Төртінші сұлтан Абдол-Былапыт-хан билік жүргізген кезден бастап еліміздің кері кеткеніне не себеп болғанын білесіңдер ме? Кәне, кім айтып жібереді?.. Білмейсіңдер ғой... Өңкей топастар! Бәріңді де екінші жылға қалдырамын!..
Жарайды, дұрыстап тыңдап алыңдар. Біздің елдің өркендеуді қойғанының бірден-бір себебі: бізде үкімет килікпеске килігіп, кіріспеске кірісіп отырады, оңаша әрекетке өлсе де жол бермейді.
Ал гуманизм дегеніміз не, достар?
— Не дедің?.. Күн бұлттанса-ақ буын-буыным шағып, белім қозғалтпай қояды дейсің бе? Жо-жоқ, бауырым, сен гуманизм мен ревматизмді шатастырып отырсың. Гуманизм дегеніміз — адам.
Біз кімбіз? Біз бәріміз де — адамбыз. Сығарға биті жоқтар да, әрине, адам!.. Сонда адам кім?.. Тіршіліктің иесі!..
Ал енді ойлана қалайың: елімізге оңаша әрекет пайдалы ма, қоғамдық әрекет пайдалы ма? Бұған дұрыс жауап беру үшін тіршілік иесі — адам екенін әрқашан есте ұстауларың керек. Адам жарық дүниеге қалай келеді?..
Не дедің?.. Айтуға ыңғайсыз?.. Біз мұнда тек ғылыммен шұғылданамыз. Несі ыңғайсыз, несі құпия?! Сонымен, ал қалай келеді? Оңаша әрекетпен бе, әлде қоғамдық әрекетпен бе? Қоғамдық әрекеттің нәтижесінде жарың дүниеге келген баланы көрдіңдер ме?.. Көрген жоқсыңдар. Ешқашан көрмейсіңдер де!..
Кім? Бибатима пірім бе?.. Сен байқа! Аузыңа ие болмасаң, аяғыңды аспаннан келтірермін!..
Сонымен, адам — оңаша әрекеттің нәтижесі. Сіздіңше қалай, оңаша әрекеттің нәтижесі қоғамдық әрекетке құл болсын дегіңіз келе ме? Оныңыз адамның жаратылысына және жалпы табиғатқа қарама-қайшы болады. Шіркін, табиғат-ай! Қандай көркем десеңші! Мен өз табиғатымды өте жақсы көремін.
Табиғат жасасын!
Орысшадан аударған ҒАББАС ҚАБЫШЕВ
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі