Корейская косметика премиум класса

«Тәуелсіздігімізге 30 жыл» тақырыбында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат

ф.ғ.к., доцент  Смагулова А.С.

Өткізілген күні: 09.08.2021 ж., 15.30

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік үшін күрес жолы туралы жастарды толық хабардар ету.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Дипломатиялық аударма» кафедрасының «Әлемдік экономика» мамандығының 2 курс, тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері ф.ғ.к., доцент  Смагулова А.С.

Топтың куратор-эдвайзері ф.ғ.к., доцент  Cмагулова А.С. ашық сабақтың тақырыбын жариялап, ашық сабаққа бастап берді. Тәуелсіздік жылдарында оқу ордасына Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі беріліп, ескерткіші орнатылғанын айта кеткеніміз жөн болар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалашыққа жасаған сапары барысында: «Ұлы бабамыз әл-Фараби есімімен аталатын бұл университет – еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы. Осы жылдарда тамаша ұстаздар шоғырының бірнеше буыны жемісті еңбек еткен бұл университетті мыңдаған білікті мамандар бітіріп шықты», – дей келе, «Сіздер университет қабырғасында тек білікті маман ғана емес, уақыт талабына жауап беретін тұлға даярлауларыңыз қажет», – деп зор жауапкершілік жүктеген болатын. Әлемдік үздік 200 университет қатарына кіретін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биыл 7000-ға жуық білім алушыны түлетіп ұшырып, жаңа үлгідегі дипломдар табыстамақ.

Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Жумагалиева Лаула га берілді. Лаула  ұсынылған презентацияға сәйкес Қазақстан тәуелсіздікті қай кезде және қандай еңбекпен алғаны туралы қысқаша мәлімет берді.

Келесі сөз кезегі топ студенті Ерболова Гульжанат берілді. Гулжанат қазақ елінің тарихында талай қиыншылықтар кезінде елі мен жері үшін батылдық танытып, жаулардан қорғаған, ел қорғауды ұран етіп, сол жолда құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырларды еске алды.

Келесі кезекте топ студенттері Берденова Дарина берилді.  Ашық сабақ соңында топ куратор-эдвайзері ф.ғ.к., доцент  Смагулова А.С. сөз сөйлеп ашық кураторлық сабақты аяқтады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×