Корейская косметика премиум класса

Экологиялық тәрбие туралы тәрбие сағаты

Нұрсұлтан Назарбаев «Стратегия-2050» атты халыққа жолдауында экологияның жаңа сатысына, яғни жасыл ел бағытына көшуді жетелдетуді шақырған болатын. Айта кетсек, экологиялық проблемалардың көптеген факторларын алдын алуына тиімді жолдардың бірі: энергияны күн сәулесінен алу, көшелердегі фауналарды көбейту, ал ең бастысы оқушылар мен жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру болып табылады.

Экологиялық тәрбие Қазақстандағы көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Оның үстіне EXPO-2017 жаһандану саясатының алғышарты екені белгілі. Жалпы экологиялық тәрбиенің қазіргі таңдағы мақсаты: жастардың қоршаған орта мен табиғат аясына немқұрайды қарамай, тазалықтың маңызын жете түсіндіру, оқушылардың бойында экологиялық мәдениеттің дағдыға айналуына жәрдемдесу, еңбек арқылы табиғатты күтіп ұстау.

Экологиялық тәрбие берудің мектеп оқушыларына тәрбие сағаты ретінде өтілуі, жастардың экологияға, табиғатқа деген қозқарастарының жауапкершілік сезінуіне ықпал жасауына себепші болуы тиіс. Экологиялық тәрбиенің оқу тәрбиесімен тығыз қарым-қатынаста болғанына байланысты, еңбек ету арқылы табиғат ресурстарын үнемді пайдалана отырып, өнім қалдықтарына салғырттықпен қарамауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларды өнім өндіру фабрикаларымен, зауыттармен таныстыра отырып, сол шығарылған өнімдерді дұрыс пайдалануға үйрету мұғалімнің міндеті болып табылады.

Оқушылардың ауылшаруашылық еңбекпен айналысудың да маңызы жайлы айта кеткен жөн. Мысалы тал отырғызудан бастап, көше ауласын тазарту жұмыстарына белсене қатысу. Сонымен қатар қазіргі таңдағы кең тараған экологиялық апаттардың сипатымен таныстыра отырып, қауіпсіздік шараларын практика жүзінде оқытып үйрету.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

×