Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Масс-медиа

Бүгінгігі күнде медиа мәдениеттің маңыздылығы соншалықты, әрбір адам өз өмірін оларсыз есестету мүмкін емес. Қоршаған ортамыздың барлығы ақпараттандырылған, сондықтан біз ақпараттандырылған, медиаландырылған қоғамда өмір сүрудеміз. Масс-медиада тілдік жіктелістің үлес салмағына қатысты статистикалық мәліметтерді саралау. Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қамтылғпн мәселелерді жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал.Ол тек біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде тілдері дамыту барысында бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. БАҚ-тың қоғамда атқаратын қызметін шартты түрде: ақпараттық, әлеуметтік, бақылауыштық, реттеуіштік, ағартушылық, саяси, делдалдық, бейтараптылық, орталықтандырғыштық т.б. қасиетін айтуға болады. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді деуімізге де болады.

  • БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субьектілерінің ықпалдасу, жұмылдыру және т.б.
  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар,процестер  жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

Мемлекетіміздің унитарлық сипатына, ұлттық егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке, қоғамдық мүддеге, денсаулық пен моральдық құндылықтарға қарсы басылымдардың елімізде шығарылуы немесе шетелдерден елімізге кіргізілуі мәселесі БАҚ туралы заң актілерінде қарастырылуы және Үкіметтің қажетті шараларды қолдануы нақтылануы тиіс.

Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×