Өлең, жыр, ақындар

Еліктің лағы

повесть

Бірінші тарау

Бір үйір елік қалың орман ішінен дүркірей шығып, жап-жазық жасыл ойпатқа түсті де, созыла, қызыл жебедей аға жөнелді. Алдында мүйізі қарағайдай апай төс ақ теке. Тау үстінен қарға аунаған түлкінің қызғылт құйрығындай қылаңдап көрінген таң шапағынан әлгі бөлекше сүт көгілдірленіп, жер бауырлай ұшқан бала бүркітке де ұсап кетеді. Ақсұр зымыран оқтай ұшып барады. Әне, олар жалт беріп тауға қарай тартты. «Апыр-ай, неден үрікті? Жау тигендей неге жосып жүр?» Дәулет тебініп қап, атын үсті-үстіне қамшылап орманға төтелеп шапты.

«Дәу де болса, адам. Өзге не дейсің? Бірақ мылтық атылған жоқ еді ғой. Жәйден-жәй осынша үрікпейтін шығар?..»

— Дәулет!.. Дәулет дейім!

Көзі жаңа ғана ілінген, шошына басын жастықтан жұлып алды. Ұйқылы-ояу, әйелі бүйірінен түртіп:

— Дәулет-ай, тұрсайшы біреу келді білем, машина гүрілі естіледі,— деді. Бөлме іші — ала көлеңке.

— Е, қойшы. Осы жауынды түнде кім тентіреуші еді.

Әлдекімнің дүрс-дүрс есікті соққаны, соққаны емес-ау,тіпті аяғымен тепкілеп тұрғанын қара да.— «Аңшылық құрғалы келетін, саятшыл қала адамы дейтін, бүгін сенбі, нe жексенбі де емес. Сонда бұ кім болды екен, ә?! — деп ойлады Дәулет жылы төсектен шыққысы келмей, жамылғы көрпесін қымтана түсіп. Әйтсе де, бейуақыт жолаушы тыныш тық таптырмады. Тағы да дүрсілдете жөнелді.

— Дәулет!

— Қазір... Бақылдамай жатшы әрі! — деді Дәулет аталған жігіт қыжылдап.

Кереует ауыр салмақтан жаншыла сықырлап барып бпсыдды. Тып-тыныш. Ала көлеңке бөлмеде ысылдап-пысылдап киініп жатқаны естіледі.

— Сонша киінбей ашсайшы енді.

— Әй, тыныш жат дедім ғой. Ақылгөйсуін,— деді еркек үн тістеніп. Сәл үнсіз қалды да, ағаш еденді сықырлата ауыз үйге бет алды.

Әне, ол жетілік май шамды жақты. Жылт еткен жарықтан қара құстың қанатындай бір көлеңке ербеңдеп қарсы қабырғаға түскен, сәлден соң әлгі адам бейнесіне келіп, қалың қабақ, дөңес мұрынды жігіт боп айқындала берді. Енді, міне, ол шамды алдына ұстады; көлеңке ауып кетті. Жарықтан жігіттің қара сұр жүзі күреңіте құбылып тұр. Ақ іш көйлектің сыртынан желең жамылған жез түймелі, қара пальтосын түкті, жуан келсаптай қолымен түзетіп жатыр. Сүйекті ірілігін айтпағанда, анау оң жак көзінің астындағы бар мақ басындай қалы да адамның назарын еріксіз тартарлықтай екен.

— Бұ кім? — деді ол, қолындағы май шамыи жоғары көтере есікке таяп. Ізінше, ілгешекті ағытып, ашып жіберді. Даладағы жауынның сыбдырымен бірге үйге әлдекімнің дабыр-дұбыр сөйлей кіргені естілді. Төргі бөлмеде жатқан келіншек орманның жауынға бөккен хош иісінен тынысы кеңіп, қапырық бөлменің шаңырағы көтерілгендей кеңіп сала бергенін сезінді. Ол төсектен ақырын басып көтеріп, ауызғы бөлмеге көз тастаған: бейтаныс түнгі қонақты шырамытқандай болды. «Қайыржан аға ма? Совхоздың директоры. Иә, со кісі, білем»,— деп ойлады ол.

— Танымай қалдың ба, Дәулет?

Дөңгелек жүзді мосқал адам Өңі ақ сары. Шам жарығынан үстіндегі қара плащ жылтырап, етегінен еденге тырс-тырс су тамып тұр.

— Бәлі, Қайреке, сізбісіз? Апырай, сіз келеді деп түк ойласам не дейсіз,— деді қалбалақтай қап. Шамды есіктің жанындағы жатағандау үстел үстіне апарып қойды. Құнжындай киімін алып, шешіндіруге кірісті. Жалтақтай кейін бұрылып, дауыстап та жіберді: — Рәзия...

— Қой, келінді мазалама ұйықтасын. Мезгілсіз уақыт ұят болар — деп қонақ ыңғайсыз данған сыңай танытты.— Бізге жайлап жататын бір орын әзірле. Ештеңенің қажеті жоқ. Таңертең сөйлесерміз.

Үстіндегі сулығын ашық есіктен далаға қарата қағып-қағып жіберіп Дәулетке ұстатты. Өзі кейін қарап:

— Айнаш!.. Бері келіңдер! — деді.

— Сәлематсыз ба, аға?

Келіншектің биязы үні қонақтың көңілін бөліп кетті; ол ту сыртынан естілген дауысқа жалт бұрылған, аңтарылып қалды.

— Даңғырлап ақыры оятып-ақ жіберген екем ғой. Аман ба, балам? — деді қысылып, қапелімде не дерін білмей.

— Оқасы жоқ, аға.

Қызыл шырайлы келіншектің бір тал шашы кең маңдайында желбіреп тұр. Аяғында үйде киетін, тартпалы қара шарық, үстінде көк ала жібек көйлек. Қонақ көзі соған іркіле түсіп тайып кетті.

— Айна! — деді ашық есіктен далаға қарап.

Дәулет есік алдында тұрған Газ-69 машинасын енді шалды. Кенеп кабинаның терезесі сарғыштанып тұр. Іштегі өлеусірей жанған шамның жарығы көрінеді. Моторын сөндіріп қойыпты. Сырт етіп кабина есігі ашылды да, қайтa жабылды. Сәлден соң екі адамның аяқтарын бүгежектей дақ-дақ басып, үйге қарай жүгіріп келе жатқаны аңдалды.

Алдыңғысы жігіт, соңындағы қыз екенін Дәулет жақындағанда байқады. Міне, олар дә лізге де жетті. Дәулет ығысып жол берді.

— Қайырлы кеш, Дәулет аға! — деді қыз табалдырықты аттар-аттамас. Баданадай қара көзі ойнақшып жалт-жұлт етеді, плащың шешіп жатыр.

— Аман ба, Айнаш! Ту-у, өзің бойжетін қапсың ғой, — деп Дәулет күлімдей қарады. Көзі еріксіз қыздың тоқ балтырын, қоңыр юбкасын сипап өтіп, ақ жұқа свитерлі қаз кеудесіне іркілді.

Жұмыр, сәл түсіңкі иығы, қыпша белі, желкесіне тостағандай ғып түйіп қойған қалың қара шашы оған бір түрлі ыстың көрінді. «Құдайым-ау, мынау бұдан үш жыл бұрынғы совхоз директорының шөп желке қызы ма? — деп ойлады ол.— Қыр мұрыны, маңдайы аумаған шешесі. Көзін-ай...»

— Айнашым менің адам болды ғой. Биыл он жетіге толады. Мынау көктемгі каникулында аз да болса тынықсыншы деп алып шықтым. Менің де кейбір қолым бос адаммын. Бір ауық өзім де дем алайын дедім. Иә, өздерің қалайсындар?

— Жаман емеспіз,— деді Дәулет күлімдей.

— Қайреке!..

— Иә?

— Қайреке, мен жүре берейін де,— деді шофер жігіт бұлардың сөзін бөле, арадан килігіп. Әлденеден қымсынып, басындағы қалың ақшыл фуражкасын түзей береді.

— Көксау адамдай күркілдеп машинаң осы жерге ойбай қарақпен әзер жетті. Сен немене далада батпақтап қалайын деймісің?

— Қайреке-ау...

— Иә, неге асығасыз? Тамақтанып, қона жатып кетпейсіз бе? — деп Дәулет қонақжай үй иесінің кәдесін сездірді.

— Жоқ, аға. Рақмет. Ештеңе етпейді. Екі сағатта салып ұрып жетіп барам. Атының сыры иесіне мәлім деген, машинама сенем. Солай емес пе, Айнаш?

Қыз езу тартты, аппақ екі бетінің ұшы қызғылт нұрланып жүре берді. Көз астындағы мақпал көлеңке де шуақтанып кеткендей. Ол үндеген жоқ, жүзін бұрын әкетті. Дәулет еріксіз «апыр-ай» деп тамсанын қалды.

— Ділмәрсуін. Е, жарайды ендеше. Жолың болсын. Әлденеге менің қатысуым қажет десеңдер хабарласыңдар. Түсіндің бе? Сонсоң анау агрономға менің сәлемімді айт. Ұмытпағайсың. Жүгеріні өзенге жақын ашық ойпатқа екпесін, о жерге алма ағашын отырғызамыз ден келіскенбіз.

— Көке,— деді Айнаш әкесінің сөзін бөліп.— Сізсіз шеше алмайтын шаруа болса, өздері де хабарлайды ғой.

— Ә, жөн-жөн. Жарайд, жүре бер.

Шофер жігіт жымындай бұрылды да, жауыннан қорғана күпейкесінің жағасын көтеріп машинасына қарай жүгіре жөнелді. Әне, ол сырт еткізе кабина есігін ашын, отырып жатыр. Қылап жандай аяғының балшығын қағу жоқ, балдыр-батпағымен кабинаға қойып кетті. Директордың жақтырмай қабақ шытатынын сезсе де, елейтін емес. Ол машинаны от алдыра алмай, ұзақ әуреленді. Ішке кірмей есік алдында үрпиіп тұрған төрт адамға әлсін-әлі қысыла күлімдеп, қол бұлғап қояды. Онысы: «Қазір... қазір жүрем»,— дегені сияқты.

Әбден тозығы жеткен моторы күркілдей түсіп, тағы да сөнді. Аула іші көк түтін. Ақыры от алды. Енді міне қақалып-шашалып кетіп барады. Соңындағы жұдырықтай шамы жылт-жылт етіп, ағаш тасасынан көрінбей үзілгенше бұлар да тұра берді.

— Қой мына машинаны күрделі жөндеуден өткізбей болмас.

Қайыржан түңіле қолын сілікті. Дәулет те, қостағаны ма, жоқ әлде шүбәланғаны ма, белгісіз күлімдей басын шайқады. Айнаш көзіне түсіп кете берген бір тал ерке шашын саусағымен кейін қайырды.

— Салқын тиіп қалар, аға, ішке кіріңдер. Дәулет, сен неғып тұрсың? — деді үй иесі келіншек.— Сіңлім, төрлет...

— Рақмет, апа.

— Үйге... Иә, үйге кіріңдер. Төрлетіңдер,— деп Дәулет те кәукелектеп жатыр.— Ту-у, мына жауынның төгуін- ай.

Қонақтар беймезгіл кеп, мазалағандарынан қысылды ми, тез төсек салғызып, жатып қалды. Үй іші тағы да тып-тыныш. Даладағы жаңбырдың терезе шынысын тырс-тырс шерткені ғана естіледі.

— Жолсоқты боп, шаршап келдік. Дамылдайық. Таң да жақын ғой,— деп шай да қойдырмады. — Тіпті ыңғайсыз-ақ»,— деді әйел күбірлеп. Темір кереует сықырлап барып басылды. — Дәулет, сен ұйықтап қалдың ба?

— Жоқ. Иә, тағы немене?

— Қазанға ас салмағаным ұят болды-ау.

— Жә, өкінбей-ақ қой. Қонақжайлығыңды ертең-ақ көрсетерсің.

— Бәрі сенің кесірің. Асықтырмасаң, жүре алмайсың.

— Қой әрі, болды енді.

Келіншек терең күрсініп қойды. Үндеген жоқ. Жігіт те кереуетті жаныштай сықырлатып аунап түсті. Даладағы жауынның тысыры басылар емес.

— Дәулет, сен келіп қалдың ба?

— Иә, тағы не сұрамақсың?

Кейіген екенсің. Қойдық ендеше.

— Бәрібір тыншытпайсың, Рәзия. Кәне, айтшы тағы нең бар?

— Совхоздың білдей директоры Қырым, Кавказға,Алматыға барып дем алмай, ағаш қарауылының үйін қалағанына түсіне алмай далмын.

— Е, оған несіне таңданасың? Қайрекең екі жұмадан әріге шыдамайды. Қашанғы әдеті. Қазір қызының каникулы. Биыл ол мектеп бітірді. Алда емтихан. Міне соған дейін дұрыстап дем алсын деп алып шыққан. Ең кенжесі ғой.

— Ақырын... ақырын сөйле,— деді Рәзия төргі бөлмеге қарай елеңдеп. Дәулет тым-тырыс бола қалды.— Жо-оқ, ұйқтап жатыр білем.

— Өй, сен де осы...

— Иә, сөзің аузыңда.

— Мұнан басқа екі ұлы бар. Екеуі де — ортан қолдай инженер. Үлкені — Гурьевте, кішісі — Теміртауда. Үйлі-баранды. Кемпірі өткен жылы қайтыс болды. Инабатты жан еді. «Қарағым... Дәулетжан», — деп бара қалсаң, қалбалақтап бітетін. Бүкіл совхоздың жас механизаторларын өз баласындай құрмет тұтатын. Өте мейірімді кісі еді марқұм.

— Неден қайтыс болды?

— Инфарк. Бұрын да бір ұстаған. Ақыры сонысы әкетті.

— Менің де жүрегім жаман. Шанышатынды шығарып жүр. Білмеймін, өліп кетем бе деп зәрем жоқ.

— Ал бастады. Әй, қойшы енді жүрек айнытпай.

— Әне, «Жаны ашымастың былтыры сыздамас» деген. Саған бәрі өтірік. Еркелік дейтін де шығарсың? Сенбейсің, иә? Солай деші...

— Оу, ақырын,— деді Дәулет шыдай алмай.

— Сен өлгеніме де сенбессің.

Жас келіншек қолқасына жас тығылғандай үні бұзыла, сыбырлап тоқтады. Дәулет оның көңілін аулап, пәлендей қоймады; үн-түнсіз қалды. Үш жылдан бері, қысы жазы естіп келе жатқаны — осы. Елеусіз, жәй әлденебір нәрседен басталған әңгіме аяғы сиырқұйымшақ танып біткен кезі аз, ылғи да насырға шауып тынатын әдеті. Мұның өзі тып-тыныш бөл менің ішінде жатқан адамның төбесіне жоғарыдан тамған бірқалыпты су тамшысы тәрізді. Ол тамшыдан ығысып, басқа орынға жайғасуға болар, ал анау тырс-тырс еткен қу шыбықтың сынғанындай дыбысты қайтесің? Алғашында пәлендей еленбегенмен, түбі сол үн жүйкені тоздырары хақ. Ондай дыбыстан адам жынданады да. Дәулет әрине, жынданарлық дәрежеге жеткен жоқ, жетпейтін де шығар, не көрініпті сонша. Ал, Рәзияның әлгіндей орынсыз ренішінен, күң кілінен, ызыңынан соңғы күндері зәрезап боп жүргені рас. Әбден тойдырып-ақ жіберді. Әрі-біріден кейін бырқырап жылайтыны тағы бар. Дәулеттің азар да безер болатыны соныкі. Еркектік танытып, ауылдағы кей құрбысындай әйеліне өмірінде, ашу шақырып, қол көтерген де емес. Дүниеде жоқтан қайғы-қасірет жасап алып, төңірегіндегілерді де сонысымен күйзелтіп жүретін бір адамдар болады-ау, бұ да солардың бір сыңары.

Жетім боп балалар үйінде өскен Дәулет адам баласынан тек өзіне жақсылық күтетін. Шынында, үйленгенге дейін бүкіл ауыл әйтеуір өзгеден бұрын бұған қол ұшын беруге тырысқан, көңіліне қаяу түсірмей есіркеген. Анау төргі бөлмеде жатқан Қайыржан аға тіпті өзінің балаларынан бетер қамқор еді. Мектептен кейін трактористер курсына оқытқан да сол кісі. Әскерден келгенде де қарсы алған осы Қайыржан ағасы. Бұл болса сәл нәрсені тілге тиек қып, ағаш қорықшылығына кетем деді де жүре берді. Сондағы өкпесі де, енді ойласа, түкке тұрмайды, баланың ісі. «Ескі трактордан түсірмей қойдың, ылғи уәде етесің. Шыдамым бітті, кетем»,— деді. Бір айдан соң жаңасын алатынын біле тұра істеді.

— Тепсе темір үзетін жігіт қорықшылықты қайтеді. Қой әрі... Әзілің шығар,— деп директордың сырт айналып, езу тартқанына ерегесіп, есікті сарт ұрып кетіп қалды.

Ол Рәзияны бұдан бұрын да білетін, фермада талай көрген, қызыл шырайлы күлегеш қызтұғын. «Сені алып қашсам ба?» — дейтін кезіккен жерде қылжақтап. Сөйтсе, о да жақын жамағайындарының қолында жеңгелерінен көз түрткі көріп өскен жетім екен. Құда түсудің де қажеті болмады. Ағаш қорықшылығына келіскенін, «кім көрінгеннен қалған тракторды жамап-жасқап жүрер жәйі жоқтығын» айтқанда, Рәзия совхозды қимай:

— Қайдан білейін, ер-азаматтың өз ауылынан безінбегені лазым ғой,— деді.

— Сол сен айтып отырған «ер-азамат» бірге жүр десе, қайтер ең, Рәзия? — деп, бұл сонда бүкпентайсыз төте кеткен.

Рәзия келісті. Бәрібір совхоз директорына көрсетпек болған қоқан-лоққысы шықпай қалды. Қайыржан тойына мал беріп, совхоз атынан тарту, сый-сияпат жасап, шығарып салды. Және де оның өкпелеп кеткенін түсінбеген күйі қалды. Осы қазір де Дәулеттің ренішті екенін біле ме десейші? «Ай, қайдам. Тіпті сезбейтін де шығар-ау. Сезсе, осында демалуға келе ме? Әрине келмейді»,— деді Дәулет күбірлеп.

Күбірі ала көлеңке, тып-тыныш бөлме ішінде жаңғырығып күмбірлеп кеткендей болды. Ол сасқалақтап қасында жатқан әйеліне көз тастаған: абиыр болғанда ұйықтап кетіпті. Өзіне таныс келіншегінің бірқалыпты тынысын тыңдап жатып: «Өкпелі ұйықтады-ау»,— деп ойлады. Мұндайда жаны ашып, жүрек түбі қимастықтан сыздап қоя беретін, ертеңіне бәйек боп, өз әбестігіне кешірім өтіпбекке бекінетін еді. Енді міне, керісінше, өзінен-өзі жиреніп «неге ерте үйлендім», «әйелсіз қалам дедім бе» — дегендей, өкініштен өзегі өртеніп барады. Сүймеймін ғой. Неге алдап жүрмін? Неге?..»

Үш жылдан бері осындай ойдың көңіліне неге келмегенін, бұрын неғып өкінбегеніне таң. Әйтсе, бұған ненің түрткі болғанын ол білмеді, сезбеді. Әйелінен сырт айналып, бір қырындай ығыстап жатты. Тысыр-тысыр терезе шынысын шертіп тұрған даладағы жауын әлдиіне құлақ түре қалған ол еркінен тыс: «Айнаш та бойжетіпті. Кеше ғана тұлым шашы желбіреген сәби еді-ау, ә?» — деп ойлады.

Қайыржан таң құлан иектене оянды. Оянса да, бірқыдыру уақыт қыбыр етпей жатты, өйткені астындағы ағаш кереуеті қозғалған сайын, дөңгелегі майланбаған ескі арбадай шиқылдап, кейде тіпті мысықша мияулап зәрезап қылды; ауызғы үйдегі келін-баланы, мынау қызын оятып жіберермін деп қысылды. «Қыстаудағы шопандардың да жайлауға шығатын шағы. Көші-қоныны жігіттер дұрыс ұйымдастырса жақсы болар еді. Не істеп жатыр екен? Ай, осы демалысқа мен бекер кеттім-ау Бекер...» Сәлден кейін шыдамы таусылып, тәуекелге бел буды: «Ширақ көтерілсем, мияулап та үлгермес. Сөйтіп бір байқайыншы»,— деп ойлады ол. Жамылғы көрпесін ақырын сыпырып, серпіле тұрған, керует мыңқ етпеді. «Өй, тәйір-ай, манадан өстісем ше?!» Аяғын ұшынан басып жүріп киінді де, есіктің ілгешегін үлкен ептілікпен дыбыссыз ашты.

Міне, ол далаға да шықты, көктемгі ағаштың шырышты иісі танауды қытықтап, көңілді сергітіп жіберді. Қайыржан тап-таза жауынға алау тартқан жүзін тосып, аспанға қарады. Жаңбыр тамшысы мандайын, бетін жуып, көз алдының кіреукесін жазғандай. Аспандағы бұлт та іріп, түтілген түбіттей қозы құйрықтанып жатыр. Кешегі көк мұздай тұтастық жоқ. Ыстыққа шыдамай шатынай жарылған шөл даланың реңіндей тарғылдана көп сызат түсіпті. «Бүгін ашылатын шығар...»

Қайыржан жанқалтасынан орамалын алып бетін сүртті. Жан-жағына көз тоқтатып, бағдарлай қарады, айнала ағаш. Қысы-жазы түсін бермейтін, жап-жасыл шырша да оған бір түрлі көңілсіз, мұңды сияқтанып тұр. Анау етектегі дудар бас кәрі бәйтерек болмаса, өзге ақ балтыр жас қайың да, қара ағаш та, емен де мынау үш күнгі жаңбырдан дірдек қағып, сыбдырлайды. Әлденендей бір салмақтан шірік бұтақтың сырт етіп сынғаны естіліп қалады. Ондайда Қайыржан елендей құлақ түреді. Тым-тырыс. Ағаш арасында, әр жерге жарқырап қақ тұрыпты.

Қайыржан батпаққа аяғы тайғанақтап жүріп келеді, қай да, неге бара жатқанын өзі де білмейді. Кейде тоқымдай қақты кешіп өтпей, аяқ ілінер қара жер іздеп қалады Алақандай құрғақ төбе, не шіріген бұтақтардың ұйысқан қобдасын көзі шалса, соған аяғын салғалы оқтала бастады. Екі рет мүлт кетіп, шатқаяқтап барып түзелді. Сәл болғанда, шалшық суға шалқасынан түсетін еді. Сонда да: «Оу, бұным не? Балалығым ұстағаны ма?» — демеді. Осының бәрін ет қызуымен, таңғы орман тыныштығының әлдиі билегенінен істеп жүргенін де ол сезер емес. Әр ағаштың түбін қуалай аққан тарам-тарам, беті айғыз-айғыз шөп-шөңге жылғалардан аттап жүріп, жайылма бес қанат үйдің орнындай қақтың ортасын дағы і ақия төбеге қалай дік ете қалғанын андамады. Манағыдай емес, енді бұдан секіріп етуге жүрегі дауаламады, еріксіз іркіліп, төңірегінен тірек іздеп тұр.

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады» деген — әне сол. Жауын басылған. Қазіргісі терек тің жаңбыры. Ол жалтырап, тып-тымық. жатқан қақ бетіне себелей өтіп толастай қалады. Әлгіден сансыз сақина шеңбер пайда боп, жандана түседі де, іле зым-зия жоғалады. Қайыржан оны да жаңа байқады. Төңірегіне таңдана, әрі сүйсіне көз тоқтата қарады. Жүзі жылып, басындағы фуражкасын шешті. Кең жазық маңдайын сипап бозғылт, жұмсақ шашын қолымен кейін қайыра, күрей тарап қойды. Дымқыл салқын ауа бас құйқасын бір түрлі шіміріктіріп,сергітіп жіберді. «Ата сақалым аузыма біткенде бала болыппын-ау. Секіріп жүріп, қайда келіп қалғам?» — деп ойлады. Табиғат аясында кәрі де, жac та, тіршілік біткеннің баршасы бала боп кететінін білген жоқ.

Аялдаған тұсы жыра-жықпылы көп, құшақ жетпестей жуан, кәрі ағаштары мол бір қуыс екен. Жыраның ырсиған жар қабағында алып бәйтерек жамбастап жатыр. Сала құлаш қара жыландай тамыры ши байланған бір арқан тәрізді етекте жалаңаштанып қалыпты. «Иә, бұның да басынан не өтпеді дейсің. Үскірік аяз да, дауыл да, аңызақ та, ыстық та, өрт те, көктем де өтті-кетті. Енді оның бәрінен бұл ада. Шіркіннің жәйі неткен бөлек! Өлсе алып. Шірімепті. Үлкен бір шайқастан соң дамылдап қатқан батыр тәрізді ме, қалай?» Қайыр жан көңілі жүдеу тартты. Тағы да көлеңкелі ойға ойысқанынан ыңғайсызданып, «о несі-ей» деп қалды. «Өлімнен қорықпас адам жоқ. Әйтсе де, неден үркем? Мүмкін, ол ауру болмас... Қой қайтайын. Айнаш та тұрған шығар. Сол сезбесінші. Жыраның еңіс бетін қиялай жоғары көтерілді.

Терең тыныстай іркілді. Жаңа бір көрініс көз ұялтып, құмарын қандырып тастады. «Апыр-ай, өмір деген неткен тәтті шырын еді». Аппақ уыздай мұнар орман ішін кеулеп келеді, шығыс беттен қызғылт нұр да белгі беріп қалыпты. Аспанның да көбесі сөгіліп, көгілдір қапталы көрінген екен: күннің зәрсіз күміс кірпігі сұңғақ, асқар еменнің басын шалып, етегіне ақ селдір шарбы орап кетіп барады. «Мынау бәйтеректің әскери күзеттей тұрысын қара. Жастың аты — жас-ау. Сымбаттысын қайтерсің». Әлдекімнің желпіген қара жібек шарқатындай лықси толқып, дуылдап торғайлар ұшып өтті. Қайыржан көңілі бөлініп кетті.

— Папа! — деген бір ерке дауыс орман ішін жаңғырықтырып жіберді.— Папа!..

Қайыржан селт етіп, басын көтеріп алды. «Айнаш па?» Ел көзінше «көке» десе де, сағынғанда, қуанғанда ылғи «папа» дейтін. Қазір де сол әлденеден үрейлене не қуана іздеп жүрген сияқты. Көрмесе де Қайыржан оны әке жанымен сезінді. Дауыс шыққан тұсқа төтелей тартты. Сүріне-қабына емпелеңдеп келеді. Шалшық суға да, лай батпаққа да қарайтын емес, тайғанақтай, шалп-шұлп кешіп өтеді.

— Папа!

Бір ағаштың түбінен сұр көжек құлдыраңдай жөнеле берді. Қайыржан оған да қарамады. Екі көзі алда, дауыс шыққан жақта.

— Папа, қайдасың?

Ду етіп торғайлар ұшып өтті. Қыру-қырулаған құстың үні естілді. Алыстан қара қарғаның қарқылдағаны да шалынды.

— Оу, папа, қайда барасың?

Қайыржан жалт бұрылды. Сәл болғанда өтіп-ақ кеткендей екен. Ояндағы қос қызыл қайыңның арасынан қызы күлімдей сығалап тұр.

— Айнаш, сенбісің?

Ол қызына қарай жүрді. Үстіне көкшіл күрте киген, жалаң бас, аяғында резинке қызыл етік. Айнаш жүгіріп келіп, әкесінің мойнына асылды.

— Айналайын, ботақаным. Қайда барайын. Сенің даусынды естіп, іздеп келем де.

— Іздегенің сол ма, әзер таптым ғой. Мені неге оятпадың? — деді аузын бұртитып.

Шсте мұрны да, үлбіреген алқызыл ерні де айнымаған шешесі. Қыз күнінде кемпірі де нақ осындай тұғын. Қап-қара көзі де, мойылдай шашы да аумай тартқан. Ол қызының маңдайынан сүйіп, дымқыл тартқап шашынан иіскеп қойды.

— Иә, жайша ма?

— Үйдегілердің бәрі де тұрды. Шай дайын. Сені күтіп отыр.

— Ұят болды-ау, ә?

— Әрине, папа. Жүр.

— Мынауың не, мойныңа ілгенің?

— Көрмеймісің, папа, радиоқабылдағыш қой. Сойлейін бе?

— Иә, кәне.

Алақандай радиоқабылдағыш қырылдап, шырылдап бирып, сұңқылдап қоя берді.

— Оһо, концерт беріп жатыр ғой.

Әлгі ән аяқталып, екіншісі басталып кетті. Еркектің қоңыр даусы мұңды әуенді шырқай жонелді.

— Демалыс концерті. Мұнда кім орындап жатқанын айтпайды, папа. Орысша ән екен. Қазақшасын іздейін бе? — деді Айнаш еркелей. Бірде алдына түсіп, бірде кейіндей қалып билеп келеді.

— Тиме... айта берсін. Әсем екен.

Мне, кажется, порою что солдаты,

С крокавых не пришедшие нолей.

Не в землю нашу полегли когда-то,

А превратились в белых журавлей».

— Папа, бұл Марк Бернес қой. «С чего начинается Родина» деген әнді де осы кісі орындайды.

— Тамаша ән. Сөзі кімдікі?

— Расул Ғамзатовтікі... «Журавли» әні. Музыкасы Ян Френкельдікі...

— Тұра тұр...

— Папа, келіп те қалдық. Дәулет ағаны қараңызшы, есік алдында сізді күтіп тұр,— деп еркелей Айнаш көңілін бөліп жіберді. Ізінше өлең аяқталмай-ақ радиоқабылдағышын тырс еткізіп өшіріп тастады.

Қайыржан қызына ренжімеді, езу тартты да қойды. Әлгі олеңнің соңғы екі жолы көңіліне мұң ұялатып кетіп еді, сонан серпілгісі келді ме:

— Айнаш, Дәулет ағаңның үйіне қарашы. Қандай әдемі, ә! Қарағайдан қиып соққан өзін. Орманның ортасында, шуақта қандай әсем боп тұр. Анау үйдің алдындағы бүйірлі ақ самаурын ше? Көгілдір түтіні де ғажан емес пе, Айнаш, ә?

— Иә, тамаша.

Әне, үйден ақ көйлекті келіншек шықты. Баспалдақпен жүгіре түсіп, самаурынның мұр жасын алып тастады, да көтеріп кетті. Жуан қос бұрымы жауырынында тербелеп, бұлаң дап: «Жүрсеңдерші үйге» дегендей болады.

— Қайреке, ерте тұрып кетіпсіз. Ұйықтай алмадыңыз ба? — деді Дәулет күлімдей. Өзі жалаң бас. Аяғында керзі етік. Ақ сұр көйлегінің сыртынан жеңсіз кеудеше киіпті.

«Жоталы мұрнының үсті сәл тершіген. Не істеді екен. Отын шапқан-ау шамасы»,— деп ойлады Қайыржан. Осы қара сұр, келбетті жігітті Қайыржан іштартып, бір түрлі өз туған баласындай жақсы көретін. Әйтсе де, онысын сездіре алмай, қиналатын. Кейбір желөкпе жандардай: «Жаным, айналайын, інішегім»,— деп өліп-өшуді білмейтін Қайыржан шаруа жәйін сұраумен ғана шектелетін. Дәл қазір тұңғыш рет:

— Дәулетжан, айналайын ұйқым қанды,— деді.

— Жүріңіз, шай ішейік, аға.

— Көкем қашан да құс ұйқылы ғой. Дәулет аға.

— Иә-иә, білем.

— Жыл сайын неге осында кеп тынықпағам деп өкініп келем. Ғажап орын екен.

— Сізге ұнаса болды, Қайреке.

Ертеңгісін тұрып кеткендей емес, үйдің іші тап-тұйнақтай жиналып, ортаға стол, орын дықтар қойыпты. Кәдімгі қаладағыдай үстел үсті толған тағам. Буы бұрқырап екі жерде қуырдақ тұр. Қайыржан есіктің қайрылысында жатқан ораулы мал терісін көрді. «Қой сойған ба? Иә, солай болды».

— Жуынасыз ба? — деп Дәулет сүлгі ұсынды.

— Ойпыр-ай, мал да сойып тастағансындар ма?

— Әрине, аға. Біздің үйге келгеніңіз осы емес пе.

— Ә, солай ма еді.

— Сіңлім, төрлете бер,— деді Рәзия Айнаштың шолақ күртесін есік қайрылысындағы шегеге іліп жатып.

Екінші тарау

Дәулет қатты ұйықтап кеткен екен, келіншегі бүйірінен екі-үш нұқығанша оянбады. Сүттей боп таң атыпты.Үйдің іші жап-жарық. Шала үйқы Дәулет төсегінің үстінде шашы үрпі-түрпі, тірі аруақтай аппақ, ербиіп отыр.

— Ау,саған не болған. Тұрсайшы,— деді келіншегі күбірлеп.

— Ақырын. Ана жақтағы қонақтарды оятып жіберерсің.

— Ағай әлдеқашан тұрды. Сен деймісің.

— Қой әрі.

— Рас айтам. Қызы ғана ұйықтап жатыр.

— Сиырды саудың ба?

— Иә. Анау малдың қайсысын алып қаласың.

— Қара ісекті қалдыр,— деді де Дәулет сырт айналып, жастықты қопсыта қағып қойды.

— Жә, жатысын, жетті. Тұр енді.

— Қап, мынаны-ай. Тас кенедей қадалып көрдің бе.

— Өй, мейліңші. Ұялмасың жат,— деп келіншегі далаға шығып кетті.

Ол енді қайтып жата алмады, темір кереуетті сақыр-сұқыр еткізіп, орнынан шұбатыла самарқау көтерілді. Әрлі берлі жұлқына жүріп, тұтасқандай болған жаурының құрыс тұрысын жазды. Көйлегін желең жамылып ауыз үйге шыққанда ғана төрде совхоз директорының қызы жатқаны есіне түсіп, сәлдің арасында оны ұмытып кеткеніне қысылды. Кіре берістегі беті тақтаймын жабулы тұрған екі шелектің бірін қолына ала бере іркіліп қалды. Күнде үйдің алдына шығып салқын сумен белуарына дейін жуынатын; қазір анау төрде ұйықтап жатқан қыз оянып кете ме деп қорықты әрі сонан ұятсынды. Шелектен қасындағы қалайы күрешкемен қосып алып, далағ шықты. Шала-шарпы жуынып, ішке кіріп сүртінді де, қайта далаға беттеді, есікке жете бере тағы тоқтады. Неге екенін қайдам, төргі бөлмеге бір көз жүгірткісі келе береді. Әлденеге жүрегі лүпілдеп, қо балжиды. Ақыры шыдай алмай, төргі бөлмеге барып қалды. Бойсалып есіктен ішке көз тастаған, директор қызының шашы жастықтан төгіле, құлап түсіпті; Дәулеттің көзі қыздың жұдырықтай қос анарына іркіліп барып, тайып кетті. Жүрегі тағы да дүрсілдеп, алқынып, аузына тығылғандай болды, ол жалт бұрылып, далаға атып шықты. Есіктің алдында өз әйелін қағып кете жаздады.

— Өй, саған не болды? Өрттен шыққандай өлтіремісің, деді ол таңдана.

— Әлгі малың... малың қайда? — деп Дәулет сездірмегенсіп алақ-жұлақ етті. Малының қайда екенін әрине ол біледі, мынаусы ұялған тек тұрмастың кері еді.

— Қайда болушы еді, қорада да! Пышақты да, шылапшынды да апарып қойдым...

Дәулет онан әрі тыңдамай солай қарай бет алған, Рәзия:

— Оу, мынау арқанды ала кет,— деп дауыстап тоқтатты. Қуып жетіп қыл шылбырды қолына ұстатты.

Бәрі өңмен-түстей болды. Дәулет қалбалақтап жүріп, ісекті сойып, мүшелеп, әп-сәтте бітірді. Бір табақ етті Рәзияға ұстатып, бас-сирақты да сол жерде, қораның ішінде үйітті; ағаш жарып, үлкен қара қазанды үш аяқты мосыға ұрып берді. Өмірінде бұлай жан беріп, жан алғандай қауырт іетегек емес еді, мұншама неге асығып жүргенін өзі де түсіне алмады.

— Ту-у, қасапшыдан бетер қалай тез бітіріп тастадып,. Желдей есіп жүрсің ғой,— деді келіншегі күлімдеп.

— Саған адам жақпас. Тез істесе де — айып.

— Жә, кейіме. Heгe жақпайсың, жағасың. Сенен қымбат маған кім бар? — деп Рәзия еркелей сүйкеніп өтті.

Жайшылықта Дәулет келіншегінің мұндай назын құр жібермей бір құшақтап қалатын, қазір онысын тіпті елеген де жоқ. Самарқау қалды. Ол өзгерісті әрине келіншегі қалт жібермей, іштей «бұнысы несі?» дегендей болды. Әйтсе де түсінбеді. Әлгіндегісінен гөрі енді салқындау:

— Бар... Құманға жылы су құйып қойдым. Беті-қолынды жу. Таза көйлегіңді ки, кереует басында ілулі тұр,— деді.— Қонақ қыз да оянды. Не ішкісі келеді екен сұра. Сүт үстел үстінде.

— Мынаны бітірмейім бе?

Дәулет қой терісінің үстінде жатқан беломыртқа, сан еттерді меңзеп кете қоймаған. Келіншегі:

— Қалғанын өзім жайғаймын. Ерінбесең, анау самауырға су құйып, ағаш сала саларсың,— деп сырт айнала берді.

Баяғыда бір кісі жұмсағыш келін болыпты. Атағы елге жайылып, қайнағасының да құлағына жетіпті. «О, неғылған келін сонша. Керемет екенін көрейін, мені жұмсасыншы»,— деп ертеңгісін сейілге шыққанда жәйлап келеді. Киіз үйдің іргелігі түсірулі, тек аяқ тықырын ғана естіп отырған, көрмеген келіншек:

— Оу, кім де болсаң қазандық басынан мәстемірді ала келші,— дейді.

Ойында дәнеңе жоқ қайнаға жолындағы мәстемірді ала кіреді, қатты қысылып қалған келіншек:

— Ойбай-ау, қайнаға ма едіңіз. Байқамаппын ғой. Ұят болды-ау... Апарып тастай қойыңыз, өзім алайын,— депті.

Қайнаға мәстемірді қазандық басына қалай апарып тастағанын сезбей қалыпты. Сөйтіп, «менменсіген» қайнағаның өзін келіні бір емес, екі жұмсаған екен дейді. Құдай біледі, сол кісі жұмсағыштық қасиет осы Рәзияда да бар»,— деп ойлады Дәулет. Ылғи да «қап», — дейді санын соғып, әбден айтқанын істеп болғаннан кейін есіне түседі. Міне, енді тағы да реті келіп тұр; тіл алмасқа тара жоқ. Амалсыз сыр бермей жүре береді. Мұның бәрі ертеңгісін болған, қазір, міне, тамақтан кейін ойына оралып отыр.

— Қайреке, етке дейін дамылдаңыз. Мен орманды бір шолып қайтайын, — деді Дәулет ішіп болған кесесін Рәзияға беріп жатып. — Түс ауа Затонға апарайын. Қармақ Саларсыз.

— Оһо, көке, қармақ саламыз. Мен қайыққа мінгім келеді,— Айнаш күлімдей қуана орнынан ұшып тұрды.

— Сен, Дәулет, бізге алаңдама. Жұмысыңды істей бер. Уақытың болса, кейін шығармыз.

Қайыржан Дәулеттің елпілдеген ақ көңіліне ырзалығын білдіре жауырнынан қағып қойды. Айнаштың аузы бұртия орындығына сылқ етіп отыра кеткенін ол елеген жоқ. «Сен бізге бола көп беймазалана берме. Қысылма. Құрақ ұшып қызмет те қылма. Біздің қас-қабағымызға қарайтын не бар? Олай мазасыздансаңыздар қызымды алып, ертең қайтып кетем»,— деді Қайыржан.

«Санаторий не демалыс үйіне шықпай, үнемі ауылда дем алатының да осы мінезіңнен ғой. Тіпті демалыс үйінің қызметкерлерін де ол аяп отырады. Мазасызданып бітетін. Халыққа қызмет етіп, өз міндеттерін атқарып жүрген маман адамдар екенін ұмытып кетіп, қысылатын. Бір өзі елді азапқа қалдырып жатқандай сезінетін. Алысқа барып дем алмайтыны сонан ғой»,— деп ойлады Айнаш әкесіне енді жаны аши. Дәулетке көзі түсіп еді, бір аңғал баладай (бұны әлі ренжіп отыр десе керек) ым қағып, «қайғырма, өзім қайықпен қыдыртам» дегендей рай танытты. Айнаш түсінгенін сездіре, әкесінің көзін ала бере, разылығын білдіре күлімдеді. Шөкімдей бұлт арасына жасырынып, қайта көрінген күн шуағындай бір сәуле жігіт жүзінде ойнап өтті. «Сонша неге қуанды? Онысы несі?» дегендей Айнаш оған тандана қалды. Әйтсе де, жігіт құбылысына пәлендей мән бермеді.

— Қайреке, бізге қонақ сирек келеді. Қара күз түскенше бірлі-жарым туристер, натуралистер болмаса, жан баласы төбе көрсетпейді. Рәзия екеуміз сол... бір-бірімізге қарап отырғанымыз.

— Сіздерге совхоздан кет деген кім бар?

— Иә, Қайреке, балалық болды. Оның несін жасырамыз.

— Жә-жә, ақталмай-ақ қойыңдар. Қайтып келсеңдер, құшақ жая қарсы аламыз. Тек енді сіздер келе қояр ма екенсіздер?

— Білмеймін. Айту қиын. Етене бауыр басып кеткен сияқтымыз. Ағашы да, аңы да таныс. Қай ағаштың қашан, қалай тігілгенін, қалай бүр жарғанын, бұтақ тастап, жапырақ жайғанын бәрі-бәрісін білем. Қимайымү

— Иә, онынды түсінем.

— Күзде осы үш бөлмелі жәйіміз жәрмеңкеге айналады. Біз де сергіп, аңшылармен бірге дем алып қаламыз. Қайреке, егер сіз біздің қас-қабағымызға қарай берсеңіз ренжиміз. Қазақ баласымыз ғой. Қонақсыз тірлігіміз жоқ. Отыздың бесеуінен асып, қырықтың қырқасына таяндық. Бала емеспіз,— деді Дәулет суырылып.

— Ой, шіркін-ай, ә, біразға келіпсіздер ғой.

Дәулет қысыла күлді. Айнаш та езу тартты.

— Жаспыз деу де әбестік шығар, Қайреке?

— Қайдам. Өз басым қартпын дей алмайым.

— Иә, сіз жассыз, Қайреке. Солай емес пе, Рәзия ? — деді Дәулет.

Үстел үстіндегі тағамның қалғанын жинастырып, ақ көйлегі желбіреп жүрген келіншек жалт қарап, күлімдей қостады. Ізінше, онысына қысыла қымсынып, иба сақтап, жүзін бұрып әкетті. Үн-түнсіз отырған Айнаш та осы сәт елп етіп, Рәзияға колқабыс ете бастады. Ыдыс-аяқтарды жуды, сүртті, орындықтарды қатарлай түзеп қойды. Даулет пен әкесінің сүйсіне қарап қалғанын аңдайтын емес, үй иесі келіншек қана мұны қалт жібермеді. Өйткені, күйеуінің бет құбылысында, жайнапдаған көзінде талайдан бері сезілмеген, ұмытылып бара жатқан жастық, ынтызарлық нұры ойнап тұрған еді. Ол бұған қуанарын да, күйінерін де білмей дағдарды. Қызғаныш оты да тұтанбай, жүрек түбінде бықсып, қыжылтып тынды. Бір түрлі тіксініп қалды. «Еркек біткеннің рәсімі — осы. Kөзің тайса болды қутыңдап, қарға аунаған түлкідей шыға жөнелді. Жап-жас балаға қарап емінуін...» Үстел үстін сүрткелі сүлгіні қолына ала берген Айнашты қақпайлай Рәзия:

— Сіңлім, қайтесің, өзім де жинаймын ғой. Дем ал. Орман ішінде сейілде. Қазір күн ашық, шуақ,— деді салқын.

Дәулет әйелінің үнінен қыжылды сезіп, көзін тайдырып әкетті, аңғармаған, оны түсінбеген жанның райын таныта Қайыржанға бұрылды:

— Үш жылдан бері бұл орман — қорық. Еліктер, бұғы, тау ешкісі қарақұйрық, түлкі, қоян, анау затонда ондатр дегендеріңіз жетерлік. Өсіріп жатыр. Бірде-біреуін атқызбаймыз. Бәрінің қожасы — Рәзия келініңіз.

— Ә, әсем... Жөн, жөн.

Қайыржан Дәулеттің қолтығынан алып, далаға ілесе шықты. Дала май шуақ. Күн тас төбеге кеп қалыпты. Әйтсе де, сыз жердің иісі, қоңыр салқындық сезіледі. Міне, олар үйден шығып, ағаш ішіндегі, әлгінде мал сойылған қораға бет алып келеді.

— Дегенмен, өзің шаруасың-ау деймін. Қораны үйден тысқары ояңға салғаның — ақылдылық. Көзге де көп түспейді, әрі қауіпсіз,— деді Қайыржан плащының жағасын

көтеріп қойып.

— Неден қауіптенем, Қайреке?

— Бетін аулақ қылсын, өрт бірдеңе бола қалса да дегенім ғой.

— Ә... Иә, орманның ондайы бар.

Ту сырттарынан естілген, аяққа жаншылып сынған қу бұтақтың тысыры көңілдерін бөліп жіберді. Екеуі де үнсіз жалт бұрылды; ақырын соңдарынан келе жатқан Айнаш екен.

— Жарайды, Қайреке, сіздер дем алыңыздар. Мен анау атыммен шаруа-жәйімді шолып қайтайын,— деді Дәулет, Айнаштан әріде есік алдына шығып тұрған әйелін аңдап.

— Мақұл, айналайын. Алаңдама.

Дәулет қораның сыртында байлаулы тұрған жирен қасқаға бет алды. «Маған не болды? Неменеге абдырап жүрмін. Айнашты сүйіп қалудан саумын ба? Қой... Ол әлі тіптен сәби емес пе. Не біледі. Сонсын жерде мендей оқымаған, үйлі-баранды, қыршаңқы қорықшы шалды ол қайтеді. Босқа арам тер болмайын. Айға қарап үргеннен не шығады. Дәмем неткен зор еді. «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген. Шалабымды шайқамайын.

Рәзия да қызық. Тәңір атқыр, сол мені қызғанады-ау дейім, ә? Қой сезбейтін де шығар...» Ол атының шапайылын қайта тартып байлады. «Сезсе ше? Онда: «Е, мен бала көтермегенсін, сен қыздарға көз сала бастадың ба?» — дейді ғой жылап-сықтап. «Иә-иә, сөйтеді». Ат үстіне қонып, тізгінді қолына алғанда да осы ой жүйкелетіп, мазасын ала берді.

* * *

Дүниенің ғажабы көп қой. Бәрі Дәулет ойлаған шамадан шықпады. Оның Рәзиядан күткені үскірік бәрі болмағанымен де, сары шұнақ аяздың лаңындай бір суықтық еді, соған өзі іштей әжептәуір дайындалған да тұғын «Кетші әрі... Жас баладан қызғанып, алжасайын дегенбісің? Айтып отырғаның немене?», — демектін. Немесе «Әй, сандалма! Ол кім, мен кім? Өзің ойлашы? Сенде өзі шама деген бар ма? Ол болса білдей совхоз директорының маңдайына басып отырған жалғыз қызы. Мен кіммін. Мен болсам қыржық, кешегі май-май тракторист, қазірі қорықшы шалмын.. Әрі оқымаған жанмын. Айнаш жаз шыға оқуға жүреді. Бір аяғы үзеңгідегі бала. Анау aғаларындай білікті, маман болады. Мені қайтеді ол?» — деп қарсы шабуылдап, біраз ықтырып тастамақ еді,— Рәзия мұны елеген де жоқ. Түк сезбегендей, Айнашпен әмпәй-жәмпәй. Күн ұзағына сонымен бірге, апалы-сіңлілі жандардай қыл елі ажырамады. Орман ішінде әлденені айтып сықылықтаса күліп те алды. Оларға қарап Айнаштың әкесі де мәз: «Келінім бір айналайын бала екен. Қызым ды сергітіп тастады. Өткен жылы шешесі дүние салғалы күйзеліп, жүдеп жүрген. Емтихан алдында дем алса деп едім. Сәті түсті»,— дейді елжіреп.

Кеше Айнашты затонға өзі ертіп барып, моторлы қайыққа мінгізді, сейілдетіп қайтты. Тіпті оны күйеуін мақтап: «Қандай ақылды әрі сұлу. Үлбіреген ернінен, әйел де болсам, сүйіп-сүйіп алғым кеп кетті»,— дегенін қайтерсің. Айнаштар келгелі ұйқысы қашып, өмірі болмаған есалаң бір күйге түскен Дәулет енді не дерін білмей дал. Ғашық адам да мәжнүнмен тең. Мәңгіреді де жүреді Көңілі ылғи жүдеу, жетім. Әрі не болса соған елжіреужік келеді. Біреу әлдеқалай жылы сөйлеп, мұңдасса, егіліп қоя береді. Дәулет қазір сондай бір мәре-сәре күйде. Отынға деген ағашты балтасыз тасқа ұрып, күлпара ғып жүргені аздай, үйден ұзай атына қамшы басатынды тапты. Көз алды жасаурап, борбайы талғанша шабады. Кейде көл жағасында ұзақ отырып, өмірден түңілгендей болады. Дәрменсіздігіне іші күйіп, неге оқымадым деп те күйзеледі. Адам ойына мұндайда не келмейді. Кеше ол орманды да, үйін де өртеп, басы ауған жаққа кетпекке де бекінді. Рәзия есіне түсіп іркілді. Оның жазығы не? Қазірдің өзінде күйеуінің ыңғайына бағып жүрген жоқ па? «Мүмкін бұл оның қулығы шығар? Әйтпесе, бұнысы несі? Мұншалық кең емес еді ғой. Әлдеқалай совхозға барып, кешігіп келсе де, қабақ шытатын. Күңкілдеп, зәрезап қылатын.Қылжағы ма екен?» — деп, екі күн ұдайы Дәулет айран-асыр боп жүрді.

Бертін келе оған да еті үйреніп алды. Бұрынғыдай сақтықты қойып, иірімге түскен ағаш жаңқасындай батып шығып, қалқып кете барды. Айнаштың жанында әкесі, әйелі Рәзия жүргенін де ұмытты. Жігіттің қызға көрсетер ілтифатын, ықыласын бұ да аямады. Көзімен ғана емес, көңілімен де Айнашты тауып бақты. Қыздың «аға» деп сыйлаған жылы қабағын да, ол жігіт болып та, аға болып та қабылдай берді. Бала күнінде араққа бөккен тарыға ғойып алған тауықты көргені бар еді: әлгі бейшара қалтаңдап, жөнсіз қыт-қыттап, қоразданып шәт-шәлекейі шығатын.Өзін де бұл кейде сол мас тауыққа ұсатып алады. Ондайда тартынып, әйелінің, Қайрекеңнің қас-қабағынa қараңқырап қалады. Әйтсе де, онысы ұзаққа бармайды. Енді, міне, атын ерттеп жатып та, үй жаққа жалтақтап тұр.

Күн бүгін ала бұлт, қоңыр салқын. Есік алдындағы бәкене жер ошақтан көгілдір түтін ирелендей көтеріліп жатыр.Төңірегінде қазандағы сүт тасып кете ме деп ұзай алмай Рәзия жүр. Отқа ағаш тастап, қазандық аузында Айнаш отыр. Әлсін-әлі басын жоғары көтеріп Рәзияға әлденені айтып күлдіріп қояды. Дәулеттің есі-дерті Айнаш, соны қуантсам, көңілін тапсам деп әлек. «Не істесем екен, ә?»

Дәулеттің көңілін сезгендей. Айнаш орнынан көтерілді. Бүгін ол күндегісінен мүлде өзгеше киінген: басында төбесі шошақ тоқыма ақ телпек, үстінде қалампыр түсті свитер, қара шалбар. Киімінен бе, бойы аласарып, бала сияқтанып кетіпті. Аяғы оқтаудай түп-түзу. Желкесіне түйіп қойған шашын жөндеп, телпегін қайта киді. Дәулет атының ауыздығын салған боп, көзін тайдырып әкетті. Өйткені, плащын көйлегінің сыртынан желең жамылып үйден Қайыржан шыққан еді; сонан ыңғайсызданып қалды. Әне, ол бері бұрылды.

Айнаш әкесіне ілесіп келеді. Дәулет оларды көрмегең боп аттың шылбырын қолына ала бергені сол-тұғын:

— Дәулет! — деді Қайыржан дауыстап.

Таңданған сыңай таныта Дәулет қасына келіп, іркіліп қалды.

— Қайреке, бірдеңе дедініз бе?

— Иә...

— Директорлығы ұстап кетіп, отыра алмай жүр. Тынығып болыпты,— деді Айнаш әзілдей әкесінің сөзіп бөліп.

— Қызым-ай, әкенді сынап біттің-ау. Жарайд, жарайд... Сынай бер, әкеңнің басы не көрмеді дейсің. Бәрін де көтереді.

— Шынында, Қайреке, кеткелі жүрген жоқсыз ба?

— Жоқ, Дәулет. Саған бір сауалым бар.

— Иә?

— Қайтарында совхозға соға қайтшы. Агроном баланы тауып, сөйлесерсің. Егістің жайын білерсің. Өзен бетке ағаш отырғызып бітті ме екен. Қаладан су айдайтын мотор әкелуі керек еді. Соны қалай орналастырғаныи айтсын.

— Мақұл, Қайреке.

— Сөйтші, айналайын. Ұмытпаймысың?

— О, не дегеніңіз, Қайреке. Бала емеспін ғой.

Әлдекім қолтығынан демеп жібергендей лып етіп, Дәулет атқа жеңіл қонды. Тізгінін жинай түсіп, Айнашқа көз тастаған, ол еш риясыз күлімдей қарап қалыпты.

Дәулеттің бір түрлі іші жылып қоя берді.

* * *

Сәскелік ауған шақ. Рәзия күндегісінше шөпшек теруге шыққан, енді, міне, соның бір бумасын арқалап келеді. Қорадағы құрғақ ағаш отынды, тезекті жауынсыз ашық, бүгінгідей жер қарада жақпай, үнем ететін, қазіргісі де сол шаруа әдеті. Ысырапшылдық қанына сіңбеген ауыл баласы емес пе, Дәулет: «Осыныңды қойшы. Мені байытқалы жүрмісің»,— десе де, бетінен қайтпады. «Орман ішінде отырмыз ғой»,— деп бір-екі күн үйден шықпай көрген, қорадағы қыстық отыны селдіреп, еріген майдай етек-жеңі жиналып қалды. Рәзия қыл арқанды қолына қайта алды.

Бұрын әлденені ойлап күн ұзататын. Айнаштар келгелі қаңғыр-күңгір көбейіп, көңілі сергіді. Совхоздың біраз жаңалығын естіп, бір жасап қалды. Өзі де бар сырын жайып салды. Тіпті, Дәулеттің жақын арада үлкен теледидар алғалы жиналып жүргенін де жасырмады, кішкене шикі өкпе болмай тұрғанын, баласыз өмірдің қиындығын, аналық ләззәтті сағынатынын да қалдырмады. Дәулеттен емес, өзінен көреді; дәрігерлер біледі ғой, қалаға да, ауылға да барып қаралған, солар айтыпты. Әйтсе де, онысын Дәулетке сездірмепті. Ол болса, дәрігерлерге жуымайды, қашады дейді. Айнаш оны аяп, шөпшекті мен көтерейін деп еді. «Бұғанаң майысып, қайтесің. Қыз балағa ауыр нәрсе көтермеген жөндейді дәрігерлер»,— деді көнбей. Манағы жарқын күлкі, әзіл жоқ. Екеуі де үнсіз келе жатыр. Айнаш ыссылағансын, күртесін шешіп алған, «тер қатады» — деп болмай желең жамылтты.

— Айнаш,— деді ол үйге жақындағанда бір бума шөпшекті жауырнынан түсіріп.— Сәл тынығайықшы. Кел, мынаған отыр.

— Жақын қалдық қой, апа.

— Ештеңе етпес. Тыныс алайық.

Сәл үнсіздіктен кейін, ол теріс қарап отырған күйі:

— Сен ренжімесең, бір нәрсе сұрайыншы,— деді.

— Сұра. Неге ренжимін?

— Әлденені көңіліңе алып қалмасаң?!

— Ай, апа... Қызықсыз-ау.

— Мектептерінде жақсы оқитын ер балалар көп пе?

— Бар. Ренжіме дегеніңіз осы ма?

— Иә.

— Сұрай беріңіз, Құлағым сізде...

— Солардың ішінде саған көңіл білдіргені болды ма, Айнаш?

— Болды.

— Сен ше?

— Маған ұнамайды.

— Несі ұнамайды?

— Біреуі мақтаншақ. Енді біреуі ұрыншақ.

— Ешкімді де сүймедің бе?

— Жоқ, апа.

— Мен сендей күнімде бір адамды өлердей сүйгем.

— Дәулет аға ма?

— Жоқ...

— Ендеше кім?

— Өзіміздің мұғалімді. Ол сол кезде институтты жаңа бітіріп келген. Тарих пәнінен сабақ берді. Керемет түсіндіретін. Күлгенде екі беті оймақтай шұңқырайып, әп-әдемі боп кетуші еді. Амал не, ол біздің ешқайсысымызға көз тоқтатып қараған емес. Оның сабағынан өмірі қалмайтынмын. «Кәне, кім айтады? Үйге не тапсырылды дегенде, үні сондай жұмсақ, жағымды естілетін. Жүрегім өз-өзінен лүпілдеп қоя беретін.

— О кісі бойдақ па?

— Жоқ. Үйленген. Бір баласы бар.

— Әйелі де мұғалім бе?

— Дәрігер.

— Қазір де о кісі совхозда ма? Мен білем бе?

— Екі-ақ жыл тұрды. Көшіп кетті.

— Қайда?

— Шымкентке. Әйелі со жақтан екен... Сондағы менің жылағанымды көрсең. Ақымақпын. Неге жыладым. Білмейім. О да білмейді. Қой жүрейік...

Рәзия орнынан тұрды, кендір жіптің бір ұшынан жұлқа тартып, буманы сылқ еткізіп жауы рынына түсіре көтеріп алды. Айнаш демеп еді: «Өзім-өзім»,— деп оған ыңғай бермеді.

Оларды есік алдынан Қайыржан қарсы алды. Көзінің аң еті қызғылт тартып, бір жақ бетіне жастықтың табы түсіп қалған екен, ұйықтап әлгінде ғана оянғаны көрініп тұр. Мұнар тартқан қой көзін сүрте береді.

— Күндіз өмірі ұйықтамаушы ең, көке. Жақсы дем алдың ба? — деді Айнаш әкесінің иығына қолын салып

— Иә, көзім ілініп кетіпті. Кітап оқиын деп қисайын ем...

— Көкем кітапты көп оқиды. Әсіресе, ақындардың жинағын жақсы көреді,— деді Айнаш Рәзияға қарап. Ол қазанның қақпағын ашып, бір шелек суды үйден алып шығып құйып жатқан-ды.

— Кітап оқығанның бөтендігі жоқ. Өнер адамдар біле жүрген жөн. Ал, совхоз директоры үшін тіптен қажет, қызым.

— Неге, көке?

— Өз уақытыңның тынысын сезу үшін керек. Бір ғана жұмыспен адам тірлік ете ме? Оған жиде-жеміс, бау-бақ, астық, машина, дос, туыс қажет. Өзгені білмейім, өз басым бір кезек өлең оқымасам, әлдене ұмытқандай боп жүрем. Жақсы өлең тап кеп, оқи қалсаң, жаның жадырап, жауын суымен жуынғандай боласың.

— Аға, өзіңіз бұрын өлең жазып па еңіз?

Рәзия қымсына, екі беті қызара күлімдей қарады.

— Жоқ.

Маған өлең сүйетіндердің бәрі бұрын ақындықтан үміткер болған адамдар сияқтанады да тұрады.

— Мен ендеше, келінжан, үмітсіздердің бірімін. Домбыра үйренсем бе деп нан мен домбыраны жастанып көріп едім. Түсіме ақ нан кіріп, сілекейім шұбырып ояндым. О кез нанның қат, алтыннан да қымбат уағы-тұғын,— деді Қайыржан күле түсіп. Жүзі солғын дана, неменеге есіме алдым» дегендей үндемей қалды. Плащының жанқалтасынан шылым шығарып, асықпай тұтатып, бұрқырата, құшырлана сорды.

— Көке, тағы да тарттыңыз ба? Қоям дегеніңіз қайда?

Айнаш түсін суыта қарады.

— Айнашым менің... Жә, жә, қояйын...

— Адам деген айтқан сөзінде тұруы керек емес пе,көке.

— Әрине, әрине...

Күн де ауып, ағаш қалтарысына түсті. Қызыл күреңдене жиекке тұсау бойы төніп тұр. Орман ішіне ала көлеңке үйіріле бастады. Рәзия қазан котеріп, от жақты. Ауыл әйелдеріне ғана тен елгезектік, ибалылық бар. Самаурынды да қойды. Шаруаға қылап жан екені жүріс-тұрысынан аңдалады. Әкелі-балалы екі жанның шүйіркедескен әңгімелерін де арасында тыңдап үлгеріп жүр. Дәулет жасаған бәкене үш-төрт орындықты да әкеліп қойды. Айнаш осының бәрін қай уақытта істегенін аңдай алмай қалып, танданып отыр.

— Дәулет екеуміз көктем, жаз айларында бесінге дейін осы жерде қаңғыр-күңгір жүріп аламыз. Үйге кіргіміз келмейді,— деді ол күлімдей.— Сіздер мүмкін үйге кіріп, дем аларсыздар?

— Жоқ, біз де сәл отыра тұрайық, келінжан. Дала жақсы екен.

— Оһо, әне Дәулет те келе жатыр.

— Қай жақтан шыға келді-ай,— деді Қайыржан таңдана басын көтеріп. Айнаш та қора жаққа қарай қалды.

Дәулет аттан жаңа түскен сияқты; қамшысымен етігінің қонышын сабалап келеді. Басында бөрік, үстінде шолақ күрте. Көңілді әлдене бір әнді ыңылдап, кейде ысқыра салып қояды.

— Құдайым-ау, ұрттап алған ба?

Рәзия басын шайқап түңіле қолын сілікті; қазанның қақпағын ашып қарап, қайта жапты да, оны көрмегендей үйге бет алды.

— Қайреке, қалайсыздар? Мені көп күтіп қалған жоқсыздар ма?

Үйден қайта шыққан Рәзия оның сөзін бөле, қыр көрсете иығымен қағып, алдынан көл бендей өтті; самаурынға ұсақ ағаш салып, салдырлата қақпағын ашып-жапты.

— Өй, мынау қайтеді-ей,— деп қалды Дәулет ыңғайсыздана.

— Ұялсайшы...

— Е, неменеге ұялам?

— Үйде кісі отырғанда далақтап далада ішіп жүргеніңді айтам. Бала емессің, шаға емессің, осының жөн бе?

— Ойбай-ау, татқан емеспін. Оллайы, шыным.

Қайыржан үрпие Айнаштың өзіне тығыла түскенін аңдап, олардың кикілжіңіне ренжіп қалды. Қолындағы шылымының қалдығын жерге тастап, аяғымен мыжғылай сөндірді. Қызының басындағы телпегін шешіп, шашынан сипады. Төңірегінде өзі мен қызынан басқа жан жоқтай сыңай танытып отыр.

— Ескі достар кездескен. Шайға шақырды. Ет жедік. Сонан келе жатқан бетім. Мен ішпеймін ғой. Татпадым. Оған да қарамайтын ем, Қайреке, агроном қалаға кеткен екен. Қазір келеді деген соң, соны күттім,— деді Дәулет бос орындықтың біріне орналасып.

Жанып сөнуге айналған қазан астындағы отқа сындырып ағаш бұтақтарын сала бастады.

— Агроном келді ме?

— Келді, Қайреке.

— Иә, не дейді?

— Қайрекең уайымдамасын. Бәрі де ойдағыдай болады деді...

— Ол белгілі. Не тындырыпты?

— Су айдайтын моторды бүгін ғана жіберіпті.

— Қалай екен?

— Жақсы дейді. Өзен беттегі ойпатқа жиде-жеміс ағаштарын отырғызып болыпты. Шопандарды жайлауға шығарып жатқан көрінеді. Анада сіз жеткіз деген қант, шай, астықтарын кеше апарып тастапты.

— Дұрыс. Рақмет, Дәулет. Мен де сені ішіп келді ме деп ем.

— Құдай сақтасын, Қайреке. Тәуір көрем-ау, амал не, асқазаным ауырады.

— Рас айтамысың? — деді Рәзия шұбаланып.

— Сен қашан маған сеніп ең?

— Келінжан сенбесе себебі бар да,— деп Қайыржан езу тартты.— Басқа не жаңалық білдің?

— Бөтен ештеңе жоқ. Бір түрлі совхозды қимай келдім. Талай барып жүргенде бүйтпеуші ем. Ал, иә өздерің қалайсыңдар?

— Жақсымыз,— деді Айнаш күлімдеп.— Көкемнің өлең жайлы лекциясын тыңдадық.

— Лекция дейді. Жоқ, балам, бұл лекция емес. Менің өлең жәйлі өз ойым ғой. Мен диқан әрі агроном адаммын...

— Енді совхоз директорысың,— деді Айнаш еркелей әкесінің иығына қолын артып.

— Иә, солаймын. Біз кім болсақ та, өз еліміздің жерін, әдебиетін сүйеміз ғой, қызым. Міне, мынау Дәулет, сен әлдеқалай басқа республиканың азаматымен кездесе қалдың дейік. Ол бір оқыған, мәдениетті жан. Әңгіме үстінде сіздерден не сұрайды деп ойлайсыңдар?

— Не сұраушы еді? Қайдансыңдар?

— Иә, қызым, солай десін-ақ. Әрине сен: «Қазақстаннанмын. Шеткергі алыс совхозданмын. Совхозымыз бай. Аты «Айнабұлақ» дейсің. Сонсын ше?

Айнаш Дәулетке бір қарап, әкесіне таңдана бұрылып иығын қомдады.

— Ол қазақтың өнерін, әдебиетін, мәдениетін білгісі келсе ше?

— Айтып береміз, көке?

— Білсең айтарсың. Ол үшін заманыңа сай, күндегісін күнде оқу, іздену жөн. Іздену, оқу дегеннен шығады. Ана жылы, Дәулет, келінжан, есіңізде ме, біздің совхозға бір топ жазушылар келді.

— Біз о кезде, Қайреке, осындамыз. Әйтсе де келіпті деп естідік,— деді Дәулет әңгімені тыңдағысы келетін ыңғай таныта, қолындағы қамшысын етігінің қонышына тыға сап. Астындағы орындығын сүйрете жақындай түсті.

— Ол өзі бір ұзақ әңгіме. Жә, мен тоқ етерін айтайын.

Қайыржан тағы жанқалтасынан шылым алып тұтатты. Манағыдай емес ақырын сорып, сәл үнсіз қалды.

— Жаз айы болатын. Мұғалімдердің дені демалыста. Meн енді мына жас жазушыларды қайткенде де өз қатарларына, маман жігіттерге табыстырайын дедім. Елмен, шаруашылықпен таныстырсын. Жаңадан салынған клубымызда өтетін кездесу кешінде сөйлесіп деп ойла дым. Мал дәрігеріміз бір пысықша, орнықты жігіт. Соны шақырып алып, бар жайды түсін дірдім. Жақсылап дайындал да дедім. «Мақұл»,— деп о да елп ете қалды. Өзі бір ылғи қымбат костюм киіп, галстук тағып жүретін сырбаз еді. Мәдениетті, оқыған-тоқығаны көп жігіт сияқты көрінетін. Былайынша етжеңді, толықтығы болмаса, әсем бала. Оны сен де білесің, Дәулет...

— Дәу қара жігіт қой. Қабағы қалың, кісіге кірпік қақпай қарайтын.

— Иә, сол.

— Оһо, ендеше мен де білем, көке. Өткен жылы май мерекесінде біздікіне келді. Агроном, дәрігер бәрі бірге жүреді.

Айнаш сықылықтай күлді. Рәзия қасын кере, оғам таңдана қарап қалды. Іле Айнаш қымсына аузын қолымен көлегейлей қойды, күлкісін жиып:

— Қарны қабақтай, еңкейіп бәтеңкесінің бауын байлай алмады. Әйелі көмектесті,— деді.— Ой, сондағы күлгенім-ай...

— Дәл өзі.— Қайыржан да езу тартты.— Ойпырай, мұндай надан болмас. Ертеңіне халық клубқа жиналды. Жазушылар да келді. Жиналысты өзім ашып, қонақтарды қысқаша таныстырып өттім.

— Есімде, көке, сіз қалқан құлақ бір ақынның өлеңім жатқа айттыңыз. Ол жиналыс соңынан қолынды қысып, ырзалығын білдірді,— деді Айнаш әкесінің сөзін бөліп.

— Сөз реті келгесін тілге тиек еттім. Жалпы оның өлеңі жақсы, жүрегіңе жылы тиеді, жатық. Сен, енді менің әңгімемді бөле берме, Айнаш. Жарай ма?

— Мақұл, көке.

— Совхоздың жұмысшысы, механизаторлары атынан сөзді мал дәрігеріне бердім. Мінбеге шығуы мұң екен, әлгі жігітім ал кеп лақсын. «Мынау алдарыңда отырған жас жазушының шығармасын, әрине бәрің де оқыдыңдар. Білесіндер. Бұ кісі жас та болса, өмірдің қасіретін көп көрген. Жетімдік не істетпейді, ұрлық та жасаған. Ескіліктің кері тартпа құрығына ілініп: «Аға өлсе, іні мұра деп, жеңгесіне де үйленген. Түтін түтетіп, ошақ құру оңай емес. Ал, адал, сенімді жар табу тіптен қиын. Әйтсе де, қаршадай басынан қайсар бала үш әйел жіберіп, ақыры өз бақытын тауып, нәресте сүйіп отыр. Енді, міне, бұ күнде білдей жазушы, ел білетін азамат. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқансын» деген емес пе? Барша жұрт сондықтан да оған кешірім етеді, құрметтейді»,— деп, кетті дейсің. Жазу шылар күлімдей бір-біpiнe қарады. Біз әбден жер болдық. Шыттай киініп, қозы қарын портфель ұстап шіренгеніне қарасаң, еріксіз іркіліп, көз тоқтатасың. Мәдениетті, оқыған жан осындай-ақ болар деп ойлайсың. Көптің алдына шығып еді, іші қуыс бос кеміктігін, надандығын танытты да қойды. Құдай-ау,әлгі бейшара бала ең арғы төркіні шығармадағы өмір-қиял жемісі, жазушының өз басынан кешкендері еместігін келмейді екен ғой. Міне, білімсіздік, оқымай, уақыттан кенже қалудың лаңы дегеніңіз осы. Ол ұялмайды, ел ұялды. Анау жазушылардың біз туралы не ойлап кеткенін кім біледі?

Кейін сөйлеген мектеп оқушылары, агроном жігіт әлгі мал дәрігерінің ағаттығын жуып-шайып, тігісін білдірмеген болды.

— Е, оның бәрі, Қайреке, бос әурешілік,— деді Дәулет.— «Айтылған сөз — атылған оқ» деген.

Күн ұясына батып, қараңғылықтың түскенін олар аңдайтын емес. Үшеуі үш жерде отыр. Қазан астындағы оттың жарығы жүздерінде ойнап, жалт-жұлт етеді, қу бұтақтың әлсін-әлі тырсылдай ұшқан дыбысы естіледі. Сол оттың төңірегінде ақ көбелектей бірде жарыққа, қазан алдына шығып, бірде қыландай қараңғылыққа сүңгіп кетіп Рәзия жүр. Ет те пісіп, оған салатын қамыр да өз-өзінен иленіп жатқандай, мынау отырғандардың бірі де оның ауыртпалығын сезбеді. Рәзия да олардың көмегін жоқтайтын емес, әңгімеден де қағыс қалмады. Кейде тіпті арадан киіп кетіп:

— Аға, соның бәрі неден деп ойлайсыз? — дейді ол.

— Менімше тоғышарлықтан, ел алдындағы жауапкершілігін сезінбеуден. Әйтпесе, не? Не жетпейді? Астанадан тәлім алып қайтқан кейбір оқыған жігіттерді түсінбейім. Алғашқы бірер жылда әп-әсем боп жүреді. Іске де ыждағатты. Сонсын бірте-бірте жүнжи береді. Бес жыл оқығанымыз жетеді дей ме, кітап жүзін көрмей кетеді. Білімін шыңдаудың орнына, қарнын өсіреді. Күндіз-түні, қолдары босаса, ойнайтындары қарта. Ертеңіне беттері, іниіектей ісік, бұғақтары салбырап шыға келеді...

— Аға, қол жуыцыздар. Ac әзір,— деді Рәзия әңгіменің сәл толас тартқан сәтінде үн қатып.

— Ә... Боп қалды ма?! «Піскен астың күйігі жаман» деген. Күттірмелік.

Ішке... Үйге кіріңіздер.— Дәулет өзінің үй иесі екенін жаңа білген сияқты қалбалақтап жатыр. Кішкене құдықтарды жинап алды. Көзін төмен сап, қонақтарға имене жол берген әйеліне: «Әлгі қол сүртетігі сүлгің, құманың қайда?» — деді ол салмақтана.

— Есік алдында бәрі де дайын. Шам жағып қызмет қыл. Дабдырлама. Мен ас түсірем.

Рәзия мұны естіртпей, қонақтардың көзін ала бере айтты, оны Қайыржан да, Айнаш та аңдамады. Дәулет әйелінің сөзіне қитықтана алия қарап сәл аялдады да, сырт айналып қонақтардың соңынан бет алды. Күйеуінің оқыс мінезіне әлгінде Рәзия мән бермесе де, кейін етін турап, тұздығын құйып жатқанда да онысын ұмытпай: «Бұған не көрінді? Не жаздым?» — деп түсінбей-ақ қойды. Дегені болмай, әлденеге қолы жетпей қиналғанда ғана Дәулеттің өстіп бір мөңкіп, осқырынып қалатынын білетін еді. «Қазіргісі не? Неменеге торсаңдады?» — деді ол айран-асыр боп.

Әр күннің адамға деген өз сыбағасы бар. Ол жақсылық та, жамандық та, қуаныш та, күйініш те, қасірет те болуы мүмкін. Тегінде кісі соның бәріне мән берін, есептеп жатпайды екен де. Бірыңғай қасірет боп кетсе ғана: «Ойпыр-ай, жамандық та егіз бе еді. Бір айналдырғанды, шыр айналдырды-ау. Сорлының жақында шешесі дүние салған, енді бауыр еті ағасы опат болды»,— дертұғын. Сөйтсе, адам қуанышты да сол шамада қабылдайтын сияқты ма, қалай?! «Осы мен бүгін не істедім?» — деп Айнаш ойламайтын, оған пәлендей мән де бермейтін. Әйтсе де, бір ғажабы кешелі-бүгінді ылғи бір қуаныш, қызық. Өзінің аз ғана өмірінде бұлай шаттанып, сайраңдаған емес. Әне бір секемшіл, соқыр сенімге иланғыш болмаса да, тынышсыз ұйықтап, жайсыз түс көрсе де, марқұм шешесі құсап сан саққа жорып, жас жүрегі лүпілдеп қоя беретін. Енді, міне, қуаныш көбейіп кетті-ау деп сонан үркіп, түн жарасы ауса да, көзі ілінбей жатыр. Мұның бәрі жастықтікі, бойындағы жүйрік қанның әлепеті екенін білмейді. Адам он жетіде не алпысты алқым дағанда ғана сенімшіл, ырымшыл келетінін ол қайтсін. Өзі көзі тұрақ тауып тоқтамаған, аялсыз, қызығы көп кезі ғой. Иә, ол ауылға келгенсін құрбыларына каникулды орманда, әкесімен бірге қалай өткізгенін, дем алғанын талай түн жырдай ғып айтады. Өсіресе, бүгінгісі естен кетпес...

Таң қызыл иектене оянды. Неден, қалай оянғанын өзім білмейді. Оянып кетті. Мүмкін әлдекімнің сұқтана қарап тұрғанынан оянған шығар? Кім қарады? Қой, ондай адамды көргені жоқ. Ұйқысы шайдай ашылып, жастықтан жұлып алғаны кәміл. Бөлмеде әкесі екеуі ғана... Сонсын бір еліктің лағы. Әлгі кереуеттің аяқ жағында бұған телміре қарап, тілерсегі дірілдеп тұр. Терезеден түскен күннің алқызыл шуағында көзі мөлдіреген сүп-сүйкімді-ақ. Бір түрлі мұңды, кісіге жалбарынғандай жаутаңдай қарайды. «Өңім бе, түсім бе?» дегендей Айнаш алғашында өз көзіне өзі сенбегендей де болды. Жоқ, өңі.

— Папа! — деді ол оқыс, терезе алдындағы кереуетте жлтқан әкесіне бұрылып.

Әкесі оянбады. Еліктің лағы селк етіп, дауыстан шошып кетті. Аяғы талды ма, жоқ әлде буыны босады ма, шатқаяқтап барып құлады, төрт аяғы төрт жақта, етпеттей жатыр. Үркектеп, екі көзі жаудырай қарайды. Айнаш қатты аяп, іркіле берді. Мұнан әрі дауыс тауға жүрексініп, кереуетінен түсіп, аяғын ұшынан басып лақтың қасына келді, еңкейіп жонынан сипап қойды. «Неге қорқасың? Қорықпа, көзайым. Мен тимейім. Рас, айтам, тимейім»,— деді де ол мұңая қалды. Апыр-ай, «көзайым» деді-ау. Қайдан ойына түсті. Марқұм анасы солай дейтұғын ғой. Жүрек түбі сыздап қоя берді. Ол терең күрсініп, бойын жнып алды. Салқын еденде жалаң аяқ тұрғаны есіне түскен сияқты; асыға-аптыға кереуеттің бас жағындағы киімдерін киіп үлгерді. Лақ мекіренгендей бір дыбыс білдірген. Айнаш жалт қарап, тағы да таңдана қасына жетіп барды, нәрестедей аймалай көтере беріп қолың тартып алды. «Үстің шырыш па еді?! Тоқта, мен сені сүртейін». Ол сөйлей жүріп, ауыз үйден шүберек әкелді, лақтың үркектегеніне қарамай, оның сауырын, басын, жонын, аяғын сүртті.

«Көрдің бе, мен тимейім саған. Бекер қорқасың. Сенің енең қайда? А? Сені кім әкелді? Дәулет аға ма? Әлде Рәзия апам ба? Менің бас жағыма әкеп тастаған кім? Өзің келдің бе? Қайдам. Сен өзің келе алмайсың ғой...»

— Айнаш, кіммен сөйлесіп отырсың? Таң атпай киініп алғанбысың? Әлі ерте емес пе?

Әкесі ояныпты. Жастықтан басын көтеріп алған, таңдана қарайды. Жүзі бір түрлі солғын, ұйқысын жөнді аша алмағанға ұқсайды.

— Папа, оятып жібердім бе?

— Жоқ. Анауың немене?

— Лақ.

— Қайдағы лақ?

— Кәдімгі еліктің лағы?

— Кім әкелді?

— Білмейім.

— Ғажап екен,— деп Қайыржан сенер-сенбесін білмегендей қасын керіп қойды. Жамылғы көрпесін серпіп тастап, аяқ жағындағы, орындық үстіндегі киімін алып киіне бастады.

Терезе тұсынан даладағы адамның дабдырлаған даусы естілді де, іле есік ашылды. Дәулет екен. Қайыржанның да, Айнаштың да тұрғанын көріп:

— Бәрекелді, сіздер де ояныпсыздар ғой,— деп күлімдеп.

Ертеңгі салқын ауадан ба, беті қызғылт тартып, көз жайнаңдап тұр. Айнаш жақын келген одан орманның дымқыл, салқын ауасын, ағаштың хош иісін сезінгендей болды. Келгелі ақ жарқын осы кісіге бір көз тоқтатпап еді, тұңғыш рет қысылмай қарап қалды.

— Лақ оятып жіберді ме, Айнаш?

— Жоқ, өзіміз ояндық.

— Мұны қайдан кезіктіріп жүрсің, Дәулет? — деді Қайыржан.

— Затонның жағасынан. Бір оңбағандар енесін атын өлтіріпті. Ұстатпай кетті. Лағын көрмей атты ма, жоқ әлде қаныпезер иттер ме, білмейім. Мылтық даусын естіп жетіп барғам, тайып отырды.

— Машинаның нөмері қандай?

— Көре алмай қалдым.

— Қап.

— «Газ-69» машинасы. Қазір киіктің, еліктің лақ өргізетін кезі. Біле түра істейді қаскүнемдер,— деді Дәу лет тістеніп.— Қарақшыдан бетер түн жамылып келеді,

— Иә. Ондайлар бар.

Қайыржан басын шайқап қойды.

— Жетім... Жетім қалған екенсің ғой, көзайым,— деп Айнаш лақтың басынан, мойынан сипап, бауырына басты.

— Олай деме, Айнаштай. Ештеңе етпейді.

Қайыржан қызының жауырнынан қағып, мейірленіп басынан сипап қойды. Сол сәт есік қайта ашылып, даладан екі шелекті кетеріп Рәзия кірді. Үстінде ұзын жең көйлек, жеңсіз кәмзол, аяғында қара резинка етік. Күлімдей үшеуіне алма-кезек көз тастады, екі бетінің ортасы шұңқырая, үйге мол шуақ ала кіргендей болды.

— Қайырлы таң,— деді ол батылсыздау үн қатып.

— Есен болыңыз,— деп қалды Қайыржан өздерінің мына тұрыстарынан ыңғайсыздана. Тегінде қасірет пен мұңның аяғы жеңіл, жетіп келеді. Қуаныштың жолы ауыр, қиындықсыз ұстатпайды, жоғалуы да тез. Қайыржан соны білетін. Келіншек әкелген шуақты сөндіріп алам ба деп қорқып кеткені де сонан.— Мынау лақ көз қуанышымыз, не істейміз, келінжан?

Рәзия жүзін тайдырып алып, есіктің қайрылысына екі шелек суды қойып жатқан:

— Не істейтіні бар, сүт беру керек,— деді тағы езу тартып.

Дәулет те, Айнаш та селк еткендей болған, жүздері Қылып сала берді. Қайыржан оны да шалып қалды. Міне, енді дұрыс» дегендей, іштей әлденеге көңілі, жаны жайланды. «Адамға мұнан өзгенің керегі не аты жөн».

— Иә, шынында да сөйтсек қайтеді?

— Өзің біл, Айнаш. Лақ сенікі.

Дәулет күлімдей қарап тұрды да, ауыз үйге шығып кетті. Қайдан алғаның кім білсін, әп-сәтте бір бөтелке мен емізік тауып әкелді. Рәзия оған сүт құйып, емізікті емізді. Сыртын орамалмен әспеттей сүртіп, Айнашқа берді. Кәдімгі бір нәрестені тамақтандыратындай абыр-сабыр боп жүр. Лақ та үй ішіндегі мынау жандарға еті үйреніп, енді үрікпеді. Бір шыны сүтті де тауысты. Әлгіндей болмай, мекіреніп, сілкініп, жаланып қойды. Оған Айнаш мәз-мейрам. Ертеңгі ауқат үстінде де осы бір жылы шуақ, май қоңыр самал сейілмей желпіп тұрып алды. Бәріне де ортақ қуаныш, дәнекер болған лақ — нәресте екенін олар ойлаған жоқ. Әңгімелері де соны ғана төңіректеп, күйбеңдеп, ұзай алмады. Ыдыс-аяқты үнсіз жиыстырып жүрген Рәзия тұңғыш рет мынау ыстық ненің жетіспейтіндігін, көңілінің неге жүдеулігін қатты сезінді. Бұрын бала сүймедім-ау деп тек ойлап қана қойса, енді ащы бірдеңе өзегін өртеп өткендей болды. Бұндайда ол өзге бір нәстені ойға алатын да, сонымен көңілін жұбатып, аландатып бағатын. Енді, міне, осы қазір қас қылғандай ойына ештеңе түсетін емес. Дастарқан басынан ошарыла көтеріліп, есік алдына күн шуаққа шыққан еркектер шылым шегіп, шүйіркелесіп тұр. Олардан бері таман Айнаш лақпен ойнап жүр. Күлкісі жарқын, ашық. Рәзия Дәулет пен Қайыржанның әңгімесіне құлақ түре қалды.

— Менің қызым нағыз қазақ қызы. Малжанды.

— Онысы жақсы ғой. Қайреке. Нансаңыз, мен әлі күнге совхозды ұмыта алмайым. Түсіме дала, трактор енеді,— деді Дәулет. «Шын айтады, мен де солаймын. Көзімді жұмсам, баяғы ферманы көрем, бұзауларым елестейді»,— дегісі кеп кетті Рәзияның. Әйтсе де, үндемеді. Үйден жүгіре шығып, еркектердің сөзін бұзғаны әдепсіздік болады ғой.

— Ендеші совхозға көшіңдер. Жұмыс табылады.

— Иә, бұлай деу айтуға жеңіл, Қайреке. Шынтуайтына келгенде орманды қимаймын.

«Несі бар қимайтын. Мен түк те қайғырмас ем. Дәулет кеттік десе, жүре берер едім»,— деп ойлады Рәзия.

— Бәсе, солай десейші. Келін қалай қарайды?

— Білмейім. Сұраған емеспін.

— Ә, оның болмаған,— деді Қайыржан сырт айнала үй жаққа көз тастап.

Әңгімеге құлақ тігіп қалғанымды байқамаса игі еді деп. Рәзия жүзін бұрып әкетті. Үйдің ішінде сәл аялдап, далаға шықты. Айнаштын, жанына барды.

— Ту-у, лағыңа жан бітіпті ғой. Секіре ме, қайтеді?

— Қарашы, апа, сүзгісі келеді,— деді Айнаш күліп.

Сонсын олар көлге барды. Қармақ салды. Дәулеттің қармағына екі сазан түсті: Қайыржан да, Айнаш та түк ұстамады. Рәзия қайықтың кенересіне отырам деп суға құлап кете жаздады. Үйден қазан әкеп, балықты жағада асып жеді. «Иә, бүгінгі күн өмірі ұмытылмас»,— деп ойлады Айнаш көзі ілініп бара жатып. «Қызық күн болды. Рәзияның құлап кете жаздағандағы айтқан сөзіне Дәулет аға көзінен жас аққанша күлді. Ал, көкесі естімегенсіп: «Күн өзі жауайын деп тұр ма, қалай?» — деді-ау аспанға қарап. Онысы несі? Неге өйтті? Рәзияны ұялтпайын дегені ме? Солай шығар-ау...»

* * *

Дәулет көңілі қатты алаң; әлденеден қобалжитын да сияқты. «Неге алабұртады? Тіпті алқынғандай да болам. О, несі? Не көрінді сонша?». Даланың ақ шұнақ ерке құйынындай тосын соққан сезімді түсіне алмай дал. Неге жорырын білмеді. Атының басын орманның тау жақ бетіне қарай бұрған, сонда да жаны жәй таппады; көңілі онан бетер құлазып сала берді. Әлдекімді қимайды, көргісі келеді, о болса кейінде ұмыт қалғандай, өзегін өр- пйді. Бір түрлі соны сағынғандай да ма, қалай?! Ақыры шыдай алмай, ол ат басын ірікті. «Не істесем? Қайткенде ұмытам?»

Атынан шұбатыла, үзеңгіде аяғы қалып қоя жаздап әзер түсті. Ағаш ердің алдыңғы қасына ілулі қыл шылбырын алуды да ұмытып, атын тізгінен жетелеп келеді. Miнe, ол тіп-тік жас еменнің түбіне кеп тоқтады. «Білекті сыбанып көкпарға шыққан жігіттейін неткен келбетті еді» — Ылғалды салқын қабыршағын ыстық алақанымен сипап қойды. Төңірегіне самарқау көз тастап тұр. Өзі бір ояңдау, айналасы ашық, ағашы сирек жер екен. «Табиғат ана сені әдейі жалғыз қалдырған сияқты-ау, ә? Ғажап. Осы жердей талай өтсем де, сені көрмеп едім. Енді, міне, алдымнан қол жетпестей биік боп шыға келдің. Әй, сен кімсің? Сенің анаң, әкең кім? Иә, білмейсің... Құдай-ау, осы мен не деп кеттім. Алжасқаным ба?» Дәулет ағашқа птый байлап, өзі соның түбіне отырды. Жайшылықта жердің сызды, салқындығын ойлап, бұлай жайғаса жайлана қоймайтын, бұ жолы оны елемеді. Қомпаңдай қозғалақтап күпейкесінің жан қалтасынан шылымын алып тұтатты; асықпай баптана сорып, танауынан бұрқырата шығарды. Күн көзінен ақ шандақ тартқан аспанға қарап, терең күрсініп қойды.

«Жо-жоқ,— дейді күбірлеп.— Мен өзімді алдай алмайым. Қол жетпес қиядағы шынардай оған телміруімнің өзі әбестік. Бұрын үйленбесем бір сәрі, «үмітсіздік шайтан ісі дер ем». Ендігім ұят. Ол үлбіреген раушан гүлі де, мен бір құмда өскен сексеуіл. Құдай-ау, ең болмаса, мынау емендей жалғызілік кезімде кезіксемші. Бос қиял, арам тер. Ол менің жан-дүниемнің астаң-кестең боп, бір өзін ойлайтынымды білсе ғой... Айнаш... Жаным. Менің кеш туған айым. Дүниеде сенің барлығыңның өзі қандай бақыт еді! Сен келгелі үйім де, қара орманым да бір жылы ұяға айналғанын сезсең қайтер ең. Аспанымды да сен биіктеттің... Ертең сен кетесің. Сонда мен не істермін? Не істейтіні бар? Бүгін бүгінше өмір сүрейін, ертеңді де, тірлік болса, көрермін. Бүгін қайтып келмейді. Күңіренгеннен не шығады? Армансыз көріп, тілдесіп қалған да ғанибет емес пе? Иә, иә, сөйтейік. Менің не ойлап, не қойып жүргенімде елдің жұмысы не? Құдай-ау, олар түкті де сезбейді, құла дүз осы мен неге үркіп, бүлініп жүрмін? Менің жүрек түкпірімдегіні кім біліп жатыр? Кімге не айтыппын?...» Маскүнем жандай ғашық адам да ақталғыш келеді, олар үшін төңірегіндегілердің бәрі де ештеңені байқамайтын, көрмейтін аңғал жандар. Айтқандарына бас шұлғып сенеді деп ойлайды.

Әлгіндей болмай, Дәулеттің көңілі жайланып сала берді. Ол темекісінің тұқылын аяғымен асықпай таптап сөндірді де, орнынан ширақ көтерілді. Атының тізгімін шешіп алып, лып етіп жеңіл қонды. Кешегідей бүгін де қорықты түгел араламадым-ау деп қиналған да жоқ, атының басын кері бұрды. Енді, міне, астындағы жиренін сипай қамшылап, ыңылдап әндетеді.

Бұл бір көктемнің май шуақ күні еді, тіптен жылы болатын. Ағаш басында жұдырықтай қара торғайлар жа мырай сайрап отыр. Ауық-ауық дүр ете көтеріліп, лықси шудаланып қайта қонады. Әр тұстан тоқылдақтың тоқ-тоқ еткізіп, ағаштың қабығын дүмпіген үні де естіліп қалады, Құлағы тас бітіп, жаңа ашылғандай Дәулет таңғы орман ішінің сан түрлі үніне елеңдей, қызыға тыңдап қеледі.

Үйге жақындағанда алдынан Қайыржан кезікті. Үстінде плащ, аяқта қонышы ұзын қара резеңке етік. Жалаң бас. Плащының жағасын қаланың жастарындай көтерін алған, қолында қармағы, ақ көң құртын салған қалайы құтысы бар.

— Жол болсын, Қайреке!

— Айтқаның келсін. Кешегі айрылып қалған қызыл сазанымды әкелгелі барам.

— Жөн, жөн.

— Иә, орман тыныштық па?

— Тыныш. Айнаш ермеді ме?

— Е, оған ермек табылды ғой. Еліктің лағына сүт береді, сонымен әуре. Әлі бала, сонымен ойнайды. Өзің не істейсің?

— Рәзияға отын жарып бермесем?!

— Ә, оның дұрыс. Біз ертең қайтамыз-ау дейім, Дәулет. Жұмыс көп. Жігіттер тым-тырыс. Бірдеңені бүлдірді ме деп қорқам. Егісті қайтты екен? Түк хабарым жоқ.

— Әлі екі-үш күніңіз бар емес пе, Қайреке. Бір дем алу керек қой.

— Жұмыс та демалыс қой, Дәулет. Екі қолым алдыма сыймай барады. Күзде астық жинап алғансын да келермін. Маған асығу жөн... Ал, жақсы... Соңғы рет қармақ салып қайтайын.

Қайыржанды көзімен ұзатып салып, Дәулет атып тебініп жүріп кетті. «Өңі сынық. Ылғи мұңды. Өзі жүдеу. Ауырмай ма екен?» — деп ойлады ол. Ізінше оны да ұмытты. Қарағайдан қиып тұрғызған, төбесі шатырлы үйін көргенде іші жылып сала берді. Айнаш та көзіне тез шалынды. Үйдің алдында, шуақта еліктің лағымен ойнап жүр. Басында ақ телпек, үстінде қоңыр свитер, қара шалбар. «Өзі де еліктің лағындай-ау»,— деп ойлады Дәулет көңілдене. Әріден, қорадан әлденені алып шығып жүрген келіншегін де көзі шалды. Ол атын соған қарай бұрды.

Қораның алдындағы мама ағашқа атын қаңтара байлап, ішке кіре берген, қолына балта ұстаған Рәзия қарсы соқты. «Неғып тез оралдың?» — демеді, келерін білгендей,салқын көз тастап, тұрып қалды. Үндемеді.

— Ағаш жаруға шықтың ба? Әкел мен істейін,— деп Дәулет елгезектік танытып, қалбақтай бастаған сөзін аяқтатпай, балтаны ұстата салып шығып кетті.

— Әй, Рәзия, тоқта!

— Немене?

— Саған не көрінді? Кісі өлтірдің бе?

— Мен әзірге ондайдан аманмын. Сен болмасаң.

— Өй, не деп тұрсың?

— Жәй, әншейін.— Рәзия бұрылып үйге қарай жүре бере.

Дәулет енді оны тоқтатпады. Ұрлық үстінде ұсталған сәбидей әлденеден қуыстанып қалған. Келіншегі ұзап кеткеннен кейін өзінің сол мінезіне күйінді. «Тұлан тұтқандай не жазыппын. Үйге келген қонаққа жылы қабақ танытсақ, со да айып па?! Оқтау жұтқандай сіресіп жүруіміз керек пе екен. Не болмайсың деп торсандайды-ей, ә? Бүйте берсе, мынау қалпында көйлегінің етегінен ұстатып табалдырықтан аттатпай қояр»,— деп өз-өзінен күңкілдей жүріп, Дәулет отынды көл-көсір етіп ұсақтап тастады. Әйелінің алдында көкейінің таза еместігін сезінсе де, қыңырайып онысын мойындағысы келмеді.

Қылмыс үстінде ұстағандай бұлтандағаны несі-ей? Көре қалған да дәнеңесі жоқ қой. Сені енді тастайым... ғашықпын дедім бе? Ә?». Дәулет ызалана қолындағы балтасын қораның түкпіріне қарай атып жіберіп, есікке іліп қойған күпейкесін киді. Мама ағаштың қасында жатқан кеспелтек томарға барып отырды. Қаңтарулы тұрған жирен иесін танып, үміттене оқыранып қалғанын да елемеді. Қабағы салбырап кеткен, тұнжыр. Екі қары салдырап, Қатты шаршағанын да ол қазір ғана аңдады.

Әлгіндей болмай, әйелінің жайраңдап, қайта ораларын Дәулет білмеген, ту сыртынан кеп:

— Дәулет,— деп наздана үн қатқанда, ол селк ете түсті.

— Жарайды, аға.

— Аяғың үзеңгіге жете ме?

— Жоқ.

— Ендеше таралғыға сал. Қалай? Басың айналмай ма, Айнаш? — деді ол төменнен жоғары қыз жүзіне күлімдей қарап. Әлгінде қолы Айнаштың белінен сырғып, нып-нығыз анарына тиіп кетіп, өн бойы шымыр еткендей болған, сонысынан енді қысылып тұр.

— Жоқ, аға, басым айналмайды. Ой, қандай биік. Құлан бара жатсам, ердің басынан ұстайым, аға. Қандай қорқынышты еді.

— Ештеңе етпейді. Шыда.

— Мақұл, аға.

— Тебінбе. Атқа етіңді үйретіп ал. Мен шылбырдан ұстап тұрам. Жәй екі-үш айналғансын, жеңіл аяңға түсесің. Жерге қарай берме, басың айналады.

— Жақсы, аға.

— Кәне, шу...

Жирен ат үстіндегі адамның тізгіні бостығын сезді ме, «әп» — дегеннен едіреңдеп, қиыс тартып екі айналғанша ырыққа көнбей баңты. Жұла жөнеліп, енді бірде теке-текірекке түсіп, секектетіп, тақымы бос қыздың әбден сілесін қатырды. Әйтсе де, Айнаш шыдап, тістеніп алды, сыр бермеді. Алғашында жер-дүния дөңгеленіп, төңкеріле жаздап, айналадағы ағаштар да қатар жарысып бара жатқандай болған, сонан тіпті басы айналғандай еді, бертін оған да көзі қанығып, еті үйреніп алды. Бір қара жолақ белбеудей тұтасып кеткен орман ағаштары да ажырап, әлдеқандай кіреуке сейілгендей әрқайсысы анықтала бастады.

— Жарайсың, Айнаш!

Дәулеттің шат үні қыз бойына қуат бергендей әсер етті. Ол өзіне бір ерекше күш біткендей сезініп, жеңілейіп қалды. Тізгінді мыта, жинақтай ұстады. Сәлден соң тебініп атты теке-текірекке түсірді. Аппақ екі бетінің ұшы қызғылт тартып, жұқа мұрын желбезегі желбіреп кетті, қара көзінде жылт етіп, көмір шоғындай от ойнап барады. «Құйын қуып, төскейде желмен жарысқанда ерлерден қалыспас қазақ қызының ыстық қаны бұның да жүрегінде жатыр екен-ау»,— деп ойлады Дәулет Айнашқа сүйсіне қарап. Әйтпесе, тумысында ат тізгінін ұстамаған жанның ендігі: «шаршадым, қарым талды»,— дейтін-ақ кезі келді. Жоқ, мынау онысын сездіретін емес.

— Ақырын... Ақырын, Айнаш,— деді Дәулет қыздың текe-текіректің өзін азырқанып екі-үш тебініп қалғанын аңдап.

Әлгі қызын алған жирен ат көсіле жөнелді. Айнаш үстінде қаққан қазықтай, ауық-ауық Дәулетке күлімдей қарап, тіпті қолын бұлғап қояды. Олар сәске түстің болғанын, Рәзияның үйіне кіріп шығуы жиілеп, ас қамына кірісе бастағанын аңдамады. Өз қызықтары өзінде: Айнаш атқа шауып сүйсінсе. Дәулет оны еркін көріп, ләззәті бір шаққа бөленді.

— Дәулет!

— Келіңдер, шай ішейік.

— Қайрекенді күтпейміз бе?

— Сендер келе берсендерші.

— Жарайды... Айнаш, тізгінді тарт! Тыр... р...

Жирен ат текіректеп барып, пысқырына тоқтады, түгі жылтырап, бүйірін соғып тұр. Дәулет шылбырды қарына орай жинап, жақындап келеді. Екі көзі Айнашта. Айнаш біp қырындай түсуге ыңғайланған, Дәулет аттың сағалдырығынан ұстап, екінші қолымен оның қолтығынан демеді, іле, құлатып алармын деді ме, шылбырды жерге тастай беріп, қос қолдай көмектесті. Аңдаусызда қыз бетіне ерні тиіп кетті, сонысынан қысыла, абдырап, оны бірден көтеріп алды. Қыздың ыстық демі тамақ астын шарпып өткенде не істерін білмей, құшағында сәл ұстап қалды.

— Аға, жіберші...

Айнаштың да бұл күтпегені еді, жүрегі лүпілдеп қоя берді. Әлденеден шошына ығыстап, Дәулеттің құшағынан шығып кетті. Екі бетінің алаулап жанып бара жатқанын да енді сезгендей бетін сипап сырт айналды. Дәулет те оның жүзіне тура қарай алмай, жирен аттың шылбырын жинап, күйбеңдеп қалды. Осы сәт:

— Дәулет... Оу, Айнаш, келіңдер,— деген Рәзияның даусы үй жақтан тағы естілді.

Үшінші тарау

Вокзал басы ығы-жығы, сапырылысқан халық. Күн шақырайып тұр. Ыстық, қапырық. Ақ көйлек, қара шалбар киген қыз, жігіттерден гөрі шілденің мынау ыстығына шыдай алмай, ағаштың, дүкеннің көлеңке бетіне жиналған әр түрлі киімді мосқал адамдар-ақ көп. Бастарындағы ши қалпақтарымен желпініп, қасындағы нақ өздеріндей ет женді әйелдеріне күңкілдеп қояды. Вагонға отыру басталмағаннан ба әлгілер көлеңкеден, жандарындағы шамадан, түйіншектерінен ұзай алмай, теңірекке зеріге көз тастап, дауыстай сөйлеседі.

— Балаңыз қайда түсуші еді, қосағасы? — деді ұзын бойлы, басында темір жолшының фуражкасы бар арық қара кісі ши қалпақ киген толық, қозы қарын, сарығаеңкейіп.

Анау ұзын тұраға бірден жауап бере қоймады; бағдарлай, бас-аяғына жақтырмай қарап, іркіліп қалды. Сонау астанадағы институтқа бара жатқан баласына бәсекелес осы шағын қаланың вокзал басынан шығып, алдын оран кететіндей көріп тұр. Әрбір жаңа келген жасыл ызалана: «Бұлардың бәріне не жоқ? Баяғы бір көрсеқызарлық. Қайран қазағым-ай, жандай шауып, құйысқанга қыстырылуыц қалмайды-ау. Түсем, түспейімді білмейді»,— дейді күбірлей. Ал, енді мына кісінің сұрағы, жан қалтасына қол салғаннан бетер ит жынын қоздырды.

— Бұйырғанына түсетін шығар.

— Е, солайы солай ғой. Тегі дейім да.

— Өзіңіздің балаңыз ше?

— Шет тілдер институты деп барады.

— Ә... Менікі политехническийге түсем дейді ғой. Білмейім.

— Мектепті қалай бітіріп еді? — деді ұзын тұра жақындап.

— Жаман емес.

— Аттестатқа да қарайды деп естідім, рас болса.

— Кім біледі. Қараса қарайтын шығар. Қанипа, анау суыңнан берші. Ту-у, мына күннің қуыруын-ай.

— О жақта таныстарың бар ма еді?

— Үлкен қызым сонда мұғалім.

— Е, сіздің жағдайыңыз жаңсы екен. Мектепте мұғалім бе?

— Жоқ, институтта.

— Ым... Жөн-жөн...

Енді ұзын тұра қызғаныш білдіріп, қабағы түйіле қалды. Ығыстап әйелінің қасына қайтты. Ауылдан шықпай жатып-ақ мынау семіз сарының баласы оқуға түскендей көріп, әлдебір тағдырдың әділетсіздігіне ызаланғандай сыңай танытып кетті. Аласа бойлы, жіңішке қара қатынына күңкілдеп бірдеңе деп жатыр. Анадай жерде шашы жалбыраған, іспек көз, ақ көйлек, қара шалбар киген бала гитар тартып, үш-төрт жігіттің қоршауында әндетіп тұр. Ұзын темір жолшы әйеліне сол баланы меңзеп қойды. Онысы «баласы осы ғой» дегені шықты. Семіз сары мұның бәрін көрсе де, сезбегенсіп, әйелі берген лимонадты стаканға құйып ішпей, бөтелкеңің аузынан қылқытып жатыр. Екі езуінен аққан судың ақ кителінің жағасына тырс-тырс тамғанымен ісі жоқ. Бөтелке түбін көкке қарата көтеріп барып түсірді, аузын жеңімен сүртіп, бос құтыны әйеліне берді. Енді, міне, ақ кителінің түймесін ағытып, желпініп тұр. Бүйірін таяна: «Әй, кетіңдерші бәрің де. Іштерің күйсе, тұз жала. Балаларың оқи алмаса, өлеміз бе?» — дегендей, ұзын тұраға самарқау көз тастады. Айнаш жанындағы әкесіне қарады, әкесі де оларды байқап қалған екен, езу тартты. Ізінше, оны сын сездіргісі келмегендей:

— Барысымен хат жаз. Көп киімнің әзірше саңан қажеті жоқ. Ақшаң жетеді. Ағаларыңмен де хабарлас,— деді.

— Жарайды.

— Оқуға түсе алмасаң, ауылға қайт. Менің мұнда жалғыз екенімді білесің ғой.

— Жалғыз қалам десең, бармай-ақ қояйын, папа.

— Айнашжан, олай дегенім емес. Мені дұрыс түсін. Әлдекімдерге ұқсап, оқуға түсе алмадым екен деп, өзіңе қате істеп жүрме дейім. Ол балалық, ақылсыздық. Асықпай дайындалып, келесі жылы қайта тапсырарсың.

— О жагынан қорықпа, папа. Бірақ оқуға түспей қайттаймын.

— Иә, қызым, сөйдеріңді білем. Өзге жауапты күт иегем. Мамаң өстуші еді.

— Мүмкін сен сияқты шығармын, папа?

Вокзалдың радиоторабы вагонға отыру басталды деп хабарлап, оның сөзін бөліп жіберді. Әр жерде, көлеңкелі саябақты паналаған қоңыр шоғыр дүр көтеріліп, вагондарға лап қойды. Әп-сәтте перрон басы артынып-тартынып жүргіншілерден ала-шұбырланып кетті. Айнаш та әкесімен бірге тасқын судың бетіндегі салдай солардың арасында ағараңдап қалықтап барады. Әне, көк вагонның есігіне жетті. Ақ көйлек, туфли киген талдырмаш Айнаш айдын бетіне шоршып шыққан ақ қайрандай жалт етіп вагон есігінен көрініп, ішке кіріп кетті. Сәлден соң күлімдеп қайта шықты, жоғарыдан әкесіне қол бұлғап төмен түсті.

— Орным төменде, ортадағы купе екен. Менен басқа тағы да үш қыз бар, папа,— деді ол жайрандап.

Дұрыс... Жақсы болды.

— Папа.

— Иә?

— Әлдеқалай анадағыдай ауырсаң хабарла. Ұшып келем.

— Мақұл, Айнаштайым.

Қайыржан еңкейіп оның маңдайынан сүйді. Басындағы қалпағын шешіп, желпінген боп сырт айналды. Қызын ұзақ сапарға аттандырып отырған жандай қимай көңілі қобалжып, үні де бұзылып кеткен, сонысын сездірмегенсіп күлімдей қайта бұрылды. Айнаш оны аңдап қалды. Жүрегі қатты сыздап, көзіне жас үйрілді.

— Әй, қызым... Айнаштайым, қой. Оқуға бара жатқан адам сөйте ме екен.

Қайыржан оны бауырына тартып, басынан иіскеп, тағы да мандайынан сүйді. Қоңыр шалбарынын, жанқалтасынан орамалын алып, қызының жасын сүрті. Осы қазір перрон басында екеуінен өзге жан жоқ сияқты, үнсіз біріне-бірі қарап тұр. Қайыржан күлімдей әлденені айтқан болады. Әйтсе де Айнаш оның неге езу тартқанын, не дегенін ұға алмай-ақ қойды. Өзінің айтпағы көп еді, ойына ештеңе түспей қиналды. Жағаға толқынмен шығып қалған балық тәрізді ауа қармана береді. «Кеше неге кең отырып сөйлеспедім? Өз жәйімді күйіттеумен болыппын. Ол маған әлденені айтқалы оқталған да жоқ па еді? Онысы не? Әлгінде көзіне жас алды ғой. Неге қиналды? Нені бүгіп қалды?» Айқаш аласұрып, әкесінің қолын тас қып ұстай алды. «Папа, папатай»,— дейді күбірлей. Әкесінің мейірімді қой көзінің қиығына, езуіне түскен ұп-ұсақ мол әжімді жадында сақтап қалуға тырысты. Сәлден соң өзіне-өзі келіп:

— Папа,— деді.— Менің түндегі айтқаныма ренжіген жоқсың ба?

— Жоқ... Жоқ, Айнаштай. Гүлім...

— Папа.

— Ештеңе ойлама. Хат жазуды ұмытпа. Менің қуанышым, қызығым — сенсің. Айнаштайым.

— Папа, Түсіпті қасыңа алдыр. Жалғызсың ғой. Өзіңе ес болсын,— деді Айнаш кіші ағасын есіне алып.

— Жақсы, Айнаштай, көрермін. Ал, жолың болсын, ботам. Вагоныңа отыр.

— Папа...

— Хат жазуды ұмытпа.

— Папа, cay бол. Папатай...

Айнаш вагонға поезд қозғалып кеткенде кеп мінді. Әкесінің қол бұлғап біраз ере түскенін көріп, тағы да әлдене айтпақ боп ұмсынған, проводник: «Әрі тұрыңдар — деп есіктен кейін ысырып жіберді. Ол жүгіріп купеге келіп, терезеге жеткенде вокзал да бұландап кейіндеп қала берді.

Салы суға кетіп, орнына сүлесоқтана отырды, жаны жүдеп, жүрек түбі әлі сыздап келеді. «Неге айттым? Олай да ренжітетін жөнім жоқ еді ғой. «Ұл балаларың баяғыда оқуға түскенде бірге барғансың. Мені қыз деп ергің келмейді. Әйтпесе, неге жалғыз жібересің», — дедім-ау. Ауырып жүрмесе бұлай істемейтінін білем. Неге жанын жараладым. Мені олар дан артық көретінін білем ғой ақымақпын. Оңбағанмын...»

— Сіздің билетіңіз, қарындас.

— А?..

— Билетіңізді көрсетіңіз дейім,— деді проводник оның көңілін бөліп...

Міне, арада екі ай өтсе де, осы көрініс, өкініш ойына қайта оралып жанын жүдетіп отыр. Бүгін ол оқуға түспегенін естіді, конкурстан өтпеді. «Көкеме хабарласам ба? Не істесем? Түспей, ауылға қайтпайым дегенім қайда? Не дейді, не дейім? Жо-жоқ, қайтпайым. Қазір университетке барып документтерімді алуым керек. Сонсын жұмыс іздейім. Иә, сөйтем». Ол кереуетінен тұрып, туфлиін киді. Шашын өрді. Кішкене ақ сөмкесін қолына алып, далаға шықты.

Бәйек боп, алдынан асын әзірлеп отырды. Қандай ренжігенде де Дәулеттің қайтымы жылдамдығын білетін, үш-төрт күн тоңторыс жүрсе де, бір сағатта өзі жұғысып, ерке бала мінезі ұстап кететін. Сондайда бәрі ұмтылып, үйінің шаңырағы биіктегендей тынысы кеңіп сала беретін ғой. Бұл жолы олай болмады.

Жастықтан басын көтеріп, қаннен-қаперсіз терең тыныстап, ұйықтап жатқан қасындағы күйеуінің жүзіне көз тастады. Үлкен қоңыр көзінің айналасы көгілдір тартып, жағы суалып, қатты жүдегенін жаңа андады. Әлденеге көңілі толмай, ренжісе, совхозға барып, удай мас боп ішім қайтатын,— соңғы үш-төрт ай ащы суды да аузына алған емес. «Иә, бұл шын ғашықтықтың белгісі. Не істесем? Не дейім? Дұрыстап сөйлескенде не айтам? Кетем дейім бе? Жо-жоқ, өйтпейім» Рәзия ақ жастық үстінде төгіліп жатқан қалың қара шашын кейін серпіп, шалқалай қайта қисайды. «Түнде де ұзақ жүріп алды. Таңға жақын ғайа ұйықтады. Тынықсын оятнайын. Өзі тұрар». Ол жастықтан басын қайта көтеріп, жамылған көрпені ақырын ысырып кереуеттен түсті. Асықпай киініп далаға шықты.

Сиырды сауып, оны өріске айдап тастады. Сүт пісірді, самаурын қойды. Қорадағы үш-төрт жандық қой-ешкілерін де көл жақ бетке шығарды. Қайтып оралса, Дәулет оянған екен. Аяғында етігі, ақ көйлегінің жеңін шынтақтан жоғары түріп алған, есік алдында отыр. Қасында баяғы еліктің лағы. Әлгінің сауырын, жонын күлімдей сипалап:

— Бәрекелді өсіп қалыпсың ғой,— дейді.

Рәзияның өзіне қарай бет алғанын байқап:

— Бар... Барсаңшы енді,— деді ол еліктің лағын өзінен әрі итеріп. Лақ Рәзияны аңдамаған екен, көріп қалып, елендей құлағын тігіп, іркіле түсті де, жеңіл доптай екі-үш шоршып, ытқи жөнелді.

Бұдан үш ай бұрын күйеуінің жылы қабақ .танытпағанына күйініп жүріп Рәзия еліктің лағын қолына түскен тал шыбықпен остыртып бір сабап, қорадан қуып тастаған. Қалың ағаштың ішіне кіріп, жан сауғалаған лақ сонан қайтып көрінген жоқ-тын. Бірде әлдеқалай ертеңгі шай үстінде Дәулет: «Лақ қайда жүр? Көрінбейтін болғаны несі?» — дегені бар. «Тағы емес пе? Үйірін іздеп кеткен шығар»,— дей салған. Сол келіпті. «Құмай тазыдай таралып өсіпті. Кәззәптің оқтай ұшқырын қарашы».

— Рәзия, сені танымады-ау әлгі, ә? Зыта жөнелді ғой,— деді Дәулет күлімдей. «Бұ неменеге ыржаңдай қалды. Елік көрмеп пе? Онысы несі-ей», — деп ойлады ол.

Самауырынның қақпағын ашып, қайта жапты. Бірден жауап қата қоймады.

— Сен немене үндеместің асын ішкенбісің?!

— Үндегенде не дейін. Еліктің лағы тұрғай бұ күнде құдай қосқан күйеуімнің өзі мені әзер таниды. Хайуанға не айып

— Өй, сандалмашы.— Жауап сөз аузына түспесе, Дәулет ылғи осылай дейтін. Бұл жолы да не дерін білмеді.

— Байтал түгіл бас қайғы. Еліксіз де уайымымыз жетер.

— Е, о не уайым?

— Саған оның керегі не? Өз қызығың өзінде емес пе?

— Керегі болмаса, сұрайым ба?

Е, қойшы әрі... Жыртаңдамай... Қабағың бір ашылмай-ақ қойып еді. Саған да тіл бітейін депті-ау. Көңілдісің ғой.

— Көңілді болсақ та айып па?

— Жоқ сірәғысын айтам.

— Сонымен уайымың не еді?

— «Басы ауырмастың балтыры сыздамас» деген, қайтесің мені. Еліктің лағы аман болсын. Иә, алла тағала, оны сақтай көр. Мен үшін басың қатпасын, Дәулет. Онан да жуын, тамақ ішейік.

— Жарайды, айтпай-ақ қой. Сол баяғы бала бітпеді болар. Өзге не дейсің,— деді Дәулет орнынан құйрығын қаға тұрып жатып.

Жүрек түбіндегі ескі жарасының аузын тырнап алғандай Рәзия қабағын шытынып, көтере берген самаурынды дік еткізіп орнына қайта қоя салды. Үнсіз тұры қалды да, онысын сездірмейін деді ме, сырт айналып үй жүгіріп кіріп кетті.

Дәулет әйелінің оқыс мінезіне пәлендей көңіл бөле қойған жоқ... Қара шойын құманға құйылған сумен жуынуға кірісті.

Сәскелік автобуста кісі аяғы сирейтін, қазір де сондай екен, әр жерде басы қарандап бір-бір адам отыр. Айнаш кіре берістегі темір шереден билет алып, орта тұсына барып тұрды. «Әне біреу құс мұрын, сары жігіт таныс сияқты. Алақ-жұлақ қарай береді. Поезда кездескен. Кейін университетте де көрдім. Журналистік факультетке тапсырып жүрмін деген. Туысының үйінде жатады. Аты кім еді? Е, құдай-ай, есіме түспеуін қара да. Ол әрине конкурстан өтті. Мектептен кейін әскерде болып келіпті, жаман алмаса болғаны... Иә... Күлімдейді ғой. Неге мол? Жо-жоқ, ымдап шақырады білем. Керек едің маған. Өзін кел...» Айнаш жігіт қылығына намыстана ернін шүйіріп сырт айналды. «Неменеге кісімсиді? Жарбаңдап мені қисына жетіп барады дей ме-ей? О не сонша»... Ол орнынан тұрып, Айнаштың қасына келді. Қыбыжықтап, әлдене айтпақ боп тамағын әлденеше кенеді. Айнаш шыдай алмай бұрылып бетіне қараған, жігіт күлімдей есін жиып алды.

— Айнаш, сәлематсыз ба? Кешіріңіз сіздің есіміңіз «Айна» екен ғой, құрбыларыңызға еліктеп, мен де «Айнаш» деп қалғаным.

— Уақасы жоқ.

— Менің атым Абылай.

— Білем.

— А, иә... Анада айтқаным есімде.

— Одан бұрын да бір естігем.

— Солай ма еді?! Білмедім.

«Тісі сап-сары, әрі қиқы-шоқы, ұп-ұсақ. Қой тістің өзі. Шамасы темекі тартады. Ақ көйлегінің жағасы да кір. «Тісін жуса қайтеді екен»,— деп ойлады Айнаш оны жақтырмай.

— Халыңыз қалай?

— Жаман емес.— Терезеден түскен күннен ығыстап Айнаш сөмкесімен бетін көлегейледі.

— Қайда бара жатырсыз?

— Университетке.

— А...

— Өзіңіз ше?

— Жұмыс іздеп редакцияға соқсам ба деп шыққам.

«Редакцияға соқсам ба» деп дейді. Иә, ол журналист екен ғой. Сонысын сездірген түрі. Мақтана да білмейді. Журналистикаға түсем деген жігіттерде осындай бір ерсі қылық бар. Болмай жатып неменеге күпсінеді? «Ойпыр-ай, сіз жазатын ба едіңіз?» — деп, өтірік тан қалсам ба? Қайтер еді, ә? Қой онан әрі есіріп кетер, бу жігіттен ол шығады. Тоқта... «Жұмыс іздеп» дей ме? Онысы несі? Оқуға түспегені ме? Қызық екен»...

— Неге үндемейсіз, Айнаш.

— Жәй... Сіз жұмыс іздеп дедіңіз бе? Неге? Оқымайсыз ба?

— Бәлі, сіз білмейсіз бе? Мен жазбашадан тоңқалаң асқам.

«Неге мәз болады? Құлағанына қуанар ма? Күлімдей беретіңі несі?» Айнаш жігітке таңдана қарады.

— Радиоға барып ем, қалада пропискің жоқ деп алмады. Редакциялардан қайыр болмаса құрылысқа кетем. Оның да жөні келмесе, «шу, қара көк» деп ауылға тартам. Өзіңіз қалайсыз.

— Конкурстан өтпедім.

— Рас, па, Айнаш? Меніңше сіз жақсы тапсырып жүрген сияқты едіңіз?

— Білдей ақын сіз журналистикаға өтпегенде, мектеп тіабалдырығын жаңа аттаған біздейлерді тарих факультеті қайтеді?

— Ақындық емес, журналистікке грамматика керегірек көрінеді. Мен сонан сүріндім. Мазмұны тәуір, қатең көп дейді...

— Сіз қазіргі аялдамадан түспейсіз бе?

— Жоқ... Келесіден. Ал, жаңсы... Көріскенше, Айнаш. Мүмкін бірге жұмыс істерміз.

— Мүмкін. Сау болыңыз...

Ол автобустың алдыңғы шығатын есігіне дейін ілесіп келеді. «Сізді қайдан кездестіруге болады?» — деп еді, Айнаш: «Жатақханадан»,— дей салды.

Автобустың есігі жабылып, жүріп кетті. Терезеден жігіттің ағараңдаған жүзі керіне түсіп, жоқ болды. Айнаш көшенін, ағашы қалың, көлеңкелі бетіне шықты. Селқос аяңдап оқу үйіне қарай келе жатыр. Мынау Ленин ескерткіші, кең алаң, Үкімет үйі. Көзге ыстық шағын гүлзар ішіне кеп кірді, төңіректе жан көрінбейді. Күні кеше осы жерде Айнаш құрбыларымен тізерлесіп отырып, емтиханға дайындалған, балмұздақ жеп, тәтті су ішкен. Әлсін-әлі еңселі почта үйіне соғып, хат қарататын. Анау ағаш ішіндегі «Аққу» кафесінде де болғаны бар. Бәрі де бұдан талай жыл бұрын өткен жәй тәрізді. Бір түрлі жат, жүдеу.

Сендей соғылысып, абыр-сабыр боп жататын Университеттің іші де мұны құлақ шыңылдарлық тыныштықпен қарсы алды,— қаңырап бос қалыпты. Ол ақырын екінші қатарға көтерілді. Міне, мынау документті қабылдайтын комиссия бөлмесі. Онда да жан жоқ. Есік, терезесі аңқиып, ашық жатыр. Айнаш терезе алдына келді. Үш-төрт инелік терезе шынысына соғып, ұшып кете алмай ызыңдап жүр. Біреуін ұстап, ашық терезеден ұшырып жіберді. «Көздері көрмей ме, жабық терезеге ұмтылатындары несі? Сөйтіп жүріп өледі ғой. Не деп тұрмын. Маған инеліктің керегі не? Комиссияны іздеп келмедім бе? Олардың да кетіп қалғаны ма? Әлі ерте емес пе? Кетпеген болар. Күтейін. Мүмкін келмес. Уақыт оздырып қайтем, почтаға соғып ауылға телеграмма берейін. Қойшы сол... қайтып кеп жүрем бе, документімді біржола әкетейіп. Телеграмма салғандай куанышты хабар емес. Несіне асығам»...

— Шырақ, мұнда неғып тұрсың?

Тосын естілген жарықшақ дауыстан Айнаш шошып кетіп, жалт бұрылды. Қалампыр түсті костюм, ақ көйлек, қызыл галстук таққан мосқал адам. Өзі қарасұр, шегір көз. Сұйқылтым шашын бір жағына жылмита тарап қайырған, дөңестеу мұрын үсті тершіп тұр. Аяқта жылтыр, сүйір тұмсық қара туфли. Кісіге біртүрлі жұтынып, ішіп-жеп қарайды. Қара көзілдірігін оң қолына ұстап, қаздия қалыпты. Айнаш өз-өзінен абдырап, не дерін білмеді.

— Қарындасым, неге үндемейсің? Қысылма.

«Қарындасымы несі? Әкемдей адам емес пе? О не дегені?» Айнаш мынау бейтаныс кісінің жылымшы күлімдегенінен шошынып:

— Документімді алғалы келіп едім, аға,— деді.

— Документімді? Неге?

— Конкурстан өтпедім. Елге кетуім керек.

— А... Қайда тапсырып едің?

— Тарих факультетіне.

— Ым... Солай де. Қанша балыц жетпеді.

— Бір бал.

— Тарихтан бағаң қанша?

— Бес...

— Ым... Ә, міне комиссия адамы да көрінді. Сәламатсыз ба? — деді ол есіктен басын сұққан ақ сары келіншекті аңдап қалып.— Бермен келіңіз. Мына қарындас сізді күтіп тұр.

— Есенбісіз, Дастан Досаевич. Ат-көлік аман келдіңіз бе? Қалай дем алдыдыз? Труцковецкі санаториясы дүние жүзіндегі бірден-бір ғажап орын дейді ғой.

— Әлбетте, өте жақсы жер. Кеше түнде келгем. Өзіңіз қалайсыз? Кішкентайыңызды бала бақшаға орналастырдыңыз ба?

— Иә-иә, профессор жолдас, алды. Сіздің арқаңызда орналасты. Мыңда бір сізге рақмет.

— О не дегеніңіз. «Ер мойында қыл арқан шірімес» демеуші ме еді. Айтқан адамым уәдесін де тұрған екен. Бопты. Соның өзі жарады. Мына қарындас сізді күтіп қалған шығар. Ғафу етіңіздер.

Профессор аталған мосқал адам ақ сары келіншекке бір, Айнашқа бір қарап ізетпен басын иіп, есікке бет алды. Ол шығып кеткенше әйел қоңыр сырлы, темір сейфтің қасында, бұрышта тұрған сарғыш, шағын столына отырмай, оны күлімдей көзімен ұзатып салды. Ізінше езуін жиып ала қойды. Енді Айнашқа бұрылды. Жайшылықта төңірегіне ызғар шашып, документті әрлі-берлі жұлқылап әзер қабылдайтын; сонысын білетін Айнаш: «Ертең кел, қазір қол тимейді»,— дер ме екен деп ойлаған, олай болмады, жылы қабақ танытып, тіпті орындық ұсынды. Өзі үстелінің суырмасын тез ашып, әр түрлі қағаз тігінділерін бір-бірлеп шығара бастады. Айнашты жаңа көргендей әлсін-әлі көкшіл бояу мен көмкерілген ұялы қара көзін төңкере тастап, бағдарлай қарайды.

— Профессор Досаев кіміңіз болады? — деді ол енді сыртында, бұрышта тұрған қоңыр сейфті ашып жатып.

— Ешкімім да емес.

— Қалайша? — Ол сейфтің ішіне қолын сұға беріп, тез тартып алды. «Не дейсің? Бұл шының ба, қалжының ба?» — дегендей танданып қарады.

— Танымайым.

— Рас па?

— Иә... О кісі қандай пәннен беруші еді?

— Досаев па?

— Иә-иә, профессорды айтам.

— Тарихтан. Тоқташы, сіңлім, шын білмейсіз бе?

— Мен енді сізбен әзілдеспеймін ғой, апай.

— Қайдан білейін, туысқаның ба деп қалғам,— деді ол манағыдай емес, енді түсін де, үнін де суытып.— Қарындас деді-ау, ә? Оһ, кәрі түлкі...

Келіншек сылқ-сылқ күліп қойды; күлімдей Айнашқа көз тоқтатып, бой-бойын әдепсіздеу тінтіп өтті. Әлденебір құпиялы, жымысқы күлкі езуіне ілініп, түспей тұр. Айнаш келіншектің қазіргі қылығын жақтырмаса да, үндемей шыдап бақты. «Оһ, кәрі түлкі... Жүдә талғамы не деген жақсы, ә?..» — деп сырт айнала беріп күбірлегенін Айнаш естіп қалды. Әйтсе де оны андамаған болды. Келіншек сейфтен екі-үш документ тігіндісін алып, үстел үстіне қойды.

— Жарайды, документінді қарайық.

— Апай, мен документтерін тапсырды деген анықтама қағазымды ұмытып кетіппін,— деді Айнаш шағын ақ сөмкесін ашып, ақтара қарап жатып.— Жатақханада кітабымның арасында қалыпты. Енді қайттім?

— Оу, қарағым-ау, не деп отырсың? Онда болмайды, ертең кел...

Есік сықыр етіп ашылған, табалдырықты аттай берген профессор көрінді, ши қалпағы қолында, көзінде қара көзілдірік. Мандайы шып-шып тершіп кеткен

— Ә, сіздер әлі отыр ма еңіздер? Қалай, документ табылды ма?

— Анықтама қағазын тастап кетіпті, Дастан Досаевич,— деді хатшы келіншек қалбалақтай орнынан тұрып.

— Қайда тастап кеттіңіз, қарындас?

— Жатақханада қалып қойыпты. Керек болса, ертең-ақ әкеп берейін.

Келіншектің тұсындағы терезе жабық еді, әлдеқайдан кіріп кеткені белгісіз бармақ басындай бір көк шыбын азынап кеп, сарт-сарт шыныға соғылып, бөлме ішінде ызыңдай ұшып жүріп алды. Профессор жау самолетінің үнін естігендей әлгіге елеңдей құлақ түріп, көзінен қара көзілдірігін жұлып алды. Хатшы келіншекке бір, Айнашқа бір «бұнысы несі?» дегендей іркіле қарап қалды да, жалт беріп терезеге жетіп барды, салдырлата жұлқылап, шалқасынан ашып тастады. Көк шыбын да қаскүнем: «профессордың өзі қызмет көрсетті-ау, шығайыншы енді»,— дей қоймады. Зыңылдай ұшып жүріп алды. Үш адамның телміре өзіне қарап тұрғанымен ісі жоқ, арасында қайдағы бір жабық терезеге барып соғылады. Келіншектің бұған төзімі жетпеді. Үстел үстіндегі қағаздың бірімен желпіп қуып еді, шыбын зып беріп терезеден шыға жөнелді. Шамасы үйінде де ол талай шыбын ды осылайша түре қуып үйренген дағдылы тірлігі, ейткені анау профессордай көзі жылт етіп, бұған аса қуана қойған жоқ.

— Бәрекелді... Жарайсыз,— деді профессор разылық білдіріп.— Иә, сонымен не болды?

— Анықтама қағазынсыз документімді бер деп тұр, мына бала. Қайтсем екен, ә?

— Иман жүзді қарындас көрінеді. Кейін дауламас. Берсеңізші.

Сары келіншек стол үстінде жатқан қағаздардың арасынан Айнаштың документтерін тауып, профессордың қолына ұстата салды. «Оныңыз не?» — дегендей абитуриент қыздың өзіне таңдана қарай қалғанын да елемеді.

— Ым... Хасанова Айна. Кәмелеттік аттестат. Дұрыс-с. Оһо, ылғи бес қой. Жоқ, орыс тілі жазбашадан төрт, физика төрт. Мінездеме... Мектептікі ме? Иә, солардікі. Ой, осыларды-ай, жөні түзу мінездеме де жаза білмейді. Баяғы бір сірі қалып, қасаң тіл. Ана тілін жөнді білмеу деген сорлылық қой... Обал, тіптен обал. Иә, конкурстың аты конкурс. Бәйгіде де мәреге жүзден жүйрік келеді...

Профессор Айнаштың тықыршып документін күтіп тұрганын мүлде ұмытқан сияқты, өз-өзінен сөйленіп, енді бірде ыңырсып қояды.

— Ым... Бір-ақ бал жетпеген, ә?

— Дастан Досаевич, бұл баланы кешкі курсқа осы бағасымен қабылдауға болады ғой. Экзаменационный листісі бар. Бағасы жаман емес. Күндіз жұмыс істер, түнде оқыр. Келесі, не арғы жылы күндізгісіне ауысар. Сонда жыл жоғалтпайды. Сіңлім, бұған қалай қарайсың,ә? — деді сары келіншек Айнашқа бұрылып.

— Мен, әрине, оған қуана келісер ем, апа.

— Кешкі курсқа емтихан қашан еді?

— Енді бір аптада басталар дейім. Дастан Досаевич, бұл менің идеям ғана. Сіздің комис сияға айтар сөзіңізсіз ештеңе шешілмейтінін білем.

— Дұрыс қой. Бірақ олар мені тыңдаса.— Профессор қасын көріп, кербездене күлімдеп қалды. Онысы мақтау тілеп мүләйімсігені еді. Келіншек түсінді білем, іліп әкетті.

— Ойбай, профессор, сізді тыңдамаса, кімге құлақ асады. Оларға да жан керек шығар,— деп хатшы келіншек сықылықтай күліп жіберді.

— Жарайды, қарындасым үшін сөйлесіп көрейін.

— Ағай, мен өзім де тапсырам ғой. Сіздің ниетіңізге рақмет,— дей берген Айнаш профессор қолындағы документін алғалы ыңғайланып, сары келіншек арадан киіп кетті:

— Сіңлім, адаспа. Бағың бар бала екенсің. Дастан Досаевичтің өзі қол ұшын берсе, онан асқан бақыт тілеп қайтесің. Түстім деп есепте.

Сәл ыңғайсызданып қалған профессор бойын тез жиып ала қойды, документтерді Айнашқа бермей, келіншекке ұсынды.

— Жақсы сөйлесейін. Мына бағамен кешкі курсқа емтихансыз-ақ қабылданарсыз. Ым... есіміңіз қалай еді?

— Айнаш Хасанова.

— Иә-иә, Айнаш... Айна емес пе?

— Құрбыларым да, әкем де «Айнаш» дейді. Паспортта шын атым «Айна».

— Біз де ендеше, қарындасым, елден бөлінбейік. Лйнаш делік. Солай ма? Сіз қалай қарайсыз? — деді профессор аталған мосқал адам келіншекке күлімдей бұрылып.

— Қарсы емеспін, Дастан Досаевич.

— Ендеші келістік. Саушылықта болыңыздар.

Профессор көрінді, ши қалпағы қолында, көзінде қара көзілдірік. Маңдайы шып-шып тершіп кеткен.

— Ә, сіздер әлі отыр ма еңіздер? Қалай, документ табылды ма?

— Анықтама қағазын тастап кетіпті, Дастан Досаевич,— деді хатшы келіншек қалбалақтай орнынан тұрып.

— Қайда тастап кеттіңіз, қарындас?

— Жатақханада қалып қойыпты. Керек болса, ертең-ақ әкеп берейін.

Келіншектің тұсындағы терезе жабық еді, әлдеқайдан кіріп кеткені белгісіз бармақ басындай бір көк шыбын азынап кеп, сарт-сарт шыныға соғылып, бөлме ішінде ызыңдай ұшып жүріп алды. Профессор жау самолетінің үнін естігендей әлгіге елеңдей құлақ түріп, көзінен қара көзілдірігін жұлып алды. Хатшы келіншекке бір, Айнашқа бір «бұнысы несі?» дегендей іркіле қарап қалды да, жалт беріп терезеге жетіп барды, салдырлата жұлқылап, шалқасынан ашып тастады. Көк шыбын да қаскүнем: «профессордың өзі қызмет көрсетті-ау, шығайыншы енді»,— дей қоймады. Зыңылдай ұшып жүріп алды. Үш адамның телміре өзіне қарап тұрғанымен ісі жоқ, арасында қайдағы бір жабық терезеге барып соғылады. Келіншектің бұған төзімі жетпеді. Үстел үстіндегі қағаздың бірімен желпіп қуып еді, шыбын зып беріп терезеден шыға жөнелді. Шамасы үйінде де ол талай шыбынды осылайша түре қуып үйренген дағдылы тірлігі, өйткені анау профессордай көзі жылт етіп, бұған аса қуана қойған жоқ.

— Бәрекелді... Жарайсыз, — деді профессор разылық білдіріп.— Иә, сонымен не болды?

— Анықтама қағазынсыз документімді бер деп тұр, мына бала. Қайтсем екен, ә?

— Иман жүзді қарындас көрінеді. Кейін дауламас.Берсеңізші.

Сары келіншек стол үстінде жатқан қағаздардың арасынан Айнаштың документтерін тауып, профессордың қолына ұстата салды. «Оныңыз не?» — дегендей абитуриент қыздың өзіне таңдана қарай қалғанын да елемеді.

—— Ым... Хасанова Айна. Кәмелеттік аттестат. Дұрыс-с. Оһо, ылғи бес қой. Жоқ, орыс тілі жазбашадан төрт, физика төрт. Мінездеме... Мектептікі ме? Иә, солардікі. Ой, осыларды-ай, жөні түзу мінездеме де жаза білмейді. Баяғы бір сірі қалып, қасаң тіл. Ана тілін жөнді білмеу деген сорлылық қой... Обал, тіптен обал. Иә, конкурстың аты конкурс. Бәйгіде де мәреге жүзден жүйрік келеді...

Профессор Айнаштың тықыршып документін күтіп тұрғанын мүлде ұмытқан сияқты, өз-өзінен сөйлесіп, енді бірде ыңырсып қояды.

— Ым... Бір-ақ бал жетпеген, ә?

— Дастан Досаевич, бұл баланы кешкі курсқа осы бағасымен қабылдауға болады ғой. Экзаменационный листісі бар. Бағасы жаман емес. Күндіз жұмыс істер, түнде оқыр. Келесі, не арғы жылы күндізгісіне ауысар. Сонда жыл жоғалтпайды. Сіңлім, бұған қалай қарайсың, о? — деді сары келіншек Айнашқа бұрылып.

— Мен, әрине, оған қуана келісер ем, апа.

— Кешкі курсқа емтихан қашан еді?

— Енді бір аптада басталар дейім. Дастан Досаевич, бұл менің идеям ғана. Сіздің комиссияға айтар сөзіңізсіз ештеңе шешілмейтінін білем.

— Дұрыс қой. Бірақ олар мені тыңдаса.— Профессор қасын керіп, кербездене күлімдеп қалды. Онысы мақтау тілеп мүләйімсігені еді. Келіншек түсінді білем, іліп әкетті.

— Ойбай, профессор, сізді тыңдамаса, кімге құлақ асады. Оларға да жан керек шығар,— деп хатшы келіншек сықылықтай күліп жіберді.

— Жарайды, қарындасым үшін сөйлесіп көрейін.

— Ағай, мен өзім де тапсырам ғой. Сіздің ниетіңізге рақмет,— дей берген Айнаш профессор қолындағы документен алғалы ыңғайланып, сары келіншек арадан киіп кетті:

— Сіңлім, адаспа. Бағың бар бала екенсің. Дастан Досаевичтің өзі қол ұшын берсе, онан асқан бақыт тілеп қайтесің. Түстім деп есепте.

Сәл ыңғайсызданына қалған профессор бойын тез жиып ала қойды, документтерді Айнашқа бермей, келіншекке ұсынды.

— Жақсы сөйлесейін. Мына бағамен кешкі курсқа емтихансыз-ақ қабылданарсыз. Ым... есіміңіз қалай еді?

— Айнаш Хасанова.

— Иә-иә, Айнаш... Айна емес пе?

— Құрбыларым да, әкем де «Айнаш» дейді. Паспортта шын атым «Айна».

— Біз де ендеше, қарындасым, елден бөлінбейік. Айнаш делік. Солай ма? Сіз қалай қарайсыз? — деді профессор аталған мосқал адам келіншекке күлімдей бұрылып.

— Қарсы емеспін, Дастан Досаевич.

— Ендеші келістік. Саушылықта болыңыздар.

Профессор ізетпен бас изеп, есікке бет алды, сары келіншек қалбалақтай жүгіргіштеп ере түсіп қалды. Ол шығысымен столына қайтып кеп отырды. Сәлден соң үлкен бір іс тындырғандай «уф»... деп қойды.

— Бағың бар бала екенсің. Әне, көрдің бе, «жақсыдан шапағат» деген. Аяқ астынан оқуға орналастың. Ойбай-ау, Дастан Досаевич айтпайды, айтса, істейді. Ол сондай адам. Қалай, разымысың?

— Сізге рақмет.

— Рақметті маған айтпа, Дастан Досаевичке айт. Біле білсең, үлкен жақсылық. Сентябрьдің жиырмаларына соқ, оған шекті жұмысқа орналас. Түсіндің бе?

— Түсіндім.

— Ендеше бара бер,— деді сары келіншек алдындағы қағаз-қаламдарын жиыстыра бастап.

Бәрі өң мен түстей. Айнаштың бұл күтпегені еді, енді міне қуанарын да, қуанбасын да білмей, әрі-сәрі. Ізгі тілегінің табан асты осылай орайы келе қалар-ау деп ойламағаннан ба, біртүрлі екі беті өз-өзінен дуылдап тынысы тарылғандай болды. Есік алдына жүгіре басып шыққанда ғана «уф» деп демін бір-ақ алды. Дала сәскеліктей емес, қоңыр салқын екен. Еңселі оқу үйінің жотадай көлеңкесі ұзарып етегін жайып жіберіпті. Күн еңкейіп кеткен. Айнаш іште көп айналғанын да жаңа сезді. Қолындағы шағын ақ сөмкесінен шаршы, қызғылт орамалын шығарып, сонымен сәл тершіген мұрын үстін сүртті. Асықпай сөмкесіне оны қайта салып, жақын аялдамаға бет түзеді. Жүзі бал-бұл жаңа күлімдеп келеді. «Көкем сияқты жақсы адам білем. Мейірімі түсті ғой. Мендей қызы бар шығар. Әйтпесе, бұлай жәрдем ете ме? О кісі көмек етпесе де, тапсырар-ем. Ту-у, не деп кеттім. Неменеге ақталам? Кейін мен де сөйтіп біреуге жақсылық жасармын. Сонда адамгершіліктің өтеуі қайтпай ма?» — деп ойлады ол.

* * *

Ертеңіне ол қаланың күн батыс бетіндегі мақта-мата комбинатына барды. Еш қиындықсыз жұмысқа алынды. Бұрын-сонды үлкен завод, не фабрикада болмағаннан ба, комбинат өзінің сәулетімен, ауқымдылығымен таң қалдырды. Іші де кең, тап-таза. Өзіндей қыз-келіншектер жұмыс істеп жатыр. Олар Айнашты жатырқамай бірден шүйіркелесе кетті; қайсысы болса да, қол ұшын беруге дайындығын сездіріп бақты. Әсіресе, шебер тоқымашы Мария апай бөлекше көрінді. Ол бірден өзімсіне сөйлеп, баурап алды. «Мария Петровна Иноземцеваға барасың»,— деген инженердің әлгінде құпиялы күлімдей қалғанын Айнаш аңдаған. Әйтсе де, оған пәлендей мән бермеп еді, сөйтсе бұ кісі комбинаттағы шебер тоқымашының бірі екен.

Толықша келген, секпіл бет әйелдің біздиген мұрны да, кекшіл көзі де оған дүниедегі ең бір сұлу, ақылды жанның бейнесі сияқтанды, білімдарлық та, іскерлік те тек осындай адамда ғана болатындай көрінді. Мектеп табалдырығын аттағалы өзіне кезіккеннің бәрі: «Аты-жөнің кім? Қайдан келдің?» — деп тексеріп бітетін. Мына кісі оның бірін де істеген жоқ, қасына келіп күлімдей бетіне қарап тұрды да:

— Сіздің есіміңіз Айна болуы керек. Солай ма? деді. — Иә, Айна Хасановамын.

— Айна атты қыз сендей ақ шығар деп өзім де шамалағам.

Әкемнен басқа мені де біреу біледі екен деп өмірі ойламағаннан ба, жоқ әлде ауылдан шыққалы осындай жылы сөз естімегеннен бе, Айнаштың бұған кәдімгідей іші жылып толқып қалды.

— Маған кадр бөлімінен сіз келеді ден телефон соққан. Танысқаныма қуаныштымын,— деп ол іш тарта қолын ұсынды.— Мен Мария Петровна Иноземцевамын. Мария апай десең де болады. Мен оған ренжімейім. Жүр, жұмыс жәйімен таныстырайын.

Ол жап-жарық, тап-таза цехтағы станоктардың қалай жұмыс істейтінін көрсетті, үзілген жіптің түйінін тез тауып, жалғаудың сырын ұқтырды. Қай істе де аптықпа асығыстықтың зиянын, сабырлылықтың қажеттігін жанына құюға тырысты. Станоктың үнін құлақпен естіп қана қоймай, жанымен ұғудың абзалдығын, ол бір күнде, не үш-төрт айда үйреніп алғандай оңай шаруа еместігін де ескертіп өтті. Әрине сол күні де, ертеңіне де Айнаш станокте істеген жоқ, болванка аталған темір бөлшегін тасып, ұсақ-түйек қара жұмыспен сандалды. Екі қары салдырап, өлердей шаршап жүрді. Бертін келе оған да еті үйренді. Барынша ұқыпты, тындырымды болуға тырысып бақты.

Арада бір ай өтті. Кешкі курсқа да түсті. Жұмыстан кейін асығып-үсігіп тамақтана сала университетке жүгірді. Университет жатақханасынан кейін жалға пәтерге кірген, аса жайлы болмаса да орталықта, оқу орнына жақын еді. Міне енді үй қожасы: «Теміртаудан келін-балам келе жатыр, өзіңе жай ізде», — деп отыр. «Ертең кешке тапсаң да, таппасаң да үйді босат»,— дейді. «Қайтсем? Не істесем? Пәтер таба алмадым. «Жұмысшы жатақханасында орын жоқ»,— дейді. Бүгін ол не істеп, не қойғанын білмеді. Кешке лекциясы бар оны қайтеді?»

— Айна, сен немене, реніштімісің? — деді Мария оның қолы босаған бір сәтте қасына келіп.

— Жоқ, ештеңе емес.

— Сен жасырма. Өкпелесең онынды айт. Үндемей іштен желінген адамның жүйкесі тез тозады. Станокке тұрғызбады, қара қызметке салып қойды деп маған ренжимісің? Ол болса бір сәрі... Сен тек мынаны түсін. Қандай жұмысты да әліптен бастаған лазым. Сонда ғана нағыз маман боласың. Бәріміз де сол мектептен өткенбіз...

— Мария Петровна, ренішім ол емес.

— Енді не?

— Менің жататын үйім жоқ. Пәтер таба алмай

жүрмін.

— Қалайша жоқ?

— Пәтер жалдап жататынмын. Қожамыз келін-балам келеді, босат деп отыр.

— Жатақханаға орналаспадың ба?

— Бермеді. Орын жоқ көрінеді.

— Орын жоқ дейді. Жас жұмысшыға орын бермейді деген не сұмдық. Әй, Балым, бер кел.

Ол цехтың ортасындағы станокте тұрған қиық көзі быттиған қара қызды дауыстап шақырды. Әлгі Мария апайдың даусын ести сала жүгіріп келді. Келте танауының үсті тершіп, ентігіп тұр.

— Сенің жанында орын бар ма?

— Бар. Анада күйеуге шығып кеткен қыздың кереуеті бос,— деді Балым аталған қыз көкшіл халатының ақ түймесін шұқылап тұрып.

— Міне, мына Айна ендеше сенімен бірге жатады. Мен қазір сөйлесіп келем.

Мария Петровна әлдекімге кіжіне өз-өзінен сөйленіп есікке бет алды. Жарты сағат өтпей қайтып келді. Қолында бір жапырақ қағаз.

— Мә, мынаны комендантқа бер. Қазір барып орналас. Ай, бала... Баласың сен. Анадан бері айтпаймысың,— деді ол күлімдеп.

— Жұмыстан кейін...

— Жоқ. Қазір бар.

Айнаш сол күні жұмысшы жатақханасына орналасты. Лекциясына да үлгерді. Қайтып келсе, Балым шай қайнатып қойып күтіп отыр. Дүниеде үйірсек, кісіні жатырқамайтын ақ жарқын бір жандар болады-ау. Аңысын аңдап, «Сен осы кімсің? Не ойлағаның бар?» деп жатпайтындар аз емес қой. Балым сондайдың бірі боп шықты. Арада талай жыл өтіп көріскендей Айнашты есіктен кірер-кірмес құшақтай алды. Шашын екі өріп, жылмита тарап алған. Үстінде қызғылт жылы халат. Өзі Айнаш ойлағандай томаға тұйық емес, ақ көңіл, елгезек. Сойлей жүріп, шай даярлады. Айнаштың өмір тарихын сұрап та үлгерді. Комбинатқа орналасқанына екі жыл бопты.Сырттай техникумда оқитын көрінеді. Кешкі мектепті биыл бітіріпті. Айнаштың Университеттің тарих факультетіне, кешкі курсына түскенін естігенде: «Жүдә, бақыттысың ғой-ей», — деп салды. Елде әкесі, екі ағасы барын, шешесі өткен жылы дүние салғанын айтқанда, Айнашқа шын жаны ашып, үнсіз томсырайып отырды. Бұл бір өзі ашық, қуанышы да, күйініші де жап-жалпақ жүзінде, анау қиық көзінде жазыла қалатын жан еді. «Жаны сұлу» деп осы Балым сияқты адамды айтатын шығар ел. Жақсы қыз. Мейірімді білем», — деп ойлады Айнаш оған көз тоқтата қарап.

— Жүдә, үйрендім-ау десем де, кешке кітап оқи алмайым. Ұйқы жеңеді де, құлайым,— деді ол төсегіне жатқалы орнынан тұрып.

— Мен де шаршадым. Дем алайық.

— Е, сенің шаршауың орыиды. Станокте істегеннен көзге көрінбейтін ұсақ-түйек күйбең жұмыс ауыр. Жүдә, менікі не дейім-ау.

Ол осылайша шам сөнсе де, көзі ілінгенше сөйлеп жатты.

* * *

— Айнаш, саған хат келді. Міне,— деді Балым есіктен кірер-кірмес.— Сен өзің жүдә, есіктің қайрылысындағы хатты қарамайсың-ау дейім.

— Кәне.

— Кеше келіпті. Стол үстінде жатыр.

Қызғылт әшекейлі конверттің сыртындағы әкесінің қолтаңбасын Айнаш бірден таныды. Қолына алса да, хатты ашпай, бетіне басып, құшырлана иіскеп отырып қалды. Әке иісін сағынып, соны сезінгісі кеп:

— Папа,— дей берді күбірлеп. Балым да елжіреп, еріксіз көзіне келген жасты жасырып, сырт айналып кетті. Әке-шешесіз жетім, аға-жеңге қолында өскен Балым сәл нәрсеге мұңайып, қатты тебіренетін.

Аса киношыл да емес. Ал, индия фильмін жібермейтіи Барып, егіл-тегіл жылап қайтатын да, соны үш-төрт күн аузынан тастамай, әңгімелеп жүретін. Қазір де сол терезе алдында теріс қарап, егіл-тегіл жылап тұр. Айнаш орнынан тұрып Балымның жанына келді.

— Балым, оның не, қой,— деді иығына қолын салып

— Жәй, жүдә шыдамай. Сен... Сен маған қарама.. оқы хатыңды.

— Жарайды.

— Мен шай қояйын. Бүгін лекцияға барушы ма ең?

— Барғам.

— Ә, онда асықпайды екенсің ғой. Мен онда тамақ жасайым. Мақұл ма?

— Жақсы.

Балым есіктің қасындағы тумбочкадан көк кастрөлді қағазға оралған етті алып шығып кетті. Айнаш кереуетіне кеп отырды. Конвертті ашып, хатты алды. Екі бет ақ параққа маржандай тізіп, ұп-ұсақ етіп жазыпты. Көзге жылы ұшырап, жаныңды жылытар әке қолтаңбасы Ауылдан шалғай, бір қиырда жүргеніңде тіптен ыстық тартып, мұнша қымбат көрінерін Айнаш білмеген. Енді, міне, көлбете жазар «т» әрпі де оған бұрынғыдай қызық сияқтанбайды. Қошқар мүйізденіп бітетін «у» әрпі де Айнаш көзіне ыстық тартып барады.

Әке мейірін, сағынышын ол хаттың әр жолынан көктем шуағындай сезініп, жүрегі елжірей еркелеп отырғанын аңдамады.

«Айнаштайым», дейді же осы қазір қасында жүргендей.— Ботақаным... Хабарсыз кеткенің қалай? Мені ұмыттың ба? Көңілім екі у дай боп, қатты қорықтым ғой. Ауырып қалды ма, мұнысы несі деп те ойладым. Жұмыс ты тастап, астана барып қайтсам ба деп оқталдым. Әйтсе де, өйте алмадым. Астық... Елдің ырысы жібермеді. Егіс биыл бітік болды. Соны қимадым. Уақыт тығыз. Қыс ерте түседі. Оны өзің де білесің. Күндіз-түні қырман, элеватор басында жан ұшырдың. Сәтті боп, астықты орып, жинап үлгердік. Дәрігерлер ауруханаға жатуыңыз керек. Емделмей болмайды деп шаужайымнан алды. Сұмдық емес пе, ә? Көнбедім. Енді міне, мен де, совхоз механизаторлары да бақыттымыз. Бірде-бір масақ жаңбыр астында қалған жоқ. Жоспар екі есе орындалды.

Сен біздің бұрынғы көршіміз Василий Сергеенконы білесің ғой. Өткен жылы жаңа үй салып бергенбіз. Сол күніне үш норма орындап, аудандағы ең үздік комбайнер аталды. Қазір соны, татар жігіт Хаким Уалиевті, Нағымбет Тұрсыновты, Алексей Петровты, агроном Бексұлтанды орденге ұсынып отырмыз. Жігіттер биыл ерледі. Өзің де газеттен оқып жүрген шығарсың, Қазақстан миллиардында біздің совхоздың да үлесі мол.

Ботақаным, бәрінен де мен үшін үлкен қуаныш сенің хатың болды. Қолым сәл босаса далада да, кеңседе де төс қалтамнан суырып алып, отыра қалып оқимын. Жігіттер де, қыз-келіншектер де: «Қазір Қайрекең Айнаштың жырын оқиды,— деп күледі. Шайтан балалар ғой. Әзілқой иттер-ай. Мейлі күле берсін, солай емес пе?

«Мен жұмысшымын, папa. Қорыңпа. Сені, ұятқа қалдырмаспын. Дүниеде өз маңдай теріңмен тапқан наның тәтті болады екен»,— депсің. Бексұлтан мен Василий осыған қатты риза боп, бетін қайтармаңыз, ол өз жолын табады дейді. Менің көңілімді аулағандары ма, жоқ әлде шынында сенікі ақылдылық па, білмеймін. «Оқуға түспесең, ауылға қайт. Келесі жылы қайта барып тапсырарсың,— деуге сонан кейін аузым бармай отыр. «Құдай-ау, мынау менің күні кешегі тұлым шашы желбіреген ботақаным ба? Соның сөзі ме? Ой тоқтатқан салауатты жанның әңгімесін айтыпты. Неден, қалай болды?» — деп, өз көзіме өзім сенбегендей, қайта-қайта оқимын. Оқуға түсе алмай қайтқандардың дені мұғалімдерді жазғырушы еді. Адалдық жоқ деп келетін. Сен өзіңнен көресің. Ауылдан алған білімнің қаладағылармен салыстырғанда көп төмен екенін айтасың. Үздік бітірген сен бұлай десең, орташалардың жәйі не болды. Кеше Теміртауға телеграмма соғып ем, Түсіп ағаң келді. О да сені қоштап отыр. Сен оған хат жазбапсың ғой. «Бір беткей, қисық қыз. Оқуға түспей, хабар білдірмейін деп жүргеп шығар. Намысқойын қайтерсің»,— дейді. Сен оларға хат жаз. Туған ағаларыңды ренжітпе, ботақаным. Көке, сен жалғыз қалдың ғой. Бізге жүр, не мен қасыңа келейіп»,— дейді.

Металлург, инженер совхозда не істейді. Ал, мен болсам, «пенсионер шал» болғым келмейді. Совхозсыз қайтып өмір кешем, ә? Жоқ, егіссіз менде тірлік болмайды. Бip уыс топырақты иіскеп, далада жүрмей отыру қиын.

Айнаштайым, бір ғана сені сағынам. Қызығым да, қуанышым да өзіңсің. Оныншы класта жазған бір дәптеріңді таптым. Ұлықсатсыз оқыды-ау деп ұрыспа. Екі-ақ бетін оқыдым. Күнделігің екен. «М» деген бір баланы бірде мақтасаң, бірде кешірмейсің. Кешірімді бол, ботам. Адамнан асыл мұра жоқ. Жанын түсінбесең о да пышақ. Олақ кісінің қолын кеседі. Шеберге серік болады. Қандай жаманды да дос ететін мейірім. Не деп барам. Тағы да ақыл айта бастадым ба? Ботақаным менің... Ақша салып жібердім. Керек болса хабарла. Тарықпай жүр. Жылы киімдерің қалай? Осы адресің дұрыс болса, кейін тағы да хабарла сармын. Әзір хош, сау-саламат бол. Көріскенше күн жақсы болғай. Әкең Қайыржан...»

— Ту-у, ұзақ жазыпты ғой,— деді Балым Айнаштың жанына келіп.— Жүдә, қатты сағынған екен.

Айнаш үндеген жоқ. Хатты бетіне басып отыра берді.

Төртінші тарау

Дәулет атын совхоздың күнбатыс бетіне қарай бұрды. Ол әлгінде ғана директорға соғып, сонан шығып еді. Онда да екінші қатардағы Қайыржанның кабинетінде шам барын көргенсін, ат басын ірікті. «Айнаштан хат алыпты, Мәз-мейрам. Әке деген сол-ау. Қуанышын жасыра алмай отыр. Мақтанса мақтағандай-ақ бала ғой. Оқуға түсе алмаса да қыңқылдамай, жалынбай үн-түнсіз жұмысқа орналасып, тістесіп жатыр. Және де қыз балаға соның бәрі оңай емес. Оқимын деген адам әне сол. Біз болсақ, сынықты сылтау етіп жарым жолда қалмадық па. Анау түсе алмай қайтып келген қыздар, жігіттер онан кем бе. Соған төзе алмай, өзінен басқаның бәрін жамандап, күстәналап жүрген жоқ па. Иә, Айнаш олардан бөлек. Мұндай қыздар дегеніне жетпей тынбайды. Еңбекқор, намысқой, қайсар жан. Әкесі сияқты. Осы Қайыржан ағаны мен өзі түсіне де бермейім. Жас қызға көз салмаса да өзімен тең жесір келіншектердің біріне неге үйленбейді. Жалғыз жүр. Күндіз далада, түнде кеңседе, үйіне тек түнеуге барады. Елдің бәрі кетіп қалғанда жападан-жалғыз отырысы анау. «Аға, сіз осы неге үйленбейсіз десем, күледі. Асығатын не бар, өмір алда емес пе»,— дейді жап-жас адамдай-ақ. Түсінбейім. «Үйге жүр. Қонақ етейін. Апаң жоқ деме. Үйде бәрі бар»,— дейді. Көңілін қимай бардым. Былай қарасаң қарапайым адам. Ал, оқығаны, тоқығаны қандай көп. Әңгімешіл. Мен де сондай болсам ғой. Жәй нәрсенің өзін майын тамызып айтады

Соңғы рюмкіні бекер іштім бе, қалай, жүрегімді кілкітіп тұрғанын қарашы. Ту-у, мына жауын басылар болмады-ау, ә. Әбден малмандай суға малшындырды білем. Чу-у, жамалдатқырдың шатқаяқтауын қарашы... құлай ма, қайтеді-ей...

Иә, Қайрекең кісі танитын жан. Әсіресе, күлем-ау... «Сең бала біреуге ғашық болудан саумысың. Бұрынғыдай емес, тым көңілшексің ғой. Неге көзіңе жас аласың дейді?» «Жоқ, әншиін... арақтікі шығар»,— деп едім күліп: «Шын ғашық адам да жетім бала тәрізді болады. Жалтақ келеді. Төңірегіндегілерден жылылық, мейірімді дейді. Сәл нәрсеге босап, елжіреп қалады. Менін, саған айтып отырған әңгімем мұнан бір ғасыр бұрын өмір сүріп, дүниеден өткен бақытсыз күйшінің тағдыры. Жо-жоқ, сен бұған жайшылықта көзіңе жас алмақ тұрғай, қабақ та шытпайсың. Қазіргің жетім көңілдіктің белгісі»,— дейді. Менің Айнашты сағынып жүргенімді, міне жеті ай бойы күндіз-түні тек соны ғана ойлайтынымды ол қайдан білсін. Әй, сөйдеп оттап отырсам не дер еді, ә? Менің жандүниемді түсінер ме еді? Қой ойбай, оның бетін әрмен қыл. Тоқта, мен осы қайда келе жатырмын? Бексұлтандкіне соқтым. Ойламаған жерден Қайрекеңнен де дәм таттым.

Дәулет атының басын тартып, көшенің ортасында турып қалды. Плащының шошақ төбе капюшонын сәл кейін серпіп, сап-салқын жауын суына бетін тосты. Қолымен бетін сипа ды. «Әбден мас екем ғой. Уф, салқын су қандай жақсы». Жаңбыр тамшысы маңдайына, бетіне тиіп, мойнына құйыла бастады. Ол асыға капюшонын маңдайына түсіре қайта киді. Енді жаңбыр тамшысы тырс-тырс етіп, плащын сабалап кетті. «Ту-у, әлгі пәтуасыз Бисенге соғуым керек екен ғой. Сол тракторист ит елікті атып алмасын. Соңғы төрт-бес күн көрінбей кетіп еді. Жөнін айтса жақсы... Бір келсе, сонан келеді пәле. Атып алып, аузының айналасы былжырап, сүйегін мүжіп отырмасын. Көкпаршыл, аң құмар сол оңбағанға не істесем, ә? Дегенмен, соға кетейік. Әйтеуір, бір жақсысы, ол кейбіреулердей көлгірсіп өтірік айтпайды. Білгенін жасырмайды». Дәулет тебіне түсіп, совхоздың шетіндегі еңселі қа рағай үйге ат басын деттеді. Аттылы кісінің бойы жетпейтін көк қақпаның алдына кел генде ғана серпіліп, тізгінін лшнады. Үзеңгіге аяғын шіреп, мойнын созып еді, терезесінде от барын көрді. Аттың пысқырынғанын естіп, ауланың ішіндегі бұзаудай төбет әупілдеп жетіп келді.

Шығып кетсе, кісіні жарып тастайтындай есікті тырналап тұр. Аттан түсуге Дәулеттің жүрегі дауаламады.

— Оу, кім бар? Шығып кет! — деп дауыстады ол. Мынау төбеттің арс-арс еткенінен естімеді ме, іштен еш дыбыс шалынбады.

Дәулет атын тебініп қап, қақпаға таяп келді, қамшысының сабымен ағаш ауланы тақылдатып ұра бастады. Бұл аз дегендей енді көршілес үйлердің иттері шабалақтап, төңіректі азан-қазан етті.

— Оу, бұ қайсысың?

Ауланың ар жағынан таныс қырылдақ дауыс естілді, ізінше қақпаның кісі кіретін есігін бекітетін темір ілгешек, шынжыр сылдырлап жатгы.

— Бисенбісің-әй?

— Иә.

— Дәулетпін ғой. Аш есігіңді.

— Е, Дәулетпісің?! Мынау жауынды түнде тентіреп неғып жүрсің? Тыныштық па?

— Қорықпа, тыныштық.

— Оу, анау итіңді байласайшы. Талатып өлтіремісің, қайтесің-ей?!.

— Қазір... Е, сені өлтіргенде бізге құдайтағала ай маңдайлы, бағы алты қарыс қорықшы берер деймісің.

— Өй, тілің мен жағыңа сүйенген мылжың неме.

Ауланың ар жағынан дарқырай күлген жігіттің даусы естілді. Ол өзі Дәулетпен бірге оқыған, құрдас еді. Бойы екі метрге жуық, тентексоқ жігіт болатын. Бір жақсысы ақ көңіл. Есіктің жоғарғы жақтауын басымен тіреп өңірейіп шығып келеді.

— Әй, атыңды осы жерге байла. Ауламның ішін өліп-талып кеше сыпырғам, қи тастап жүрер. Үйге кір.

— Асығыспын тағы бірде соғармын.

— Әй, от ала келгенің жоқ қой. Түс, кәне!..

— Шын айтамын, асығыспын.

— Иә, немене сонша?

— Сен елік атып алыпсың. Ұлықсат жоғын білесің. Сотталып кетейін деп жүрмісің, ә?

— Әй, қорқытпашы. Қырсық қылғанда егістен қолым тимей жүр. Аңға шыққан емеспін. Кеше бір күрең төбелімді сипай қамшылап, анау тау етегіне дейін барып қайтқам түк ілмедім. Әй, сенің үйіңнің алдынан көретін елікті кездестірдім.

— Иә, оны қайттің?

— Өй, қатынынды атып алғандай неге шошынасың? Құдай ақы тигем жоқ.

— Рас па?

— Оллаһи тигем жоқ. Әй, жүні жылтырап қыздың баласындай сүп-сүйкімді боп қалыпты. Мына менің сұқ саусағымдай шеміршек мүйізі көрініп тұр. Сымбаттысын қайтерсің. Өй, сен шынымен-ақ үйге кірмей кетпекпісің?

— Айттым ғой асығыспын деп. Бисен-ай, мен десең, сол елікке тиме. Жарай ма? Келістік қой?

— Киікке ше?

— Оны енді өзің білерсің? Ұятыңа қара. Бөрі емессің ғой қыра беретін.

— Өй, не деп кеттің. Шүкір әзірге ұятымыз бар.

— Білем сенің ұятыңды. Әйтсе де, байқа. «Ища» деспейік.

— Жарайды. Кірсейші үйге. Құр ауыз кетемісің?

— Рақмет. Тағы бірде соғармын.

Дәулет атының басын кілт бұрып, жүріп кетті. Қайрылып артына қарамады.

— Әй, қатыныңа сәлем айт!

— Жарар, қайнаға, айтамын.

Көзге түртсе көргісіз қараңғы орман. Орман іші жазықтағыдай емес, жауыннан бөгіп тұр. Аты шатқаяқтап, әбден суға малшынып Дәулет үйіне түн жарымы ауа жетті. Атын қораға бекітіп, үйге келсе, Рәзия ұйықтамапты. Айнаштар жататын бөлмеде, бір бұрышта көйлек тігіп отыр. Алдындағы ісін әрі ысырып тастап, орнынан тұрды. Ауызғы үйдегі стол үстіне ас дайындай бастады. Жайшылықта: «Қайда жүрсің?» — деп қабақ шытатын Рәзия Дәулеттің қызғын екенін аңдап, ләм демеді. Мұндайда күйеуінің ашқылтым сорпа, не тұзды қияр суын ішкенді тәуір көретінін білетін ол шай қамдамай бір зерең аяқ сорпа мен екі-үш қияр әкеп қойды.

— Мынауыңды әкет. Шай ішем,— деді Дәулет әйеліне тура қарамай.

— Сонсын шай әкелем ғой. Әзірше осыны ішсейші, аузыңның дәмі келсін.

— Менің аузымның дәмін қайтесің-ей. Шәйіңді әкел дедім ғой.

— Мақұл.

Дәулет шешінбестен төрдегі кереует үстіне барып, шалқасынан құлай кетті. Далаға самаурын алып Рәзия шығып кеткен, аптығып қайта жүгіріп кірді.

— Дәулет!..

— Е, немене? — Дәулет басын жастықтан жұлып алды.

— Әлгі еліктің лағы...

— Қайда?

— Есік алдында тұр. Мені көріп, ыршып түсті.

— Қап... Кетіп қалды ма? Менен өзгенің сенен ыршың түспейтіні жоқ шығар. Әкесін танытқансың да. Мен деймісің ондайды тез ұмытып кететін. Құдай сүйер құлқып болсашы...

Рәзия шығып кетіп, қайтып келді. Өңі әлгіндей деп нұрлаңа кірді. Күлімдеп тұр.

— Анада Айнаш отыратын ағаш түбінде... бәйтерекке басын сүйеп қарайды. Кетпепті.

Дәулет орнынан атып тұрып, есікті ашып жіберді. Іштегі жарық қараңғы далаға түсті. Қазандыққа жақын жуан бәйтерек түбіндегі елік селк етіп, шошына жалтақтап қалды да, мынау жарықтан көзін ала алмай іркіле берді. Сол еліктің лағы. Дәулет елікті емес, Айнаштың өзін көріп тұрғандай қуанып кетті. Онысын әйелінен жасыра алмай.

— Қарашы, Рәзия, қарашы... Ол менен қашпайды, деп Дәулет жүгіріп қасына барды. Елік шынында да орнынан қозғалмады. Дәулет оның жұп-жұмсақ мақпалдай мүйізінен ұстап, мойнын, сауырын сипап жатыр.— Жануар... Жануар, неге қашасың? Неге келмей кеттің?

Бұған дейін шыдап, іштен тынып келсе де Рәзия осы жолы өзін-өзі ұстай алмай қалды. Айнашқа күйеуінің ғашық екенін сезетін ғой. Қазіргісі де елікке елжіреу емес, Айнашқа деген сағыныштың әсері екенін білді.

— Дәулет-ай, алдыңдағы қыз емес хайуан. Есіңді жисаңшы,— деді ол. Күйеуінің жауабын күтпей сырт айналып, жүгіріп үйге кіріп кетті.

Дәулет қызғындау болса да, әйелінің жанын қатты жаралағанын сезіп ақтарылып қалды, қолын еліктің басынан еркінен тыс тартып алды. «Әлгі не деп кетті?» деді күбірлеп. Енді қайтып елікке қолын апармады. Әйел үніндегі ауыр күйзеліс есін жиғызғандай болды. Бір түрлі Рәзияны аяп кетті. Бұрылып үйге қайтты. Рәзия құйып қойған шайды да зауықсыз, үн-түнсіз отырып ішті. Сәлден соң Рәзия:

— Осында Айнаштың қызғылт бантигі қалып еді. Соны анау бәйтеректің аласа бұтағына байласақ қайтеді, Дәулет! Хайуан иісшіл келеді. Иіскер ме екен, ә? — деді оқыс жалт қарап. Тағы да күйеуінің жауабын күтпей төргі бөлмеге кіріп кетіп, тез тауып әкелді.— Мә, сен байлашы.

Дәулет қызғылт жібек лентаны алып, келіншегіне қарады: «Әзілің бе, шының ба?» — дейтін сияқты. Сан қалтарысты әйел жанын түсінудің өзі не деген қиын еді. «Неден өзгерді? Бұнысы несі? Әлде тәлкегі ме?» — дегендей ол таңдана қарап тұр. Рәзияның жүзін жасырмай болмашы қас қаққанынан шыны екенін аңдап, толқып кетті. Талай жылдан істемегені құшақтап, оның бетінен, маңдайынан сүйді де, есікті шалқайта ашып, далаға шықты. Елік сонадай жерде ойқастап жүр екен. Елеңдей қарап тұрып қалды. Дәулет оны көрмегендей бәйтеректің төменгі бұтағына қызғылт лентаны байлады да, кері қайтты. Енді, міне, есіктен Рәзия екеуі елікке қарап отыр.

Елік аяғын бір басып, екі басып ағашқа жақындап келеді. Ауық-ауық үркектей жан-жағына қарап қояды. Төңіректе қауіптің жоқтығына көзі жетті ме, ағаштың жанына бұл көктей таяды... Есіктен түскен жарықтан ығыспай лентаға жақындай берді. Әне, ол желбіреген лентаға мойнын созды, иіскеді. Иіскеді де, қалтиып тұрып қалды. Себелеген жауынды да, жарықты да елейтін емес. Жаңбыр суынан арқан сияқтанып ширатыла бастаған қызғылт лентаға тұмсығын, басын сүйкеп мекіренгендей болды. Дәулеттің екі көзі сонда. Жүзі қуқыл тартып барады. Рәзияның өзіне таңдана қарап отырғанын елейтін емес.

— Қарашы, Рәзия, таныды... таныды-ай, ә? — деген Дәулеттің қуанышты даусы оның жүрек түбін қатты сыздатып жіберді.

Рәзия орнынан тұрып кетті.

Бесінші тарау

Жалақы қолына тисе болды. Балым бірден дүкенге жүгіретін, тамаққа дегеннен өзгесін тез құртуға асығатын. Бүгін де сол жұмыс аяғына шақ шыдады. Қайта-қайта Айнаштың қасына жүгіріп келумен болды. Өзінің ажарсыздау екенін білетін кейбір қыздарда сұлу құрбысын мақтан тұту, соны дәреже көру тәрізді бір мінез Балымда да жоқ емес-тін. Комбинат тағы құрбыларының алдында онысын сездіріп қойды. Түскі үзілісте тамаққа барғанда да, не автобусқа келгенде де Балым Айнашты қорғаштап, қамқорлық ниет танытып-ақ бағады. Иығымен қағып, жігіттер тұрғай қыздардың өзінен қызғанып, ылғи да ара түсумен жүреді. Ілкіде Айнаш онысын жақтырмай қабақ шытып қап: «Бала емеспін ғой»,— десе оған аузын бұлтитып, сәбидей өкпелеп бітетін. Біреуге қамқор боп, сол үшін күйіп-пісіп жүретін адамдар болады. Ол уақытпен де, төңірегімен де есептесіп жатпайды. Кең жаны, шалқар көңілі соның өзінен ләззат тауып, ғажап бір іс тындырған сияқтанады. Балым да сондай жан. Ол Айнаш болмаса, сол тәрізді нәзік біреуді түбінде тауып алуы мүмкін еді, міне, енді оған Айнаш тап келді. Бірте-бірте Айнаш оның сонысы на үйреніп, ырқына көніп кетті. Анасындай қамқор Балымның әлдеқалай кеш келсе де, ұйықтамай күтіп отыратынына да бұрынғыдай танданбайды.

— Айнаш, мен бір жұқа жаздық көйлек іздесем бе дейім,— деді ол жұмыстан кейін жанына келіп.

— Өткенде алмап па ең?

— Алсам не?! Тағы алам. «Керек тастың ауырлығы жоқ» деген. Жерде қалмас.

— Мейлің, өзің біл.

— Ал менің орнымда сен не істер едің?

— Ақшаны босқа шашпас ем. Жоғымды іздер ем, Меніңше саған лактелген туфли керек. Анау менікіндей, Театрға, тойға барғанда киетін,— деді Айнаш комбинаттан шығып, аялдамаға бет алғанда.

— Ту-у мен өздігімнен жөні түзуін табам ба?

— Жүр екеуміз қарайық.

— Шын айтасың ба, Айнаш?

— Иә.

— Рақмет саған.

— Несіне рақмет айтасың, Балым? Алған дәнеңең жоқ.

— Екеуміз барсақ, табатынымды білем ғой.

— Мен сені таксимен апарайын.

— Автобуспен де жетпейміз бе?

— Өзімізден аяп қайтеміз, Балым. Кеттік,— деді Айнаш жадырай түсіп. Ол көптен бері Балымды бір разылап, қуантсам деп жүр еді, соның реті енді келген сияқты.

Таксимен әр дүкенді аралай қыдырып, армансыз іздеді. Ақыры қаланың шетіндегі көпшілік бара бермейтін шағын дүкеннен әдемі қара туфлиді тапты. Балым оған балаша қуанып, үйге жеткенше күліп келді. Әлсін-әлі Айнашты құшақтап, шыр көбелек айналдырумен болды. Жолдан азық-түлік дүкеніне кіріп, ет, тәтті торт; шампан сатып алды. «Туфлиімді жуам»,— деп, Айнаштың — «Қой, оның керегі жоқ»,— дегеніне көнбей қойды. «Сенің қанша кітап, журнал алсаң да, мен үндемейім. Жүдә, мен адам емеспін бе?» — дейді ол еркелей бұртаңдап.

Жатақханаға кірер жерде оларға Абылай кезікті. Үстінде жылтыр балон плащ, ақ көйлек, қара галстук таққан. Өзі жалаң бас.

Балым оны сонадайдан танып:

— Ақын жігітті қара,— деді.

— О кім, Абылай ма?

— Қоңыр плащ киген... Әне, анау. Сен не танымай қалдың ба.

Балым езуін жиып ала қойды, бір түрлі үркектеп Айнаштың тасасына түсіп, тығылғандай боп келеді. Абылайды көрсе, абдырап, құты қаша бастайтынын Айнаш бұрын да байқаған, онысын тіптен қызық көретін. Осы қазір Балымның Абылайды сүйетініне көзі жеткендей болды. Абылай Айнаштың комбинатқа орналасқанын естіп,ертеңіне тауып алған. Өзінің «Үй құрылыс комбинатына» жұмысқа кіргенін айтқаны бар. Оның бер жағында бес-алты рет киноға да шақырды. Ақын болса да әңгімеге шорқақ, ебедейсіз, оқығаны да аз еді. Алғашында Айнаш сонысынан ұялар-ау деп сыр бермейтін. Кейде ол еркінен ше, Абылайды өзімен бірге мектепте оқыған балалармен салыстырып, мұның білімсіздігін, неге де болса шорқақтығын сезініп, қатты аяйтын. Бертін келе тіптен жиренетінді тапты. Әсіресе, Абылайдың өнер, әдебиет жәйлі ойының саяздығы қынжылтатын. Әлдеқалай өздері көрген киноның бірін әңгімелей қалса, ол:

— Мұның өзі тұнып тұрған өтірік. Артистердің ойыны ғой,— деп салатын. Өмірі бір киноны ұнатқан емес. Киноның бәрін жоққа шығару әдеті сияқты. Ал, ылғи бір сөзді ести беру кімді де болса шаршатпай ма? Айнаш онымен көрген кинодан қалжырап, ызаланып қайтатын ғой. «Мен қызбын. Менімен киноға барғансын, көңілімді аулап, елдің бәрі мақтап жүрген фильмді жоққа шығара бергенше, пікір алыспай ма? Жаман болса оған неге апарды? Жоқ әлде сонысымен білімдар бірдеңе білетіндігін сездіргені ме? Әй, соның ақылы аз-ау дейім», — деп Айнаш талай ойға қалған. Кейінгі кезде қанша шақырса да, бармайтын болды. Еркек біткеннің әдеті мұнда да жоқ емес. Көргісі келмейтінін сездіріп еді, соңынан қалмай қойды.

— Сәлематсыздар ма, Айнаш?

— А... Абылай, халың жақсы ма? — деді Айнаш жанынан өте беріп, жаңа көрген адамдай іркіліп.

— Шүкір.

— Неғып тұрсыз, кіріңіз.— Балым имене жол берді.

— Жо-жоқ... Айнаш, саған келіп ем.

— Кешір, Абылай, мен сабағыма дайындалушы едім Ешқайда бара алмайым.

— Ертең ше?

— Ертең де қолым тимес.

— Ертең демалыс қой.

— Рақмет, Абылай, қолым тимейді.

Айнаш оның жауабын күтпей, Балымды қолтықтап ішке кіріп кетті, Абылай күмілжіп қала берді. Балымның да, Айнаштың да әлгі бір көңілді шағы су сепкендей басылды. Бөлмеге келгенсін де екеуі үн-түнсіз шешініп, кереуеттеріне барып отырды. Сатып алған дүниелері үстел үстінде тұр. Бойкүйез осы бір тыныштықты бұзған Балым болды.

— Жүдә, обал... Қатты аядым. Жазығы не?—деді ол төмен қарап.

— Сеніңше не деуім керек еді?

— Білмейім. Жүдә, аянышты-ақ.

— Мен оны сүймейім ғой, Балым-ау.

— Дегенмен, киноға барсаң қайтетін еді.

— Алдай алмаймын. Жетті. Әбден асқынбай тұрғанда осының өзі дұрыс. Сен дем ал, Балым, мен шай қояйын. Қираған дүния жоқ. Қара жамылып қайтеміз,— деп Айнаш аса қатты қынжылмайтынын сездіре орнынан серпіле көтерілді. Ол әлі ешкімді сүймеген. Біреуді сағына күтіп, жүректің бұра тартып сыздайтынын, соның өзі адамды бірде тәтті ләззәтқа бөлесе, бірде өмірден түңілтетінін де білмейтін ғой. Кітаптан оқығаны, естігені бар. Әйтсе де өзі әлі басынан кешпеген. Абылайдың жан жарасын елемей өте шыққаны да сонан. Ай наш көңілінде осы қазір әлдеқандай бір ескі таныстан айрылғандай қимастық қана бар еді, шәйнекті алып, коридорға шыққанда о да ұмытылды.

Тамақ желініп, шай ұзақ ішілді. Қыз біткенде не көп, жаңалық, әңгіме көп. Абылай жәйі сол көптің көлеңкесінде көміліп қалды. Әңгіме аяғы сұйыла бастаған, ойға жаңа ғана екеуі сатып әкелген лактелген туфли оралды. Оның оралуы мұң екен, екеуі жадырап сала берді. Үстел үстінде ішілген астың ыдыс-аяғы жиналмай қалды. Балым енді қара туфлиге қай көйлегінің лайық екенін біле алмай абыр-сабыр. Шифоньер ішіндегі бүйірлі сары шамаданнан көйлектер шығып, орындық арқалығына, кереует басына ілініп қап жатты. Олар бір жеңілген жау елдің тулары сияқты енді. Ақыры ақ жаға қызыл күрең костюм көзге түсті. Айнаш «осы жөн білем» демей-ақ, Балым оны шешкісі келмей, айна алдында көлбеңдей берді. Тегінде жылтырақ сырға, сақииа, койлекке қызықпайтын қыз жоқ шығар. Шайдан кейін-ақ қолына кітабын алған Айнаш Балым киіне бастасымен бәрін ұмытты. Кітап кереует үстінде ашулы күйі жетімсіреп қалды. Табиғатынан талғампаз, әсершіл Айнаш Балымды билеп-төстеп:

— Косынка тартпа,— деді.— Жалаң бас жақсы.

— Басым тақырайып ұят емес пе?

— Түк те емес, осы дұрыс. Шаң-топырағы бұрқыраған ауыл көшесінде жүргендей болма.

— Жүдә, бір түрлі... Бұрымымды түйіп қойсам ше?

— Онда сен қазіргі жастарға емес, шалдарға, орта жастағы адамдарға ұнайсың. Үлкен кісілер соны тәуір көреді.

— Сен де айтасың-ау.

— Білмесем, айтам ба?! Ал, былай етсең,— деп ол Балымның бұрымын тарқатып, бұйралау маңдай шашын толқындандыра тарап қойды.— Төгілтіп жіберсең, жастар ұнатады. Қазіргі сән осы.

— Жүдә, қызықсың сен.

— Ұнай ма?

— Жақсы,— деді Балым жымыңдай күліп.— Мұның бәрін қайдан біле бересің? Саған не, шалдар ғашық болып па еді?

Айнаштың бұл күтпегені-тұғын. Ойланып қалды. «Шынында ылғи шалдар қарайды... Жас жігіт кезіккендей болды ма? Арада төрт-ақ ай өтті емес пе? Мектепте талай бала көңіл білдірген. Ұнатпадым. Астанаға келдім. Оқуға түсе алмадым. Енді, міне, жұмысшымын. Төңірегімнің бәрі қыз-келіншек... Әлі он жетідемін ғой. Кездесер да»,— дегісі келді оның. Әйтсе де, өзін-өзі іркіп:

— Жоқ, ғашық шалды білмейім. Еркек біткеннің қарағанынан сезем,— дей салды.

— Маған қайсысы дұрыс?

— Өзің қалай ойлайсың?

— Білмейім.

— Меніңше осының жақсы.

— Рас па?

— Иә.

— Біреу есік соқты ғой. ұяттағы,— деді Балым аптыға шашын кейін серпіп.

— Кіріңіз...

Ұзын бойлы ақ сары жігіт есіктен сығалады.

— Ұлықсат па?

— Кіріңіз,— деді Айнаш.

— Оһо!.. Киініп, дайын тұрсыздар ма? Қыздар, екінші қатардағы вестибюлімізде би болады. Бүгін сенбі. Сіздерді шақыра келдім. Бір жаққа барғалы жиналып жатырсыздар ма?

— Жоқ.

— Ә, онда дұрыс. Көптен-көп өтінем, келіңіздер биге.

— Рақмет. Уақытымыз болса, көрерміз,— деді Айнаш.

— Қыздар-ау, бүгін сенбі емес пе? Сенбі күні де қолдарың тимей ме?

— Сабаққа әзірленеміз.

— Ту-у, ертең күндіз не бітіресіңдер?

— Кір жуамыз,— деді Балым сықылықтап. Әп-әдемі киініп тұрғанда жігіттің кіріп келгеніне ол қуанышты еді, сонысын жасыра алмай күлім-күлім етеді. Жалына түссін бәлем дегендей қыз біткенге тән наз да бар.

— Өзім жуып берем.

— Сіз бе?

— Иэ, мен... Е, не, мен кір жуа алмайды дейсіздер ме? Әескер көже пісіруді де үйреткен. Ал жақсы... Келістік қой. Мен көршілес бөлмелерге соғайын. Студенттердей қағылездіктерің жоқ, әр сағаты есептеулі қайран жұмысшы халық-ай. Қозғалуларың неткен қиын еді, ә? Мына мендей елпекбай неге болмайсыңдар,— деп жігіт жымыңдай көзін қысып қойды.— «Ойыннан от шығады» деген. Оңтайы келген істі насырға шаптырып, өзім бүлдіріп алмай тұрғанда таяйын. Қыздар, мені ұятқа қалдырмаңдар...

Жігіт шығып кеткеннен кейін Балым сықылықтай Айнашты құшақтап:

— Барайықшы. Жүдә, біз де адамбыз ғой,— деді.

— Сен бар, Балым. Менің онша зауқым болмай тұр. Құдай ақы, шаршадым.

— Ең болмаса, төбе көрсетейікші. Сонсын кетерсің.

— Жаңағы жігіт кім?

— Ә... саған ұнап қалды ма?

— Жоқ, Балым, жәй білейін дегенім ғой. Өзі ділмәр екен.

— Комбинатта істейді. Инженер. Үйленбеген дейді. Жас емес, отыздың үстіндегі адам. Қалай, барамыз ба? —деді Балым Айнаштың жүзіне үңіле.

— Жүр.

— Киінбей осылай жүре бересің бе?

— Иә. Мен көп кідірмеспін.

— Сен киінбесең де сүйкімдісің. Осы қарапайым қызыл тоңыма костюміңнің өзімен де сымбаттысың,— деді Балым ңұрбысының көңілін аулай.

Қызыл тоқыма костюм мен қара юбка шынында да Айнаштың тал бойына құйып қойғандай жарасымды еді, аппақ мойны, жүзі, ұялы көзі Балымды ылғи да қуантып, бір түрлі еркелетіп тұратын. Қыздың құрбысына сүйінуі сирек қой, әйелдердей емес, оларда қызғаныш басым болады. Ал, мына Балымда Айнашқа деген шын сүйіну. Сонан да болар Айнаш құрбысының тамсанып кеп мақтағанын әлгі күнге бір шет көрген жері жоқ, оған іші жылып қалады. Құрбысына сенгені ме, ол тіпті айнаға көз қырын тастамады. Биге жастардың жиналатынын білсе де, шашын тарқатпады, сол желкесіне тостағандай етіп түюлі қалпы шықты.

Оларға коридорда әлгінде өздерін биге шақырған сары жігіт тағы кезікті. Аласа бойлы, ақ құба, бейтаныс бір жігітпен сөйлесіп тұр. Айнаш жігіттің қыр мұрынды, маңдайы жазық, көзі ұялы екенін аңдады. Плащ киіп, жағасын көтеріп алған, жалаң бас.

— Оу, жарқыным, шешінші-ай. Әкелші бері плащыңды. Би билейік. Неменеге асығасың? — деп жатқан сары жігіт Айнаштарды көріп, қалбалақтай қалды.— Міне, қарындастар биге шықты. Бол енді.

— Сәлематсыз ба? — деді Балым бейтаныс жігіттіңт қойып, Айнашқа тесірейе қарағанын аңдап.

— Есенсіздер ме?..

— Әй, батырекесі, мың толғанбай жүрсейші. Е, бәсе... Кәне плащыңды мен бөлмеге апарып тастайын.

— Жарайды, көп болмайым. Билерінді көрейін.

Айнаш мұнан арғы сөздерін естіген жоқ, қарсы алдынан құйқылжыта ойналған би әуені естіліп олардың даусын көміп кетті. Балым мәз-мәйрам, инженер жігітті әңгімелеп қояды. «Анау жігіт кімі, сонша жалынатыны несі?—дейді де, өзі қызық-ай»,— деп күледі. Қала берді Айнаштың құлағына аузын тақап, ыстық демімен қытықтай: «Мен биді жақсы білмеуші ем»,— деп қобалжиды. Коридорда екеуінен өзге ешкім жоқ болса да, сөзімді біреу естіп қалмады ма дегендей әлсін-әлі жалтақтай береді.

Кең вестибюль толы жастар. Жайшылықта бірер шамы мысық көзденіп, сығыраңдап тұратын ғой. Қазір барлық шамы да жанған, жап-жарық. Қызыл көйлек, қара костюм, ақ кофта киген әр түсті киімді қыздар мен қыршындай жігіттер. Төрде үш-төрт жігіт электро гитара, аккордной ойнап тұр. Аяқтарында сүйір тұмсық, бірегей қара лақ туфли. Шам жарығымен шағылыса жылт-жылт етеді. Өздері де бір орында тұра алмай, би әуеніне теңселе, құбылады. Бәрінің де желке шаштары күдірейе өсіп кеткен, әйтсе де, соның өзі жарасымды-ақ. Айнаш өз киімін қорашсынып, сәл ығыстап қалды. Берідегі баған түбіне кеп, қызықтай қарап тұр. Екеу-екеу билеп жүргендердің дені бір-бірін жақсы танитын жастар сияқты, жарқылдай күліп, жеңіл қалжыңдасады. Балым екі-үш рет билеп шықты. «Сен де билесеші, Айнаш»,— деп қояды. Айнаш болса ешкім шақырмаса игі еді дейді, тіпті сол биге зауқы жоқ. Ол манадан бері өзінен көз алмай бір шетте қағажу тұрған ақ құба жігітті де аңдамады. Әне, ол бері таман бет алды. Жақындап кеп, жүрегі дауаламағандай сырт айналып өтті. Айнаш оны көрмеді. Ұзын бойлы инженер жігіт те ортада, сымбатты, күміс шашты бір қызбен билеп жүр. Төңірегіндегілерге әлденені айтып күлдіріп қояды. Музыканың толас бір сәтінде ортаға шығып:

— Қыздар, жігіттер!.. Қуанышты хабарға бір сәт құлақ салыңдар! Республикамыздың жақында бір миллиард пұт астық беруіне байланысты осы кешті соған арнап отырмыз. Жеке өлең, би орындайтын дарын иелеріне арнайы сыйымыз бар! Бұл жәй би кеші емес. Бұл миллиард тойы! Кәне, ортаға кім шығады? — деді.

— Мен,— деп қалды гитар тартып тұрған бүйра бас қара жігіт. Іле өзі күліп жіберді.

— Неге күлесің? Шық!

— Кешіріңіздер, достар.

Бұйра бас жігіт қымсына ортаға шықты. Микрофонның ащы ішектей шұбатылған сымын сүйретіп, ұзын жігіт оның қасына барды.

— Иә, не айтасың?

— Мен бе?

— Иә, сен болмай кім? Мен деймісің? — деді кешті басқарып жүрген жігіт төңірегіне «мынау не деп тұр, халайық, түсінемісіңдер» дегендей таңдана қарап. Жастар ду күлді.

— Жарайды, айтайын.

— Не айтасың?

— Өзім білем, микрофонды бері берсейші. Тас кенедей жабысып айырылмайсың ғой...

Адамның шат-шадымнан кезінде не болса сол күлкі шақыратын әдеті емес пе?! Жиналғандар тағы жамырай күлді.

— Бер... Серік, бер. Айтсын.

Гитарист жігіт микрофонды қолына алды.

— Жігіттер, қыздар! Мен бүгін бақыттымын. Әкем менің комбайнер. Миллиардта оның да үлесі бар. Мен міне, жұмысшымын.

— Болдың ба?

— Жігіттер-ау, «болдың ба?» деп ауыздан қақпасаңдаршы,— деді қара торы қыз арадан киіп кетіп.— Жаман әннен дәмді сөз артық. Тыңдайық та. Мереке жалынды сөзсіз бола ма?!

— Күләш қарындасым дұрыс айтады, сөйлесін. Жігітім, қысылма.

Бұйра бас жігіт жүзі күреңіте қипақтап:

— Айтпағым ол емес еді, достар. Ағымнан ақтарыла сөйлегім-ақ келеді, амал не, сөзге шорқақпын. Көкейімде сайрап тұр. Ауыздан шыққанда құты қашады-ау деп жүрексінем. Мынау бір өзі қызыл сөзге әуене, желөкпе жігіт екен демессіздер. Адалымды айтайын. Бұл ерекше, теңдесі жоқ кеш. Менің сіздерге берер бір сауалым бар.

— Иә, о не? Сұра?

— Астықтың бағасы қанша, білемісіңдер?

— Білеміз...

— Нан дүкенде он алты тиын,— десті жиналғандар бұның керегі не еді дегендей таңдана, енді бірі қыжақтай күліп.

— Астық дүкендегі он алты тиынмен таразыланбайды. Өйткені онда жұмысшының да, шаруаның да, интеллигенттің де, өнер иесінің де үлесі бар. Бидайдың әр түйірінен мың миллиондаған адамдардың маңдай терін, ұйқысыз өткен түндері мен ыстыққа күйіп, суыққа тоңған күндерінің белгісін көруге болар еді. Астықтың баға жетпестей қымбаттылығының өзі осынысында. О да жас сәбидей мәпелегенді ұнатады. Уақытылы суғарып, арам шөбінен тазартып отырса — астық көз қуанта құлпырып, еңбегіңді еш етпейді. Ізетті, тәрбиелі баладай қайырымды. Миллиард атты сол ұлы мәртебелімнің алдында қалпағымызды алайық, достар! Ол — астық қой!

— Болдың ба?

— Болдым. Рақмет.

Көпшілік дуылдаса түсіп барып, дүркірете қол соқты. Оркестр туш ойнады. Серік аталған ұзын жігіт қолына микрофонды қайта алып, самбырлап қоя берді:

— Сөз орынды. Тек кешті жиналысқа айналдырып жібермесендер екен дейім. Ән, би керек. Соны ұмытпағайсыздар, жігіттер!

Би биленді, ән айтылды. Әйтсе де, ең үлкен байрақ бұйра бас жігітке тиді, ол — жиналғандардың күтпегені еді. Дәу қорапқа салған қомақты нәрсені жігітке тартқанда бәрі оны құттықтап қоршап алды. Ұтқан жігіттен сауға сұрап, әзілдеп жатқандар да бар. Гитарист жігіт күле жүріп, қорапты ашты. Оның ішінен тағы да қорап шықты. Аша-аша келгенде түбінен жұдырықтай жалаңаш қуыршақ көрінді, оған бәрі күлді. Айнаш та, Балым да мәз-мейрам.

Көпшілік би де басталып кетті. Айнашты шомбал, шашын желбірете түсіріп жіберген қара жігіт биге шақырды. Көңілі соқпаса да, амал жоқ, ортаға шықты. «Қарындас, есіміңіз кім?» — деді әлгі жігіт бөксесін бұраландата бір орнынан қозғалмай тұрып. «Айна?..» «Жақсы есім. Танысуға болатын қыз екенсіз»,— деп қойды, жүгіріп келе жатқан адамдай екі қолын оңды-сол сермеп. Айнаш мысқылды езу тартқаны болмаса, онысын елең қылмады.

— Мен политехникалық институтта оқимын. Есімім Мұрат. Осында таныс бір жолдасыма келіп ем. Сіздей хор қызын кездестірерім деп ойламағам. Күл-күбірдің ішінде раушан гүлі өсетінін көрдім,— деп езу тартты. — Оркестрлері премитив, но ничего. Терпимо. Мен сізді ресторанға шақырам. Ертең сағат жетіде Опера театрының алдында кездессек қалай болады?

— Қажеті жоқ.

— Неге?

— Оқыған жігітсіз, түсінетін шығарсыз?!

— Маған өзіңізді тең көрмейсіз ғой, солай ма? Түсінікті... Қазір министр болғанмен менің әкем де ауыл баласы. Ол сіздей қызбен уақыт өткізгеніме қуанады. Құп алады.

— Мен сізді ендеші «құп» көрмейім.

— Қыздың осындай батылдығын ұнатам. Келесі биге де сізді шақырсам дейім.

Айнаштың бұл күтпегені еді, қатты қорланды. Әншейінде ойына не бір өткір сөздер түсетін, осы қазір шиыршық атып кейігеннен бе, өз-өзінен тығылып, ештеңе айта алмай қалды. Биден кейін үн-түнсіз орнына келіп тұрды. Әрине, келесі биге онымен шықпады, ана жігіт жақындай бергенде, Балыммен билеп кетті. Сөйтіп екі-үш би биледі. Жалбыр шашты жігіт енді жанына кеп тұрды. Қасында сақалды, өзінен айнымайтын сары жігіт бар. Оған әлденені меңзеп, қызулана түсіндіріп жатыр. «Балымды сен шақыр»,— деп тұрғанын сезіп Айнаш болмесіне кетіп қалмақ болған, жаңа би әуені тағы да құйқылжи төгіле жөнелді. Мұрат аталған министр баласы алдына кеп тұра қалды. Сол-ақ екен тағы бір жігіт арадан килікті. Айнаш иг істерін білмей, шегіне берген, әлгінде Балым екеуі коридорда көретін бейтаныс, кетпек боп асығып жүрген жігіт те кеп:

— Ғафу етіңіз, сізді биге шақыруға бола ма? — деді жасқаншақтап.

— Сіздің ұятыңыз бар ма? Мен шақырып тұрмын ғой.

— Кешірерсіз, бәріңнен бұрын мен келісіп қойғам,— деді Мұрат екі жігітті де иығымен қаға ығыстырып.

Айнаш әлгі бір ызасының есесін қайтарар сәттің туғанын сезіп:

— Кіммен билеу менің еркім шығар?—деді.— Қалай ойлайсыздар?

— Әрине, қарындас.

Мұрат пен сақалды жігіттің арасыиан өтіп, кекселеу аққұба жігітке көз тоқтатты. Қапелімде мұны күтпеді ме, бейтаныс жігіттің жүзі қызыл күреңіте түсіп, қалбалақтай қолын ұсына берді. Анау екеуіндегі жастық жалын, батылдық мұнда жоқ. Отыздан асқан жігіт екені білініп тұр. Қазіргі елірме биден гөрі сабырлы, сазды әуеннің әлдиімен қалықтай дөңгелене билегенді тәуір көреді. Бұдан он жыл бұрынғы би. Бір-екі рет Айнаштың жеп-жеңіл дөңгеленгеніне ілесе алмай, аңсыз аяғын да басып кетті; онысын сезбегенсіп, би соңынан: «Сіз вальсті тәуір көресіз бе?» — деді. Іле жауабын күтпестен: «Штраусты мен қатты ұнатам»,— деп қалды. Онысы өзінің биден көп хабары барын сездіргені екенін Ай наш білсе де, байқамаған, аңғал қыздың райын танытып:

— Иә, мен де ұнатам,— деді. Тегінде жасы келген жігіт атаулы жас қызбен танысқанда білімдарлық танытуға әуес. Сол өнерді жетік орындамаса да, мол хабары барын сездіріп бағады. Тіпті сонысына өзгеден бұрын өзі сеніп те кетеді. «Бұ да сөйтер ме екен?» — деп ойлаған Айнаш жігіт сөзінің соңын күтті. Он жетідегі қыздың өмірден түйгені, көзге түсе бермес ұсақ-түйек осындай тірліктен ұғып, тоқығаны аз болмайды. Олар сол арқылы адам мінезін таразылау жағынан алымды келеді. Сонан өздері қателеспейді де. Мына жігіт те Айнаш құрған шағын торға көп ұзамай топ етіп түсе қалды.

— Қазіргі жастардың кейі вальсті түсіне бермейді. Студент кезімізде біз фокстрот, танголарды есіміз кеткенше билеуші ек. Мынау сияқты кештеріміз ғажап көңілді өтетін,— деп ол тіпті мақтанып кеткенін байқамады.

— Сіз студент емессіз бе?

— Біз студенттіктен өткелі қашан. Мені сіз қаншада деп ойлайсыз?

Айнаш қымсына езу тартып, қанша жас берерін білмей, қиналған болды, сәл іркіле түсіп:

— Жиырма алтыда шығарсыз? — деді.

— Бәлі... Жасартып жібердіңіз ғой.

— Мен қайта сізге көп жас бердім бе деп ем.

— Жоқ... Мен отыз бірдемін.

— Қойыңызшы? Әзіліңіз шығар.

— Рас, отыздан астым. Ғафу етіңіз, мен өзімді таныстырмаппын ғой. Менің атым — Әділхан. Фамилиям Ғалымбетов.

— Мен Айна Хасановамын.

— Сізбен танысқаныма қуаныштымын, Айна. Ғажап билейді екенсіз,— деді Әділхан.

Сонан кейіп өзінің дәрігер екенін, осында зерттеу институтында істейтінін де айтты. Айна да өзінің қалай ашылып, сырласып жүре бергенін андамады, бар өмірін еш қаяусыз алдына жайып салды. «Кейін өкінермін-ау, бір көрген адамға осынша ақтарылғаным қалай?» — демеді. Күлімдеген жігіттің шуақты жүзінен жаны жылып, дөңгелене билеп жүр. Дүниеде екеуі ғана, өзге тірі пенде жоқ, айнала бір қызыл нұр. Сан құбылып көгілдірленіп кетеді. Енді, міне, сол мөлдір таң арайындай таза, тұп-тұнық дария бетінде қалқып барады. Үлбіреген алқызыл ерні раушан гүліндей шықтана ашылып кеткен, тұп-тұнық бота көзінде ине жасуындай жылт ойнап, сәулеленіп қоя берді. Өзеннің арғы бетінен: «Айна, мен сені тағы қашан көрер екем?» — дегендей үні талып жетті. «Білмейім»,— деді, онысы да рас. Қайдан білсін. «Айна, сенің дүниеде барынды мен неғып білмегенмін. Құдай-ау, соқыр ма ем, көрмегенім қалай?» — дейді ол. «Иә, шынында, бұрын неғып кездеспегенбіз?» — деп Айнаш та таң...

Би соңынан бөлмесіне қайтып келгенсін де ол осы бір тәтті, шырын сезімнің әлдиінен шыға алмады, Балымның өзі билеген жігіттерге берген бағасына да, сықақтай күлгеніне де елікпеді, көріп отырғаны болмаса, байыбына жетіп, ұқпай-ақ қойды. «Ертең сені Университет алдынан күтем», – деді-ау. «Жоқ, келмеймін» деудің орнына «мақұл» дегенім қалай? Лекциям бар емес пе? Оны қайтем? Өзі қызық... Сәл қабағымды шытсам, абдырап, құты қаша қалады. Көзі әдемі. Күлімдегенде ет-жүрегің елжірейді. Кісіні тыңдай да біледі. Не айтсаң да сенеді, сәби сияқты. Ертең... дейді. Ертеңге дейін жиырма төрт сағат. Қандай ұзақ уақыт...»

— Саған не болған, Айнаш? Жүдә, сен күлетіндей ештеңе айтқам жоқ қой,— деді Балым таңдана құрбысының жүзіне үңіле түсіп.

Айнаш оны да естімеді.

* * *

— Құдай біледі... Мұрным қышып, коньяктың иісін сезіп келем. Жақында той болатын-ақ шығар,— деді әлгінде ғана жастар кешін өткізген ұзын жігіт қасындағы аласа бойлы досына бұрылып.— Әділхан, неге үндемейсің?

Көшеде кісі аяғы сиреген. Тротуар жиегіндегі шамдар жарқырай жанып тұр. Түн жартысы ауып барады. Дала қоңыр салқын. Екеуі жатақхана алдында жүргелі де екі-үш сағат өтті.

— Серік, мені осы қазір жалғыз тастамашы. Біздікіне барайықшы,— деді Әділхан досының жеңінен тарта тоқтатып.— Әңгімелесейік. Отырайық. Ертең сенбі ғой.

— Әңгімеміз таусылған жоқ па? Енді не айтамыз!

— Өтінем, достым.

— Әй, сен өзі ғашық боп қалғаннан саумысың?

— Білмейім, Серік.

— Иә, онда шаруаң біткен болды.

— Серік...

— Мақұл, Әділхан.

— Мен мынау таксиді тоқтатайын,— деп Әділхан көкшіл шамы жылт-жылт етіп келе жатқан машинаның алдынан, тротуарды қиялай отіп, қарсы жүгірді.

Ол биыл ғана аспиранттар жатақханасына орналасқан. Әкесі мен шешесі елде, үлкен ағасының қолында еді, әлі бұған үй тауқыметі түспеген. Институт бітірісімен әскери дәрігер боп кетіп, алты жыл жүріп өткен жылы ол міндетінен босанды. Онда да атақты бір көз дәрігері, хирург: «Әділхан, айнам, сен дарынды хирургсің. Саған оқу керек. Әскерде көзі ауыратын аз. Кілең зіңгіттей жігіттер. Ал, хирург үшін жұмыссыз қол қусырып отыру — өліммен тең. Қарайып қаласың. Күйшілер, пианистер, күндегісін-күнде қолым ісін бесінші деп жаттығады. Сенде ол жоқ. Есіңде болсын, хирургке де сол жаттығу ауадай қажет. Оның да қолы ісінеді, ебі кетеді. Сен оны білесің ғой. Менің тілімді ал»,— дегені бар. Көмектескен де сол кісі. «Республикалық көз-ақауын зерттеу институтына» кепілдеме беріп жіберген де, орналастырған да өзі. «Тақырыбыңды бекітіп ал да, аспирантураға сырттай оқы»,— деді,— Операциядан қол үзбе...»

Серік мектептес досының осы жәйін білетін. Аспиранттар жатақханасындағы оның шағын бір жазу столы, кереует, тумбочка, кітап қоятын сөресі бар шаршы бөлмесіне келгеннен кейін жайлана отырып:

— Профессор досыңнан не хабар? — деді.— Ұмытып кеткен жоқ па?

— Ол кісі тамаша адам ғой. Міне, кеше ғана хат алдым.

Әділхан есіктің қайрылысында тұрған қоңыр шифоньерді ашып, әлгінде өзі ілген костюмнің ішкі жанқалтасынан қомақты хат алды, алды да, сәл іркіліп:

— Тұра тұр, Серік, асықпа,— деді.— Сен онан да маған қолқабыс ет. Анау жазу столын бері, ортаға тарт. Үстіндегі қағаз, кітапты керуеттің үстіне тастай сал. Міне, солай... Сигарет жата берсін. Қазір тартамыз ғой. Настольный шамды да жақ. Бүгін бір жарқырап тұрсыншы.

Әп-сәтте стол үстіне коньяк, екі рюмка, стакан, дөңгелете туралған колбаса, нан, сары май кеп орын тепті. Екі литрлік үлкен термосын әкеп қойды.

— Кофе ішуге қалай қарайсыц?

— Анадан кейін ішпей болмас та.

— Мүмкін шай қоярмын?

— Қажеті ие, Әділ?..

— Мақұл. Айтқаның болсын. Менің бөлмем жылы. Анау костюміңді орындық арқалығына іліп қой.

— Жылы емес, ыссы ғой.

— Солай ма? Ендеше галстугіңді шеш. Орындығынды бері жақындат. Міне, солай.

— Оу, мынауың тіпті төрт жұлдыз ба?

— Айтпақтайын менде бір қорап шоколад бар.

— Е, оныңды қоя тұр. Кісісіне берерсің,— деп Серік құпиялы күліп еді, Әділхан қайтпады. Стол үстіне әкеліп ашты.

— Оған да табылар. Несібесіз емес шығар.

— Иә, сонымен, Әділ, не үшін ішеміз?

— Не үшін дедіңіз-ау... Қазақ қызы үшін ішейік.

— О да жөн. Жалпы қыз-келіншектер үшін!

Жасы келген екі бойдақ рюмкаларын жеделдете екі-үш көтеріп тастады. Бұлардың анау балауса мінез студенттерден бір айырмашылығы лепірмелігі жоқ. Кеуделемей, сабыр сақтай отырады. Әңгімелері де жүйелі, ортадағы «ащы су» жалыны аз оттың тамызығы тәрізді. Сөз аяғы сиырқұйымшақтана бастаса ғана көтереді. Онда да індете ішпей, жарым-жартылап қояды. Көбіне-көп кофе кетіп жатыр. Әділхан профессор хатының бәрін бірдей оқымай, өзіне иек артқан, сенім білдірген тұстарын шалып өтті. «Операция үстінде сен пианист сияқтысың. Дүниені ұмытасың. Әйтсе де, алдындағы адамның бар тағдырына өзіңнің жауапкер екеніңді бір сәт те есіңнен шығармайсың, балам, мен сені сол үшін құрметтейім,— депті профессор.

— Кел ендеші, сол профессор үшін алайық!

— Мақұл, Серік!

Сел қыза түскен Әділхан енді бұл сөздің түп-төркінінде не барын, тегін айтылмағанын әңгімелеп кетті.

Шын ғашық адам сыршыл келеді, бүкпептайы да аз. Өткенді де ұмытпайды, ептеген өзіне-өзі сүйіну, мақтаны аралас жүреді. Ол бір қазандық астындағы, күл арасында жатқан шоқ тәрізді; жел тимесе, үрлемесе, қозбайды. Айнаш көлденеңнен соққан сол бір дүлей болмаса да, әзірге соны жандандырып, ұшқындатып кеткен екпінді, көктем желі — алтын күрек еді, оны Серік сезіп отыр. «Серік, біздікіне барайықшы. Жалғыз тастамашы»,—дегенде-ақ ол досының жәйін ұққан. Қазір де Әділханды үнсіз тыңдап, тізгінін өзіне беріп қойған. Әйтеуір талай жерді шиырлап, ай далаға маңып, қаңғалақтап соған қайтып келерін біледі.

— Есіңде ме, Серік, баяғыда менімен бірге Тамара деген қыз оқыды ғой? — деді Әділхан екі бетінің ұшы қызғылттана түсіп.

— Деканның қызы ма?

— Жо-жоқ. Сен шатастырып отырсың. Ол ақылды қыз. Мынау атақты профессор, медицина ғылымының докторы Арнутовтың жалғыз қызы. Қалайша білмейсің?

— Оу, жарқыным-ау, мен сенімен бірге оқығам жоқ қой. Студенттік кештерге, онда да өзің шақырғанда келетінмін. Тоқтай қал... Анау қасы, көзі қап-қара, өзі аппақ тәкаппар қыз ба? Пай-пай, қандай әдемі еді. Ту-у, үріп ауызға салғандай болатын. Бүгінгі қыз да сондай ғой, байқадың ба? Жалпы сенің талғамың жаман емес.

— Әзіліңді қоя тұршы.

— Иә, не болды? Қайда? Күйеуге шығып па?

— Жоқ, өлі шықпапты,— деді Әділхан ойлана төмен қарап. Ізінше басын жерден көтеріп алды. Сигареттің бірін алып, асықпай тұтатты. Құшырлана сорып, сезін онан әрі жалғады.— Институтты бітіргеннен кейін, осында аспирантурада қалған. Әкенің арқасы емес пе. Жақсы оқыған дәнеңесі жоқ-тын... Міне, алтыншы жыл. Әлі кандидаттық қорғай алмай отыр. Қазіргі мен істеп жүрген зерттеу институтында. Тәжірибелі дәрігер саналады. Ал, шынын айтсақ, ол дәрігер емес. Мейлі білімі болсын бәрібір. Тамара актриса немесе маникенша десе, мен соған сенер едім. Бірде бізге алыстағы ауданнан жас келіншек кеп түсті. Көзіне операция жасау қажет екен. Аса қорқынышты, күрделі операция емес еді. Әрине ондайға дәрменсіз хирургтар құштар келеді. Пәлен операция жасадым деп, санын көбейтсе болғаны. Тамара мен жасаймын деді де, профессордың келісімін күтпестен іске кірісіп кетті. Профессор: «Мына жаңа келген әскери дәрігердің аяқ алысын көрейін, сіз тұра тұрыңыз»,— деген, ренжіп қалды. Тамараның көңілін қимады да, екі күн өтпей, профессор: «Сізге де жұмыс табылар»,— деп, менің арқамнан қағып, ақыры соның айтқанын істеді. Маған бәрібір. «Бұйырғанын көрермін»,— деп жүре бердім. Сен өзің де білесің, мен Тамараны сүйемін ғой. Арада алты жыл өтсе де, алғаш көргенде қатты қуанғам. Ол мені мен сөйлеспейтін. Әйтсе де, сүйетінімді біледі. Шынын айтқанда, ол мені менсінбейді, кездесе қалсақ, алдында адам емес бір... қалай десем болар, құмырсқа жорғалап бара жатқандай жоғарыдан қарайтын. Кейін мен де суындым... Мен сені жалықтырып жібергем жоқ па, Серік? Мынадан алсақ қайтеді?

— Жо-жоқ, осы жетеді. Әңгімеңді айта бер.

— Қысқасы Тамара криоэкстракция жасады.

— Онысы не еді?

— А, иә сен түсінбейді екенсің ғой. Криоэкстракция деген болашақ операцияның қалай істелетіні жәйлі қысқаша жоспар. Операцияның барысы қағаз жүзінде жасалады, рет-ретімен жазылады. Журналда жоспарланады.

— Ә, енді түсінікті. Иә, сонсын...

— Операция өтті. Келіншек көзілдірікпен көретін болды. Былайынша бәрі де сәтті сияқты. Шынында солай ма? Жоқ. Келіншектің көзі операцияның сәтсіздігінен қыли боп кетті. Енді оны түзету қиын. Профессор қатты ренжіді. Тамараға ауыр-ауыр сөздер айтып, ұрсып тастады. Сол күні менің операциям еді. Аса қиын еместі. Әйтсе де, дәлдікті, шап шандықты қажет ететін, күрделі іс болатын. Профессор ғана емес, барлық хирургтар жиналды. «Әскери дәрігерді іс үстінде көреміз»,— деп жүр. Бұ жағы Тамараның сәтсіздігі әсер етсе керек. Ирридоктомия жасағанша өзіме-өзім келе алмадым.

— Ол не еді?

— Ирридоктомия — көздің шұғылалы қабығын тіліп жіберіп, терезе жасау деген сөз. Сонсын шприцпен хрусталикті аласың. Шприцтің ұщында суықтық, аяз болады. Сол хрусталикті іліп алады. Адам көзінің көмескі тартуы сол қарашықтың бетіндегі қабыршақ — хрусталиктің тозып, буалдырлануына байланысты. Хрусталикті ұясынан алып тастағаннан кейін, адам көзілдірік арқылы көретін болады. Жалпы қарашық бетіндегі хрусталик сәулені бір нүктеге жинақтауыш міндетін атқарады.

Операция басталып кетті. Маған бастау қиын. Бастасам болғаны, бәрін ұмытам. Жанымда тұрған профессорды кейін ысырып, дүниені мүлде ұмыттым. Жинала қалған хирургтердің ішінде кәрі әйел дәрігер бар еді, әлгі қараңыздар... Ғаламаттай еппен, қалай-қалай жасайды, о? Қолы-қолына жұқпайды. Міне нағыз класс!» — деп айқайлап жіберді. Соның даусы қуат берді ме, желпініп кеттім. Ту-уф, бұл бір ғажап шабыт болды. Операцияны бітіріп, медсестраға қолғабымды шештіріп жатқам, профессор Михаил Александрович хирургтерді шұбырта ілестіріп, қасыма жетіп келді. Құшақтап шал бетімнен сүйді. Коридорға шыққаннан кейін өзі шылым ұсынды.

— Міне, мынау нағыз спектакль,— деді ол күлімдеп.— Жігіттер, менің айтатыным осы ғой. Шабыт, шабыт керек деп. Жарайсың, Әділхан!

— Иә, тамаша!

— Менің айтайын дегенім бұл емес еді, Серік. Тамара жәйі болатын. Олақ істелген операциясына қынжылар дегем. Өйтпеді. Ол анау әйелдің кемтарлығына қиналмай, өзінің беделін ойлап қынжылды. Сол мені қатты түршіктірді. Дүниеде ғажап аз ба? Ол мені сүйетінін сездірді. Бірде мен ойын-шыңды: «Маған осы қара шашты қыз ұнайды»,— деп ем. Ертеңіне алтындай төгілген әдемі шашын бояп келді. Ойбай-ау, кофеміз суып қалды ғой. Қайта құяйын, Серік.

— Мен болдым, Әділхан. Кел, достық үшін алайық.

— Мақұл.

Ол рюмканы аяғына дейін көтеріп тастады. Тыжырына шоколадтың бірін аузына салды, енді бірін өз қолынан досына ұсынды.

— Серік, сен Айнаны білемісің?

— Ол кім? А, иә, әлгіндегі жатақханадағы ма?

— Иә, сол.

— Білмейім. Бүгін ғана көрдім. Сен көрген жерде тіліңнен айырылып қалдың ғой.

— Рас... Бір көргеннен сүюге болады дегенге сенбеуші ем. Нигилист екен деп ойлама. Шын айтам, осы қазір де соны ойлап отырмын. Көңіліңе келмесін, жаңағы әңгімелердің бәрін құлықсыз, тәбетсіз жеген нандай жәй езгілеуім сонан.

— Сездім оныңды, Әділхан. Бір жерге шақырмадың ба?

— Шақырдым. Кім біледі келе ме, келмей ме? Ол тіптен жас екен. Он жетіде, мені өзің білесің отыздың үстіндемін.

— О да саған «кет әрі» көрінбейді.

— Білмейім. Қолыма тисе, аспирантураны да, бәрін де сонын, жолына сарп етер ем.

— Талай естіген сөзім.

— Жо-жоқ, құдай-ақы шыным.

— Ойбай, қойдым,— деді Серік сахнаға жаңа шыққан жас актердей орынсыз, сөлекет қолын сілкіп. Тіпті қалбалақтай тұрып та кетті.— Жылап жіберсең жұбата алмай жүрермін.

— Жылап жіберсем де, еш айыбы болмас еді. Нансаң бар ғой, осы қазір дүниеде менен бақытты жан жоқ. Байтақ жатқан ғаламды құшағыма сыйғызардай көрінем. Мынау қараңғы түн де, тіпті сенің жатақханаң да ерескше, сұлу ыстық тартып жанымды жылытады. Әлгін де көшеге шыққанда мен аспанға қарап, жұлдызды да жаңа көргендей болдым... Неге күлесің-ей, оңбаған? — деп Әділхан Серікке бас салды. Иығын жұдырықтап, құшақтай жауырынынан қақты.

— Жә, жә қойдым. Мұндай күйінді көрмеп едім, сендім сөзіңе, достым. Бар ғаламды қайтесің, құшағыңа бір қызды сыйғызып, ұстай алсаң да жетер.

— Мен сыйғызармын-ау, тек ол сусып шығып кете ме деп қорқам. Сол үшін алайықшы, Серік.

— Мейлің...

Екі дос бірін-бірі жаңа көргендей рюмкелерін көтеріп тұрып қалды. Терезе шынысының көгілдірленіп, таң қараңғысының түріліп келе жатқанын олар аңдаған жоқ.

Алтыншы тарау

Шыны екеш шыны да, мың күн сынбай бір күн сынады екен де. Әлгінде ғана совхоз орталығындағы туыстарында қонақ боп қайтқан Рәзия мен Дәулет «ища» десіп, тілге келісіп қалды. Бұған дейін күйеуі іштей мүжіліп, ғашықтықтан сарғайып жүргенін сезсе де, Рәзия түс бермей келген. Үйге жақындағанда елікті әңгімелеп, есіктің алдындағы бәйтеректі құшақтап мас болғансып терең күрсінгенде шыдай алмай:

— Балаң өліп пе еді, қара басқыр, не көрінді саған,— деді — Жетті, ғой, тәлкегің? Өліп бара жатсаң, соңынан неге кетпейсің?!

— Қайда ол... Еліктің лағы... Құралайым. Сен, сен қатын оны үркіткен!

— Өй, шіркін-ай, емешең сол Құралайға құрып барады деген. Жоқ!.. Сен директордың қызына ғашықсың. Неменесіне көлгірсисің. Әдірем қал, еркек кіндіктің ақыры сен болсаң да!

Рәзия сырт айналып, жүгіре басып үйге кіріп кетті. Дәулет терек түбінде қалтиып тұрып қалды. Бұ жақта қыс ерте түседі. Азаннан бері төпей жауған салқын жаңбырдың аяғы осы қазір ақ көгершін жүніндей қылауға айналған еді. Әне, үйге кіріп, есікті жауып алған Рәзия шам жақты, терезеден түскен шам жарығында алғашқы қар қырбығы ақ көбелектей қылаңдап жерге қонып жатыр. Дәулет бәйтеректің төменгі бұтағында байлаулы тұрған Айнаштың қызыл бантигін ақырын сипап, жазып қойды. Көңілі құлазып, жүрек түкпірі әлде неден қатты сыздап кетті. Соңғы кезде бір байқағаны арақты өлердей көп ішсе де, бұрынғыдай мас болып, жаны сергімейді, еңсесін басқан қайдағы-жайдағы түсініксіз күйзеліс, жүрек қыжылы онан әрі жүйкелетіп бітеді. Рәзия ащы айқайлап, жылап жіберсе, бұл шыдай алмай соны жұбатқанша асығатын, қуырдақ боп қуырылып, өліп кете жаздаушы еді, осы қазір ол селт еткен жоқ. Онысына да таң. Мүлдем суынғаны ма? Қайткені? Өмірі Айнашқа цолы жетпесін білмей ме? Бұнысы несі? Тіпті қорықшылықты тастасын-ақ. Сонда не істейді? Иә, сонда бітірері не? Дұшпаннан да, жаман көршіден де көшіп кетсең құтыласың. Ал, өзіңнен-өзің қайтіп құтыласың? Қайда қашасың? Тау да, тас та, ел де са ған пана бола ма? Рәзия соны неге түсінбейді. Бұл дағдырды Дәулет тілеп алып па? Ақылға жеңдір дейтін адамның қалауы емес қой.

Ол ауыр күрсіне, басын жерден көтерді, бетіне мұздай қар қылауы тиіп, қытықтай еріп жатыр. Күректей жап-жалпақ күсті алақанымен бетін сипады, тырысқан қабағы жазылып, алаулаған жүзі шым-шым салқын тартты. Қатты тістенгеннен бе, жағы сыздады. Аяғын сүйрете басып үйге бет алды.

Рәзия кереует үстінде, етпеттей құлаған күйі солқылдап жатыр. Дәулет асықпай етігін шешіп, қасына барды. Плащын есік қайрылысына ілмей, кіре берістегі орындық арқалығына тастай салды. Басындағы фуражкасын терезе алдына қойып:

— Не істедім саған, Рәзия,— деді қырылдай.— Жаман ырым бастама. Бетінді жапқаның не қылғаның. Қайт дейсің маған?

Келіншегі жауап қатпады. Көкшіл крепжержет көйлектің жауырын тұсы ұп-ұсақ дірілдеп барып басылды. Әйтсе де, ақ құс жастық үстінде шашылып жатқан мойыл қара шаш жиналмады. Дәулет еңкейіп оның басын көтерді. Қолының жұмсақ сыртымен көз жасын сүртіп, әтір иісі шыққан құлақ түбінен сүйді. Рәзия ырқына көніп, ақ білегін мойнына артты.

— Қой енді, қойсайшы... Бала емессің ғой, Рәзия,— деді Дәулет күбірлеп.— Не жаздым мен? Түсінсейші...

Жетінші тарау

Жатақханадан шыққанда күн жылы сияқты еді. Автобус аялдамасына жеткенше азынаған өкпек жел жеңінен, жағасынан суық саусағын жүгіртіп, кәдімгідей тітірендіріп жіберді. Балым түбіт орамалыңды тарт дегенде тіл алмай, ақ тоқыма телпегін киген, енді соған опынды, жағасын көтеріп, қанша қымтанса да күздің қара суығы құлағынан атып, ұшырып барады. Аялдамаға да кісі біраз жиналыпты. Бәрі бүрсеңдеп тұр. Айнаштың үстінде қоңыр пальто. Екі-үш өзіндей жас қыздар плащпен шыққан екен, еріндері көгеріп, жақ жүндері үрпиіп қалыпты. Балым болмағанда Айнаш та осылардың кебін кигендей-тұғын. Сәл басы ауырып, тұмауратқансын кешелі-бері ол үйде жатқан, ертеңгісін баласын мектепке аттандырған анадай шай қойып, Айнашқа: «Ананы ки, мынаны таста»,— деп, мазасыздана шығарып салды. Пальтоны кигізген де сол. «Ауырып жүр ғой. Ренжітпей дегенін істейінші»,— деді-ау ол қиналып сонда. «Балым... Балым, жаның сенің неткен кең еді. Саған да мен ұялмай қабақ шытам-ау. «Абылайды бөлмеге шақырма. Сүйсең де, өзіңді-өзің ұстай біл. Аяғына жығылған болма»,— деп едім, ренжідің. Ойласаңшы, соның жөн бе? Қадіріңді кетірмесейші. Әзір ол сені сүймейді. Көрмейсің бе? Енді, міне, сол Абылай мен қыдырасың. Жер соқтырса, қайтесің»,— дегенмін, өкпеледің. Әйтсе де, сол өкпеңді ұмытып, мені қамқорлай, шығарып салдың-ау. Төсегіңнен тұрып кеттің. Мүмкін менікі жөнсіз шығар. Абылай сен ойлағандай адал да болар, кім біледі. Тек маған оның саған қарағаны ұнамайды. Тым еркін көрінеді. Сонысынан шошынам».

Автобус келіп Айнаштың көңілі бөлініп кетті. О да көппен бірге есікке ұмтылды. Таласа-тармаса ішке кірді. Үш-төрт адам есікке кептеліп, ұрсысып жатыр. Қабақтары қатулы. Айнаш солардан ығыстап, терезе алдына кеп тұрды. «Осының бәрі мынау көңілсіз күздің суықтығынан-ау», — деп ойлады ол. Ертеңгісін және кешкісін екі мезгіл халық автобуста көп болады, әсіресе, артқы есіктің тұсы жанжалдың ұйығы сияқты. Айнаш ептеп алдыңғы есікке қарай беттеді, қысыла-қымтырыла автобустың басына жетті. Ел бұл жақтан да кіріп жатыр. Екі-үш бозбала да қарттармен таласа ішке енді. Есігі жабылмай автобус қозғалып кетті. Әлгілер қалжындай күліп:

— Сим-сим, есікті жапшы,— деді. Кәдімгі копке белгілі мультфильмдегі Қырық, қарақшыны жер соқтырған дихан Әли Бабаның: «Сим жартасты ашшы» дегенін керісінше айтып тұр. Нақышына келтіре салғаннан ба, салқын қабақ көпшілік жадырап, елеңдесе қалды. Әдетте шофер біткен осындайда тас-талқан кейіп, шоршып түсетін, мынау өйтпеді, жеңіл әзілді ат үсті іліп әкетті.

— Мен есікті жабармын-ау. Ал, сендер незнайкалар билет алмайсыңдар ма? — деді.

— Білмейім, алуымыз жөн бе, жөн емес пе?

— Оу, незнайкалар, сендерде өзі ұят бар ма еді?

— Осы бізде ұят бар ма, жоқ па? Қалай ойлайсың, ә?

— Білмейім...

Бозбалалар шын білмейтіндей біріне-бірі таңдана қарап қалды, беттері бүлк етпейді. Автобустағылар бұған жамырай күлді, шофер де: «Ой, қулар-ай!» — деп қарқылдап жатыр. Олар бір сәт қара суық даланы да, көңілсіз, сұрқай күзді де ұмытты, мұз құрсанған түкті қабақтар жазылып, жібіп сала берді. Өз аялдамасына келгенде Айнаш осынау жылы автобусты қимай, әзер түсті. «Тегінде, адам баласында зұлымдықтан гөрі сәбилік көп-ау», — деп ойлады ол мақта-мата комбинатына бет алып келе жатып.

Цех ішіне енісімен бәрі ұмытылды. Станоктердің бірқалыпты сырылы, сыңғырлай күлген қыздардың үні оның жанын жадыратып жіберді. Бұрын ол цех табалдырығын қобалжи, жатырқай аттайтын, енді, міне, өз үйіне келгендей еркін, сергек. Үзілген жіптің де тінін тез тауып жалғайды, әбден машықтанып алған. Жеті сағат жұмыстың қалай өте шыққанын сезбей қалды. Кеше оны мастер мақтап, кәсіподақ жиналысында көпке үлгі етті. Айнаш сонан жатақханаға төбесі көкке жеткендей қуанып қайтқан. Балымға айтып еді, о да мәз болды. Кешкісін лекциясына барған, үзілісте таныс профессорды кезіктірді. «Көңілдісің ғой," Айнаш. Қуанышты хабар алдың ба» — деп жатыр. Қандай байқағыш еді. Сонда ол: «Иә, ағай»,— дей салған. Бүгін де міне шат-шадыман. Бір түрлі күле бергісі келеді. Әлгінде автобустағы жайды үзілісте құрбыларына әңгімелеп берді. Олар да мәз болды. Ал, үйде бұл әңгіме Балымға әсер етпеді. Айнаш бұған түсінбей қалды. «Жеткізіп айта алмадым-ау»,— деп ойлады. Балымға ертеңгі даладағы суықтықтың қандай екені, жиналған көптің асығыстығы, күйіп-пісіп жүргендері оған беймәлім екенін сезбеді, білмеді. Күлкі шақырмағаны да сонан еді.

— Бәріміздің мәз-мейрам болғанымыз, әбден жүйкеміздің тозғандығынан шығар,— деді ол.

— Жүдә, а дам деген қызық. Кейде күлмеске күліп жүреді емес пе. Сен онан да маған кеше кеш қайда болғанынды айтсайшы, Айнаш. Кереметтей қуанышты оралдың ғой.

«Шынында неге қуандым? Балым да байқапты. Білмейім, әйтеуір бір жеңілдікті сезем. Ән айтқым келеді. Билесем дейім». Айнаш күлімдей ойланып қалды. «Пәлендей ештеңе болмаған. Ол кеше Әділханмен кездесті. Екеуі көшеде ұзақ қыдырды. Талай әңгіме айтылды. Көргені де, оқығаны да көп. Көзге операция жасайтын хирург екен. Бірде ол машинасы аударылып, беті, мұрны қатты зақымданған әскери шоферге операция жасапты — көз дәрігерінің істемейтін ісі. Аурухананың хирургі сол кез қалаға кетіп, болмай қалғансын, амалсыз көніпті. Ертеңіне қаладан оралған хирург Әділхан жасаған оперцияның нәзіктігіне, тігісінің шеберлігіне тәнті боп:

— Бағың бар шоферсің. Менің операциямнан кейін бетің соқамен жыртқандай білеу-білеу, айғыздана бітер еді. Көрдің бе, жараның тігісі білінбейді. Қалай шебер қиындастырылған. Косметикалық операцияны да бұлай істемес,— депті.

Көзге операция жасайтын хирургтар шынында бөлек келеді. Нағыз хирургтердей ойып тастамайды. Кескенде де еппен істейді. Сол хирург бұдан бір жыл бұрын әйелінің қарына операция жасаған екен. Әлгісі қасқыр тістене, бүрісіп бітіпті. Бірде өзенге шомылуға барғанда көрдім. Шофер жазылып шыққаннан кейін: «Менің қолыма қайта операция жасашы»,— деп әйелі жатып жалынды. Күйеуі де өтінді. Амалсыз көндім. Біз скальпелді батырмай еппен қысқа жырық жасаймыз. Ырситып тастамаймыз. Терінің шетін ала тігеміз; онда да теріні айқастырмай шетін бірін-біріне түйістіре жымдастырамыз. Сонда ол жиырылмай еркін бітеді,— деді Әділхан бір сөзінде.— Ол әрине менің кереметтігімнен емес. Көзге операция жасайтындардың баршасына тән қасиет. Көз өте нәзік мүше, ол домбай, үстірт операцияны көтермейді.

Ертегі тыңдаған сәбидей Айнаш Әділхан әңгімесіне ұйып қалды. Бір сәт ол дәрігер болсам ба деп қиялданып келе жатқанын өзі де сезбеді. Сөзге жүйрік жігіттің көңілі де сергек, қыздың қабағынан жан-дүниесін оқып отырғандай көңілін табумен болды. «Дала суық көрінеді. Ресторанға кіріп, ыстық кофе ішіп шығайық»,— деп еді, Айнаш бас тарта алмай қалды. Шампан аштырды. Би биледі. Оқуға түскен кезінде профессор зорлағандай қып бір ресторанға апарған. Онда ол кеткенше асыққан. Жақтырмаған. Абылай да шақырып, жатып жалынған. Бармады. Дүниедегі жаман, жел өкпе адамдардың жиналатын мекені сияқты ресторан ұнамайтын. Әділхан оны жаңа бір қырынан танытты. Сөйтсе, ресторанда дем алып, сергіп қайтуға болады екен ғой.

Рестораннан шығып, көшеде ұзақ сейілдеді; түңғыш рет жігітпен сүйісті. Тынысы тарылғандай бір түрлі басы айналып жүре берді. Міне, сонан бері өзіне қанат біткендей сергек сезінеді. Дүниеде Әділханның барына қарадан-қарап қуанады. Балым соны айт дейді. «Қалайша, қайтып айтады? Айтуға бола ма?..»

— Неге үндемейсің, Айнаш?

— Үндегенде не дейім, Балым?

— Қайдан келдің? — деп Балым орнынан тұрып, қасына барды.

— Керегі не?

— Сырласайық та, жүдә.

— Киноға барғам.

— Жалғыз ба? Он екіге дейін созылған о не кино?

— Иә, жалғыз. Екі сериялы,— деді Айнаш қолындағы оқулығын бас жағындағы тумбочканың үстіне тастап.

— Жасырасың, иә? Жүдә, сені түсінбейім. Неден қысыласың өзің? Шіркін, сендей мен сұлу болсам.

— Е, не істер едің?

— Сүйген жігітіммен еркін қыдырар ем. Бұл дүние екі айналып келмейді. Өмірден қызықтың бәрін алар ем. Күйеу қашан да табылады. Ал, махаббат мәңгі емес. О да бал шырыны сияқты, таусылады. Қазір соны татпасаң, ләззатына бөленбесең, өмірдің не мәні, не қызығы бар. Жүдә, өзімізді-өзіміздің алдауымыз бекер.

— Ал, оқу ше?

— Ой, сен де қызықсың ей. Оқу қайда қашады дейсің.

— Мен үшін үлкен қызық — оқу.

— Ой, қойшы соны. Мына сен тарихшы болам деп жүрсің. Сол пәнді шын сүйемісің? Өзіңді-өзің алдап жүрсең қайтесің? Кейін тастап кетпеймісің? Ал, кейін жақтырмасаң ше? Онда не көрдім, не білдім дейсің? Мүмкін сенің қолың дәрігерлік болар.

— Дәрігерлік оқуға түсем.

— Саған бәрі оңай. Жүдә, түсінбейім сені,— деді Балым түңіле.— Өз басым өмір сүргім келеді. Қызық көрсем, сүйсем дейім, Айнаш. Өмірдің мәні сол. Иә-иә, сол... Өзгенің бәрі алдамшы...

Айнаштың көз алдына Әділхан кеп тұра қалды. Ол еріксіз езу тартты. Мұнан әрі Балым сөзі ұмытылып, мағынасы да ұғылмай бір түрлі түсініксіз жаңғырыққа айналып жүре берді. Құлағында Әділхан үні: «Айнаш... Ақ Айнаш»,— дейді елжірей. Сонсын ол өзінің Айнашты алғаш көргенде қалтиып, қалай тұрып қалғанын, жүрек түбі сыздап кеткенін айтып жатыр. Көзіне Айнаштың аппақ тамағы, үлбіреген мынау қызыл ерні түсіпті. «Қойшы... Не айтып кеттің»,— деді Айнаш жігіттің онысынан қысыла. «Сен үстіңе талай жібек те, мақпал да киерсің-ау. Әйтсе де, менің көзіме әркез сенің сол қызыл тоқыма кофтаң ыстық»,— деп еді Әділхан, Айнаш: «Ал, ендеше менің саған еш көзім түскен емес. Ақ құба, аласа бойлы жігіт. Жігіт те емес, нағыз шал... Иә, шал,— деді күліп.— Мен сені кейітсем дейім. Шынымен шалсың». «Қап, құрттың-ау»,— дейді Әділхан күлімдей құшақтап...

— Айнаш... Ей,— деді Балым оның иығынан түртіп.

— Не, Балым?

— Жүдә, ұйықтап кеткеннен саумысың?

— Жоқ.

— Әй, білмейім... Аузым жалпылдап мен сөйлеп отырмын, сен болсаң өзіңмен-өзіңсің. Шай ішеміз бе? — деді Балым Айнаштың жүзіне үңіле түсіп.

* * *

Әділхан Айнашты орталықтағы клубтың алдында ұзақ күтті. «Не деген сорлы едім, ә? Алты жарымда кездесерміз деп тұрып бесте жетіп келуімді қара да. Сағат жарым күтуім керек. Не істесем екен». Ол жолақ, ақшыл пальтосының жағасын көтеріп қойды, басындағы қалпағын көзіне түсіре киді. Күн кешегідей емес, әбден суытты, қар қылаулай бастады. Әрлі-берлі өтіп жатқандарға қарай-қарай көзі талды. «Сағат жарым уақыт... Манадан бері жүрсең, қас қағым-ақ уақыт. Ал, мына дірдектеткен суықта өмірі бітпес қиямет. Әрине, мұндайда абзалы ресторан. Қол созым жерде соған кіріп сыра ішсем бе? Таныс жолдастарым кездессе қайттім? Олар мені үш-төрт сағатсыз оңайлықпен босатпас. Асығыс едім дегенімді іс тыңдамас. Қой өйтіп адаспайын. Мүмкін Айнаш ерте кеп қалар. Тоқта... Осы мен ғой жайшылықта дүкен араламайым. Қалған сағат жарым уақытымды соған неге сарп етпейім? Айнала аяқ киім дүкені. Бірінен-біріне кіріп, жүре берейін. Сонда уақыт та шолтаң ете түседі. Өтеді де кетеді». Әділхан жеңіл ермек табылғанына разы болды. Аяқ-киімнен дүние-мүлік сататын дүкенге кірді. Ол сөредегі әр түрлі қымбат заттар дан гөрі адамдардың қас-қабағына қарап, олардың ішкі жан-дүниесіне тереңірек үңілуге тырысты. Үстеріне киген киімдері сияқты шіркіндер біріне-бірі тіптен ұқсамайды-ақ, ылғи қарама-қарсы кереғар мінез. Есіктен кіргеннен түстері қашып, көздері алақтап кетеді дейсің, сонан шыққанға дейін ауыздарын ашып жүргені. Күніне мың мәрте көргендерінің өзіне таңдана қарайды. Бірін «қымбат-ау» деп қиналса, енді бірін «алсам ба, алмасам ба?» деп аласұрады. Кейі «ым, мынау әжетке жарар дүния білем. Ертең ақша тауып соғайыншы» дейтін тәрізді. Енді бірі өзінен-өзі ызалы. «Ел алып жатыр. Мен болсам ылғи жарымайым. Қолыма құс саңғымай-ақ қойды. Тесік қалта неткен сорлы ем. Барымды жұмсап, керегінде жер сабап қалам» дегендей болады ондайлар. Ал, соған осы қазір бір бума ақша берсең, қайтер еді, ә? Құдай біледі, түк те алмайды. Өзгені білмейім, мынау түлкі жаға, толықша сары әйел: Кейін көрермін. Неменеге асығам»,— деп, шыға жөнелері кәміл. Өйткені тоқтауы аз, көруі көп. Сонсын ол ақша да кәкір-шүкір ұсақ-түйекпен, ет пен терінің арасындағы шаншудай «ойбай, белім» дегізіп кете барады. Әне, ол артына қарап жалтақтамай есікке бет алды.

Әділхан соның ізін ала далаға шықты. Сағатына қарады.Ол айналып келмейді. Өмірден қызықтың бәрін алар ем. Күйеу қашан да табылады. Ал, махаббат мәңгі емес. О да бал шырыны сияқты, таусылады. Қазір соны татпасаң, ләззатына бөленбесең, өмірдің не мәні, не қызығы бар. Жүдә, өзімізді-өзіміздің алдауымыз бекер.

— Ал, оқу ше?

— Ой, сен де қызықсың-ей. Оқу қайда қашады дейсің

— Мен үшін үлкен қызық — оқу.

— Ой, қойшы соны. Мына сен тарихшы болам деп жүрсің. Сол пәнді шын сүйемісің? Өзіңді-өзің алдап жүрсең қайтесің? Кейін тастап кетпеймісің? Ал, кейін жақтырмасаң ше? Онда не көрдім, не білдім дейсің? Мүмкін сенің қолың дәрігерлік болар.

— Дәрігерлік оқуға түсем.

— Саған бәрі оңай. Жүдә, түсінбейім сені,— деді Балым түңіле.— Өз басым өмір сүргім келеді. Қызық көрсем, сүйсем дейім, Айнаш. Өмірдің мәні сол. Иә-иә, сол... Өзгенің бәрі алдамшы...

Айнаштың көз алдына Әділхан кеп тұра.қалды. Ол еріксіз езу тартты. Мұнан әрі Балым сөзі ұмытылып, мағынасы да ұғылмай бір түрлі түсініксіз жаңғырыққа айналып жүре берді. Құлағында Әділхан үні: «Айнаш... Ақ Айнаш»,— дейді елжірей. Сонсын ол өзінің Айнашты алғаш көргенде қалтиып, қалай тұрып қалғанын, жүрек түбі сыздап кеткенін айтып жатыр. Көзіне Айнаштың аппақ тамағы, үлбіреген мынау қызыл ерні түсіпті. «Қойшы... Не айтып кеттің»,— деді Айнаш жігіттің онысынан қысыла. «Сен үстіңе талай жібек те, мақпал да киерсің-ау. Әйтсе де, менің көзіме әркез сенің сол қызыл тоқыма кофтаң ыстық»,— деп еді Әділхан, Айнаш: «Ал, ендеше менің саған еш көзім түскен емес. Ақ құба, аласа бойлы жігіт. Жігіт те емес, нағыз шал... Иә, шал,— деді күліп.— Мен сені кейітсем дейім. Шынымен шалсың». «Қап, құрттың-ау»,— дейді Әділхан күлімдей құшақтап...

— Айнаш... Ей,— деді Балым оның иығынан түртіп.

— Не, Балым?

— Жүдә, ұйықтап кеткеннен саумысың?

— Жоқ.

— Әй, білмейім... Аузым жалпылдап мен сөйлеп отырмын, сен болсаң өзіңмен-өзіңсің. Шай ішеміз бе? — деді Балым Айнаштың жүзіне үңіле түсіп.

* * *

Әділхан Айнашты орталықтағы клубтың алдында ұзақ күтті. «Не деген сорлы едім, ә? Алты жарымда кездесерміз деп тұрып бесте жетіп келуімді қара да. Сағат жарым күтуім керек. Не істесем екен». Ол жолақ, ақшыл пальтосының жағасын көтеріп қойды, басындағы қалпағын көзіне түсіре киді. Күн кешегідей емес, әбден суытты, қар қылаулай бастады. Әрлі-берлі өтіп жатқандарға қарай-қарай көзі талды. «Сағат жарым уақыт... Манадан бері жүрсең, қас қағым-ақ уақыт. Ал, мына дірдектеткен суықта өмірі бітпес қиямет. Әрине, мұндайда абзалы ресторан. Қол созым жерде соған кіріп сыра ішсем бе? Таныс жолдастарым кездессе қайттім? Олар мені үш-төрт сағатсыз оңайлықпен босатпас. Асығыс едім дегенімді іс тыңдамас. Қой өйтіп адаспайын. Мүмкін Айнаш ерте кеп қалар. Тоқта... Осы мен ғой жайшылықта дүкен араламайым. Қалған сағат жарым уақытымды соған неге сарп етпейім? Айнала аяқ киім дүкені. Бірінен-біріне кіріп, жүре берейін. Сонда уақыт та шолтаң ете түседі. Өтеді де кетеді». Әділхан жеңіл ермек табылғанына разы болды. Аяқ-киімнен дүние-мүлік сататын дүкенге кірді. Ол сөредегі әр түрлі қымбат заттардан гөрі адамдардың қас-қабағына қарап, олардың ішкі жан-дүниесіне тереңірек үңілуге тырысты. Үстеріне киген киімдері сияқты шіркіндер біріне-бірі тіптен ұқсамайды-ақ, ылғи қарама-қарсы кереғар мінез. Есіктен кіргеннен түстері қашып, көздері алақтап кетеді дейсің, сонан шыққанға дейін ауыздарын ашып жүргені. Күніне мың мәрте көргендерінің өзіне таңдана қарайды. Бірін «қымбат-ау» деп қиналса, енді бірін «алсам ба, алмасам ба?» деп аласұрады. Кейі «ым, мынау әжетке жарар дүния білем. Ертең ақша тауып соғайыншы» дейтін тәрізді. Енді бірі өзінен-өзі ызалы. «Ел алып жатыр. Мен болсам ылғи жарымайым. Қолыма құс саңғымай-ақ қойды. Тесік қалта неткен сорлы ем. Барымды жұмсап, керегінде жер сабап қалам» дегендей болады ондайлар. Ал, соған осы қазір бір бума ақша берсең, қайтер еді, ә? Құдай біледі, түк те алмайды. Өзгені білмейім, мынау түлкі жаға, толықша сары әйел: Кейін көрермін. Неменеге асығам»,— деп, шыға жөнелері кәміл. Өйткені тоқтауы аз, көруі көп. Сонсын ол ақша да кәкір-шүкір ұсақ-түйекпен, ет пен терінің арасындағы шаншудай «ойбай, белім» дегізіп кете барады. Әне, ол артына қарап жалтақтамай есікке бет алды.

Әділхан соның ізін ала далаға шықты. Сағатына қараған, алтыдан он бес минут асыпты. Міне, уақыт та өтті Ол аяғын асыға басып клубтың алдына да жетті. Алты жарымда басталатын киноға билет алған оның да мерзімі таяу. Уақыт зырлап келеді. «Апырай, келмейін дегені ме? Келіскендей едік қой... Телефон соқпапты. Соған қарағап да қолы босамай қалған болды-ау. Анау көрінген сол емес пе? Жоқ, жүрісі оған ұқсамайды». Әділхан осы қазір жүздеген адамның ішінен бір оны айна-қатесіз танитын дай боп тұр. Жұмасына екі кездессе де, Айнаштың уәделі уақытта дәл келетініне үйрене алмай-ақ қой ды, ылғи тағатсыздынып, күйіп-пісіп бітеді. «Әлі жеті минут бар. Не істесем? Билетті сатып жіберіп, үйге қайтсам ба? Күн де суытты». Клубтың жарма, қызыл күрең есігі ашылып, халық кіре бастады. Міне, мынау ұзын бойлы, жалаң бас, жалбыр шашты жігіттің қызы келді. Бұл болса әлі жалғыз. «Бес минут күтейін. Көптің бірі емеспін бе? Билет өлсе, кейін күткенімнің белгісі ғып көрсетермін. Heгe алдадың дермін. Қой, оным ұсақтық болар. Көрсетпейім Қажеті не? Әне, ақ етігі көрінді. Қоңыр пальто сонікі Жүрісі де қандай әдемі еді. Еркетотай жүріс. Сол... Әрине, сол дей берді ол жүрегі лүпілдей қарсы ұмтылып.— Дүниедегі ең бір бақытты сәт осы-ақ шығар-ау жігіт үшін»,— деп ойлады Әділхан алқынғандай боп.

Айнаш та оны көріп күлімдеп қоя берді. Ақ түбіт орамал тартыпты. Өткенде осы ақ түбіт орамал тартқан қыз басын төсінде аялағаны бар. Тоңбасыншы деп пальтосының түймесін ағытып, жұп-жұмсақ Айнаштың қолын қалтасына тыққан. Кейін үйге кеп шешінгенде бір-ақ көрді: қара костюмі орамалдың қылшығын жиып алыпты. Ол өз-өзінен, әлденеге қуанғандай, сонда күліп жіберген ғой. Міне, Айнаш... сол Айнаш... Суық сорған бетінің ұшы қызғылт нұрланып, көзінде бір шуақты шұғыла ойнайды.

— Неге кешіктің, Айнаш,— деді Әділхан ынтыға.

— Кешіктім бе? Дәл уақытында келдім.

— Сағынып кеттім ғой өзіңді.

Айнаш жүзін бұрып әкетті.

— Билет алып едім, киноға кірсек қайтеді, Айнаш?!

— Қандай кино? Жақсы ма?

— Білмейім. Жаман болмас. Шетелдікі дейді. Көрмеген кином.

— Мақұл. Кірейік.

Олар кинодан қас қарая шықты. Көшеде кісі аяғы сиреп қалыпты. Қол ұстаспай, не қолтықтаспай көшені қиялай өтіп, гүлзар ішіне кірді.

— Бандиттер атысқанда бетіңді басып, қарамадың ғой, Айнаш... Қорықтың ба?

— Жоқ... Аядым. Әсіресе, анау бейшара қызды цементтің арасына салып, қатырып тастағандары, сөйтіп, үйге қадау етіп, қалап жібергендері қандай аянышты еді,— деді Айнаш ауыр күрсініп.— Қашып кетіп жасырынса да, құтқармады. Анау прокурордың айтқаны келді. Ылғи бір сатқын, азғын өмір.

— Капиталистік дүние деген — сол.

Бір әңгімеден бір әңгіме туындап, олар гүлзар ішінде ұзақ жүрді. Ақыры саялы үлкен бәйтерек түбіне тұрды. Әділхан киноның ауыр әсерінен шығарғалы екі-үш қызғылықты әңгіме шертті. Айнаш оған рахаттана күлді. Алғашқы қар айналаны ақ торғынға бөлеп үлгерген еді, оны да олар енді андағандай болды. Шам жарығынан көгілдірлене құбылып, ағаш бұтағындағылары жылт-жылт етеді. Сәл үнсіздіктен соң:

— Айнаш, нанасың ба? Мен сені ылғи да қуантқым келеді. Сонан өзім ләззат алам,— деді Әділхан ақ түбіт орамалды, ат жақты қыздың жүзіне күлімдей қарал.

— Ал, мен сені ылғи да ызаландырсам дейім.

— Неге?

— Білмейім. Әйтеуір сені кейіткім келеді де тұрады.

— Ғажап екен.

— Ғажап па? — Қара көзі ұшқындана Айнаш күліп жіберді. Маржандай тістері, үлбіреген ерні Әділхан жүрегін қытықтап өтті.

— Әзілің шығар.

— Жо-жоқ, шыным.

— Шыным де...

— Иә, шыным.

— Отпен ойнап тұрмын деп ойламаймысың?

— От сен бе?

— Иә.

— Шалда да от бола ма екен?

— Тағы да құрттың-ау.

Айнаш сықылықтай күлді.

— Жарайды, қояйыншы. Әйтпесе, ренжітіп алармын.

— Мен ренжімеймін, Айнаш.

— Ай, білмейім. Кеше телефонмен сөйлескенде тілің уытты көрінді. Мен күн ұзағына есімді жия алмай жүрдім. Балымның дәрігерге тез қаралуына көмектескеніңе рақмет деп едім, пәлеге қалдым. «Маған неге рақмет айтасың. Азаматтық парызым емес пе?» — деп дүрсе қоя бердің. Құдай біледі, сені кейітейін деген ойым жоқ еді.

— Батып кеткен екен ғой.

— Әрине. Сені көрмеспін деп ем...

Қыз көзіне мұң ұялады. Ағаш арасынан түскен шам жарығында оның жүзі сәл қуарып, солғын тартты. Әділхан бір түрлі іші-бауыры елжірей:

— Кешір мені, Айнаш,— деді.— Иә, мен шынында да шалмын. Әйтпесе, он үш жасы үлкен адам қыз жанын түсінсе керек-ті. Кәріліктің кесірі де.

— Жоқ, сен шал емессің. Сені...

— Шыныңды айтшы, Айнаш,— деді Әділхан құшақтай бауырына тартып. Қыз қарсыласпады, ыңғайына бақты. Ыстық тыныс үзіліп жалғасты.— Сүйемісің мені?..

Сүйетінін білсе де, талай жігіт қыз алдына осы сұрақты көлденең қойып, алып ұшқан жүрек лүпілін басқандай болатын. Әділхан да сонан аттап өте алмады.

— Неге үндемейсің?

«Сүйем...» дей қою қызға да қиын. «Сүймеймін» десе де, мына жігіттің енді біржола безініп кетпесін іші сезеді, қайта онан әрі іңкәр боларын, кей жігіттің мұндайда азып-тозып, қыз аяғына бас ұратынын да көрді. Жайшылықта әзілдеп, жанын қинар ма еді, қайтер еді,— осы қазір оған бара алатын емес.

— Айнаш...

— Білмейім.

— Нені білмейсің?

— Әйтпесе, неге келдім?! Қойшы енді осындай сұрағынды.

— Жаным Айнаш...

Қаланың бірқыдыру көшесіндегі шамдар түн жарасы ауа сөнетін, енді міне, «қайтыңдар үйлеріңе» дегендей, жыпылықтай бастады. Айнаш тас қып Әділханның қолтығынан ұстап, маңдайын оның иығына сүйеді, екі көзі мөлдірей наздана қарап: «Қайтайықшы»,— деді.

Бойы тоңазып, әжептәуір салқындаса да, сыр бермей тұрған жігіт қинала көнгендей сыңай танытып, терең күрсініп қалды. Айнала аппақ уыз қар. Төңіректе қыбыр еткен жан жоқ.

— Қайтамыз ба?

— Иә, қайталықшы. Біраз уақыт болды ғой,— деді қыз ұлпа қарды сықырлата басып.

Әне, олар тып-тыныш гүлзар ішінде ақырын, қатарласа аяпдап келеді.

Сегізінші тарау

«Терезеге қырау қалың түсіпті. Кешегі жауған қардың ызғары-ау, ә?» — деп ойлады Дәулет оянып кетсе де, жылы төсектен тұра қойғысы келмей. Рәзия жоқ. Таң жарығынан үй іші ала көлеңке. Ауыз үйдегі қазандық астындағы ағаштың сытыр-сытыр жанған дыбысы естіледі. «Рәзия қайда? Малға шөп салып жүр ме екен». Ол қызыл жібек жамылғы көрпесін кеудесіне қарай тартып қойды. Екі қолын бас астына салып, жайлана жатты. Иә, қазір ойласа, өмірі жіпке тізілген жұп-жұмыр, дөп-дөңгелек қызыл, көк, қара, жасыл, сары, қоңыр, ақ моншақтар тәрізді, әр түсті. Ілкіде ғой соның бәрі ақ моншақ, кейін өзі аңғалдықтан, жалқаулықтан сан түске бояды. Біреу әлдеқалай «оның не?» — деп сұрай қалса: «Тағдырдың жазуы солай»,— болды дей салды. Оп-оңай, салмақсыз, зілі жоқ жауап. Біреулердің моншағы жақұт, мәрмәр сияқты жалтырайды, құбылады, көз тартады, ал мұныкі өмірі өйт кен емес. Соның бәрі неден? Жетімдіктен бе? Оу, жетім ол ғана ма екен? «Балалар үйі» оны бөлектемеп еді ғой. Бір аяқтан ас ішіп, киімі көк болған. Әйтсе де, сол балалардың талайы үлкен маман, ғалым. Ел білетін білікті жандар. Сонда неден? Ала құйын мінезінен тауып жүр ме? Қатар-құрбыларымен танысуы да, достасуы да, айнысуы да тез-тұғын. Тіп ті совхоздан кетіп, орманға қорықшылыққа келуіне де себеп сол шығар? Оқымай қалғаным да сонан ба? Ай білмеймін... Жалқаулықтың зардабы, салқыны аз деймісің. Тегінде адамның өзінде де біраз ақау бар да. Ақ, қара, сары, қызыл моншақтай дағдыр да соның белгісі десейші... Осы мен қайдағы шиырға түсіп кеттім? Не деп жатырмын?» Дәулет жастықтан басын көтеріп, орнынан тұрды. Кереуеттің аяқ жағындағы, орындық арқалығынан көйлегін алып киіне бастады.

Есік ашылып, даладан бір құшақ аязды ала Рәзия кірді. Қоңыр түбіт орамалдың арасынан қызғылт тартқан беті көрінді.

— Қалай, дала суық па, Рәзия?

— Ой, сұрама, аяз сұмдық,— деді аяғындағы қара пимасын шешіп жатып. Арасында «ища» деп қояды. Ақ тонын есіктің қайырылысындағы шегеге іліп, қолын пешке кеп басты.— Қой шай ішелік.

— Мен шай ішпейім.

— Неге?

— Жүрегім сазып ояндым, ет жесем бе дейім.

— Жесең же. Жылытайын.

— Сорпаны ысытпасаң, етке тиме. Жылқы етінің салқыны дұрыс.

— Е, мейлің,— деді Рәзия аяқ-табақты сылдырлатып.

Дәулет жуынып кеп, түннен қалған салқын етті қарпи үш-төрт асап қаужандай жеді де, құрт қатқан ыстық жылқы сорпасының бір зерең аяғын дәс қойды. Аузына су тигізіп, орнынан тез тұрып кетті. Киініп далаға шықты. Үстінде қалың қара тон, аяқта қоңыр, бақа бас пима. Енді, міне, есік алдында, түлкі тымағын баса киіп шіреніп тұр.

Ақ іркіт жиектен қызғылт күн сығалайды. Орман үсті сұрғылт мұнар. Қар беті көгілдірлене, көлеңке жүгіргендей көз ұялтты. Дәулет таңғы шымшыма аяздың кәрін енді сезе бастады, екі беті дыз-дыз еткендей де болды. Қайырылып үйге кіріп, қос ауыз мылтығын, қамшысын алып шықты.

Қорадағы атын ерттеп мініп, орманның тау бетіне қарай тартты. Әлсін-әлі: «Мынау қай теді-ей»,— деп күңкілдей тізгінін тастай беріп, мұрын ұшын уқалап қояды. Ердің алдыңғы қасына ілген мылтығы бұлғақтап, тынышын кетіргенсін әлгінде арқасына асынған еді, жақын жерден бөрі ұлып, қолына қайта алуға межбүр етті. Сәлден соң оны ердің қасына, құндағын жоғары қарата іліп қойды. Аяздың қысымына шыдамай, ағаштар әр тұстан тырс-тырс етіп жарылып жатыр. Кейі тіптен алыстан атылған мылтық даусына ұқсайды. «Мына көк мұздана бастаған жерге тағы қар жауар болса, аң біткен тебіндеп жайылудан қалар... Қайрекең екі шана шөп жіберермін деп еді, неғып кешікті екен?! Ауырып емханаға түсті ме? Анада көргенімде жүдеу болатын».

Дэулет қателеспепті. Қайыржан емханада боп шықты. Сыр бермей күле сөйлесіп, «биылғы көктемде өзіңе барып балық аулаймын»,— деді. Шөп жіберетін болды. Дәулет совхоздан сәске түс ауа қайтты. Атын сипай қамшылап, қорықты аралап келеді. Ертеңгідей емес, аспан ашылып, күн сәл сынғандай болды. Кенет, ол тау етегінде шашырай жайылып жүрген еліктерді көрді. «Жарықтық жануар неткен сымбатты еді, ә? Қандай кербез! Мынау бергі шеткісі еліктің лағы емес пе. Сынық сүйем мүйізі бар. Әне, ол басын котеріп қарап тұр. Тани ма? «Айнаш»... — десем, қайтер еді, үрікпес пе екен?

— Айнаш!..— деді Дәулет дауыстап.

Елік елеңдей ыршып түсті. Әйтсе де, үзамады. Қайырылып қалтия тұрып қалды. «Ұмытпаған-ау, ә? Қашпайды...» Дәулет атының басып тартты. «Қой қайдан білсін... Тек жәй таңдана қарағаны болар. Ессіз мақұлық емес пе?! Соңғы кезде көрінбей кетті ғой. Келуші еді. Ұмыта бастаған шығар». Дәулет атының басын кері бұрып, үйге бет түзеді. Бір түрлі тез ұмытқан елікке көңілі қалғандай боп келеді. «Аң түгіл адам да уақыт өткен сайын суынып, салғырт тартады. Хайуанға не айып», — деп ойлады ол. Үйге жақындағанда есік алдынан Газ-69 машинасын көрді, көңілі бөлінді. «Бұлар кім болды екен? Аңшылар ма?»

Атын қораға кіргізіп қаңтарды да, үйге қайтты. Келсе... Үйде үш-төрт адам отыр. Алдарында коньяк, ет. Рәзия шай құйып жатыр. Ұзын бойлы, қиық көз қара кісі төрде, оның жанында бәкене сары, арық біреу. Дәулет екеуін де танымады. Бергі шеткі етжеңді, бұжыр бет қара заготскоттың бастығы — Сабыр деген адам. Өпірем, ұрыншақ жан. Жақсы аңшы, мерген. Рәзняның қарсысындағы ауданның дәрігері — Жақан. Келте танау, бадырақ көз жігіт. Екі иінінен әзер дем алады, ғаламат семіз, қарны ақ свитерін шертіп тұр.

— Бауырым, қайда жүрсің? Өзінді күте-күте екі көзіміз төрт болды ғой,— деді Сабыр қос қолын ұсына қарсы жүріп. Дәулеттің жауабын күтпестен өзімсіне билеп-төстеді — Бәке, орман құдайы Дәулетініңіз — осы. Ер Тарғын батырдан қай жері кем. Мынау дене, бой-сой керемет емес пе, ә? Ал, Дәулет, анау төрдегі — Базарбай деген ағаң. Аудандағы су-құрылыс бастығы, дейдің өзі. Онан бергі — облыстағы менің әміршім. Яғни менің құдайым.

— Әй, Сәке-ай, сіз де сүмірейтесіз-ау. Бәкең болмаса, менің құдайшылығымды қойшы,— деді бәкене кісі.

— Жо-жоқ, сөзімді қайтып ала алмайым, Қасеке. Иә, бұл кісі Қасан Дауытбаев деген ағаң. Кәне бермен кел. Мына жерге отыр,— деп Сабыр Дәулетті қоярда-қоймай өз жанына тартты. .

«Әп» дегеннен Дәулетке Базарбай ұнамады; тәкаппарлық танытып қана қоймай, іліп-қағып: «Әй, бала» — дей бергені ызасын келтірді. Әйтсе де, Дәулет шыдап, қазаққа тән қонақжайлық білдіріп, қазанға ас салдырды. Сөз арасында қасқыр, түлкі, қоян аулауға болатынын сездіріп, шын ілтифат көрсетуге тырысты. «Жақтырмады», деп айтпасын деді ме, тәбеті тартпаса да, бірге коньяк ішіп, әңгімелерін бұзбады.

Қас қарайып, шам жағылды. Өзгелерден гөрі, денелі, ақ көңіл, әрі жас дәрігер араққа қызып қалды ма, есіктің жанында бірінің үстіне бірі үюлі жатқан рюкзактың ішінен алақандай радиоқабылдағышты тауып алып, құйқылжыған би әуенін жіберіп қойды. «Әй, Сәке... Әй, Қалеке»,— деп, жолдастарын биге шақырып, бөксесін бұраңдатып кетті. «Қан таратайық, отыруымыз жетпеді ме?» — дейді ырс-ырс етіп. Оған аналар мізбақпайды. Төрдегі Базарбай жігіттің жеңілтектігін жақтырмай екі-үш мәрте алия қарап, ақыры сөзінен жаңыла бергесін шыдай алмай:

— Жақан-ай, біз желөкпе қатындар емеспіз. Кәрі сүйегімізді салдырлатып жататын жәйіміз жоқ. Ертең келінге де жетерсің, сонда билерсің. Қазір мазамызды алмашы. Тіпті осы ошақтың басында сенің сепелектейтін не жөнің бар,— деді.

Үні ызғарлы, қатқыл естілді. Әбден әмір етіп үйренген інның, дағдылы шымшуыр сөзі. Бұндай адамдар кісіні қуанта білмесе де, жарақат салуға шебер келеді. Олардың төңірегінде, алланың әмірі, құдай қосқандай бірер даңқылдық жүреді. Дарқырап, ондайлар әлгі сөзді ұшықтырып, өзінше лағатыны тағы бар. Сабыр дегеніміз соның бір түрі. Аузынан түкірігі шашырап, даудырай жөнелді:

— Әй, Жақан, сенде үлкенге уважения дейтін бола ма? Пожалуйста, бала базар ғылмай отыр. Е, не сонша... Бәкең сені де, мені де құрмет тұтатын адам. Біз де оны уважайт етейік те. Анау сиырдың жапасындайыңды әкеші бермен, лақтырып жіберейін. Кісіні сөйлетпедің ғой.

— Оу, халайық, не жаздым сонша?

— Давай, жолдас, үйді шаңдатпай, құйрықты қыс.

Жақан дызақтап қатты кейінгенмен, жұдырық көтерері жоқ, шығасыз жан. Төбелесердей жұлқынып кеп, қайтып кете береді, бұл — оның дағдылы бір тірлігі, өмірі біреуге қол қатқан емес. Қазір де сол шыж-быж боп қызарақтай түсті де, радиоқабылдағышын сөндірді, оны рюкзактың ішіне қайта салып, қолына газет алды. Әңгіме толас тапқандай еді, іле жанданып жүре берді. Бүлкілдей өкпелеген Жақан да тез ұмытылды. Сонан ет желініп, Дәулет әкеп қойған екі шыны коньяк таусылғанша ол әңгімеге қосылмады. Коньякқа да, етке де бүйірі шығып тойғасын ғана Жақан райынан қайтты.

— Жігіттер, сөздерің ауыздарыңда... Мына мақалаға құлақ түріндерші,— деді ол етектей газетті тізесінің үстіне қобырата жайып.— Әңгіме ездерің айтып отырған мақұлық турасында. Сібірдің политехникалық институтында бір жігіт оқып жүреді. Әлгі жергілікті аз ғана ұлттың өкілі екен. Соған бір күні алыстан әкесі келеді. Әке сый-сияпатымен қоса туған ошақ-орын, елін ұмытпасын деп күшік әкепті. Соны жатақхана аралап, тексеруге келген мұғалім көреді де: «Мынауыңның көзін жоғалт!» — дейді. Студент айтқанымды істей қоймас дей ме, жаңағы мұғалім іле күшікті өзі көтеріп алып, жұрттың көзінше үшінші қатардағы әлгі бөлменің терезесінен лақтырып жіберіпті. Күшік мерт болады. Соны көрген студенттің әкесі, әлгі қарт: «Мынау адам тәрбиеленетін орын емес екен,— деп, баласын институттан шығарып алып кетіпті.

— Ғажап,— деді Қасан орнынан ұшып тұрып.— Қолыңдағы қай газет?

— Әдебиет газеті. Январьдың 10 күні, 1973 жылы шыққан саны. «Мейірімділік неден басталады» деген тақырыппен жазылыпты.

— Иә, шал...— деп Сабыр сібірлік шалдың мінезін қостағалы келе жатқан, Базарбай күңкілдей оның сөзін бөліп жіберді.

— Ақымақ шал десейші,— деді.— Күшік өлді деп дені дұрыс адам баласының бағын байлай ма? Онымен ол кімді қиратты? Басында миы жоқтың екі аяғына зор келеді деген — әне, сол. Ақымақ... Күшікті өлтірдің деп мұғалімді соттайды дей ме екен. Газет те қызық... Соны неменесіне жазады десейші. Күшік тұрғай ана бір жылы өзіміз екі машинамен заулатып жүріп, күніне он киік атқанбыз. Ойхой, дүние-ай, о да бір дәурен еді-ау.

— Дұрыс айтасыз, Бәке, алжыған шал. Не деген глупилық, ә? — деп Сабыр жалт беріп, орнынан көтерілген Базарбайды қоштай, оны жауырынынан қақты.

— Әй, бала, шылым тартушы ма ең?

Базарбай Дәулетке қарап тұр. Көзінің ақ еті қызыл тамырланып кеткен, қобыраған шашын уыстай кейін қайырып қойды.

— Иә, шегем.

— Әкел ендеші...

Дәулет берген сигаретті сығымдай жаныштап, тұтатып алды да, бұрқырата сорды. Рәзия аяқ-табақты жинап, қайта шай жабдығын жасап жатқан, елп етіп күл салғышқа жүгірді. Күлім қағып қайта әкелгенше Базарбай ернін шүйіріп, шылымның күлін еденге қағып жіберді. Мынау өзіндей азаматтың үйі емес, белқұлы бір мал қорасы сияқты, шырт-шырт айналасына түкірініп қояды.

— Жаңағы сібірлік шал тәрізді менің осында Қайыржан Хасанов деген құрдасым бар. Сол пақыр өлген аңды көрсе, көзіне жас алатын көрінеді. «Аңды атпау керек, суретке түсіретін мылтықпен аулаған жөн» дегенін де естігенмін. «Сен анау совхозыңды біл, аңшылықтағы жұмысың не? Не білесің сен?» — деп бір жиында толы кісінің көзінше ит терісін басына қаптағам. Бұ шіркін де сол менің құрдасымның сыңары ғой,— деді ол кеңк-кеңк күліп.

— Қосағасы, сіз енді Қайрекеңді босқа ғайбаттамаңыз. — Дәулет өзін-өзі ұстай алмай қалды.— Қайрекеңдей құрдасымыз болса, біз мақтаныш етеміз. Ол кісінің жөні бөлек.

— Әй, бала-ай, сендердей ашық ауыздарға бұл оқың тастаған қармағы ғой. Қайыржаннын, сол шыны деймісің? Ақ жүрек боп көрінуді ол құдайға шүкір біледі. Өзі қалай екен? Ауырып жатыр ден еді.

— Солай ма? — деді Сабыр елеңдей, — О не ауру?

— Асқазаннан жабысқан пәле дейді. Әлгі аты жаман ауру ма, қалай.

Базарбай аяғын кердеңдей басып, есікке бет алды. Сол сәт ол Дәулетке кісі өлтіріп бара жатқан жан сияқты сұмдық суық көрініп кетті. Сабыр да, Қасан да, тіпті елпілдек Жақан да пәлен деп не қоштамай, не ілеспей қалтиып орын-орындарында отырып қалды. Бұлардың бәріне мына хабардың жәй оғындай қатты эсер еткеніне Дәулет те таң. Мол ішілген арақтың уыты да тез кетіп, мүлде айыққандай болды. «Қайыржандай ағаны қаралау қиын-ау. Көрдің бе, Базарбайдың сөзін мыналар құлақтарына ілмеді...» Дәулет іштей қуанып қалды.

Далаға шығып кеткен Базарбай аптыға қайтып келіп, есіктің жақтауындағы мылтықтың бірін ала жөнелді. «Оу, не көрінді?» деген Сабырдың айран-асыр даусын ол елемеді. Есікті шалқасынан аша беріп, үсті-үстіне екі рет гүрс еткізді. Оқтың күкірт иісі бөлменің ішін алып кетті. Базарбай жалт бұрылып, ыржалақтай күліп мылтықты есіктің қайырылысына сүйей салды да, далақтай жүгірді. Есік ашық қалды. Пимасын кие сап жеткен Дәулет баяғы кәрі бәйтеректің түбінде басын қызыл лентаға қарай беріп, ақ қардың үстінде қан-қан боп жатқан еліктің лағын көрді. «Келген екен ғой»,— деп ойлады ол мынау жайдың парқына ілкіде мән бермей. Есіктен түскен жарықтан қанға боялған қар жылт-жылт етеді. «Жас қуырдақ үйге келді. Жол болды»,— деп жатқан Базарбай еңгезердей жігіттің бұған қуанбай түсі бұзыла бастағанын аңдап, сескене іркілді. Дәулет тізесін бүгіп, құралайдың басын сипап, көзін жапты. Мынау алдында сұлап жатқан аң емес, Айнаш сияқты. Өзегіне ащы жастығылып, тістене көтерілді.

— Әй... Әй, бала, саған не болды? — дей берді Базарбай үні бұзылып.

Дәулеттің жүзі түтігіп кеткен, сұп-сұр, адам шошырлық. Шап беріп Базарбайдың жағасынан алып, ыңқ еткізіп іштен қойып жіберді. Базарбай өкіріп етпетінен түсті. Сабыр ара түспек боп, ұмтылған, мұрттай ұшты.

— Айналайын... Дәулетжан, айналайын! Сабыр... Сабыр етші,— дей берді Қасан қалба лақтап.

Бір сұмдықтың болғанын іші сезіп, еркектердің соңын ала табалдырықты аттай берген Рәзия Дәулеттің Базарбай мен Сабырды тымақ құрлы көрмей ұшырып түсіргенін көзі шалып, жан ұшыра ұмтылды. Аяғында пима, жалаң бас, көйлек сыртынан киген тері кеудешесі ғана бар. Күйеуінің бұлайша түсі қаша кейігенін бұрын-соңды аңдамағаннан ба: «Өлтіріп жібереді екен»,— деп қорықты. Шырылдап кеп құшақтай алды:

— Дәулет... Дәулет, кешір. Білмеген ғой,— дейді алқына. Күйеуіңің көзіндегі ауыр жасты көргенде, жүрегі сыздап, үні үзіле берді. Есін енді ғана жинап орнынан көтерілген Базарбай мен Сабырда ес жоқ, үрпие шегіншектеп, Қасан мен Жақанға тығылып тұр.

— Жоғалындар көзіме көрінбей, малғұндар! Бәріңді де... Бәріңді де атып өлтірем, иттің балалары!..— деді Дәулет жұлқына, төңірегінен мылтық іздеп. Рәзия күйеуінің қолына жармасын, мойнына асылып жібермеді:

— Иә-иә, кетіндер тез. Қате істер... Дәулет, жаным...

Аңшылар зәре-құттары қалмай дүрліге үйдегі киім-кешектерін алып, машинаға ұмтылды. Үн жоқ, таласа-тармаса мініп, жүріп кетті. Олар ағаш арасына кіріп, орманшы үйінен қара үзгенше ақ қардың үстіндегі қан-қан елікке қарап ерлі-зайыпты екі адамның қалтиып әлі тұрғандарын көріп бара жатты. «Апыр-ай, не жаздық? Бұнысы несі?» — деп түсіне алмай дал.

Тоғызыншы тарау

Бүгін күн ұзағына әлденеге алаңдап Айнаш жатақханада отыра алмады; демалысы еді, ұйқысы ашылып кетіп, әрі ерте тұрды. Сонан ол далаға шығып көше аралады. Енді, міне, түс ауа қайтып келеді. Өткен түнде Әділхан екеуі гүлзар ішінде сейілдеп жүргенде Айнаш оған өзінің түсін жорытқан, қазір сол есіне түсті. «Әділхан, сен түс жори білемісің?» —деп еді Айнаш сонда, жігіт іркілмей: Айта бер»,— деді. Кәнігі, түс жорығыш адам сияқты.

Оның «білмейім» дегенін Айнаш әлі естіген емес, соған қарағанда жігіт біткен қыз алдында сегіз қырлы, бір сырлы болуға тырысады-ау деп ойлаған. Әйтсе де, түсін айтты.

«Әлдене бір дыбыстан оянып кеткен екем дейім. Қарасам... Аяқ жағымда тыр жалаңаш сәби отыр. Айнала төңірегі толған ақ туфли. Бала соның ортасында. «Көрші тұратын трактористің сәбиі болды-ау. Бұ қалай келді?» — деп ойладым. «Әке»,— деп ауызғы үйге қарап дауыстап ем, ешкім жауап бермеді. Сөйтіп жатып оянып кеттім. Сонда бұ не? Неге, қалай жору керек?», — деді Айнаш. Әділхан қабағын шыта сәл ойланды да: «Сәби — пәктіктің, жақсылықтың белгісі. Ал, ақ туфли дегенің сапар ғой. Алда ұзақ сапарың бар екен. Ол — оқу, білім жолы. Туфлилердің ақтығы, көптігі — сапардың ұзақтығы, сәттілігі. Ақыры мақсат-мұратыңа жетесің»,— деп сайрай жөнелді. Айнаш күліп жіберді...

— Қарындас, жұмысшы жатақханасын білемісің? — деп бір бейтаныс, шамадан көтерген адам оның көңілін бөлді.

— Қай жатақхана?

— Мақта-мата комбинатының?

— Мынау алдыңыздағы,— деді Айнаш өзінің қалай тез келіп қалғанын жаңа андап.

Келсе... бөлмеде Абылай отыр. Балым екеуі шай ішіпті. Соңғы кездері ол Балымға келуін жиілеткен. Айнашты көрсе, тез жиналып, ығыстап кетуге тырысады. Осы қазір де Абылай жаутаңдап:

— Ал, саушылықта болыңдар. Мен кеттім,— дей берді.

— Неге асықтың, Абылай. Отыр.

— Иә, иә, отырсайшы. Жүдә, от ала келгенің жоқ қой,— деді Балым Айнашпен жарыса қалбалақтап.

— Рақмет. Ауылдың жігіттеріне соғатын шаруам бар еді...

— Абылайдың кеше газетте өлеңі шықты. Жүдә, өзі нағыз ақын, — деп қойды Балым үстел үстіндегі ыдыс-аяқтарды жинастырып жатып.

— Өлеңіңнің қуанышы ұзақ болсын, Абылай.

— Рақмет, Айнаш.

— Балым, мені ешкім сұраған жоқ па? — деді Айнаш пальтосын іліп аяқ-киімін шешіп жатып.

— Почташы әйел сұрады. Телеграмма бар дей ме, маған беріп кет десем, өзіне тапсыруым керек дейді. Қол қойдырмай болмайды деген... Міне, тағы келді-ау дейім...

Есікті тықылдата біреу қағып тұр.

— Кіріңіз...

Айнаш шыдай алмай, жүгіріп барып есікті ашты.

— Естімейсіз бе, кіріңіз.

— Маған Айна Хасанова керек.

Мен...

Сізге телеграмма. Міне алыңыз. Мына жерге «алдым» деп қол қойыңыз.

— Рақмет сізге.

Есікті жауып келіп, Айнаш телеграмманы оқи түсті де, бетін баса кереуетіне етпеттеп құлады. Екі иығы солқылдай жылап жатыр. Абылай мен Балым не болғанын түсіне алмай, үрпиіп тұр. «Папа... Ақ папатайым»,— дегенде, Балым шыдай алмай, құрбысын құшақтап бірге жылады, арасында: «Айналайын, Айнаш, қойшы... қойшы енді»,— дейді. Абылай жерде жатқан телеграмманы қолына алды. Онда: «Әкең хал үстінде. Тез жет»,— депті.

— Айнаш, қойындар. Неге жамандыққа жорисындар. Тез жиналайық. Балым... Балым, саған не болды. Жұбатудың орнына сенікі не? Тұр,— деді Абылай...

Сол күні кешкі самолетке отырып Айнаш ұшып кетті.

Абылай мен Балым шығарып салып қала берді.

* * *

Айнаштың құлағы шыңылдап кетті. Дүние астаң-кестең төңкеріліп, алапат опат болар деп еді, тып-тыныш... Түк те сезбегендей. Даң-дұң да басылған. Әкесі өлмеген сияқты. Неге олай? Менің ақ папам... өмірден өткенде найзағай ойнасашы. Неге мына күні көктемгідей жарқырап тұр. Кешегі жиналған қалың ел қайда? Ұмытқандары ма? Зират басына дейін ағылып шығарып салмап па еді? Бүкіл совхоздың машиналары жарты сағат боздап, бірінің соңынан бірі шұбап, жүрек түршіктіргені қайда?! Сол азалы сирена үні мәңгі ұмытылмас. Иә, ұмытпайым. Әйтсе де бәрі сонымен біткені ме, папа? Сен көз жұмғанша бұ дүниеден мен кетсемші, папатай. Неге мен қалдым? Неге?.. «Айналайын, Жүсіпжан, Түсіпжан, анау жалғыз шынардай ботақанымды көрсем деп ем. Үлгертпес пе екен тағдыр... Әлдеқалай боп кетсем, көздеріндей... көздерінді салғайсыңдар»,— депсің, көке. Папатайым, неге ерте айтпадың? Неге? «Оқуынан аландатпайын»,— дедің-ау. Өйткен оқудың маған керегі не?!»

— Айнаш... Шаршадың ғой, тұрсайшы.

Теміртаудан келген кіші ағасы Түсіп екен. Қара қоңыр костюм, ақ свитер киген, екі көзі ісініп, қызыл тамырланып кетіпті.

— Қазір...

— Бетіңді салқын сумен жу. Айналайын... Жетіммін деме. Қамықша. Біз тірі тұрғанда маңдайыңа жел боп ешкім тие алмайды,— деді Түсіп ақ сары жүзі қуқылдана қап.— Басыңды көтер... Әлгінде Дәулет кеп шақырып кеткен. Соған барып қайталық. Зипа мен Ақзира дүкеннен келісімен жүрерміз...

Зипа үлкен ағасының келіншегі де, Аңзира кіші жеңгесі. Түсіптің әйелі. Айгаш жеңгелерін аса жақсы білмейтін. Өйткені ағалары оқып жүріп үйленіп, әкесінің қолында тұрмаған. Жаз айларында балаларын алып келіп, бірер ай қонақтап кететін. Әйтсе де, Айнаш жеңгелеріне көз тоқтатып үлгерген, оған әсіресе ақ көңіл, ашық Зипа ұнады. Мейірімді, қолының тарлығы жоқ, кең сияқтанатын. Ақзира мүлде бөлек көрінді: дүнияға жақын, іші тар, пыш-пыш сөзшең тұғын. Сәл нәстеге шытынап, қызарақтап қалушы еді. Обалдары не қайын сіңлісіне екеуі де жылы ілтифат танытуға тырысатын, сонан ба, Айнаш та олардың мінез-құбылысына пәлендей мән бермейтін.

— Айнаш...

— Қазір, аға, тұрам.

— Ендеше мен қарап келейін, әлгілер жиналды ма екен. Сен жата берме, айналайын,— деді Түсіп қарындасының маңдайынаи сипап. Сөйтті де, аяғын ұшынан басып шығып кетті. Аға сөзі көңілін жылытып, солықсыған жүрек жарасын жазғандай ол сәл сергіп қалды. Ойына сонау бала күні оралды.

О кезде апасы да бар. Жүсіп пен Түсіп жоғарғы класта оқып жүретін. Айнаш осы Түсіп ағасының мойнына мініп қатты еркелейтін. Сондайда Түсіп: «Міне, енді Айнашты көтере-көтере бойым өспей қалды»,— дейтін күліп. Жүсіп ондайда іліп-қағып: «Қой әрі пәлеңнен аулақ. Бәкенелігі апама тартқаннан, мына мен сияқты кекеме ұсақ тұрмаймысың. Кімге тартуды да білмейсің»,— дейтін. Екеуі де Айкашты жақсы көретін, тетелес бала боп, жанжалдаспайтын. Әбден еркінсіп алған Айнаш, қит етсе, Түсіп ағасына: «Есебімді шығарып берші»,— дейді екен. Бірде қыңқылдап қоймапты. Түсіп сонда да тыңдамай, мойнын бұрмапты. Сөйтсе, Айнаш кішкене сәби қабағын шыта қап: «Жаның барында шығар, әйтпесе өлтірем!» — депті. Әкесі соған көзінен жае аққанша күліп еді-ау. Енді, міне, апасы да, о да жоқ. Бір кезде екеуі тірнектеп жайған кілем, қара қоңыр сервант, телевизор, радиоқабылдағыштар орын-орнында тұр. Үй иелері жаңа ғана далаға шығып кеткен тәрізді. Қазір қайтып келетіндей болады да тұрады. Жүрегі бұра тартып, қатты сыздап жүре берді. Айнаш бетін баса тағы да жылап жіберді. Сонан аға-жеңгелері келгенше төсектен басын көтерген жоқ.

Жеңіл машинамен орманға. Дәулеттікіне, келе жатқанда да көзінің жасын тыя алмады, ирелеңдей бел асқан жол да, сыңсыған ағаш іші де есіне сонау көктемді, әкесі екеуінің сейілін түсірумен болды. Мынау да сондағы шофер. Тек машина ғана өзге, жаңа.

Дәулет пен Рәзия оларды есік алдынан күтіп алды. Әсіресе, Айнашқа ілтифат бөлек. Дәулет қуана қалбалақтап, «қарындасым-ау»,— деп жүгіріп жүр. Екі жеңгесінен кейін қалып, Айнаш үйге жақындай бергенде сүрініп кетіп, көлденең жатқан кеспелтек бөренеге аяғын ондырмай соғып алды. Қан қақсап қатты ауырса да, сездірмей орнынан тұрды:

— Байқасаң етті, Айнаштай,— деді Зипа қасына жүгіріп келіп, қолтығынан демеп.— Аяғыңды ауыртып алдың ба?

— Ештеңе етпес, апа.

— Әй, Рәзия, аяқ астынан ал демеп пе ем саған осы ағашты,— деді Дәулет қабақ шытып...

Олар Дәулет үйінен түн жарасы ауа қайтты. Айнаш әкесінің қырқын өткізіп, жолға жиналды. Жүрер жерде Жүсіп:

— Айнаш, мен осында көшіп келгелі отырмыи. Әкем орнын суытпайын дейім. Мен инженер-механикпін ғой. Совхозда маған жұмыс көп. Түсіпке келу қиын. Оның орны завод. Металлург совхозда не бітіреді,— деді.— Сен бұған қалай қарайсың? Түсіп солай істегенің жөндейді.

— Аспирантураға түсем демеп пе ең, аға?

— Сырттай оқырмын. Солай емес пе, Зипа?

— Әрине... Папам үйінің оты сөнбесін.

«Папам үйінің оты сөнбесін»,— дегенде Зипа, Айнаш қатты толқып кетті. Жеңгесін құшақтай, жылап жіберді. «Апатайым»,— дейді ол әлсін-әлі күбірлей өзінің самолет ішінде отырғанын да, ұшып келе жатқанын да бір сәт ұмытып.

Оныншы тарау

Өмірде күйініш, қасірет егіз екен ғой. Әке қазасы аздай-ақ. Айнашты тағы біреуі етектеп алды. Дәулет үйінде сүрініп, жіліншігін кеспелтек томарға соғып алғаны бар емес пе еді. Алғашында ет қызуымен оған мән бермеген. Алматыға келгенсін де аяғын сылти басып жұмысына шыққан. Екі апта өтпей, тіпті жүруден қалды, күп боп ісіп кетті. Дәрігерге көрінген «жіліншігің жарылыпты»,— деп гипс салып, бюллетеньмен жұмыстан босатгы. Әйтсе де, ауру жазылар болмады. Соңғы күндері түн баласы көз ілуден де қалды, сырқырап жанын қоярға жер таптырмайды. Үш-төрт рет Әділхан кеп: «Шыда, әлі-ақ тұрып кетесің»,— деген еді, міне о да кешелі-берілі көрінбейді. Айнаш Балымды жұмсап, такси шақыртты да, поликлиника хирургіне тартты. Хирург ұзақ қарап, рентгенге түсірді де:

— Сізге ауруханаға жатып емделу керек. «Сүйек туберкулезін» емдейтін республикалық институтке барасыз. Мынау — соған жолдама,— деді.

— Шыныңызды айтыңызшы, дәрігер, менің аяғымды кесе ме? —деді ол үрейленіп.

— Жоқ, неге? Емдейді да.

— Ұзақ жатам ба?

— Сәтіне... Сәтіне қарай, пациент жолдас. Ауруды асқындырмай алдын ала емдеген абзал. Бейқамдықты қойыңыз. Тез жетіңіз. Балалық істемеңіз. Ауру ойын көтермейді, — деп мосқал хирург қабағын шытты. Әжімді жүзі жыли түсіп, күлімдей қарады. — Тек қорықпаңыз, бәрі де ойдағыдай жақсы болады. Сіз жассыз ғой. Жас мүше тез жетілуге тиіс...

Сөйтіп, Айнаш қаланың тау бетіндегі «сүйек туберкулезін» емдейтін, үлкен бау-бақтың ішіндегі ауруханадан бір-ақ шықты. Өмірі мұндай ауыртпалық иығына түспеген жас қыз алғашқы кезде тарығып, талай түн өзгелерге сездірмей, одеял астында жылап та жүрді. Бертін келе тап-таза палата, құлаққа ұрған танадай тыныштық бұрынғыдай елегізітпей өз тірлігі, қызығы бар өмірге айналды. Күніне бір мәрте Балым келіп, комбинаттағы жаңалықтарды айтады, көңілін аулап күлдіреді. Әлденеше рет Абылай да хабарласып, қызғылықты журнал, газет әкеп берді. Емхананың хирургтері талай рет қарап, әлі Тиянақты ештеңе айтқан жоқ. Бірде: «Осы шынымен менің аяғымның жарақаты сүйек туберкулезіне айналып па?» — деп Айнаш сұрап еді, дәрігер күлімдеп: «Әзір белгісіз, қарындас. Жазыласыз, қам жемеңіз»,— деді.— «Тек көп жүре бермеңіз. Балдақсыз қарыс қадам аттаушы болмаңыз. Аяққа салмақ түсірмеуге тырысыңыз, жарай ма? Аурумен күресуде біздің үлкен көмекшіміз өздеріңізсіздер. Оны бір сәтке де ұмытпаңыздар...»

Ертеңіне Әділхан келді. Қомақты газетке алма, алмұрт орап әкеліп, бас жағына қойды. Алматының да қысы қаһарына мініп, аязды бола бастағанын айтты. Қызғылықты әңгіме шертіп, палатадағы қыз-келіншектерді де, Айнашты да күлдіріп отырды. Кетер жерде ғана дәрігерлерге жолыққанын сездірді.

— Не деді, Әділхан?

— Жіліншігің шатынап жарылыпты. Қалай шыдап жүргенсің? Таңым бар.

— Сонымен олар не дейді? Сүйек туберкулезі емес пе екен?

— Жарық қызыл тамырланып тұрған көрінеді. Әзір белгісіз дейді. Сен уайымдама, ондай болады,— деді Әділхан. Ол хирургтердің қауіптене: «Сүйек туберкулезі ме деп ойлай мыз»,— дегенін жасырып айтпады.

— Саған, Әділхан, ақ халат үйлеседі. Халатпен ұзын боп, жасарып көрінесің,— деді.

— Уф, құдай-ай қуантып тастадың-ау. Әйтпесе, бойың аласа, шалсың деуші едің.

— Жо-жоқ. Олай деме, Әділхан,— деді Айнаш шаттана күліп.

— Қайран қазақ қызы-ай. Сенің өзге елдің әйелдеріндей бетінді тұмшаламай ашық, еркін өмір кешкеніңде осы қайсарлығың, ақылдылығың, тапқырлығың-ау. Тапқырлық дегеннен шығады. Баяғыда Абайдың бір Қияспай деген қу тілді, сөзге жүйрік досы болыпты,— деп Әділхан даусын көтере, тамағын кенеп қойды. Палатадағы әйелдер елеңдей құлақ түре қалды. Қызықты бір әңгіме бастарда ол ылғи өстеді. Қазір де күлімдей, желдей есіп жөнелді.— Өмірі кісіден ығып, сүрініп көрмеген әлгі Қияспай әйелден жеңіліпті дейді. Керей ауылында ақылды, тапқыр келіншек бар екен деп естиді де, ел жайлауға шыққан кезде соны да көрмек боп үш-төрт жігіт ертіп аттанса керек.

Қоңақжай ел Абайдың досы, аты мәшһүр Қияспайды малын сойып, қол қусырып қарсы алады. Ет желінеді. Өлең айтылады. Шайдың мезгілі таялады. Бабына келген Қияспай келіншекті қалай тілге тартсам деп мүйіз шақшасын алып, ойланып отырды. Мәсісінің өкшесіне шақшасын қағып-қағып жіберіп, насыбайын енді атам дегенде, шай жабдығын жасап жатқан келіншек:

— Қайнаға, шақшаңызды тастаңызшы,— депті шыдай алмай.

Жалт қараған Қияспай келіншекке көз тоқтатса, әлгі сәңкиген пұшық екен. Көктен іздегені жерден табылғандай қуанып кеткен Қияспай: «Ұрымтал сәтің келді-ау, ә», — дейді де:

— Насыбай ататындай мұрын табылса, ол құрымағырың бар ғой,— деп шақшасын тастай салыпты.

Келіншек үн-түнсіз қолына алып, насыбайды атады да. Қияспайға қайтып береді, жеңілтектеу жігіттердің бірінің мырс ете қалғанын да елемейді.

Шай ішіліп, төсек салынар, қонақтардың да дамылдар шағы келеді. Қияспай бастаған жігіттер далаға шығып сейілдеп қайтады. Келсе төсек жайылған. Қонақтар орын-орындарына жатуға ыңғайланыпты. Қазақ құрметті мейманына қашанда төсекті ортаға, төрге салады емес пе? Қияспай қаперінде ештеңе жоқ, сол орынға кеп жайғасқалы отыра беріп, төңірегін сипалап қалады, іле лекіте күліп:

— Келінжан, бұл үйдің қонаққа деген жастығы болмаушы ма еді? — дейді.

Есік жақтағы қызыл шымылдықтың жанында күйбеңдеп жүрген келіншек күлімдей бұрылып:

— Е, тәйірі, оны жастанар бас табылса, неге болмасын,— деп құс жақтықты тастай салыпты. Сөйтсе, Қияспайдың басы таз екен ғой. Ол ұяттан жерге кіріп кете жаздапты.

Сөз қадірін білетін, тапқырлықты пір түтатын қазақ емес пе. Сол бойда Қияспай жігіт терімен дүр көтеріліп, әлгі үйге қонбастан аттанып кетіпті дейді. Сен де, Айнаш, сол апаларыңа тартқансың-ау дейім,— деді Әділхан палатадағы қыз-келіншектерге ілесе күліп.

— Тартпасам да, сарқыншағы жұққан шығар, қайдан білесің,— деп еді сонда ол.

Бүгінде міне екі көзі төрт боп Әділханды күтеді.

Келетін мезгілі өтіп барады.

Театрдан шығып Балым мен Абылай далада біраз қыдырмақ еді, сары шұнақ түнгі аяз бет қарып, шыдатпады. Әйтсе де, Абылай сыр бермей, соңғы күндері жазған бір-екі өлеңін көше жиегіндегі шам түбінде тұрып Балымға оқып үлгерді: «Жұмысшы ақын,» — деп айтар тағып, алдын-ала оқушыларынан кешірім өтінгендей боп газет, журналдар жариялаған үш-төрт өлеңін жұқа, көк елтірі жағалы пальтосының ішкі жан қалтасынан суырып алып, қобырата көрсетті. Жүзінде: «Кіммен сейілдеп жүргеніңді білемісің?» —дегендей мақтаныш та жоқ емес. Ол осы қазір тартпақ тұрғай, жөндем күйін келтіре білмесе де, домбыра сатып алып, үйренсем бе деп жүрген жас сияқты еді, талабы да, таланы да тереңде, ине жасуланып маздайтын сияқты. Булығып кеп мұңдайлар лаулай да жөнеледі, бықсып-бықсып сөніп те жатады. Абылай соның қайсысы екені беймәлім. Әзір ол көпке айтарын сыбырлап, қызға айтарын даң-дұңға айналдырып, құлақ жаңғырықтырып жүрген жәйі бар. Күніне оп-оңай он өліп, жүз өртенеді, не күйіндірмейді, не сүйіндірмейді. Мұның бәрін, әрине, Балым білмейді — оқыса, білер еді, білес де, түсінбейді ғой. Әйтеуір, «тірі ақын мен» көңіл табысқанына мәз. Тек әлгінде шек-сілесі қата күліп, театрдан өзі қатты ұнатып шыққан пьесаны Абылай дағдысынша түкке алғысыз еткенде: «Көңілімді лайлады-ау, бүйтіп сыйлағаны бар болсын»,— деп күйінді. Қайтымы жылдам қыз іле: «кейін түзелер де» дей салды. Mінe олар жатақханаға да жетті.

— Ал, жақсы... cay бол,— деді Балым қоштасып тұрып.— Тоңғаныңды сезем. Бөлмеге шақырып шай берер ем, өзің білесің, үйде жалғызбын. Айнаш жоқ. Ыңғайсыз болар дейім.

— Ай, Балым-ай, ақ жүрексің-ау. Мен сені осының үшін сүйем ғой. Амал не, сен маған сенбейсің.

— Сенбесем, Абылай, сенімен қыдырам ба?

— Сенгенің осы ма?

— Жүдә, ыцғайсыз да...

— Онан да бүкпесіз «сенен қорқам» демейсің бе, Балымжан,— деді Абылай өзінен гөрі етжеңді, ірі қызды құшақтай түсіп. Қытықшыл Балым сығыраңдай күліп, қымсынған боп жүзін алып қаша берді.

— Дөп ойыңның үстінен түстім-ау дейім, Балым?

Әлгіндей емес қыз көңілі «кет әрі» көрінбеді, көмейі кәдімгідей босап қалды. Ол осы қазір көктегі жем іздеген қыранды аңдамай ашық, жасыл ойпатқа шауып шыққан ессіз ақ лақ тәрізді: әлдебір үрей билеп, қауіпті сезсе де, тығылмайды.

— Неге үндемейсің, Балым?

— Жүдә, үйге кірме деуге қимайым.

— Қиналсаң кетейін.

— Жо-жоқ... Жүр...

Әбден қатты тоңғанын Абылай жылы бөлмеге кіргенде сезді, аяғы бәтеңкесіне сыймай ісініп кеткендей сыздан барады. Балым шай қойғалы далаға шығып еді, ол бәтеңкесін шешіп аяғын қос қолдай уқалап жан бітірді. Ыстық шайдан кейін, тіптен сергіп сала берді. Толықсып отырған Балымға да көзі жиі іркіліп, тояттай қарады.

Көйлегің қонымды, неткен әдемісің, Балым,— деді ол сұқтана.

Айнаш екеуміз барып алғанбыз. Саған шын ұнай ма?

— Иә, тамаша.

— Алғашында өзіме тіпті ұнамаған. Айнаш: «Саған лайықтап тіккендей, әсем, ал»,— дегенсін көндім.

— Талғамы жақсы екен.

— Жүдә, өзі де тамаша қыз ғой. Мен оны қатты құрмет тұтам, — деп Балым орнынан тұрып, мұңая кереуетке барып отырды.— Әкесінің қазасы аздай ауру да жабысты. Бір айдан асты әлі ауруханада... Кешкі сабағынан қалғанын қойшы, денсаулығын айт та. Байғұс бала жүдеп те бітті.

Анау жігіті қалай? Кейінгі кезде сирек көрінеді дейді, рас па?

— Е, оны қойшы... Сөйдейді ғой, кім білсін. Өзі тезірек жазылсыншы.

— Бұлай қатты қинала бермесейші, Балым,— деді Абылай Балымның қасына кеп отырып.

Батылсыздау қыз маңайына қолын тигізіп, шашын сипады. Балым үркіп, тартынбады. Жетім көңіл жігіт мейіріміне елжірей, оған тығыла түсті. Өмірі жан баласы мандайынан сипап, көңілін жұбатпағаннан ба, Абылай үні жанына жағып барады. «Жүрегім...», «Балым жаным» деген кім бар? Темекі иісті жігіт ерні бетіне тигенде ғана ол үрейленіп қалған, әйтсе де, қарсыласа алмай, әлі кетіп, буын-буыны құрып бара жатқанын сезінді. Ыстық қан басқа шауып, жер-дүние шыр көбелек айналып жүре берді.

— Оның не... Абылай жаным,— дейді ол алқына...

Он бірінші тарау

Жиек сүттей аппақ. Қара күрең кең алқап бусанып жатыр. Айнаш жалғыз аяқ ешкі соқпақпен жүгіріп келеді. Үстінде көгілдір жібек көйлек, жалаң бас. «Туфлиі құрымағырды бекер-ақ киген екем. Өкшемді қажап тастағанын қарашы»,— дейді. Қайда барады? Неге асығады?

Бұ маң далада неғып жүр? Өзі де білмейді. Әйтеуір тез жетсе болғаны. Қара терге түсіп, түйе жөн бел үстіне де шықты. «Уф...» — деп терең тыныстай тоқтады. Анау ылди батпақты еді, бұ жер дегдіп, қылтанақтан көк шөп өсіп қалыпты. Шықтана желбіреп тұр. Айнаш табанымнан сыз өтер-ау демей туфлиін шешіп қолына алды: міне ғажап, жер салқын емес, жып-жылы. Қуана бел үстінен ылдиға қарай жөнелген, алдынан еліктің лағы шыға келді, әлгі мұны танымай үркіп, маңайлатса болар ма. Қуып еді, ыршып түсіп, сонадай ұзап кетті. Жақындаса-ақ құлдыраңдап зытып береді. Әбден шаршатты. Өз дәрменсіздігіне Айнаш ызаланып, жылап та бере жаздады. «Табаным ойылып қалған-ау шамасы. Сыздап ауыра ды. Еліктің лағын қуып не жыным бар еді, тыныш жөніме жүре бермейім бе»,— деп ойла ды ол күйініп. Үстінде қоңыр костюм, өзі жалаң бас бір адам бүйірдегі ойпаттан шығып, еліктің лағының соңынан тартты. «Бұ неғылған адам? Ойбай-ау, көкем емес пе? Иә-иә, сол... Мені көрмегені ме?..»

— Папа!.. Папа!.. Тоқташы, мен Айнашпын ғой! — деп айқайламақ болған,— даусы шықпай қалды. Артынан жүгірейін десе аяғы сырқырап бастырмайды. Әлгі адам енді бірде Әділ хан сияқтанып кетеді. «Әділхан...» — дейді қырылдап, ол қайырылып қарамайды. Аппақ сүттей жиекте еліктің лағының соңынан қалықтап барады.

— Сіңлім... Сіңлім ояншы... Түс көріп бастығырылып жатырсың білем,— деді көршілес кереуеттегі егде орыс әйелі иығынан түртіп.

— А?.. Иә, туф...

Айнаш қан сорпа терлеп оянды. Әйтсе де әлгінің бәрі өңі емес, түсі болғанына қандай қуанды десеңізші. Жастықтан басын көтеріп, қасындағы орындық арқалығына ілулі тұрған орамалды алып сүртінді де, жайғаса, шалқасынан жатты. Күн әлі ерте екен. Таң жаңа ғана атып келеді. Көршілес кереуеттегі әйелден өзгелері ұйқыда. «Бұ кісіні мен оятып жібердім-ау. Енді қайтсем? Кешірім сұрасам ба?»

— Нина Иванова, сізді мен оятып жібердім-ау дейім,— деді.— Кешіре көрдіңіз.

— Жо-жоқ, о не дегенің, сіңлім. Өзім ояндым. Кешіретін түк те жоқ. Қысылма, жаным.

Нина Ивановнамен Айнаш келген күні танысқан.

Ол сонау Тамбовтан тың өлкесіне келіпті. Күйеуі, бір баласы бар көрінеді. Қыста машинадан пішен түсіріп жатқанда құлап, жамбасыа сындырып алыпты. Кейін сонысы асқынып, сүйек туберкулезіне айналған. Әлденеше рет ауруханаға түсіп емделсе де, сәті болмаған көрінеді, ақыры жазылмағансын, осында келіпті. Жатқанына биыл жеті жыл. Өткен жылы күйеуі «айрылыс қағазын» жібергенде у ішіп өлмекке бекінген екен, дәрігерлер аман алып қалыпты. Тағдыр неткен қатыгез. Ал, анау төрдегі кереуетте жатқан Лариса деген қыз биыл он алтыда. Ол екі аяғынан мешел. Жүре алмайды, өзі ақ жарқын, күлегеш. Көзі көкпеңбек, пісте мұрын нағыз сұлу. Шашы күмістей жұп-жұмыр иығына төгіліп тұр. Оның жанындағы кереуеттегі геолог келіншек. Сүйекті, ірі. Қонқақ мұрын, қара шашты әйел. О да осы аурухананың ескі тұрғыны. Сүйек туберкулезі бұғанасына түскен. «Бағыңды байламайын. Қимайтын баламыз жоқ. Сен басқаға үйлен, Володя»,— деген екен күйеуіне, ол ұрсып тастапты. «Мені сенен ажал ғана айырады»,— депті. Аптасына үш мәрте келіп тұрады. Заводта слесарь көрінеді. Міне,алты жылдан бері сонысынан бір айныған емес. Ілкіде емделу мерзімінің мұншалық ұзақтығына Айнаш таң қалып, тіптен қорқып кетсе де осы өткен ай жарым ішінде сүйектің бітуі қиын екенін түсінгендей де болды. Өмір деген — әні, сол. Күні кеше ол дүниеде осындай емхана барын, онда сабақ алып, ауру балалар мектен те бітіріп жататынын білмек тұрғай, естісе де, сенер ме еді? Ай, қайдам...

— Сіңлім,— деді Нина Ивановна сыбырлай Айнаштың ойын бөліп.— Ұйықтап кеткенің жоқ па?

— Жоқ.

— Кешір, сіңлім, мен сенің есіміңді тағы да ұмытып қалдым. Айтамысың?

— Айна Хасановамын.

— Айна... Жақсы есім. Айна деген есім осы Эстон жұртында да бар-ау дейім? Қыз кезімде Балтық бойындағы республикаларда болғанмын. Сонда естіген сияқтымын.

— Мүмкін.

— Сен өзіңнің сұлу екеніңді білемісің, Айна?

Айнаш үндемеді.

— Сен сұлусың. Иә-иә, нағыз шығыс сұлуысың. Маңдайың жазық, кең. Ақылды да болуың керек. Түс көрдің-ау дейім. Өйткені даусың шығып кетті.

— Сіз түс жори білесіз бе?

— Айт. Жориын.

— Мектепте оқып жүргенімде бір қорықшы еліктің лағын әкеп берген. Әлгі өте сүйкімді еді. Менің көлеңкем сияқты еріп жүретін. Емізікпен сүт ішкізгем... Кейін аңшылар өлтіріпті. Әкем биыл қайтыс болды. Сол екеуін көрдім. Олар маған қарамай кетті. Соңдарынан жүгірейін деп ұмтылғам, аяғым ауырып бастырмады. Айқайлайын десем, даусым шықпай қиналдым...

— Айна, бұл жақсы түс. Өлген адамның қайырылмағаны, қолын бермегені дұрыс. Демек сен жазыласың, көп жасайсыц.

Айнаш Әділханды көргенін, оның да қайырылмай кеткенін айтсам ба деп бір оқталды да, жүрегі дауаламай, іркіліп қалды.

— Сүйетін жігітің бар ма, Айна?

— Иә.

— Анада келген жігіт пе?

— Иә.

— Тәрбиелі интеллигент жігіт. Өзі кішіпейіл, ақ жарқын білем. Әсіресе біздің Ларисаға ұнап-ақ қалыпты. Лариса әлі бала ғой. Сыр бүгуді білмейді. Байғұс бала осы үйдің төрт қабырғасынан ботен не көріпті,— деп Нина Ивановна бір сәт Айнаш жәйін ұмытып Лариса тағдырына түсіп кетті.— Айтпақтайын, ол жігіт кім боп істейді, Айна?

— Көз дәрігері — хирург.

— Ә, солай ма?! Қарамаға жас. Жалпы шығыс адамдары жасамыс келеді-ау дейім. Айна, сен Университеттің тарих факультетіне сүйіп түстің бе?

— Білмейім.

— Білмеуің қалай?

— Сияқтың не? Қой сен ойгіп алтын уақытынды сарп етпе.— Нина Ивановна басын жастықтан көтеріп алды. Айнашқа қарап жатып өмірде жас адамның өз бетін анықтап алуының қандай мәні барын әңгімелеи кетті. Әсіресе оиың қыз бала үшін орны бөлек дүние екенін тәптештей жөнелді. Ол бөлменің іші ақ торғын таң нұрына бөленіп жүре бергенін де аңдамағандай еді.— Шіркін, мен сендей болсам, дәрігерлік оқуға түсер ем. Бұл нағыз қажет мамандық. Айна, әлі де кеш емес, сен дәрігерлікке түс. Құласаң да қайтпа, түспей қойма. Сосын мына біздей бейшаралар саған мың мәртебе тілейді, рақмет айтады.

— Білмейміи, Нина Ивановна...

— Ойланатын не бар, Айна, басын, жас, болашағың алда. Тек жүрексінбе... Жә, сені жалықтырмайын. Шаршаған да шығарсың. Дем ал.

Айнаш үн-түнсіз кезін жұмды.

Он екінші тарау

Әділхан Серікті қаланың ортасындағы еңселі «Алматы» ресторанының алдында күтіп алды. Өзі киімін шешіндірісіп киім ілгішке тапсырды да, екінші қатарға бастап; «Жүр тез. Сағат жетіге дейін кешіккенің не?» — деп қойды.

— Оу, не болды? Жәй ма?

— Әңгіме бар... Мен тамаққа заказ беріп те қойғам.

Олар кен, залдың терезе бетіндегі төрт кісілік орынға кеп отырды. Қара костюм киіп, алабажақ галстук таққан Әділхан осы қазір үйленгелі отырған жас күйеудей салтанатты, сәнді еді. Ақшыл пенжегінің астынан қызыл күрең свитер киген Серікке көңілі толың қырамай бір-екі рет алая қарады.

— Сен мені тойға шақырғаннан саумысың? — деді Серік ақсары жүзі күреңіте күліп.

— Соған жақын. Тек асықпа.

— Ол кім тағы? Айнаш емханада демеп пе ең?

— Иә ол ауруханада жатыр, — деді Әділхан қабағы кіржие қалып.— Айтсаң да спортшы-ау. Свитерсіз жүрмейді. Дырдай инженер деудің өзі қиын.

Сүр бойдақтардың әдеті десейші онан да.

— Ресторанға костюм киюге болатын еді ғой.

— Кәне сигаретіңнен бер. Мені қайтесің. Қыз емеспін. Кім мені айттырғалы жатыр,— деп Серік Әділхан ұсынған сигареттің бірін алып тұтатты да, бұрқырата сорып, жұмсақ орындыққа жайлана шалқайды,— Иә, Айнаштың халі қалай?

— Тұра тұр. Кейін. Мына қарындасты күттірмейік,— деді Әділхан галстугын кербездене түзеп. Жігіттердің әңгімесін бұзбайын дегендей құс мұрын, қара торы официант келіншек бөксесі бұраңдап кеп қол қусыра тоқтады. Ерніне жаққан қызыл бояу бетіне күміс ұнтағын сепкендей жылт-жылт етеді. Тостағандай қара көзін Серікке немкетті тастап, Әділханға күлімдей қалды.— Кешіріңіз, қарындас... Әлгінде мен ішімдікті кейін айтарым дегем Енді заказ қабылдай беруіңізге болады. Не ішеміз, Серік

— Не бұйырсаңыз, сол ішіледі.

— Қарындасым, бұл кісі менің мектептес, өмірлік досым. Осы отырғанда басы бос, сұр бойдақ.

Командировкаға келген ағай деңіз.

— Жо-жоқ, алматылық. Инженер. Бір шыны армян коньягі мен шампан деп жазып қойыңыз.

Минерал суы ше?

— Онан екі-үш бөтелке. Ұлттық тағамнан не бар?

— Менюді қарамап не едіңіз? Шұжық, қабырға...

— Шұжық дұрыс.

— Қанша?

— Төртеу.

— Төртеуің не, Әділхан? Екеуі де жетпей ме?

— Сенен де басқа келетіндер бар... Сосын, даяшы, бір қорап шоколад әкеліп қойсаңыз. Ішпесек те, бір шыны риелингі келтірерсіз. Апорт алмасы да стол мезіреті емес пе?! Болса, оны да қарастырсаңыз.

Официант ізетпен бас изеп бұрылып жүре берді. Әділхан костюмінің ілгегін ағытып жіберіп, үлкен бір іс тындырғандай «уф» деп қойды. Ол Серіктің елпілдеген елгезектігін, мұндайда ұзақ шыдап отыра алмайтынын білетін. «Иә, Әділхан, бұл не құпия? Тағы да келетін екеуің кім», — дер дейді үндемей. Серік сигаретін асықпай тартып, сұрағысы келетіндей ыңғай білдірмеді. Әділхан да бір сәт үнсіз қалды. Әдетте ресторан официанттары ұзақ күттіріп, асықпайтын, мынау қара торы келіншек бүлкектеп жүріп коньякті де, шарапты да, шұжықты да, тіпті минерал суды да әкеп үлгерді.

Қыстың күні кеш ерте түседі. Ресторанның барлық шамдары алты болмай жанып тұрған, енді шағын бір бүйірдегі сәкі-сахнаға шығып, оркестр құйқылжыта би күйін ойнап кетті.

— Әлгі қонақтарың қашан келеді, Әділхан?

— Мен томен түсіп қарайыншы... Ә, әне өздері де көрінді,— деді Әділхан орнынан күлімдей тұрып.

Сұңғақ бойлы көк көйлек киген бір сары қыз бен толықша, келісті қара торы келіншек баспалдақпен көтеріліп келеді екен. Әділхан құстай ұшып қасына барып та қалды. Әлде нені айтып, Серік отырған тұсты меңзеп жатыр. Бірде алдарына түсіп, енді бірде қатарласып Әділхан қуырдақтай қуырлып жүр. Үні де жарқын-жарқын шығады.

— Серік, таныс, менің коллегам — Майра Елтай қызы,— деп Әділхан, кісіге тесірейе қарайтын толықша келіншекті таныстырды.— Бір институттанбыз.

Серік... Әділханның досы.

Сіз де дәрігермісіз? Мақта-мата комбинатында инженермін. Текстильщик боламыз.

— Әрине, сіз бойдақ емессіз.

— Неге олай дейсіз?

— Комбинатта қыздар кеп қой.

— Әзірге маған көзі түскені болмай тұр.

— Керісінше шығар,— деді толықша әйел сыңғырлай күліп. Үні таза, әдемі.

— Ал, мына қарындасың студент...

— О да дәрігер де,— деді Серік сүңғақ бойлы, қой көз, ұяң қыздың қолын алып жатып.

— Жоқ, аға, болашақ инженермін.

— Менің коллегам да табылды. Серік!

— Нұрзила.

— Ал «піскен астың күйігі жаман» деген, кіріселік,— деп Әділхан шампанды қолына алды.

Жаңа бір әнді жаңғырықтыра бастап кеткен оркестр үні бұлардың даусын естіртпей көміп өтті. Әділхан қонақтарынан кешірім сұрағандай іркіле беріп, жуық маңда әннің бітпесін сезгеннен кейін: «Тамақ алыңдар»,— деп ишара білдірді. Коньяк та, шампан да ішілді, жылы-жылы тостар да айтылды. Әділхан даңғаза оркестрдің әуеніне еліге келіншекті биге шақырды. Серік пен Нұрзила оңашалана үстел басында отырып қалды.

— Нешінші курста оқисыз?

— Соңғы курстамын, аға.

— Мамандығыңыз не?

— Геологпын.

— Ұнай ма?

— Не? Геологтік пе? Әрине. Ұнайды,— деді Нұрзила бас изей.

Серік мұнан әрі не айтарын білмей, қыз көңілін немен аулаудың жөнін таппай қиналды. Коньяк құйып: «Сіздің оқу жылын табысты аяқтауыңыз үшін»,— деген, қыз кірпік қақпай қағып салды. «Пісте мұрын, сүйкімді сияқты ма, қалай?» — деп ойлады Серік үстел үстінде жатқан сигарет қорабын қолына алып.

— Ұлықсат болса, аға? — Нұрзила сигарет сұрап отыр. Серік темекіні өзі ұсынбағанына опынып қалды.

— Әлбетте. Әрине,— дей қалбалақтап сіріңке шақты. От сәулесі қыз жүзіне жақындаған кезде Серік оның опаланып, көзінің айналасын көгілдірлендіре бояп қойғанын аңдады. Сүп-сүйір салалы тырнақтары да өсірілген, сырланған, қып-қызыл.

Нұрзила кәнігі шылымшыдай сигареттің түтінін жұқа ерні бүріле, құшырлана, танау желбезегі дірілдей жұтты. Би аяқталып Әділхан мен Майра да ыстықтап кеткен адамдай желпіне келді. Келе фужерге толтыра құйылған шампанды шөліркей сіміріп жатыр. Серік барлық рюмкаларға коньякті құйып:

— Мен осы тосты болашаң инженер қарындасым үшін алуларыңды өтінем,— деді.

Әбден қызып алған Майра мен Әділхан кеу-кеулеп, бәрі де көтеріп тастады. Нұрзила да тартынған жоқ. Әйтсе де, сабырлы, су ішкен жан сияқты, кірпік қақпайды. Қаужаңдай Әділхан мен Серік, Майра ыстық қуырдаққа бас қойғанда, ол аузына дәм тигізбей сигаретін тартумен болды. Тағы да оркестр би әуенін құйқылжыта бастап кетті. Көршілес үстелде отырған үш-төрт жігіттің екеуі кеп, Әділхан мен Серіктен кешірім өтіне қыздарды биге шақыруға ұлықсат сұрады. Әділхан: «Өзіміз шығамыз»,— дегелі оқталған, Серік:

— Ұлықсат,— деп қалды.

Майра мен Нұрзила сәл ыңғайсызданған түр танытты да, орындарынан тұрып, екі жігіттің жетегінде кете барды. Әділхан қабақ шытып:

— Оның не, Серік? Жынданғанбысың? — деді.

— Әй, сен бермен қарашы. Бұларың кім? Соны маған неге айтпайсың, ә?

— Айттым ғой. Майра менімен бірге істейді. Анау Нұрзила оның туысы. Танысқанымызға екі аптадай болды. Жақсы қыз емес пе, құдайшылығынды айтшы өзің.

— Жаман емес... Ал, Айнаш ше?

— Міне, бұл сенімен менің ақылдасар шаруам. Жалған аршылдық, адамгершілік, адалдық дегенді жинап қойып, кәдімгі өмірдің уыз шындығына тура қарайықшы, Серік. Сен өз бағыңды, болашағыңды көре, біле тұра қиындыққа байлап берер ме ең?

— Мұнымен не айтпақсың, Әділхан?

— Мен қыз таба алмағаннан үйленбей келген ештеңем жоқ. Ал, жүріп-жүріп ақсақ, әлі оқыр, оқымасы белгісіз шикі қызға барып ұрына алмайым, достым. Қандай сұлу қыз да ертең әйел. Оған да үйренесің. Махаббат мәңгі емес. Соны біле тұра соқыр тауықтай селт еткен сезімнің жетегімен лаққым келмейді.— Әділхан шылым алып тұтатты да, сөзін онан әрі жалғады.— Иә, мен Айнашты сүйем. Шын сүйем... Әйтсе де, мен отқа түсер көбелек емеспін, адаммын. Соқыр сезімді сабырға, ақылға жеңдіруім керек. О да жерде қалмас, өз бақытын табар.

— Сонда не, сен Айнашты қазіргі ауыр жағдайда тастап кетпекпісің?

— Өйтпегенде сеніңше, не істеуім керек? Серік, сен сүйек туберкулезімен ауруханада қанша жыл жататынын білемісің. Білмесең айтайын, кем дегенде он жыл емделеді.

— Мүмкін ол болмас. Қазір бақылауда ғой.

— Жоқ соның өзі. Екі айдан астам уақыт тегіннен тегін аурухана ұстамайды. Түсін. Жалған ұяттың қажеті не? Білем мұным адамгершілікке жатпайды. Әйтсе де, бүкіл өмірімді саудаға сала алмайым.

— Дегенмен, сен олай істеме, Әділхан. Естимісің...

Әділхан темекісінің тұқылын күлсалғышқа мыжғылай сөндірді. Серікке тура қарамай:

— Сенен бір өтіншім, достым, Айнашқа менен хат апарып бер,— деді.— Мен дәрігерлеріне жолықтым. Дәрігер дәрігерге шынын айтады. Олар сүйек туберкулезі болуға тиіс деп отыр. Сүйек жарықшағынын, арасындағы қызыл тамыр бітпей тұрған көрінеді. Кейін ол іріңге айналуы мүмкін. Қысқасы мен оны тастадым. Иә, қойдым. Ол мені білмейді, мен оны білмеймін. Менің әйелім Нұрзила ма, жоқ, басқа ма — болашақ көрсетер. Әңгіме осы, Серік.

— Жоқ, Әділхан, мен бұл тапсырмаңды істей алмайым.

— Жақсы, ендеше өзім ол хатты медсестра арқылы табыс етермін.

— Ұлықсат болса, достым, мен кетейін. Ауырып жүр ем.

— Өй, Серік, не деп отырсың. Қонақтарды шығарып салмаймыз ба? — деді Әділхан үрпие орнынан тұрып.

— Жоқ, рақмет, әлі көрісеміз ғой.

Серік ширақ көтеріліп, есікке бет алды. Қайырылып артына қарамады. «О, ақ жүрек жынды»,— деп, Әділхан күлген боп басын шайқап, орнында отырып қала берді.

Тілдей сарғыш қағазға маржандай тізіп жазған Әділхан хатын алғанда ол қуанып қалды: жалма-жан бүктеуін жазып жіберіп оқи түсті де, көзін жыпылықтата тандана іркілді, бір түрлі, өзіне-өзі сенбегендей де болды. Іле жүзі қуқылданып, әлгінде ғана жайнандаған жанары суық тартты, «Бұнысы несі? Әзілі ме?» — деді ол күбірлей.

«Қой... Әділхан бұлай жазбайтын шығар? Неге бір-бірімізді ұмытуға тиіспіз. Адам шын сүйгені үшін де жазықты ма? Түсінбеймін...» Өзі сүймесе, қиналмай көңіл білдірген жігіттердің бетін қайтара салатын, оған пәлендей мән де бермейтін ғой. Абылай сияқты талай бозбалаларға солай істеген де. Сонда менің де бірсу осылайша сезімімді аяқ асты етер-ау деп ойламайтын. Тонге түскен жарадан да тәтті сезім алданышы ауыр тиетінін білмейтін. Әділхан хатының алғашында байыбына бармай дағдарғаны сонан еді. Енді оның мына ауыр күйде жатқанда бас тартып, сырт қарап кетеріне көзі жеткенде, айран-асыр болды. Мұндайда қайту керегін де ұғына алмады, тек қатты қорланып, әлдененің жүрек түкпірінде сыздай үзілгенін сезді. «Жо-жоқ, мүмкін емес. Қалайша? Сүйем демеуші ме еді? Мен де оны сүйем. Тастай алмайым сені, Әділхан... Сүйем. Жазығым не?» Айнаш бетін баса аунап түсті, жастығын бауырына ала етпеттей жатып, тұншыға жылап жіберді.

Қара ала «Спидолла» радиоқабылдағышынан ойнақшыған өн сазын тыңдап, ыңылдап қосылып отырған Лариса жалт қарады, көршілес кереуеттегі келіншек те басын жастықтан жұлып алып, Ларисаға қабағын шыға бұрылып радиоқабылдағышыңды сөндір дегендей қолын сілікті. Лариса апалақтап тырс еткізе «Спидолланы» сөндіріп тастады. Нина Ивановна да шошына орнынан көтеріліп, кереуеттің қалайы басынан мойнын созды:

— Айна, саған не болды? Неге жылайсың? – деді ол үрпие қарап.

Айнаш жауап қатпады. Өзегі өртене солқылдай жылады. Нина Ивановна кереуеттің аяқ жағындағы қос балдағын алып, жамбасының ауырғанына қарамай, қинала қабағын шытып Айнаштың кереуетіне жетті. Мұп-мұздай маңдайынан шыққан терді қолынын, сыртымен сүртіп, туған анасындай бауырына тартып, қасына қисайды. Зәбір көрген жас жүрегі елжірей, Айнаш егіліп кетті. «Тағдырға мен не жаздым? Неге мен өлмейім. Бүйткенше, өлсем ше?» — дейді ол дірілдей. Әлгінде ғана Айнаш қуанышты еді, елден Балымның хабарлауымен ағасы Түсіп келіп кеткен. Онан кейін медсестра кіріп, Айнашқа хат ұстатқанын Нина Ивановна да, Лариса да байқамаған еді. Енді не істерін білмей дағдарып, біріне-бірі жаутаңдай қарап отыр.

— Айна...

Нина Ивановна батылсыздау, іркіле оның басынан сипап қойды: ақырын бетін өзіне қарата бұрып, ып-ыстық қыздың көз жасын қолымен сүртті. Тілдей қағазды көріп, мән-жайды айтпай-ақ түсінгенсін, Нина Ивановна Айнашты көп жұбатқан жоқ: «Жыласын... жылағаны жақсы. Шер-мұңы тарқасын»,— деп үндемеді. Бауырына басын тығып жатқан Айнаш сәл басылғанда үстіндегі жамылғысын қамқорлай, қымтай жауып орнына келді.

Сонан түс әлегі ауғанша Айнаш басын жастықтан көтерген жоқ. Бір түрлі жылай-жылай көз жасы да сарқылғандай жанары құп-құрғақ, шүңірейіп қалыпты. Жақ ұрты ояндана суалып, жүзі қуқыл тартып, қыбыр етпей жатыр. Беймаза ой ұрлана еніп, сан-саққа алып-қашып тұйыққа тірейді: «Апыр-ай...» дейді ол шарасыз налып,— «тағдырым менің неткен ауыр... Бойым өсіп, бұғанам қатпай анашымнан, әкеден айрылдым, ілгері басқан аяғым кері тартып оқуым да баянсыз. Табиғат ана сыйлаған әз сезімім де тәрік. Тауым шағылумен келем. Бәрі де тағдыр ісі дейді... Оның маған сыйлар сыйы ылғи осы болса, машина астыиа түсіп өлген жөн шығар? Енді ңайттым? Не істесем?..

Әкем айтса, «тірлікте — қызық та, шыжық та көп. Шыжығымен қасқайып күресе жүріп жеңген, күйзеліп, мойырылмаған — бақытты»,— дейтін. Енді бірде: «Жол таппай дағдарып, қатты қиналған сәттерімде — мен өмірімнің ең бір шуақты, жарқын күнін елестетем»,— дегені де бар. Ал, мұның ондай бақытты күні кәні? Не бітірді? Не білді? Не көрді?.. Әділханмен сейіл құрғаны, шағын гүлзар ішінде қыдырып сырласқаны, жатақханада би билегені ме?..

Жо-жоқ, оның да ашық, сәулелі сағаттары есінде... Сонау көктемде әкесімен бірге қорықшы Дәулет үйінде демалған күндері ше?! Сыңсыған қалың орман. Ағаш арасымен ақырын аяңдап келесің. Қарағай мен шыршаның қою, хош иісінен тынысың кеңіп, бойың сергіп шырқай ән салғың кеп те кетеді-ау. Әйтсе де өзіңді-өзің әзер іркесің. Ұйыған сүттей тыныштықты қимайсың. Әне, алғашқы күн нұры да төгілді. Әлгінде ғана бір түсті қарағай, қайың, шырша, үйеңкі қабығы, бұтағы жасыл, қызғылт, қара, ақшыл, сұрғылт боп құбылып тұр. Аяқ астың да ағаш көлеңкесінен алашұбар, сарғыш — жолбарыс терісіндей, бір түрлі жыбырлап жер де түн ұйқысынан оянғандай сезіледі. Үн еткен таңғы самалдан ағаш басы шайқалып, көлеңкелер де қозғалысқа түскенін білсең де «тірілді-ау» деп ойлайсың. Әр тұстан сайраған құс үні де ғажап. Сәби алақан жапырақ сыбдыры ше? Иә, бір күні ол кереуетінің аяқ жағында тұрған еліктің лағын көрді. Күтпегені, ойламағаны... Қандай қуанды десеңізші. Сонсын оны Дәулет атқа мінгізді, тізгінін қолына берді. Иә, сонда да Айнаш қобалжыды, қорықты..Шыдады... Құламады ғой. Өмірінің басы шуақты, шат болғасын, қалған күні, жылы, ғұмыры да қолтығынан жел ескен тұлпар үстінде өтердей сезілген. Шаттана күліп, құлаймын-ау деп үрейленсе, әлеуетті, сенімді Дәулет ағаның қолындай бір күш демеп, ылғи да шығандата шырқатып, құстай ұшырып әкетердей тағдырына шүбәсіз еді.

Айнаш әлқилы ой шиырынан әбден салығып, көзі ілініп жүре берді. Түскі асқа да оянбады. Нина Ивановна қыздарға «үндемеңдер, ұйықтасын»,— деп ымдап, мазалатпады.

Түс ауа есіктен медсестра тағы көрінді:

— Айна Хасанова, сізді хирург шақырып жатыр,— деді.— Тұрыңыз киініңіз...

— Николай Васильевич пе?—деп қалды Лариса басын көтеріп.

— Иә, Николай Васильевич.

Ол бұрылып шығып кетті. Николай Васильевич Жилковты емханадағы аурулардың баршасы пір тұтатын. Ол өзі алып денелі, қоңқақ мұрын, көзі көкпеңбек, алпыстан асса да, тіп-тік жүретін адам. Шашы, қасы аппақ, қызыл шырайлы нағыз сібірлік орыс. Ылғи да кісіге жылы ұшырай күлімдей қарайтын. Мына емхананың Алматыда ашылуына себепкердің бірі екенін де Айнаш осында естіді. Бұрын ауылдық жерде, кейін Талдықорғанда істепті. Майданда да хирург боп, талай адамды өлімнен құтқарған дейді. Сүйек туберкулезін емдеймін деп бар өмірін соған арнаған жан. Кейбіреулер оған: «Бос ермекке берілме. Мұның қияли дүние. Сен дарынды адамсың, бекер уақытыңды жойма»,— деген көрінеді. Ол алған бетінен қайтпапты. Міне, ақыры Николай Васильевич өз дегеніне жетті. Талай адам сүйек туберкулезінен емделіп, сауығып кетіп жатыр. Айнашты сол кісінің өзі шақырып отыр. «Не демек? Не айтпақ? Немен қорқытпақ? Мейлі... Енді маған бәрібір»,— деп ойлаған Айнаш балдағына сүйене бас хирургтің кабинетіне бет алды.

— Кіріңіз...

Шағын кабинет екен. Кіре беріс оң қолда — қолжуғыш. Әріде шынылы есікті аптечка — шкаф. Сол жақ қабырғаға тақау, үстіне кіршіксіз ақ мата жабылған, жатаған кереует тұр. Қақа төрде стол. Оның жанында ақ қағаз жабылған тумбочка. Үстінде телефон, су құйылған құты, стакан. Ақ халат киген хирург төмен қарап әлденені жазып отыр. Иек қағып столдың алдындағы орындықты меңзеді. Айнаш ақырын кеп орындыққа жайғасып, балдағын тізесіне сүйеп қойды.

— Иә, Хасанова, хал қалай?

— Жаман емес.

— Дұрыс. Жаман болмаса, тамақ неге ішпейсің, ә? Дәріні неге қабылдамадың?

Айнаш төмен қарап, үндемеді. Николай Васильевич мұнан әрі сұрағын қайталаған жоқ. Алдыңғы қағаз-қаламын кейін ысырып қойып, орнынан тұрып кетті. Бөлме ішінде әрлі-берлі жүріп, өмірде адам баласының басына қайғы-қасірет, қиындықтың көп түсетінін, бірыңғай қуаныш, сүйініштің бола бермейтінін, соның бәрінде шыдамдылықтың, қайсарлықтың аса қажеттігін ескертті. Мұны ол жәй әке өсиетіндей, кеңесе шүйіркелесе отырып жеткізді. Қазір екі баласы да дәрігер екенін, әйтсе де, күні бүгінге дейін Москва түбінде ерлікпен қаза болған кенжесі — Сережаны ұмыта алмайтынын да жасырмады. Ол танкі ішінде өртеніп өліпті. Николай Васильевич те сол жердегі майдан госпиталінде істеп жүріпті. Өзінен төрт шақырым жерде ұлының полкі соғысып жатқанын білмепті. Өмір қосағы, балаларының анасы кемпірі өткен жылы миына қан құйылып өлген, дәрігер бола тұрып, сонда мен не істедім? Иә сол күні кемпірін жерлеп кеп, бір жас тракторист жігітке операция жасады, операция сәтті өтті. Енді ол жазылып келеді. Міне, мынау хаттарды алып, оқып көрші...

Шымкенттен, Қарағандыдан, Грозныйдан Талдықорғаннан, тіпті сонау Монғолиядан келіп жатыр. «Құттықтаймыз... Сізді ұмытпаймыз. Сізге және емхананың барша дәрігерлеріне рақмет айтамыз»,— депті. Бұлардың бәрі — осы емханадан сауығып шыққандар. Әрине, біздің жұмысымызда да сәтсіздік, әттеген-ай кездеспейді емес, ондай да болады. Сонда біз не, құрысын деп күдер үзіп, өз жәйімізді күйіттеп кетуіміз керек пе? Сен бермен кел, Айна, мынаған қара... Рентген суреті. Мынау жамбас сүйегі, шіріген. Қалай ойлайсың осы сүйек бітіп, жазылады деуге бола ма? — Айнаш суретті жарыққа тосып ұзақ қарап қалды. Іркіле түсіп: «Білмейім»,— деді.— Міне, көрдің бе? Ілкіде біз де дағдарғанбыз, емдей келе жазуға болатынына көзіміз жетті. Қазір осы «жамбастың иесі сауда қызметкері. Жеті баланың әкесі. Ал, мынау ше? Көрдің бе, бір аяқ екіншісінен төрт сантиметр қысқа. Міне, осыны біз теңестіреміз. Қалайша деймісің? Сүйегін созамыз. Иә, иә сүйек, созылады. Әрине бірден емес, жайлап, біртелеп жеткіземіз. Сүйекті сегіз сантиметрге дейін созуға болады.

Николай Васильевичтің әңгімесі, аурулардыңдпын жүректен жазған хаттары, емханада істеліп жатқан қыруар еңбектің ауыртпалығы Айнаштың көзім ашқандай болды, қазіргі өзінің күйініші бір сәтке тіптен күйкі, түкке алғысыз боп көрініп кетті. Еркінен тыс ауруханада жатқан жүздеген мүгедекпен өзін салыстырып: «Мен оларға қарағанда бақыттымын-ау»,— деп ойлады. Неге шүкіршілік етпеймін? Солардан менің нем артық? Кеп болса, мен аяғымнан айрылармын. Әйткенмен, тұрып жүрем ғой. Иә, менің жәйім жақсы...

«Шіркін, мен де осы кісідей дәрігер болар ма ем» дегендей бір тәтті арман жылт етіп тамсандырып өтті. Медсестраның айтқанын істемей, өмірден түңілгеніне іштей ұялып тұр.

— Ал, сен енді, Айна, мынаны көр,— деп Николай Васильевич стол суырмасынан тағы бір рентген суретін алып қолына берді. Өзі күлім-күлім етеді.

Айнаш рентген түсірмесін жарыққа тосып ұзақ қызықтады, қара ала пленкадан жіліншік бейнесін ажыратқандай, әйтсе де, «бұ кімдікі?» деуге жүрегі дауаламады.

— Таныдың ба?

— Жоқ.

— Сенікі ғой.

— Менің аяғым ба?

— Иә, сенің жіліншігің... Қалай екен?

— Білмейім... Сынық көрінбейді,— деді Айнаш үңіле түсіп.

— Сынық мынау... Қара сызық. Ең бастысы — бұл жай жарық. Сүйек туберкулезі емес. Жазылып келеді.

— Рас па, Николай Васильевич?

— Иә, мынау кешегі түсірген пленкамыз. Қызым, ештеңеге мойыма. Жазыласың. Мен бәрін білем... Сондықтан да сенің бүгінгі күйінішіңді сұрамадым. «Ақылды, есті бала ғой»,— деп сөйлескелі шақырдым. Осы көргеніңді, естігенінді жадыңа түй. Ойлан. Тез жазылғың келсе, дәрігердің айтқанын істе. Аурудың үлкен емі — дәрігер мен сырқаттың тіл табысып, біріне-бірінің сенуінде. Шығыстың бір ғұлама ғалымы шыдамсыз ауруға былай деген екен: «Біз үшеуміз. Сен, сенің ауруың және емші. Егер сен ауруды қолдап, соның ыңғайы на жығылсаң, мен дәрменсізбін. Ал, сен маған сенсең, .онда біз екеулеп ауруды жеңеміз». Сол айтқандай түсін сен, жақсы ма?

— Жақсы, Николай Васильевич... Сізге коп рақмет,— деді Айнаш орнынан қуана көтеріліп.

— Рақметті жазылғасын айтарсың, қызым.

— Оған қанша бар, Николай Васильевич?

— Білгің келеді, ә? Жарайды айтайын... Әрі кетсе, бір айдан аспас. Қазір ісік қайтты. Аурудың беті жаман көрінбейді. Ал, қызым, бара ғой. Дем ал,— деді Николай Васильевич Айнаштың арқасынан қағып.

Айнаш палатаға көңілді, күлімдей кірді, кереуетіне үн-түнсіз кеп жатты. Әділханның бір жапырақ хатын ұп-ұсақ етіп жыртып, халатының жан қалтасына салды. Терезеден түскен күннің шығармақ шуағынан палата іші көңілді, жылы екен. Лариса терезе тұсында жататын, ұзақ үнсіздіктен соң:

— Шіркін, өз аяғыңмен анау көрінген орындыққа дейін жүгіріп барып қайтқанның өзі неткен бақыт, ә? — деді ол армандай тамсанып.— Сонан кейін мен тағы бес-алты жыл жатсам да, қайғырмас ем...

Он үшінші тарау

«Түйе бойламас үймаға түскен адам шығам деп жан ұшырған сайын бата береді». Қайдағы ұйма? Тағы нені ойлап кеттім. Қазақ жерінде кісіні жұтқандай ұйма бар ма? Ұшы-қиырсыз сары мұхиттай жазық дала емес пе? Әділханның туып өскен жері разъезд бойы болатын. Төңіректе көз сүрінер қара жоқ. Көктемде қар кетіп, жер көктегенде асыр сап атқа шауып ойнамаушы ма еді? Әрі-сәрі осы сияқты түкке тұрғысыз ой шиырына түсіп кетіп, ол алдындағы кітабын оқи алмады, әлдеқандай көңілсіздік жанын құлазытып отыр. Күнде өйтпейтін ғой. Бүгін не қара басқанын білмейді, қою қара күрең шай да ішті, темекі де тартты. Міне, енді ол үстел басынан тұрып кетіп, бөлмеде ерсілі-қарсылы сенделіп жүр. Терезеден далаға көз тастаған, онан да көңіліне демеу таппады. Қар кеткен, асфальт беті күннің жылы шуағынан бусанып жатыр. «Бәрі көктемнің әсері. Адам күн жылыса-ақ үйде отыра алмайды. Сейілдегісі келеді де тұрады»,— деп ойлады ол. Кереуетіне кеп жайланды, ұйықтамаса да, иогтерше көзін жұмып тынықпақ болды. Бір журналдан иогтер жәйлі оқығаны бар еді. Сол өзі қай журнал? «Вокруг света» емес пе? Жоқ... «Білім және еңбекте» ме? Қайсысында еді? Әлде «Наука и жизньде» ме? Е, оның маған қажеті не? Соған да енді бас қатырам ба? Қой әрі... Менің сейілдеуім жеткен шығар. Кейінгі кезде кітап бетін ашудан қалдым. Ылғи қыдырыс. Кеше түнде де аз сенделмегенмін. Қысқы емтиханын тапсырып болған Нұрзиламен театрға бардым. Онан соң көшеде жүрдік. Сонсоң ойыншынды үйге шақырдым. Өзі қызық қыз. Батыл-ақ. Тартынбады. Айнаш болса «бармаймын» дер еді. Келгеннен кейін үш жүз грамдай арақ іштік. Сигарет тарттық. Құшақтап сүйін: «Қалсайшы, сағат он екіден асты ғой»,— деп өтінгем. Көп жалындырмады. Төсекті өзі салды. Ох, шіркін, ақ сазандай ойнаған шымыр денесі қандай...»

Әділхан көзін қайта жұмды. «Бүгін ертеңгісін ғана кетті. Кешке келейін бе?» — деді-ау. «Жоқ, келме. Жұмыс істейім дей қалғанымды қайтерсің. Ай, өзімді де өлтіретін адам жоқ. Кел десемші. Мүмкін сонымның өзі дұрыс шығар. Байланып қалсам... Ондай адамнан аулақ жүрейін. Осымен бітсін. Жетер. Бүгін бәрібір жұмыс істей алатын түрім көрінбейді. Серікке жолығайын. Анада ренжіп кеткен. Айнаш жәйлі не біледі екен? Е, білгенде онан маған не пайда? О да біткен іс емес не? Әйтсе де, Серік досым еді ғой. Кешірер...» Ол кереуеттен серпіле, ширақ көтерілді. Шифоньерден костюмін, ақ көйлегін алып киді, алабажақ сәнді галстугін тақты. Есіктің жанындағы шар айнаға кеп, шашын тарап ұзақ айналшақтады. Ертеңгісін қырынса да, кешкісін ине ұштанып тез өсіп қалатын көк тұқыл сақал-мұртына көнілі бітікіремей сипалай түсті де, «е, мейліші» дегендей сырт қарап, ілгіштегі жеңіл плащына қолын соза берді.

Дала қоңыр салқын екен. Дымқыл жер иісі сезіліп, тынысы кеңігендей болды. Бір сәт есіне туған аулы, резъезд бойы түсті. «Оның көктемі бөлек қой. Шашыңмен ойнап тамағыңды қытықтар ерке желінің өзіне не жетеді дейсің»,— деп ойлады ол автобус аялдамасына қарай келе жатып.

Аялдамада кісі аз. Әйтсе де, бір түрлі думанды сияқты. Тротуар жиегіндегі бәйтеректердің арасында жалғыз дудар бас емен болатын. Осы қазір соның әр бұтағында жұдырықтай қара алма тәрізді торғайлар самсап отьтр. Әлгілер жарыса шиқ-шиқ етеді, кейі тіпті сыбызғыдай сызылта созып кетеді. Әділхан әрбір келген адамның ілкіде қабақ шыта қап, сонсын өз-өзінен езуі жайылып, күлімдей ағаш басынан көз алмай еліткендерін көріп тұр. Әлде қайдан ақ сұр плащ, жасыл көнетоздау қалпақ киген көз әйнекті ақ шұнақ шал пайда болған. Сол қолындағы таяғымен асфальтты тықылдата ұрып қойып: «Қыс өтпестей көріп еңдер, міне көктем де келді. Табиғат заңы — құдірет. Солай емес пе, жігітім, ә?» — деді Әділханға жанасып. «Ғаламат дүние! Тоңдырып, бүрсеңдетіп адамдардың жанын қысып-қысып алды да, жә осы да жетер деп тайып отырды. Miнe, енді өмірге өзгеше қараңдар. Аштыққа шыдап, тоқтыққа тоқмейілсімеңдер. Жылынындар. Мен сендерді әлі күйдірермін де дейтін тәрізді. Бір қарағанда, адам тағдыры да табиғат тақылеттес — суығы да, қоңыр салқыны да, ыстығы, жайма шуағы да болады. Табиғат өз заңын ұмытпайды. Ал, адам жарықтық тез ұмытады, есіреді. Қазіргі мына сен сияқты жастар кешегі фашистер мен соғысты, қиындықты білмейді. Үзім нан жерде жатпайтын. Сендерге не айып?!. Соны көрген менің көршімді айтсайшы, ол сәл кебіреңкіреген нанды шелектеп далаға төгеді. Ұмытты деген — әне, сол. Оны көрген анау балаларынан не үміт, не қайыр, ә?.. Балам, неге есінейсің? Түнде ұйықтамап па ең? Мен саған іші пысқан, ақылгөй шал көріндім-ау, ә?» — деді қарт, Әділхан бетіне үңіле қарап. «Жоқ, дұрыс айтасыз, ақсақал». «Жеңіл келісе салдың, жігітім. Қоштамайтыныңды сезем. Қартайғанда кісіні мазаламай, тыныш жәйіне жүрсе қайтеді екен деп тұрсың ғой», — деп сырт айналып кетті.

Мұнан әрі автобусты күткісі келмей, ақырын жандарынан өте берген таксиге Әділхан қол көтерді. Жайлана отырғаннан кейін шоферге баратын адресін айтып: «Шылым шегуге бола ма, достым»,— деп ұлықсат сұрады. Шофер басын изей: — «Тартыңыз»,— деді, Әділхан жан қалтасынан сигаретін алып тұтатты да, құшырлана сорды. «Оқыған шал. Көргені де көп болуы керек. Адам қартайған сайын болашақты көп ойлайды. Өзінің оны көрмейтінін білсе де, күйіп-піседі. Неге ойтеді? Қажеті не? Араласпайтын да ісі жоқ. Жас біткендер байлықты ысырап етіп, бүлдіріп жүр деп біледі. Қит етсе: «Біз сіздердей күні мізде...» — дейді. Қызыл сөзге де әуес. Оған таңқалатын не бар. Адамгершілік, адалдық деп Серік досым сияқтылар өзеуреп болмайды емес пе? Ертең қартайғанда солар осы шалдай мыжыңдап, ақылгөйсіп бітеді ғой...»

Келдік жігітім. Мынау жатақхана ма?

— Иә, осы. Рақмет, сізге,— деп Әділхан таксиден түсіп қалды.

Серік бөлмесінде екен. Ақ көйлегінің жеңін түріп алған, үйде киетін қара мауыт шалбар, аяқта шарық, қолында кітап, әлденені жаттап, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүр. Ортадағы үстел үстінде қалың, ақ ватман қағазы, чертеж тақтайы. Ашуы тез тарқайтын, қайтымы жылдам еді. Осы қазір де Әділханға деген ренішін ұмытқан сияқты, қуана қарсы алды. Плащын шешіндіріп, орындық ұсынды.

— Тағы не сызып жатырсың? — деді Әділхан үстел үстіндегі чертежді меңзеп.

— Бір рационализаторлық дүние. Кілті табылмай тұрғаны.

— Өткен жылғың не болды?

— Ол өтті ғой. Мынау онан да гөрі тиімді, керемет болуға тиіс. Сен мынаған қарашы,— деп Серік чертежге жетіп келіп, қызулана түсіндіре бастады. Әділхан сол шыдап отырды да:

— Серік айналайын... Қойшы. Мен бәрібір түсінбейім,— деді.— Менің саған таң қалатыным ылғи бірдеңелерді істеп күйіп-пісіп жүресің. Қалай ерінбейсің? Сен онан да өз жәйінді айтсайшы. Мұның бәрі ел игілігі дейік. Өзің үшін не істеп жатырсың?

Серік лапылдап жанып, сөне қалған от сияқты қайтып қалды, бір түрлі өз-өзінен жуаси кереуетіне барып отырды. Ұзын сіңірлі қолын тізесінің үстіне қойып сәл тыныштанды да, шай қайнатайын деп сыртқа шығып кетті. Қайтып келіп столдағы чертеждерін жинап, кереует пен терезенің аралығына апарып тықты. Бойдақ жігіттің дастарқан мезіреті қайбір мол: қант, май, туралған багоннан әкеліп, екі қырлы стакан қойды. Далаға шығып кетіп, бүйірлі қалайы шайнекті буын бұрқыратып әкелді.

— Қантты көбірек сал, дәрігер жолдас,— деді ол.

— Барың осы ма, инженер аға?

— Ішімдік жоқ боп тұр. Қажет десең дүкен жақын, әкелейін.

— Жә, «әкелейін» дегенсін-ақ қиын. Осы да жетеді.

— Жоқ, мен алып келейін. Бес-ақ минут қой.

— Қажеті жоқ, Серік, ойнап айтам. Сен онан да өз басыңның жаңалығын шертсейші. Тыңдайын.

— Пәлендей дәнеңе жоқ. Ағылшын тілін оқып жүрмін. Ым... Сонсын бір қызбен танысып едім. Өзіме ұнайды. Алдағы жазда үйленем...

— Оу, шіркін-ау, манадан бері осыныңды айтпайсың ба? Ол кім?

— Бізде істейді. Тоқымашы...

— Here күлесің? Қой, Серік, сен өтірік айта білмейсің, онан да шыныңа көш,— деді Әділхан досының күлімдей қалғанынан секемденіп.

— Қалай білдің-ей?

— Е, сені білмей мені не қара басыпты. Кім?

— Мұғалима.— Серік кеңкілдей күлді.— Неге жасырғанымды да білесің бе?

— Сезем.

— Иә, нені сезесің?

— Мұғалима құрдасым ағылшын тілінен беретін болуы керек. «Ағылшын тілін үйреніп жүргенің сонан екен ғой»,— деп айтады дедің де, жасырдың.

— Дәл солай. Сен дәрігер емес, тұрған бойың Шерлок Холмссың ғой.

— Жарайды. Әйтсе де, мен сені ағылшын тілін сүйген қызына байланысты үйреніп жүр деп айтпаймын. Өйткені, сен тыныш жүре алмайтын адамсың. Бейнетқорсың. Сендей адамдар өзін әйтеуір шиырға сап, жанын қинамаса тыныштанбайды. Өтірік деші?

— Білмеймін, Әділхан. Мен саған оның суретін көрсетейін,— деп ұшып тұрып, терезенің қасындағы орындық арқалығына ілулі костюмінің төс қалтасынан фотосурет әкеп берді.

Әділхан фотосуреттен мұңая қарап қалған құс мұрын, ақ жағалы көйлек киген қызды көрді. Қасы қалың, көзі ұялы, үлкен. Шашын кескен тәрізді: мектеп баласына ұқсайды.

— Қалай?

— Жаман емес. Бойы кішкентай-ау дейім. Солай ма?

— Иә... Менің мына жерімнен келеді,— ден Серік өзінің қолтық тұсын меңзеді.

— Е, онда аса аласа болмады ғой.

— Айнаштан биік емес.

Әділхан селт етіп, суреттен басын көтеріп алды, оқыс қылығынан Серік алдында қысылып, жуып шаюға кірісті.

— Міне, енді сен де бойдақтар қатарынан кеттің деген

сөз.

— Иә, Әділхан, солай. Мен оны шын сүйем. Несін жасырайын, жатақхана да тойдырды. Қызға жиырма екіден асқанда жатақханада тұру қиын болса, еркекке жиырма бестен әрі ауыр тиеді. Ал, біз отыздан асып барамыз.

— Достым, оның рас, — деді Әділхан фото-суретті Серікке қайтып беріп жатып.

— Айтпақтайын, Нұрзила қалай?

— Жүр ғой.

— «Жүр ғойың» не? Онан да айныдын, ба?

Серік фотсуретті әспеттей кереует үстінде жатқан кітаптың арасына салды.

— Мен оны сүймеймін. Айнаштан не хабарың бар, Серік?

— Е, ол аман. Емханадан шықты. Оқып жүр.

— Қашан шықты?!

— Оу, сен әлі ұмытпағанбысың? Неге қуандың?

— Ұмытам ба деп едім, қолымнан келетін емес.

— Бір айдай болды. Қазір емтиханын тапсырып жүр. Жұмысы да бұрынғыша. Сұлуланып кеткен. Аяғы да жазылған. Өткен сенбіде биге келді. Жайнаң қағады. Тамаша қыз. Сабырлы, ақылды,— деді Серік күлімдеп.— Емхана есейтіп жіберген бе, қалай?! Маған бұрынғысынан да сұлу көрінеді. Орталықтағы А. С. Пушкин атындағы кітапханадан шықпайды. Ізденіп, көп оқиды. Кеше маған кеп оныншы класқа арналған физика кітабын сұрап әкетті. Тарих факультетінде оған физиканың неге қажет болғанын түсінбедім. Өзі жасырады. «Жан-жақты білімді қазақ қызы аталғалы жүрмін», — дейді күліп.

— Мен не таптым? Түйе бойламас ұймаға түскен адамдаймын. Өмірдің бар қызығын алам деп бұлқынып, жанұшырып едім, батып кеттім. Айырылғаным ба? — дейді Әділхан басы салбырай күбірлеп. Бір сәт алдында Серіктің отырғанын да ұмытқан тәрізді.

— Ой, Әділхан, саған не болды? — деді Серік оның көңілін бөліп.— Не айтып кеттің? Қайдағы ұйма?

— Жәй, тек әншиін,— деді де, іле басын жерден шұғыл көтеріп алды. Серік досының алабұртқан жүзі қуаң тартып, жүдей қалғанын андап, бір түрлі аяп кетті. Жігіт көзінде ауыр мұң бар еді.— Серік, бауырым, нанамысың?! Мен... Мен сорлы екем. Айнаштың жастығына, сұлулығына қызығып, ермек көріппін. Жұмсам — жұдырығымда, ашсам — алақанымда ғой деп ойлаппын. Талай қыз солай болған да. Қас қақсам, өкпелегендерін ұмытып, жетіп келетін. Қыз біткенге етім тез үйренетін. Қиналмай тастап жүре беруші ем... Енді міне, Айнашты сүйем... Ол менен бойын аулақ салған сайын іңкәрлігімді, онсыз өмірдің мәнсіздігін сездім. Ілкіде таңданып, кейін тіпті, «мына қыз қайтеді-ей» дегендей, ызаланып та жүрдім. Қазір... Қазір менде ыза да жоқ. Тек... Тек бір сағыныш, орны толмас өкініш қана бар. Иә-иә, ылғи сағынам. Көрсем дейім. Не істесем, Серік?

— Білмейім, Әділхан. Білмейім... Бір бақыт құсы қолыңа қонып еді, ұшырып алдың-ау дейім. Енді қайта қонуы екі талай шығар. Өзіңді ғана күйіттейсің, бәрі соның кесірі. Қалай ғана көзің қиын алжастың, түсінбейім.

— Қайта қондырам қолыма, Серік. Көр де тұр,— деп әлгіндей болмай Әділхан қызарақтай қалды.— Сорлымын дегенге мені шын сорлы екен дедің бе? Аямай-ақ қой. Маған кімнің де болса мүсіркеушілігінің қажеті жоқ.

— Әй, Әділхан-ай, қызықсың-ау. Мен сен түсінбейді деймісің? Мүсіркеп, сен бейшара адам емессің ғой. Білікті

азаматсың. Сен оны о баста жазылмас деп ойладың, әрі оқымаған надан санадың. Өзіңе тең көрмейсің. Сен есептің адамысың. Бақытсыздығың да сол, Әділхан. Көңіліңе келсе де, айтарым — осы.

— Не істейін, Серік? Соныңды айтсаңшы...

— Білмейім,— деді ол басын шайқап

* * *

Айнаш жатақханаға қас қарая кеш қайтты. Кітапханадан шығып жолдан асханаға соққан, кісі аз екен. Қаннен-қаперсіз асықпай тамақтанып, үйге келген беті осы еді. Балым жоқ. Бір жапырақ қағаз жазып, онысын есікке қыстырып қойыпты. «Түсіп ағаң ертең таңнан ұшады. Билет алыпты. Сені күтеді»,— депті. Айнаш қағазды бүктеп жан қалтасына салды да, кері бұрылып орталықтағы «Қазақстан» мейманханасына тартты.

— Айнаш-ау, қайда жүрсің,— деді Түсіп есікті ашар-ашпас қабағын шытып.

Жатқаны жалғыз кісілік бөлме-тұғын. Ортада стол, екі орындық, бір кереует. Буынып түйініп, күтіп отырғанына көп болған сияқты. Стол үстінде беті газетпен жабулы әлденелер тұр. Бөлме іші көк түтін. Орындық арқалығында қоңыр пенжагі мен галстугі ілулі, онан әріде, кереуеттің бас жағындағы тумбочканың үстіндегі күлсалғыш толы сигарет тұқылы. Жаңа ғана тұтатқан бір сигарет түтіні будақтап шетінде сүйеулі жатыр. Жүсіп ағасындай емес, иі жұмсақ, тетелес, өзінен сегіз жас үлкен Түсіпке Айнаш еркін. Айтқанын істетіп, кейде таласып та қалатын. Қазір де оның ренішін елең қылмай:

— Терезеңді ашсайшы, тұнығып өлеміз ғой,— деді қарсы шабуылдап.

Түсіп терезені де, балконның есігін де ашып тастады. Таудан соққан кешкі самалмен бірге бөлмеге көшедегі ағылған машина гүрілі кеп кірді.

— Мынау не?

Үстел үстінде газетпен жабулы тұрғанның бетін Айнаш ашып тастады.

— Бәлі, тамақ, шампан алғанбысың? Бұл не, жол аяғың ба?

— Иә... Сені күтіп отырмын. Тамақтанып па едің?

Әрине.

— Ендеше, мен ашпын,— деді Түсіп үстел үстіндегі құс етін бүтарлай бастап.— Тамақтансаң да жақында, маған көмектес. Мұның бәрін мен тауыса алмайым.

Айнаш ағасымен бірге ауқаттанып, шампаннан ауыз тиіп қана қойды. Түсіп өзінің бүгін қай жерлерде болғанын, жеңгесіне, балаларына қандай базарлық алғанын нйтты. Ырым ғып Айнашқа туфли іздегенмен дәнеңе танпағанын, енді, міне, ақшалай беріп кеткелі отырғанын білдірді, жүз сом ақшаны қолына ұстатты. «Тәкаппарлық көрсетіп, тиынсыз жүрмей, хабарлас»,— деп және шығыртты.

— Иә, сонымен қайда болдың?

— Ертеңгісін Университетте сабақ тапсырдым.

— Оу, иә? Не алдың?

— Төрт.

— Бәрекелді... Енді қанша сабағың қалды?

— Үшеуі бар. Кітапханаға соғып соған дайындалдым. Бүгін керек болармын-ау деп ойламадым.

— Сабақ тапсырған күні дем алған жөн. Өзіміз сендей күнімізде ылғи сөйткенбіз,— деді Түсіп орнынан тұрып, тумбочка үстіндегі күлсалғыш пен сөніп қалған сигаретті алып жатып.— Тым бұлай зорланба. Тарих факультеті оңай ғой. Оқысаң түсінесің. Алқынып керегі не?

— Иә, оңай факультет. Бірақ... мен...

— Иә, о не? Тағы бірдеңе бүлдіріп жүрмегей ең,— деді Түсіп темекісін тұтатып.

— Аға, сенімен ақылдасатын шаруа бар. Егер ұрыса жөнелмей, сабырлы тыңдасаң, айтам. Әйтпесе, әңгіме қылудың қажеті жоқ.

— Айт. Тындайын.

Түсіп дұрыс жанбай сөніп қала берген сигаретін қайта тұтатып, құшырлана сорды. Орындығын Айнашқа жақындата сүйреп, жайғасты.

— Мен дәрігерлік институтқа дайындалып жүрмін.

— Оның керегі не?

— Сөзімді болмесейші. Айтып болайын да.

— Мақұл. Құлағым сенде.

— Аға, сені білмейім. Ал, мен әлі папамды... ұмыта алмайым. Әлі өлмеген сияқты. Дәрігер болсам, ажалға ара тұрар ем-ау деп ойлаймын. Әттең, дәрігерлікке жетіп үлгермедім... Әйтсе де осы бетімнен қайтпайым, аға... Әкемді аман алып қала алмасам, өзге адамдар да бар ғой. Аз толғанғаным жоқ, аға. Менің орным дәрігерлік. Соған көз жетті. Менен тарихшы, тарих пәнінің мұғалімі шықпайды. Тіпті оқығым да келмейді. Өзімді-өзім алдап қайтем.

— Ойбау-ау, бірінші курсін бітіріп қалдың ғой. Және дәрігерлік икститутқа түсу түспеуің екі талай емес пе? Мұнда сенің жағайың жақсы, кейін күндізгісіне ауысасың. Дипломың қолда деген сөз. Анау мамандық тәуір екен, мынау қызық көрінеді деп айни беруге бола ма? Не айтып отырсың. «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер» деген. Ойлан, Айнаштай.

— Ойландым. Шешімім — осы.

— Құлап қалсаң ше?

— Келесі жылы қайта тапсырам. Түспей қоймаймын, аға.

— Ойпыр-ай, не істесем? Қатты айтсам, көңіліңе келеді. Көкем болса, бүйтпес ең?

— Көкем... Көкем мені қолдар еді. Сен түсінгің келмейді. Әйтеуір институт бітіру мақсат па? Неге мен сүйген мамандығыма бармайым? Айтшы, аға, неге? Міне, ертең сен самолетте отырасың да ұшып кетесің. Мен қалам. «Бір тумақ бар, бірге өлмек жоқ»,— деген. Өмірде де солай. Институт бітіргеннен кейін жолымыз айырылады. Сен инженерсің. Ал, мен тарихшы боп кетем. Маған оның түк қажеті жоқ. Сіздердің көңілдеріңізден шығам деп алтын уақытымды сарп етуім жөн бе, аға? Мен де өмірден өз жолымды тауып, өз самолетіммен ұшсам дейім,— деді Айнаш қызулана.

Әлгіндей болмай Түсіп жуасып, қарындасының дәлелді, орнықты сөзіне қарсы дау айта алмай қалды. «Көкем мені қолдар еді» дегені жанына батып кетті. Айнашты аяп, қалай көңілін ауласам, жетімсіретпесем деп ол алдыңғы айтқанын жуып-шаюға көшті.

— Айнаштай, қайдан білейін өзіңе ауыр тимесін де генім ғой. Апам мен көкем болса, мен аса қиналмас та ем. Сен адассаң, олардың да, Жүсіптің те алдында ертең мен жауапкер. Барып тұрып не бітіріп қайтқансың демей ме?

— Шынынды айтшы, аға, осыным дұрыс емес пе?

— Білмейім, Айнаштай. Байқап көр. Түсе алмасаң, ауылға кел. Үй орнында. Жұмыс істемей алаңсыз дайындаласың. Өзім көмектесем. Мүмкін сенікі де жөн шығар,— деді Түсіп сигаретін мыжғылай күлсалғышқа сондіріп.

— Ағатайым менің,— деп Айнаш Түсіптің мойнынан құшақтап, елжірей бетінен сүйді.

Мұнан әрі екеуі сонау бала күндеріндей әзілдесе күлісіп, мәз-мейрам болысты, сәбилік шақтарын есіне алысып қылаусыз шүйіркелесіп кетті.

Он төртінші тарау

Май. Қоңыр көктем түні... Тозығы жеткен түндіктің мың сан жыртығынан сығалаған сәуледен жұлдыздар жымыңдап тұр. Ауада дымқыл бүр жарған ағаш иісі. Таудан жібек самал еседі. Айнаш ақырын аялдап Ленин ескерткіші тұрған орталықтағы гүлзар ішіне кеп кірді: үстінде қызыл тоқыма ұзын жең жағасыз костюм, қара юбка, аяқта сары, жып-жылтыр жеңіл етік. Костюм астынан аппақ, шілтері жағалы кофтасы көрінеді. Көше жиегінде аққу мойын шамдармен жымыңдасқандай ағаш арасынан қызыл, көк, жасыл, фонарьлар жылт ете жана бастады. Гүлзар ішінде екеу-екеу қыдырып жүргендер, гаяқ ұстап сейілдеген қарт, ит еріткен келіншек, бозбалалар аз еместігін де Айнаш енді аңдады. Әне, бір жас aнa қуыршақтай етіп қызғылт көйлек, ақ телпек киген жас жарым дағы баласын қуып ойнап барады. Mac адамдай аяғын әлтек-тәлтек басқан сәби ұстатпай: «Ей, құлайсың, бері қайт»,— дегеніне қарамай, кілем оюындай гүл алаңына қойып кетті. Аяғы шатқаяқтанып «енді құлайды-ау»,— дей берген кезде жас ана үстіндегі ақ жібек, жеңіл плащы құс қанатындай желбірей ұшып барып қағып әкетті. Сәбидің сыңғырлаған тәтті сықылығына «ой бұзақы... тентегім» деген оның ыстық, мейірім үні қосылып кетті. Айнаш езу тарта, елжірей қарап қалған, іле біртүрлі көңілі құлазып, жалғызсырағандай болды; аяғын ілби басып, сүлесоқтана бір бүйірдегі аллеяға түсті. «Неге қамықтым? Бұдан үш-төрт сағат бұрын менен бақытты жан жоқ еді ғой. Еліктің лағындай ең соңғы емтиханнан ойнап шыққаны қайда?!» Құрбылары жамырай құттықтап: «Әзірге «бес» алған сен болдың»,— деп онысын жақсылыққа жорысқан. Бала бақшада істейтін сүйкімді, пісте мұрын, төгілген алтын шашты Таня мұны құшақтап сүйді емес пе. Сонан соң ол екінші қатардағы кітапханаға көтерілді. Сабақ тапсырып бітісімен ылғи да оқулықтарды тез өткізуге тырысатын. Кексе кітапханашы әйел оны сол үшін сыйлап, бөлек ілтифат білдіретін, бұ жолы да ол жылылық танытты:

— Қызым, тіптен сұлуланып кетіпсің ғой. Ақ көйлек, ақ туфли өзің де аққудың балапанындай болармысың. Бір жақсылық хабар алғансың-ау дейім, ә?

— Жоқ, апа. Соңғы емтиханды тапсырып шықтым.

— Әй, бәсе. Не алдың?

— Бес... Міне, мынау сол сабаққа байланысты кітаптар.

— Жарайсың, Оқулықтарды уақытында өткізгенге не жетсін. Ой, небір ұқыпсыздар бар-ау.

— Рақмет, апа!

— Тағы аламысың?

— Жоқ, апа. Бірер күн дем алсам дейім.

— Ә, о да жөн. Жарайды, қарағым.

Айнаш күлімдей қоштасып кітапханадан шықты. Жоғарғы қатардан ойнақтай секіріп түсіп келе жатқан, таныс профессор кездесті.

— Саламатсыз ба,— деп Айнаш тез сәлемдесіп өтіп кетпек болған, ол көлденеңдеп жолын бөгей берді. Көзінде баяғы қара көзілдірік, жылмита бір жанына жатқыза тараған шашы бұзау жалағандай жылтырап тұр. Осыдан екі апта бұрын көргенінде: «Семинарға неге қатыспайсың? Ауырып сабақты көп жіберіп алғанынды білемісің?» — дегені барды. Және де осы кісінің адам жанын түсінгіш, байқағыштығына таң. «Сен қатты жүдеп кетіпсің, Айнаш. Қарамаға ауру емес сияқтысың. Көзінде ауыр мұң бар ғой. Жан жарасы болмағай»,— деп, оның әлі Әділханды ұмыта алмай, қатты күйзеліп жүргенін тап басқандай да болған. Сонда Айнаш не дерін білмей қалған. Ертеңіне кездескенде «әңгімелесейік те» деп кабинетіне шақырды. Айнаш «қолым тимейді, құрбым ауырып жатыр. Соған тамақ апарам»,— деді де, сырт айналын жүре берді...

— Қайда асықтың, Айнаш?

— Жатақханаға. Ертең жұмысқа шығуым керек.

— Ә, солай ма?! Ым... Мені көргенде тығылып, қашып жүргенің қалай?! Ренжіткен жерім жоқ еді ғой.

«Иә, ренжіткен емес. Әйтсе де, оның жұтына кеп қарағанынан қорқады. Тіпті жақтыр майды-ақ. Соны түсінбейтініне қайран. Неге олай? Әйелі бар. О да мұғалім. Сыртынан Айнаш көрген. Мына профессордан әлдеқайда сымбатты».

— Неге үндемейсің, Айнаш? Қорқамысың?

— Неден қорқам? — деді Айнаш батылдана басын жерден көтеріп алып.

— Қайдан білейін, қашқақтауыңа қарап айтам.

— Ешкімнен де қорықпайым, ағай.

— Мен сенімен ең болмаса бір сөйлесейін де. Бүгін кешке, сағат жетіде алаңдағы гүлзардан күтем. Келесің бе, Айнаш?

Әкесіндей адамның үлкен басын кіші етіп, өлердей өтініп тұрғанын сезіп, Айнаш аяп кетті.

— Мақұл, аға.

Сол-ақ екен, көңіл қошы болмай, әлгі бір өрекпіген асау жүрек торға түскендей енжар күйге тап келді. Жатақханаға да сондай қажып, шаршап қайтты. Қан сәскеде мызғып алатын еді, бүгін бір тынымы болмады. Қасқарая тамақтанып осылай тартты. Балымның жылы ұшырай қайнатқан шайын да жөндеп іше алмай, жүрегі кілкігендей болған, қазір мынау гүлзарға кеп кіргенде шөлкіркегенін сезінді. Ылғи қолы мұздап жүретін, сол енді тіпті тоңғандай қөрінді. Әділхан әзілдей: «Қызуы күшті жас бикеш, қолыңызды беріңіз шалға, жылытсын»,— дейтін. Сөйтетін де, оның қолын алып, тартынғанына қарамай, өз қойнына тығатын. Сонда ол саусағының ұшымен Әділханның жүрек соғысын сезінгендей болушы еді-ау. Жатақханаға Айнашты іздеп ол әлденеше келді, өйтсе де, көре алмады. Айнаш шықпай қойды. Сезім дегенде пәтуа аз ғой. Мүмкін жүрек жарасы құлантаза жазылмаған шығар. Әйтеуір ол: «Кешірсейші. Кім адаспайды. Сүйесің... О да сені сүйеді!» — деген жүрек түкпіріндегі бір әмірге көнбей бақты...

— Қарындас, «Алатау» мейманханасын білмейсіз бе? Айтып жіберіңізші,— деді бейтаныс, бүйірлі қара портфель ұстаған адам.

— Ә, «Алатау» ма? Ол келесі кошеде.

— Өзім де келесі көшеде шығарсың-ау деп келе жатқам. Рақмет, қарындас.

Бейтаныс мосқал адамды көзімен ұзатып сап, Айнаш енді гүлзар ортасындағы ескерткішке қарай бет алды. Балу аяндап келеді. Әне, гитара тартып екі-үш бозбала кетіп барады. Ортасындағы ақ шалбарлы, желке шашы күдірейіп өсіп кеткен бойшаңы анау екеуіндей емес, арасында «аля-ляй» — деп қолын шапақтап билеп те қояды. «Әлгі адам көрсе ғой бұларды түйсіксіз санар еді. Қала балалары қашан да ауылдан келгендерге ерсі, түк білмейтін ақсаусақ сияқты танылады. Шынында солай ма?» Айнаш есіне кешегі бір уақиға түсті. Ол күн ұзағына кітапханада отырып, түс ауа шыққан. Сейілдегелі Жиырма сегіз Панфиловшылар атындағы паркке келді. Ойында ештеңе жоқ, бір бүйірдегі енсіз, тып-тыныш аллеяға бет алды. Сонадай жерде он шақты адам дабыр-дұбыр сөйлесіп тұрған. Айнаш ілкіде оларға пәлендей мән де бермеген-ді. Мынау саялы, кең парк ішінде кім қыдырмайды десін... Жаңындағанда ғана андады: ақ шашты, шашсыз, қасқа бас ылғи мосқал адам. Бірі етжеңді толық болса, бірі имиген жұқа, арық. Орталарында екі әйел бар. Олар да ірі, толық. Ақшыл костюмдісінің өңірі толған медаль, орден. Үш еркек әскери киімді. Саудыратып ордендерін тағынған. «Мәңгі оттың» басына гүл шоғын қойып шыққан майдандас достар екені көрініп-ақ тұр. Әлгілер сәлден соң дүр қозғалып, Айнаш келе жатқан аллеяға түсіп жүріп кетті. Ауық-ауық қатты дауыстап: «Дәрібай... Вася, есіңде ме?» — деп қояды. Айнаш та соларға ілесті. Жүздерін қалың әжім жайлаған, шаштары ақ қырау. Әйтсе де, тойдан шыққан жастардай өздері көңілді. Біріне-бірі сүйсіне, күлімдей қарайды.

Аллеяның екінші басынан бір топ жігіттер көрінді, олар да көңілді. Орталарында екі бозбала даңғырлата гитара ойнап келеді. Езулерінде сигарет, бұрқырата тартады. Жарыса сөйлейді. Бәрінің де желке шаштары күдірейіп өсіп кеткен. Кейінің тіпті сақал, мұрты бар. Көйлектерінің өңір ілгегі ағытулы, алқа-салқа. Шалбарлары да әр түсті: көп жанқалталы, жамау тәрізді балағына күлтелі шашақ жапсырған. Қарсы келе жатқан мынау майдандас, қанды көйлек мосқал жандарды көздеріне де ілетін емес. Бүкіл паркті бастарына көтеріп, айылдарын жиятын түрі жоқ. «Бұлар менің қатар-құрбым, замандастарым. Аға ұрпақты құрмет тұта білмейді. Жүрістерін... Қайтер екен? Аллея тар... Жол бермей кимелеп өте ме? Мына кісілер неге үндемей қалды. Қабақтарына көлеңке үйірілді ғой. Апыр-ай, мыналар шын түйсіксіз бе?» Айнаш екі ұрпақ біріне-бірі жақындаған сайын жаны қыдырып, не істерін білмей шиыршық атты. Әкесіндей мынау адамдардың жүгіріп алдына түсіп: «Есуастар, көздеріңді ашыңдар! Қайда кимелеп барасыңдар? Жол бер!» — дегісі де келді. Өтетін жер жоқ. Аллеяның екі бегі кеудеден келер қалың жас шыбық. Онан аттап, не секіріп өте алмайсың.

Кенет... Әлгі бозбалалар гитараларын тартуды қойып, сілтідей тына қалды. Күбір-сыбыр етті де, екі жарылып жол берді. Салтанатты күзеттей қаз-қатар тізіліп тұр. Міне, үш қадам... бір қадам жақындап келеді. Жігіттер селт етер емес.

— Сәлематсыздар ма?! — деді біреуі шыдай алмай.

Майдандас мосқал жандар тебіреніп:

— Аманбысыңдар, балалар,— деді. Жүздері жылып, күлімдей араларынан өтіп барады.

Айнаш әлгінде ғана жек көре, жиіркене, «түйсіксіз, есуастар!» — дегелі оқталған замандастарына ырза боп, елжіреп кетті. Парктен шығар жерде егде әйел:

— Біз бекер қан төккен жоқпыз ғой. Көрдіңдер ме? — деді.

Айнаш осы сөз өзіне ғана арналғандай сонда қандай қуанды десеңізші. Иә, киім киісіне, жүріс-тұрысына қарап жастардың бәрінен түңілуге болмайды...

Жақын жерден тағы да гитар үні естілді. Айнаш ойы бөлініп кетті. Ол таяу орындықтың біріне кеп отырды. Сағатына қарады. «Қалайша?». Екі сағат бұрын келгенмін бе? Әлі алты жарым. Жатақханадан шыққанда алтыдан асқан сияқты еді». Айнаш сағатын құлағына тосты. «Жүріп тұр. Тоқтамапты». Күн батса да, гүлзар іші жарық. Қараңғылық түспеген. Айнаш көңілі қайта құлазып сала берді. «Осы мен өзімді-өзім неменеге азапқа салып жүрмін. Кетіп қалмайым ба? Мендегі сол профессордың жұмысы не? Не айтпақ? Ғашықпын, сені сүйем дей ме? Қой, олай демес. Әкемдей адам ғой. Сөйдесе ше?..»

Айнаш бойы тоңазып, тітіренгендей болды. Орындықтан тұрып кетті. «Міне қызық... Апыр-ай, қайтсем, ә?..» Ол баяу аяңдап келеді.

— Айнаш!..

Ол сасқалақтай жалт қарады. Үш-төрт қыз бен жігіт жүгіріп келеді. Курстас бірге оқитын құрбы-құрдастары. Бәрі де сәнді киінген. Жігіттердің үстінде қара костюм, ақ көйлек, галстук. Қыздар да қыр гүліндей толықсиды: ақ тоқыма кофта, көйлек, шалбар. Аяқтарында лактелген туфли, жігіттердің бірі шоқ гүл ұстапты, енді біреуінің қолында шағын магнитофон, онан әуезді ән қалықтап тұр. Әп-сәтте гүлзар ішін дуылдатып, көңілдендіріп жіберді.

— Айнаш, жүр. Киноға барайық.

— Ғажап кино.

— Әділбекке бәрі ғажап.

— Өтірік пе? Таня, құдайшылығыңды айтшы, сен көрдің ғой. Ғажап емес пе?

— Ол қандай кино? — деді Айнаш еліге қап.

— «Благославите зверей и детей». Крамердікі. Тамаша режиссер.

— Жоқ... «Берегите зверей и детей».

— Қой әрі, өйтіп кісіні адастырма. «Берегите» емес. «Благославите».

— Жақсы, жігіттер, таласпаңдар. Мен бара алмайым.

— Неге, Айна? — деді Таня иығына төгілген алтындай сары шашын кейін серпіп. Үстінде ақ кофта, қара шалбар. Өзі сүңғақ бойлы, талшыбықтай бұралады.

— Қолым тимейді. Бара алмайым.

— Неге... Неге, Айнаш? Әлде біреуді күтіп жүрмісің?

— Жо-жоқ. Танюша. Сейілдегелі келгем. Қазір жатақханама қайтам.

— Мүмкін біз апарып салармыз?

— Жолдарыңнан қалмаңдар, жігіттер. Өзім барам ғой. Күн әлі ерте, сәл сейілдейін.

— Ал, сау бол! Кездескенше, Айнаш,— деді Таня оны еркелей құшақтап.

— Ендеше міне мынау саған,— деп шоқ гүлін жігіт Айнаштың қолына ұстата салды.

Айнаш шоқ гүлді бауырына баса құшақтап қала берді. Қазіргі өзінің әрі күлкілі, әрі бейша ра халіне ызасы келді. Әлденеден қорланғандай да болды. «Қолымда — шоқ гүл. Күткенім — шал. Жеткен жерім осы ма еді? Бұным не? Не деген бейшаралық, сорлылық десеңші...» Көңілі онан бетер құлазып, бір түрлі жылағысы кеп кетті. «Әлгілерден мен неге қалдым? Өмірі кісі көңілін жықпас, уәделі сөзінде тұрар адалдығымнан көргенім не?» Ол аяңдап көше жиегіндегі телефон будкасына келді. Сағатына қарап еді, әлі он бес минут уақыт бар екен. Жатақханаға телефон соқсам ба деп ойлады. Екі тиындық ұсақ та табыла кетті.

— Айнашпысың? Қайдан телефон соғып тұрсың. Иә, иә, кезекші... Есік алдындағы кезекші шақырды. Мен шай қайнатып жатқам. Жүгіріп жеткенім осы,— деді Балым самбырлап.— Жалғыз отырмын келсейші, қайда жүрсің?

Балымның аптығып, әлденеден үрейленіп сөйлегені көңілінде секемдік туғызды. «Адам кейде өзінің өлетінін сезеді. Ондайда еңсесін зіл басып, сүлесоқ тартады»,— деп елде көршілес қария ылғи айтатын; зәтінде, соқыр сенімшіл болмаса да, Айнаш Балым үнінен қатты шошынды. «Мені де бір қара бастап жүрген шығар»,— деп ойлады ол. Трубканы іле сап, будканың есігін асықпай жапты да, жаяу жатақханасына қарай тартты. Қайдағы бір бұғауды бұзып, бостандық алған жандай гүлзардан ұзағанша қатты жүрді, бұрылып артына да қарамады.

Жатақханаға жеткенде жаны жайланып, еңсені басқан ауыр зілден құтылғандай болды. Әлгі бір жүдеу көңіл де сергіп жадырап сала берді.

* * *

Ашық терезе алдында қара торғай шырылдап отыр. Арасында секіріп-секіріп қояды. Айнаш оянып кетсе де, қыбыр етпей жатыр. Екі көзі торғайда. Ұйқысы қанған. Көңілі сергек. Терезе көлеңке бетте еді, салқын самал соғып тұр. Күн ашық, шуақты. Торғай пыр етіп ұшып кеткен, сәлден соң қайта кеп қонды. Әбден еркінсіп алған сияқты. Шықылықтай секіріп, әрлі-берлі жүрді де, енді бөлменің ортасындағы столға кеп қонды. Әлдебір нан қиқымын шұқып ап, Айнашқа қарап қалды. «Иә, туысқан, хал нешік? Бүгін демалыс емес пе? Неғып қыбыр етпей жатырсың? Далада көктем. Жылы. Міне, біз де келдік. Тұрмаймысың?» — дейтін тәрізді. Кішкентай басын ауық-ауық бір жағына қисайта, иненің жасуындай көзі жылт-жылт ете қарайды. «Қорықпа... Саған ешкім тимейді. Бұл бөлмеде Балым екеуміз ғана тұрамыз. Құрбым өңкиген ірі, сүйекті демесең, былайша... мейірімді, жаны нәзік»,— деді Айнаш күбірлеп.

Еркінен тыс қалай қозғалақтап, астындағы темір кереуеттің тартпа сымы сықырлай жөнелгенін аңдамады. «Қап...» — деп ол өкінгенше болған жоқ, жұдырықтай торғай лып етіп терезе алдына барып қонды. «Ту-у, не деген су жүрексің-ей?!. Тоқташы... Кетпе...» — Торғай секектей түсіп шиқ-шиқ етті. Секіріп терезе жақтауына жетіп, төмен үңіліп, бері қайта бұрылды. Бармақтай басын қисайтып Айнашқа қарап, жалтақтай ту сыртына көз тастады. Сәл тыншыған сияқты. Қорбиып отыр. «Мен саған өз сырымды айтайын, жарай ма?!» — деді Айнаш сыбырлап. Торғай әлдеңе бір дыбыстан үркектей дүр сілкініп, қанатын қомдай түсіп іркілді. Енді терезе алдында секектей секіріп қап жүр. «Мақұл... Қалай тыңдасаң да еркің. Әйтеуір тірі пендесің ғой. Ғажап... Неге екенін қайдам, мен өзімді бұрынғы, елден келген Айнаш сезінбеймін. Иә-иә, солай... Бір түрлі сергек, есейген, еркін көрем. Бүгін, міне, ешқайда асықпаймын. Емтиханымның бәрін ойдағыдай тапсырып, екінші курсқа көштім. Қуанып, шаттансам да артық емес. Әйтсе де жаным құлазып өкінем... Рас, дәрігерлік институтқа құштармын. Дайындалып жүрмін. Мүмкін сонан да шығар?.. Құштарлық сезім — күшті, адамды тыншытпайды дейді ғой. Биыл құласам, келесі жылы бағымды тағы сынаймын. Қайткенде де түсем... Менің орным сол...»

Айнаш өзінің болашақ дәрігерлік мамандығының қыр-сырын ынты-шынтымен әңгімелеп кетті. Торғай терезе алдында сенделіп жүр. Айнашқа әлсін-әлі кез тоқтатып қарап қояды. «Мен сендей жалтақ, жасық емеспін, білдің бе?! Ертеңім үшін күресем...»

Есік сықыр ете қалған, торғай терезеден ұшып кетті. Даладан қызыл ала халат киген Балым кірді. Көзі күлімдей, жайраңдап жүр. Айнаш торғайды үркітіп жібергеніне сәл опынғандай болды.

— Бұ, жүдә, адам дегенді қойсайшы, ә. Жақсы ем пыртнай туфляға таласқандай почташының әкелген тегін хатын да талапайға салады. Ойпыр-ай кимелеп кеп жүдә, жол берсе болар ма?!! Хаттарды ту-талақай етті-ай. Әйтеуір саған хат бар екен. Мен де есемді жібермедім. Жігіттерді бөксеммен қағып, алып шықтым. Өзі әйелдің жазуы білем,— деді Балым самбырлай хатты Айнашқа беріп жатып.

— Иә, кіші жеңешемнен... Соның жазуы.

— Жә, сен оқи бер. Мен шәй жабдығын істейін.

Балым үстел үстіндегі бүйірлі, қалайы шәйнектің тұтқасын шылдырлата бұлғақтатып шығып кетті. Айнаш әлгінде торғай отырған ашық терезеге бір көз тастап, шалқалай ыңғайлана жатты. Конвертті жыртып, ішінен тор көз дәптердің екі бетін толтыра жазған Зипа жеңгесінің хатын алды. Ауыл-аймақтың бар жаңалығын қалдырмай сыпыра айтып кеп, енді бір жерінде: «...сені аса қатты құрметтейтін ағаң Дәулет әйелінен ажырасып тынды. Қорықшылығын тастап Абай қаласына кетті. Сонда жұмысшы көрінеді. Әлдекімді сүйеді-мыс. Оның бұл әуейілігін біз түсіне алмадық. Қырыққа келгенде де адам деген алжаса береді екен де. Құдай біледі, бұнысы шылғи өтірік. Мен білсем, ол әйелін бала таппады деп тастап отыр. Бәрі әлгі қарғыс атқыр, еліктің лағының өлімінен басталыпты ғой. Рас болса»,— депті.

Хаттың онан арғы жаңалығы Айнаш көңілін селт еткізбеді; белгілі жәй, қысыр сөз. Айнаш оқып боп, хатты бас жағына тастай салды.

«Солай де... Сүттей ұйыған ошақ басы біржола бүлініпті, ерлі-зайыпты екі жан — Дәулет аға мен Рәзияның жүздері жараспапты. Демек, өмір жолдары ажырап, айырылысып кеткен... Неге, қалайша? Ел аман, жұрт тынышта олары не? Адасқандары ма?.. Бәлки анау Зипа жазып отырған бір шындықтың жаны бар шығар? Иә; «баласыз үй — қумазар» екені рас, әлде сонан ба? Әрине, ақиқат сол... Мүмкін... Мүмкін»,— дей берді ол ішінен осы бір сөзді қайталап. Көз алдына Дәулет бейнесі кеп көлбеңдеп тұр. Иықты, ірі жігіт ағасы. Шуақты жүзінде күлкі ұйып, күлімдей қарап қалыпты. Иә, осы ағаның ылғи да жаны — жайлау, көңілі — көл. Жүрегі толы мейір, қылаусыз тазалық. Біреуге қиянат жасау, кек тұту, әлсізді жәбірлеп, қорғансызды қорлауды білмейді... Көкем оны сол үшін құрмет тұтатын. Басқаны қайдам, әкемнің бір үлкен қасиеті — кісі танитын. Пасық, зымиян, екіжүзді алаяқтарды маңына жуытпай, іргесін аулақ салып шығынып кететін. Ал, Дәулет... Дәулет аға ондай адам санатынан емес. Әкем қайтыс болғанда Рәзия екеуі үлкен қызмет көрсет кен... Үйіне шақырып аға-жеңгеме, маған ізет, құрмет білдіріп, көңілімізді аулап құрақ ұшты...

— Бірде,— деп Айнаш күбірлей іркілген, ізінше екі беті дуылдай қызарып жүре бергенін сезінді.— Бір күні...

Әлі есімде, ет пен шайдың арасында далаға шықтым. Аға-жеңгелеріммен бірге сәл сейілдеп, үйге жақындағанда көзіме баяғы бәйтерек түсті. Осының түбінде еліктің лағы мен ойнағам, әкем де саясында талай мәрте дамылдап отырған. Бәз-баяғы қалпы екен. Түк өзгермепті. Адам пенде жарық дүниеге келіп, кетіп жатыр... Ту сыртымнан тықыр естіп жалт бұрылғам, аға-жеңгелерім жоқ. Дәулет... Жалаңбас, үстінде сұрғылт, қолдан тоқыған свитер, аяғында керзі етік. Әлденеден жүрексіне жаутаңдап, қалың дудыраған шашын қолымен кейін қарай күрей тарап қойды. Сонсын терең күрсініп, қабағы түксие жанарын менен тайдырып жүзін төмен салды да: «Айналайын... Айнаштай, жетіммін деп қамықпашы... Менің шешендігім шамалы ғой. Егер құдай дегеніміз адам боп бір тілге келсе, ұяттан екі бетін шиедей етер едім. Тапқан екенсің кімді алуды. Қайрекеңдей жан мыңға керек. Мына мен де саған жетем ғой дерім анық. Амал не, Айнаш... Тек сен жасымашы. Қорықпашы... Бұл фәниде сені Қайрекеңнен артық болмаса кем көрмейтін... сүйетін жан бар! Біл... Ұмытпа... Егер сен тарығып, тұйыққа тірелгендей күнде — ол әзір. Қасқаққан жағыңнан табылады»,— деді үні бұзылып. Бұ не сөз? Көңілін білдіргені ме? Жо-жоқ, ол бекер... Мүмкін емес... Алайда «бұл фэниде сені сүйетін жан бар» деді емес пе?!.

Сүйеді...— Айнаш осы бір сөзді іштей қайталай берді.— Сүйеді. Сүйеді...— Жүзі ду ете қызарып, үні оқыс шығып кеткенінен аяқасты қысыла абдырып жастықтан басын жұлып алды. Абырой болғанда бөлмеде жан жоқ еді; көңілі жайланып орнына қайта жатты.— Бәрі бекер... Жалған... Маған еш қатысы жоқ. Дәулет аға мен Рәзияның өз өмір жолы, бағы, маңдайларына жазғаны бар. Айнаштың оларда шаруасы не? Ерлі-зайыптының арасында шайтан жүрер деген... Ту-у, мен өзі не деген аңғал, ақымақпын-ей?!. Жаңағы Дәулет сөзі кез-келген адамның қайғыңа ортақтасып, көңіліңді аулағанда айтары емес пе? Дәулет ағаның өзі де тұлдыр жетім... Мейірімді жан. Біздің сол сәттегі жайымызды түсініп, жылы ылтипат танытқаны ғой.

Әйтсе де Айнаш көз алдында орман ішінің суреті тұнып тұр. Мамыражай көктем жылуынан ағаш арасындағы жентек қардың мүжіліп, үзіле еріп, жылға-жылғамен сылдырлай ағып жатқаны... қарағай мен қайыңның бұтақтары ісініп, бүр жарғалы қалғаны, шыршаның тікенекті, ине жапырағының қалқасынан төгілген зәрсіз күн нұры, дымқыл, сызды жер, ағаш иісі... Енді бірде емізікпен сүт берген Айнашқа ұмтылған еліктің лағы көлбеңдейді... Міне, Дәулет!.. Қол созым қасында шалқақтай күліп қалыпты...

Даладан Балым кірді.

— Ал, кәне тұр,— деді ол, столға қолындағы қалайы бүйірлі шайнекті қойып жатып.— Бүгін ауа сондай тамаша. Жүдә, тауға шығып сейілдейтін-ақ күн.

— Радиодан ауа райын тыңдамадың ба? Түс қайта жауын жауады демей ме?

Тындадым. Ашық, болады деген.

Қайдан тыңдап жүрсің?

— Көрші қыздардан. Өзімізден тыңдауға сені қимадым. Оятып жіберермін деп қорықтым. Қалай, ауыл аман ба екен? Не дейді?

— Тыныш, аман көрінеді.

— Е, бопты ендеші,— деді Балым есік қайырылысындағы тумбочкадан қант, құтыға салған май алып, столға қойып жатып.

Айнаш кереуетінің аяқ жағындағы орындық арқалығына ілулі тұрған трикосын киіп, төсегін жинады; онан соң терезеге жақын кеп, бойын жазды.

— Далаға шығып едім, есік алдында үш-төрт жігіт жүр екен. «Қарындас, пәленшені шақырып жіберсеңіз»,— деп қоршап, жатып жабысқаны.

— Е, өздері кіре бермей ме?

— Қазір пропускісіз ешкімді жібермейтін болған. Жү-дә, сонысы да дұрыс. Әйтпесе, кім көрінген жол бермейтін.

— Солай ма?

— Пропускіңді бөлмеге тастап кетуіңді қой. Жүдә, өзің де кіре алмай жүрерсің.

Кереует басындағы бет орамалын алып Айнаш далааға шығып кетті. Жуынып, таранып қайтып келді, салқын судан екі бетінің ұшы нұрланып, көзі жайнаңдап тұр.

— Кел, отыр. Шайың суып қалар,— деді Балым құрбысына сүйсіне қарап. Кіршіксіз көзінің ақ еті көгілдірленіп, қою кірпігі қайқиып көлеңкелене қалғанына Балым қызыға қадалды.

— Мені жаңа көрдің бе, Балым?

— Жо-жоқ, әншейін қызығып отырмын.

— Неге?

— Жүдә, саған да!..

— Маған ба? Неменеге?

— Әдемілігіңе де.

— Айтасың-ау,— деді Айнаш пәлендей қарсы болмаса да, іштей құрбысының сөзіне көңілі жылып.

Мүнан әрі екеуі үнсіз отырып ауқаттанды. Айнаш күліп: «Теңізшілердің рәсімі бойынша кім соңында қалса, ыдыс-аяқты сол жуады»,— деді де, орнынан тұрып кетті. Балым тез көне салды. «Өзіміз теңізші боп көрген емеспіз. Түскі тамақты дайындайтын да, жинайтын да сен екенің кәміл. Соны ұмытпағайсың, бикеш»,— деп қойды ол. Айнаш амалсыз көнгендігін сездіре күліп жіберді.

Жарайды, айтқаныңызға құлдық. Шошқа етінен қуырдақ жасарым, Балеке»,— деді. Балымның шошқа еті тұрғай колбасаның өзінен азар да безер болатынын білетін. Бірде сездірмей солай істеген де, Балым: «Ой ылжыраған, дәмсіз мынауың не? Ішпейім бөтен ғой»,— деп біліп қалған. «Ұшындыра жаздадың. Өлтіремісің-ей»,— дегені де бар ренжіп. Айнаштың әзілі екенін сезсе де, енді міне секемденіп отыр. «Қазандыққа сен араласпай-ақ қойшы. Өзім бір жөнін табармын»,— деп салды. Айнашқа керегі де сол. «Қой, ылғи сен дайындап ұят болар. Мен сені қанаған сияқты көрінерім»,— деген, Балым: «Өзім дедім ғой, өзім. Айналайын көмегіңе рақмет. Аяқ-табақтан әрі жүрші»,— дей берді жалынып.

Екеуі өстіп бері тарт, әрі жық боп отырғанда біреу есікті тықылдатты. Әңгіме үзіліп қалды.

— Бұ кім? Кіріңіз! — деді Балым орнынан көтеріле қоймай.

Айнаш есікті барып, ашып жіберді.

— А, Серік, сізбісіз? Кіріңіз?

— Ғафу етіңіздер, шай тәтті болсын!

— Төрлетіңіз,— деді Балым орнынан ұшып тұрып.— Ертеңгі дәм ғой. Шайға келіңіз.

— Рақмет, асығыс едім. Нан ауыз тиейін.

Балым ұсынған нанның ұшынан Серік үзіп жеп, әлдене айтқысы келгендей күмілжи берді, қылаусыз костюмін сипалап, галстугін қайта-қайта түзеп тұр.

Айнаш, кешірерсіз... Сізді далада бір адам... шақырады. Жолығайын деп едім дейді.

— О кім?

— Шықсаңыз, көресіз ғой.

— Серік, сізге не болған. Айтсаңызшы. Кім ол?

— Әділхан еді...

— Әділхан?

— Иә.

— Ондай адамды білмейім.

— Айнаш...

— Мен үйде жоқпын,— деді Айнаш қабағы түйіле сырт айналып.

— Көріп тұрып, қалайша жоқ дейім.

— Білмейім.

Айнаш сөз осымен бітті дегендей терезе алдына барып тұрды. Терезеден көрінген таудың қарлы шыңына, етегіндегі тұс-киіздің оюындай шыршалы орманға қарап қалды. Батырдың дулығасындай көкпен таласқан шыңның ұшар басын ақ шарбы бұлт шалып, қалықтай көшіп барады. «Өлімнен ұят күшті»,— дейді атамыз қазақ. Ал, өмірде ұяттан да зор — ар, намыс бар. Енді міне, Айнаш онан да асқан құдіретті сезіп тұр. «Әділхан келіпті, Айнаш... Естимісің? Сені күтіп есік алдында жүр... Әділхан... Сүйесің ғой. Неге үндемейсің? Өзінді-өзің жегідей жеп, діңкелеп біттің емес пе? Шықсайшы... Қуансайшы... қуантсайшы. Жүре гінді сыздата бермесейші»,— дейді бір үн еркін билеп. Сондайда Айнаш жаның қоярға жер таппай алас ұрады. Әлденеге асығады. «Бәрі де қараң қалсын. Мен-ақ намыссыз болайын. Шыдамым таусылды»,— деп әлденеше рет жүгіре жөнеле жаздаған. Әйтсе де, ана сүтімен біткен қыз намысы арын аттатпай ыстық қан боп басқа шауын, ірке берді. Осы қазір де жүзін қуаңдандырып, түсін қашырып тұрған сол. Өзегі өртене, қолқасына ащы бір жас кеп тығылса да ол шыдап бақты. Күмілжі бір үн:

— Айнаш,— деді. Ол Серік еді.— Мен сені түсінем. Әйтсе де...

Айнаш жалт бұрылып, әлгі үнді үзіп жіберді.

— Иә, сіздің жолдасыңыз екенін білем. Қайт дейсіз маған?

Серік тура қарай алмай, жүзін төмен салды.

— Айттым ғой, мені үйде жоқ деңіз деп.

— Бір түрлі қимайым. Жарайды, сені үйде жоқ екен дейін.

— Ол үшін мен қашан да жоқпын, Серік.

— Өлтірсен де, олай дей алмайым. Үйде жоқ екен дейім,— деді Серік.— Ғафу етіңіздер...

Серік шығып кетті. Айнаш ақырын кеп Балымның қасына, орындыққа отырды. Екеуі де үнсіз. Балым сәлден соң өз-өзінен терең күрсініп қойды.

— Балым, бүгін осы киноға барсақ қайтеді?—деді Айнаш орнынан қайта тұрып:

— Мақұл. Барсақ барайық...

* * *

Әр күйініштің бір сүйініші бар. Өтпестей көрінген қаһарлы қыс та, көктем де, жазира жаз да кетіп барады. Жыл жарым өмір ішінде Айнаш тағдырдың теперішін аз татпаған. Өзге тұрған қатар жатып, мұңдас болған Балым екеш о да Айнаштың екінші курсқа көшсе де, қуанбай, оны тастап, дәрігерлік институтқа сабақ тапсырар деп ойламаған. Міне енді ол дәрігерлік институттың студенті, конкурстан да сүрінбей өтті. Жұмыстан шыққан. Жатақханадан да ауысты. Балым Айнашты жаңа орнымен құттықтап:

— Сені әдейі іздеп келдім,— деді.— Жүдә, сағынып кеттім. Соңғы күндері көрінбей қойдың ғой. Комбинаттағылар: «Қалы қалай? Оқуға түсті ме? Түспесе, қайта келсін өзімізге»,— деп жатыр. Бәрі де сәлем айтады.

— Өзің қалайсың, Балым?

— Жаман емеспін... Айнаш, сені мен тойға шақыра келдім. Біз Абылай екеуміз –бір-бірімізді сүйеміз. Жүдә, өзің де білесің... Енді күн ұзатудың реті жоқ. Жәйімді байқап отырған да шығарсың,— деп Балым аяғының ауырлап, бетіне түскен ала дақтың молайып бара жатқанын сездірді.— Менің соңымнан ерген туысым да, құрбым да, сіңлім де, бауырым да өзіңсің. Жүдә, жалғызсыратпай келерсің дейім.

— Әрине, Балым. Менің де туыс-бауырым толып тұрған жоқ. Анау екі ағамнан басқа кімім бар? Сонан кейін сенсің, Балым.

Кереуетінде қатар отырған құрбысын Айнаш елжірей құшақтап қойды. Екеуі сәл үнсіз қалды. Ойына әлдене түскендей:

— Айтпақтайын, тойды қайда өткізсеңдер? — деді.

— Өзіміздің комбинаттың асханасында. Серік аға бәрін де реттеді. Оған Абылайдың жолдастары көмектесіп жатыр. Біраз адам жиналатын түрі бар. Уақытша пәтер де табылып тұр. Абылайға завод үйді күзге дейін береміз деп отыр. «Мен жұмыс істейім ғой, сен оқып ал»,— десем, Абылай көнбейді: «Әйелдің қолына қарайтын жәйім жоқ»,— дейді. Кейде «осы мен ақындықты қойсам ба екен. Менсіз де шала-жансар жазушылар көп, қара көбейтіп қайтем. Құрылысшы мамандығы ұнайды. Соның оқуын қуайын онан да» —дейді. Жүдә, не дерімді білмейім, Айнаш?

— Не істесе де өзі біледі ғой, Балым. Мүмкін оныкі жөн шығар. Мен мектепте мұғалім боп тарихтан сабақ бере алмайтынымды сездім. Біреудің орнын иеленіп, сүймейтін оқуды жаттап арамтер болудың шынында қажеті не? Өзің ойлашы, керек пе?

— Дей тұрғанмен, адам өзі үйренген ісін қимайды екен. Қой мен кетейін, Айнаш. Қыруар жұмыс. Абылай күтіп қалар.

Айнаш кереует астынан қара шамаданын шығарып ақтара бастады: көкшіл конвертке салған қомақты бірдеңені тауып алып, Балымның тартынғанына қарамай, қолына ұстатты.

— Бұның не, Айнаш?

— Ақша.. Екі жүз сом.

— Жоқ, мен мұны алмайым, Айнаш.

— Аласың, Балым. Бұл менің адал еңбегіме алған ақшам. Комбинат берді. Сенің тойыңа деп жинағаным.

— Жүдә, сен студент екеніңді ұмыттың ба?

— Енді ғана студентпін. Бұрын тоқымашы болатынмын. Сөзді қой да, ал. Әйтпесе, тойыңа бармайым. Мен сенің шын сіңлің болсам, қолымды қақпа. Ренжимін, Балым.

— Абылай үрсады ғой. Енді қайттым?

— Сен түсіндір. Үнсіз мыжырая берме.

Тойыма берген шашуы десем бе?

— Мейлің,— деді Айнаш тез келісіп.— Менің дастарқан мезіретін жасасуға керегім бар ма? Көмектесейін бе, Балым?

— Жоқ, қайтесің бәрі де дайын. Кешкі сағат жетіден қалмай келгейсің, Айнаш. Жарай ма?

— Мақұл, Балым.

Айнаш Балымды қолтықтап такси аялдамасына дейін шығарып салып, отырғызып жіберді. Бөлмесіне қайтып кеп ақ көйлегін киіп, бұрымын желкесіне жұдырықтай етіп түйіп қойды. Қынама бел осы ақ көйлегін өзге киімінен бөлекше көретін: тал бойына жараса кететінін де біледі. Кіре берістегі айнаға көзін бір тастап, ақ сөмкесін, емханада жатқан Ларисаның сұратқан штабы — Эптон Синклердің «Сильвия» деген романын қолына алып далаға шықты. Дүкенге соғып Нина Ивановнаның сүйікті тағамы «Алма вареньесін», бір қорап шоколад, қаймақ сияқты тағамдарды торға толтырып, автобус аялдамасына тартты. Күннің қапырық ыстықтығын да сезбей автобусқа таласа-тармаса мінді.

Міне, мынау ақ дуалмен қоршалған, қалың ағаш ішіндегі, бір кезде ғаламат қорқынышты, жат көрінген емхана, енді о да бұрынғыдай емес көзге жылы ұшырайды.

Күні кеше бірге жатқан қыз-келіншектер Айнашты қуана қарсы алды. Әсіресе Лариса мәз-мейрам. «Қазір қандай көйлек, костюм сән? Етегі ұзын ба, қысқа ма? Неге сен жаздық шатыр ұстамайсың? Басыңа күн өтеді ғой»,— дейме-ау, Айнашқа еркелей тыныштық таптырмады. Нина Ивановна ғана сабыр сақтап үндемеді. Ларисаның қасында жататын геолог келіншек жоқ екен, оны басқа палатаға ауыстырыпты. Әңгіме арасында Нина Ивановна жақында көп ауырмай Николай Васильевичтің дүние салғанын, бүкіл емхананың күңіреніп кеткенін, тіпті кейбіреулер үрей туғызып: «Емханадан шығамын. Үмітім үзілді»,— деген көрінеді. Айнаш мұның бір де бірін естімеген. Осы соңғы ай емтиханнан қолы босамай, ақыры еңбегі жанып, әйтеуір оқуға түскенін, қазір дәрігерлік институттың студенті екенін ол мақтанғандай болмайыншы деп қысыла, қымтырыла білдірді. Оған Нина Ивановна қолын шапалақтап, өзі оқуға түскендей қатты қуанды. «Жарық дүние неткен жақсы еді. Қасіреттің де, қайғының да, бақыттың да, сүйініштің де мынау көктем жаз, күз тәрізді өз бояуы, қызығы бар»,— деді Лариса шаттана. Іле Айнашқа бұрылып:

— Бір сұраққа жауап күтем. Ренжімесең ғана айтайын,— деді.

Лариса тентек, не бүлдіргелі отырсың,— деп Нина Ивановна әлденеден секемденіп қалды.

Айта ғой, Лариса.

— Анау жігітінді көрдің бе? Кешірдің бе?

— Лариса, сен баласың...

— Нина Ивановна, сұрасын. Білгісі келсе қайтесіз. Көңілің қалмасың, Лариса, айтайын... Екі рет көрдім. Тілдескен емеспін. Өзімді ұстай алмаймын ба деп қорықтым. Мен оны сүйем ғой. Лариса, түсінемісің? Кешіресің бе дейсің? Білмейім. Кешірмеу керек сияқты. Өзіме-өзім енді ғана келдім. Өлмек те болдым... Енді бәрі де ұмытылып барады.

— А жігіт ше?

— Лариса, болды енді.

— Ол әлденеше рет келді. Мен шықпадым. Әйтәуір көргім келмейді.

— Ох, мен де сендей біреуді сүйсем, арманым болмас еді. Әрине ол үшін өлудің қажеті жоқ,— деді Лариса күрсіне.— Мен тіпті сол сүйген адамымнан сәби көрсем де қайғырмас ем. Сүю деген ғажап шығар-ау.

— Он алтыдағы қыздың сөзін қара, Айнаш.

— Он жетідемін, Нина Ивановна.

— Иә, иә он жетідесің. Оған әлі үш ай бар...

Айнаш аз-кем дәмдес, мұңдас болған құрбыларымен қимай қоштасып далаға шықты.

Халық көп жиналыпты. Қақа төрде Балым мен Абылай отыр. Айнаш Балымның жанына жайғасты. Өңкей қыршындай жастар. Комбинаттың қыздары мен заводтың жұмысшылары. Ылғи қарапайым, әзілқой, ақ жарқын жүздер. Бет ашар, жар-жар да айтылды, би де биленді, Бұл — Айнаштың омірінде тұңғыш рет қатысып, көрген тойы. Тойдың нағыз қызған шағында Әділхан келді. Серік арқылы шақырған сияқты. Өзге қайдам, Айнаш Әділханның келгеніне қатты қуанды, қанша сездірмейін десе де, үлбіреген ерніне күлкі үйіріліп шыдатпады. Ілкіде Әділханнан қашқақтап, бөтен жігіттермен, Серікпен, Абылай мен билеп кетіп жүрді. Жігіттерді өздері биге шақыратын да кез келді, міне осы сәтте Айнаш Әділханға барды. Иә сонда жігіт көзіндегі ұшқынды көрсең!» Кең зал іші дөңгеленіп, қалықтай жонелгендей болды. «Бекер. Бекер істедім», — деп ойлады Айнаш өз әлсіздігіне ыза ланып.

...Той соңынан Әділхан Айнашты жатақханаға дейін шығарып салды. Әне, екеуі оңаша тұр. Таң құлан иектене атып келеді. Әділхан төмен қарап бәтеңкесінің басымен жер шұқып, әлсін-әлі күрсініп қояды. Ойына Серіктің: «Қолыңа қонған құсыңды ұшырып алдың. Қайтып қон дыруың екі талай шығар»,— дегені түсті. Әлгінде ол Айнаштың жылы қабақ танытып, өзінің биге шақырғанынан үміттеніп қалған. Сөне түскен шырағданы жылт етіп, қайта жанғандай да еді. Сыздаған жүрек жарасы бір сәт байыз тапқандай, көңілі жайланып, аяғына бас ұрым, жалынбаққа бекінген. Айнашқа тура қарауға жүзі шыдамай барады. Жаңа ғана тойда онымен билегенін де ұмытқан. Иә, сонда қаймықпай-ақ қалжыңдап, шаттанған. Оңаша қалғанда дәрменсіздігін сезінгені несі? Жер бетінде Айнаштан жүрегіне ыстық пәнденің жоқтығын да енді білгендей. Ол үндемеген сайын үміті өшіп, айрылып қаларына көзі жеткендей болды. Әйтсе де жалбарына.

— Кеш мені, Айнаш. Сенсіз маған т.ірліктің мәні жоқ. Мен сені сүйем... Құдай ақы... сүйем,— деді ол үні бұзылып.

— Жоқ, мен... Мен сені сүймейім, Әділхан. Алдайтын жан емеспін. Өзің де білесің мені. Бар шыным — осы.

— Айнаш...

Үздіге шыққан жігіт даусын елемей, қыз сырт айналып жатақханаға қарай бет алды; әне, ол ақкөйлегі желбірей қылаңдап барады. Ұнжырғасы түсе салбырап қаңыраған таңғы көшеде жігіт жалғыз қала берді.

— Тәңірім-ау, сол бір көктем түні неткен ғажап еді! Иә, қаракөк мақпал, шаңырақ аспан әлдене бір құдырет күшімен төмендеп жерге жақындай түскендей де ме қалай?! Іп-ірі баданадай, аппақ, құлақты жұлдыздар қыз сәукелесіне тағылған жып-жылтыр күміс теңгелердей жымыңдап жамырап тұр... Таудан суси төгілген ұлпа самал алаулаған жүзімді, самайымды сәби алақанымен аялай сипап, күні кеше жәбір-жапа, құсалық ен жайлаған жүрегімнің жарасын жазып жадыратып барады...— Айнаш қабағы ауырлап, көзі өз-өзінен ілініп жүре берді. Соңғы кезде басынан өткен қуаныш, күйініш, өкініш — алмағайым сезім шарпысы оны біраз шалықтырып, жүйкелеткен. Енді ғана тыныш тауып, сергектік сезінгені осы... Жанарына түн құйылып, ғарыштай тұңғиыққа құлдыра жөнелді...

Жо-жоқ, бұл түн емес, арайлана атқан шуақты таң... Жап-жасыл жазық... Әне, бір үйір елік алыстан қарауытқан жота үстіндегі қалың орманнан дүркірей шығып, ойпатқа құлады да созыла, қызыл жебедей зымырай атылды.... Алдында мүйізі қарағайдай апайтөс ақ теке.

Сымбатты кеудесін кере, басын шалқақ, кербез тастап ағып келеді... Ол бейне жазықты бауырлай ұшқан қоңырала бала бүркіт те тәрізді. Кімнен қорқып, неден безінді. Шығандай шырқап қайда бет түзеді? Апыр-ай, анау не тағы?Салт атты ғой. О кім? Ох, атын-ай!.. Құйрық-жалы жел екпінінен сүзіле желбіреп, бауыры созыла жазылып қалай-қалай ұшыртады. Жер апшысын қуырып шыдатар емес, артқы елікпен құйрық тістесіп те қалды... Ой, бұл Дәулет қой. Нақ сол... Еліктердің зәре-құтын алып, өлердей қуғаны несі?.. Өлтірмес пе? Неге?.. Дәулет! Дәулет аға тимеші... Өлтірмеші... Жазығы не? Тоқта!.. — Айнаш айқайлай жүгіріп ұмтылған, әлдене бір шұқанаққа аяғын тығып ап мұрттай ұшты. Ет қызуымен орнынан тұра сала дауыстамақ болған, үні өшті. Ғажап... Еліктер де, Дәулет те жоқ. Ат үстінде өзі отыр. Шауып келеді... Жерде ұзын шылбырдың ұшынан ұстап, күлімдей Айнаштан көзін алмай Дәулет тұр. «Қорықпа, Айнаштай!.. Құламайсың...» —дейді ол жүзінен қуаныш, бақыт нұры есіп... Бәрі бекер екен ғой. Дәулет ешқайда кетпепті. Қаңқу сөз бе еді? Бұ қала?.. Айнаш дағдарып төмен түсіп кеткен басын жерден көтерген, енді Дәулет те, ат та зым-қайым... Ол орман ішінде жападан-жалғыз сейілдеп жүр. Мұп-мұздай бірдеңе қолына тамып-тамып кетті. «Жаңбыр — бір жауса, терек — екі жауады». Жел көтерілді-ау,— деп ойлады Айнаш.

Жо-жоқ, бұл жел емес... Айнаш үйде, кереуетінің аяқ жағында телміріп, екі көзі мөлдірей қараған еліктің лағын қызықтап отыр. Әлгіні айналады, толғанады... Буыны беки қоймаған ұзын сирағын жинай алмай тәлтіректеп кете бергеніне күледі. Міне, ол шырышты ернін тигізіп Айнаштың қолын жалап, шағынғандай әлсіз мекіренді. Кенет... «Айнаштай!» —деген бір үн құлағына ап-анық жетті. Таныс, мейірімді үн. Айнаш жалтақтап қалды. «Айнаштай, жарығым! Қайдасың?».. Мынау, көкем ғой. Мені таба алмай жүр ме? «Сағындым ғой өзіңді ботақаным-ау! »..

«Папа!.. Папатай, мен мұндамын?..» — дей Айнаш орман ішінде ентіге жүгіріп жүр. Өткінші жауыннан дымданған қарағай, қайың, шырша бұтақтары арса-арса, сұрғылт, сарғыш, қаракүренденіп шалынады. Жер де ыбылсып, мидай езілген; ақ көйлегі ағаш арасынан қылаңдап, аласұрған қыз тайғанақтап, сүрініп-қабынып ұзап барады. «Папашым... Папатайым!..» — дейді алқынып. Төңіректе қыбыр еткен жан жоқ. Зәулім бәйтеректердің басын шалған сыңсыма жел сағынышқа толы әке үніне айналып, жаңғырықтыра: «Айнаштайым-ау!» — дейді үздіге ұзап үзіліп, қайта туып. «Папатай, қайдасың?..» Әке үнін ішіне бүккен қалың орман ысылдай терең күрсініп, бастарын марғау шайқап тұр...

Даладағы ақ жауынның бидай дәніндей ірі тамшысы ұйытқып терезе алдына, Айнаштың білегіне, бетіне тамып-тамып кетті. Әлгінде ғана мызғып, тыныштанған Айнаш өң мен түсін айыра алмай, әрі әке үнін қимай егіліп жатыр...

1973


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз