Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы интернет желісі арқылы тікелей эфирде жүргізіледі. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.
«Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы интернет желісі арқылы тікелей эфирде жүргізіледі. Яғни диссертацияны қорғау рәсімі толығымен ашық форматта өтеді. Ендігі кезекте ғылыми және академиялық қауымдастықты белсенді болуға шақырамын. Енді кез келген ғылыми зерттеулермен танысып, докторанттардың жұмысына ашық пікір қалдыра аласыздар», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, докторанттың диссертациясы толық дайын болған кезде кафедраның кеңейтілген отырысында ғылыми жұмыс бір рет талқылаудан өтеді. Негізгі талқылау жұмыстары диссертацияны қорғау кезінде жүргізіледі. Осылайша қорғау сапасы жақсарып, диссертациялық кеңестердің жауапкершілігі артады.
«Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындары үшінші жыл қатарынан PhD дәрежесін өздері тағайындап, жеке үлгідегі дипломдар беріп жатыр. Енді ұлттық жоғары оқу орындары докторанттардың жарияланымдарына өз шешімдері бойынша қосымша, жоғары талаптар қоя алады», - деді Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, ел азаматтары диссертацияны онлайн форматта қорғай алады.
«Бұл – әлем бойынша кеңінен пайдаланылып жатқан тәжірибе. Пандемия кезінде Калифорниядағы Беркли университеті, Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Сингапур Ұлттық университеті және басқа да оқу орындары алғашқылардың бірі болып диссертацияны қорғауды онлайн форматта өткізген еді», - деді министр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі