірде ол тіпті мазақтап та тұрғандай, секектейді. «Ал, қалай, бала? Қорқып кеттің бе?.. Сабыр бол, қайтеді дейсің. Әзірше саған тіреліп жатқан дәнеңе жоқ. Жауапкершілік менде ғой, шошқа-ау. Неменеге үркектейсің?» — деген Сәрсеннің үні де құлағыма келгендей болады. «Қорықпа, үрікпе дейді де жүреді. Е, не деп қорқам? Үріккендей не істеппін? Бригадирдің апар деген заты емес пе? Ондағы жұмысым не?!» Сапарға қарап, едім; ол мойнын алға созыңқырай түсіп, елеңдеп отыр екен. Жарық оң бүйірден тағы көрінді. Жымыңдап, шақырып тұр...

— Әне, қос... Дидар, қос?.. Жігіттер әлі жатпапты-ау ә? Қарашы, шам бар...

Алтыншы тарау

«Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте, кеші,

Жадырашы, назданшы, еркелеші...»

деген ашық, қоңыр дауыс Ертұрлы оңдаған ескі радиоқабылдағыштан төгіліп тұр. Әлгінде ғана ауқаттанып, қостың сыртындағы бел үстіне шыққам. Көңілімнің хошы жоқ сияқты. Бір түрлі құлазып, өзегім суырылғандай да еді; сағынып, алаңдаймын ба қалай?! Кімді? Білмейім... Оңаша қалсам болғаны өстіп бір есалаңданам да отырам. Жігіттермен өзенге барып қайтқанымның өзі дұрыс еді онан да. Тоқта... Манағы әңгімем қайда? Е, жыртып тастаған екенмін ғой. Менен жазушы шықпас-ау Е, мейлі... Ойлап қиналатын жайым жоқ. Ойлап... Ойлап? Ойлағаны несі?.. Жігіттердің «әңгімең тым жасанды, көңілге қонымсыз» деп жүргені де ойдан шығарғандықтан ба?» Жанқалтамды қағып, қиқым-сиқымнан арылтып, қол орамалымды ала бергенімде, арасынан бүктеуі қиылып, сарғыш тарта бастаған бір жапырақ қағаз шыға келді. Сойдақтата жазыппын ғой. Әрі әрпім қасқырдың тісіндей екен.

«...Көкемнің бір ғажабы командировкаға үш айға, төрт айға шығып, талай колхоз, совхозды аралап қайтқанда, оның жүзінен шаршағандық, торыққандық білінбейтін. Таза киініп қалада жүргендей үстіне кіршік жұқтырмай, сол қалпы оралатын. Ал нағашым жол жүріп келгенде адам қорқарлықтай өзгеруші еді; сақал-шашы өсіп, аһлап-уһлеп қайтатын. Нағашымды көргенде колхоз, совхоз менің сәби жаныма қиыншылығы мол, игілігі жоқ өмір боп көрінсе, әкемді көргенде колхоз, совхозда еңбек етсем деп, комбайнерлікті армандайтынмын. Ол өзі ісімен, бірер сөзімен туған жерге, елге деген құрмет, қошемет сезімін ұялататын. Ауылды сүюіме алғаш осындай жайлардың әсері болды десем қателеспеймін...» Е, мынау бар ма еді; тарс есімнен шығып кетіпті ғой. Шолпан сияқты қалада оқып, ауылға келген жас дәрігер қыз жайлы әңгіме жазбақ болғанмын. Соның ішкі сырын, өмір толғанысын суреттемекшімін бе, қалай?! Иә солай... Сол аяқталған әңгіме. Қызық-ау адам деген. Қайдағы бір ұрынбас жерге барып қыстырылады. Дәрігер жайлы жазбақ болыппын. Іш ауру мен бас аурудың дәрісін айыра алмайтыным тіпті қаперімде жоқ. Және де қала қызының жан дүниесін ашпақшымын. Ауданда да емес, алыс совхоздың бірінде өскенім де ұмытылған ғой. Қала жайлы не білем? Қала несімен қызық, сағынуға бола ма оны? Азан-қазан сапырылысқан көптікті де жоқтай ма екен? Иә, мұның аты да адасу де...

Жыртып-жыртып, лақтырып жібердім. «Қой, кішкене жатайыншы. Қолдан келмеске ұрынып, бос арам тер болмайын... фуф... Манадан шырқап тұр. Радиоқабылдағыштың батареясы отырып қалмас па екен? Е, бұзылса оңдайтын Ертұрлы бар ғой. Бұтарлап тастап, тағы да ортасында қобырап жүрер...»

«Астық деген тау қасында

Қырман қызып, әнге басқан.

Қызыл керуен ауласында

Қыз өнері жаннан асқан.

Ер деп білген

Бір көрген жан —

Сүйген сәулем, Шолпан, Шолпан...»

Әнді көк шөптің үстінде, далада жатып тыңдағанға не жетсін. Тұңғиық аспанның төріне ой көзіңді жүгіртіп, қиялданып кеткеніңді сезбейді екенсің. Әрі-сәрі ой ұшы жеткізбей, тартып ала жөнеді. Көз алдымдағы бір уыс түбіттей бұлт та орнынан жылжымай қызғылт тартып тұра қалды... Иә, биыл күздікте мен жиырмаға шығам. Әскер қатарына шақырса ұшқыш болар едім. Сонда... О, керемет-ай, олай болуы мүмкін емес қой. Әйтсе де шақырса ше?.. Юрий Гагарин, Герман Титов сияқты мені кенет космонавтар қатарына қабылдап: «Жолдас Бектасов Дидар, сіз сыннан өттіңіз. Күні ертең айға ұшасыз. Тапсырма аса жауапты. Әрине оңай да емес. Қалай, дайынсыз ба?» — десе:

— Әлбетте. Тапсырманы қайткенде де орындауға тырысам.

— Жақсы... Сәт сапар, — дейді ол.

Ұшып айға барам. Тапсырма ойдағыдай іске асады. Қайтып оралам. Бүкіл жер жүзі, совет ұшқышы Дидар Бектасовтың айға барып, ғылым саласына теңдесі жоқ Жаңалық қосты деп шулап жатады. Әрине, журналистер, ғылымдар мені қолдан-қолға тигізбей көтеріп кетеді. Әлденеше елдерде, қалаларда кездесулер өткізіледі. Батыр атағын да алам. Алыстағы кішкентай совхоз... Біздіңауыл да мәре-сәре. Апамды мектепке пионерлер шақырып, «баласы Дидар Бектасов жайлы» сөйлеуін өтінеді. Дүние жүзі «батыр» деп жатқанда, онсыз да ретті жері кеп қалса баласын мақтауға ұшып тұратын ана «жынды еді» дер ме: елжірей, көзіне жас ап қойып отырып, мақтайды ғой. «Мен оның даңқы жер жарғандай батыр боларын сәби күнінен сезгенмін. Шаруаға да алғыр, істеген ісіне ұқыпты еді. Арақ ішіп, темекі тартуды атымен білмейтін» Тағы осы тәрізді мақтаулы сөздің не бір дәмдісін төгеді ғой. Газеттен келген тілші, жазушы суретшілерге Ертұрлы: «Ол менің мектептес досым. Оны класс боп құрметтейтінбіз. Аудандық газетке ептеп мақала, әңгіме жазатыны бар...» десе, аудандық газеттің редакторы көзілдірігінің шынысын әлсін-әлі сүртіп қойып: «Иә, ол жігіт өте дарынды адам. Жуық арада оның бір әңгімесін газетімізге пайдаланбақ ойымыз бар. Үлкен жазушы шығар деген үміттеміз...»

— Әй, неғып жатырсың?

Ойым бөлініп кетті. Басымды көтеріп алдым. Олай-бұлай қараймын. Дариға совхоз орталығындағы ауруханаға жұмысқа ауысқан: қазандық басында жақында келген аспазшы қыли көз қара әйел күйбеңдеп жүр. Құлағының аздаған тосаңы бар ма; ол тіпті әлгі дауысты елең қылмаған тәрізді. «Дауыстаған кім?..»

— Уа, бермен қара... Мынаны жын қаққан шығар

«Ойпыр-ай, маған не болды? Неге көрмеймін? Қай жақтан, кім айқайлап тұр? Тфу...»

— Әй, тракторларға қарай мойын бұр. Е, енді түзелдің...

«Ә, сен бе едің? Екі трактордың аралығында оған не бар, не істеп жүр. Кәдімгі өзіміздің... совхозымыздың киномеханигі. Бүйірін таянып, кісімсінуін қарашы. «Әй, дейді-ай».

— Жасырынбақ ойнап тұрмасаң өзің кел. Айдала жетпеді ме-ей, тракторлардың арасына тығылып! — дем айқайладым. Киномеханик сәл қипақтай түсіп, түңіле қолын сілікті. Аяғын қаздаңдай басып, жаныма келді:

— Жігіттер қайда? — деді. Шынашақтай боп алып өзі қиылта мұрт қойыпты. Чарли Чаплин сияқты. Тәлтиіп тұрысын.

— Өзенге шомылып қайтқалы кетті. Жайша ма?

Кино әкелдім...

— Вино әкелдім деймісің? — Таңдана басымды жерден көтеріп алдым.

— Тфу... Кино деймін!

— Әй, бала, ақырын. Түкірме... — Киномеханик жалтақтай қалды. Сырт айналып кетпек болды. — Тоқта... Әлгі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатындар келеді деп еді. Олар қайда?

— Анау не? Әне... Тракторлардың арғы жағында тұрған. Көрмеймісің?.. — деп түксие бұрылып жүре берді.

— Әй, әкіреңдей бермеші, — дедім ұялған тек тұрмастың кебін жасап. Үсті жабық ГАЗ-51 машинасы киномеханиктің сілтеген жағында, тракторлардың қалтарысынан көрінеді екен. Аңдамаппын ғой. Ағараңдап жүрген қыз-келіншектер де сол жерде; тіпті сықылықтай күлгендеріне дейін естігендеймін. «Бұлардың ішінде Ерке де бар шығар?..»

— Бектасов... Oy, жарқыным, серейіп неғып жатырсың?

Ту сыртымнан шыққан дауыс ойымды бөліп жіберді. Жалт бұрылдым. — Құлағың селтең етіп, шошығаның қалай, батырекесі?

Өзеннен қайтқан жігіттер екен. Бәрі де жайдары. Күн қағып, тотыққан жүздерінде шаршағандықтың белгісі жоқ; алаулап тұр. Ағаш келідей мойындары күп-күрең, жұп-жұмыр. Қалалы жердегідей спорт үйірмелері боп, осы жігіттер соған қатыстырылса ғой, қандай атақты-атақты палуан, боксер, футболшы шығар еді. Иә... Әзір біздер Ертұрлы айтқандай «той-томалақтың» чемпионымыз. Шолпан мен Еркеге салсаң бәрі өзімізден. «Жалқаумыз. Ал, аузыма сал» деп отырамыз.

Ертұрлы неменеге ыржалақтап тұр. Майкесін басына таңып алған; белуарына дейін жалаңаш. Кейбіреуі көйлектерін иығына іле салған. Енді біреулері жалаң аяқ. Етіктері қолдарында. Жарыса сөйлеп, самбырласады. Фамилиямды атаған жақында ғана онжылдық бітіріп, бригадамызға жаңадан қосылған қиық көз, қара бала. Әзілінің тым орынсыз әрі артық екенін сезетін емес, жалы күдірейіп, құрбыларына масаттана қарайды. Жүрек түкпірімде бір нәрсе қыжылдап күйдіре көтеріліп келе жатқанын, сәлден соң; «боқ мұрын, саған не жоқ. Тілің шығайын депті ғой!» дейтінімді; әйтпесе тіпті сөз-мөзді қойып, құлақ-шекеден тартып-тартып жіберуіме болатынын ойланып үлгердім.

Жоқ... Мен тегі намыссыз, жігерсіз жанмын. Тез қызбаймын. Менде Ертұрлының оты, өткірлігі жоқ. Лаулап ала жөнелмей; су тиген отындай шала жанып, бықсып барып бітем. Оның атын және сабырлылық деймін-ау. Е, қойшы... «Кішінің ағаттығын кешірме сең, үлкендігің қайсы», — деп осы қазір де жайма-шуақ күйге ауысып қалдым.

— Дидар, ауқаттанып па едің? — Базарбек қарт күлімдей қарап тұр.

— Иә... Маған алаңдамаңдар. Су сорып Ертұрлының өзегі талып келді ғой.

— О, қамқорым-ай... Неғып кеңіп қалдың. Қорс ете түсер ме екен деп ек. Ақыл кірейін деген білем өзіңе. — Ертұрлы мені күйгелек, қызба көреді де. Сонда сабырлы кім? Өзі ме? О да өзін қызба санамай ды, ә? Мен шамадан тыс сабырлылық — намыссыздық, жігерсіздік десем. Ол керісінше ойлай ды.

— Жә... Кеттік, жігіттер. Кинодан қалып қоярмыз, — деді Сапар міңгірлеп.

Оларды көзіммен ұзатып салып, тракторларға қарай бет алдым. Ойыма қайта Ерке түсті. Зеріккен көңіліме бір сабырсыздық еніп, тағы да тынышсыздана бастағанымды сезіндім. Еркені тезірек көргім кеп барады. Асығып келем... «Маған ертең күйеуге тиейін деп отырған қыз да қызық сияқтанатын. Қайтеді екен?.. Ой үстінде, келешегім не болады. Күйеуге тию базардан үйрек сатып алып келу емес қой. Ғұмырлық іс. Бір адаммен өміріңді қосып дағдырлас, бір тілектегі екі жан болу оңай ма», — деп қатты қиналып жүретін шығар десем, мына Ерке олай емес.

— Ә... Дидар, есенбісің?.. — деді де, сырт айналып қыздарды асықтыра бастады. — Кәне... Кәне, қыздар, уақыт оздырмайық...

Басына кәмшат бөрік киген үш-төрт қыз дөңгелене тұра қалды. Етек-өңіріне зер төккен қамзол, ұзын ақ көйлек үстеріне құйып қойғандай жарасымды

— «Кеңес күйін» тартыңдар... — Ерке нағыз бір режиссер сияқты. Білмейді екем демейді. Бұйрығын жаудырып жатыр. Қыздар әндете билеп кетті.

«Алты қырдан асыра

Ақ текемет төсейік.

Жеті қырға жеткізе

Жібек кілем төсейік.

Жібектей сұлу арудың

Аяғы жерді баспасын...»

— Жетті!.. Тоқтаңдар! Жақсы болды. Ән мен күйді қайталаудың жөні келмес. Әзірше осы жарар, — деді Ерке, жинала бастаған тракторист жігіттерге кербездене бір қырын қарап. Әр жерден сұқаңдап мойындарын созып, әзіл тастасқан ділмәр, іліп-қақпалардың алдында қыздар абдырамай өздерін тәкаппар ұстайды. Атақты артистердей трактористермен көп араласпай, бойларын аулақ салып; қызықты бір, жұмбақ күйге ауысты. Әдетте концерт киноның алдында болатын, бұ жолы соңына қалды. Мүмкін сонан ба, қалай?.. Ғажабы сол, әлгінде ғана сауыншы қыздар ғой деп немкеттілеу, шекесінен қараған механизатор жігіттер енді міне бір тілдесуді мәртебе көріп айналшықтай кетпейді.

Мен де Еркенің оңашалығын тауып, «жүріп қайталық», — деп едім, «қолым тимейді, Дидар», — деді. Онан да болашақ күйеуімнен қорқам. Сенімен әңгімелесіп, жеке кеткенімді естісе ренжиді ғой демей ме. Жаман қыз... Өтірік те айта білмейді...

Бүгін де «Шабандоз қыз» фильмі көрінеді. Осымен, мен ұмытпасам, төртінші рет қойылмақшы. Жоқтан бар. О да болса шүкіршілік. Ертұрлы керілдесіп жүр: «Оңбағансыңдар... Топас немелер... Бізді өмір жаңалықтарын көрсін демейсіңдер. Космос жайлы ғылыми кино неге әкелмейсіңдер? Айында-жылында жөні түзу, жаңа фильм неге жеткізбеске. Тұра тұрыңдар... Газетке тартармыз. Киномеханик оның сөзін маса шаққандай елеп жатқан жоқ. Анда-санда шыбыннан желпінгендей: «Уа, маған не дейсің? Өл деймісің? He берді соны әкелдім. Көрмейміз десеңдер, кеттім», — деп қалады күңк етіп. Тіпті сұс білдіре машинасын от алдырып, ток беретін ұзын сымдарын жинастыра бастайды. Жігіттер ондайда: «Ойбай не дегеніңіз, жиырмасыншы рет қойылса да көруге барамыз. Ертұрлы айта береді. Сөзін көңіліңізге алмаңыз», — деп жатып жалынатын. Бұл жолы да солай болатын шығар. Әзір тыныштық.

Киноның экраны құрылып жатқан алаңға қарай келе жатырмын. Күн көзі жиекке ілініп те қалған екен. Айнала ұшы-қиыры жоқ дала үсті мұнар тарта бастапты. Көлеңке үйірілген сай-сала да, алыстан әр белдің етегіне түсіп қалған тер сіңген тоқымдай қарауытады. Ауада жусан иісі бар. Ызыңдаған маса да өзінің осы маңда жүргенін сездіріп қояды. Теңіз бойындағыдай емес, Жайықтың қолтығының түні жайлы, тынышты. Қоңыр салқын. Дегенмен де ояң жер емес пе. Ықтасындау екен. Сары маса құлақ тұсымнан ызыңдай ұшып өтті. Дүкілдеген движоктың үні естіледі. Трактордың ара-арасымен сым тартып әкелініп бақан басына шам ілініпті. Онысы манаураған мысықтың көзіндей жыпылықтап кетіп тұр. Шолақ жең, ақ жейделі киномеханик те бір түрлі қызық; жоға рыдан қарағаннан шығар қылаңдаған көбелек сияқты. Экран мен аппарттың арасында ағараңдап жүгіріп жүр.

Кино көргелі жиналғандар да ала-құла: бірі астына шелек қойып, енді бірі машинаның ескі балонының үстінде отыр. Көпшілігі жерде иықтаса, бас түйістіре жамбастап жатыр. Әр тұстан шылымның оты жылт-жылт етеді. Күбір-күбір сөйлескендері де естіліп қалады.

— Үшінші жылдамдықпен бе?

— Айтыпсың... Алпыс...

— Алпысың не... Қырық де...

— Қырық дейді? Оның ақсақ киік болды да, — деген үндер оқшау, ап-анық жетті. Бір кезде машинамен киік қуғанын әңгімелеп отырған аңшысымақ бөсіңкіреп кетті ме; дауыстасып барып басылды. Онда да алдыңғы жақтан Базарбек қарттың: «Уа, не болды? Балық үлестіріп жатудан саумысыздар?!» — деп кейісті үн қатқаны ықтырып тастағандай

Базарбек қарт пен Ертұрлының төңірегінде де бүйірі қызбалар аз көрінбейді. Мен соларға жақындап кеп, бір қырын отырдым. Бұ жерден кино да, төңірегімдегілер де анық көрінеді. Әрі ықтасын. «Бір кезде мен де осылардай болдым-ау», — деп ойлаймын мынау мектеп бітіріп, кеше ғана бригадаға келген балаларға қарап: Эх, ақымақтарым-ай... Қазір киноға түсіріп алып, екі-үш жылдан соң өздеріне көрсетер ме еді, ә?» Ертұрлыға қатты еліктейді. Бүйірін таянып тұрысын... Өмірі ауыздарына алмаған шылымды есіре сорғыштап, жиі тартады. Арзан бәс сигаретті тыным таптырмай бір езуінен екінші езуіне жүгіртіп, әбден бітіргенше бұрқыратады. Кейін нағыз шылымшыдай-ақ саусағының басы күйгенше сораптап тұқылына дейін тартады. Түтінге шашала қалғаны кәдімгідей қызарақтап, намыстанады. Және де бір қызығы... Әне, Ертұрлы шылым шығарып еді: бәрі де бір кісідей қолдарын сигаретаға созыса бастады.

Қараңғылық қоюланып келеді. Бақан басындағы шамның жарығы манағыдай емес, төңірекке шоқтана түсіп тұр. Дабыр-дұбыр әңгіме, сөз әлі тоқтала қойған жоқ. Аппараттан «жылт» ете қалған сәуле экраннан тайқып, тракторларға қарай сырғып кетті.

— Уа, жарқыным, шам сөндірмейсің бе?! — деп қалды алдыңғы жақтағы біреу.

Әй, басынды ал деймін!

Қайда алам?

Оу, қалпақты, былай...

Қап, мына қалқан құлақтың істеп отырғанын.

Қолыңды ербеңдетпе дейім, әй?! Ой, ішіңді сенің...

Мынау басын тағы көтерді. Жолымбеттің көк төбеті құсап, шоқиып отырысын сұмпайы ның...

— О, тиышталсаңдаршы! — дескен дауыс әр тұстан жамырай шықты. Сол сәт кинорепродуктор қырылдап-шырылдап, қақалып-шашалып барып сөйлеп кетті де, ізінше экранда байтақ қазақ елі көріне бастады. Диктордың салмақты, сабырлы даусы «Отанымыздың миллиард пұт астық үшін жан аямай күресіп жатқанын» хабарлап, жайқалған егістікті орып жүрген комбайнды «зейнет теңіздегі кеме» деп бір қойды... Сонымен киноның журналы бітіп, өлеусірей шам жанды. Енді «Шабандоз қыз» фильмінің өзі басталмақшы. Әр тұстан күбір-сыбыр естіледі.

— Дидар, — деді біреу, мойныма жып-жылы демі тиіп, Сапар екен... Ентіге сөйлейді. Үнінде қобалжу ма, қуаныш па,әйтеуір үлкен толқу бар. — Ерке маған... конферансье болсаңыз қайтер еді дейді. Көнейін бе, а? Сұрап тұр ғой.

Үндемедім. Онда шаруам не? Менің жауабымды о да көп күтпеді. Тамағын кенеп қойып, қозғалақтай маған жақындады.

— Әй, қойшы... Бәрі бітті. Бармаймын. Ерке... Ертең күйеуге кететін Ерке емес пе ол. Жо... жоқ, бармаймын... Сапар жағын таянып отыр. Келіскісі де келеді. Онысына арланып, өзін-өзі тежейтін сияқты. Терең күрсініп те қояды.

Төңіректі жаңғырықтыра кино да басталды. Шам жыпылықтай сөнді. «Тағы да жалғыз қалдым. Иә, мынау айналадағының бәрі де ешкімді күтпейді. Жоқтамайды да. Ең әрісі Сапардың да көңілі осы қазір тоқ. Өйткені сүйгені уақытша болса да жанында. Тілдесе алады. Мейлі, ол Сапардың өлердей ғашық екенін білмей-ақ қойсын. Жұбатудың, есіркеу дің қажеті жоқ. Күйеуіне тие берсін... Тек көз алдында... Бір түн де болса тілдесіп, жарқылдай күліп жүрсе; Сапарға со да жетерлік. Адамның бақыттылығына көптің де керегі жоқ қой. Бақыт өмірлік дегенмен, о да өзі жылы көктем жауыны тәрізді өткінші ме, қалай?!»

— Дидар...

— Ау?

— Мен... Мен келісем, — деді Сапар орнынан тұрып жатып.

— Өзің біл.

Ол экранға жақын отырған қыздарға қарай бет алды. Көрінбей кетті. «Иә... Бақыт де. Дариға осы қазір не істеп жатыр екен? Оқудың уақыты емес. Әрине жұмыста. «Aнау не, мынау не?» — деп Шолпанның қасында жүрген шығар. Әлде жуынып-таранып клубқа бара жатыр ма? Ондағы жұмысым не? Барсын... Үстінде ақ халат, басында ақ телпек аурулардың арасында отыруы мүмкін-ау Кесте төгетіні де бар, Сәрсен: «Ол қатын зерікпейді қорықпа. Каникулға келген студенттердің үш-төртеуін ілестіріп жүр. Қарап өлетін әйел емес», — деп еді, өтірікпен бірге туған қуаяқ қой. Сандырақтай салуы хақ. Жоқ мен оған сенбеймін! Көп болды ғой көрмегеніме. Ертұрлының мотоциклімен «зыр» ете түсем бе, а?»

Ертұрлының мотоциклі Қызыл отаудың жанында брезентпен жабулы тұрған; ол кілтін алып қоймайды ғой. Оталдырып ытқыта жөнедім.

— Әй!.. Қайда барасың?!

Кімнің дауыстап қалғанын аңдағаным да, көргенім де жоқ. Артыма бұрылып қарамадым да. Манадан неғып шыдап отырдым екен; енді, міне, жүрегім алып ұшып асығып келем. Сайға түскенде болмаса, алпыс-жетпістің өзін азырқанып, жылдамдықты сексеннен төмендеткен емеспін. Сәл онан әрі көтерілсе безгегі ұстаған адамдай селкілдеп, бармақ басындай тастан орғып-орғып кетеді екен. Сондайда рульден айырылып қалу да оп-оңай сияқты.

Совхоз оты шоғырлана көрінгені әлгінде ғана-тын. Әне-міне дегенше жетіп келдім. Дариға тұратын үйдің алдына кеп бір-ақ тоқтадым. Мұным әбестеу болмады ма деп жан-жағыма қарап едім, көшеде қыдырыстаған жан көрінбеді. Көп үйдің терезелерінде шам жоқ. Мезгілсіз уақ қой; жатып қалса керек. Қақпадан басымды сұға бергем; Дариғамен есіктес тұратын көрші қария кезіге кетті.

— Бұ кім? Қай баласың? — деді ол бетіме үңіле.

— Дидармын ғой.

— Кім дейсің? Дариға ма? Ол клубқа кетті. Айнала іздеген біреу. Құдайдың қу тыныштығы болмады-ау... Жаңа ғана сұрай келмеп пе едің-ей?

— Жоқ..

— Айттым ғой жоқ деп. Неғып тұрсың енді. Қақпаны қиындастыра әр жағынан жапшы. Ұйықтаса қайтеді осы жұрт тентіремей, — деді де, қария сөйлей үйге қарай беттеді. «Келген кім? Біреу іздеп келді де? Қазір оны көрерміз?» Көшеге жүгіре шықтым. «Қайда барам? Әй, соның керегі не? Қыдыра берсін... Иә, тек клуб жақтан табылуы мүмкін».

Кино біткен. Клуб маңында жан жоқ. Ауылдың өзен жақ бетінде бірер қара-құра көрінеді. Оның мал, не адам екені белгісіз. «Не де болса бір шолып өтейін. Көрсем бұрылып, кері қайтармын. Сол кемпір не біледі дейсің. Дариға әлі тіпті жұмыстан келмеген де шығар. Жоқ, әуелі ауруханаға соққан абзал болар... Келді деген не? Ол кім? Уағда етпесе не деп іздейді?..» Клубтың сыртындағы еңселі үйдің тұсынан екеу көрінді. Әңгімелесіп келе жатыр.

— Тартыншақтанбай тиыш жүр дейім. Жеп қоймайды ғой сені.

— Маш кіші... Ол ұрады...

Жақындағанда ғана аңдады. Екі бала екен. Әр қарайғаннан қорқып келеді. Ағалы-інілі болуы керек. Ұзын бойлысы зекіп қойды;

— Айттым ғой аға деп. Қорқақ!..

— Шен қорқақ.

— Тарт тіліңді. Ендігәрі ағанікіне еріп барам деші көрейін мен сені!..

— Ерем... Ерем...

— Қысқарт... Ерегесуін.

Балалар көшенің қалтарысына түсіп, ұзап кетті. Жынқаққандай маған не болды? Тұра жөнелгенім не? Жігіттер ғой әңгіме қып, күліп жатыр. Ұрты қышып, ілік іздеп жүретін Ертұрлының енді әбден құдайы берді десейші... Иә, қосқа қайту керек. Жоқ! Мен қалай да көруге тиіспін. Өйтпейінше қайтпаймын. Арада бір жұма өтіпті Көрмеймін, келмеймін. Жесірде жұмысым не? Қыз жетпеп пе маған деп ойлаппын. Кәне, келмегенім, көрмегенім? Соңғы күндері қос басында отыра алмай, қит етсе совхоз басына тартып жөнелетінді таптым. Дидар, оның не дейтін адам жоқ. Қос басына келе қалған совхоз адамдары да маған бұрынғыдай емес; біртүрлі көзіме жылы ұшырап қоя береді. «Бұлар әлгінде ғана Дариғаны көрді-ау. Тілдесті-ау», — деп еріксіз ойға да қалатынды шығардым. Жо... жоқ!.. Осынша күн өзімді-өзім алдап жүргенім де жетеді. Мен оны сүйем. Сүйем?.. Мүмкін емес. Неге?

Олай болса түн жамылып неге келдім?..»

— Дидар?.. Дидар, сізбісіз? Бұл жерде неғып тұрсыз?

«Дариға ма! Даусы өзгергені ме? Оның үні сүйкімді, жылы болатын. Қара көйлекті... мынау Шолпан ба? Иә, сол. Дариға екеуі. Қайдан келе жатыр?»

— Неғып үндемейсіз, Дидар? Есенбісіз?

— Шүкір. Жұмыстан келе жатқан беттеріңіз бе?

— Иә... — деді Шолпан баяу. Әлсін-әлі ұрлана Дариға екеумізге қарап қояды. Әңгіменің еш қиюы келмей қожырап тұрғанынан бар жәйді түсінді ме, табан астында асығып қалды. — Жақсы, Дариға. Ертеңге дейін Саулықта болыңыз, Дидар. Мен кеттім.

— Шолпан, неге асықтың? Бірге қайтамыз ғой.

— Тығыз жұмыстарым бар еді, Дариға, — деп ол күлімдей қоштасып, бұрылып жүре берді.

Екеумізде де үн жоқ. Кімнің де болса алдында өзін еркін ұстап, іркілуді білмейтін Дариғаның ештеңе сұрамай сырт қарап тұрғанына таңмын. «Неге үндемейді? Менің келгенімді жақтырмай қалды ма екен? Демалысқа келген студент жігіттер айналдырып жүр деп еді Сәрсен. Рас болғаны ма? Көрші қарияның: «жаңа ғана сұрап келмеп пе еңі» несі? Тағы кім сұрады? Неге?»

— Дидар, сен неге келдің? Маған ба? — деді ол ойымды бөліп. Сәл күмілжи түсіп, асыға сөйлеп кетті. — Келме... Жиі келетін болдың ғой. Ойыннан от шығады. Мені аясаң келмеші, Дидар.

— Саған айтарым бар еді, Дариға...

— Жоқ... жоқ! Ештеңенің керегі жоқ. Біздің арамызда қандай әңгіме бар. Адаспа, Дидар.

— Дариға, саған не болды? Соңғы күндері менен қашқақтайтынды таптың. Әлде реніштімісің? Не үшін? Жазығым не, Дариға? Мүмкін көңіліңе ұялаған адамың бар шығар. Жасырма... айт, Дариға.

— Жоқ... Менің қалаулым жоқ. Керек те емес. Жақсы... Тыңдайын, Дидар, не айтпақ ең? Тек тезірек айтшы, — деді ол жан-жағына жалтақтай қарап. Екеуміздің көшенің ортасында тұрғанымызды біреу көріп қоя ма деп қысылатын сияқты. — Анау кім, Дидар? Бері бұрылды ғой.

Әр қарауытқаннан ығыса-ығыса екеуміз ауылдан сыртқары, өзен жағасына шықтық. Үлкен бір қауіптен құтылғандай қуанып тұрмыз. Дариға ақ маржан тістерін көрсете күлімдеп қойды. Аппақ жазық маңдайы, қыр мұрны, қою қара қасы, тіпті оң иығынан құлай түскен білектей бұрымына дейін тербеліп,өзгеріп жүре берді. Өзеннен ескен самал тіршілік біткеннен тыныштық тілеп, аялай аяқ астымыздағы көк шөпті де мажыра бір күйге ендіргендей толқытпайды. Әупілдей үрген ауыл итінің де үні тұншыға барып бітеді. Ай сәулесі бетінде дірілдеген өзенге биік жарқабақтан Дариға еркелей, бір түрлі соның өзінен сәби шағында айырылған жан анасын көргендей қуана қарап, ұмсынып қалыпты. Иә, ол ана. Көремісіз, естимісіз?.. Жағаға соққан болмашы толқыны не дейді? Сыбырлай ма? Жоқ!.. Толқын сыбдыры... Жоқ, ол толқын емес. Ол ана бауырындағы сәбидің ұйқысырай тамсанғаны.

— Дидар, мен шаршаған әрбір жанға, анасынан ерте айрылып, есейген шағында бір сәт соның махаббатын сағына еске ап жүргендерді айлы түнде Жайыққа кел. Уа, ертең сүйгеніңе қосылғалы отырған, жас жар, сен де кел мынау пәк анаңа! Иіліп сәлем бер! Үндемей тыңда, О да өз жүрегің ғой. Не айтар екен деме... Ол сені әлдилейді.Көңіліңе жұбаныш, жан дүниеңе қуаныш әкеледі. Сені өгейсітпей сергітеді. Бар ашу, ызадан, пасықтықтан, көрсеқызарлықтан ада болғаныңа өкінбесең; көкірегіңе мейірім, көктем шуағын құйып жібереді дер едім. Тек сен оны тыңдай біл... тыңдай біл, қам көңілді ана, қам көңілді сүйген жас...

Дариғаның үні дірілдей үзіліп кетті. Жар қабақтан кейін ығысып, кінәлі жандай маған жаутаңдай қарады. Мені «есалаң ба, бұнысы несі?» деп, аяушылық білдіріп тұрғаның жоқ па дегендей еді, оның мөлдіреген кіршіксіз жанары. Үндемедім. Өзенді жағалай жүріп келеміз. Ай да бізден қалар емес. Дариға менің қолтығымнан алды. Iзінше қоя берді. Қынама бел көк көйлегі желбіреп, кейін қалды. Күтіп тұрмын. Міне, жанымда... күлімдей қарайды. «Жоқ, жанары қайта суына, қабағы түйіліп барады.

— Дидар, біз неге өмір қадірін білмейміз. Ауырғанда ,ан ескеретініміз не? Европа халқы әр жұма дәрігер алдынан өтіп, қаралып тұрады екен. Шолпан айтты... Біз олардан кембіз бе? Олардай қаралғанымызға дәрігерге ақша төлемейміз де ғой. Дәрігерге ерте көрінудің орнына аурудың асқынуын күтетініміз не? Неге спортпен айналыспаймыз. Құдай-ау, бұл жәй... қызыл сөз емес қой. Кеше бір жас жігіт дүние салды. «Өзінің осы қазір жер жыртып, ұшы-қиырсыз далаға егін салғысы келетінін. Соқа тілінен төңкеріле қалып, бусанып жататын қара күрең топырақты уыстай алып иіскесем. Қызыл арай ертеңгі таңды көзіммен атқызсам... ешқашан жан баласын ренжітпей тек қана жақсылық үшін, қуаныш үшін күресер едім», — деп кетті. Әлі көз алдымда сол жігіт. Сөзіне сендім. Адал айтылған, жүрек түкпірінен шыққан сыр біздерді қатты тебірентті. Неге екенін білмеймін, мен сені есіме алдым. Өзімді-өзім тоқтата алмай ұзақ жыладым. Ауруханаға неге келдім? Маған қол емес қой медсестралық — деп те ойладым. Айтшы, Дидар... Айтшы... Біз неге өмір сүре білмейміз. Бұған кінәлі кім? Ол тіпті жас еді ғой. Иә, өзіміз... Күтінбейміз. Қарғыс атқыр арақты ішіп, сызды жерге жатып қаламыз. Өкпемізге салқын жабыстырамыз. Темекі, ыстық шай...

—Дариға, мұның бәрі болашақтың шаруасы емес пе? Мына сені мен менің, Ертұрлының, Шолпанның еншісіне тиесілі істер. Бip кезде осы тұрған өзің де спорт үйірмесін аштырайық дегенге күлгенсің. Әлі оны қоштап, көтеріп кете қойғандай жігіттер аз.

— Иә, солайы солай...

— Міне, енді сен қосылдың. Көбею деген осындайдан.

Жеңіл мінезді, тәкаппар келіншектің мұншалық өзгеріп, сүйсіндірерін білсемші. Осының өзі неден? Уақыт талабынан ба? Әлде құрбыларының әсерінен бе? Неден? Мен неге өзгермеймін? Ең болмағанда Сапар сияқты көп оқып, бір нәрсе білуге ұмтылмаймын?

Қайталықшы, Дидар...

Мен енді онан тез айрылғым келмеді. Жаныма жа қындық сезініп, Дариғасыз өмірдің сұрғылт күндей кө ңілсіз екенін білдім. Бригада басындағы бұл кеткелі бері жан толғанысымның; сағынып, үнемі біреуді күткендей боп жүруімнің де себебін енді ғана түсінгендеймін. Әйтсе де «сүйем» дей алмадым. Осы сөз аузымнан шыға қалса, оған Дариға тұрғай өзім де сенбейтін тәріздімін. Айтпаған жақсы... Тек армансыз қарап, сүйгеніңнің бойынан жаңа көріктілік, сезім дірілін тындаған абзал.

— Дариға тоқташы... Мен саған келдім ғой, дедім де, қолынан ұстап кідірттім. Ол ай жарығында аппақ, көзі ұялы, тұңғиық екен. Қазір о да жиырмада ғой «Бұ не?» — деп таңданған сәбидей алқызыл ерні ашыла түсті Армансыз қарап, сезім дірілін тыңдап тұра алмадым Құшырлана сүйдім... Демі жетпегендей ол алқынып қалған; екінші ретте құшағымнан шығып кетті.

— Дариға... Мені кім деп ойлайсың?!

— Дидар...

Мөлдіреген көзінен, ернінен сүйе бергем; ол тартынған жоқ. Әлсін әлі дірілдеп: «Сені неге күтем? Кімсің сен маған? Кімсің, а? Айтшы, Дидар, кімсің?. Неге сені сағынам?» дей берді...

Жетінші тарау

Ләйлә есік алдында шыжылдай қайнап тұрған сары самаурынды дірдектей көтеріп кірді Жез табаның үстіне қоя салып қайта шығып кетті Әлгінде ғана даладан жуынып кеп жатқам, ұйқым да қанық. Әйтсе де көңілімнің хошы жоқ. Қазіргі өзімнің тіршілігімді ойлағанда жаным онан әрі құлазып қоя береді. «Жұмыс.. жұмыс. Үй... Қайта жұмыс. Күні кеше мектеп табалдырығын үлкен арман үстінде аттамап па едік? Кім болмаймыз дедік? Инженер, архитектор, артист, дәрігер, мұғалім...Жоқ,мен мұғалімдікті қаламаймын. Инженерлік пе? Иә... Баруға тиіспін. Кімнен кеммін? Сырттай оқуға да болады ғой. Ләйләні түсіне алмаймын. Мектепті жақсы бітірді. Тұрмысымыз жаман емес, ннститутқа баруына жағдай жасалатын еді; бас тартты. Еш дәлелі жоқ. Осы қыздан өлетін болдым. Ертұрлыдай бір сүмелек табылмас дей ме екен. Шын сүйсе күтпей қайда барады. Сен қызды тірі жүрсем, оқытпай тынбаспын».

Даладан апам кірді. Қолында ағаш тостағаи. Шикі қаймақ әкелген сияқты. Дастарқан жайып жатыр.

— Апа...

— Ау?

— Көкем қайда?

— Совхозға... Ауруханаға кетті. Ай, құлыным-ай, көкеңнің де көңіл хошы болмай жүр-ау. Ескі ауруы оны шаршатып тұр ғой. Ауруханаға жатсайшы... Дәрігерлер басынан қарағанды абзал көреді десем тыңдамайды. Қайтейін...Мынау жаңа «қыстауымызды жауып кіріп алалық жер қарада», — деп жүргенім де, сол көкең ауасы кең үйде тәуір болар ма еді дегендік қой менікі, — Апам терең күрсіне маған қарады. — Дидаржан, қарындасың оқуын бітірді ғой. Құттықтау деген ойыңда бар ма? Кеше сен жоқта дарылдаған екі аяқтысымен келіп, әлгі Ертұрлы құттықтап кетті.

— Бригададан келгені ме?!

— Е, онысын қайдан білейін. Кісілігін айтам да. Көп жасағыр, өзі әсем бала... — Ләйлә даладан үш аяқты темір табамен шоқ алып кірді. Жүріс-тұрысында көңілді жанның жинақы, пысықтығы бар. Шолақ жең ақ көйлегі де бүгін ерекше қонымды, о да қуанышты сияқты судыр-судыр етеді. Тағы бір өзгешелік — қарындасым қос бұрымын дөңгелентіп желкесіне түйіп алыпты. Дала гүлінің бір талын шашына қыстырып қойған. Мұның бәрі оның мектеп бітіргенінің белгісіндей мен мұндалап тұр. Көзінің астынан сүзе күлімдей қарағаны да жарасымды. Жайнаңдай сырғып кетіп, тоқтамайтын жанарында ғана қалғандай екен балалығы.

— Аға, қырлықтағы шабындықты бітіріп, совхозға жақын өзен бойына түстіңіздер ме? — деді Ләйлә самаурыннан ақ құманға су құйып жатып.

— Е, оны кім айтты саған?.. — Апам маған тіктене жақтырмай қарады. Жауабымның ерсілігін сезініп, жөткеріне сырт айналдым. Жанымдағы көпшікті қопсыта түйгіштеп, қолтықтай қисайдым. — Иә, өзен бойына түстік...

— Шабындық қалай екен?

«Газеттен келген тілшідей неменеге қадалды? Мектепті бітірмей жатып, мардымси қалғаны несі маған... Керек болса барсын да көрсін. О несі-ай мұқым...»

Тағы да тігіл тіл қатарымды сездім де, сәл үнсіз отырып қалдым. Көпірши көтеріле бастаған іштегі жын басылғандай көңілім қайта сабасына түсті.

— Шабындықта тұрған не бар... Жақсы.. Өйткен жақсылығы құрысын...

— Аға, неге өйдейсіз? Сіздер шапқан шөп...

Ләйләнің сөзін шыдамай бөліп жібердім. Даусым қатты шығып кетті.

— Сен не білесің, ә? Не білесің? Ал, иә, шаптық,, Еңбек ақы алдық... Иә, сонсоң не? Не айтшы?

— Малға азық... Ол ет, сүт деген сөз, — деді Ләйлә ықпай. Апам екеумізге таңдана кезек қарап отыр.

— Атаңның басы азық... Мал қыстауынан жүз елу екі жүз шақырым жердегі маялар азық болар. Ол ертең-ақ қар астында қалады. Көр де тұр. Өткен жылы да солай болған. Мал қырыла бастағанда тасып үлгере алмай сарсылдық па? Сарсылдық... Отар-отар қой кетті ме қырылып? Кетті... Не бітірдік? Түк те... Совхоз директоры партиядан шықты. Жұмыстан қуылды. Көр де тұр биыл да солай болады.

— Болмайды!.. Болмайды! — деп Ләйлә тағы қызарақ тасын-ай келіп.

— Ойбай-ау, сен қайдан білесің? Мықтысынуын. Боқ мұрын немелер... Біз де сендердей ілкі келгенде біраз тыштаңдағанбыз. Кәне нәтижесі? Айтшы, кәне? Мұнан он жыл бұрынғы таз қалпымызда қалдық па? Қалдық..

— Енді қалмаймыз.

— Көреміз ғой.

— Көретін дәнеңелерің жоқ. Сіздер ауыз біріктіріп, күресе алмағансыздар. Өз ойларыңызға сенімдеріңіз мықты болмаған.

— Біздер түк білмегенбіз де, сіздер данышпан боп көп жатырсыздар, ә?

— Жо... жоқ, аға. Сіздердің іштеріңде іс жәйін түсінетін дер бар. Олар батыл айтқан да... Қолдаушы жетпе ген...

— Олар кімдер екен, Ләйләштай, ә?

Несі бар... Білмесеңіз айтайын...

Иә, айтшы...

Ертұрлы, Базарбек қарт, тайқақси берген сіз...

— Ертұрлы? — Мұндай күлкім келмес. Шалқақтай кеп күлсем де, көңілімдегі олқылықтың аузын ашқаннан

ба; үнім бұзылып жүре берді.

— Күлетін дәнеңесі жоқ, — деп Ләйлә түйіліп, үндемей

қалды.

— Жоқ Ертұрлы дегеніңді айтам да. Шабылған шөпті бірден қыстау басына тасып, үстін талдан тоқыған шетен, не қамыспен жауып тастауды ұсынған кім? Білесің бе?

— Сіз... Бірақ нәтижесі қәне? Айттыңыз, қалды. Оның ертең қар қалың түскенде малға аршып беруде үлкен жеңілдігі барын, су өтіп шірімейтінін айтып кімнің көзін жеткіздіңіз? Ешкімнін, де... Бос сөз боп қала барды. Ел сізді «бөспе» деді...

— Менің адал ниетімнің елден алған бағасы ғой.

— Одан артықтың сізге орны жоқ, аға... — Ләйлә мысқылды мырс етті.

— Сенің... Сенің менде жұмысың болмасын білдің бе?

— Жә, жетті! Доғарыңдар енді, — деп апам зекіп қалды. — Совхоздың бар тірлігі екеуіңе тіреліп тұрса да,жетті енді. Бұ несі-ай, арамтер болғандары. Жұрттың жеті-сегіз баласы бірауыз, бұл екеуі сәби күнінде ит пен мысықтай ырылдаспағанын ата сақалдары ауыздарына біткенде шығарды-ау... Оман да анау бітіп қалған үйлеріңнің төбесін жабатын шипыр табыңдар. Анау Сәрсен, басқа бар көмектеспей ме?

— Дүкенде жоқ. Бітіп қалыпты. Төрт-бес күнде түседі дейді ғой рас болса. Сонда алармыз. Сәрсенді айта бересіз оның қолындағы не, әкесінен қалған дүние деймісіз.

— Қой әрі!.. О несі-ай маған кеп, — деп апам жұлқы иа, төңірегін қармана түсіп тоқтады. — Елдің бәрін ақ адал көреді екенсің. Мұқым, о несі-ай... Дағарадай төрт бөлме немене маған керек пе, әкеңе керек пе?! Сен үшін деп жүрген жоқ па? Біз не оны көрімізге әкетеміз бе?!

— Апа... Енді қайт дейсіз?

— Жә, жетті... — Апамның да, біздің де көңілімізді бөліп жіберген терезе алдынан өткен салт аттының тықыры. Ауыздығы сылдыр-сылдыр етіп, аттың пыс қырғаны да естіліп түр. Сәлден соң біреудің жөткірінгені, сүйрете басқан аяқ дыбысы есікке таяп та қалды. Бұ кім? Е Жүсекең екен ғой...

Жүсіп қарт қара күз бен алты ай жаз үстінен бір тастамайтын сұр плащын есіктің қайрылысындағы шегеге іле салып, төрге өрлей берді.

— Жоғарылат... Жоғарылат, құрдас, — деп апам ұшып тұрып, жәпектеп жатыр. Қонақ шалқақтай барып, жаюлы көрпеге шаң-шаң аяғымен отыра кетті. Басындағы шп қалпағын алып, жанына немкеттілеу тастай салды. Әлі үн жоқ. Құнжың-құнжың өзімен-өзі қабағы салбырап, салқындау ғана иек қақты. «Өй, мынау неменеге «кісімсиді? дегендей апама қарап едім, оныма ол ыңғай бермеді. Жүсіп қарт қара мәсісінің сыртынан киген кебісін шешіп, табалдырыққа қарай лақтырып жіберді. Даладан жез құман мен шылапшын әкеп Ләй лә қолына су құйды. Қарт: «Жасың ұзақ болсын», — деп, орамалмен бетін сүртті.

— Біссемелә... — деді де, дастарқаннан бір бауырсақ үзіп жеді. — Фермадан шығып совхозға бет алғаным еді. Үй тұсынан өтіп бара жатып, қайырылмай кеткен ұят қой. Әрі құрдасты көрмегеніме де осы айдың жүзі толды-ау. Бұ тіршілікте адам баласының жұмысы біте ме? Қыбыр-жыбыр... Бір тынымың жоқ. Уф... Ие, құрдас!.. Мал-жан аман ба?!

— Құдайға шүкір. Алла деп жүріп жатырмыз. Неге жаман болсын. Жақсы ғой.

— Е... Күйеуің қайда? Қартайғанда серілік құрып жүрген жоқ па? — деп сылқ-сылқ күлген болды. Құрдасымен ойнаған түрі ғой.

— Серілік құрса қуанар ек та. Ауырып жүр. Совхозға кетіп еді. Дәрі-дәрмек алам, қаралам деп ертеңгі салқынмен шыққан.

— А... Сол ауру да әурелеп қоймады-ау...

— Еркетайың оқуға барады дей ме? Жүріп кеткен жоқ па? Оқыған деген жақсы ғой. Несін айтасың. Құдай берген заман емес пе. Талабың болса, қолыңды қағып жатқан жан бар ма?!

— Е, бұ күнгінің баласы оқу дәмін біледі деймісің, құрдас-ау. Әншейін көз алдау да оның аты. Үш-төрт жыл фермада істедім. Өмір көру керек деген бір пәлені шығарды ғой. Осы біз, өзі құрдас-ау, баяғыдан бері қайда жүрміз? Әлде оқу оқыған жердегілер өмірде емес, жұ мақта ма? Сенің не білгенің бар, ә?

— Е, тәйірі-ай, мен не білуші ем, — деп апам жанындағы ала дорбадан дастарқанға еселей ірімшік, құрт төгіп жатыр. Жүсіп қарт түсінбегенсіп қуланып отырғаны күлім-күлім еткен көзінен көрініп-ақ тұр. Және де бір ғажабы, бұ кісі мені далада кездестірсе жалбалақтап, оны-мұны сұрап, ақылдасқансиды да, үйіме келгенде көзіне ілмей мардымсып, осылайша өз-өзінен ісініп жүре береді. О несі екенін түсінбей-ақ қойдым, Апам да әдейі түсінбегенсіп, бір жағы Ләйлә екеумізге тиіп жатқанына айызы қанып, рахаттанып жүр. Жентектей кесілген тоңзыған сары май мен түннен қалған ащы қуырдақты да әкеп дастарқанға қойды. Апам қонақжай, қолы ашық адам. Бұл жағынан жекжат-жұрағатымыз да күнә таға алмайтын. Әйтсе де Жүсіп қартты сыйлауға аса сараң еді, қазіргі ақжайсаңдығына түсінбей дал боп отырмын. Әрі неге екенін білмеймін екеуі де Еркенің ұзатылғалы отырғанын ауыздарына алмайды.

Жүсіп қарт әдетінше шақпақ қантты тістеуікпен ұсақтап қойған, бұршақтай әр түйірін тілінің астына салып, ыстық шайды терлеп-тепшіп сораптай бастады. Маңдайы қыртыстана, жиырылып жазылады. Дастарқандағы бауырсақтан, не қуырдақтан әлі аузына іліп те салған жоқ.

Өзім шай ішіп болсам, сабыр сақтап., мөлиіп отыра алмай тұрып кететінмін. Апам да: «Осы үйдің әкеңнен кейінгі азаматы өзіңсің, селтеңдей бермей, дастарқан басында орнықты, салауатты жан» болуымды құлағыма соңғы күндері көп құятынды тапты. Со да есімде. Жүсіп қарттың менімен ісі жоқ, есіл-дерті шай, шүйіркелесіп анаммен ғана тілдеседі, «Әй, осы менің қан-сорпа боп, іпшей-жемей бықсып жатқаным не? Бәрібір мені кісі екен деп отырған бұлар жоқ...» Жүсіп қарт әлі сол шай қызығымен балқып, көзінің ақ еті қызыл тамырланып қалыпты. Ләйлә табадағы қызыл шоқтың табына ақ құманды қоя салып, самаурын суын еселегелі майыса көтеріп далаға шығып барады. Мен де ілесе орнымнан тұра бергем:

— Дидаржан, анау табаны ала кетші. Шәйі суып қалды ғой. Шоқ салып әкелсін, — деді апам. «Маған Жүсіп қарт күліп кетсін дегені ғой. Әйтпесе шоқ салғышты «ала кеті» несі? Абыройымды төккенде не тапты? Сондағысы қонақпен «шаруашылық жәйлі сөйлеспейсің» деп отырғаны. Мейлі ғой. Көп болса: «Бектастың баласы шоқ әкеп, қазан-ошаққа араласып жүреді екен дер» Қайырылып апама қарамастан шоқ салғышты алдым да шығып жүре бердім.

Табаны қазандық жанына қойып, самаурынға ағаш сап отырған Ләйләнің қасына кеп тұрмын. О да менің манағы ашуымнан қайтып қалғанымды сезіп, бұлдана үндемейді. Ойында жалына түссін дегендей де, есе алу жоқ емес сияқты. Қабағы түйіліп кетіпті. Самаурынның қақпағын ашып, қазаннан су құйып жатыр.

— Ләйләштәй... а, Ләйләштәй, — деп иығына қолымды сап едім еркелете, бұрғандай жұлқынып қалды.

— Мені... Мені тағы да келемеждемексің ғой, а? Айттым ғой... Айтқаным айтқан, біздер сіздердей болмаймыз.

— Жә... Жә, болмай-ақ қойыңдар! Тек маған ренжімеші. Мен сені құттықтағалы отыр ем. Анау сүмелек келді де, — дедім еңкейе құлағына сыбырлап, — сөзімізді бөліп кетті ғой. Құттықтаймын сені кәмелеттік аттестатыңмен! Оқу бітірген күні сағат әперем бе деп едім. Тарс есімнен шығып кетіпті. Кешір сен мені...

Ол апам сияқты құлағының үстін жауып тұрған шашын түзеп, көзінің астынан сүзе, мейірлене қарады.

— Құттықтаймын сені, Ләйләш...

Сенімсіздік оты «жылт» етті. Көзі тайқып кетті. Бір сәт тіпті ол мені аяғандай. Теріс қарап тұр. Жауырыны бір уыстай боп, кішірейе түскен.

— Ләйләш... Саған не болды? Ләйләш, қойшы. Ендігәрі бар ғой сенімен таласпаймын. Жыл.. ламашы тек. — Үнім дірілдеп, өзімнің де көңілім босағандай. — Керек пе... Қалаға барғанда саған дәрігер-апайыңның киіп жүргеніндей қара көзілдірік, өкшесі біздей туфли әкелейін а? Не керек, айтшы?.. — дедім бетіне үңіле түсіп. «Ал, бұл қыздарды түсініп көр. Қит етсе жылайды».

— Оу, Ләйлә! Шайың қайда? — деген апам даусы шықты іштен. Ләйлә сасқалақтай асыға қалды.

Самаурынды көтеріп апарыспақ боп едім, Ләйлә бермей өзі алды. Ауыл адамдары еркектің самаурын көтеріп, шелекпен су әкеле жатқанын көрсе күлетіні бар ғой. Ләйлә сонан саңтандырған сияқты.

Ауланың ортасында қаққан қазықтай жападан-жалғыз тұрып қалғанымнан ыңғайсызданып, жалтақтап қалдым. Төңіректе жан көрінбейді. Төбесі әлі жабыла қоймаған жаңа үйіміздің терезесінен кіріп-шығып ақ төс қарлығаштар қалықтай ұшып жүр. Ләйләнің артынша көп кешікпей мен де үйге кірдім. Апам тыжырына, жақтырмай қарады. Қадірмен анамның қазіргі көзінен«айыптауды да аңғарғандаймын. «Әлі бала, осы үйдің зіңгіттей жігіті-ау, қарындасымен бірге қазан-ошаққа араласып боп жүргенін. Ұятсыз неме...» деп, тіпті мен үшін намыстанатын да тәрізді. Бұның бәрін де байқамағанси, бейқам қалыпта төрден төмен, Жүсіп қарттың жанына кеп жайғастым. О да қозғалақтай, қалпағының астынан киіп жүрген қара барқыт ноғай телпегін жаңа көргендей қолына алып, жабысқан қыл-қыбырып тазалап, шүңкиіп отыр. «Қап бәлем сен қартты ма?! Тұра тұр... Машинаңмен пішен түсіріп бер деп бір келмей қаларсың. Монтанси қалуын шіркіннің,...» Іштей қыжылдағаным болмаса пәлендей сыр беріп, күңкілдей қойғаным жоқ. Манадан бері елеусіз, қағажу қалмақтай тұқырайып отырғанымды да енді ғана андағандаймын. Өзімнің қазіргі бишара күйімнен қатты ширығып, бір селт етіп оянғандай болдым. Mынay кісімсіп, танауын көкке көтерген Жүсіп қартты үйден қуып шықсам қайтеді. Кімнің шаңырағында отырғанын білсін деген де ой келді. «Бұған апам не дейді?» Апам әрине менің маңдайымнан ол үшін сипай қоймайды Жер шұқыттың. Дұшпанға таба еттің», — деп ала жөнеледі. Көзім апама түсті. Ол шынында да қонақжай. Желдей есіп жүр. Өз басым Жүсіп қартқа бұлай жалпылдай қоймас едім.

— Әлгі ащы суға қалайсыз, Жүсеке? — деп апам арақ та бермек болған, азар да безер жуытпады.

— Ойбай, атын атама. Құдайым сақтасын...

ІШайдан кейін ет те келді. Етке тойып әбден бабына келген қарт бәрімізге сыпыра ақыл айтып, көсемсіп кетті Әсіресе шүйілгені мен болдым. Ол жүріс-тұры сымнан нағыз жігіттік» түк таппай-ақ қиналды. «Қыз да болса Ләйләнің менен есті екенін, өмірге «ой көзімен» қарайтын уағымның жеткенін айта кеп:

— Тым аңқаусың. Орынды-орынсыз аңқылдай бересің. Жалаңаш батыр болмайтыны сияқты, далаңдап жүгірумен нағыз жігіт аталмайсың. Қу болсаң ғана керексің елге, — деді сұқ саусағын жоғары шошайта, қасын керіп.

— Ағатай-ау, қулықпен жүргенде қай уақытта өмір сүрем?!.

Ләйлә мырс етіп, қымсына аузын қолымен көлегейлей сырт айналды. Жүсіп қарт жағаға шығып қалған балықтай ауа қарманып бір нәрсе айтпақ болды да, аузына ештеңе түспеді ме, қозғалақтай тоқтады. Апам естімегенси:

— Ләйлә, қолға су құй. Сүлгі қайда? — деді.

— Қазір, апа,.. Сүлгі міне.

— Шай қой сонсын.

— Қой ойбай... Қажеті жоқ. Әлі совхозға соғуым керек. Рақмет. Алда разы болсын, — деп Жүсіп қарт бата қып, ас қайырғаннан кейін-ақ жинала бастады

Терлеп-тепшіп үйден шықтық. Жүсіп қарт шойындай aуыр кебісін сүйрете, маңғаздана, төңірекке күн caп қарады. Атын қазықтан шешіп әкеп, көлденең тартты. Тізгінді қолына ала беріп, ұмытқаны есіне енді түскендей еңселі үйге қарап іркілді. Атын қазыққа қайта байлап жатыр. Төбесі жабыла қоймаған төрт бөлмелі үйге сүйсіне:

— Пай... Пай!.. Сәулеттісін ше?! Сәулетті-ақ... Miнe, баспана!.. Құрдас... Құрдас айтқан шаруа жан. Әкең де мен сияқты жалқау ғой. Ел аман, жұрт тынышта ауырып жүргені анау. Көрдің бе, Дидар, қоражайға дейін жылан жалағандай жұтынып тұр. Шаруаны қалай-қалай дөңгелентіп тастаған, ә?

Қайдан келе қалғанын білмеймін, апам жанымыздан табыла кетті. Ол Жүсіп қарттың айналсоқтап, бірден аттанбасын білгендей жайбарақат. Жеңсіз жасыл камзолының ілгегі тұтас түймеленген, бір жаққа жүргелі жиналғандай жаулығын да тартын алыпты.

— Қалай, құрдас?

— Әйбәт... Әйбәт екен. Еншәлла ғұмырлық үй болады, құрдас. Өсіп келе жатқан балаңыз бар...

— Е, әйтеуір осылар үшін ғой.

— Ұсақ малдарды да азайтқансыз ба?! Үй іргесіне алма ағашын отырғызғанбысыз? — деп Жүсіп қарттың тіміскі көзі сырғып төңірегіне тімтіне қарайды.

— Иә... Аздаған қыстық картоп, қияр, асқабақ та салып ем. Шығымы жаман емес сияқты. Асқабақ, қиярларым қол тастай бастады. Жер тырнап кім көріпті... Байқаса... Алдыңдағы малыңның өзі жер екен ғой, құрдас-ау.

— Дұрыс айтасыз, құрдас... Әлбетге... Әлі де білместігіміз аз емес, иә. Дұрыс айтасыз... Екі аттам жерден өтіп жатқан өзен суын пайдаланып, мынау кең дүниені игеруге жоғымыз рас. Бек жалқаумыз... Міне... Дидарлардың жөні бөлек. Бұлар жеріміздің нағыз иесі. — Жүсіп қарт менің арқамнан қолпаштай қағып-қағып қойды.

— Тентек боп тұр ғой. Кім білсін бұларды.

— Балалық деңіз... Балалық. Әлі-ақ зеңгіттей жігіт болады. Орынды айтасыз. Тентек. — Осы қонағым маған ауылдың батагөй шалдарынан гөрі оқыған, ескіше хат танитындардың санатында білімдар саналатын. Және де оның бір бақыттылығы соны өзі де сезеді. «Орынды... Әлбетте... Дұрыс айтасыз... Әйбәт...» деп сөйлеуі де сырттай жылтырай беруге тырысуының белгісі. Көбіне қатарынан қағажу, совхоздың бетке шығарларына жақын жүруінің де негізі осында. «Кішіпейілдік пен білімдарлық қарны тоқ, қалтасы қалыңға ғана жарасады. Мәдениеттілігінен не пайда айына үш қой сойып жей алмасаң», — дегені және бар Жүсекеңнің.

— Е, құрдас-ай, бір бай айтты деп еді қойшысына: Мен осы етті жейін деп жеймін бе. Ел жеп жатқансын ғой амалсыз...» Сол айтқандай жер тырнайын деймін бе, балалар үшін де біздікі. Құрдасың екеуміз мұны қайда апарамыз. Апарсақ та ондағылар алмас, ә?!

Апам да сылқ-сылқ күліп алды. Жүсіп қарттың жымысқы жүзіне көз тастап ап, сабырлы қалыпқа түсті. Үйден көп ұзап, қыдыра алмай жүргенін де шаруа-жайға тіреп, әкемнің аурулығын, бәрі өзіне ауыр екендігін айтты. Әрине, осы күнгінің баласы шаруаға «қырсыз» ғой деп те салды. Шеттерінен шілтиген бірдеңе. Адалсынып шыға келеді. Анау өздеріндей тракторист Сапар деген жігіттің алты бөлмелі үйі, малы барын айтып, қатты таңданысты. «Мына біздікі де анау Ертұрлы сияқты жалаң аяқтың серісі ғой. Онда әйтеуір сылдарлаған тіл де болса бар. Біздікінде о да жоқ» дей кеп:

— Жүсеке-ау, ата мен ана баласына пана жасап, Тұрмысын жеңілдетіп кетсем. Өзім көрген михнатты ол көрмесін, сезбесін ғой. Басқа не дейсің.

— Ие... Оның табанына кірер шөгір, менің мандайыма қадалсын дейді де ата-ана.

— Сөзден сөз шығып кеткесін ғой, Жүсеке... — Апам әңгімені неге созып барады дегендей едім. Енді аңдасам; ол создің ыңғайын баққан екен ғой. Жүсіп қарт та үтірлі жерден ұстата қойса... — Мынау үйге үш-төрт бұрыстық ағаш керек боп, қиналып тұрғанымыз, Жүсеке. Осыған қол ұшын беруге қалайсыз?

— Ойбай... ой, құрдас-ай... Ғафу ет енді... Ал, енді бұ жағынан эһ... — Ол тізгінді тарта ұстап, атына жеп-жеңіл қонып алды. Тамағын кеней берді. Қиналған сиды. — Бұ жағынан ұяттымын, иә... Бере алмаймын. Жауапкершілік деген, құрдас-ау, жаман ғой...

— Ақшасына болса да...

— Ойбай-ay, болса сіздерден аяғанымды ит жесін Қайтейін оны... — Жүсіп қарт бірді айтып, бірге кетіп тұр. Оны өзі де сезер емес. Бар нәрсені жоқ дегеннің қиыны-ай. — — Сол ферманың меңгерушісі болудың өзі мені әбден тойдырды-ақ. Ең арғы төркіні ферманың сиыры сүзсе де, ұяты маған қалады. Әйтпесе қайтейін бермей...

Апама көзім түсіп кетті. Ол мысқылды қараспен Жүсіп қартты әбден састырып, тұйыққа тіреп тұр екен «Бұрыстық ағаш сұрағаны несі? Ол өзімізде де бар емес пе?» деген ой келді маған.

— Жүсіптің аузынан шыққан қасаң сөздің өзі суға түскен тулақтай былбырап, әбден иі қанғандай жұмсарып шығушы еді... Әй, састырдым-ау. Бұ қу аяқтан ештеңе ала алмаған адамның өзі разы боп қайтатын ғой, — деді апам төбесі қалың шөптің арасынан шошаңдап, ұзап бара жатқан Жүсіп қарттың артынан қарап тұрып. Оның сол жақ иығына еркелей асылған Ләйлә:

Апам да қызық... Бермейтінін білсең.. Үйдегі бұрыс жетерлік. Бар тұра сұрағаны несі?! Тіпті адамның намысын келтіріп, — деді бұртаңдай.

— Ләйләнікі дұрыс... Өзімізде жоқ болса бір сәрі. Бар ғой. Артықтың керегі не?

Апам екеумізді қолтық астына ала құшақтап:

— Е, балапандарым-ай, — деді күлімдей. — Мен қазақтан береді деп сұрайым ба?! Бермесе кейін өзі сұрағанда бетіне шіркеу болсын дейім да...

Сегізінші тарау

Сәскелік ауған шақ. Әйтсе де күннің аптап ыстығы әлі қайта қоймаған; ауада бетті шарпыған жалын лебі бар. Көз ұшында сағым бұлдырайды. Ұзақ қарасаң: ай қабақ мұнаралы, зәулім сарайды, небір қаз мойын ертегі дүниесіндегі кемелерді көргендей боласың. Бірде зорайып сағым көлінің бетіне қалқып шықса, енді бірде әлгілер көмескі тартып, жайылып кетеді.

Мынау түйе жон екі белдің аралығында отырған үш-төрт үйлі ауылға салт атты, өгіз арбалы, машиналы ағып-тамып келіп жатыр. Үй сыртындағы мама қазыққа аттар қарама-қарсы байланып; әріректе өгіз, түйе жеккен арбалар доғарылып қалған екен. Қаладағыдай шопандардың «Москвич», «Волга» машиналары өзінше сән түзеп, аналардан алабөтен аруақтылығын сездіре ортадағы алты қанат ақ үйге йек сүйеп, қаздай тізіліпті.

Ауылдан төмен ылдида қазан көтерілген сияқты. Бес алты ошақтың оты көрінеді. Қынама бел ақ көйлек, қара мақпал камзолды келіншектер қыландап жүр. Іргесінде мен тұрған үйдің сыртынан салт аттылы екі әйел өтті.

Бірі жастау да, екіншісі кексе, етшеңді екен. Әңгіме қызуына әбден берілгендері сонша, еріндерін сылп еткізіп қойып, саңырауға сөйлегендей сәңгірлей түседі. Еріксіз құлақ түрдім.

— Бетім-ау, ол төрт атадан қосылар... ілік-шатысы бар адам ғой.

— Е, құдай-ай, — деді еркек дауысты әйел. Аттан түсіп, мама қазыққа байлап жатқан сияқты. «Тә, тә» деп қояды. Етжеңді, көксесі болуы керек. — Қазықбау шалып....е сөйтіп...

Сөзің аузыңда, жеңеше. Айта бер. Ие?..

Құдай солар бір жөн-жосық біледі деп пе ең. Еркек жарықтыққа күле қарасаң-ақ болғаны... емексіп...

— Ай, жеңеше-ай... Иа... Ие?.. — Келіншектің қылығаны күлгені естіледі.

— Ибай-ау, еркек біткеннің бәрі сол. Жылы ұшырай қарадым дегенше пәлеге қалдым дей бер. Біздің қай кезде қолымыз босап, ел қатарлы демалып жүрміз. Малды жайлап, қисайғаным сол еді; көзім ілініп кетіпті. Қай уақ екенін білмейім; ағаң жылқыда болатын... Біреу түрткі деп, ығыстырады..

Ие?..

— Жылқыдан қайтқан ағекең екен деп: «Теке сасы май әрі жатшы» демеймін бе ұйқылы-ояу... — Олар үйдің іргесінде тұрған мені аңдамаған екен. Көріп қалып:

— Көтек!.. — деді етжеңді, еркек дауыстысы аузын қолымен көлегейлеп. Жас келіншек аяғын сыпылдата тез-тез басып, өте шықты. Көзін төмен сап барады. Өңді екеи.

Арғы шеткі... боз үйден сары әйел шығып, қонақтар ды күтіп алды. Жаңағылардың әңгімесін әдейі тыңда ғандай болдым-ау деп енді қысыла бастадым. Төңіректе менің онымды байқағандай жан жоқ екен. Қазандық басындағы әйелдердің өз қызықтары өздерінде; сықылықтап күлгендері естіледі. Күн шығыс беттегі үйдің тасасынан үш-төрт қойды бір бала қуалап шықты. Тойдың малы сияқты. Қазандықтан әріректе күй беңдеп жүргендер көрінеді. Бала соларға қарай қайыр малай бастады. Ортадағы үйден екі-үш жігіт шыққан; олар да балаға ілесіп, бірін-бірі итеріп, шалып қап ойнап барады. Білектерін түрін алған. «Мыналар мал сойып қарық қылмас».

Ат дүсірі көңілімді бөліп жіберді. Жирен қасқа мен жалды, қара көк мінген Сәрсен мен Ертұрлы. Тепектетіп келіп қалыпты. Езулері құлақтарында, ыржалақ-ыржалақ етеді. Әлгінде маған: «жүр, мынау төбенің астындағы ауылдан ат мініп қайталық. Танысым бар» деп еді, ермедім. Сонысына өкінсін енді дегендей екеуі онсыз да басымен алысып, бой бермей тұрған аттарын тебініп-тебініп қалысады. Тізгіндерін шірене тартысып, билетіп жібереді.

— Не қарисың, қарисың,

Қаран көзің талдырғанша

Шақырып неге алмисың, Дидар», —

деді Ертұрлы татарша әндеткен болып.

— Сіздерге қарап тұрғаным ғой.

— Ие... Сенеді деген... соқ... Айтасың-ау. Әй шошқа-ай, — деді Сәрсен Ертұрлыға қулана көзін қысып.

— Көкпарға ма, әлде мүшеге ме? Қайсысына қаты сасыңдар? — Сәрсеннің әзілін елемей, қарсы сұрақ қойдым. Оныма бригадирім қитықтанып қалыпты.

— Һе?.. Саған бәрі бір емес пе?! О, нақұрыс...

— Неге бәрібір. «Бөріктінің намысы бір» деген. Көрші совхоздан да жігіттер келіп жатыр. Оларға екеуің жүріп мүшені де, көкпарды да беріп жіберсеңдер бригадамыздың не беделі қалады.

— Жә, көрерміз. Қайрамай-ақ қой. Жүр, Ертұрлы, атты байлалық, — деді Сәрсен қабағы түксие. Өздері ойла нып қалды. Ат мінгеннің рахатшылығы шамалы, қайта үлкен бейнеті бар екен ғой дескендей, көңілсіз кетті.

Далада көп тұрып қалғанымды енді сезгендеймін. Ыңғайсыздана ішке кірдім. Жігіттер қызара бөртіп, өзді-өзі әңгімеге кетіпті. Бірін-бірі тыңдамайды. Төрдегілер көкесінің үйінде жатқандай қолтықтарына бір-бір көпшікті жұмарлай басып, қисайып қалған; қыл мойын, алма ағаштың түбірінен ойып жасалған қоңыр үнді қазақ домбырасы да өз орнынан адасып қалған дай, жетімсіреп есік жақта тұр. Көпке дес бермей көкірек қағып, дастарқанды билеп отырған Алматыдан келген қалқан құлақ сары жігіт екен. Мықты орында істейді-мыс. Той иелері, әсіресе, Жүсіп қарт құрмет тұтатын көңілі ояу жігіт көрінеді. «Қыз беріп отырған құданы ренжітуге бола ма», — деп жергілікті қызбалар өздерін тежей ұстап, дүңк етпе дойырлар «ащы суды» қымызша сіміріп жатыр. Сапар да қып-қызыл, бір бұрышта бүрісіп отыр екей. «Қайда жүрсің» — дегендей алия қарады. Оның жанында орын болмағансын мен де табалдырыққа таяу самаурын түбіне, тоқымға бір тізерлеп жайғастым. Тойда төрге шықпадым деп күй таңдап жатуға бола ма.

— Анау кеш келген жолдасқа штраф құймаймысыңдар?! Сонсын ауылдың алты ауызын айтқызамыз, — деді әлгі қалқан құлақ. Жанындағы маңдайы тайқы лау, кертеш мұрынды, көзілдірікті де қалқан құлақ екен. Жолдасы көрінеді, ақын дейді. Ол анадай әңгүдік емес, сабырлы; бірдеңе айтса қыз сияқты қысылып, қызарып кетеді. Жолдасының қылығына күйіп, жер боп отырғандығын таныта күңкілдеп қояды. Бұ жолы ол даусын естірте.

— Қой... Ұят қой. Той жаңа басталып келеді. Ішу қайда қашады. Жүрек жалғап шай ішсін. Даладан келді ғой, — деді.

— Тойға барсаң тойып бар» деген. Ac ішкелі жминалғанымыз жоқ.

— Е, жаңа ғана өзің «естіп жүрген әніміз. Күй деген не?! Әңгіме тыңдайық да», — деп айтқызбадың. Ендігің не?

— Ту... у, осы ақындар-ай. Көңілшексіңдер-ау. Анау құрқылтайдың балапанындай бүріскеннен не әңгіме күтуге болады. Ал, айтшы сен?! Неге үндемейсің? — деді ол Сапарға қарата иек қағып.

Менсінбей ауыздан қағып отырғанына мына күн қақты, қоңыр жігіттердің үнсіз шыдап, мізбақпауларына бір жағы таңдансам, бір жағы намыстандым. Сыйлаудың аты осы деп мыжырайып қала беруге болмайды ғой. Ол — қонақжайлық емес, ездің ісі.

Сапар қанын ішіне тартып алған, сұп-сұр. Мұрны имиіп, көзінде бір өткір ұшқын ойнайды. Ащы мырс етті ол. Әйтсе де сол отырған күйі, мізбақпай қалды. Мұндайда адам еріксіз бойын жинап алып, бүрісті десе жазыла, жайыла түсуші еді ғой; Сапарда оның бірі жоқ. Тіпті естімеген сияқты.

— Жақсы... Әңгіме айт деп қоймадың. Айтайын..Өлең айт дегенде тайынбап ем. Алдымды орап, аузымнан қақтыңыз. Әдепсіз шығар дейін десем, қарамаға оқыған жан тәріздісіз. Оқымасаңыз естіген шығарсыз... Сонау бір көне заманда Эзоп деген сықақшыл өмір кешіпті. Бірде дейді екен сол: «Қасқыр көшемен келе жатса бір ешкі зәулім биік үйдің төбесінде тұр екен. Әлгі қасқырды көріп алыпты да балағаттапты. Әбден жер-жебіріне жете мұқатыпты. Күш көрсеткенсіпті. Сонда қасқыр:

«Е, ешеке-ай, мұны айтып тұрған сен емес, анау орның ғой» деген екен. Сол айтқандайын сізге мені «құрқылтай» дегізіп, тайраңдатып отырған қонақтығы ңыз ғой.

Түсінсеңіз жақсы болар еді-ау; қайдам, тым сырдаң жалаң аяқ бала сияқтымысыз, қалай? — деді Сапар.

Айнала отырған жігіттер күле түсіп, жым болыса қалысты. Тұйыққа тірелгендей күбір-сыбырға көшісті. Шай құйып отырған ақсары келіншек самаурынды еселегелі шыққансып, бір бүйірлей шегіншектеп далаға бет алды. Қонақ жігіт жауыға қарап, үнсіз жатыр. Жығылғанын мойындап, өз күнәсін түсінгеннен айналмаспысың. Әр жерден қонақ қылығына ырза болмаған күңкіл естіледі. «Әулие емес қой. Жүсекең айтты екен» деп бұға берер жайымыз жоқ. Бұл той. Көпке ортақ қуаныш. Ерке кеше оның қызы болса, бұ күнде біздің ауылдың қызығы, қондырғалы отырған құсы. Тойды қыңыр мен қисықтардың мәслихаты деп ұқпасын. Өзінің сөзге тоқтауы жоқ па қалай?! Жеңілгенін білмейтін бір мойын білем. Арақ ішсе не? Ішсін... Ақылын ішуге бола ма екен?! Отыр ғой өзіндей жігіт. Ел дәстүрін білетін адам сөзден ұтылғанда не өлеңмен, не күймен жауап берер болар еді; бұ да, о да жоқ...» Осының бәрін естіп, төмен қарап қалған қонақ жолдасы басын котеріп алды. «Сәл құлақ түріңдерші, бір өтінішім бар», — дегендей қабағымен ишарат білдірді. Толқып, қозғалақтай бастаған дастарқан төңірегіндегілер сілтідей тына қалды.

— Жігіттер, өзіміз екшеліп, бірыңғай кеткен екенбіз де. Арамызда анау ас қамын жасап жүрген қарындастан басқа әйел баласы жоқ. Мүмкін сонан да шығар; тентек суды сілтеңкіреп жіберіппіз...

Шыдамсыз біреулер арадан киіп кетіп, сөзді бөліп жатыр. Омыраулап болар емес.

— Уа, шынында қыздар қайда?

— Әлгінде ғана жауқазындай жайқалып жүр еді ғой.

— Іргелес үйде? Олар өзді-өз отырғаны ма?

— Оу, бұл тойдың ұйымдастырушысы қайда?

— Қыздар бірінің-бірі шашын жұлып жатпасын.

— Ха, ха, ха...

— Жігіттер, қонақ сөзін тыңдатпадыңдар ғой. Cабыр етсеңіздерші. Қыздар келеді. Тынышталайық та, — деді Сапар іліп-қақпа сөздердің бір қалтарысында. Шіңкіл деген даусы салмақты, назды естілді. «Лау» ете түс кен әңгіме біртіндеп барып басылды. Қонақ жігіттің жолдасы Сапарға ырза көңілді көз тастап, батылсыздау тамағын кенеді.

— Той ғой... Артық-кем, білместік болмай тұрмайды. Бәрін жіпке тізіп, таразылай бермейік те. Онан да сонау жаққа шығып қалған ұлы домбыраға — атадан балаға мұра боп өтіп, ғасырлар бойы халқымыздың адал мұндасы, сырласы, сүйініші соған жүгінсек қайтеді, жігіттер?! Ұлықсат етсеңіздер... Мен домбыраны жолдасыма сіздердің аттарыңыздан ұсынсам дейім.

— Уа,ұлықсат. Не сөзі бар оның.

— Тартсын.

— Е, сөйтсін...

Бір сәтте домбыра қолдан-қолға етіп, төрге шығып алды. Қонақ жігіт алқа-салқа омырау ілгегін сап, түзеле отырып жатыр. Екі қастың арасындағы қос қыр тыс әлі жазылмаған; қайта тереңдей, қою қастарды жалғастырар көпір сияқтанып қалған екен. Көк тамырланған аппақ қолының саусақтары салалы, ұзын; қазір домбыра пернесінің үстінде билей бастағанда онан әрі ұзара түсердей көрінді. Ол баптана ақ көйлегінің жеңін шынтағынан асыра түріп, домбыраны қолына алды. Сәл көңіліңе ақау қалған адамнан, жақсылық күте бермейсің ғой. Әрі-беріден кейін оның қолынан бірдеңе келеді деп тіпті де ойламайсың. Домбыраны күйлеп отырған жігіт мұрнын кербездене көкке көтеріп алғанда, мен онан мүлде түңілгендей «осының өзі ақымақ, нағыз қуыс кеуде шығар» деп ойлап та үлгердім.

— Иә, жігіттер, мен мас екем. Ғафу етерсіз, — деді ол немкеттілеу. Әлде маған солай көрінді ме?!

— Уақасы жоқ. Той ғой, — деп мен отырғандардың атынан аса мән бермегенімізді білдірдім. Жігіттерге мұным аса ұнай қоймаған сияқты. Бәрі маған алия қарады. Кейіннің тіпті ызалы, тісін шықырлата қайрағанын да естідім. Әйтсе де... Жалпы көпшілік ғаламаттай шыдамды ғой; бір ғажабы қатені кешіруге сараң, тым қатал-ау, О баста тізгінін тартып, қиястыққа жібермей қайырмалап отырса ғой мұндай күйге түспейді, еркін тайраңдатып есіртіп, ойына келгенді істетіп ала ды да, тоқпақпен ұрғандай бір-ақ тоқ еткізеді. Менің қазіргі кешірімшіл сөзім, оларға түрпідей тиіп, беделін түсіргендей болды; опасыздық істегендей көрінді.

Қонақ жігіт өз жағдайын енді түсінгендей; кербездік пен паңдықтың орны бұл емес екенін білген жан тәрізді қып қызыл боп кегті. Бір сәт домбыра пернесінің үстіндегі сұқ саусағы дірілдеп, икемі қашқанын аңдағандай болдым. Бұ да мүмкін маған солай көрінген шығар?! Ол жүрексіне тамағын кенеді де: «Түркештің байжұмасы — деді. Даусы мүлде естілмеді.

— Не дейді?

— Түркеш дейді ме?

— Несі Түркештің?

— «Байжұмасы», — деп елеңдесе бастағандарды Сапар қайырып тастады.

Күй ойдағыдай тартылмады. Тыңдаушылардың көңілі толыңқырамай, кейінің тіпті қоңылтақсып: «бәсе, мұнан не күйші шықсын-ау» дегендей жымың-жымың еткендері сезілді. Самаурын түбінде отырған келін шек шыныаяқтарды шылдырлата, дастарқандағы бауырсақ, май, қуырдақты алып жинастыра бастады. Даладан кіріп-шығып жүрген балаға шетінен беріп жіберіп жатыр. Ac әкелетін уақ болған білем, — дас тарқанда соған орын дайындалып қойылған тәрізді. Қонақ жігіт тершіген маңдайын жан қалтасынан орамал алып асықпай сүртті. Жанындағы жолдасына қарап бірдеңе деп тіл қатты да:

— « Адай», – деді.

Төгіле жөнелген қызу қанды дала күйі әлгі бір ет пен терінің арасында қалған құрыс-тұрысты жазып, сал бөкселене қисайып-қисайып жатқандарды тірілткен дей. Тірі аруақ сияқты ауыздарын ашыса орындары нан өре түрегеліп келеді. Әлгінде ғана бойкүйездене манаураған қиық қара кездерге енді ток жүгіргендей жылт-жылг ете жанып, танау желбезектері желбіреп барады. Осы қазір отырған жігіттердің бәрі дастарқан басынан ұзап, астарында бір-бір сәйгүлік айдалада қарсы соққан жел құзға қарамай құйғытып кеткендей. Қай жартастың, қай өзеннің, қай белдің астында телміре қарап жаудыр көздер тұр екен. «Апыр-ай, олар да жете бере аттан домалай түсіп: — Дариға, жаным... Көп күттірдім-ау... Кешір... Кешір жаным», — дер ме еді. Иә, сөйдейді ғой...

— Па!.. Па!.. Жаса жігіт!

Бәрекелді! Міне, күйші керек болса!..

Осылай тарту керек!

Жігіттер бір сәтте бәрін ұмытып, жарыса мақтасып кетті. Күйші қонақ та мойнынан ауыр бір жүк түскендей жайраңдап отыр. Тілі жүйрік досы да көптен қалмай мақтап жатқандай: құлағына аузын тақап сыбырлайды да, арқасынан қағады, «халық деген де сәби мінезді ғой Сынауы да, жұлдыз боп жануы да сәл нәрседен» дейтін шығар. Өйткені күйші тез келіскендігін білдіре басын шұлғиды Мынаны қарашы. Тұрысын есік аузында. Ac алдында қол жуғызғалы ішке кірген, ысқыаяқ қара балада үн жоқ; аузын аша аңырая қалыпты. Манағы қой қайырмалап жүрген бала. Екі көзі күйшінің қолында. Дастарқанды жиыстырып жатқан келіншекке көмектесуді ұмытқан. Тіпті естімейді. Жылан арбаған торғайдай тура күйшіге қарай бет алды; қолында жез шылапшын, ауыр шойын құман. Иығына орамал асып алыпты. Жігіттердің әзіл-шыны аралас, қызықтай қарап: «Қалай, Мұрат, сенен жақсы тарта ма екен» дегеніне жауап та қатқан жоқ; күйшіге орамал беріп елден бұрын соның қолына су құйды. Сапар да манағы өзінің қақтығысы неден болғанын түсіне алмай отырғандай...

Ет те желінді. Күйді ән алмастырып; қабақ, кірбіңі де жазылып қалған. Әзіл де әр жерден туындап, ағаш арасынан соққан самалдай желпіндіріп тастап отыр.

Күйші жігіт әне бір біз ойлағандай ақымақ та, тәкаппар да емес екен. Өзіне біткен бір ит мінез бе, қалай? Ілкіде паңдана кергіп, менсінбей: «е, бұларды қойшы», — деп ойлаған да шығар... Аяғын кім шалыс баспайды!.. Кім адаспайды?! Қазір міне... Жарқылдап отыр. Ақ көңіл адамның аңқылдағы білем өзі...»

— Жігіттер, қыздар келмеді! — деді даладан аптыға кірген қара бала. Оған ілесе Сәрсен мен Ертұрлының басы көрінді.

— Неге?

— Не жазыппыз? — Жігіттер елендесе, жамырай сұрады.

— «Бықсып үйде отыруға келгеніміз жоқ. Шықсын өздері. Қыздар палуан күресін көргісі келеді де. «Қыз қууға» аттарын дайындасын», — деп жіберді.

— Е, бұ да жөн. Шығалық, жігіттер. — Сапарға ілесе өре түрегеліп, бәріміз де далаға шықтық. Күн манағыдан гөрі салқын. Желкемдеу ме, қалай? Ауыл төңірегіне қара құра көбейіп, аттылы-жаяулы сапырлыса бастаған тәрізді. Күйеуді қалыңндығына жаңа ғана аттандырыпты. Түн жарасы ауа әкеледі. Неге өйтетінін түсінбейім. Осының бәрі күйеу мен қалыңдық үшін істеліп жатқан жоқ ма? Бұл шынында өмірде бір-ақ рет болатын солардың қызығы емес пе.

— Дидар... Ей, Дидар!.. — Сәрсен мен Ертұрлы. Ыржалақтап күле береді. «Неменеге күледі?»

— Әй, Дидар... Сен Еркені қимайсың-ау деймін ә?! Білдірмегенсисің... — Ертұрлы мысқылды езу тартты. — Қимайсың? Неге? Сүйсем бір сәрі. Менікі тек жәй сыйластық еді ғой...» — Жә, айтпай-ақ қой. Қысталамаймыз, — деді ол менің ойымды бөліп, өзі Сәрсенге ере дарақылана күлін жіберді. Бетіне тіктене тура қарадым.

Оның езу тартқанда оймақтай шұңқырлана қалатын екі беті де, бейкүнә сәби көзі де, тіпті әр кез жылтырап, бұйралана желбірейтін әсем шашы да осы сәт жиіркеніш туғызып, өзінікі емес; қолдан жапсырып, бояп қойғам алдамшы жылтырақтай жексұрынданып бара жатты. Жазық маңдайынан түскен қыр мұрыны да шолақ, сәңкие қалғандай. «Ләйлә мұның бірде-бірін көрмейді, ә?!» деп қарындасыма да іштей ызаланып тұрғанымды енді ғана сезіндім. — Жә, сұстануыңды қойшы-ай. Сен онан да анау жазыққа көз сал. Қалай?..

Күрес пе?

— Иә... Бұ күнде ақсақалдар жомарт. Алды елу, арты жиырма бес сом жыққанға. Кәне кеттік.

Ауылдың күн батыс бетіндегі көк жазықтағы халық қомақты-ақ екен. Асыға басып солай шыққандар да аз көрінбейді; аттылы, жаяу, топ-топ кетіп барады.

Е, несін айтасың. Еркенің тойы мықты болғалы тұр ғой.

— Мықты бәйгіге түспейсің бе, Сәрсеке Ақшаны сүйем деуші ең. Әлде бұ жерде оңайлықпен қалтаға құйылмайтынын сеземісің?

— Неге кіржіңдей бересің, Дидар? Нақұрыс-ау, осы сенің маған ұрынатын жолың жоқ қой. Ақшаны жек көрсең жұмыс істемесейші, шошқа-ау. Мен де өзіңдей, ақ, адал маңдай теріммен тауып жүрмін. Сондықтан да сүйетін шығармын, оның не айыбы бар?

— Мен саған «тауып жүрген» ақшаң арам дедім бе Сәрсен?

— Жоқ, ә...

— Ендеше несіне ақталасың?

Ол үндемей қалды.

— «Сезікті секірер» деген ғой. — Ертұрлы ойын-шынды аралас іліп түсті. Сәрсен мұндай қатты әзілді күтпеді ме, жалт қарады. Іштей түйлігіп, тыжырына қалса да, сыр бермегенси: «Ой, нақұрыстар-ай, оңбайсыңдар», деді күлген болып.

Күрес көрушілердің арасына бірден кіре алмадық. Халық шеңберлене иін тіресіп тұр екен. Ине шаншар бір бос жер жоқ. Салт аттылардың өзі үзеңгі қағысып, тығылыса түскендеріне қарап, күресті көруден біржола күдерімді үздім. Ортада кімнің жығып, кімнің жығылып жатқаны белгісіз; тек ауық-ауық сығылысқан топ гу-гу ете қалады.

— Сәрсеке, мынадан бірдеңе көріп жарытпаспыз. Көк парға баралық, — дедім. Жігіттерді еліктіріп, делебесін қоздырмақ болғаным ғой. Онымнан дәнеңе шықпа ды

— Е, шынында... сөйтсек қайтеді-ай. — Сәрсен елп етіп көне қалған; Ертұрлы қасарып, қыңыр тартты да тұрды.

— Кәне... Еріңдер соңыма. Уә, палуанбыз!.. — Ертұрлының өтірігі екеумізге де ұнап кетті. Жол да оп-оңай ашыла берді; тиіп кетсең ұстаса қалғалы тұрған, бірлі жарым қисық мойын пәлеқорлардың өзі де бізге күлген мен жылағанның арасындағыдай бір әлем-тапырық шырай көрсетіп қалып жатыр.

— Палуан табылды?

— О кім?

— Қайда?

— Е, мынау ма?! Денесі бар екен.

— Иә, тұлғалы... Жас қой?

— Дәнеңе етпейді. Жығылса жер көтереді...

Көптің осынша қолпаштауын ілкіде түсінбеппін ғой Тіпті оған мән берсемші. «Е, күресті көретін болдық-ау әйтеуір» дегендей көңілімде бір тоқтық бартын Байқайым... Көпшілік Ертұрлыны да, Сәрсенді де көзіне ілмей, мені қарауылға алыпты. Бергі шетте тарғыл шапанды, иістен қалпақ киген бір қарт тұр. Сұқ саусағын шошайтып шақырады.

Балам, бері... бері кел. Неге кідірдің? Кел..

Мен бе?..

— Иә... Иә, сен...

Енді байқадым; ортада бұқа мойын, төрбақ біреу тұр. Әлгі ақ көйлегінің оң жақ жеңін қара шалбарының ышқырына қыстырған, бір қолы жалаң; жұп-жұмыр иығын, бұлтылдаған тас қауындай бұлшық етін көрсеткелі әдейі істегендей. Сол жақ жеңін шешпепті. Өңір ілгегі ағытулы, бұйраланған төс жүні көрінеді. Етекті, жалпақ мұрыны да, іркілдек беті де ірі. Иегінің өзі кереқарыс. Тек төбесі шошақ, шот мандай екен. «Ойбай-ау, мені осымен шығады ден қалған-ау, а?! Мынаумен ұстасқанша дарға асылсам ше еркіммен. Көтеріп алып ұрар болса, қолымның қайда, басымның қайда ұшып кеткенін білмесеіндер. Өле алмай жүрген мен жоқ. Қойыңдар әрі тәлкектеріңді...»

— Әй, жігіт, сені шақырып тұр ғой. — Арт жағымдағы адамның даусын естігенім болмаса, бұрылып қарамадым да.

— Кім?

— Мәс... саған:.. кім дейді-ай.

— Мәңгіріп қалған ғой.

— Қой мынау күресіп ештеңе бітірмес.

— Барсаңшы-ей!..

Сасқалақтай шегіншектеп: «Мен ойнап айттым. Күресейін деген тіпті ниетім жоқ» дей бердім. Жауырыным шып-шып терлеп кетті. Біреу артымнан тістене, бар күшімен ілгері итеріп жіберді. Күңк еткені де естілді.

— Намысың қайда?! — деп еді; Ертұрлы екен.

— Ойбай-ау, мынауың күреспейім дейді ғой.

Естіп қалыпты. Әлгі бір шақпа дауыс.

— Ха, ха?.. Палуанға жарыдық-ау, ә?!

— Үрпиуін...

— Жігіттер, қараңыздаршы... Жіп... періп қойып жүрмесін. Талтайып тұрысы келіспейді екен!..

Айналам ду-ду ете қалды: темекі ысынан сарғыш тартқан тіс, ашылған ауыз, кетік тістің арасынан жылтыңдай көрінген қызыл тіл, әжімді тарғыл бет, жұмылып бара жатқан көз бәрі... бәрі төне кеп, тайқи жөнеледі. Басым айналып, бір сәт құлағым шыңылдап кетті.

— Тиышталындар... Уа, халайық, тиышталыңдар. Ес тіртиедіңдер ғой! — Шынашақтай ақшұнақ шал құлақ түбімде тұрып шар ете қалды. Даусы не деген ащы еді; бір түрлі тұла бойым тітіркеніп, еркімді билеген үрей ыдырағандай болды. «Қара ағаштың жапырағындай осыншалық қалтырап маған не көрінді? Бала күнімнен үйренген күрес емес пе?! О да мендей-ақ адам». Өзімді-өзім жігерлендіріп, намысқа ұра бастағанымды сезіндім. — Шырақ. шығамысың?..

Жұрттың дабыр-дұбыры басылмай мына қарттың есі ауып екіталай шығар деп едім, жоқ олай болмады. Құлағының мүкіссіздігін білдірді.

— Уа, палуан шықты. Жыққанға жиырма бес сом Жібек орамал түйілген. Тағы кім бар?

Жоқ... Табылды ғой. Күресе берсін...

Ақшұнақ шал жетектеп ортаға шығарды да, жанынан қалмай жүрген елгезек жігітке иек қақты. Ол жүгіріп кеп, менің беліме бостау қып белбеу байлады. Ондағысы палуан бір-бірінің белінен ұстағанда қол-ұшын батырып, заңсыз әрекет істемесін дегені ғой. «Намыс қайда?.. Намыс қайда?» деп бір үн... Ертұрлы үні тағы да құлағымда күмбірлей бастады. Ұп-ұсақ діріл бойымды қытықтай, шымырлата тұтас алып барады. «Тағы да қорыққаным ба? Өлім-ай...» — Қорға сындай ауырлай қалған аяғымды зорлана көтеріп, дәу палуанға қарсы жүрдім. Айнала тым-тырыс. Шыбынның ұшқаны білінердей; мұның уақытша екенін, ұстасып бір-екі жұлқысқаннан кейін тіптен күшейіп, белең алып кететінін білем. «Қазір тек сол айқай-ұйқайдың алдында жығылмау керек...»

Мына палуанның мұрыны етекті, жалпақ емес; кең іріктігі батыңқы екен. «Жасыңызда көп төбелесіп не едіңіз? Соққыдан болған-ау, шамасы. Әйтпесе неден?» деп бір сәт сұрағым да кеп кетті. Оның мысқылды езу тартып, төңірекке тәкаппарлана қарағаны бұл ойымды жуып-шайып, жынымды қоздырды: «Қарай көр, тіпті баласынады-ай. Өзі кеп ұстасын белімнен; жығып үлгерем ғой. Кішкентай да болса тайраңдап қалсын деп маған кеңшілік жасаған сиды ма, қалай...» Құлағымдағы күбірдің де, өн бойымды билеген ұп-ұсақ дірілдің де қайда кеткенін білмейім; денем жеп-жеңіл біртүрлі қуанышты сияқты. Сонау бір жылдары, ұмытпасам ол кезде екінші класта оқып жүрген шағым; көкем ойнақшыған асау атқа мінгізіп: «Әне бір көрінген төбеге шауып барып келе қойшы. Мінгіз деп болмадың ғой. Құласаң тізгін ді таста», — деді. «Жүрегім лүпілдеп сескенсем де айтқанын істедім. Онда да нақ осындай жеңілдікті сезініп, кешке дейін, алам қозыға жұмсағанша қуанып жүргем...

— Ауп!..

О, бәрекелді...

Жігітім-ау, қимылдасайшы!

Палуанның қолы қатты екен. Белі де мықты. Нағыз қара қайрат Амал не, әдіске жоқтау Бойының аласалы ғынан қорынып, бөксесін бұлтыңдата өрлеу жерге қарай бұра береді. Бар амалы жамбасқа алу. Соған бейімдеп, оң иығын ішке тартумен әлек. Оның сол ойын біле қоям да белімді бермей, аяғымды кейін тастайым. Қайыстырып әкеп, орап шала ма деп едім оны істемеді. Енді бірде жамбасына түсіп-ақ қалғам; аяғымды сарышұнақтың ініне тығып алып абырой болғаны.

Дүниеде етшеңді адаммен күреспеу екен қызығы. Бес минут өтпей көлкілдеп, быршып кетті.

Уа, жүріп алдыңдар ғой!

Болсандаршы...

Мына екеуі бір-біріне ғашық боп қалғаннан сау ма?

— Әй, шынында солай ма дейім. Қарашы... Қарашы жүрістерін, деп зеріккен көп іліп-қағып күліседі. Әзіл қамшы болды ма әлде менімен жүріп алғанына күйініп кетті ме; манадан аңысын аңдап, артық қимыл жасамай жүрген палуан аяқ астынан бұзылып, жұлқа жөнеді. «Ай енді өлген-ақ шығармын» деймін сақтанып Сөйткенімше болған жоқ, өзіне қарай жұлқа тартып кеп қалды. Жалт бердім. Қайта айналып соқты. Ойланып қарсы әрекет істеуге мұршамды келтірмей, тал шыбықтай бұралтып, белімді қайыстырып барады. Жан дәрменіммен, жігіттермен алысып-жұлысып жүргендегі әдетімше, іштен орай шалып кеп жібердім. Кескен томардай ол шалқасынан гүрс ете түсті...

Айнала у-шу, азан-қазан. Өзім де аң-таңмын. Сенер сенбесімді білмей, оның үстінде, әлі жатырмын. Кеудемнен итереді, тұрмаймын. «Ауыл арасының атақты палуанын жыққаным ба?! Осы рас па?!» Сәрсен мен Ертұрлы жүгіріп кеп, қолтығымнан алды. Көтеріп кетті. Ақшұнақ шал да бір жағымнан демеп, арқамнан қағады. Қолтығыма қызыл жібек орамалға түйген байрағын да қыстырып үлгеріпті: күлім-күлім етеді.

— Жарайсың, балам! Өмір жасың ұзақ болсын!

— Уә, жаса жігіт!

— Дидар... Дидар!

— Өркенің өсіп, көсегең көгерсін! — Алғыс жаудырып, шығарып салғандардың дені біздің совхоздың адамдары. Жүздері жайдары, қуанышты.

Қатты қуандым. Дүниеде осы қазір менен бақытты кім бар? Жалпы ондай адам бар ма өзі. Сәрсен де, Ертұрлы да төбелері көкке жеткендей арсаландап келеді. Біз күрес боп жатқан жерден ұзап та кетіппіз.

— Қайда барамыз, жігіттер? — дедім.

— Тоқта... Дидар... Әй, шошқа... Мына нақұрыс естімейді ғой, тіпті... Сен анау орамалды ашшы?! — Сәрсен сенімсіздік сездіріп, байраққа күдіктене қарады.

— Керегі не? Қой, Дидар, салып қой...

— Құдай біледі әлгі шал... алдауы мүмкін. Жиырма бес сомның орнына байқамаған боп жиырма төрт қыстырып жіберуден жүзі жанбайды шошқалардың, — деді Сәрсен Ертұрлыға болмай.

— Әй, оның ішінде бір-ақ сом. Ал сонда не? Әңгіме ақшада ма екен?! Күресте жығып кетіп, жеңіске жетуде емес пе? — Ертұрлы оңбағансың дегендей қолын Сәрсенге бір сілтеп, сырт айналды.

— Па!.. Жомартын... Әй, нақұрыс-ау, — деп келе жатыр еді ол, мен орамалды ашып керсете қойдым. — Е, енді әңгіме жоқ... Дұрыс... Әй, осыны мен түсінбейім-ай...

— Елу жылда да түсінбейсің...

— Жә, Ертұрлы... — Meн оның иығынан қақтым.

— И... и, мұны да бригадир... адам дейміз-ау. Қазан қырғыш сияқты қаспақтан өзге ойы жоқ.

— Оһ, ойшыл-ай. Сүдініңе болайын, — деді Сәрсен шырт-шырт түкірініп.

— Оу, жігіттер, «көкпарға» бармаймыз ба? Ел солай қарай бет алды ғой, — деп едім, екеуі де үнсіз ілесе берді.

Көбіне-көп «көкпар» ауылдан сыртқары, кең жазықта болатын; бүгінгі тойда да үлкен қос жотаның оңтүстік бетінен сондай орын табылған білем. Екі төбенің басында екі ауылдың ақсақалдары. Шарт жүгінісіп отыр. Етекте екі топ: сәйгүлік мінген, қайратты, өр, айлакер, ат құлағында ойнайтын бес қолдың саласын дай жігіттер. Аралары екі шақырымдай. Қақ ортада «көкпар» жатады.

Ақсақалдардың бірі белгі берісімен екі топ «Көкпар ға» ұмтылысады. Кім бұрын жетіп, ұстатпай, не тартып алып жеткізбей өз жағының ақсақалына апарса, көкпар соныкі. Жігіт төбе басындағы ақсақал дардың бәріне емес біріне:

— Бәкеңе! — деген сияқты атап тастауға тиіс.

Қарт ырзалығын білдіріп, орнынан тұрып кеп сыйлық береді. Әрине «көкпарды» әкету оңай емес, оны кейде кешке дейін де тартысады...

— Ой, сен тағы не ойлап кеттің, — деді Сәрсен жеңімнен ұстап. — Жеңісті қалай жусам деп қиналып келемісің? Е, оған қам жемей-ақ қой. Жөнін табармыз... Мә, ана Сапарға қара. Құлдыраңдап келеді. О, шошқа...

— О, құттықтайым!.. Дидар, жарайсың! — деді Сапар ентіге. Есіте сала жүгіргені көрініп тұр.

— Қайда жоғалып кеттің. Сені табалмай қалдық қой.

— Ойбай, Дидар, мен совхозға барып қайттым. Машинадан түскенім осы.

— Жәйша ма? — Сәрсен құлағын түре қалды.

— Арақ, шарап әкелісе қой деп еді Жүсекең .

— А... Досың екен ғой. — Ертұрлы да қарап бір тұрсайшы.

— Ауылдың кіре беріс шетінде екі машина соғысып қа лыпты. Біреуі «Волга» екен. Алды мыж-мыж...

— Ту... уф, маған айтатын кісісің-ау, — деді Ертұрлы күлімдей.

— Нені?

— Соғысатын жерін... Ертерек барып отырып көретін.

Ертұрлының қалжағына күліп алдық. Мен бір түрлі мас сияқтымын. Күле бергім келеді. Сапар көңілсіз деу; жүзінде мұнды көлеңке бар. Зорлана күлген болады.

— Еркелерге қарамаймын мен, Дидар. Қазір кетем, — деді ол сәлден соң, мені жігіттерден бөлектеп, оңаша шығарып. Қимай қатты қиналып тұр. Аяп кеттім. Иә, оңай емес.

— Тоқтай қалындар, анау кім? Дариға ма?.. Жігітті танымайым. Аты жақсы... Мүйіздей қатқан екен, деді Ертұрлы лепіре Сапар менің қолымнан ұстай алды;

Мен таныдым, Дидар Анада екеуміз көретін төбе десқұмар жігіт «Шайханада» жылқышыдан таяқ жейтін Есіңде ме?

Иә, сол...

Дала маужырап, тыныстап жатыр. Бетінде ақ кіреуке бар. Селпірете түтіп, қол созым биікке біреу әдейі іліп қойғандай төмен түспей, не көтеріліп кетпейді. Түбіттей ұлпа жоғарыдан қарап тұрғаннан ба; әлгі әйелдердің мойнына оралып, жібек шарф сияқтанады. Әне аналар да ақ торғынға оранып барады. Ортадағы көгілдір қынама бел көйлекті, ақ косынкалысы Дариға. Top қасқа аттың үстіндегі қамшысын шошаңдатып әзілдегенсиді. Аты билеп әйелдердің алдын орайды.

— Кеше менен: «Еркенің тойы жаңа жылда демеп пе еді; бұ не асығыстық?» деп сұрайды шошқа. Мен тап бір сол қыздың әкесіндей-ақ, Сәрсен өз-өзінен қиналып келеді. Дариғаны өлердей жек көреді. — Жігіт мүше алған ғой. Көрдіңдер ме қипақтап, Дариғаны айналшықтап жүргенін. Әне берді... Алды-ай...

«О, опасыз... Қадір-қасиетсіз. Сүйем... Сүйем дегенің сүмдығың ба еді? Көңілімдегі бір сәуле сөнгендей болды». Жанқалтамнан шылым алып, тартпақ боп сырт айналдым. Сіріңкем лып ете сөніп қала береді...

— Дидар!.. Дидар!..

Бәріміз аңтарыла тұрып қалдық. Ат тұяғының дүбірі естілген, енді өзі де көрінді.

— Бұ кім? Ләйлә ғой?! — Жатағандау қара байыр атпен шауып келе жатқан ақ көйлекті, жалаң бас қарындасымды көргенде жүрегім бір жамандықты сезгендей суынып қоя берді: «О да жаңа естіп, құттықтағалы.. Жо... жоқ, ол бұлай етпейді». Қарсы ұмтылдым.

Ләйлә... Не болды?

— Көкем... Көкем хал үстінде..

— А?.. Жігіттер... — Есім шығып кетті. Көптен денсаулығы жоқ әкем соңғы күндері төсек тартып қалған. «Кеткен екен... көре алмағаным ба ақырғы көз жұмғанын», деп шошындым.

— Дидар, мотоциклді ал!.. Анау үйдің жанында, өздерің әлгінде отырған, — деді Ертұрлы асықтыра... — Бар... Барсайшы енді...

Көкем төрде жатыр. Бас жағына екі жастық сап, кеудесін көтеріңкіреп қойыпты. Мен кіріп келгенде жалп ете қалған май шам жыпылықтап қайта жанды. Тып-тыныш бөлме ішінде жүдеушілік, шаршағандық бар. Кровать басында ілулі тұрған бет орамалдың көлеңкссі де қабырғада үлкейіп, бүкшиіп отырған, мойны шілдей, жүдеу, теке сақал шал сияқтанады.

— Дидар, келдің бе?! Келші, — деді көкем. Үні күмілжи, анық естілмеді. Апам кіріп-шығып жылап жүр. Ләйлә қайта-қайта қолтықтан: «Қойсайшы» — дегендей болады.

— Неке, қалайсың?

— Тәуірмін... Сені күтіп жатырмын, Дидаржан.

— Олай демеші, көке...

— Жаным... Дидарым менің... Анау апаң мен қарындасыңа қара. Ренжітпе.. Адал бол...

«Әкемнің дүние салатынына көзім жетті. Ол сөйлеп жатқанда менің көңіліме үрей ұялап, жалғыз қалам-ау. Сонда мынау апам мен Ләйләнің жәйі не болады, деген ой келген жоқ. «Қалайша?.. Көкемнің ақ еті сәл сарғыш тартып, мұнарлана бастаған кезі, мынау қысқа, сирек кірпіктері айқасып мәңгі жабыла ма? Мәңгі...Қайтып ашылмайды. Қалың қара шашы, мұрты, сақалы үгіліп түседі... Жүзін топырақ басады. Сенбейім... Олай болса... неге дүниеге келді? Неге қиналды, күлді, жылады? Дос, дұшпан, таныс, бауыр не сен үшін? Әділет, адалдық... бақыт, даңқ... Қорлық, қиындық... Азап... — Махаббат... Бәрі... Бәрі қалды, а...»

— Дидаш, бүгін нешесі?

— Сегізі...

— Сегізі? — деп ойланып қалды. Әлсіздіктікі ме, білмеймін, әлсін-әлі көзі жұмып жатады. — Сегізі... Сонау кеп су келетін жылы екеуміз моторлы қайықпен барып едік-ау

— Өзеннің бұрылысы ғой, көке.

— Е, сол...

— Білем...

— Сол жерде... жағадан үш метр ортасына қарай қайраң бар. Жан баласы білмейді. Ертең, не арғы күні тіптен тайызданады. Маяк қоя салшы. Бүрсүгіндері пароход өтеді ғой.

— Жақсы, көке...

— Уф... жазылам білем, жеңілдендім, Дидашжан. Шаршадым... Мызғиыншы... азырақ...

Ол күні жел тұрып өзен бегі қатты толқығанда жоқ Тып-тыныш, түк болмағандай жарқырап жатты. Сүп-сүйір, ұзын қара қайық та темір шынжыры сылдырлап жағада иесін күтіп қала берді. Әлгінде ғана көкем түсіп үйге шай ішкелі кірген тәрізді ескегі де алынбай сол күліп тұр. Тек ақ шағала үні күндегіден басым, өздері көп сияқты, «шаңқ-шаңқ» етіп қалықтай ұшып жүр. Көкемнің мына қайыққа енді қайтып отырмасын бір солар сезінетіндей. «Тегі мен қатты болуым керек. Туған әкесіне жыламаған адам тас жүрек қой...» Арада қырық күн өткенде ғана... қатты буралған домбыра шегіндей шырт үзіліп кетіп, ұзақ жыладым. Өзімді-өзім тоқтата алмадым.. Бұл не? Не болды маған?..

Ыстықта масаның қанаты күйіп ұша алмайды дейтін. Мына масалар көк ала қойдай қып сойып салды. Әрі су да таусылды; түскі тамақты әкелмек боп қос басы да кеткен Сәрсен әлі жоқ. Анау аспазшы қатынмен қылжақтасып отырған шығар. Канистірімдегі суым да таусылыпты. Қаншаға жетсін... Кешегі су емес пе? Бүгін құйып алу «тарс» есімнен шығып кетіпті ғой.

Көз жетер жерде көлеңке болғандай бір шыбық жоқ. Айнала тұп-тұлдыр. Көкжиек ақтаңдақтанып түр. Әріде сағым ойнайды. Кейде қара қошқылдана адасып жүргем даланың тентек құйыны да бой көрсетіп қалады. «Шіркін, бір ұрттам су-ай. Сылқылдата жұтар салқын қымы» болар ма еді... Базарбек қарт та тоқтады білем. Сапар мел Ертұрлы әлі жүр. Сулары таусылмаған ғой. Сапарды білмейім Ертұрлы шөлге шыдамды. Мендей емес Ойбай-ау, су Бекеңде... Иә.. Иә, сонда бар. Ол көп ішпейді. Әрі ұқыпты. Күнде жаңғыртып құйып алын отырады. Шабындыққа келісімен біздей емес ол ерінбей канистрін жерге көміп қояды. Біздікіндей қан жылым боп тұрмайды. Оның суы сап-салқын. Әр кез солай...»

Базарбек қарт бетінің терін сүртіп, сырт айналды. Маған жылы шырай бермеді. Ренжіп жүр. Білем, «Сапар, Сәрсендермен кеттің. Жер соқтырмасын. Таза адамдар көрінбейді, Дидар. Сақ бол» дегені бартын. Қарттар секемшіл ғой. Білмейім неге олай екендіктерін... Бәкеңнің онысын тыңдағаным болмаса, құлағыма ілгем жоқ. Біреудің ақылынсыз да тірлік істеу керек қой.

— Бәке, суыңыздан бермес пе екенсіз?! Қаным кеуіп тұр — деп едім; ол бетіме түксие қарап қойды. Үндемеді. Сәлден соң, бар денесімен маған бұрылып:

— Бермен кел... Мына трактордың көлеңкесіне отыр. Деміңді бас әуелі. Су қайда қашады. Ыстық кеп ішуге болмайды. Ішіңді бұзып аларсың, — деді.

Айтқанын істедім. Тракторымның отын сөндіріп жанына отырдым. Масадан қорғана бір-бір шылым шектік; түтіннен ықты ма, кішкене жауларымыз сәл саябыр тапты. Екеумізде де үн жоқ. Бәкең жөткеріне орнынан тұрды; күн салып төңірекке көз тастады.

— Әлі үш күндік жұмыс бар. Дегенмен, шабындық жақсы, ә?!

— Нешауа...

Ол трактордан үш қадам жердегі шөкімдей шөпке бет бұрды; әлгіні аударып тастап, канистрді қолымен қазып шығарды. Өте терең комбеген екен. Салқын судың қадірін шөлейтте жүргеннен артық кім біледі?! Маңдай терім бұрқ етті. Сұрықсыз көрінген жапан дала көз алдымда түрленіп, әне бір мен ойлағандай емес; жасаулы, сәнді боп шықты: айнала хош иісті жусан, қоян-қарта, сәбидің шашындай жұмсақ ажырық.

— Уф!..

Жалт қарадым. Базарбек қарт шүберектей құп-қу қисайып барады.

— Бәке!.. Бәке, сізге не болды?..

Жалма-жан ала сап, жігіттерге айқайлап қол бұлғадым. Олар келгенше. Бәкеңді дұрыстап жатқызып, бетіне салқын су бүріктім. Әжептәуір уақ тірлік нышанын білдірмей, қимылсыз қалған; енді міне үстіңгі кірпігі дір ете, көзі баяу ашылды.

— Бұ не?

— Бәкеңе не болды?!

— Тынышталыңдар, — дедім жігіттерге. Олар да жүгіріп кеп үңіліп жатыр. — Бәке... Бәке, сізге не болды? Бәке...

Көзін қайта жұмады екен деп зәрем жоқ.

— Эһ... Дидар, мені тұрғызшы. Тұрып отырайын.

Қолтығынан демеп, жәй көтердім. Қуаң тартқан жүзі қоңырайып, енді-енді түзеле бастағанын сездірді. Су ішті...

— Жаман жүрек қой. Валидолым бар сияқты еді. Әһ... Ұмыт қалдырмаған екем. — Ол жанынан дәрі алып, тілінің астына салды. — Уф... Неге жаутаңдайсыңдар, құрбыларым...

«Құрбыларым» дегеніне жамырай күлісіп, тәуір болғанына қуаныстық.

— Бәке, зәремізді алдыңыз ғой. Ондай әзіліңізді қойыңызшы, — деді Ертұрлы. Жігіттер жымыңдасып қалыс ты.

— Қорықпаңдар... Сендер тұрғанда мен ол итке беріле қоймаспын. Ел аман, жұрт тынышта не көрініпті соншалық. Екі рет атылуға бұйырылғанда да оқ дарымаған жүрек емес пе.

Елеңдесе қалдық. Базарбек қарттың неміс концлагерінде болғанын, адам төзгісіз талай қорлық, көргенін естігенбіз. Әйтсе де қалай атыла жаздағанын білмейтінбіз. Өзі әбден қалжырап отырған адамнан сұрау да ыңғайсыз ғой.

— Қызық екен, — деп қалды келте танау қара бала.

Ол кеше трактор алып, рульге ие болған. Сонан ба,мұндай жерде жолдастарынан гөрі еркін. Кейде тіпті шамадан тыс батыл; «Біздің совхоз бір мал шаруашылығымен көктемейді! Eгіс, бақты қолға алу керек. Жеріміз жақсы. Не ексе де шығады», — деп үлкендермен де қызарақтасып қалатыны бар. Бригадамызға алғаш келгенде елгезек; «қымыз сапыршы, тракторге май құйшы, сүртші» десек, қаңғалақтап ұша жөнелуші еді; енді міне білгішсініп алғаны; совхоздың болашағы жайлы әңгіме қозғасақ бітті, озінің жанына ерген жалаң аяқтарымен жабыла кетеді: «Волибол торын, допты сатып алу керек. Жұмыстан тыс спортпен айналысамыз», — деп шыға келеді. Мен әзір олармен шайпау сөзге барыса қойғаным жоқ. Босқа арам тер боп жатқандарын көріп, үнсіз отырам. Сапар мен Сәрсен шыжылдап, өліп қала жаздайды. «Әумесерсіңдер» дегенге дейін барады. Бір ғажабы Бәкеңе Сәрсендерден гөрі солар ұнайды. «Стадион саламыз. Облыс көлемі тұрмақ біздің футболшыларымыз республикалық командыда ойнайтын болады» десе, оған да мәз-мейрам. Кәдімгідей олар солай істейтіндей-ақ сенеді...

— Қызық дәнеңесі жоқ, балам. — Базарбек қарт ыңырана көңілімді боліп жіберді. Кішкене өңі кіріп қалыпты. Манағыдай емес сергек отыр. Аяғын көсіле түсіп мандай терін қолының сыртымен сыпырып тастады. — Шаршамасаңыздар айтайын. Оған дейін Сәрсен де келер.

— Ойбай, Бәке, өзіңізге қиын соқпаса біз не?! — деп жігіттер шу ете қалысты.

— Фуф... Күн шіркіннің жануын-ай. — Ол желпіне түсіп, қозғалақтап қойды. Біздің ынтығып отырғанымызды біліп істей ме, жоқ әлде өзінің жайбарақаттығы ма, қалай. Әйтеуір, әңгімесін бастамай жүйкемізді құртып болды. — Анау кімнің тракторы? Оты неге сөндірілмеген?

Әй, қара сирақ!.. Сенікі ғой. Тракторынды неге сөндірмейсің? О не саған, су таситын өгіз арба ма?! Тықыл-тықыл сөйлегенде тілің мірдің оғындай. Тұр бар.. Сөндір! — деп Ертұрлы әлгі келте танаудың желкесінен нұқып жіберді.

— Өй, не! Жай айтуға болмай ма?

Тиме, Ертұрлы... Е, өзің ұмытпаушы ма ең? Қолың жүйрік қой жүдә, — деп Базарбек қарт қайырып тастады. — Бермен... Көлеңкеге таман отырыңдар... Е, бәрекелді...

Ол бірден әңгімесін бастаған жоқ. Жөткіріне, мұртының жебесін ширата түсіп отыр. Әлсін-әлі көзін жыпылықтатып қояды, тегі кей жайларды есіне алғанмен де, aйтуға қиналатын тәрізді. Терең тыныстайды.

— Соғыстың алғашқы жылдары... өте ауыр... өте ауыр өтті. Қала да, дала да, орыс ормандары да, ел де жазғыра қаpaп, күңірене қалып жатты. Соғысты көрмесеңдер де естіген, оқығандарың бар. Хабардарсыздар ғой. Оны сіздердің бастарыңа енді бермесін де, көрсетпесін, — деді де, сөзін үзіп тастады. Қолымен көзін көлегейлей қарады. — Анау қарауытатын кім? Сәрсен емес пе?

— Е, сол ғой.

— Дұрыс болды. Тағы бір жолы айтармын, жігіттер. Мақұл ма, ә?

— Дидар, Сәрсеннің келгенін жақтырмай қалдың-ау, ә? — деп Сапар қалжақтай күлген болды.

Жігіттер еріншектене бірінің қолынан бірі тартып тұрып жатыр. Базарбек қартты жаңа танығандай оған үлкен құрметпен қарайды. Мен де сол, жанқалтамнан сигаретімді шығарып, тартқысы келгендей ыңғайын білгем жігіттерден бұрын ұсынып қана қоймай, тіпті тұтатып беругe де дайын екенімді сездіре оған жақындау кеп тұрмын.

Көкемнің қырқып өткізгенімізге бір ай болыпты-ау. Иә, онда кімнің кім екенін таныдық. Сәрсен үлкен жігіттік істеді. Ақшасына ірі қара тауып берді. Мен де оның тілегін орындадым. ГАЗ-51 машинасымен қырлыққа шығып, бір қыстауға цемент, есік, терезе апарып тастадым. Жоқ, мен оған бұл жолы қатты разымын. Сапар да азамат екен. «Керек боп тұрса ақша ал, кейін бересің ғой», — деп жатыр. Алғаным жоқ. Өзімде бар. Жетерлік., Айтқанының өзі нағыз жігіттік емес пе? «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген. Ертұрлы сұқаңдап келіп жүргені болмаса, не істеді? Базарбек қарт ше? Ақыл айтқанда желдей еседі.

— Сәрсеннің аяғын жалауың қалды. Сапар екеуін нағыз малайына айналдың, — деді-ау Ертұрлы. Тұра тұр танырсың әлі... «Лакейдің» кім екенін.

— Оу, Дидар!.. Неге тұрып қалдың? — Сәрсен жаныма кеп, күлімдей қарайды. — Неге тоқтадың? Шаршадың ба? О, нақұрыс...

— Жоқ...

— Сен шошқа екі норма бердің ғой. Оны білемісің? Жарайсың...

— Өзің не... Қосқа қайтып барамысың?

— Иә... Орағымның тісі сынып қалды. Дидар, сен ауылға бармағалы біраз болды-ау дейім, ә?

— Иә, оның рас.

— Бүгін кеш босатайын. Екі күнге... жарай ма? Анда соғарсың...

— Қайда?

— Әй, нақұрыс-ау... Түк білмей қалуын шошқаның.

— Жә, қой әрі.

— Қойдым... қойдым. Бүрсүгіні Сапар екеуміз совхозға соғамыз. Бірге қайтармыз, — деді ол күлімдеп.

— Мақұл.

Ол кабина есігінен қолын бұлғап, тракторын үшінші жылдамдықпен жұлқынта жөнелді. Қосқа қарай тартып барады. «Айттым ғой жақсы жігіт деп. Қамқор, жанашыр дос. Рас ішкіштігі бар. Сапар да сол емес пе? Неге оны да Сәрсендей көрмейміз? Әрі-беріден кейін маған қандай зияны тиді?.. Қайда барар дейсің ақыры түзелер...»

Тоғызыншы тарау

Апам менің келгеніме балаша қуанды. Жетілік май шамның жарығымен кешкі тағамды Ләйлә екеуі алдарына алғаны осы екен. Шүйіркелесіп отырғандарында үн-түнсіз кіріп келдім. Үйдің іргесіне тоқтаған машина гүріліне дейін естімей қалғандарына қарай шошынып едім; жайдары, бейқам қалыптарын көргенде «уф» деп демімді бір-ақ алдым. Осы екеуінен ерек, бөлек қандай қуаныш бар мен үшін.

Қаладағыдай емес, ауыл үйдің есігінде ілгешек дейтін

Пнічайды. Қай уақта кеп есік қақпа: «Уа, бұ кім? Мардымсымай кірсеңші-ай... Қамалып отырған дәнеңеміз жоқ, — деп білместігіңді кешірмей, оныңа реніш танытар еді. Тер сіңіп, шаң басқан көйлек-көншегімді ауыз бөлмеге тастап, кіргенім осы.

Мә... Ақ тәтемді қара!.. Келді, — деді Ләйлә екі бетінің ұшы оймақтай шұңқыршақтана, еш риясыз қуана, орнымнан атып тұрып. Жаюлы дастарқанды аттамай, шетін айырып тастады да, жүгіріп кеп құшақтай алды. Бір айға жуық үй көрмей сағынғандікі ме, жоқ әлде Ләйләшжанның «Аға» демей «Ақ тәте» дегенін түңғыш естігеннен бе, жаным елжірей, қатты толқып кеткенімді сезбей қалдым. Қолқама тығылған ащы жасты білдірмей жұтып жібердім. «Ақ тә...тте», дейді... Тетелес ағасын елде қыздар «тәте» дейтін. Оны үлкендігін сыйлағаннан ғана емес,ерекше туысқандық сезімнің бір әсері айтқызатындай, журегіңе мақпалдай жұмсақ жылылық әкеледі.

— Құлыным-ау!.. Сенбісің! Неге тұрып қалдың табалдырықта, — деп, апам етегіне сүріне, камзолының омырау ілгегі ағытулы, құшағын жайып келеді.

— Апа... Есенбісің?

— Садағасы кетейін, Құлыным-ау, осынша бейхабар кеткенің қалай! Келші бері... Еңкейші... — Ол басымды бауырына ала тұрып қалды. Мойнымнан құшырлана иіскеп иіскеп қояды. Ыстық демі жиілей түсіп барып, бір сәтке үзіліп кетті.

— Aпa, апатай, оның не? — деп қалдым шыдамай. Қолтықтап төрге апарып отырғыздым.

Жуынғалы жейдемді шешіп жатырмын. Апамның екі көзі менде. Мейірлене қарайды. Жүзінде сүйсінумен бірге таңдану да бар... «О несі? Әлде менің бойымнан әкеме бір ұқсастық тапты ма?» Көңілімді Ләйлә бөліп жіберді.

— Е, Ақ тәте-ай... Бәрі сағыныштан, жалғыздықтан ғой. Бір ай тұрғай күнаралатып фермадан қайтқан маған да қатты қуанады. Көкемнің жоқтығы да... — Ол мұны тарыға айтты. Апамды ферма басына, не совхоз орталығына көшейік те, деп, менен кейін оның да үгіттеп, көндіре алмағанын білем ғой. «Көкемді жоқтамаса келіспей ме? Әрине, сонан. Өйткені осы жердің әр ойы-қыры... ең арғы төркіні өзен үстінде әрлі-берлі өткен кеме, не баржа тартқан мотор екеш о да әкемді ойына салады. Қайран апам!.. Бәрін де ұмыт... Дүниеде қимас ештеңе жоқ. Өзің ғана барсың деуіміз қандай надандық еді. Иә, біреуді жазғырарда біз әркез ол боп ойламай, өлшеусіз өз кеудемізге сап шатасатынымызды біле береміз бе?!»

— Апама көшпейсің деуіміз, Ләйләштай... қате, — дедім баяу.

Ләйлә бірден жауап қата қойған жоқ. Сәлден соң ғана:

— Мүмкін, тәте, — деп келіскендік білдірді. Менің көңілімді қимағандықтан ба әлде о да осы ойда тұрды ма, кім білсін...

— Өз жұмысың қалай?

— Қалай дейін, тәте?! Мен ойлағандай жеңіл болмады. Маған қараған сиырлар сүтсіз десем бәрібір нанбайсыз. Тегі нашар сауыншы шығармын.

— Е, ештеце етпейді. Әлі-ақ үйреніп кетесің. Оған уайым жеме. Бектасовтар қара жаяу қалмайтын, — деп Ләйләнің көңілін көгергенсідім. Апам төрде жатқан ұршығын жинап, орнынан түрды. Бүкжеңдеп ауызғы бөлмеге бет алып барады. Жинастырған жүн-жұрқа, ұршық-жібін ұмыт қалдырған еқен. Қайта оралып сонысын әкетті. «Әй, осы ұмытшақтығым-ай. Е, қанаттарым-ай, менен не сұрайсындар. Қартайдым ғой», — дегендей екеумізге мейірлене көз тастап шығып кеткен-ді.

— Сізді соңғы күндері түсінде жиі көретін сияқты. Әр түрлі жорып: бірде қуанса, енді бірде қорқады... Әңгімесі сіз. Сөйтіп отырғанда кіріп келдіңіз. Апам тұрғай менің өзім де қуанғаннан жылап жібере жаздағаным жоқ па. — Ләйлә сыбырлай қалды. Даладағы астың жабдығын жасап, апам үйге қайта кірген еді.

Ләйләға көзі түсіп кеткен. «Шылапшын мен құманды ұстап әлі тұрмысың? Әлгі бет-орамал қайда? Бәрін неге дайындап қоймайсың. Бір нәрсені тындырып істейін демейсің- ау. Төрге көрпе салмаймысың. Әй, ботам-ай... қашан адам болар екенсің», — деп асықтыра, тығырықтай түссін-ай кеп. Мен де қалай тез жуынып, киінгенімді сезбей қалдым.

Салқын су бойымды сергітсе, апам мен қарындасымның жайдары жүздері, қуанышты көздері көңіл кірін жуып кетті: адам баласы бес-алты жыл өспей жүріп, бір күнде он жас есейгендей де болады екен-ay деген ойға қалдым. «Үй иесі ғой ол» деп елдің өзіме іш тарта неге жылы қарайтынын да, енді ғана түсінгендеймін. Менің де қас-қабағыма қарап қуанышым мен күйінішіме ортақтасар жандардың барын сезінсем де, олардың жәйін ойлауға қорқып: «Жүдетіп алмас па екем. Қайткенде көкемді жоқтатпаймын?» дей бердім. Балалық аулының да ұзап бара жатқанын қимастықпен ойлап, сол бір бейқам, ерке өмірді аңсай, өзегімді сағыныш отымен өртетіп отырмын.

— Ақ тәте!.. — Басымды көтеріп алдым. Дастарқан жайылып, ас та келіпті. Жақында ғана мал сойған сияқты.Табақта білем-білем құйрық май, бағлан еті жатыр. Ақ тәте...

— А?.. — Ләйләштай шытырлақ ақ қағазға оралған бір нәрсені жүзі бал-бұл жана ұсынып тұр. Қарным ашып келгеннен шығар, көзім асқа түсіп, аңдамай қалғанымнан қысылдым. — Бұ не, Ләйләштай?..

— Тырнақ алды табысына саған алғаны ғой, Дидашжан, — деді апам сүйсіне, екеумізге кезек қарап. — Жібек көйлек... Көйлегің күйрек, жаның берік болсын, құлыным. Маған міне... Камзолдық мата алыпты, айналайын тентек қызым менің...

— Ләйләдан мұны күтпеген едім. Қапелімде аузыма ештеңе түспей, орнымнан тұрдым. Жаным елжіреп барады. Маңдайынан сүйіп:

— Рақмет, Ләйләштай, — дедім. Өзімнің аға болып, мектеп бітіргеніне арнайы қол сағат не жібек көйлек алғаныма ұялдым. Онымды сездірмей, апамды қызының алғашқы табысымен құттықтап жатырмын.

— Тыныш... Тынышталыңдаршы... — Далаға құлағын түре апам тың-тыңдай қалды. Біз де жым болдық. Жетілік шамның пілтесінің шытыр-шытыр жанғаны ғана естіліп тұр... — Міне естимісіңдер?.. — Алыстан ботаның боздағанындай бір үн талып жетті.

— Иә...

Әлгі үн тағы да жоғалды.

— Әне... — Апам ұзақ санардан қайтып келе жатқан көкемді күтін отырғандай. Төңірегіндегілерді «келеді» деп сендіре алмай, енді ғана олардың кездерін жеткізген адамдай күлімдейді. — Баржалы кеме ғой. Жүгі ауыр екен. Тақылдамай дүк-дүк етеді. Қазір үйдің тұсына келгенде дауыс береді. Онысы... Естимісіңдер?..Әне!..Әкелеріңді ұмытпай сәлемдескені ғой. Сірә «Мұхтар» шығар...

— Оны көруге болады. — Ләйлә лып еткізе шамды сөндіріп тастады.

— Тек... Бұның не, ботам-ау?..

Жүгіріп барып терезенің жапқышын серпи ашып жібергенде ғана Ләйләнің ісін түсіндік. Жаңа үйіміздің биіктеу жерде тұрғанын ұмытқан екенбіз де. Айлы түндері көз жетер төңіректегі қара-құра: бұта, жыңғыл, жағадағы қайыққа дейін көрінеді екен ғой.

Қою қара сиядай жылжи аққан өзен үстінде шамы самаладай жарқырап «Мұхтар Әуезов» кемесі өтіп бара жатыр. Үш мәрте соза боздап, үйдің тұсынан өте берді.

Апамның кемені даусына қарай танитынына таңқалдым: әрине өзен кемелері санаулы-ақ. Әйтсе де үніне қарай ажырату қиын ғой. «Көкем барда бүйтпеуші еді. Көңіл де бөлмейтін. Бұнысы несі?.. Жо.. жоқ, бұл тек сағыныш қана емес».

Астан кейін де осы ой көңілімді аландатып, әрі-сәрі күйге түсірді. Қажырын, қайратын қайтарар сағыныш арты жаман. Байқамаса аңдаусыз адамның аяғына от басып алғанымен бірдей. «Көшейік деп елпілдеп, алып ұша беруіміз қалай болар екен? Күн өткен сайын Ләйлә екеуміздің тілегімізге илігетіндігін сездіріп келе жатқап жоқ па?.. Көне қалды, ал сонсын?.. Біз қуаныппыз!.. Неге? Оның кішкене ғама бақытынан айырғанымызға ма?..» Ақселеу шашты апам алдына басымды сап, әркезгі әдетімше маужырап жатырмын. Ол ыңылдай, шашымды сипап отыр. Сонау сәби шағымда үстіме жамылған құрау көрпемді қымтай жауып, жастығымды түзей жүріп тербеткен әні. Мұңды да аяулы... бесік әні, махаббат жыры. Ана махаббаты!.. Мүмкін бұл апамның қыз күнінде сүйіп айтқан әні шығар. О кезде әрине ол қоңыраудай сыңғырлаған, ашық аспандағы ақ шағала үніндей жарқын, жан-жүйені елжіретердей арман жыры; қазіргісі мүлде басқа... сөзі жоқ, мұңды әуен!.. Иә, сол күйі мен ұйықтап кеттім...

Таң қараңғысынан кеп, қармақ сап отырмын; қармақтың қалтқысындай ой секектеп, ұшын әлі ұстатар емес. Бірде шым батып көрінбей жоғалады. «Кеткен екен» дейім, тартпайым. Сөйтсем «қылт» етіп қайта шығады. Қалтылдап тұрып алады.

Өзеннің арғы бетіндегі орман үсті сары қаймақтанып келеді. Төңіректегі қара көлеңкенің баршасы сай-саланы сағалап, ағаш ішіне қашып барады. Су беті шымырлай түсіп, басылған. Көгілдірлене мөлдіреп жатыр. Қалтқымның тұсынан ақ шабақ ойнап өтті. Әлгінің шашыратқан су тамшыларынан өзен беті үлкенді-кішілі шеңберлерден шұбарлана қалған, енді міне түк болмағандай тағы да мөп-мөлдір. Жағаны сүйген болмашы толқын сәбидің ұйқысұрай тамсанғаны сияқты, шөп-шөп етеді. Әлде бір тұстан: ауыл итінің әупілдей үргені, сиырдың мөңірегені, қораздың шақырғаны естілсе, ту сыртымнан темір шелектің сылдыры келеді құлағыма. Мал сауғалы далаға шыққан Ләйлә шығар... Апам болса: «Уа, Дидар, қайдасың? Сарала таңнан тентіреп қайда жүр», — дер еді. Бұрын сөйтетін. Бүгін қайтер екен отыра тұрайыншы. Ұйықтамадың деп жазғырмайтыны кәміл.

Жалпы мен өзі құс ұйқылымын. Қайдам әйтеуір сен сәби шағыңнан солайсың. Тіл алмайын деп өтірік ұйықтап жатпасаң ерте тұратынсың», — дейтін. Бүгін де сол түн жарасы ауа ояндым. Қайта көзім ілінбеді. Олай дөңбекшідім, бұлай дөңбекшідім. Әбден зықым шықты. «Қой енді ұйықтап ештеңе бітірмеспін дедім де, аяғымды» ұшынан баса түріп, қорадан қармағымды тауып ап осы жерге келдім. Алабұға, сазанды айтпағанда әлі бір шабақ та ұстағам жоқ. Түндегі апам мен Ләйләнің қуанышты жүздеpi көз алдымда. Кетер емес. Әсіресе апам... «Оның көңілін қайткенде табам? Базарбек қарт кеше... бір сөзінде: «үйіңе қара... арақ ішіп, тайрақтай берме. Ол ерлік те,серілік те емес. Шешеңнің анау үй көтергенін сен дүние қоңыздық көреді екенсің. Иә, иә... Мойныңа алмайтыныңды да білем. Тыңдамассың да. Әкең тапқан табыстың жұрнағымен салып отыр. Сенің қосқаның қайда. Ішкенді ғана білесің. Жарамайды оның. Ананың ақ ниетін аттама», — деп еді, не деген ақылгөй. Құдай біледі осы шал өңкиіп жүріп, күндердің күнінде алжиды.

Көп отырғаннан ба, бойым көтертпей құрыстап қалыпты. Тұрып олай-бұлай жұлқынып алдым. Қармағыма қарап едім; манағыдай емес қалтқысы өлі судың бетіндегі ағаш шіріндісіндей селт етпейді.

Үй жақтан мотоциклдің дарылдағаны естілді. «Ертұрлы ма? Ол бетсіз неғып келетін болды? Ләйліге ме? Тұра тұр... Әкеңді танытармын! Менің қарындасымды айналдырмақ көрінеді. Сәрсендердің «малайы» дегеніңді де есіңе алармын». Қармағымды жинастырып, орнымнан тұрдым. «Мүмкін ол болмас?.. Жоқ, сол». Қаңғыр-құңғыр сөйлескендері де естіледі. Сөздері түсініксіз. Жоқ... Өзі келмесе, мен бармаймын...» Қаңылтыр қалбырымнан қызыл құрттың бірін алып, қармаққа шаншыдым. Түкіріктеп «иә, сәт» деп тастадым. Су беті шеңберлене толқып, қалтқы гекектей бастады. Мұндайда, шыдап, аңысын аңдап отыру керек. Қалтқы шым батып кетпей қармақты тартуға болмайды. Мен оған қарамай шірене тартып кеп қалдым.Қармақ желісі домбыра шегіндей ширатыла керіліп, бірден ытқып кете қоймады. Ілінген сазан жаныма топ ете түспей, жарға соғылды. Жалма-жан жерге сүйрете тартып, үстіне құлай кеттім. Бауыр астымда бүлкілдеп жатыр. «Оһо, тамаша болды ғой. Әне бір үлкен демесең, асымдық балық». Тағы да мотоциклдің гүрілі естілді. «Е, кетсең бар, керек едің маған. Кәне, — соның кеткеніне қарай бір тастайыншы. Ілігер ме екен», деп өзі-өзімнен сөйлене жүріп, қармағымды тағы тастадым.

— Көйлегіңіз қандай қонымды еді, апа?! Жәй сәтеннің өзі сізге құйып қойғандай, — деген Ләйләнің ерке үні көңілімді бөліп жіберді. «Апасы кім?.. Көйлегіңіз қонымдысы несі? Әйтсе де орнымнан тұра қоюға ерініп, қармақтың қалтқысынан көз алмай отырмын. Бос темір шелектің шылдыры естіледі. «Ә... жардан төмен түсіп келеді екен ғой. Жей сәтеннің өзі сізге құйып қойғандай дейді? Апам сәтен киюші ме еді? О не дегені. ә?..» — Дәрігер апайдан да сұлусыз сіз...

— Асыра мақтап жібердің ғой, сіңлім. Шолпандай қайдан болайын.

— Сіз оқысаңыз одан да мықты болар едіңіз...

— Көрдің бе, бұ күнде сұлулық тек оқуда ғана. Мамандығың жоқ екен...

— Жо... жоқ, сіз мені түсінбедіңіз, апа. Мен... мен мамандықтан гөрі сұлулықты қалар едім дегенім ғой. Оқу еңбекпен келеді... Еңбектенсең, талап қылсаң болғаны Сіздей...

— Маған ұқсамай-ақ қой, жаным. Сен онсыз да көріктісің. Мақтап көңілімді көтергеніңе рақмет. — Әйел даусы бір сәтке таныс сияқтанып кетгі. Әлгіндегі бір бойкүйездіктен табан астында серпіле, елеңдей басымды көтеріп алдым. Бірден көріне қоймай, қызыл жыңғылдың арасынан бой тасалана сығалап едім: Ләйлә шелегін жерге қойып, иінағашқа сүйеніп тұр. Шашын желкесіне тостағандай ғып түйген, екі иығы сәл түсіңкі, жұп-жұмыр, қыпша бел келіншек, етегін сәл көтере су кешіп барады. Бір қолында шелек. Оқтаудай тоқ балтыры, өкшесі ағараңдап көрініп қалады. Тік ұстаған кербез басын иіп, шелектің ішін шайып жатыр. Әр қимыл-қозғалысында жақындық, көзіме жылы ұшырай түседі. «Қой әрі... Мүмкін емес. Сол ма? Иә, Дариға... Қайдан жүр? Міне, қызық...» Өзімнің неменеге ыржалақтап, қуанатынымды білмеймін. Шалқақтай, рахаттана күлер ме ем деймін. Онда не болды? Өй, ақымақ неме... Үстіңе қарасайшы әуелі. Иығы жыртық қара жейде. жамау-жасқауы мол жасыл шалбарым әбден сүрімді алып-ақ тұр екен де. Балыққа барарда көнетоз киіп шығатын әдетіміз емес пе. Кәдімгі бір ау тартатындай-ақ».

Олар мен жаққа қарайтын емес. Қарағанмен де көре қоюлары екіталай. Өйткені отырған жерім үйден. бұрыстау қызыл жыңғылды өзеннің бір қалтарысы. Көкем мұны қолтық дейтін. Қолтық болса болар, қандай желкемді күндері де бұл иірімді жер мөлдіреп, сенімен бір қызық сыр шертісіп сыбырласқандай сылдыр-сылдыр етіп жатады. Өзі былай қыраттау да жер емес. Ояң сияқты. Әлде бір сайдың өзен тіліп өткен бастауы ма деп те қалғандайсың. Әйтсе де көз жетер төңірек түгел шалынады, соған қарағанда әне бір ояң да емес-ау деймін. Әйтеуір бір ғажабы сол; жаныңа жәйлі қоңыр салқын, тыныштық; сазан, көксерке, алабұғасы мол қолтық.

— Дидар ауылда ма еді, Ләйлә... — Дариға жәй сұрай салғансып, шашын түзеп сырт айналып кетті.

— Иә, ауылда. — Ләйлә әлі иінағашқа сүйеніп тұр. Дариғаның баласынатынын сезіп, көңілі қоңылтақсып қалған тәрізді. Жауабы сүлесоқтау... Heгe екенін қайдам, дауыстары анық естілмейді. — Қармақ... кетті!..

— А... Қашан... келді. — «Е, қашан келді бригададан» дейді екен ғой. Мұнан әрі отыра бергім келмей, қармағымды тез жинастырып, жардан төмен түстім.

Салқын суға бетімді жуып, жейдемді шешіп алып, басыма бүркендім. Бетімнің суы әп-сәтте кеуіп те қалды. Бір сазан ұстағаныма мәз боп жүріп, манадан күннің шыққанын сезбеппін де. Шақиып маңдайды шағын барады ғой. Арғы бетке көз тастап едім, таң арайында қарауыта қалың көрінген орман селдірей ақ жасылдана түскен екен. Күннің сәулесі күміс жіптей ара-арасынан төгіле, шырмап алғандай. Ақ шағала «шаңқ» етіп көлеңкесі үстімнен өте шықты. «Уа, бауырым, сен келіп пе едің? Жоғарыда жатқан сазаныма қырындап жүрмегейсің, сойқан». Тік жарға ешкі соқпақпен көтерілмей тура, әлгінде ғана түскен жеріммен, тырбық өскен ағаш тамырынан, жыңғыл бұтағынан ұстап өрлей бердім. Аяқ астымдағы қиыршық топырақ сусып, жаман шарығыма толып кетті. Амалсыз шешін қолыма алдым.

Жар басына терлеп-тепшіп шықтым-ау, әйтеуір. Сазаным орнында сырты ақ шаңдақтанып, кәдімгідей кебе бастапты. «Е, бәсе, шағалаға мұны әкету қайда». Маңдай терімді көйлегіме сүртіп, дем алғалы отырдым. Қызыл жыңғылдың арасынан сығалап едім; қыздар әлі кетпепті. Сөйлескендері де манағыдай емес, ап-анық естіліп түр.

— Апа, суға түселік те, а?! Көрдіңіз бе күн де ысып барады.

— Қой, Ләйләштай, салқын ғой, — деді Дариға ақ боп шошқасын қағып, қайта киіп жатып.

— Ту... у... Түсейік те, не? Сізді жеңіл, әдемі жүзеді дейді ғой қыздар. Көрейін деп едім.

— Ләйләштай, келесі бір келгенде болсын. Қазір... Қазір анаң күтіп қалды ғой... — Онан әрі сығалауды қойып, ұстаған сазанымды сағалдырығынан іліп алып, үйге қарай бұқпан тайлап тартып отырдым. Олардан бұрын барып, үстімдегі жаман-жұман, балыққа шыққан да ғапи киетін киімдерді тастамақпын.

Апам қазаннан піскен сүтті құйып алып жатыр екен. Менің келе жатқанымды, қолымда сауыры қызғылт, қарл жөн бұлғақтаған сазан барын керіп күлімдей қарсы алды. Бір сәт ойыма апам осы балыққа қуанып тұр ма, әлде маған ба дегендей болдым. Соны білгім кеп те кетті Қазандық аузына қолымдағыны былқ еткізе тастай салып:

— Апа, мол бір асымдай, жақсы емес пе, а? — едім

— Е, оны қойшы, Құлыным... Ұйықтамай тұрып кет кенің не? Садағасы кетейін-ай, жөндеп тіпті тынықпадым да-ау. Ыстық сүт ішемісің, ә? И... и, Құлыным-ай, осынын керегі не еді, — деп қалбалақтай, сәби күнімнен жақсы көретін сары ағаш тостағаныма сүт құйып әкелгелі үйге қарай бет алды.

— Aпa, маған салқын сүт бер, болса...

— Бар ғой. Неге болмасын, бар... Сен оған дейін киіміңді алмастыра бер.

— Мақұл, aпa.

Ол есік аузына бара бергенде ғана таза жейдемнің қайда екенін білмейтінім есіме түсті.

— Апа, ақ жейдем қайда?

— Ақ жейде? А... ие, көк сандықтын, үстінде. Сары алатаңнан Ләйләштай үтектеп жүрген, — деді.

Күннің ыстығында қоңыр салқын, саялы бөлмеден рахат не бар. Таза киініп кеп отырғаным осы еді; айтқанымдай сары, ағаш тостағаныма салқын сүт құйып алып жетті. Менің екі ұрттап бір тамсанып, баптана ішкенімнен апам сүйсіне көз алмайды. Тіпті ол сонау жылдары қолақпандай нанды апыл-ғұпыл асай сап, ағарғанды суша сіміріп тұра жөнелген кездерімді де мүлде ұмытқандай. Қазіргі маңғазданған сиқыма ол таңданбайтын да тәрізді. Жаңа ғана мектеп табалдырығынан өмірге жолдама алған бозбалалардың үлкендерге сырттай еліктеуге әуестігі де, «ер жетті ғой құлыным», деп ата-ананың оның құлағына құя беруден де бола ма қалай?!

— Дидашжан, әлгінде... Өзіңнің алдында ғана Ертұрлыжан мен Дариға келген... Ертұрлы асығыс екен. Отырмай жүріп кетті.

— А... Басқа ештеңе айтқан жоқ па?

— Е, білмейім. Ләйләға айтпаса, директор пәлен-түген деп жатқан, әйтеуір. Дариға көкең қайтқалы көрінбей еді ғой. Бүгін бір демалысы екен, соны пайдаланып қайыры болсын айтқалы келіпті. Оны-мұны әңгімемен алаңдап, Ертұрлының кеткелі жатқанын аңдамаппын да. Ойбай-ау, отырмаймысың?! Дидаржан қазір келеді ғой» десем: «Тағы бірде, апа. Бұ жолы асығыс едім», — деді. Сөйтті де анау екі аяқты дарылдағанын мініп жөнелгені.

— Дариға қайда?.. — Өзен жағасынан Ләйлә екеуін көріп келіп отырсам да, білмегенси қалдым.

— Е, ол Ләйләштаймен суға кеткен... Алла белім...Осы сегіз көзім қан-қақсайтын боп алды-ау... — Апам шымылдық пешке арқа сүйей, бір қолымен бүйірін таянып орнынан тұрды. — Ләйләштай оның келгеніне ғазіреті Faли келгеніндей қуанып жүр. Өзі де көрмеге жұтынып тұрган бала ғой. Е, бала деймін-ау, о да бишара адасқан бір жан да... — Өз-өзінен сөйленіп ауыз үйге шығып кеткен апам, күңкілдей қайта оралды. Күйініп қайтты. — И... и, осы ұмытшақтығым-ай... Не істейін деп шығып едім әлгі... Міне, өстіп құдай ұрғанда есалаңданам де қалам... Тағы ішесің бе?..

— Болдым, aпa. — Оны көңілдендіргім кеп кетті. Апамның қалай тілін табуды білем ғой. Ол өзі аса қиын да емес. Келін түсіріп беру жәйін қозғасам болғаны, жәйіліп сала береді.

— Ләйләштайлар неге кешікті екен?! Анау балықты ашып, шайға қуырта қоятын, — деді апам тостағанды қолымнан алып жатып.

— Е, келетін шығар. Қасында аяқ-жөнін білетін адам бар емес пе?

— Е, құлыным-ай, о да сол Ләйләдан қандай үлкен дейсің. Әрі кетсе бірер ит-көйлек бұрын тоздырған шығар. Жасы сен қарайлас емес пе?

— Иә, солай.

— Бәсе айтам ба... Апасы марқұм «Дариғажан біздің қоян жылы туған» деп отыратын...

— Қайта-қайта әңгімелей бересіз... Қалай? Сізге ұнай ма, апа? «Келін ғып ала қояйын ба?» деп қыздардың сыртынан дікілдеп тыншытпаушы едіңіз. Дариға жараса ертең кіргізіп берейін — дедім ойынды-шынды. Менің көп қалжағымның бірі десе керек, апам тез көне қалды.

— Е, несі бар... Бағы жанбаған сор мандай демесең, әйелдің төресі емес пе?! Жетімдікті басқа бермесін де тек, қарағым... Шешесі тірі болса он алтысында күйеуге берер мс еді. Аты туғанды қойшы құдай... несін аясын. Әне, бір жыл отаспай жатып тастады да кетті. Күйеуі ішкілік жолына түскесін өзі шыққан екен дейді ғой ел. Әйел өздігінен кетуші ме еді? Қайдам... Күйеуі Жамбыл жақта үйленген. Сонда тұрады екен дейді ғой...

— Е, оны қойшы. Өзі үйленіп кетсе, Дариғаның басы әбден бос десейші, — дедім. — Онысы тіпті жақсы. Дау далабасы жоқ.

— Әй, осы сен шын айтып тұрмысың? — деп aпам бетіме үңіле қарады да, ізінше шошына ыршып түсті. — Тантыма!.. Не деп сандалып тұрсың. Қыз жетпей күнің осыған қалса да аулақ жүр! Жеңіл мінезділігінс артына сөз ерген, күйеуден шыққанды алдырмаймын Естимісің, алдырмаймын!.. — Апамның даусы ащы шықты. Енді сәл болса жылап жіберердей де. Ауызғы үйден күбір-сыбыр, темір шелектің салдыр ете қалғаны естілді. Әншейінде жәй сөйлей қоймайтын апам ерегіскендей күшейіп кетті.

— Aпa... Апа, ақырын... Meн жәй, тек ойнап айтамын

— Ойнасаң да айтушы болма? Жә... жә, үндеме, — деп мені сөйлетпей далаға шығып кетті. Ізін-шала Ләйлә үйге кіріп келді. Көзінде жас бар. Тіктене бір қарады да, жүзін тайдырып әкетті.

— Ол... ол бәрін естіді... Адам емессіңдер ме, аясаңдар нетті, — деді де, Ләйлә кіре берістегі сандықтың үстінен көгілдір косынкасын қолына алды. Есікке қарай жүр түсіп тоқтады. Бір нәрсе айтқысы кеп, оған жүрегі дауаламай тұрғандай. Ауыр күрсініп, тамағын кенеген де болды. — Дариға жалғыз... Жалғыз кетті. Мүмкін ол осы қазір ай далада жылап та бара жатқан шығар. — Мен орнымнан көтеріле бергем, Ләйлә шошына қалды. — Жоқ... жоқ, Ақ тәте! Сіз бармаңыз артынан. Аясаңызшы. О не қылғаныңыз... Жазығы не? Сәлемдесе апама келгені ғой... Мен қазір қуып жетіп, кешірім өтінем. Қайтаруға тырысам. Әрине, ол енді қайтпайды...

«Сарт» ете түскен есік дыбысына елендей, жападан жалғыз отырып қалдым. «Не істедім мен? Не істедім? — Осы сәт ауызғы бөлмеден:

— Әлгі қыз қайда жүр-ай! Ертеңгі шәйімізді ырың жырың сәскеде ішетін болдық-ау, ә?! — деп даңғырлай кіріп келе жатқан апамның қажыған үні естілді.

Оныншы тарау

Ауылдың бір шетінен кеп кірдік. Өткен түндегі жауыннан тар көшенің ортасына жарқырап қақ тұрып қалыпты. Үш-төрт көк-ала қаз, үйрек жүзіп жүр екен;

аңқылдай қанаттарымен су сабалап қашып шықты. Лайлы шалшықтың бетінде қағаз, шөп-шалам, консерві қалтыры қалқып тұр. Жыландай ширатылған қара сым да көрінеді. Ондайда жүрегім зу ете түседі. «Балонға кіріп кетсе, шоңқиып қалғанымыз ғой» деймін. Төбесі тайпақ шетен қақпалы сұрғылт шым үйлер; әр түсті тақтай мен фанерден, тор сымнан тартылған аулалар қалып жатыр.Бір сәт маған сұрықсыз мынау тамдардан гөрі аула төріндегі мал қоралар әлдеқайда еңселі, аруақты көрініп кетті.«Бұрын не ғып байқамағанмын? Ә.. Ие, бүгін даладан оралған екем ғой». Біріне-бірі иықтаса, арқа жүйестіре салынған үйлер көпті көрсе де түйгені аз, жаңа мен жақсыға қуануы сараң бір жан сияқты. Баянсыз дүние алдамшы өмір дегенің жалғандығына енді көзі кетіп, өткен ит тіршіліктің өкініші өзегін өртеп отырған да.

Әр үйдің аула ортасынан қидың бозғылт, ащы түтіні еріншек көтеріліп жатыр. Ирелеңдеген шолақ көшенің бір жалтарысынан төрт құлақты, төбесі күмбез іркес-тіркес шират шоғыры шыға келді.

— Әй, автоинспекция жоқ, неден қорқасың? Заулатыпетсейші, — деді Сапар күңк етіп. — Бұрын осылардың ыңғайсыздығын сезбеуші едім. Қазір бір түрлі... еңсені тасып тұрады. Тіршілікте біраз тайраңдап, сайраңдап ал .Ертең сенде осы жерге келесің дейтін тәрізді. — Машина жанынан селдірей қалып бара жатқан ескі ауылға амарқау қарап отыр. Күні кеше мына ескі там, жөртөлердің бірінен іңгәләп дүниеге келгенін де ұмытқандай. — Жаңа совхозды мыналарға жапсарластыра салмай өзенге жақын жазықта көтергені қандай ақылдылық болған,ә?!

— Әрине...

— Әрине, әрине дейсің. Бірдеңе айтсайшы адам сияқты. Көзіңді сығырайтып қиялдана бергенше.

— Не айтам?

Мәселен... Эһ... Мола ауылдың ортасында неге қалды? Мынау ескі ауылдағылар жаңа салынған үйлерге, совхоз орталығына неге көшпейді, ә? Неге? — деді Сапар шіңкілдей.

— Кім біледі... Бір кезде бұл ауылдың да өзінше сәні болмады деймісің. Зират та ол уақытта қыстаудан шеткері төбенің басында жатқан шығар... Онан бері халық өсті,өрбіді... Там соға бастады... Тұрмыс түзелді. Көңілі апат зиратпен іргелестігін де ұмытып, жапырайтып үй тұрғыза берді. Міне, өстіп халық еңсесін көтеріп, оңы мен солын тани бастағанда Отан соғысы басталып кетті. Зираттар ауыл ортасында қала барды.

— Дидар-ay, менің бір байқағаным: сенің сөздерің соңғы күндері шақпақ қанттай бірегей. Жә, жә... Түкси ме... Оны-мұны жазуды талап қылғандардың көбінің ілкіде ағаш-аяқтанып ақсаңдайтыны болады. Сен не, облыстық газет әңгімеңді баспай қайтарып жібергеніне әлі ренжіп жүрсің бе, ә?

— Өкпелейтіндей жазушы емеспін ғой.

— Олардың сөзінің дегенмен жаны бар, Дидар.

— Әлгінде ғана мені қостап, «Әділетсіздік» деп сөгіп едің ғой, — деп бетіне тура қарадым.

— Оны қайтесің... Сенің көңіліңді жықпайын дегендегім болатын. Қазір сабаңа түстің, енді айту орынды, Дидар, сен алая берме. «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады». Мен сенің досыңмын ба, дұшпаныңмын ба, ә?

— Қайдан білейін...

— Ә, солай ма? — деп ол сәл мүдіріп қалды. — Сенің кейіпкерлерің шетінен сұлу, бал татыған тәтті. Бастан аяқ істейтіндері жақсылық. Адам емес мүсін...

— Дидар!.. Әй, Дидар! — Жоғарыда отырған Сәрсеннің кабинаның төбесін ұрғылай айқайлаған даусы естілді Сапардың сөзін бөліп кетті.

— Мынаны жын соққан болар. Тоқташы... — Сапар есікті жартылай ашып, жоғарыдағы Сәрсенге әкіреңдеп жатыр. — Уа, не болды?

— Тоқта дедім ғой!

Кабинаның артқы, кішкене торлы терезесінен қарап едім: Сапарға қолын сілкілей сөйлеп, машинаны тоқтатқанымша ол борттан секіріп түсті.

— Не дейді, әй? Сапар?..

— О, кәукелектеген сорлы не деуші-тұғын. Ши қалпағын түсіріп алыпты. — Ол күңкілдей жерге тусті. Қа бағы салбырап, түтігіп кетіпті. Жоқтан өзгеге бұлан-талан бола қалатын оның баяғыдан әдеті. Гаражға бір бес-он минут кешігіп-ақ бардық. Ал, онда тұрған не бар? Осы жерде қылт ете қалғандай ештеңе жоқ қой. Сәрсен мана бригададан бері шығарда: «Бала сыйла ғанды білмейді екен. Өзімсінгенімді қорыққандыққа саятын сияқты ма, қалай?» деп еді, сонысының жаны бар-ау деймін.

— Дидар, шылымын бар ма?! Әкелші, — деді Сапар көшенің жиегіндегі ағаштың біріне сүйеніп тұрған менің жаныма келіп.

— Жоқ...

— Анада салып тартып жүр ең?! Қойдың ба?

Осындайда болмаса... Қойдым ғой. — Ол мұрнын шүйіре тыржитып, ұсынған отыма пәлдене тұтатып алды. Әне бір құшырлана сормай, ернінің ұшынан сыздықтата шығарып тұр.

Көп күттірген жоқ, ырсылдап Сәрсен де жетті. Кінәлі жандай қолындағы қалпағын қайта — қайта қағын, мәй мөңкелеп бір нәрсе айтқалы оқталып келе жатқан; Сапар шағып алды.

— Ит құлы итақай қоқырайтып қалпақ киетінді тауыпты ғой. Уә, Сәке, басқа-басқа, қалпақ сенің ненді алған!.. Тазға тарақтың жараспайтынын білетін-ақ жастасың ғой, — деп, ол осы жерде еркіндік, еркелік дегеннің шекарасы, шамасы барын ұмытып еді.

Сәрсен «әп» дегенде түсіне алмай, дағдарып қалды. Жаутаңдай маған қарап, мүсәпір күйде тұр. Бетіне қаны теуіп, далаптай боп шыға келген; артынша жүзі қуқыл тартты қиық көзі онан әрі сығырайып, жұмылып кеткендей болды. Оған ыққан Сапар жоқ. Қайта айызы қанғандай, шабынып тұр. Дүниеде біреуді мұқатып, жанын жараладым деп қуанған адамнан азғын болсайшы...

— Тілің тым өсіп кетіпті, бала.... Еркелігің шығар десем өңмеңдейтінді тауыпсың ғой, шошқа, — деді Сәрсен.

О, қасиетсіз неме?! Қойып жібермей ме оңбағанды...» Қатты күйіндім. Әйтсе де өзімді-өзім ұстап тұрмын. Бұлардың тілге келуінің алды-арты осы емес қой, деп көңіліме тоқтау да салып қоям.

— Е, несі бар?! Өтірік пе?

— Ұрынып қалма... Тектен тек өліп кетіп жүрерсің деймін де нақұрыс.

— Көрерміз де...

— Көретін дәнеңесі жоқ. Басқа қолымнан келмесе де, уәдеге беріктігімді білетін шығарсың, шошқа... Жол жаман ойдым-ойдым... Түсіп қалып, көпірден ауып кетіп жүрмегейсің, — деді Сәрсен машинаның кабинасына отырып. «Екеуің де оңбаған екенсіңдер-ау..» Сәрсен мысқылды езу тартып: «Үндеме, көресіні әлі-ақ көрсетемін оған», дегендей анық жауыздығын таныта қас қақты. Онысы маған белгісіз... Әйтсе де көңілім алабұртып, бір нәрсені сезгендеймін. «Жол жаман ойдым-ойдым... Түсін қалып, көпірден ауып кетіп жүрмегейсің?» О не соз? Өткен жылы бір шофер машинасымеи «Ақсай» көпірінен құлап өліп еді. Ел: «Бұл Сәрсеннің ісі... Соның қолы араласқан өлім. Арақ ішкен шофер дейді. Кім ішкізді? Тағы да Сәрсен... Жо... жоқ, қандай ішкенде де көпірден құлағандай ол мас емес. Соңында келе жатқан Сәрсен оны машинасын бір бүйірден жанай қағып жіберген. Жігіттердің осы болжасы дұрыс... Әрине, өзінің қанды жасыру үшін оған арақ ішкізіп, өзі де жұтып алғаны анық... — Дидар, кәне кеттік. Гараждан бұрын кеңсеге соғалық..

Сапар қу ғой. Өзінің артық кеткенін сезіп, қарап отырған менің арқамнан қағып қалып, «ге-гелеп» күледі. Жайшылықта шақпа даусымен сақылдаушы еді; қазір бір өнер тауыпты, төңірегіндегілерді еліктіре, сиқырлана күледі. Мен де ілкіде онысын аңдай қоймай, ыржалақтай беріппін ғой. «Е, сорлы бала, неменеге мәз боласың?!» дегендей түсімді суыта, езуімді жиып ала қойдым.

— Жә...жә, шал?.. Бір ашуыңды қи енді. Бермен кел.Түссейші төмен. Кабинаға мен отырып алады екен деп қорықпай-ақ қой. Ге-ге-ге...

— Не деп қорқам? Қорқа-қорқа болған адаммың, деді Сәрсен сыр алдырмағансып. Шынында ол Сапарды кабинадан қуып түсіріп, жасының үлкендігін, брига дирлігін сездіре салмақтанып-ақ қалған. «Шыж-быж боп кейиді, күйінеді. Көшенің ортасында жападан-жалғыз қалар деймісің. Амалсыз жоғарыға шығып, іштей күйзеліп отырып қалады ғой. Мейлі сөйтіп сағы сына берсін деп ойлаған сияқты еді; онысынан түк шықпай, мұқаттым-ау деген адамы қайта күш алып бара жатты.

— Жә... жә, шал!.. Құлақ сал сөзіме... Мына Дидар екеуміздің бір әңгімеміз бар, — деді Сапар оны еріксіз қаратып.

«Қандай әңгіме? Қайдағы әңгіме?» Мен түк түсіне алмай далмын. «О не қылған әңгіме?» деп сұрамақ боп бір оқталдым да, онымнан табан астында айнып шықтым «Өтірік... Өтірік қой. Тілге тиек қып айтқан да». Біле тұра өтірігін шығарғым келмеді. Әрі не айтар екен дегендей әуестік мені де жеңе бастаған.

Сәрсеннің қабағы әлі ашыла қоймапты. Қиық көзінің айналасы қызыл жарғақтана долырып-ақ қалған; әлгіндей болмай ысылдап-пысылдап машинадан түсе бастады. Түс алдырмаған болады, онысы баланың тәттіге өкпелегені тәрізді бірдеңе.

— Жә, шал... — Сапар әне-міне дегенше іші-бауырына кірердей лыпып жөнелді. — Ініңнің бір еркелігін көтере алмадың. Қартаяйын дегенсің-ау, ә?.. Білем... Неге біл мейін. Нервінің әбден тозып-біткенінен әрине...

— Жо... жоқ- ау, ойынның да бір шегі болмай ми екен?!

— Е, Сәке-ай, сізді мен білмесем, мені сіз білмесеңіз ойнап не жыным бар... Жә... Қойдым... Жаздым жаңылдым.

— Әй, шошқа... — Сәрсен мұны зілсіз айтты. Манағыдай емес кіресі босап қалыпты. — Жаңағы әңгімең не еді? Сөз аралатып кеттің бе, қалай?!..

— Е,ұмытқам жоқ, — дей берді де, қалтиып тұрып қалды. — Келе жатыр...

— Кім?.. Кәне?.. — Көшенің екінші бетінен сұр кительді мосқал адам бері бұрылды. «Қайдан шыға келді өзі?» дегендей бір-бірімізге жалтақтасып: мұнан әрі аузымызды танданып, босынай тұруымыздың жөні болмас дедік те оны-мұны қарастырғансып, машинаның я жақ, бұ жағын түртпектей бастадық. Сапар «зып» беріп, машинаның тіпті астына кіріп кетті.

— Уа,жігіттер, жол болсын!..

— Әлей болсын, — деп Сәрсен ілігі әкетті. — Сізге келе жатыр ек...

— Е, көріп тұрмын... Көріп тұрмын. Уа, қай жері жаулы екен, әбден тексеріп алмай машинамен жол шығула рың қате ғой, — деді ол төменде жатқан Сапарға үңіліп.

— Тормазной колодке... — Түсініксіздеу күңкіл естілді. Ізінше беті автолдан қара-қожалақтанған Сапардың басы көрінді. — Бітті... Түзетілді...

Директор да көтеріліп, машина балонын аяғымен теуіп қойды. Бірдеңе түсінетін адамдай-ақ қабағын шытып қояды. Мүмкін техника тетігін білетін де шығар? Өмірі былығын жататын жөндеу шеберханасын, гаражды жылан жалағандай тазарттырыпты ғой. Механик, токарь, слесарьлерді, тіпті инженердің өзін бір шыбықпен айдапты дейді Сәрсен. Өз басым сен беймін. Бізге келген директор қайбір көсегемізді көгерткен еді. Ертең-ақ совхозды сүліктей сорып, не әбден титықтатып таятын да. Стадион салдыртам депті дейді. Кәдімгі астанадағыдай.Физкультура институтын бітірген бір жігіт келді совхозға. Бәрі былшыл, бос сөз.

— Сәрсен, мынау қай бала? — деді директор менің жаныма келді. Шалқасынан қайырған толқынды қара шашына ақ кіре бастапты. Ұялы үлкен қой көзінің айналасы толған әжім. Үнемі жалаң бас жүреді. Біздің ауылдың ыстығы мен бораны әлі-ақ басыңа бөрік пен қалпақты кигізер, тұра тұр. Ол саған Алатаудың саясындағы совхоз емес.

— Қосағасы-ау, — деп қалды Сәрсен, — Бектасов қой шошқа...Дидар Бектасов.

Сәрсеннің осындай ерсілігі де бар. Мені бәрі білгендей кіммін сонша. Әлде мен жайлы әңгіме болды ми араларында.

— А... Е, естуім бар. Жақсы механизатор деуші еді Мынау машинасы салақ адам деп тұрған жоқ па? Қара шы, бригадир. — деді ол. — Астындағы атын бапты ұстай білмегенді жігіт дейміз бе? Жоқ... Ендеше жақсы механизаторларың ба, бұл?..

Оң жақ көзінің астында тыртығы бар осы адам көңіліме бір ұяламай-ақ қойғаны. Секемшіл, не болса соны тірнектеп, жіпке тізе беретіндей ұса, турашылдықты адамды қорлау, намысына тию деп түсінетін, қулық-сұмдығы ішінде бір жан сияқтанады да тұрады. Бір ғажабы: бұрынғы директордай көзге мақтамайды екен. Алдына шақырып алып, ақыл айтуға да жоқ тәрізді... Өзі Шолпанды қатты құрметтейтін көрінеді. Әйелді сыйламайтын бір еркек болсашы. Семьясын астанадан неге көшіртіп алмай жүр дейсің...

— Жақсысы жақсы... — Сәрсен міңгірлеп қалды.

— Жаман болсам шөпірліктен қуыңыз. Екі қолға бір жұмыс табылады. Ал мені жақсы, жаман деп осы қа зір базарға салмақсыздар ма?! Бағамды асырын, не жасырмай-ақ қойыңдар. Керек болса мен бригадирің мен қоса директорыңды сатып жіберермін, — деп машина кабинасынан секіріп түсіп, есікті сарт еткізе жауып жібердім. Аяқ астынан бұрқан-талқан бола қалғаным нан Сәрсен қатты шошынды.

— Уа, Дидар, жындандың ба?! О, нақұрыс...

— Әй, осының басынан сөз асырмай шақ ете қалатын әдеті құрсын. Немене сонша... Әулие ме едің?! Сен совхоздан шыққанда өледі деймісің жұрт, — деді Сапар шақылдап.

— О, сор... рлы!.. Тфу!.. — Сапардың жалбақтай итаршылана шабаланғанынан жирене, бетіне қалай түкіріп жібергенімді аңдамадым.

— Әй, Дидар!.. Тұра тұр... Әлі-ақ алдыңа келтірермін, — деп ол ұмтыла түсіп, менің неден болса да осы қазір тайына қоймасымды байқады ма; бетін қолының сыртымен сүртіп тұрып қалды.

— Бектасов... сені мына мінезіңмен машина қалай көтеріп жүрді екен?

— Е, талай сынды ғой, — деп Сәрсен іліп әкетті.

— Алыстағы мал отарына жолсызбен жүк тасыттырсаң, темір тұрғай сенің өзің де қирарсың, Сәрсен...

— Қайдағы отар?.. Не қылған жүк. — деп еді директор көзін жыпылықтата ойланып, Сапар апалақтаған Сәрсенге алая бір қарап қойып:

— Е, шай, қант оны-мұны кәкір-шүкірлер ғой. Сауда орнының өтінішін өтегеніміз еді де, — деді іле.

Көңілімдегі күдіктің сыры ашыла бастады. Кеше ауыл дан шығарда жан апаммен тілге кеп қалып едім; осы Сәрсен мен Сапар үйіміздің төбесіне деп шифр түсіріп кетіпті. Ақша алмапты. «Ер мойнында қыл арқан шірімес, Дидар досымыз ғой. Қол ұшын бергеніміз. Бізде бар болып, онда жоқтығын біле тұра үндемей қалсақ, қатар-құрбылығымыздан не пайда депті. Сапар әрине айта алмады. Апамның да көкейі кет әрі еместігін сезгенсін, онан әрі желдей еспей ме бұл қу. «Жүкті айтқанда неге шошынды? Неге жасырды? Бұрынғы директордың өзі рұқсат етпеп пе еді?.. Жұмыстан тыс жүк тасығаныңа деп отыз сом беріп Сәрсен, арқамнан қақты... Әрине оны осы қазір айта алмаймын. Директор сенсе жақсы... Сенбесе ше? Әрі менікі қорқақтық, жәй байбалам боп көрінеді ғой. Ал, мыналар уәде етіп еді; сөйте тұра менің алдымды орап барады. Қайткен күнде сыбайлас қылу».

Жақсы, жігіттер... Бүгін демалыңдар. Анау шабындықтан бері... Өзен бойына қашан көштіңдер? — деді директор. Көзі жасаурап кетті. Түнімен ұйықтамаған адамдай беті ісік тартып тұр.

— Екі күн болды. Жоқ...

— Екі күні несі? Бір жұма десейші, — деді Сапар Сәрсенді түзете.

— Е, о жердің шабындығы да бітті де. Енді «Ақсайдың тұсынан түсу керек, — деп директор сәл ойланып қал ды. Көзі көшенің жиегінде сыбдыр-сыбдыр сыр шер тіскендей боп тұрған жасыл жапырақты ағаштарда. Көңілі қайда?.. — Қалай ойлайсыңдар. Осы біздің сов хоздың жеріне алма, алмұрт, жүзім, өрік ағаштарын отырғызса шығар ма еді? Мал шаруашылығы мен бірге егістікті до қолға алсақ... Қатар жүргізсек...

— Жүргізуі жүргізерміз-ау... Тек...

— Е, Сәрсен, айт... Неге кідіресің? Мүмкін менің білместігім бар шығар?

— Директор біткен қателеседі екен ден білмейім. Тек сүрініп кетіп жүрмесек... Нақұрыстың...

— Тоқта... Сәрсен, сенің осы орынды, орынсыз «нақұрыс», «шошқа» дей беретінің ие? Ұят емес пе, — деді директор қызараңдай.

— Е, мәтелі ғой. Біз оған үйренгенбіз. — Сапар сөзінің аяғын мәймөңкелей бітірді.

— Лайық десеңдер өздерің біліңдер. Келіссіз-ақ енді. Сонымен сіз тек «сүрінбесек» дейсіз ғой? — деп Сәрсенге бұрылды. — Сүрінбеу үшін жүрмей... Қол қусырып отыру керек-ті онда. Қызық екен... Жақсы. Бригададан бәрің келдіңдер ме?

— Иә... Базарбек қарт қана қалды.

Директор төс қалтасынан жазу книжкасын алып, көзілдіріксіз қарай бастады. Күбір-күбір бір нәрсені есептеп:

— Бектасов, сен орталыққа неге көшпейсің? —деді. Менің әлгі бір мінезімді тіпті елең қылмағандай.

— Генерал қарсы... — Ыржалақтап мен үшін Сапар жауап берді.

— Генералы кім?

— Апасы...

— А... — деді түсінгендей. — Сіздер әрлі-берлі машинамен зырлап, сейілдемесін деп вагон-монша алдырдық. Соны ертең тіркей кетіңдер, мақұл ма?

— Қосағасы, трактор болмаса...

— Трактор болады, Сәрсен. Кино да барады. Газет-журнал да ала кетерсіздер... Айтпақтайын мен сіздерді жаңа бригадирлеріңмен құттықмаппын ғой.

— Ол кім? — дестік жарыса. Ел есебі рас болмағай еді.

— Базарбек қой. Естімеген екенсіздер, ә? — деді де, — ал жақсы тынығыңдар... Ертең бригада басында кездесерміз...

— Сәрсен ше? Оның күнәсі не? — деп қалды Сапар шыдамай.

— А... Сәрсен бе? Жәй тракторшы бола тұрады да. Жанар май, жағар майды уақытылы жеткізбейді. Өзі қайда болса сонда жүреді демеп пе едіңіздер. Бригадирлікті алып жүре алмады ғой. Жақсы жұмыс істесе кейін қайта қоямыз. Бастық қайда қашады. Мүмкін директор болар. Солай емес пе?

— Әрине... — Үшеуміз аң-таң тұрып қалдық.

Сұр кительді жалаң бас адам кетіп барады. Өзі қамыт аяқ екен — ау. Ирелеңдеген жүрісі қандай қызық. Әне, ол дүкеннің көлеңке бетінде отырған пенсионер қарттармен амандасып жатыр.

— Айтпадым ба?! Қу демеп пе ем? Жер соқтырған жоқ па, шошқалар — ау, — деді Сәрсен жұлып алғандай шар ете қалып.

— Қайдағы жер?.. Әлдеқашаннан белгілі емес пе ол?! — деп едім, сол екен Сәрсен енді маған тап берді:

Ә... Біле жүре... жасырып, табаламақ. Табаламақ бопты мынау, Сапар, — деді.

— Әй, сен жындандың ба!.. Қайдағы таба! Не деп ғабалайым? Дырду-думанымыз көбейіп кеткенін білмеймісің? Бұл соның нәтижесі... Мынау Сапар екеумізден өзге кім сені адам санап жүр!

— Ә, мен адам емеспін, ә?

— Жә, шал... Болды ғой енді, — деп Сапар оның иығына қолын салды. Сәрсен селк ете түсті. «Осы шын нервіни-ау, ә?!» — Менің бағанағы айтпақ болғаным...

Иә...

— Қалай қарайтындарынды қайдам. Жас ет, тентек судан да құр емес еді үй. Біздікінде болсақ... Дидар білмейді ғой. Шақыруымның себебі бар... Мотоцикл алғанмын. Соны жуғаным болсын...

Сәрсен екеуміз әлі үрпиісіп тұрмыз. Қыдырыстап жаман үйреніп қалдық қой; аржағымыз жек көрмей, қайта елп ете түскендейміз. Өз басым осы бір сезімнен қатты шошынып; «араққа бой үйретіп алған жоқпын ба екем, ішпей жүрсем де, көңілімнің селт ете қалуын қарашы. Әй, мейлі соңғы рет бір сілтеп көрейінші» деп ширықтым.

— Е, астыңа ат мінген екенсің. Құтты болсын!.. Оны жууың әбден дұрыс! Не сөз бар?!. Кеттік ендеше. — Сәрсеннің кейде өстіп, даусын көмейден қырылдата шығарып бес батпан бола қалатыны бар. Қазір де сонысын істеп гүр-гүр етіп тұр...

Он бірінші тарау

О, шіркін... Несін сұрайсың, достым. Іштік қой өлердей. Қолы ашық жігіт емес пе?! Сапар коньяк пен тентек суды үйіп-төгіп салды. Шайдан соц ет келді... Онан кейін де сілтедік. Не тентек сумен, не коньякпен болайық деп едім; Сәрсен көнді ме?!.. Осының өзі жақсы деп лекітіп әкетті дейсің... Енді қабырғаға сүйеніп, мөлиіп тұрысы анау. Көзін қарашы... Көзін. Өлген тауықтың көзіндей ақшаңдауын. Жата тұр десең жатпайды. Ерегеседі... Үй иесі ғой, Сапар тың. Ерегеспейді. Сәрсендей емес, ол... Өте ауқатты тұрады. Алты бөлмеде апасы екеуі ғана. Қонақ бөлмесі кірсе-шыққысыз: айнала кілем... Орындық, стол... жерде де кілем... Қонақ бөлмесіне стол қоймапты. Кілемнің үстіне дастарқанды жайып жіберіп, көпшікті қолтықтап, жантайып жатқанды қалайтын сияқты. Онысы енді мықтылық емес...

Бір-бір шылымды тұтатып алып, Сапардың қонақ үйіне есіктес бөлмесіне келдік. Ол өзі «кабинетім» дейді Айнала сірескен кітап.

— Әй, осы кітаптың бәрін оқыдың ба? Жоқ әлде көлденеңге көз қылғалы қойдың ба? — дедім ентіге. Hеге ентігем мен? Жүгіргем жоқ... Көрдің бе, тәлтіректеп Сәрсеннің де қалмай жүргенін. Былдыр-былдыр бірдене айтады өзі.

— Оқымаған кітабымды жинамаймын. Және де оң қызығын, тартымдысын ғана сатып алам.

— Сенің қазіргі әңгімелеріңнен бір брошюра шықса Сапар алады екен деп дәмеленбей-ақ қой, шошқа, — деп Сәрсен арадан киіп кетті.

— Па... Мына сүмелекке ден жан бітіпті-ай. Әй, жаңа директордың алдында аузыңды бақадай ашып қала беріп едің...

— Жә, жігіттер, болды... Апам асты қайта ысытқан шығар. Жүріңдер ыстық сорпа ішелік. Шаршап қалдық қой, — деді де, Сапар екеумізді қолтықтап алды.

— Әй, Сапар-ай, сен... сен бе?! Келші бетіңнен сүйейін. О, нақұрыс...

— Жә, шал... Болды... Болды...

Сәрсен оған қарамай, бетінен «шолп» еткізе сүйіп алды.

— Сенің өспей қалып жүргенін, де... Көп оқығаныңнын кесірі ғой, шошқа-ау... Бірақ сен ақылдысың. Иә... Рас айтам ақылдысың...

Дастарқан қайта жайылыпты. Ac әлі келе қоймаған екен. Екінші ет қой. Жейтін де жеріміз жоқ өзі. Кеңірдектен кеп отырмыз. Сапар кабинетіне кіріп кетіп үш шыны арақ алып шықты.

— Апа!.. Енді қашан, апа! — деп ол ауызғы үйге қарай айқайлады. Қит етсе шешесіне әкірендейді. Зекіреді...

— Әй, сен апаңа дауыс көтере берме. Білдің бе?! Meн қазір барып көмектесем. Ертіп келем.

— Отыр... Отыр деймін. Істесін, не бітіреді басқа.

— Аяқ-табаққа араласып қалған қу емес пе. Жібер мұны... Лайқаты сол, нақұрыстың, — деді Сәрсен бақайдан қағып.

Сапар тұра берген менің иығымнан басып отырғызып қойды. Сол сәт шұңғыл ақ табаққа салған еттің буын бұрқыратып, орта бойлы, ажарлы қария есіктен көрін ді. Қыр мұрынды, ақсары... Сапардай емес бойшаң, ұяң жүзді адам. Жүгіре отыра қап, етті турай бастады. Екі сөзінің бірі: «Қарақ... қарақ... Алыңдар, жаным...» Арасында менің апам сияқты: «Құлыным-ау, сол арам қатқыр тентек суды қойып, сорпа ішсеңдерші», — деп те қояды.

— Сен бұл кемпірді білесің бе?.. Білесің бе, ә?.. — дедіСапар тілі күрмеле. Көзінің астынан сүзе қарады. Қайта-қайта апасына сұқ саусағын шошаңдатып, қолын сілтеп қалды.Шашы жалбырап төмен түсіп кете берген басын кегжең еткізіп, көтеріп алып отыр. — Ол менің кішкентай... сәби күнімде екі рет... Екі рет шалға тиді ғой. Сен түк те білмейсің, білдің бе? Онан да анау алдыңдағыны мөлдіретпей ішіп сал... Сол кездегі менің көз жасым бұдан ыссы, ащы... Ащы еді ғой... Алсаңшы, Дидар... Мен сендей ешуақытта бола алмаймын. Сен аңқаусың. Кісі аяғышсың. Мен апама айқайлағанға сенің көзің дөңгелене қалыпты. Жо... жоқ, сен оны аяма... Ол сенің апаңдай емес.....Қиыншылық уақыт болды ғой дейді. Өтірік... Өтірік...

Жауырыны бір уыс боп шөгіп бара жатқан ана жүзінен қасірет көргендеймін. Ол Сәрсен екеумізге жалынышпен қарайды. Қардай бораған жаладан қорған іздегендей бұға түседі. Сапар үсті-үстіне төкпектетіп жатыр. Екі көзінде рақат ұшқыны бар. Алақ-жұлақ етеді. Ана ол салған жараны ауырсына тыжырына қалса; бұл өзіне ересен күш біткендей шиыршық атып, өзеурей түседі. Жаным-ау, мынау хайуан екен ғой. Ана қадірін білмейтін не деген қасиетсіз еді. Өйткен рахатың құрысын... Ана жайлы бұ да біреулерге ақыл айтады-ау, а?! Осы қордығының бәріне шыдап, «балам» деп еміреніп отырғанын көрмес бұдан не үміт, не қайыр?!. Кешірімшіл кең дүние-ай!.. Дүние дегеніміздің өзі ана ма еді». Сәрсен жанбастай жатқан, еңсесін көтеріп алды. Төңірегіне самарқаулана қарап отыр. Шылым мен майлы тағам нан сарғыш тартқан күрек тісін көрсете мән-мағынасыз маған ыржиып қойды. «Бұ да сол... Нені ымдайды?.. Е, рюмкеге сен емес анау су стакандарға коньяк құй деп отыр екен ғой...» Сапар иығымнан өзіне қарай жұлқа тартып қалды:

— Неге тыңдамайсың? Теріс айналасың? Сен, Дидар, әкеңді білесің. Мен білмейім... Қандай ол? Сен не болса, соған нанасың... Ол сенің сорлылығың. Білдің бе?..

— Иә...

— Құлыным-ау, шаршап қалдың. Сорпа ішсейші. Өткеңді қозғап қайтесің. Қатарыңнан кем қылмай өсірдім і емес пе...

— Кетші... Кетш... ші әрі! — деп Сапар апасының кеудесінен итеріп кеп жіберді.

— Жетті!.. Жетті ғой енді! — Оның жағасынан қалай ала түскенімді сезбей қалдым. Қылғындыра ұстап, мытып-мытып жібердім бе, қалай... Ышқына... «қыры қырыл» ете берді.

— Әй, өлтірдің шошқа! — деген Сәрсеннің даусы қатты шығып кетті. Шошына қоя бердім. Сапардың басы жастыққа сылқ ете түсті. Апасы дауыс ете үстіне құлаған; көзінен моншақтаған жас бетіне тиді ме, Сапар дір ете қалып барып, көзін ашты. Сәрсен екеуміз екі жагми демеп тұрғызып отырғыздық. Бетіне орамал желпіді. Апасы жүгіріп ауыз үйден су әкелді, ернін, маңдайын жұмсақ алақанымен дымдап жатыр: «Құлыным-ау...байқасаңдар нетті. Байқасаң даршы. Жасарын жасап, асарын асаған мендей ақ селеу шашты, аузы опырық қария емессіңдер. Тілеулерің алдарында. Қолдарыңды қағар ешкім жоқ. Мыналарың не... Әдіре қалғыр ащы судан опа көрген кім бар еді. Қойсаңдаршы...» Ана үнінен түсініксіз қорқыныш, адам жанына үрей ұялатарлықтай салқын сұстылық сезіледі.

Сапар басын көтеріп алған: «Бұ қалай болды, жігіттер?» — дегендей үнсіз отыр. Мүмкін ол осы арақ aтаулыға ерегісіп: «Сенімен болсын ісім. Оңай жеңбек екенсің ғой», — деп қалған шығар; әйтеуір қабағы қату.

— Уақа емес, жігіттер. Дидар, көңіліңе ештеңе алма. Мен саған ренжімеймін. Өзімнен... Құй, Сәрсен, — Сапар мұны зорлана езу тартып айтты.

— Мен ішпейім, — дедім.

— Ойбай, Дидар-ау, дәудей сен қайтқанда, өзгемізге не жорық. Мына қақтығысқан жадауға қарасайшы. Ол Сапарды меңзеді. Әзілдегені ғой. Қазір оның орынсыз екенін ойламады-ау. — Асылы жадау біткен тентек cyға мықты ма дейім. — Сәрсен бір жаңалық ашқандай төңірегіне масайрай қарады. — Кәне, құдымылдатып қоймадың ғой. Анау сүбені шанышқыңа іліп жібер ші...

Ағаш аяқтағы туралған еттің майлысын Сапар шаншып, «кәне» деп тұр. Сәрсен шаппа жардан суға секіруге жүрексінген адамдай жаутандап қолындағы арақ толы стаканға бір, Сапарға бір қарайды.

— Бол енді...

Сәрсен қылқ еткізді. Өлген тауықтың көзіндей жанары мұнар тартып, ақшыл кірпігінің асты қызыл жолақ белдеуленіп жүре берді. Сапар да одан қалыса қойған жоқ. Аузына нәр салмай, әлгінде Сәрсеннің «мықты» дегенін малданып жұдырығын иіскеп отыр.

— Кімді алма... Бері өзінше ақылды. Ец ақымақ осы

Шығар-аy деп сөз тартып жақындай түстің бе; ал енді құтыла алмайсың. Ақыл айта жөнеледі. Құдайым басқа бермесін... Әрі-беріден кейін адам екеніңе шұбаланып, кеше ғана маймылдан жаралғандығыңа ден қоясың. Бұ несі,ә? деді Сәрсен түк түсінбегенсіп. — — Адамбыз ғой.

— Сапар, сен жалпылама. Дәл айтшы маған. Неге бәріміз ақылдымыз?

Өмірде солай болуға тиіс те ғой. Ғылым да, әдебиет те өнер де бір данышпанға қарап қалса дамымас еді. Рас оған қосар үлес әр түрлі. Біреу мол қосса, екіншісі тарының түйіріндейін әкеледі. Космос ракеталары, атом кемесі дегеніміз миллион мидың жиынтығы емес пе? Мысалы бір сен ақылды екенсің делік. Не Сапар сондай..

Біздің бәрімізсіз сен не бітірер ең, айтшы? — дедім еліге.

— Енді түсіндің бе, Сәке? Әне, солай болады, — деп Сапар көтеріліп қалды. — Дидар, палуан ғана емес... Жә... Қойдым.. Мақтасаң пәлеге өстіп қаласың.

— Мықты-ай шошқаң. Шынымды айтсам маған әлі ақ дәнеңе қонып отырған жоқ. — Сәрсен терең күрсініп қойды, — Бас емес, қауақ шошқаң...

— Салқын су бар ма? Қаным кеуіп барады.

— Қой. Дидар, шыда. Қазір далаға шығамыз. Ауа жұтып сейілдеп қайтамыз. Солай емес пе, Сәке? Әне, дұрыс.. Кәне, тағы да құйып жібере ғой. Қайтып кеп карта ойнаймыз. Салқын су ішіп баламысың?! Бол енді, телміртпей адамды, — деп Сапар тағы да Сәрсен ді қамшылап жіберді.Мен далаға тұра жөнелдім.

Көше жап-жарық, қоңыр салқын. Көңілді... Әр үйдің алдында қарандаған біреулер көрінеді. Жүрегімнің ұйтқығаны басылғандай. Тынысым кәдімгідей кеңіп қалды. Көршілес үйдің алдындағы сәкіде түйенің жарты етіндей әйел жарыса семешкі шағып отыр. Еріндері сүйрендеп бірінің құлағына бір ауыздарын тақап, жан-жағына алақ-жұлақ қарасып қалады.

Үйден даурығыса Сәрсен мен Сапар да шықты.

— Е,әлі ерте екен ғой. Кино басталғанша қашан, — деп Сәрсен маған келіп сүйенді. — Жүрегің қалай?.. Эһ...

Мінез көрсетіп тұр де. О, шошқа-й! Сен бар ғой, Дидар былай істе.... Саусағыңды көмейлете аузыңа тығып жібер де, зорлана құс. Былай міне... Оһх... — Сәрсен лақылдата кеп құсып жіберді. Маған өзінің тәжірибесін іс жүзінде көрсеткені ғой,

— Туф...ф... Осылар итше ішпесе қайтеді екен. — Сапар екеуміз жалт қарадық. Сәкіде отырған манағы әйелдер. Бізден сескенді ме білмейім. Бір сәт тым-тырыс болыса қалды да, ізінше аяқтарын ұшынан басып, үйлеріне қарай жылжи жөнелісті...

Киноға кіргеніміз жоқ. Көп кідірмей қайттық. Бейта ныс жігіттермен тілге келісіп қалдық. Сәрсен қорқақтық істеді. Сапар кері тартты. Шолпан мен Дариға да сонда жүр екен. Физкультура институтін бітіріп келген жігіт Шолпанның болашақ күйеуі көрінеді. Ел жарықтық бекер айтпайды екен де. Е, тәйір-ай... Жел болмаса шөп басы қозғала ма... Мейлі ғой. Әңгіме онда да емес. Сонда кімде? Мені де қорламақ екен де. Жо... жоқ, Дариға менің Сапар, Сәрсенмен бірге жүргенімді көріп қашқақтайды. Сүйем дегені өтірік болған. Сәрсен мен Сапар бекер жамандамайды оны. «Сенбе оған, алтын басыңды қор етеді», — деп еді, қателеспепті. Ол аз саған... Қара түнде, сонау даладағы «шайханада» кездесетін төбелес құмар жігіттің аузын бақадай бір ашырдым-ау. Не болса, ол болсын. Жоқ-ау, Дариғаның қасынан қыл елі қалмай жарбиып, тұрып алады.

— Қалай, Дариғаш... Күйеуің олқы көрініп тұрған жоқ па? Тағы бірін ілестірмедің бе, а? Сәулем, бұл тіптеп аз ғой, — дедім сақылдай күліп. Кәдімгі Сапардың күлкісі. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады деген рас-ау, а?!

— Дидаш... Дидар, сен массың... Не деп тұрсың, Дидар, есінді жи...

— Жаныңдағы жаман тайлаққа айт оны. Сол есін жи сын... Достым, Дариға менен кетті. Саған жетті. Қобалжыма... Әйелге жарыдың... — Тағы да сол Сапар күлкі.

— Дидар!.. Өлтірсейші өйткенше!..

Төбелесқұмар ұмтыла берген Шолпанның жанындағы кішкентай қара қағып жіберді. Анау етпетінен түсті. Қолындағы пышақ жерге дік ете шаншылып қалды.

Дариға екі беті бал-бұл жана қасыма келді. Үстінде көгілдір, бүрме етек көйлек. Шашын желкесіне түйіп қойған. Осы қазір ол қандай сұлу.

— Дар... ри... — Атын атағанымша болмады. Шапалақ жағыма «шарт» етті. Екі бетім дуылдап кетті. Әйел дің еркекті ұрғанын кім көрген. Жинала қалғандар тым-тырыс. Үн шығаруға қорқып тұрғандай; Дариғаның өзі шошып кеткендей шегіншектеп барады. Әне, ол бұрылып жүгіре жөнелді. Үшеумізді киноға келген жігіттер қоршап алды... Маған бәрібір. Мынау топқа қарсы қойып кетейін десем, екеуі қолымнан тартып жібермейді.

Қоңырау соғылды. Қазір кино басталады. Қоршау біртіндей ыдырап, екеу — екеу кетіп жатыр. Бәрі де сұсты.

Дариғаны сүймейтінің өтірік екен. Шолпанға қырындаушы едің... Еркемен де әуре болатынсың. Иә, бәрі жастығыңнан... Оны тіпті көзіңе де ілмедің ғой. Сен өзіңді-өзің алдай алмайтын жігітсің, Дидар. Сен былшылдама... Дариғаны сүйесің... О да сен десе өледі. Білемісің сен оны? О, нақұрыс, — деді Сәрсен үйге кеп, дастарқан жиегін қолымен баса жантайған соң. Қолтығында екі бірдей жастық. Шылымды бұрқырата, қуланғансып, жыртақтай қарайды. Ол осы жатқанда өзін бір ғаламаттай психолог сезінетін тәрізді.

— Оттапсың!..

— Әне... Жастарға ағалық сөзіңді айтсаң болды.Оттаған...

— Жә, шал, — деді Сапар оның сөзін бөле. — Не болса соны көңіліңе ала берме. Қызынып отырғанда өзіңді тежеме де... Ойыңа не келсе соны соқ. О да демалыс.

— Жоқау, мен бөтен не айттым? Бұ шошқаға...

— Кәне, мынаны Дидар алдырып жіберсін. Соғыстырып тарта бергенше тост көтеріп, демалыс кешімізді әрлендірейік... Ал, кәне! Шал, онан кейінгі сөз сенікі. Ыңқылдап тұрма, дайындал. Дидар, ал...

Не айтам?» Мұндайда ойыңа түк түспейді ғой. Әрі дастарқан үстіндегі бауырсақ, қант, арақ шынысы, аяққа салған сары май, қуырдаққа шекті теңселіп тұрса; өзің балбырап, өлең айтқың кеп отырса не дейсің. Тіпті қарадан қарап айқайлағың, секіріп билегің келсе ше?! Ізінше жан дүнием елжіреп, жылағым келеді. Жата қап Дариғадан кешірім сұрасам деймін. Обал болды-ау. Маған жасаған қиянаты жоқ. Қатары мен киноға барғанда не тұр? Сәрсен: «Жеңілтек әйел, оған сенбе», — дегенге даладан қыжылдайтын кіммін сонша? Иә? Бұл арақ... соның кесірі...

— Оу, Дидар, болсайшы. Алдыртпаймысың.

— Ала беріңдер. Менің ішетін жерім жоқ, — дедім алдымдағы арақ толы рюмканы кейін ысырып.

Көңілім әлем-жәлем. «Неге келдім? Бұларда жұмы сым не еді. Дариға, сен дұрыс істедің. Мендей адам саған жолдас боп, түк те бітірмейді. Сақтанасың... Бо йыңды аулақ саласың. Мен оныңа ренжімеймін. Сені неге ренжіттім? Не көрінді маған? Қара басып не болды соншалық...»

— Оттап... Оттапсың, ә?! Сөйдедің бе? Иә, сөйдедің!..Сен.. Тоқта... Дариғаны сен сүйесің, бітті шаруа... Үндеме... Ауыздан қақпа. О да сені солай иә, сүй... Махаббат бітті шаруа. Ол әдемі ме? Әдемі... Қыз ба? Жоқ...

Келіншек. Бірақ, сен оңбағансың. Анау, Ертұрлыны ырбаңдатып қойдың. Қарындасыңа сөз салатын көрі неді. Сен сақ бол, — деді Сәрсен қолын сілкіп қалып. Алдындағы рюмкеге құюлы арақты төгіп жіберді. Түсіп кеткен басын қайта көтеріп алды. — Мынаған құйма дедім ғой. Ол не шай қасықтай... дәрі ішіп отырмыз ба?..

«Қарындасыңа сөз салатын көрінеді? Ертұрлы ма мені басынатын. Сақ бол дейді, ә? Көрермін әлі... Дариғаға анау көршілес совхоздың төбелесқұмары ғашық сияқ ты ма қалай? Айналдырып жүргенін білем деп қалған Сәрсен. О не өсек? Рас па екен?..»

— Әй, шал, не айтып отырсың? Ойының ба? — деді Сапар стаканға құйылған арақты оның алдына қойып жатып.

— Не?.. Е, Дариға ма? Олла білле рас...

— Оны қайдан білдің?

— Е, балалар-ай... Біздің үйдегі қатыннан естідім. Совхоздың бір әйелі білді дегенше бүткіл дүние жүзі естіді дей бер. Мұндай жаңалық жатпайды. Ол өзі табыскер, шаруақор жігіт деп соғады. Екі мәрте үйленіпті. Бәрі сәтсіз бе, қалай. Дариға да жұтынып тұр ғой несін сұрайсың. Құдайым сақтасын сұлуы сұлу, айтатын не бар.Әттең, кетті дәурен. Әйтпесе мына жаман ағаларың көзді бір қысып қалар еді. Иә, айтқандайын ол жігіт былай... Әрі жалғыз басты дей ме өзі. Әйелдер бір жағы күйеудің артында «тіркемесі» болмағанды қалайды ғой. Дидардың қанша дегенмен апасы, қарындасы бар емес пе?

— Жә, шал... Мынаны алдырып жібер. Сонысын карта ойнаймыз. Дидар, сен не... Ауырып отырған жоқпысың? — деп Сапар бетіме үңілді.

— Е, жоқ... — ештеңеден алаңсыздығымды сездірмек боп езу тарттым.

— Шалдың сөзін естіп отырмысың? Жаңа қайта-қайта күрмеліп біткен. Көрдің бе енді? Есіп барады, а?

— Пәле ғой... — Тағы да бір жын буа бастағандай; өзімнен-өзім кейіп отырмын. Неге?.. «Бектасов... Сені мына мінезіңмен машина қалай көтеріп жүр екен?» деген директордың жүзі келеді көз алдыма. Енді бірде: «Осылар итше ішпесе қайтеді екен?» дейді әйел үні құлағыма. «Дидаш... Дидар, сен массың... Не деп тұрсың. Дидар, есіңді жи... Дидар!.. Өлтірсейші өйткенше!..» Мен жындандым. Иә, жынданып келем. Неге? Неге тек мен жындануға тиіспін. Мынау екеуі де жындансын... Иә, мен жалғыз... Жоқ...»

Дидар, алсаңшы-ай...

Ішпейім. Болдым. Тыныштық беремісіңдер әлде жоқ па? — дедім булыға айқайлап.

— Қойдық ойбай... Зорламаймыз. Өзің біл. Кәне, Cәке.... О, кәрі тарланым-ай, жортақтауын. Қамшы салдырмайды-ау байғұсың, — деп Сапар мақтап жатыр.

— Е, мен кім... Дидар деймісің. Өлсем... Өлсек біз.. – Ол ықылық ата тоқтады. — Дидар-ақ көп жасай қойсын Денсаулығын күтеді де. Бізге оның қажеті шамалы. Ақ семсердей жалт етіп өте шығамыз. Өмір сүретін дердің әдеті ғой қорғалақтап ибаи... «О жерім, бұ жерім» деп отыратын. Амандыққа, саулыққа кеттік...

Олар кинодан шығып қыдырыстап жүр. Бәрі мені ақымақ санайды. Ішіп кетті дейді. Аяған болады, ә?.Ертұрлыны айтам. Сапардың апасы жақсы адам. Мынау доңыз оның қадірін білмейді. Жоқ, ол жаман кісі. Баласының қорлағанына шыдаған ана... Ол жақсы емес... Осы қазір інісі мен апасының жанында тамақ ішіп отыр. Ертұрлыжан дейді апасы оған. Мені ол адасқан санайды. Өзі ше?.. Мен ұрлық істедім бе? Ұрындым ба? Біреуді жөнсіз сөктім бе? Жоқ... Жоқ... Бригададағы жігіттер менен неге сескенеді? Жүре сөйлеседі... Трактор мен машинаның тілін менен жақсы кім біледі? Базарбек қарт кім? Сонсын кім?.. Мен... Мен... Нанбасаң сұра мыналардан Ертұрлыны жастар сыйлайды. Оған еліктейді... Ол тіпті менің қарындасыма көз салатын көрінеді. Не істеседе қақы бар сияқты. Мен сені ырбаңдатпаспын, арақ ішпейтін тақуа жігіт... Әкеңнің атын аттаттырармын, тұра тұр әлі... Мейманаң асып кеткен екен тіпті».

— Дидар... Дидар дейім?

— Немене?

— Қайда барасың?

— Онда сенің шаруаң болмасын! Онда сенің... шаруаң жоқ деймін. Түсінемісің, хайуан?!

— Жібер, Сәрсен... Таза ауа жұтып қайтсын, — дейді Сапар.

— Е, бар ендеше, шошқа...

Міне, менің жүйрік қара айғырым. ГАЗ — -51 деген тұлпарым. Кәне, тұлпарым, әкетші батырыңды. Әкетті... Шошқа... Шошқа... Шошқа...» Машинамның моторы да Сарсен боп сандырақтайды. Көремісің... Ха... ха... ха... ШІошқа... Шошқа...» деп жатыр...

Он екінші тарау

Ертұрлы мені күтпеген сияқты; есікті аша бере, таң дана тұрып қалды. «Үйге кір» деуді де ұмытқандай.

— Хал нешік, бауырым? — дедім жайбарақат. Ол менің аузымнан шыққан арақ исінен тыжырынса да, оны сын сездірмегенсіп, бойын жиып ала қойды. Бір іске батыл, бекем бел буып келсем де, осы жерде еркінді гімнен айрыла бастағандаймын.

— Хал жақсы ғой. Тек осыны білмекке келмеген болар сың. — Көрдің бе?! Өзі шоқ тастап жібергенін. Көп сандалбайыңның бірі шығар деп тұр... «Өлер бала молаға қарай жүгірер» деген осы әне. — Ішке кір... Бөтен-басқа адам жоқ. Өзіміз... — Ол үстіндегі пижамының өңірін түзеткенсіп, түймелеп жатыр. Осы сәт есік ашқалы кеткен баласының кідіргенінен секем денген ананың төргі бөлмеден наразы үні естілді.

— Уа, Ертұрлыжан-ау, есікті жапсаңшы. Аңырап кетті ғой.

— Қазір, апа... Ал, иә. Осылай тұрамыз ба?

— Сен мына жеті түнде өздігіңнен, сұраусыз шыға аласың ба?

— Иә... Қайда?!

— Менімен бірге боласың. Өлмейсің...

Оның жүзі сәл қуқыл тарта қалды. Тынысы жиілей түсіп барып басылды. Әдемі қара көзінде өткір ұшқын ойнап өтті.

— Өлем деп өзім де ойламаймын. — Мысқылдай езу тартты. Естімеген жандай үнсізбін. О да мұнан әрі қиқар жауап қатқан жоқ. — Үйге ештеңе айтпай шығайын ба?

— Бұрын не, шыққан-кіргеніңе есеп беруші ме ең?

— Мезгілсіз уақытта қайда барасың деп сұрап қалуы мүмкін ғой дегенім еді де. Ә... Мейлі... Сонымен үйге кірмейсің бе?

— Иә...

— Ертұрлыжан, есікті неге жаппайсың? Аңырап кетті ғой, — апасының даусы тағы естілді. Бұ жолы өзі есікті жаппақ сияқты. «Аһ-лап, уһ-леп» тұрып жатқаны да аңдалады.

— Қазір, апа... Барар жеріміз алыс па?

— Жұмысқа қалай барушы ең, — дедім оның сұрауын естімегендей. — Мен білгеннен бері жұмысқа пижаммен шыққанынды көргем жоқ. Соңғы күндері бір жаңа сән таппасаң...

Ол төмен қарап, үнсіз тұрып қалып барып, менің тура тұмсығымның алдынан «сарт» еткізе есікті жауып жіберді. Зығырданым мұндай қайнамас... Қарай көр...

Ертұрлы үйден тез шықты. Үстінде жұқа, сұр велвет. Күн аса суық болмағанмен, түн әжептәуір салқынды. Үндеген жоқ. Маған бәрібір емес пе. Жалаң аяқ неге жүрмейді тіпті. О, несі-ай...

Тек ертеңгі жұмыстан кешікпейік, — деді ол ауылдан ұзап, үлкен жолға түскесін. Үндемедім. «Ақсайдың» көпіріне бұрылғанда тағы да тыныш отырмай қақтығып тиісті. — Достарыңа апарып мені біраз тәртіпке шақырмақсың...

Міне, көпірге де кеп қалдық. Машинаны тоқтатып, жерге түстім. Ертұрлы әлі әжуалап жүр.

— Батыстың бір киноларында осылайша екі адам машинамен иен даладағы көпірге келетін. Сырласатын... Содан бірі екіншісін атып тастап, шым-шытырық күйге түсетін.

— Жетті, Ертұрлы... Сен айтқандай мен Сапар мен Сарсеннің «құйыршығы» болғанмен... Әлі өз намы сымды қорғарлық күйдемін, — дедім жанына кеп. Ол мізбақпай төсқалтасынан фильтрлі сигарет алып тұтатты да, екі сорып түтінін бетіме жіберді. Мен жақтан шапалақпен тартып кеп қалдым. Шылым езуінен ұшып кеткен; шоғы күміс теңгеліктей шашылып жатыр.

— Е, өзің жөндеуге алмақ екенсің ғой. «Малай» дегенім намысыңа тиді ме, ә?

— Мә, малайдың қарымы, ал!.. — Оң қолыммен шық-шыттан бірді қойдым. Жалп ете түсті. Тәлтіректеп орнынан қайта тұрды. Аузы-басы қарала боп шыға келді. Басындағы кепкасы анадай ұшып кетті. Онысын көтеріп алған жоқ. Үстін де қақпады.

— Малай болмасаң бүйтпес едің. Мен сенімен төбелес пейім.

— Болашақ күйеу баласың ғой. Мүмкін сонан да?!

— Жоқ... Сен оны бұ жерге араластырма... Сұмпайы... Сен оның садағасы кет. Иә, сүйем Ләйләні...

— Сүйем?.. Қазір анау мұрнынды бет қып берем. Сонсын сүйерсің. — Сол қолыммен іштен бір нұқып, ең кейе қалғанда тұмсықтан салдым. Ертұрлы қолы ербендей шалқалай барып, ұшып түсті. Қандай ит жанды еді... Тағы тұрып келе жатыр...

— Иә... Сүйем... Білдің бе?! Сүйем... Мен сен емеспін ғой, сорлы Дидар!.. ұрсайшы... Қатынсың?.. Ал, ұр!.. Тұр қолыңды қақпадым... Ұр!..

Дүниеде зығырданыңды қайнатқан адамыңның қарсы ласпай осылай тұрып алғанннан жаман не бар. Жіге рің құм болады екен.

— Адалқанынды мойындағың келмейді. Сен белгісіз қыстақтарға құрастырмалы екі үйдің есік, терезесін апардың. Мен оны білем...

— Директордың ұлықсатымен. Мен шофермін. Тасушы ғанамын.

— Алдама, Дидар, өзіңді.

— Оны сен тексермейді.. Сәрсеннің қолында қағаз бар.

— Жалған. Өтірік қағаз. Сені алдап жүр. Сен оған сене сің... Құйыршық...

— Мә, саған құйыршық үшін! — Ертұрлы шалқалай түсіп, бойын жиып алды.

— Ұр!.. Тағы да! Мен сені ұрмай-ақ сабап тұрмын, ит!.. Сенің үйіңе Сапар мен Сәрсен шиферді тектен-тек түсірді деймісің?

— Ол өздерінікі...

— Сандал... Ол совхоздікі. Сенің сатқындығыңа берілген ауыз бастырық. Сапар мен Сәрсенге бұрын қатты сенетінсің. Үйіңе тегін шифер түсіріп кеткелі сезіктенетінді шығардың. Әйтсе де әлі бір оларға қарсы келгенің жоқ. Өйткені сол өзің ойлағандай ауыз бастырық» боп шығама деп қауіптенесің... Иә, қорқасың. Араққа ден қойып жүргенің де сонан... Мен білмейді дейсің, ә?.. Ауылға соңғы соққанында апаңмен ренжісіп: «Неге алып қалдың? Қайдан білесің неге ұрындырайын деп жүргенін», — деп тілге келгенсің... Онан әрі міне сұрқың ауыз жаласып, мені соққыға жығып тұрғаның...

— Кім айтты саған... апаммен тілге келгенімді? Немене сенің көріпкелің бар ма еді? Кім деймін-ай? Ләйлә ма? Айтамысың, жоқ па?

— Айтпайым... Бар... Тарт арақты. Ауыз жалас. Ертең, олар саған мынаны иіскетіп кетсін... — Ол бармағын шығарып, мұрнымның астына әкелді. Жирене қолын қағып жібердім.

— О, сорлы! Неге ұрмайсың. Әлде аузыңа құм құйылды ма? Ә, солай ма?! Соқыр неме... Тұра тұр әлі көресіңді көресің...

— Жетті... Құдайыңнан да қорқар жайым жоқ.

— Сәрсеннен қорқып келмедің бе? Өтірік деші?

— Ұсқыныңа болайын... Сүріңе қарасайшы онанда.

— Сөзге бұрма, қорқақ неме... — Ертұрлы төсқалтасы нан сигарет шығарды. Шырпының жарығы көнтиіп ісіп кеткен үстіңгі ернін, мұрнын, көк ала болған кез алдын шарпып, «лып» етіп сөніп қалды. — Тағы да айтам... Ескі досым деп айтам... Адаспа, Дидар! Адаспа!.. Қосақ арасында босқа өліп кетіп жүрме.

— Сен қорқытпа деймін мені! Алдағанға сене беретін баланы тапқан екенсің. Қорқатын дәнеме жоқ. Мен ұры емеспін... Ал сен сияқты сырттай жылтыраққа қарындасымды тәлкектете алмаймын. Ұқтың ба? Ләйліге келуінді қоймасаң аяғыңды сындырам...

— Жұрттың бәрін өзіңе қарап таразылама, Дидар.

— Жетті... Ескерттім. Сақ бол. — Бұрылып жүре бердім. Ертұрлы көлеңдеп көпірдің жақтауына сүйеніп тұp. — Совхозға дейін он екі шақырым... Жүр... Осы тойғаныңмен үйіңе жеткізіп салайын, бала...

— Құйыршықтың қасына отырмайтын едім. Жүре бер...

«Оңбағанның... Тілін тартпауын қарашы. Қал ендеше солай». Қоңыр самал терезеден соғып тұр. Жүйткіп келем. Машинаның жарығы жол үсті қараңғылықты сыпырып, қосаяқтың өзін қақпақылша қағып ойнайды. Ақ құйрықтары әр жерден бір қылт етіп, енді басам-ay дім енде жол жиегіне жалт беріп, қара көлеңке тұңғиыққа сүңгіп кетеді. «Қандай жүйрік, шапшаң еді. Қайдан шыға келетінін аңдамайсың... Әне... көр дің бе? Қыландауын... Самаладай шамдары жарқырап совхоз да көрінді. Бірде оңымнан, бірде солымнан шығып, қарсы шауып келеді.Анау шеткі үйде Дариға тұратын көрінеді. Бұрынғы жалғыз басты ветеринардікі ғой. Қызыл бұрышты нанша жейді дейтін ел оны. Шамы сөндірулі ме? Жоқ... Ол көршілес үй. Дариғані кінде шам бар. Не істеп отыр екен? Маған қатты ренішті... Білем... Е, тәйірі-ай қайда кетермін дейсің. Тулап-тулап қоясың ғой әлі-ақ. Шынында... Ертұрлы айтқандай мен олардың қолшоқпары емеспін бе? Анау Еркеге, Жүсіп қартқа мені ызғыштырып, айдап салмай, Дариға екеуміздің арамызға от тастайды. Ертұрлының жазығы не? Ол сүйетіндігін жасырған жоқ. Қасқайып қарсы келе алатынын танытты. Иә, мен емес, ол сабаған. Тағы да таяқ жедім. Сәрсен мен Сапар достығы өзгеше... Сыбайластар достығы. Тоқта мені, Ертұрлыға айдап салғанда, Дариғаны менен шошындырғанда не тапты? Ызақорланып ішігі кет сін, біздерге кіріптар болсын дей ме? Сапар үйіндегі әр жиһаз, мүлікте біреудің маңдай тері, адал еңбегі бар-ау. Соған менде ортақтас болғаным да. Жо... жоқ жалған... Күні бүгінге дейін осыны неге ойламадым. Адал жанын арамдап, жазықсыз жазғырдым-ay. Иә, Дариға енді кешірмейді». Машинаны үйдің сыртына, мал қораға тұмсығын тірей тоқтаттым.

Сапарлар ұйықтамапты. Есікті ақырын ашып ішке ендім. Ауызғы бөлмеде жүрген апай мені көріп, қуанып қалды. Ымдап шақырып жатыр.

— Дидаржан-ау, қайдан келдің? Сені екеуі іздеп кеп отыр. Арақтары таусылып қалды ма, білмейім, — деді сыбырлап.

— Оның қажеті не? Ішудей-ақ іштік қой.

— Мүлде таусыла қойған жоқ. Басталмаған бір шыны алдарында тұр ғой... Соған бола іздеген шығар деп өзім айтам.

— А... Мүмкін...

— Бар... Бара ғой, Дидаржан. — Бірден кіріп бармай аяғымды мысықша басып, есік аузына келдім. Өздері де әбден мае болған шығар манадан ішіп отырса. Даладан келгенімдікі ме, бір түрлі айығып кеткендеймін.

— Отыңды берші... — Бұл Сәрсен. Шырпының «шырт» етіп шағылғаны естілді. — Дидарынды қой, деп едім болдың ба... Ол оңбаған әлі дұрыс дәнеңе біліп жүрген жоқ. Анық көзі жетсе, бәрін бүлдіруі мүмкін. Сонау «Сарыөзекке» апарып тастаған үш куба метр ағаштан өзгесі бес саусақтың саласындай белгілі оған... Анау есікті жапсаң қайтеді?! — Мен тұрған есікті айтады. Сәл ығыса түстім.

— Апамнан өзге жан жоқ. Айта бер... Шылымның түтіні шықсын деп отырмын.

— Соны айтам-ау... Оны бейтаныс шофер жеткізіп таста ды. Біз тым еркінбіз. Өз басым Дидарыңа сенбейім. Ол нақұрыс өртейді әлі.

— Әй, сен «Ақсайдағы» бес қап цементті кімге алдыртайын деп отырсың ол болмаса? Айтшы кімге?

— Сен не, қазір келсе сол барады деп сенемісің? Оу, шошқа-ау...

— Иә... О жағынан қам жеме. Ол менің шаруам. Ретін табам ғой. Мынау директордың бұйрығы еді десең бітті... Желдей еседі. Тақи болмаса үйіне түсіргені міз... анадағы шифр, соны көлденең тартамыз. Дағдырласпыз, бауырым, дейміз!

«Ох, ит-ай... Қара мыналарды». Көз алдыма жыламсыраған Ләйлә, «бермеймін шифрді. Әкеліп бергенді лақтырып тастар жәйім жоқ» деп тұрған апам келе қалды. «Адастың... Адаспа...» дейді, олармен жарыса Ертұрлы.

— Ой, қу-ай!.. Мен оны ойламаппын. О, шошқа-ай...

Құдай біледі тауып кеттің сен. Кәне, енді алуға бола ды. Әй, бұ неге кешікті, ә? — деген Сәрсеннің жуан даусы бәрін көміп кеткендей болды. Сыртқы есікті ашып қайта жаптым да, ботинкаммен еденді тарсылда та шешіне бастадым.

— Келді ғой.

— Иә, сол.. Әй, мына тастай қараңғы түнде қайда жоғалып кеттің? Дариғаға ма? — десіп жатыр.

Күлімсіреген болдым. Үнсіз шешініп, төрге шықтым.

— Түсің қашып отыр ғой. Бірдеңе бүлдіріп келген жоқ пысың? — Сапар үрейлі. Бетіме қаймыға, тайқақси қарайды.

— Қорықпа...

— Жоқ, неге қорқайын. Өлтірмедің бе?

— Кімді?

— Төбелесіп келген сияқтысың. Сонсын айтам да.

— Жоқ...

— Е, бопты онда. Кәне, мақтап жүреді екенсің. Ендеше мынаны алып жіберейік!..

— Сапаш... Әй, Сапаш, сен өзі түк көрмейді екенсің ғой. Мынау ит біреуді ақшаммен талас балшыққа аунатып келген бе, қалай? Сен төбелес дейсің, — деп Сәрсен дирақылана қарқылдай күлді. — Қолына қара... қолына...

Мен де күлген боп жүріп, ауыз үйге шығып қолымды жуып қайттым.

— Өзі кім-ай? О, нақұрыс... Қутыңдауын.

— Жә, шал, болды енді. Кәне, кеттік!..

Жүрегім қайта-қайта қобалжып, бір-екі лықсытып барып басылды. Тыжырына қиналыспен іштім.

— Аһ... Сапаш-ау, мынауың ақырып тұр, — деп Сәрсен де аяқтағы тоңазыған етке бас қойып жатыр. — Дидар мықты... Үш рюмкеге дейін аузына нәр алмайды. Сом балғадай жұдырығын иіскейді, бітті шаруа.

— Әй, шал, көзге мақтама... Бәрібір ішкізбеймін.

— Қарашы... Қарашы сөзін, Сапаш. Ішкізбеймін дейді ай. Шал дейді сен сияқты, аңдаймысың?..

— Жігіттер, біраз отырдық. Қанша ішсек те Сапардың арағынын, мұрты қисаятын түрі жоқ. Ұлықсат етсеңіздер таң қысқа... Мен ауылға соғып қайтайын, — дедім екеуіне өтінішпен алма-кезек қарап.

— Оның дұрыс қой, Дидар... Бір саған тіреліп тұрған шаруа бар еді... — Сапар да амалсыздық білдіріп, сәл үнсіз қалды. Жүзінде қимастықтың, шарасыздықтың ізі. Ойланып отыр.

— О не?

— Өзің білетін... директордың бұйрығымен жеткізілген «Ақсайдағы» бес қап цементті біздің үйдің қорасына әкеліп түсіре тұру керек боп тұр.

— Неге? — дедім таңданғансып. Үндемей қалсам Сапар секемденуі мүмкін ғой. Әрі бұл жерде қарсы сұрақ қоймауым оларды күдіктендіруі хақ. Сәрсеннің көзі жылт етіп, бір сәтке ғана Сапармен тілдесіп өткендей болды тайқып кетті. Оны мен аңдамағансып жанымнан шылым шығардым. Асықпай тұтатып жатырмын.

— Директордың да бір ойлағаны бар да. Бектас жеткізіп тастайды ғой бір келгенде деп өткен сенбіде» айтып еді. Құдай ұрғанда сол жаңа есіме түсіп отырған Иә, айтпақтайын... Қағаз сұрап едім; бес қап цемент әке луге де лұқсат қағаз керек пе? Ол не деген формализм: деп өзімді ұялтты.

— Шынында ерсі екен сіздердікі. О шошқалар-ай, деді Сәрсен дүрілдеп.

— Бір есептен Дидардікі де дұрыс... Автоинспекция ұстаса дәлел керек қой. Сенің олла-білләңа сене ме праваңды сыпырып алады... Қайдам... Директор тапсырған шаруасын орындағанды тәуір көретін адам ба дейім. Мана өздерің де байқаған шығарсыздар... Иә, айтпақтайын осы директор өткенде бір трактористі сөгіп тастады. Байғұс бала қызарғанда кірерге жер таппады. Өзі екінші бригададан-ау дейім. Ұзын сөздің қысқасы сонымен не бастарыңды ауыртайын, әлгіге директор орталыққа келген бригадирі арқылы бір іс тапсырады. Өзі де шамалы шаруа болса керек. Тез орындап тастап, совхозға келгенде директорға жыр ғып айтады ғой. Ал директор туласын... «Не? Аттап аяғыңды қия басқаныңның бәріне орден сұраймысың? Кім үшін істеп жүрсің? Совхоз үшін... Халқымыз үшін емес пе?» деп жеді-ай дейсің...

— Жақсы... Meн кеттім. — Сапар сөзін бөлгенімді жақтырмай қалды. «Қорықпа... Директордан сұрап, ұрлығыңды ашпаймын. Бәрі де белгілі болды». — Тек андағы адамың... Қарауыл ма еді?

— Иә.

— Сол берсе...

— Береді. Жиенің айтты десең болды. Сені көрді де ғой. — Сапар қайта жайраңдап қалды. — Жолың болсын, Дидар...

— Ал, әзірше...

Сәрсен күдірейіп, сенімсіздеу қарап тұр.

Жол үсті әрі-сәрі ойдамын. «Үйдегі шиферді қазір барып тиеймін де, совхоздын, қоймасына тапсырам. Өзім жоқта Сәрсен мен Сапар әкеп тастапты. Апам ақша берсе алмапты. Мен де өздеріндей жігітпін. Әнше йін дүниенің маған қажеті жоқ. Қайыршы емеспін. Мені өйтіп жолдастарым қорламасын деп директорға арыз етем. Ар жағын өздері тексере жатар... Онда анау үйдің бөлшектері...цемент қайда қалады. Аурухана... Балалар бақшасын салуға кетерліктей дүние жасырын қалмақ па? Біле тұра айтпағаным ұрлық емес пе? Білмедім десем ше? Бірақ мен білем ғой. Көзім оған жетті ғой. Ертұрлы сезігімді ашып бермеді ме? Ол әлі сол жерде ме екен? He істедім мен? Корқақпын... Иә, басымды... Өзімді ғана арашалау? — мен әлекпін... «Үлкен жолдан шығып, ескі сүр леумен «Ақсай». көпіріне қарай салдым машинаны. Кедір-бұдыр жазық дала. Безгегі ұстағандай машина дірілдеп келеді. Жоқ.... Жетті енді... Шатасуым жетті...» Ертұрлы менің келгеніме таңданбады. Қазір барып Сапар айтқан қыстақтағы адамнан бес қап цементті, үйге соғып шиферді тиеп совхозға апарып қоймаға түсіретінімді білдіргенімде де үндеген жоқ. Бетіме сұрлана ұзақ қарап тұрды да, көзімнің отын жарқ еткізе шапалақпен тартып жіберді. Мен қол қатпадым. Тағы да ұр дедім.

— Осы да жетер. Келгеніңнің өзі ұрылғаның. — Ертұр лы машинаға бет алды. — Жүр... Оңбаған!..

Сары қағаз қапқа салынған цементті Сапардың кісісі оп-оңай бере қойды. Өзі де құтыла алмай, қипақтап отыр екен. Маған ақша жіберермін», — деп еді. Сіздер ден ештеңе демеді ме? — деді.

— Жоқ... — Ертұрлы тістене айтты.

Апам ренжіп қалды. «Мен алдыма келген ырысымды тепкен адам болдым ол үшін, Ләйлә қатты қуанды. Ертұрлыны төңіректей береді. Жиі күрсініп қояды. Маған ала көзімен қарайды. «Қыз деген әне сол...»

2

— Қойманың күзетшісін қайттық, Дидар? Ол мынауымызды маңына да жуытпайды ғой, — деді Ертұрлы ауыл оты көрінісімен.

— Көшенің қақ ортасына аудара саламыз да.

— Әзіліңді қойшы... Не де болса күзетшіні азғырып, көндірмей іс бітпейді.

Машина ұшып келе жатқандай. Жылдамдық көрсеткіші дірілдей жетпіске жетіп, жолдың бұрылыс-бұралаңында сырғып алпысқа түседі. Шіркін, оқтай түзу жол болса ғой. Аңыратып бір жөнелетін... «Күзетшіні неге көндіреміз? Оған да жалыну керек пе?»

— Директорға соқпаймыз ба? — дедім Ертұрлының не ойлап отырғанын білмесем де.

— Соққанымыз дұрыс қой, тек уақытымыз көтерсе.. Оны оятып мән-жайды түсіндіру керек...

— Иә, кешігеміз. Таң да жақын.

— Өзің білесің, әлі «Ақсайға» соғатынымыз бар. Сәр сендердің сені жоқтайтын кезі де жақын. Сұмпайы ның жапырайып отырысын. — Ертұрлы үлкен қызыл-күрең темір қақпалы, айналасы тас аула қойманың алдында нар өркештене қорбиып отырған күзетшіні меңзеді. — Бір айыр шіріген шөптей сиқын...

Машина фарының жарығы ауыл шетіндегі сұрғылт қақыраларды сипай сырғып кеп, жаңағы... Ертұрлы айтқандай күзетшіге түскен; әлгі жыбырлап, тіріле бастады. Қалың күпінің арасынан басынан бұрын қылтиып, әуелі құс мылтықтың ұшы көрінді.

Қойманың қарауылы: «Тоқта... Әйтпесе атам», — деп дік-дік етіп тұр. «Ұлықсат қағазың қайда? Құрал-жабдық қабылдайтын қоймашы жоқ. Өзі кеп алсын. Мен күзетші ғанамын», — дейді. Ертұрлы «Сабыр ет» деп, оңашалай сөйлесіп еді; түсінді ме, жоқ әлде қазіргі жәйіміздің еш оғаштығын көрмеді ме:

— Бергі жағына қойыңдар. Бұрыннан бар есептегі дү ниямен араласып кетпесін, — деп қорбаңдап жүріп қойманың қақпасын ашты. Манадан сұқақтатып «Атам... атамдаған» құс атарын аулаға сүйеп қойды. Осы қазір ала салып, «көтер қолынды» деп өзіне тар па бас салсаң да білер емес. — Әй, шөпір, неғып тұрсың. Кірсеңші...

Екеулеп шиферді, цементті тез түсірдік. Енді, міне, тер басқалы шылым шегіп тұрмыз. Таң қараңғысы да жақын сияқты; желкем, салқындық сезіледі. Әлі «Ақсайдың» қырлығындағы қыстауға соғып құрастырмалы үйдің терезе, есігін, жақтауларын, цементін алып қайту керек. Жарық түспей жеткізбесе болмайды. Қыстақтағы адам маған тегіннен-тегін берсе жақсы. Бермесе ше? Ертұрлыны директорға жіберіп қайда келулерін айтып өзім жалғыз кетсем бе?! Ондағы адам әрине құтылғанша асық... Дегенмен де, сақтықсыз қиын шығар. Көнбесе... Жығып, байлап тастармын. Оған дейін Ертұрлылар да жетер.

— Ертұрлы.

— Иә?..

— Сен директорға соғып ілестіре кел. Қазір қал. Meн жалғыз жүре берейін... Заң орнының бір адамын ала

келсеңдер тіпті жақсы. Маған бермегендей бола ма. Ың-шыңсыз әкетуге әрине тырысам ғой.

— Достым, олардан емес сенен қауіптенем. Сақ бол, Дидар. Қате істеп жүрме, — деді Ертұрлы менің оңайлықпен қоймасымды білгенсін.

Ол кетісімен машинаны от алдырып, қойманың ауласынан шығардым.

— Әй, шөпір, сен осы анау бәкен... Марқұм Бектастың

баласы емеспісің? — деп күзетші даурықты. «Қап, мынаның жеті түнде саңғырлауын-ай. Мылжыңдасып тұрмақ-ау шамасы, а?»

— Иә, солмын. Басқа сұрағыңыз бар ма, ақсақал? Асығыс едім.

— Е, жоқ... Шылымым таусылып қап, бір тартымға зәрүленіп отырғаным. Өзіңде жоқ па еді, шырақ?

— Неге болмасын... бар. Мә, алыңыз. — Папиросымды қорабымен ұстата салдым; бір талдап беріп жатайын ба.

— Бәрін... бәрін ала берейін бе?

— Ала беріңіз.

— Үйде шылымы түспегір жетерлік-ау. Сол құрымағырды ұмытып кетпеймін бе.

Машинаны қыздыра түсіп жүрмек болғам, күзетші қарт жүзіме таңдана қарап:

Оу, балам... Бұ не асығыстық айнала? Жаңа...сіздердің алдарыңда Сәрсен малғұн тасқаяқтай қағыстырып жынданып жүр еді. Машина іздей ме? Сені де сұрады. «Сен қақпас не көруші ең. Сүмірейіп отырғаннан басқа», дейді. «Ә... не дедің? Ө әкеңді...» деп едім, зытты.

Әйтпегенде ме?! Құдай біледі... — Қарт сөзін тыңдап тұра беруге енді шыдамым жетпеді. Өзі де ұзыннан шұбақ, білетін түрі жоқ. Қызып алса, онан әрі тоқтатудың қиындыққа түсетінін білем ғой. «Ал жақсы... Мен кеттім», — деп тарта жөнелдім.

Үлкен жолға түскенше қарттың «сені де сұрады» деген «Сұрасын құлағымнан кетпей қойды. «Сұрасын. Онда тұрған не бар. Іздеген де?.. Неге? Сапардікіне оралатын уақ болды. Қайда жүр дейді ғой. Секем шілім-ай... Мынау не? Жол үстінде қарауытын жатқаны. Е, машинаның ескі балоны екен ғой. Ой, осы «ГАЗ-51 машинасы-ай. Қандай жүрдек, жеп-жеңіл ең. Тоқта... Мені сұрағаны несі? Онда қайттым?..» Міне, мынау қыстауға баратын сүрлеу. Бұл бір ғаламат ыстық түн болды-ау. Терлеп те кеттім бе, қалай?!

Қыстауда жарық жоқ. Әр бұрышынан сояу-сояу ағаштың ұшы шығып тұр. Өзін бейне бір жиырыла қалған кірпі екен дерсің. Иненің жасуындай терезесін айт да. Ішінен өртеніп жатса да, оның жарығы далаға түсуі екіталай шығар. Шамды сөндіріп, іште мені күтіп отырса ше? Кім? Сәрсен бе? Мүмкін Сапар... Е, қой шы соларды. Басымды қатырып нем бар. Көріп алдым Сәрсеннен келген көрді...» Машинаның басын жолға қарата бұра тоқтаттым. Отын сөндірмей қойдым.

Үйдің есігін қағып едім; ешкім іштен дыбыс бермеді «Естімегені ме? Бір жаққа қыдырыстап кетпесе игі еді?! Терезенің тұсына келдім. Аяғыңа жармасып, ша баланың қалмайтын бір сары қандені болатын. О да көрінбейді. Қора жақтан күрт-күрт сиырдың күйіс қайырғаны, шөптің сылдыры естіледі. «Қайдағы сиыр? Сиыры бар ма еді! Түйе... Е, түйесі екен ғой». Терезені дүсірлете үсті-үстіне қаққам, біреудің іштен ағараңдаған басы көрінді де жоқ боп кетті. Сәлден кейін терезе шынысы бозаң тартты. Іште шам жағылғаны ғой.

Тірі аруақтай ағараңдап, ол есік алдында тәлтиіп тұр.

— Уа, кімсің? Бейуақта неғып жүрген жансың? — деді.

— Сәрсен бригадир жіберіп еді... — Әлгі «аруақ» мұнан кейін үнсіз қалды. «Сып» беріп үйге кіріп кеткен. Іле-шала қайта шықты да, құлдыраңдай үйдің жанындағы қораға тартты. Сонан ол мен цемент пен есік, терезе-жақтауын машинаға салып алғанымша бір ауыз тіл қатпады. Қара күшке мықты екен. Елу килограмдық екі қапты екі қолтығына қысып жортақтай жөнелді. Өзі де қыпықтап әзер отырған екен де. Тек жүрер жерде:

— Шырақ... Ау, шырақ!.. Сәрсен маған ештеңе беріп жібермеді ме? Нетіп былай... Құр қоймаспын деген еді, — деді шыдамай.

— Жоқ. Ертең өзі келеді. Сонда әкелмесе... Маған ештеңе айтпады ғой.

— А... Е, мейлі. Нетіп былай... Бәрібір да. Бір күннің әрісі не, берісі не? Нетіп былай...Ұмытып бара ма дегенім еді.

— Иә, нетіп... — Ішімнен мысқылдай күліп жүріп кеттім...

«Ақсайдың» көпіріне дейін жол қысқартқалы ескі сүрлеуге түстім. Бойыма қанат біткендей ұшыртып келем. Терезені ашып та тастадым. Лақылдай соққан таңғы самал көңіл кірбіңін жуып кеткендей, маңдай терім кеуіп, сергіп қалдым. «Мектеп бітірген жылы ұшқыш болсам», деп армандамап па едім. Иә, онан бері екі жыл өтті. Ізсіз өтті...Ойбай-ау, алдағы сайда су бар ғой. Оны қайттім? Қайраң болса жақсы... Әйтпесе батып жатсам... Қой тәуекел етуге болмас, кейін қайту керек. Қап... Таң да сібірлеп қалды. Сонау көрінген қара қоңыздай машина да мен сияқты асығып келеді-ау, а?!»

Үлкен жолға кеп түскенімде, о да бір бүйірден қосылды.Номері біздің совхоздікі. Шоферін аңдай алмадым. Ғажап... Әлгі не озбайды, не қалмайды.

Көз ұшында бұландай «Ақсайдың» көпірі де көрінді. Дала түнімен көз ілмей, енді ғана тыныстап, бусанып жатқандай. Ақ кіреукеленіп тұр. Әр жерде шық жылтырайды. Ауа ылғалды, бір түрлі жабысқақ ауыр. «Әл гінде шымыр сияқты емес пе еді?» Машина қорабының салдыр-салдыр ете қалғаны көңілімді тағы да бөліп кетті. Бұ иттің баласы неге қалмайды? Көпірдің үстінен де өстіп қатарласа өтпек пе?»

Кабина терезесінен басымды сұғып жіберіп:

— Уа, өтсейші! — дедім айқайлап. Әлгі жауап қатқан жоқ. «Дені дұрыс емес шығар?» Жылдамдықты күрт төмендетіп жіберіп едім; мұны ол күтпеген екен. Қатарласа қалды. «Өй, Сәрсен ғой!» Рульге қонып алған. Тауық балапанына шүйілген қырғи сияқты. Отырысы сөкет.

Рульді сығымдай түскен саусақтары да бір сәт жыртқыштың тырнағы екен дерсің.

Ол тағы да кейіншектей берді. «Бұнан қайырым күтуге болмас... Көпір де жақындап қалыпты. Ұшып келе жатқандай. «А... Енді түсінікті... Ол маған да баяғы көпірден машинасымен аударылатын жігіттің аяғын құштырмақ. Бола қояр ма екен. Бір бүйірден жанай соқпақ қой. Тоқта... Жүгім жеңіл. Соқса әкетеді...»

Машинамды ұшырта жөнедім. Сонда да құтыла алмадым. Өкшелеп келеді. «Не істеу керек?.. Иә, бұл жолы да ізі жоғалады. Мен де арақ ішкенмін. Мастықтан құлаған болам. Жо... жоқ... Не істеу керек? Иә... иә... Солай... Тек солай құтылуға болады. Көпірге жақындағанда жұлына өте шығу керек.

Адам өліп бара жатқанда бүткіл өмірі көз алдынан өтеді деген бар. Әрине, оның жолы әрі. Менің қазіргі күйім... Жо... жоқ. Кабина тұсынан соға алмайды. Көкпаршының аты үстіндегі адам қалай қарай ауса да, ара салмақты сақтайды ғой. Сол сияқты шоферде еркінен тыс жалт беріп, өзі отырған жақтан соқтыр майды. Ол не де болса алдыңғы дөңгелекті көздейді... Көпір талай жауыздық пен махаббаттың өткелі бол ған, куәгері. Адам ақылды, дана... Адам ұлы!.. Өмірде өзіне кішкене ғана көпір салып алып, еш жер таппағандай соның үстінде зұлымдығын да істейді-ау. Күнәкер болмайыншы, адам, Сен оны жаныңдағы көршіңмен сырлас, мұңдастық қатынас үшін салдың. Әйтпесе, дүниедегі ең абзал, тәтті сезім күшімен, сен, өткел тастадың. Оның өткел дейтін өткел де емес. Әкеңнен жасырып, не көрші ұстахана қорасынан, сен, суырып әкеткен жалғыз-ақ тақтай еді. О кезде оның күні ертең көпір боларын әрине білгең жоқ... Осы мен не деп отырмын... Дидар, бауырым сақ бол... Бас... Алпыс аз... Жетпіс... Артыма қарамаймын. әрекетімді біліп қалуы мүмкін. Қашқан адам жалтақ. Оны да біледі... Оһа!. Үзілдім... Жетпіс бес... Көпірдің шеті де...»

Жер сілкінгенде ғана осылай болатын шығар. Шор шып түстім де рульден айырылып қалдым. Көзімнің оты жарқ етті. «Ұрды-ау, а? Құлап барам ба?.. Жоқ... Тұруым керек... Руль қайда?.. Міне... Шыр айнала береді ғой. На болды? Валы... Валы сынған шығар?.. Қазір құлайым... Құламаймын... Тормыз... Ұстамайды. Секіру керек... Жоқ, машинаммен бірге... бірге...» Басым зеңгіп, екі шекем солқ-солқ етеді. «Неге құладым? Құламадым... Айдалаға лағып барам ғой. Отын сөндіру... Сөнді». Көз алдым дарауытып бара ды. Жылымшы бірдеңе ерніме тиді. «Бұ не? Қан ғой... Қайдағы қан? Маңдайым дызылдап ашиды.

Анау... Шоғырланғандар кім? Сәрсеннің де машинасы тоқтапты ғой. Маған дарай жүгіріп келе ме? Кімдер?..»

Он үшінші тарау

Маңдайымды кабина жақтауына қатты соғып алсам керек. Жарты сағат зар қақсатты. Оң қолым да жарадат... Е, оларды қойшы... Жәй жара ғой. Жан жарасын айтсайшы? О да жазылар білем.

Іс анығы шешілгенге дейін бір жұма түрмеде жата тұруыма тура келді. Шолпан екі келіп кетті. Ертұрлы, Базарбек дарт та болды. Дариға көрінбеді. Күніне екі мезгіл біреу тамақ әкеп тұрды. Аты-жөнін айтпайды. Сол ма, кім білсін... Тексеру біткесін мені босатты. Ақ талдым... «Ақталды» деген қандай жақсы сөз еді. «Ақталды... Ақ.... Адал Дидар...»

Сәрсен мен Сапардың мен білгеннен өзге... Сұмдық істері ашылды. Трактордың, машинаның жекелеген бөлшектеріне шекті ұрлап сатқан екен ғой. Бензин мен автолды бригадаға деп алып, алыс совхоздардың шоферлері мен жеке меншік машинасы барларға да жықпыртқан көрінеді. Енді міне үйдемін. Үйде апам мен Ләйләнің қасында отырмын.

Ойыма өткен күндер... Шым-шытырық түндер түседі. Бірінен ұялсам, енді бірінен күйінем. «Біз қарттар өткен әрбір күнімізді кешкісін шай үстінде ойға алып, таразыға иіп отырамыз. Бүгін қандай жақсылық жасадым. Кімді қуантып, кімді ренжіттім дегендей есеп-қисапсыз болмайды. Адамбыз ғой... Аяқты шалыс басуымыз хақ. Сондайда өткен күннің қателігін түзеу жақсылықты, қуанышты көбейтеді» — деп Базарбек қарттың айтқаны бар. Со да осы қазір ойға оралып, кес-кестейді алдымнан. «Жо...жоқ, менің әлі де істерім көп. Жақсылықтың аздығын де сезем. Ол болашақтың шаруасы ғой. Бір-ақ қуанышым бар адалмын. Арым таза...» Дариға есіме түскенде өзегімді өкініш өртеп, бойымды бір сағыныш билеп жүре берді. «Иә, ол маған ренішті. Қатты көңілін қалдырдым. Жазықсыз жазғырдым-ау... Бүгін қалай да көруім керек. Жүздесіп, сөйлеспей болмайды. Бірде Дариға «Сені неге күтем. Кімсің сен маған? Кімсің, а? Айтшы, Дидар, кімсің?.. Неге сені сағынам?» — деп қалғанды. Не істедім? Неге ренжіттім? Жоқ, ештеңе ойламаймын... Жетті...» Бөлме ішінде сенделіп жүрмін. Жанқалтамнан шылым алып тұтаттым да, бір сорып қайта сөндірдім. «Орталыққа бару керек шы ғар...»

Бүгін күн ашық. Шуақты. Жаңа үйіміздің іші кең, жарық. Терезесі үлкен. Желдеткіші бар. Жұпынылау болса да бөлмедегі кереует, жүк-аяқ, кебежемізге дейін жинақы, сәнді жиналған. Ауасы да таза, кең...

Ләйләнің үйде болатын күні сияқты. Жұмысқа шық қан жоқ.

— Ақ тәте... — Апамның бөлмесінен аяғын жүгіре басып Ләйлә кіріп келді. Қолында бір жапырақ қағаз. — Mана мына қағазды... Сіз ұйықтап жатқасын оятпай, тұрғансын бер деп кеткен...

— Кім?

— Ертұрлы...

— Е, солай десейші, — дедім. Ләйлә абдырап қалған; менің күлімдей сырт айналғанымды аңдап, о да еркелей езy тартты. Іле жүзі бал-бұл жана бөлмеден шыға жөнелді. «О тентек қыз... Айналайын...» Күбірлей қалай айтып қалғанымды сезбедім.

Бір шетінде майдың дөп-дөңгелек дағы бар сары қағаздың қиындысы екен. Қара қаламмен сойдақтата жазыпты. Әр қарпіне бір-бір ат байлағандай дерсің...

«Дидар, сәлематсың ба?! Үш жігіт біздің бригадамы дан пішен тартудамыз. Қатқылдағы мал қыстағына машинамен тасимыз. Екі күн болды. Директор... Қожахметті айтам, сені де бізге қосам деп еді. Күтеміз. Ертұрлы ...

«Күтеміз...» Бір жұма маған бір жылдай болмады ма Совхозға жүруім керек. Үйдің төбесін тақтайладым. Әзірше со да жарар. Сырлап жіберсем, шифердан түк те болмайды. Апам мен Ләйлә қайда? Далада жүр ме?

Бөлме-бөлмеге кіріп, оны-мұныны түртпектеп аралай жүрмін. Ләйләнің бөлмесі сөнді. Терезесі күншуақ бетте. Тіптен жап-жарық. Аяқты іс-машинасы бар. Үстіне гүлді ақ жапқыш жапқан. Бір көрмеге шағын жазу столы сияқты. Қазақ қызының шай құйып отырған фарфордан жасалған мүсіні, қызыл-ала қағаз гүл, иіс май, одеколон да соның үстінде. Бір қабырғада жалғыз кісілік никель кровать. Тұсында апам мен кө кемнің паспортқа түскен суретінен алып, қосып үлкейтілген портреті. Көкем де, апам да жалаң бас. Олар паспортқа амалсыз келіскені ғой .Әйтпесе, жалаң бас, өздері айтқандай «тақырайып» өлсе де түсер ме. Әлі есімде... Ләйлә портретті алып, сәске түсте ентігіп жетті. Көкем де бар о кезде. Мойнына қылдырықтай қара галстук тағып, суретшінің кастюм кигізіп қойғанына көкем ренжіген жоқ. Апам өзінің екі бетін нарттай балбыратып, жалаң бас... әрі ол аз дегендей ернін шиедей қып-қызыл ғып, көкеме қаратып телміртіп қойғанын көргендегі қаһарға мінгенін айсаңшы:

— Ища!.. Мынау кім?

— Сіз ғой, апа...

— Не дейді? Мынау не деп сандалып тұр. — Ләйләнің ойыны емес, шыны сол екенін көргенсін онан әрі кетті: — Жоғалт көзін... Ойбай-ай, мынаның істетіп жүргенін-ай... Қас масқара ғылды-ау, ә?..

— Е, қызың сұлулайын деді де сені.

— Уа, қарап отыр жайыңа... — деп апам, сылқ-сылқ күліп, жанындағы жастыққа жантая кеткен көкеме де ұрсып жатыр.

Әрине, Ләйлә сол бойда суретті құртатын боп тұра жөнелді. Көп кешікпей отқа жақтым деп келген; cөйтсе алдапты ғой. Көкемнің қырқын өткізгеннің ертеңіне шығарып, шынылатып ілді. Апам суретке телміре ұзақ қарай тұрып қалды. Жүзінде қорғасындай ауыр ой тұнбасы салқын сағыныш мұңы бар еді; сәл ден соң жылығандай болды; ауыр күрсінді. Біртүрлі қайта түлеп жасарған да тәрізді. Бұған біз үй-ішімізбен қуандық. Апам сол күні күнұзағына күлімдеп, көңілді жүрді.

Осы суретті көрген сайын сол бір сәскеліктегі жай көз алдыма келіп, тұрып алады. «Жаным-ау, апамдар қайда?Қора маңында әлі? Ескі қораның сыртын сылап алсамдеп отырған кеше...» Қолымдағы Ертұрлы жазып кеткен қағазды бір оқып, далаға шықтым.

Күн көз ұялтардай шақшиып тұр екен. Ауланың ортасындағы аласа қазандықта лаулап от жанып жатыр. Әріректе Ләйлә балшық басып жүр. Апам аз-аз дап су құйып тұр. Ләйлә менің шыққанымды көріп, маңдайына түсіп кеткен екі-үш тал шашын білегінің сыртымен қайырып қойды. Көзінің астынан күлім сірей қарайды. Апам да бұрынғыдай емес, қимылы ширақ; үлкен темір күрекпен шелекке салып алып жатыр.

— Апа...

— Дидаржан... Құлыным, ояндың ба? — деді апам басын көтеріп — Ұйқың қанды ма?

— Иә, апа... Әкел күрекпен балшықты соғып берейін...

— Жарығым, қайтесің, үстінді ластап. Жұмысқа шақыртыпты ғой.

— Ештеңе етпейді, aпa. Күрек ұстамағалы біраз болды ғой, — дедім. — Балшықтың бары осы ма?

— Жетерлік қой... Үйге биылша сылақтың керегі жоқ.

— Кәне, Ләйлә, шық. Соғып тастайын... — Ләйлә қуана атып шықты. Есіл-дерті іс тігу, кесте тігу ғой оның. Соған босадым-ay деп қуанған сияқты. Әйтсе де апам құтқармады:

— Шай қамын істе, ботам. Тәтең жүріп кетеді ғой.

— Қап ... фермада кино болатын еді. Көйлегімді үтектемегем.

— Маған қарама... Мен ағарған ішем де жүрем. Шайдың қажеті жоқ, — дедім. Ләйлә жайнаңдай апама бұрылды.

— Ағаңа түк жаның ашымайды. Әлгі бишіге барып жүр... Қол ұстасып жігітпен билеген деген не сұмдық...

Ләйлә маған еркелей көзін қысып қойды да, жүгіріп үйге кетті. Апам басын шайқап, түңіле күрсініп қойды:

— Бұ қашан адам болады. Әлі бала... Дидаржан-ау, күшке саймасайшы. Күрегіңмен тіліп-тіліп жібер де...

Е,солай тақта-тақта көтер... Соқ... Әрі жеңіл, әрі оңай... күшке түспейді. Садағасы кетейін-ау мен ал жасқан адастыра жаздаппын қара басып. Сақтай гөр, құдай... Әлгі Жүсіп қарт... Еркенің әкесін айтам да... Оның да жүрісі жымысқы емес пе еді. Ай, тазалық сенде қайдан болсын-ay деп ойлайтынмын... Естідің бе?.. Ұсталыпты. Тексеріп жатқан көрінеді... Мына шелекке салып жіберші Тобарсытпай үйдің бұрышын сылайын, Дидаржан... Уф

Иі қанған балшықты соғу оңай. Тақта-тақта кесіп алып, аударып тастай бересің. Оған дейін ащы тер, тұщы теріңді шығарады-ақ. Басымды көтеріп күрек сабына сүйеніп тұрып терімді рахаттана сүрттім. Салқын самал өзен беттен соғып өтті. Тынысым кеңіп, көз алдым шырадай ашылып, сергіп кеткендей мін. «Ой-хой, самал-ай! Соға түс!.. Соға түсші!..» деймін көкірегімді кере қарсы тосып...

Он төртінші тарау

Жаз ортасы ауып, күз белгісі біліне бастағанда кө ңілсіз, бір жалқау жауын екі-үш күн тұрып алатыны бар. Жер мидай езіліп, сапар шыққан әрине жол аза бын көп тартады. Төңірек түнеріп, бір ашылмайды. Мұндайда ел жақсы. Қай үйге кіргің келсе, есігін қақпа; сәлем беріп кіріп бар. Қазандық алдында жас отынды үрлеп, бықсыған түтінмен қиық кезі суланып бейтаныс әйел отырар. Ол саған төменнен жоғары «не дейді», дегендей таңдана қарар. Сен табалдырықта қипақтап тұрып қалма. Өйтсең үй иесін ренжіткенің... «Шырақ, аяқ үсті кеткендей от ала келгенің жоқ қой. Тізе бүксеңші ең болмаса», — деп қалса. ұят. Төрге өрлей бер... Әрине, табалдырыққа аяқ киімді тастауың керек. Балшығыңды тор тұрғай есіктің де сыйламай тынын білесің ғой.

Төрге көрпе төселіп, жастық та тасталар. Көл-көсір дастарқан да жайылар. Оның үстіндегі ақ дәм — саған деген үлкен пейіл белгісі. Өздерінің ауыздарынан жырып, сен келгендей болсаң берерміз деп сақтағаны. Көрдің бе, анау қара домалақ балаларды. Тойған қозы дай монтиып отырған. Әлсін-әлі сіздің алдыңызға қойған мәмпәсидің сонау қызыл қағаздысына көз тастай ды. Аңдайсыз ба?.. Міне, соларға емін-еркін бермегені де осы дастарқанда...

Е, мен елімді сол үшін сүйем бе екем!..

Кең дала... Дөңгелене шыр айналып, кейіндей қалып жатыр. «Түндегі жауын жерді езіп-ақ жіберіпті- ау... Үшінші рейс жасай алсам жарар еді». Жаңа да үш салт атты ұшырасып қалған. Ер-құйысқандары әдемі. Астарындағы аттары да жарау. Әне, төбенің астынан тағы шыға келді. Машинаның жүрісін баяулаттым.

— Уа, жол болсын!.. Қайда барасыздар, жігіттер?

— Тойға... Шопан тойына!..

— А... Жолдарың болсын... — Күлімдей қамшыларын бұлғап барады.

Aт тұяғының дүсірі естілді. Кабинадан басымды шығарып қарап едім; жаңағы өткен екеу. Шауып келе ді. Айқайлап бір нәрсе дейді. Машинамды тоқтаттым. Екеудің мұрттысы қаншырдай қатқан жарау торы қасқасын көлденеңдей билетіп кеп, ұрсып тұр.

— Оңбаған!.. Жалқау неме... Көзіңе қарамаймысың?! Өстіп пішен тарта ма екен?! Көремісің...

Бастырық ағаштың бір басы шешіліп кетіп, арқан шұ батылып келеді екен. Сәл болса, шөп ауып қалғандай. Мынау жазық далада ештеңе емес. Сай ішінде аударылса, аман бол... Қалың қурайдың арасынан жинап, сонсын тиеп көр. Әрі-бері өткен машина, сені айна лып кетеді. Жол кең ғой. Сай ішінде ауып қалуы... Оны басқа бермесін. Жігіттердің жанашырлықпен ұрысқанын ауыр алмағаным да сонан.

— Қазір ауса қайтесің. Алдында «Ат көмген» сайы. Шөптің ысырап бола жаздағанын. — Мұртты атынан түсті. Шылбырын қасындағы жігітке бере салып, менің жаныма келді. Әлі күңкілдейді.

— Үстіне шық... Арқанның ұшын берейін, — деді ол өзімсіне жауырынымнан итеріп. — Өңкиген тұлға сын... Нақ бір палуан дерсің.

Қарулы екен. Бастырықтың басынан арқанды іліп беріп едім; шірене тартқанда машинаны толқытып, сақыр-сұқыр еткізіп жіберді. Мықты... Рақмет айтып қала бардым.

«Ат көмгеннен» өтісімен қара жолға кеп түстім. Атақты «Ақсайдың» табиғи, тақтайдай жолы. Асфальтің нен біp кемдігі жоқ. Қандай жауыннан кейін де сайрап жатқаны. «Ақсайдың» жарықтық жолы жақсы-ақ қой. Лекітіп өзі ала жөнеледі. «Тек машинаның баллоны тесік болмасын», — дейтін жігіттер әзілдей.

Машина жүрісінің ажары кіре бастағансын-ақ: маңдайшадағы алақандай айнаны өзіме қарата бұрып қойдым. Оған ту сыртымдағы Аксиньяның суреті кеп түсті. Кабинаның бір қабырғасына Аксинья роліндегі актриса Быстрицкаяның суретін журналдан қиып алып, жапсырған едім. Сол енді, міне, айнада... Күлім деп тұр...

— Қалай ойлайсың, Аксинья?.. Жаңағы жігіттер тамаша емес пе, а? — деймін.

Ол күлімдей мақұлдайды. Үндемейді. Сөйлемегенінің өзі жақсы.

— Иә, тамаша адамдар. Сондықтан да мен елімді, хал қымды сүйем... Дариға саған қатты ұқсайды, Аксинья. Сенің сіңлің емес пе? Жоқ дейсің, ә?.. Дариға да сен сияқты. Қасы-көзі қара... Сіз аппақсыз. Ол қызыл шырайлы... Дариғаның жөні басқа... Әрине, сіздей болу қайда оған... Кеше мен Қожахметте болдым. Кім деймісің? Ол біздің директор... Совхоздың директоры.

Кешкісін кіріп едім. Кеңседе жалғыз отыр екен. Көңілді... Семьясы астанадан көшіп келе жатқан көрінеді. Қазір жалғыз тұрады ғой. Үйіне шақырды. Шай ішіп, әңгімелесейік деді. Менің ертең армияға жүретінімді естігенде: «Азаматтық борышың ғой... Адал өтеп қайт» — деп жатыр... Сен бұған несіне күлімдейсің? А... Ие, шақыру қағаз алғанымды мен саған мұңды қимастықпен айтып отыр екем ғой. Ғафу ет...

Екеуміз кеңседен шықтық. Түн қараңғы. Келе жатырмыз. Хош де...

— Дидар, шынымды айтсам, сені мен енді ғана танығандай боп едім. Жасырарым жоқ. Балалықтан істегендеріңді ойласам; «Әлі жас қой. Жиырмаға жаңа ғана шыққан екен», — деп бір түрлі қимаймын да. Барғаныңды да тәуір көрем. Ысылып... Өмір көресің. Көп жайды түсінетін боласың... Тек абыройлы қайт. Сен үшін қызармай, қуанатын болалық, — деді ол арқамнан қаға. Үш ай болды жұмысқа шыққаныма. Ал мен сені көптен танитын сияқтымын. Өзің көрдің, өмір — арақ ішіп, карта ойнау ғана емес. Адал еңбегіңнен қанағат алу, төңірегіңе қуаныш әкелу деп білем мен. Денің сау, алдында бір мақсат болса... Уа қыттан кейін қалмасам дейтін өзіңді сүйреп отыратын бір талабың болса... Жо... жоқ, ондай адамды бақыт сыз деп санай алмаймын. Мен осы совхозда екі адамды түсіне алмаймын. Біреуін аясам, екіншісіне қуанам... Өзің білетін Сапар, Институт бітірмесе де бәріңнен білімді, ойлы жігіт. Рас па?

— Иә...

— Сәрсенге еруге оны не душар етті? Білесің бе?

— Жоқ.

— Мен де білмейім... анық-қанығын. Обал-ақ... Қатары сіздер... Комсомол ұйымы жауапты. Қазір спорт мәселесі, көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істеп жатыр. Бірақ ол әлі аз ғой... Совхозда мұның бәрі болуы мүмкін. Өнерпаздары да, спортшылары да жеткілікті-ақ дейік. Сонда да Сапарлар кездесуі хақ. Ол үшін не істеу керек?..

— Дидар, бермен жүр... — Қожахмет мені жеңімнен тартып күбірлей қалды. Аңдасам... Алдымызда... Үш төрт қадам жердегі терек түбінде екеу қараңдап тұр екен.

— Апам жібермейді ғой...

— Неге?

— Жігітпен қол ұстасып өлең айтқан деген не сұмдық. Бетсіз, көрсетпе ондайыңды дейді. Кешегі репетиция да болғанымды жеңешем айтып қойыпты.

— Жаным-ау, бұл пьеса... Қозы мен Баян ғой.

— Иә, саған оңай... Айтып көр анама.

— Несі бар айтса. Айт...

— Дидар, бері жүр деймін, — деп Қожахмет сыбырлай, сүйрелеп кетті. — Тыңдап тұрғаныңды көрсе ұят қой. Ұялтпа... Жүр... Жүр...

Әр қарайғаннан ығыса-ығыса біз ауылдың сыртына шықтық. Үнсіз келе жатырмыз. Қожахмет жаңағы екі жастың әңгімесіне ойланып қалғандай.

— Сапар сияқтыларды ондай жолдан құтқарып алу үшін көзден таса қылмау керек. Көпшілік боп қолға алса қайда барады түзелмей. Сәрсендердің тырнағына ілікпейтін-ақ жігіт емес пе.

— Қуанатын адамыңыз кім?

— Е, оны ұмытып барады екем ғой. Сіздерде аспазшы болатын. Медсестра келіншек.

— Дариға ма?

— Иә... Өте талапты адам. Мінезі жеңіл дейтін. Ел қателесіпті... Елдің айтқаны шын да боп шығуы ғажап емес еді ғой.

— Біреудің себі тимегенде дейсіз ә?

— Иә... Оған таңданбаңыз, Дидар. Шолпанның нағыз кісілік, достық көмегінің нәтижесі. Адамның көңіліне озіне десен сенім рухын сеппей, онан бірдеңе шығады деуге болмайды. Дариға жақсы медсестра ғана емес... Қазір ол батыл, өмірден белгілі өз орнын тауып, талап етіп отырған жан. Келесі жылы мүмкіндік болса курсқа жібереміз. Мен оған қуанам... Айтпақтайын, сен естіп пе ең? Біз биылдан бастап пішенді бірден қыстау басына маялауды қолға алдық. Бұл сенің ұсы нысың ғой. Өте жақсы... Бүткіл совхоз тұрғындары ның көкейінде жүрген жай емес пе. Соған тек батыл кірісіп, сендей талап еткен жан жоқ. Ел иесі, жер иесі сендерсіңдер. Өз халқыңның, еліңнің болашағына келгенде батыл, іскер, адал еңбек етy — таптырмас қасиет. Мен сіздерге... жастарға қатты разымын, Дидар. Бұрын неғып аңғармай келгенімді білмейім... Сіздер қаланың кей жасындай емес ана тілдеріңді сүйесіздер екен. Жоқ... Мен сіздерді сүйем. Разымым Кәне, біздікіне де келдік. Кір... Төрлете бер.

— Қаке, рақмет... Мен сізге бүгін келгендегі шаруам.

— Айт, айт, Дидар. Қолымнан келгенді аямайым сенен, — деді ол бетіме үңіле түсіп.

— Ертең бір күн боспын. Бүрсүгіні жүреміз... Ұлықсат етсеңіз ертең өз машинаммен пішенге шығар едім.Соңғы рет...

— Неге соңғы рет. Әлі келесің ғой.

— — Қаке, ұлықсат етіңіз. Үйде отыра алмайым. Апам жылап-сықтайды...

— Жақсы, Дидаржан... — Қожахметтің даусы көңіліме жылы тиіп, қатты толқытып жіберді. «Дидаржан... дейді. Адамға жылы сөз, адал пейілден артық ештеңе жоқ ау осы.

Міне, сүйікті Аксинья... Қожахмет деген адам сізбен тілдесуге... Соңы рейске осылай ұлықсат етті. Heге кү лімдейсіз... Эх, бала... Бала... дейтін сияқтысыз ғой тіпті Дариғаға үш-төрт бардым. Сөйлеспейді... Менен мүлде түңілген шығар, а?.. Жо... жоқ, мен оны ұмыта алмаймын Қазір Дариғасыз өмір еш қызықсыздығын түсіндім. Іштей онымен сырласып отырамын. «Өмір онсыз қызықсыз деймісің? Сен менің сүйетініме шүбәланба, Аксинья. Рас. Ол мені күтпей жүрмесе. Күлесің ғой. Не мен ақымақтың сөзін айтып отырмын ба? Әйелге сену қиын ғой. Еркекке ше? Болады... Иә, сен маған күлесің. Махаббатқа сен деймісің? Ол біздің арамызда болып па еді? Қалай ойлайсың, Аксинья? Кейін айтам деймісің? Мен ертең жүріп кетем ғой... Е, әне қыстау да көрінді. Ертұрлының машинасын түсіріп, үйіп жатыр...

Он бесінші тарау

Совхоздан апам мен Ләйләға ере Базарбек қарт пен Ертұрлы келді. Ертеңгісін үйге Шолпан күйеуімен, Қожахмет кіріп шыққан. Енді, міне, біз қала да... Вокзал басындамыз. Күн кешегідей ашық емес, алабұлт. Желкем... Біздің совхоздың озінен он жігітпіз. Қала дан да бар. Вокзал басы ығы-жығы халық. Қоржын арқалаған қарттар да осы жерде. Алыс колхоз, совхоздан келген сияқты. Жалтақтап қала адамдарына сенімсіздеу қарайды. Олардан гөрі жел қағып тотыққан мен тәрізді бейтаныс жігіттерді бір табан жақын тартады.

Маңына келсең болды:

— Қай баласың? Әкең кім? — деп қалады. — Айналайын, мен де өзіңдей балам осында. Бір-біріңе тумадай жақын бас көз болындар.

— Әрине, ата... Достасып кетеміз ғой.

— Сөйтіңдер, қарақтарым...

Базарбек қарт апам мен Ләйләнің қасында. Ол кісі сыра да ішпейді ғой. Әңгімелесіп, апамның көңілін жұбатып жүр. Менің жай әскери ойынға кетіп бара жатқанымды, үш жылда азаматтық борышымды өтеп, «еңгезердей жігіт» боп қайтатынымды түсіндірем деп-ақ шаршаған шығар... Өйткені апам тыңдап-тыңдап алады да, жылайды.Жалпы апам бәрін біледі. Түсінеді. Ал жылайды... Ертұрлы екеуміз бір аяқ қала сырасын ішіп алып, шығарып салушыларды аралап жүрміз. Дариға жоқ...

Таңертең Ертұрлы соққан екен. Үндемей қалды деп еді келмейін деген ғой.

— Дидар, жүр би билейік, — деді Ертұрлы. Дөңгелене тұрған топтың ортасында сары шашты, талдырмаш қыз ұршықтай үйіріле билеп жүр екен. Көзі ойнақши аяғымен үсті-үстіне жер тепкілейді. Шашын тықырлай мен сияқты алдырған жігіт гармоньды құтырта ойнайды. Сары шашты қыз айнала тұрғандарды жағалай кеп, Ертұрлының алдына биледі. Ортаға шық деп ым қағады.

— ШІықсайшы, Ертұрлы... Мен анадай билей алмаймын ғой.

— Жігіт, шық...

— Бұлданбай шықсаңшы, — десіп кетті өзге жігіттер де.

Ертұрлы әсем биледі. Пәле екен. Паровоз үш қайтара боздап, қоңырау соғылды. Командир взводалар: «Отырыңдар» деп жатыр. Құшақтасу...Сүйісу... Жылаған-сықтағандар да осында. Жүгіріп апама жеттім. Базарбек қарт пен Ертұрлымен қоштасып, қарындасымның маңдайынан сүйдім.

— Ақ тәте, апам екеуміз қалдық...дей берген Ләйлштайды жұбата арқасынан қағып:

— Олай демеші, Ләйләштай. Жалғыз емессіздер ғой. Жігіттер...Мына Ертұрлы бар, — дедім.

Апам бауырына қыса, үнсіз тұрып қалды. Жаныма әр кез ыстық апамның көкірек иісі өзегімді суырып бара жатты. Тістеніп ...көзіме жас алмай тұрмын. Жүрек соғысын да естігендеймін.

— Апа... Жыламашы. Демалыс алып келіп тұрам ғой. Ертұрлы, жылатпашы апамды...

Поезд ақырын жылжып жүре берді. О да мынау елден, жерден белгілі бір уақытта кетіп бара жатқан перзенттерді жұла жөнелмейін дегендей еді. Miнe, вокзал шетіндегі газет киоскісі де артта қалып барады. Алдыңғы жақтан біреу ағараңдайды. «Жаным-ау, анау кім?.. Топтан бөлек... «Жедел көмек» машинаеының жанында жалғыз тұр ғой. Ақ көйлекті әйел... Қолында орамал. Мынау... Дариға ғой». Міне, оның тұсынан біздің вагонымыз өтіп барады. Бір сәтте Дариғаның қарақат көзінен, сәл ашыла қалған алқызыл ернінен: «Күтейін бе, сені Дидар», деген сөз шыға қалса, мынау поезд жеткізбей кететіндей к рінді маған. Алқына:

— Күт... күт мені!.. — деп еріксіз айқайлап жібердім. О да селт етіп, шошына, әнтек ұмсына түсті. Орамалын бұлғап, о да айқайлаған болған, мен естімедім.

— Күтем сені, Дидар...

— Күтем сені, Дидар, — дейді.

— Айтындар... Күтем сені, Дидар! — дейді, — деп соңғы вагондегі жігіттер жағалата жеткізіп жатыр... — Күтем сені, Дидар!..


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз