Ұлылық туралы негіздеме көбіне тарихты тереңінен игеруге итермелейтіні ақиқат. Ұлттық мүддені мұқият ұйымдастырсақ біраз ғұламаларды қазақ даласына " жетелейтінімізде" жалғандық емес. Осы сөзімізге сәйкес түбі бір түркі еліне ортақ ғұлама ғалым Әл- Фараби бабамыздың 1150 жылдық айтулы мерзімін атап өту қазақ халқы үшін де мәртебелі мереке .
Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, дамыған мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы өркениетінің өрістеу кезеңін туғызды . Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық. Мұсылман дүниесінің сол дәуірдегі маңызды ғылым мен мәдениетін ұштастырған орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-салалы ғылымға өзіндік сара жолын салған . Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы – дәуір сұранысынан туған ізденістер еді.
Осындай өзгеше бағытқа бет бұрып, ғаламның ғаламат құбылыстарын түгелдей тануға тырысқан ғалымның ғасырлық мұрасын меңгеру өскелең ұрпаққа міндетті іс болып отыр.
Дәрежесі тұрғысынан емес кезеңделу жүйесінде " екінші ұстаз " атанған тұлға тарихында барлық болжамды факторлар құнды құжаттармен қатталса мақтауымыздың мәні де еселене түспекші.
Қожамберді Зерде
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі