Өлең, жыр, ақындар

Сүйікті ҚАЗҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.

 

Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішіндегі бұндай бірегей ілгерілеу «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деп аталып шетелдік сарапшылар назарын өзіне аудартты. Қазақстандық жоғары оқу орны қарқынды дамуының жарқын үлгісі халықаралық академиялық ортада белсенді түрде талқылануда. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ҚазҰУ-дың оң тәжірибесін қолданысқа енгізуде.

Қазақ ұлттық университетінің әлемдік білім беру кеңістіктігіндегі көшбасшылық деңгейі басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктерде көрініс табуда. ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Барлық осы жетістіктер арқасында ҚазҰУ түркі және ислам әлеміндегі ең үздік университет ретінде танылды.

QS рейтингісінде Массачусетс технологиялық университеті көш бастайды, екінші және үшінші орында сәйкесінше – Стэндфорд және Гарвард университеттері (барлығы АҚШ-тың жоғары оқу орындары). Ең үздік әлемдік жоғары оқу орындарының ондығын толығымен американдық және британдық жоғары оқу орындары құрайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз