Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Орал федералды университеті (Ресей, Екатеринбург) және Қорған мемлекеттік университетінің (Ресей, Қорған) бірлесіп ұйымдастырған жас ғалымдардың Еуразиялық мектебі өз жұмысын бастап кетті. Мектепке Қазақстан, Ресей және Армения мемлекеттерінен 70-тен астам студент, магистрант және докторанттар мен аспиранттар қатысуда.
Орал федералды университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Юлия Запарийдің айтуынша, мектеп жұмысының басты мақсаты – гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін зерттеуге жас ғалымдарды тарту.
Еуразиялық мектеп аясында 10 ғылыми шеберхана ұйымдастырылған. Айта кетейік, соның екеуі ҚазҰУ-дің Тарих факультеті ғалымдарының басшылығымен өз жұмысын іске асыруда.
Осылайша, т.ғ.д, профессор Жакишева С.А. «Жаппай тарихи деректер және оларды проблемалық-бағдарланған деректер базасында аналитикалық өңдеу» және т.ғ.д, профессор Жарқынбаева Р.С. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мобилизациялық саясатының гендерлік аспектілері» тақырыбында ғылыми жұмыстар жүргізуде.
Осы жылдың мамыр айында Еуразиялық мектептің қатысушылары аралық нәтижелерін көрсетіп, жылдың соңына қарай Web of Science және Scopus базаларында тіркелген ғылыми журналдарда мақала дайындау жоспарланған.
Назира Нұртазина,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры
Жәнібек Әкімбек 1-курс магистранты («Тарих» мамандығы)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі