Өлең, жыр, ақындар

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Тәлімгер – өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Міне осындай қаситеке ие тәлімгер, менің ұстаздық өмір жолыма бағыт-бағдар беріп, жарқын болашағыма бағдаршам бола білген, ұстаздық еңбегін ұстаздық жолыма бір арнаға тоғыстырған тәлімгерім Жумаханова Эльмира Жумаханқызы. Тәлім – тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам. Бүгінгі таңдағы тәлімгердің қасиетіне ие, жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Ұлы тәлімгерлердің жолын жалғастыра отырып, тәлімгерімнің болмысын айтар болсам, үздіксіз ізденуші, жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Кез келген тосын сұраққа жауап беріп, кез келген ситуациядан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, методикалық шеберлігін арттырып отырады. Өз бетінше іздене жүріп әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығын шыңдай түседі. Ұстазымның алдына қойған мақсаты айқын, ісіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын, бойынан байқағыштық, төзімділік, өз ісіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұрады.

«Армандарға жетелеген

Анамыздай мәпелеген

Алғыс айтып бас иеміз

Ұстаздарға білім берген» – деп ақын жырлағандай, ұстаздық етіп, жалықпай көмек көрсеткен Эльмира Жумаханқызы ұстазыма алғысым шексіз! Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүзбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз. Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдарлы көңіл, мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін. Көңіліңіз шаттық пен қуанышқа, жанұяңыз бақ пен беркеге толсын!

Темирханова Салтанат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз