Біз әр күн сайын ұялы телефон, теледидар қолданамыз, жарықты көреміз. Осы
қарапайым құбылыстардың артында көзге көрінбейтін, таңғажайып әлем бар. Ол
кванттық физика әлемі.“Квант” сөзі латын тілінен аударғанда “бөлік” деген мағына
береді. Физикада бұл энергияның, жарықтың және материяның ең кішкентай бөлшегі
деген ұғым. Кванттық физика заттардың өте кішкентай деңгейде: атом, электрон,
фотон сияқты бөлшектерде қалай жұмыс істейтінін зерттейтін ғылым.
Қарапайым тілмен айтқанда, біз күнделікті өмірде заттар тек бір уақытта бір жерде
ғана болады деп ойлаймыз.Ал кванттық физикада бір бөлшек бір мезетте бірнеше
жерде болуы мүмкін. Бұл адам сенгісіз болып көрінсе де, ғылым дәлелдеген
шындық.Бұрын жарық тек толқын деп есептелген. Алайда кванттық теория жарықтың
кішкентай бөлшектерден фотондардан тұратынын көрсетті.Электрон – тұрақты бір
нүктеде тұрмайтын бөлшек. Оның қай жерде болатынын нақты айту мүмкін емес, тек
ықтималдықпен болжауға болады. Сондай-ақ, электрон бір орбитадан екіншісіне
секіргенде, арадағы кеңістікте ешқашан болмайды бұл құбылыс кванттық секіру деп
аталады.Кванттық физика тек табиғатты зерттеумен шектелмейді. Бұл ғылым ойлау
жүйесіне де әсер етті.Ғалым Сабо кванттық ойлауды мәселені әр қырынан көре білу,
тек бір ғана пікірге байланбай, бірнеше көзқарасты қатар қабылдай алу қабілеті деп
түсіндіреді. Яғни, ақ-қара, дұрыс-бұрыс деп шектеуден шығып, әлемді өзгермелі,
көпқырлы құбылыс ретінде қабылдау бұл нағыз кванттық ойлау. Қазіргі таңда бұл
ойлау тәсілі күрделі және өзгермелі заманда маңызды дағдылардың бірі саналады.
Бұл бізге не үшін керек?
Кванттық физиканың пайдасын тек лабораториялардан ғана емес, күнделікті
өмірімізден де көруге болады.
Мысалы:• Лазерлер,
• Смартфондар,
• GPS жүйесі,
• Медициналық МРТ аппараттары бәрі де осы ғылымның жемісі.Егер сіз
бөлмеге кіріп, жарықты қоссаңыз бөлмеңізге миллиардтаған фотондар, яғни жарық
бөлшектері таралады. Бұл құбылыс кванттық деңгейдің қарапайым түрі.
Кванттық физика өте күрделі әрі қызықты ғылым. Ол бізге заттардың ішкі құрылымын
түсінуге ғана емес, ойлау қабілетімізді кеңейтуге де көмектеседі. Бұл ғылымның
көмегімен болашақта кванттық компьютерлер, жоғары дәлдіктегі диагностика, тіпті
жаңа технологиялық төңкерістер болуы мүмкін.
- Мәулітбек Ұлас
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі