Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің іргетасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - жаңа білім, прогрессивті идеялар мен технологиялар туындайтын ірі ғылыми, білім беру және инновациялық орталықтардың бірі. Университетте жоғары білікті мамандар даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне одан әрі интеграциялануға, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған орасан зор білімдік, ғылыми, рухани, инновациялық және өндірістік әлеует қалыптасқан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - қазақстандық университеттердің бас рейтингінің тұрақты жетекшісі, ал әлемдік рейтингте ҚазҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ қазіргі таңда 800 үздік университеті арасында 165 орынға ие болды. Университет басшылығы мұнымен тоқтап қалмай, ҚазҰУ-дың оқу үдерісі мен қызметін одан әрі оңтайландыру үстінде, бұл университетке республикадағы білім беру мекемелері арасында ғана емес, сонымен қатар әлемдік рейтингте алға жылжуға мүмкіндік беруде. Университет рейтингін одан әрі көтеру мақсатында, басшылық сенімді ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын құруды, ақпараттық қызметтердің тиімділігін қамтамасыз етуде интеллектуалды желілік инфрақұрылымды құруда серверлік сайттың өнімділігін арттырды.  Университет жоғары технологиялар аумағын құрып, алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді даярлау мен инновациялық өнімдерді өндіріске енгізу платформасына айналды.

Мен қазіргі таңда ҚазҰУ-нде Экономика және бизнес жоғары мектебі «Менеджмент» кафедрасында менеджмент мамандығы бойынша 4 жыл бойы білім алып келемін. Осы жылдар ішінде мен өз мамандығым айналасында көптеген мүмкіндіктерді қолдана алдым деп айта аламын. «Менеджмент» кафедрасы тек пәндік сабақтармен ғана шектелмей, практикалық жағынан мүмкіндіктер ұсына алды, дағдылрымызды жетілдіру мақсатында көптеген халықаралық деңгейдегі онлайн курстық сабақтарға  тегін оқуға мүмкіндіктер жасады. Әр түрлі компания жетекшілерімен ашық сабақтар өткізіп, студенттердің яғни, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап алуға, қорқынышты жеңуге,  қызығушылығымызды оятуға көмектесті. Ең бастысы, болашаққа деген үмітімізді жандыра білді.

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің іргетасы» демекші, бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды.

Купешова Сауле Экономика ғылымдарының кандитаты,аға оқытушы

Ташова Қарлығаш ҚазҰУ «Менеджмент» кафедрасының cтуденті

www.kaznu.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×