Елтаңба авторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан дүниеден өтті.Көзі тірісінде сәулеті көз тартар ғимараттар мен ескерткіштердің бой көтеруіне елеулі үлес қосты. Шығыс Қазақстан облысындағы Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіштері дарынды сәулетшінің туындысынан туған. Ел үшін қымбат тарихи тұлғалардың мүсінін тасқа өріп шығару және сол тасқа қарағанда шынымен жаны бар адам көргендей әсер алу ол керемет өнерлі шебердің ісі деп санаймын.Ол кісі өзінің асқақ идеясымен ерекшеленген тұлға.Қазақтың өнерлі, біртуар азаматы тек сәулет өнерінде ғана емес қазақ драматургиясында мол мұра қалдырды. Ол кісінің "Тағдыр"," Ақнұр", "Шоқанның аты" атты пьесалары жарық көрген. Шота-Аман Ыдырысұлыны 7 өнер иесі деп айтуға болады «сәулетшілер одағының мүшесі», «жазушылар одағының мүшесі», «суретшілер одағының мүшесі» болды. Өзінің табиғатындағы бар таланттын қай салада болсын көрсете білді. Шота-Аман Ыдырысұлы осы уақытқа дейін өзінің артынан өшпес із, сарқылмас мұра қалдырып кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі