«Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!»
Халық болып қалыптаспақ үшін ең алдымен, халықтың өзі, шежірелік тарихы бар орнықты - аумақты жері, ұстанатын діні, ым – ишара жасасып, адам арасын өзара байланыстырар аса қадірлі, тәуелсіз, егеменді ұлттың ТІЛІ қажет. Иә, тілді қастерлеуіміздің себебі мол – ақ, оны кеңейтіп, насихаттаудың маңызын әрбір қазақтың санасы мен жүрегінің төрінде соғып тұрған ұлтжандылық сипаттағы дыбыстық үндеуі бары сенім туғызады.
Халықтан «ұлт газеті» деп атау алудың өзі басылымның дәрежесінің көрсеткіші, халықтың мархабатына бөленгенінің белгісі болып табылады, бұл – ұлт газетінің жалпы сипатын аңғартып тұрғандай.
«Жазайын деп жазбайсың», «Тұлға – тағдыр», «Тәуелсіздік туындылары», «Біздің елдің жігіттері», «Алаш айымдары», «Дүние – ғапыл», «Жыр – жүрек», «Зиялының сөзі» айдарлары – ұлт газетінің айрықша болмысы ретінде көрініс тауып отыр. Зерек, аңғарымпаз оқырман газет авторларының белгілі бір тақырыпты ашар болса, түбегейлі зерттеп, оның негізгі мәнін жеткізуге толық күш салатынын байқайды. Сонымен қатар, басылым ұлттың тірегі болып табылатын – дін, қоғам мен өмір, саясат тақырыбын бірдей алып жүріп, әрбіріне белгілі бір шекара сызығында байсалды, толымды, жүрекке жететіндей қалам тартады.
«Ана тілі» газеті патша ағзам билігі өз күшінің дәрменсіздік тауып, нақты құлау шарқына жетер – жетпестен тынылып, отар басшысынан ылғилағанда басылым жарық көрген еді, түпнегізі «Қазақ тілі» газетінен ұшқын жалғасын алып, жарық көрген уақтынан қазіргі сес – әлінде ұлт жүрегінен, көзайымынан кеңінен орын тауып отыр. Басылым – газетінің қазіргі жоғары бет – бейнесін ойы өткенді мен бүгінгінің аражік байланысын, замана ағымы мен талабын, басылымның жарыққа шығуын бар күш – ыждаһатымен, халқына деген игі – мақсат ой – талабымен, маңдай тері еңбектеніп, еңбегінің жемісі «қолды» болмай, шырылдаған зиялы ұйымның жемісті нәтижесін қазақ даналары көре, тани біледі деп ойлаймын.
Басылымның ішкі ұстаханасына баға беріп көрелік. Нағашыбек Қапылбекұлының өзіндік пікірі: «Бұдан басқа газеттің безендірілуі, көркемделуі ерекше. Әрбір мақала, әрбір сурет өз орнында тұрады», - деп баға береді. Әрине, газеттің атауы – ішкі құндылық – жинақ материалдарына сәйкес үнделенеді, алайда, ең маңызды сатысы, оқырманның бас алдырмай оқуына бірден – бір себепкер болатын – газеттің дизайны, жалпы структурасының ықпалы бар. Газеттің дара саны қолыңызға түсіп, көз жүгірте тақырып – айдардарларын, мазмұнын оқи бастағанда – ақ, газеттің соңына дейін қалай оқып аяқтағыныңызды түсінбей қаласыз. Әлбетте, бұл басылымның өзіндік жеке стилі, идеясы мен айқын тұғырының тереңдігінде. Үлгі ретінде басылымның 2021 жылы, сәуірдің 8 – жұлдызындағы 14 – нөмірінде бастырылған қанды тақырып «Қуғын – сүргін және қазақ менталитеті» (сурет сілтемесі) мен сурет сұлбасы ерекше елең қалдырды. Шынжыр темірлермен қоршалған ұлттың нақ жүректі басшы, зиялы қоғамының айдан жарық кескін – келбетін көру тым азапты халге ұшыратады екен. Айналасындағы сұр мен сұм өмірдің саңылауларына қатер тігіп, ұлт қорғаны болып, аттың сабынан қысқа ғапыл өмірін халқына арнаған Алаштың зиялы қауымы – қазақ этимологиясымен қатар шауып жүретіні сөзсіз.
Басылымның айбынды тіл тақырыбын ту етіп, оны қастерлеуін мақаланың бейнесінен, мақмұнынан аңғарамыз. Осы тұста басылымның 2021 жылы, сәуірдің 8 – жұлдызындағы 14 – нөмірінде «Зиялының сөзі» айдарында Дархан Қадырәлінің «Қазақ тілі ұлтаралық тілге айналуы үшін әуелі элита осы тілде сөйлеуі керек» атты мақаласы жарық көрген. Шынымен, қазақ қоғамында «тіл мәселесі» тақырыбына дебат, дөңгелек үстел, іс – шаралар көптеп жүргізілгенімен, іс жүзінде ана тілінде сөйлеуге қымсынып, ұялатын, өз тілін сыйламайтын шала тілді қазақтар көбейгені көңілге кірбің түсіреді. Бұдан бұрын, ұлттың негізгі діңгегі болып табылатын тілге орасан зор қауіптің келуімен тікелей байланысты.
Қалың қазақтың тағдыр сахнасында, анығында, көрмеген қиянаты мен зардабы болмады. Мұхит түбінде аударылып қалған алпауыт кеме күйін кешкен – ашаршылық геноциді, Алаш зиялалырының жұмбақ өлімі сынды егеурінді, ауыр тақырыптардың түпкілікті топырағы қопарылмаса да, төңірегінде «құтқару», «ақтап шығу» әрекетінде қалам тартып, оқырманға жебеу болған «Ана тілі» газеті осы қасиетімен де құнды әрі дара.
«Шындық – көп, ақиқат – жалғыз», - десіпті бірде данышпан. Ақиқатында, «Ана тілі» – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» рөлін атқарып, мәңгілік жасасын деген ізгі ойлы ниетіміз, өз кезегінде жүзеге ассын деп тілейміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі