Корейская косметика премиум класса

Білім сапасын арттыру жолдары

Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім берудің  дамытудың мемлекеттік бағдарламасына  сай қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті- білім беру мазмұны мен құрылымын жаңарту, яғни жаңа мазмұнда білім беру моделін құрастыру.

Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.

Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру.

Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.

Білім сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері болуы тиіс:

• басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;

• білім сапасын диагностикалау;

• оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;

• білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу;

• білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру;

• білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану;

• ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;

Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.

Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.

Білім сапасын арттыру бағытында ғы бағдарламада:

• жеке тұлғаны, яғни дарынды шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны  қалыптастыру  үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилерді тегін балабақшамен қамтамасыз ету;

• ШО пен МАД топтарын оқу-әдістемелік және ақпараттық - техникалық құралдармен жабдықтау;

• бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтыру;

• дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;

• ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастықтың жүргізілу формаларын әрбір мұғалімге мңндеттеу;

• барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

• педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру ұшін қайта даярлау курстарын енгізу;

• оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемалардыөздігінен шеше білуге тәрбиелеу;

• гуманитарлық  таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту;

• сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану;

• пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу;

• математика пәндері бойынша сағат санын көбейту;

Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:

• тұлғаны дамыту;

• педагог мәртебесін көтеру;

• оқытып-үйрету әдістері;

• іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық;

• оқушы позициясы;

• жаңа ақпараттық-технология;

• бәсекеге қабілеттілік;

Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге оңды ықпал етеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×