Өлең, жыр, ақындар

Арал тағдыры - адамзат тағдыры

Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсіңде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?

М.Шаханов

Табанынан су кетіп, тулаған толқыны құмға айналған Арал - елдің үлкен проблемаларының бірі деп білемін. Арал теңізі кезінде планетамыздағы ең үлкен теңіз болыпты. Ал қазіргі уақытта ол соңғы күндерін сүріп, тартылуда. Кезінде Қасым Аманжолов сияқты ақындар жырлаған, талай атақты жазушылардың шығармаларына арқау болған Аралдың экологиялық проблемасы өзекті мәселеге айналды. Бұрын Арал теңізі өңір экономикасын, оның өндірістік салаларын дамытуда, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, тұрақты әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарған еді. Әмудария мен Сырдария өзендерінің құнарлы жерлері, сондай-ақ жайылымдар мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру саласында ондаған мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Арал теңізінің проблемалары ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында аймақтың ірі  өзендері – Сырдария мен Әмудария өзендерінің түбегейлі реттелуінің нәтижесінде пайда болды және үлкен қауіп төндірді. 1980 жылдардың аяғында су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде Арал теңізі Үлкен Арал теңізіне (Өзбекстан Республикасының аумағында) және Солтүстік/Кіші Арал теңізіне (Қазақстан аумағында) бөлінді. 2001 жылдан бастап Үлкен Арал теңізі су деңгейінің төмендеуіне байланысты Шығыс Арал және Батыс Арал теңіздеріне бөлінді.

Арал теңізінің тағдыры бүгінде әлем жұртшылығын толғандырып отырғаны рас. Енді теңіздің проблемаларына тоқталып кетсек. Орталық Азияның елдері мен 62 миллион халқы бастан кешкен Жаһандық экологиялық апаттардың жаңа тарихындағы ең ірісінің бірі Арал теңізінің қасіреті , ол өзінің экологиялық-климаттық, әлеуметтік-экономикалық  салдары бойынша өңірдің орнықты дамуына, халықтың денсаулығына, гендік қорына және онда тұратын адамдардың болашағына тікелей қатер төндіреді. Бұрынғы бірегей, әдемі және әлемдегі ең ірі жабық су қоймаларының бірі болған Арал теңізі бір ұрпақтың өмір сүру кезеңінде толығымен жойылу қаупінде болды, бұл осында тұратын халықтың, Арал маңындағы экожүйенің және биоәртүрліліктің өміріне бұрын-соңды болмаған апат пен орны толмас зиянға айналды. Арал теңізі 1960 жылға дейін ауданы 68,9 мың шаршы км және су көлемі 1083 текше км болатын әлемдегі ең ірі тұйық су айдындарының бірі болды, оның ұзындығы 426 км, ені 284 км, ең үлкен тереңдігі 68 м болған еді. Арал жануарлар мен өсімдіктер дүниесі алуан түрлі өңір болды, Арал өңірінің су айдындарында балықтардың 38 түрі және сирек кездесетін жануарлардың бірқатар түрлері мекендеді, киіктердің саны 1 млн.басқа дейін жетті, флористикалық құрамы жоғары өсімдіктердің 638 түрін құрады. Бұдан басқа, Арал теңізі өңір экономикасын, оның өндірістік салаларын дамытуда, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, тұрақты әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Бұрын теңіз әлемдегі ең бай балық аулау жерлерінің бірі болған: Арал маңындағы су қоймаларында балық аулаудың жыл сайынғы көлемі 30-35 мың тоннаны құрады. Арал жағалауында тұратын тұрғындардың 80 пайыздан астамы балық пен балық өнімдерін өндірумен, өңдеумен және тасымалдаумен айналысқан. Әмудария мен Сырдария атырауының құнарлы жерлері, сондай-ақ өнімділігі жоғары жайылымдар мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру саласында 100 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

Арал теңізінің проблемалары XX ғасырдың 60-шы жылдарында өңірдің ірі трансшекаралық өзендері - Сырдария мен Әмудария өзендерінің ойланбай реттелуі нәтижесінде пайда болды. Мұнда тұратын халықтың едәуір өсуі, урбанизация және жерді қарқынды игеру ауқымы, Арал теңізі бассейнінің су ағындарындағы ірі гидротехникалық және ирригациялық құрылыстардың экологиялық салдарын ескерместен салынуы планетадағы ең әдемі су қоймаларының бірінің кебуіне жағдай жасады. Теңіздің құрғауының тікелей салдары тек Орталық Азияда ғана емес, басқа аймақтарда да климаттың күрт өзгеруі болды. Арал өңіріндегі дағдарыс аймағы Түрікменстан, Қазақстан және Өзбекстан, сондай - ақ жанама түрде-Тәжікстан мен Қырғызстан аумақтарын тікелей қамтиды. Аралдың жалаңаш бөлігінде аумағы 5,5 млн. га болатын жаңа тұзды шөл пайда болды, жылына 90 күннен астам уақыт бойы атмосфераға жыл сайын мыңдаған километрге 100 млн.тоннадан астам шаң мен улы тұздар тарайды.

Арал апатының қауіпті әсері бүгінде бүкіл әлемде байқалады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Арал аймағынан алынған улы тұздар Антарктида жағалауында, Гренландия мұздықтарында, Норвегия ормандарында және жер шарының көптеген басқа бөліктерінде кездеседі. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Арал теңізін толығымен қалпына келтіру мүмкін емес екені белгілі болды. Қазіргі уақыттың аса маңызды міндеті – Арал дағдарысының қоршаған ортаға және Арал өңірінде тұратын миллиондаған адамдардың тыныс-тіршілігіне зиянды әсерін қысқарту. 1990-шы жылдардан бастап Арал апатының жойқын зардаптарын бастан кешірген барлық елдер Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың назарына ілікті.

Арал проблемасы және оның өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне әлемдік қоғамдастық назарын тұрақты түрде аударып келеді. 1993 жылғы 28 қыркүйектегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 48-ші сессиясында және 1995 жылғы 24 қазандағы оның 50-ші сессиясында Орталық Азия өңірі елдерінің өкілдері халықаралық қаржы құрылымдары мен дамыған елдердің қолдауынсыз және көмегінсіз, БҰҰ-ның ұйымдастырушы рөлінсіз бұл проблеманы шешу мүмкін еместігіне БҰҰ-ның назарын аудара отырып, Арал мен Арал өңірін құтқаруда жәрдем көрсетуге үндеуімен әлемдік қоғамдастыққа жүгінді. 2015 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен Тұрақты даму жөніндегі саммит барысында өзбек тарапы БҰҰ аясында Арал теңізі мен Арал өңірі аймағы бойынша арнайы Траст қорын құру туралы бастама көтерді, оның негізгі міндеті күш-жігерді үйлестіру және келесі негізгі бағыттардағы атаулы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру болады.
Алып теңізінен айырылмау үшін не істеу керек? Суды пайдалануға байланысты әлемдегі барлық проблемалардың Аралға өзіндік ұқсастықтары бар. Мысалы, бір уақытта судың жетіспеуі және артық болуы; өзен аңғарларының ластануы және толып кетуі; бұзылған экожүйелер және суды пайдалану тиімділігінің төмендігі; су құқықтары туралы пікірталастар және өзендердің төменгі ағысында тұратын адамдардың құқықтарын сақтамау. Халықаралық қауымдастық Арал мәселесін шешу бойынша Орталық Азия елдерінің күш - жігерін үйлестіруге тырысуда. Бірқатар бірлескен декларацияларға қол қойылды. Сондай-ақ, Аралды құтқарудың халықаралық қоры келесі ережелерге негізделген іс-қимыл бағдарламасымен құрылды: жалпы су стратегиясын әзірлеу; мониторинг жүйесін құру; суды пайдалану тиімділігін арттыру; кедейлікпен және апаттың басқа салдарымен күрес. 

Әрбір жағдайда шешім табу үшін саяси ерік-жігер көрсетілуі керек. Нарыққа қатысушылардың бірі-тауардың иесі, ол өз тауарларының сапасына, санына және уақтылы жеткізілуіне толық жауап береді. Сол сияқты судың иелері, яғни Қазақстан мен Өзбекстан жауапкершілікті толықтай мойындарына алуы керек деп ойлаймын. Су иесі су тасқынының салдары үшін жауап беруі керек және келтірілген залал үшін өтемақы төлеуге міндетті. Иесі суды жеткізуге уақытында жауап беріп, тұтынушыға келтірілген залалды өтеуі керек. Яғни, иесі тұтынушымен қол қойылған келісімшарттың барлық тармақтарын ұстануы керек. Су иесі кез-келген жағдайда, тіпті үкімет бір жолмен немесе басқа жолмен өзгерген жағдайда да келісімшартты орындай алуы керек. Егер жоғарыда аталған шарттар орындалмаса, онда бұл ел осы ресурстың иесі бола алмайды. Соңғы шарт ең қиын. Төменгі ағыс елдерінде оның орындалатынына кепілдік жоқ, сондықтан су иесінің құқықтары мүдделі елдердің ешқайсысына жатпайтын бейтарап институтқа, трансұлттық корпорацияның қандай да бір түріне жүктелуі керек. Мұндай корпорацияны су иесі ретінде тану да қиын міндет болады. Жақында ғана тәуелсіз болған елдер үшін белгілі бір компания өз аумақтарындағы өзендердің иесі болады деп елестету мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, қазақтың айдын шалқарын сақтап қалу үшін ел болып бірігіп, жұдырықтай жұмыр болуымыз керек. Шекарааралық су ресурстарын бірігіп пайдалану мәселесі – өте күрделі әрі шешуі қиын мәселе, бірақ қандай болса да оның шешімі бар деп ойлаймын.
Ол үшін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының өзара түсіністігі саяси деңгейде бір жерден шығуы тиіс, яғни бірлік бар жерде тірлік бар. Су проблемасының дұрыс шешілуі әлемдік деңгейде тоғандар мен суқоймалар қауіпсіздігі, шекарааралық су сапасы, суды үнемдеу мықты жобалар арқылы жүзеге асады деп ойлаймын.

О, Арал теңізі!
Сақтап қалудың сені аман,
Іздеумен жолын мен алаң.
Қалайшы бұған көне алам,
Көнсем бе, онда
Байлығым,Сұлулығымнан тоналам,
Талайдың осы өзегін,
Өртеуде оны сеземін,- 
деп Айтуар Өтегенов жырлағандай, Аралдың үлкен мәселесі талайымыздың өзегімізгі өртеп барады, оны шешу болашақ ұрпақ пен биліктің қолында  деп сенемін.

Болатбек Аяулым, Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті.  Жетекшісі Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих жән


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар