Өлең, жыр, ақындар

Қайта құрудың жетістіктері және сабақтары

Қайта құру - тарихи процесс. Халықтың,мемлекеттің,адамзаттың тарихы үзілмейді, оның субъектілері - адамдар, саяси партиялар, қоғамдыққозғалыстар өздерінің мүддесін жүзеге асыруға ұмтылып, дамудың табиғи жүрісіне араласады да оның қарқынын шапшандатады немесе тежейді. Қайта құру кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйені жойды. Оның қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы зор мәні осында жатыр. 

Қайта құрудың жетістіктері мұнымен шектелмейді.Кеңес Одағының сыртқы саясатын жетілдіріп қана қоймай, оны батыл жаңғырту қажет болды. Ол үшін саяси жаңаша ойлау керек еді. Мұның өзі әлемнің бұрың көріп болмаған жаңа әрқилылығының өрбуінен туындады. Ғасырлар бойы дүниежүзілік тарихтан шет қалған миллиардтаған жұрт оған белсене араласып, туындаған жаңа жағдайда тарихи шығармашылық сахнасына шықты. Жер-жерде халықтардың ұлттық санасының өсуі жағдайында олар өздерінің даму жолын таңдауға көшті.

Осындай жағдайда әскери араласуды айтпағанның өзінде,қандай да болсын басқа құралдар мен әлеуметтік құрылысты, өмір салтын сырттан әкеп таңды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл өткен кезден қалған сарқыншақ, ғасырдың ірі жетістіктері болып саналатын тәуелсіздік, тепе-теңдік және басқаның ісіне қол сұқпау принциптері халықаралық қатынастардың жалпы жұрт қабылдаған нормаларына айналуда. Таңдау еркіндігіне жол бермеу тарихтың объективті өрбуін өзіне қарсы қою болып табылады.

Қайта құру дүние жүзілік проблеманы – өркениеттің аман сақталып қалуын алға шығарды да бейбітшілікті сақтау мен жалпы қауіпсіздіктінығайтуды жақтаушыларды барған сайын өз жағына тарта берді. Жаңаша ойлау саясаты жеңіске жетті: халықаралық шиеленіс бәсеңдей бастады, "қырғи қабақ соғыстың" күні бітті.

Жаңаша ойлау саясатының нәтижесінде бұрынғы социалистік одақ елдері демократиялық жолға түсті. Олар жалған социализм идеяларынан бас тартты, ал оларды күштеп біріктірген - Варшава әскери одағы ыдырады; осы елдердің экономикалық қатынастарын үйлестіруші орталық - Эко- номикалық Өзара Көмек өз қызметін тоқтатты. Кеңес Одағы 1991 жылдың басынан бастап өзінің бұрынғы одақтастарымен экономикалық қатынастарын тепе-тең әріптестер принциптері бойынша құра бастады. ЭӨК елдері өзара есеп айырысуды КСРО-ның рублімен емес халықаралық валютамен халықаралық бағалар бойынша жүргізетін болды.

Шығыс Еуропалық елдердегі, сондай-ақ халықпен кенеспей 1979 жылы Ауғанстанға апарылған әскерлер елге қайтарылды. Кеңес Одағы екі герман мемлекетінің бірігуіне қарсылық жасамады."Берлин қабырғасы" құлады. Осы айтылғандардың бәрі дүниежүзі жұртшылығы алдында қайта құрудың беделін арттыра түсті. Бұрынғы кеңес елі барған сайын ашық қоғамға айнала берді. Оны қоршаған дұшпандық біртіндеп сейіле бастады. 

Қайта құрудан тапқан игілігіміз не дегенде алдымен айтарымыз - кеңестік империяның ыдырауы, оның құрамындағы бұрынғы республикалар тәуелсіз мемлекет болды.Олар БҰҰ-ға және басқа да халықаралық, аумақтық саяси, экономикалық, қаржы-валюталық қорларға , одақтар мен ұйымдарға мүше болып қабылданды. Қайта құрудың жетістіктерінің толық емес тізбесі, міне осындай.Өзгеріс өмірге бір адамның, ол қандай да көрнекті басшы болсын, қаншалықты көріпкел болса да сонъң еркімен және талабымен келген жоқ. Қайта құру - қоғам дамуының объективті заңдылығы, оны өмірге келтірген сол өмірдің өзі, оның үнемі жаңғырып, өзін-өзі жетілдіріп отыру заңдылығынан туған. Қайта құруәлі аяқталған жоқ, ол одан әрі жалғасуда.

 

У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Д.С.Жұмамұрат Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз