Өлеңдер Бөлімі

Әл – Хорезми

780 – 850. Араб математигі әл – Хорезми Бағдатта тұрды. Математика бойынша ол жазған екі кітап бүкіл әлемге араб цифрлары мен нөлдің тарауына септігін тигізді. «Арифметика» және «Алгоритм» терминдері сол жасаған сөздіктерден бізге келді, ал алгебра сөзі оның «Китаб әл – жабр уә-л муқабәлә» кітабы тақырыбының бір бөлігі болып табылады. Ал геогрф ретінде сол кездегі белгілі әлемнің толық картасын жасауға көмектесті.

Толық есімі - Әбу Абдуллах Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми. 780 ж ежелгі Хорезм елінің Хиуа қаласында дүниеге келіп, 850 ж Бағдатта қайтыс болған. Орта ғасырлық ұлы ғалым - математик, астроном, тарихшы, жағрапияшы.

Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми - жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға. Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулерімен танымал болды. Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының орталығы болған Бағдад қаласындағы “Даналық үйінде” өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді.

«Китаб әл – жабр уә-л муқабәлә» кітабының алғашқы беті

Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 9 ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады:

1. Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған;

2. Алгебра (Әл-жабр) және әл-муқабәләнің есептеулері туралы қысқаша кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған;

3. Астрономиялық таблицалар (зидж) - Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ;

4. Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған;

5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;

6. Күн сағаттары туралы кітап;

8. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат;

9. Тарих кітабы - адамзат тарихына арналған туынды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (26)

Аружан

Маған нақыл сөздері керек еді

Аружан

Əл-бирунидің нақыл сөздері бар ма?

Аружан

Керек еді

Айсұлтан

Аружан, нақыл сөздер бөлімін қарау керек онда: http://bilim-all.kz/quote/thoughts

Аружан

Рахмет

Анеля

Үлкен рахмет

Гулсезим

Рахмет

Аружан

Рахмет

Еңбектері қандай???

Арайлым

Маған туылған жылы керек 1сағат болд али табалмай отырым

Арайлымға

780 ж ежелгі Хорезм елінің Хиуа қаласында дүниеге келіп, 850 ж Бағдатта қайтыс болған.

Сезім

Әл хорезмидің еңбектерін білгім келеді

Akmaral

рахмет

Абылайхан

маған Әл Хорезмидің туған жылы керек еді

Айару

Оның еңбегі қандай?

Расул

Еңбегы кандаи????

Айман

Ол математика, астрономия, география саласында бүгінгі күні де маңызын жоғалтпаған маңызды дүниелер жазып қалдырған. Шығыс пен Батыс оны «Әл-Жабр уа әл-Мукабала» атты еңбегімен таныды. Осы еңбекте 800-ден астам алгебра сұрақтарын қамтып олардың жауаптары беріледі. Хорезмидің Ислам мәдениетіне ең көп үлес қосқан саласының бірі география ғылымы. «Суратул-Арз» атты еңбегі – осы тақырыпта жазылған алғашқы дүниесі. Бұл кітапта 69 ғұламаның бірлесе зерттеп жасалған әлем картасы бар. Осы карта Ислам әлеміндегі жер жүзінің және аспан әлемінің карталарының алғашқысы. Италиялық математик Геролома Гардано (1544-1624) Хорезмиді «әлемнің ең ұлы он екі ойшылы» ішіне қосқанын да мақтанышпен айта аламыз.

Айман

Хорезмидің атын әлемге әйгілеген еңбегі екі кітап болып шыққан математикалық еңбегі: «Үнді есебі бойынша қосу мен азайту» («Kитaб aл-жaм ‘а бил хисаб aл-Хинди») мен «Әл-Жебр мен әл-Мұқабала есебі жөніндегі кысқаша кітап» («Aл-Maкaлa фи хисаб aл-жaбр вa aл-Mұқaбалa»). 12-ші ғасырда латын тіліне аударылған, ол кітаптың ұқсамайтын екі түрлі аудармасы XVI-шы ғасырға дейін сақталған). Біріншісінде арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған. Бұл кітап математика тарихындағы алгебраға арналған тұңғыш шығарма, сондықтан да әл-Хорезмиді кейде «Алгебраның атасы» деп те атайды.
Кітап үш тараудан тұрады, бірінші тарау «Теңдеуді шешу жолдары» деп аталады. Онда алты түрлі теңдеу қарастырылған, соның ішінде бірінші және екінші дәрежелі теңдеулердің шешу жолдарымен олардың қолданулары көрсетілген, ондағы формула математиклаық өрнек түрінде емес, сөз жүзінде баяндалған. Ең алғашқы болып екінші дәрежелі теңдеулерді төмендегі түрге бөлген, әрі оны геометриялық жолмен шешеді. «әлховарезм» деген сөз кейіннен алгоритм деген сөзге айналып кеткен, яғни қазргі қолданыстағы математиканың бір ережесі алгоритм термині де осы әл-Хорезмидің атымен аталады. Оның бұдан басқа еңбектерінен «Тарих кітабы» (“Kитaб aт-Тaрих”), «Жер бейнесі туралы кітап», «Астролябияның құрылысы туралы кітап»; «Астролябияның көмегімен жасалатын нәрселер туралы кітап»; «Күн сағаты туралы кітап»; «Еврейлердің заманын анықтау және олардың мейрамдары туралы кітап».

Хорезми даңқын дүние жүзіне жайған, есімін тарихта мәңгі қалдырған еңбектері – математикалық шығармалары. Бұлардан бізге жеткені екі кітап – «Китаб әл-джәм уә-т тафриқ би хисаб әл-үнді» – «Үнділер есебі бойынша қосу мен азайту кітабы» және «Әл – Китаб әл-мұхтасар фи хисаб әл-джәбір уәл-мүкәбәла» – «Әлджәбір мен уәлмикәбәла есебі жөніндегі қысқаша кітап». Бірінші кітапта арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған.

Расул

780 – 850. Араб математигі әл – Хорезми Бағдатта тұрды. Математика бойынша ол жазған екі кітап бүкіл әлемге араб цифрлары мен нөлдің тарауына септігін тигізді. «Арифметика» және «Алгоритм» терминдері сол жасаған сөздіктерден бізге келді, ал алгебра сөзі оның «Китаб әл – жабр уә-л муқабәлә» кітабы тақырыбының бір бөлігі болып табылады. Ал геогрф ретінде сол кездегі белгілі әлемнің толық картасын жасауға көмектесті.

Толық есімі - Әбу Абдуллах Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми. 780 ж ежелгі Хорезм елінің Хиуа қаласында дүниеге келіп, 850 ж Бағдатта қайтыс болған. Орта ғасырлық ұлы ғалым - математик, астроном, тарихшы, жағрапияшы.

Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми - жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға. Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулерімен танымал болды. Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының орталығы болған Бағдад қаласындағы “Даналық үйінде” өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді

Акбар

Аль Хорезми Ол Хорезмде туып оскен болатн
Ал аль Бухари Бухарада
Аль Фараби Фараб та туган

Myrza

Өте керемет

Аружан

Өте керемет

?

Əл-Хорезми нешінші жылы туылған?

МАҚПАЛ

Маған ӘЛЬ ХОРЕЗМИДІҢ ТУЫЛҒАН ЖЫЛЫ ЖӘНЕ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖЫЛЫ КЕРЕК ЕДІ

тез жауабын білсеңіздер жіберіңіздерші

Мақпалға

780 жылы ежелгі Хорезм елінің Хиуа қаласында дүниеге келіп, 850 жылы Бағдатта қайтыс болған.

❤❤

маған еңбектерінің маңызын айтыңыздаршы

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×