Мен және менің ұрпағым - өз елімнің болашағы! Өз халқымның және елімнің жылдар бойы созылып келе жатқан тарихын мақтан етемін. Біздің болашағымыз тікелей өзімізге ғана байланысты. Шын мәнінде, Қазақстан – аумағы жағынан үлкен, әрі біздің мемлекет сан түрлі халықтар мен мәдениеттерді біріктірді. Осындай ауызбіршілікті сақтап қалу, оны өз ұрпақтарымызға жеткізу біздің парызымыз, міндетіміз.
Өзімнің Қазақстанға тигізе алатын үлесімді, республикамыздың дамуы үшін не істей алатынымды бірнеше бөлімге бөлдім:
Біріншіден, Қазақстанда мұнай, табиғи газ, уран кені, қорғасын кені, алтын және басқа да табиғи ресурстардың орасан зор қорлары бар. Қазақ жерінің қойнауында адамдарға пайдалы қызмет ететін Менделеевтің барлық дерлік кестесі бар. Бірақ біздің еліміздің болашағы тек осы байлықтарды табысты өндіруге ғана байланысты болмайды деп сенемін. Дегенмен, Қазақстанда баламалы энергия, мысалы, жел немесе күн энергиясын өндіру үшін әлі де мол табиғи ресурстар қоры бар. Алайда, бірнеше жылдан кейін адамдар жаңа қуат көзін таба алады деп шын жүректен үміттенемін. Бұл жаңа энергияның кемшіліктері болмайды және ешқандай салдары болмауы тиіс (жарылыстар және т.б.). Қазіргі күнге бұған айқын мысал: бензин емес, электр энергиясы арқылы жүретін көліктер немесе күн энергиясы арқылы жабдықталатын жеке үйлер. Ал енді бұны қазақстандықтардың ойлап табуына өз үлесімді қосып, барынша тырысамын.
Екіншіден, мен темекі мен алкогольдің болмауын қалаймын. Себебі, осыған байланысты адамдардың денсаулығы құртылып, адам да, қоғам да зардап шегеді. Егер нашақорлық болмаса, қоғамның әл ауқаты өркендей түседі. Бұны іске асыру үшін белгілі бір заңнамаларды орнатқан дұрыс. Сонда халықтың өмір сүру деңгейі, еліміздің демографиясы көтеріледі.
Үшіншіден, мемлекеттің жер бетінде үлкен беделге ие болуы маңызды. Біздің халқымызда барлық елдермен жақсы дипломатиялық қатынастары болуы керек. Яғни, басқа мемлекеттермен де жақсы қарым қатынаста болуымыз маңызды. Себебі, дәл осыған байланысты мемлекеттердің арасындағы соғыстың болмауы, я болмаса келіспеушіліктердің болмауы шешіледі. Еліміздің тыныштығы, қауіпсіздігі тікелей осы факторларға байланысты.
Осы айтып өткен барлық критерийлерді Қазақстанның болашағында мен айқын көремін. Болашақта Қазақстан: туризмі, медицинасы, білім беру деңгейі, экономикасы тағы да басқалары дамыған, білімді, әрі өз мақсатарын айқын білетін жастарды өсіріп жатқан тәуелсіз мемлекет ретінде көремін. Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, "Қазақстан-2050" даму стратегиясын қабылдап, алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. Болашақта Қазақстан Республикасы мықты мемлекет болып, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам болатына сенемін.
Қазіргі күні менің артымнан еріп келе жатқан 4 іні-сіңлілерім бар. Ең алдымен, оларға барлық нәрсені түсіндіруге тырысамын. Керек кезде сабақтарымен көмектесіп, түсінбеген нәрселерін үйретіп жүремін. Оларға да басқа оқушыларға көмек көрсету керек екенін айтамын. Оның өмірі ғана емес, сонымен бірге ол өмір сүретін қоғамның әл-ауқаты, өркендеуі оның мектеп қабырғасынан қаншалықты білімді және өзіне сенетініне байланысты болады. Жас ұрпақтың қандай болып өсетіні, кімнен үлгі алатыны тек қана бізге байланысты. Ал еліміздің болашағы - жастардың қолында.
Сарсебаева Ұлпан
Айша
керемет
Назира
Күшті