Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсыновтың " Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні

“Қазақтың өкпесі” мақаласының мәні қандай болды? Не жайында айтылды? Бұл сұрақтардың жауабын автордың өзі мақала басында айтып өткен. “Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па  - соны жазбақпын.”,- деп жазып өткен. Әр халықтың, әр мемлекеттін басты байлық қазынасы ол-шұрайлы жері. “Қазақтың әлі күнге  жерден қол үзбей отырғаны   -  жер қазыналық болғандықтан. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытатын қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетер еді. Жер жалдаған қазақ аз  ба?  Жер жалдаудан тартынбағандар сатудан да тартынбайды. Жер қазыналық болған соң сата алмады, жалдаудан тартынып қалған қазақ аз шығар?! Қазақ облыстарындағы мұжық қалаларының көбін хакім қондырған жоқ, қазақ өзі қондырған. Естектер сықылды шай, қант, шүберекке қызығып, жер жалдап, мұжықты ішіне кіргізген өзің емес пе?! Өзің қондырсаң дұрыс та, хакім қондырса бұрыс па? Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұлтиғаннан ештеңе өнбейді. Іс оңғы басарлық қылығың жоқ. Амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма. Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол халықпыз. Үмітіміздің көбі қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім жатсам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен дейміз. Оны Алла да, адам да  қабыл көрер ме?! Еңбексіз егін шықпайды, терселең терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер сіңдіріп алған тиын жұғымды. «қараған қарап қалар» деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескеретұғын қазақ жоқ.” деген екен. Яғни қазақтың тек қана бір күндік өмірін ойлап қана өмір сүретіндігі авторды қынжылжатынын ұқтым. Жоғарыда отырғандарға өкпеуіміз орында ма әлде орынсыз ба, сол мәселені екі жақсы қарастырғанын байқадым. Менің түсінігіммен Ахмет Байтұрсынұлының жариялаған мақаласының айшықты мәні “өзімізге өкпелемесек, өзгеге тағар айып жоқ”деген ойды жеткізгісі келді.

Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз