Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ магистрантының әңгімесі: арманға жетудің алғашқы баспалдақтары

Әрбір мектеп бітіруші түлектің немесе білімін жалғастырушы арман қуған жастардың тоғысатын жері ол қара шаңырақ – Қазақ Ұлттық университеті. 90 жылдық тарихы бар бұл білім ордасы сан мыңдаған түлекті қанаттандырып, олардың білікті, тәжірибелі маман болуына үлкен септігін тигізген. Соның нәтижесінде, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, феноменальды табысты көрсетіп, әлемдік рейтингтің барлық номинацияларында қарқынды ілгерілеуде.

Қара шаңырақтың табалдырығын аттаған әрбір жас түлекке білім ордасының берер әсері де мол. Сол бір Тимириязев көшесінің бойынан түсіп, қалашыққа қарай қадам басқанда алдыңнан жарқырап шыққан Алатау адам баласына күш-жігер сыйлап, оны ерекше шабыттандырып, жігерлендіреді. Қазақ Ұлттық университеті қалашығы өз құшағын айқара ашып, бауырына басқан кезде, әрбір адамның бойында ерекше сенім оянады. Ал мұндай таңғажайып құбылыстардың бәріне себепкер ол – білім ордасының тәжірибелі ұстаздары мен студенттік өмір.

Университет имиджі жан-жақты қалыптасқан, сапа менеджменті жүйелі, халықаралық, ұлттық рейтингтердің көшбастаушысы. Университет қабырғасындағы әрбір факультет өз ұясынан білікті болашақ мамандарды тәрбиелеп шығуда. Мәселен соның бірі – филология факультеті.

Филология факультеті сонау қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің өзі бастап, дәріс оқыған тарихи естелік жылдардан бастау алады. Яғни 1937 жылдан бері өз жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді. Қазіргі таңда факультет ішінде 6 кафедра жұмыс істеуде. Олардың бағыты басқа болғанымен, әрбірінің нәтижесі ерекше. Жыл сайын ағылып жатқан студенттер осының айқын көрінісі десем артық болмас.

Биылғы талапкерлерді былтырғы жылмен салыстырғанда белсенділік өте жоғары әрі мамандық таңдаудағы көбісінің басты себебі де осы қара шаңырақ екен. Соның бірі бакалавр түлегі, магистратураның 1-курс студенті. Қаншама ұйқысыз түндерді артқа қалдырып, ағылшын тілі бойынша өз күшін байқап көріп, қызу дайындықпен ат салысқан студент үшін магистратураның ауылы алыс болмады. Шетел филологиясы және аударма тілі мамандығын таңдаған магистрант үшін үлкен белестің ашылғанын байқауға болады. Бала кезден арман етіп таңдаған мамандығы өсе келе шындыққа айналып, оның осындай білім ордасында шыңдалып, қанат жайғаны өте тиімді таңдау болды деп айтсақ артық емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жастарға үлкен мүмкіндік сыйлап, олардың арманына қанат бітіріп, болашағына оң септігін тигізе алатын білім ордасы. Университет педагогтері де студенттермен жан-жақты жұмыс жасап, тәжибелі кезеңді іске асырып, олардың білікті маман иесі атануына барын салуда. Сондықтан бұл университетте білім алған немесе білім алатын болашақ жас түлек өз қиялын шықдыққа айналдыруға үлкен мүмкіндік ала алады. Себебі ҚазҰУ – жастар дамуының, өсуінің куәгері.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD Қондыбаева Р.Ж.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Лингвистика мамандығы 1-курс магистранты Назарова Айгерим


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз