Өлең, жыр, ақындар

Үлгі

Есіктің алдында ойнап жүрген Әли қолындағы ойыншық зымыранын лақтырып жіберіп еді, онысы тасқа соғылып, бір бөлшегі сынып түсті. Оған мән берместен қолына роботыналып, оны құмға көміп ойнады. Роботтың ішіне құм кіріп, қуаты таусылғанда оны да жайына қалдырып, пойыздың вагондарымен ойнауды бастады. Одан да тез жалықты. Қолындағысын тастай салып көрші Мағжанның ұшағына жармасты. Әли ұшақпен ойнап та жетістірмеді, лақтыра салып, енді әткеншекке қарай ұмтылды. Әткеншекте отырған кішкене Ақботаны түсіріп жіберіп, орнына өзі отырып алды.

Енді аз уақыттан соң футбол ойнап жүрген балаларға қосылып кетті. Әлиге салса барлық голды өзі салып, жалғыз өзі чемпион болғысы келеді. Біреудің аяғын басты, біреуді шалып құлатты. Әділетсіздігіне қарсы болған балалар оны ойыннан қуып жіберді. Әли не істерін білмей енді әкесі қыста тебесің деген шанасымен шаңғысын алып шықты. Шанасын асфальтқа сүйреді, шаңғысын топырақпен, таспен ысты. Бір уақта бәрін далада қалдырып, үйге кіріп, қолын жумастан компьютерге отырып, пернетақтаны саусақтарымен қатты басып ойын ойнады. Бірнеше минуттан соң орнынан тұрып, қайта далаға шығып бара жатқан Әлиді анасы тоқтатты.

— Балам, алтыным, бағанадан бері байқап жүрмін, әрнәрсенің басын шалып, мына ойыншығыңды сындырып, ана ойыншығыңды лақтырып, басқа балалармен ойнағанда да өктемдік көрсетіп, жаныңды қоярға жер таппай жүрсің. Сен өскенде батыр, азамат, жігіт боласың. Әкеңді қарашы, қандай салмақты, сабырлы. Әкеңдей ер азамат болу үшін өзіңді қазірден бастап тәрбиелеуің керек. Ойыншықтарыңды күтіп ұстап, тәртіпті болсаң, болашақта сен де үлкен жігіт, елге пайдалы тұлға боласың, Әлиім, — деді ұлына.

Әли болса өз ісіне ұялып, анасынан кешірім сұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз