Қайран қазақ халқы тағдырының ең бір сорақы да аянышты көрінісі 1921 – 1922жж., 1931 – 1933жж. аралығында сұм аштықта айқын көрініс берді. Тарих беттерін парақтап ашып, оқитын болсақ дәл қазақ халқындай өзінің ұлтанында, «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен»жаулап алынған кең байтақ сары даласын жалдап тұрып, патша өкіметінің отарлық қысым саясатының қармағына түсіп, құлдық ұғымы санасына келіп тірелді.
Ең бір өкініштісі, патша өкіметінің алауыз саясаты әсерінен тілі мен дінінің әлсіреп, өзгені негіз алғаннан ұлт болып жойылып кету қаупі тұрған уақта ашаршылықтың ащы уы қазақ жерін бір леппен серпіп, 2 – 3 миллиондай таза қазақ халқы жұртының өмірін алып кетті.
1931- 1933 жылдардағы орын алған аштық Голощекиннің «Ауылды кеңестендіру» саясатымен тығыз байланысты болды. «Қазақ жері әлі де төңкерісті көрмеді, қазақ халқының жартыдан астамы бай – шонжар», - деп тәркілеуімен де қатысты жүрді.Азық түлік салығы һәм азық – түлік салғырты қазақ халқын тентіретіп жіберді. Оған дәлел, ұжымдастыру басында 40,5млн бас мал бар – тұғын, ал 1933 жылдың 1 – қаңтарында 4,5 малдың қалғаны бар. Аштық нәтижесі, келтірілген деректер бойынша, 6,2 республика халқының 2,1 миллионы қырылды деп көрсетіледі.
Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосовтың дерегі адамды есеңгіртеді, сол уақыттың шындығын көрсетеді. Ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттер, күйзеліп кеткендердің қолына не түссе де, түгін қалдырмай жеп қоюын, сүйек – саяқты жинап алып, жүрек жалғау үшін, одан сан мәрте сорпа қайнататып ішетінін, иттерді жегенін жасырмайтын адам тобын көргендігін және тамақ орнына жартылай өңделген теріні пайдаланғандығын жазады.
Ашаршылық һәм менің ойымша, Қазақ халқының әрбір тауқыметі Дүниежүзілік деңгейде « жеңісті халық» деп аталуы тиіс, күні бүгінде бұл жұттың «болған – болмағандығы жайында нақты дерек жоқ» яки «ашаршылық оқиғасын қайта айтып қажеті жоқ» деген сынды ойға қонымсыз ұғымдарды айтып жатқаны жалған емес, ақиқат. Әрине, ашаршылыққа арналып «Зұлмат» сұқбаты қатысқан фильмдер жарық көріп отыр һәм «Ұлы Дала Зары» фильмі Дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланып отыр, біздің әрине, оның бағаландығы емес, халықтың аянышты өмірін һәм сол жылдарда қазақ халқының демографиясына айтарлықтай нұсқан келгендігін және бұл оқиғаның қайталанбасын қамтамасыз етіп, тарихтың қан қызыл күнін жадыда тоқу деп ойлаймын.
Бүгінгі күнде, Алаш азаматтарының, елінің жүрегінде ойып тұрып орын алатын қоғам қайраткерлерінің патша үкіметіне қарсы тұрып, жазықсыз басшы – атаман қайраткерлерінің оққа ұшуы – біздің Тәуелсіздіктің нақ көрінісі. Осыны жастар, қазақ ұрпағы білуі қажет, ел мен жердің егемендігін қастерлеп, Алаш азаматтарының рухын көкке көтеріп, ізгі дара жолды жалғастырырар үлгілі ұрпақ болуымыз шарт. Өзімізге белгілі білім мен тәрбие,ұлтқа қызметті ту етіп – алға жүру жарқын болашақты көрсетер жол екенің әрбір қазақ баласы ұғынғаны жөн.
Иә, шырылдаған нәресте, қан қақсаған қазақ даласы, ананың көз алдында шетінеген балалары, бір түйір нанға зар болған күн – сол күн, сол тозақты күн.
Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы
Журналистика факультеті
1 - курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі