Қазіргі таңда Тәуелсіздігімізді алғалы 25 жылдан асты және егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті. Бүгінгі жаңа заман тәуелсіз елдің мұраты жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әрекеттенуін, еңбектеніп өсуін талап етіп отыр. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі сен екеніңді ұмытпа», - дейді Елбасы бір сөзінде. Осынау қанатты сөздің астарында мемлекет басшысының жастарға артқан үміті мен сенімі мол екенін аңғаруға болады. Әр жыл сайын Елбасының халыққа арналған жолдауында үнемі жастарды қолдап, оларға тек білім мен кәсіби маман болуға ұмтылу қажеттігін айтып отырады. Сондықтан болар аталған мақаланың негізгі көзі жастарға ескерту, олардың көзін ашу, алға жетелеу деп білемін. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің біз үшін, заманауи жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау. Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық.
Сонымен қатар, Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.
Осы орайда, өткеннен сабақ алып, болашаққа нық қадам басуымыз бен, тағылымы терең жүйелі ойды қалыптастырар, еңбектері бізге мирас болып қалған асыл мұра, әлемге әйгілі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлттық рухани мұраның жаңғыруында және отандық әдебиеттің әлем тануындағы рөлінің ерекшелігін жоғарыда атап көрсеткен болатынмын. Әрине мирас болып қалған асыл мұраны зерттеп оны сатау заманауи жастарға жүктеліп, бабамыздан қалған асыл мұраны келешек ұрпаққа дәріптеу де біздің қолымызда. Оның алғышарттары қазіргі уақытта етек жайып, жоғарғы оқу орның аға оқытушы проффессорларының бастауымен, студенттерге тиесілі болуда. Солардың бірден бір мысалы университетіміздің қабырғаларында әл-Фараби мұрасын жаңғыртуға арналған түрлі бағдарламалар мен іс-жобалар бастау алып, студенттер арасында кеңінен тарап кеткен «әл-Фараби және қазіргі заман» атты дисциплинаның өтуі, біз үшін бабамыздың еңбектерімен танысуға үлкен мүмкіндік тудыруда.
Сонымен қатар, ХХІ ғасыр заманауи жастар үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының басты тұжырымдарын ұстаным тұтқан ұлттық университет өз алдына маңызды міндетті – тек бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау ғана емес, сонымен бірге еліміздің ертеңгі тұлғаларына айналар жас ұрпақтың рухани болмысын қалыптастыруды мақсат тұтып отыр. Әл-Фараби атап өткендей: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ойдың негізінде студенттердің бойында білім мен тәрбие қатар ұштастырылуда. Сондықтан инновациялық-технологиялық платформамен қатар, «4.0 Университет» моделінің шеңберінде рухани-адамгершілік тәрбие беру ісі университет қабырғасында белсенді түрде дамуда. Университеттің жаңа корпоративтік идеологиясы мен серпінді әлеуметтік жобалары жаңа сапалы тәрбиенің тиімділігін қалыптастыруға бағытталған.
Қорытындылай келе, Шығыстың ұлы ойшылының әділеттілік пен адамшылық салтанат құрған қоғам туралы идеяларымен қазақ халқының бақытты өмірі және Қазақстанның тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде әлем картасында мәңгілік өмір сүруі туралы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен үндес екенін аңғардып, «Al Farabi Unirversity Smart City» модельін жүзеге асырып, өз тәжірбиемізді кең тарата отырып, біз дарынды ұрпақты даярлайтын дара мекен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалынды жастары, ұлт көшбасшысы белгілеген мақсатқа – Қазақстанның әлемнің дамушы елдерінің қатарына қосылуына және жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетіп, әл-Фараби аңсаған ізгілік қаласын салып, парасатты қоғам орнатуымыз заманауи жастардың қолында екенін тағы бір мәрте атап өткенім абзал болар.
Өндірістік тәжірбие жетекшісі: Азимова Мөлдір Әуелтаевна
Мақала авторы: Хасиетова Жания Жарасқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі