Соңғы жылдары психологтардың қызметтері сұранысқа ие бола бастады. Адамдар көптеген өмірлік мәселелерді жалғыз шешуге болмайтынын түсінді және мамандарға жүгіну қажеттілігі көріне бастады. Психологтар жеке практика жүргізеді және ірі корпорацияларда жұмыс істейді. Бүгінгі таңда "психолог" мамандығы перспективалы және сұранысқа ие.
Психология адам ойлауының ерекшеліктерін, адамдардың жеке қасиеттерін, олардың көріністері мен өзара байланысын зерттейді. Сертификатталған психологтар қиын жағдайларда адамдарға медициналық емес көмек көрсете алады, бірақ олар психикалық аурулармен, дәрі — дәрмекпен емдеуді тағайындаумен және т.б. айналыспайды. Психологтың негізгі міндеті-адамдарға психологиялық ресурстарын жеке өмірде де, мансапта да тиімді пайдалануға көмектесу. Proprof.ru порталының мәліметтеріне сүйенсек кәсіптік бағдар беруге арналған "психолог" мамандығы 2020 жылы ең қажетті мамандықтардың бестігіне кіреді.
Қазақстандағы психология ғылымының дамуы мен кәсіби мамандарды даяларлау мемлекет тарапынан қолдауға ие болып келе жатыр. Әлемдік тәжірибие бойынша болашақта психологиялық мәдениет қалыптастыру халықтың психологиялық денсаулығы медицинамен қатарласа өзектілікке ие. Еліміздің жоғары оқу орындарында бүгінгі таңда үш деңгейлі оқу сатысы бойынша арнайы бағытқа маманданған психологтарды оқытуды қарастырылған. Жоғары білімді психологтар университеттер қабырғасында ғылыми қызметкер, дәріскер ретінде, өндіріс саласында кеңесші-психолог, HR, сонымен қатар мектепте, колледждерде психологиялық көмек көрсету орталықтарында, медициналық, сот-сараптамалық бөлімдерде т.б. қызмет атқара алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі