Өлең, жыр, ақындар

Жас ұлан - кемел келешекке жол ашады

«Жас ұлан» бүкіл Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын болсын.

Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  2011жылы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХІІІ съездінде  балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа жүйе құру керектігін айтқан болатын. Осыған орай елімізде 2011 жылдың 6 шілде  күні Елбасының басшылығымен тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының тұсауы салтанатты түрде кесілді. Бұл жаңа тұрпатты жас қазақстандықты, ұлттың болашақ эли­тасын қалыптастыруға бағытталған балалар мен жасөспірімдер ұйымы болып табылады.

Елбасының бастамасымен құрылған «Жас ұлан» ұйымы Жалағаш ауданындағы №201 мектеп-лицейіндеде осы уақытқа дейін мектеп ұландары көптеген игілікті істер атқарып, көпке үлгі бола білді және біршама жетістіктерге жетті. Әрқашан жақсылықтың жанынан табылатын ұландар мектеп-лицей бойынша жалпы саны-406, жас ұлан – 225, жас қыран - 181мүшесі қайырымды істердің жанынан табылып, халқына пайдалы, өзіне мақсат тұтқан игі істерін ойдағыдай атқарып келеді. Мектепте бірнеше сыныпты біріктіріп құрылған «Шаңырақ» қауымдастығы, «Қазақстың жүз әні», «Балалар әлеміндегі игі істер», «Көп оқып, көп білуге ұмтыл» лицей шәкірттері оқуға міндетті 30 кітап, «Еңбек адамының бір күні», «Ақылды бейсенбі», «Қазақша Уикипедия» жобалары жүзеге асырылуда. «Көңілді үзіліс» зияткерлік ойындары, «BIRGEMIZ: Asyl mura», «Өркендеу» жобасы, «Ата мұрам-асыл қазына» тақырыбында ұлттық ойындар, спорттық – зияткерлік сайыстар, жас қырандар арасында «Бес тармақты татулық»  тақырыбында  татулық - достық ашық алаңдары, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай дана – Абай дара қазақта», «Әл-Фарабидің 1150» тақырыбында түрлі шаралар өтуде.  

Мектеп ұландары аудандық деңгейде жүргізілген шараларға белсене қатысып, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Жас ұлан ұйымы мүшелерінің жүйелі жұмыстары «Adal freind», «Open English», «Jas Ulan Talks» форматтарында жұмыс жасауда.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Елдің болашағын баянды ететін жастар, жас ұландар. Олар әрқашанда қоғаммен біте қайнасып әр бала өзін сан алуан қырынан танытады. «Жас Ұлан» мүшелері әрдайым тума таланттарымен, ұшқыр қиялдарымен, өрен өнерлерімен, асқақ армандарымен, әдеп-ибаларымен қашанда ерекшеленіп тұрады. «Жас ұлан» ұйымының белді де белсенді мүшелері  алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне, көркейіп-гүлденуіне ат салысып, үлес қосады деген сенімдемін. Болашақта еліміздің сан саласына табан тірейтін қазіргі жас ұланның ел иелігіне қызмет жасайтың кезеңінде де қандай тәрбие мен өнеге алғанын, ұлағатты ұстаздардың төккен шуағы мен балалығының бірде бір күн бос өтпегенін есіне салатын ұйым ретінде мәңгі есте қалатынына сенімдімін. Жас ұландардың қазақ елінің баянды болашағының  тарихи жауапкершілігі өз мойындарында екенін сезіп, Мәңгілік елдің асыл мұраттарын іске асыратын мәңгілік ел ұландары болатынына сенімім мол.

№ 201 мектеп-лицей ұланбасы Еркінова Назия


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер